Қазіргі шетел әлеміндегі барлық елдерді әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны мен халықаралық қарым – қатынасқа сәйкес негізгі үш топқа бөлуге болады: І – экономикасы дамыған елдер (ЭДЕ); ІІ – орта деңгейдегі дамушы елдердің ағымдық тобы (ОД); ІІІ – экономикасы әлсіз дамыған елдер немесе БҰҰ терминология бойынша дамушы елдер (ДЕ) деп атау қабылданған. Осы топтардың ішінен өздеріне тән елдер типтерін бөлуге болады.
І. Экономикасы жоғары дамыған елдер. Бұл елдердің барлығы постиндустриалдық даму кезеңінен өтіп кеткен. Бұл елдерде ауылшаруашылығының үлесі ең төменгі деңгейге (2 – 5%) тұрақталған. Ал қызмет көрсету саласы 60 – 70% -ға жетіп жығылады. Бұл елдер топтарында ең жоғарғы деген экономикалық көрсеткіштер: тұрғындар санының өсуі төмен тұрақты және балалар өлімі минималды. Жас сәйкестігі оптималды. Және де «бірінші деңгейлік кедейлік» деп ресми тіркелген халықтар жоқ.
Бір жағынан алып қарағанда бұл елдер әлемдік өндіріс пен нарықтағы бақылауды өз үлесін ұлғайту жолында бір – бірімен бәсекелестікте, екінші жағынан осы бақылауды төмендетпеуүшін өз күштерін біріктіреді. Олардың барлығы «Париждік клуб» деп аталатын экономикалық әріптестік пен даму ұйымдарының мүшелері. Олар әлемдік қаржы нарығын қадағалап отырады. Бұл топтағы елдерден негізгі үш елдер типін бөлуге болады.
І.1. Басты елдер (немесе ұлы державалар – АҚШ, Жапония, ФРГ, Франция, Италия, Ұлыбритания). Бұл аталған елдер өздерінің экономикалық және ғылыми – техникалық потенциалы бойынша жоғары дамыған. Дегенмен соңғы жиырма жылдық ішінде әлемнің постиндустриалдық экономикаға өтуі және дамушы елдердің индустрализациясы «алтылық» позициясын біршама ығыстырды. 90 жылдың соңына қарай бұл елдердің үлесіне шетелдік әлемнің өнеркәсіптік өнімдерінің 2/3 –і келді.
Бұл елдердің барлығы тарихи ерекшеліктерімен, экономикалық күш – қуатымен, өндірістік күшінің даму деңгейімен бір – бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Бірақ бұл елдерді біріктіретін нәрсе капитал концентрациясының деңгейі және осы әр елдің әлемдік шаруашылықта ойнайтын корпороциясының ролдері. Әлемнің 500 ірі қаржылық емес корпороциясынан алтылықтың үлесіне 4/5 – і келеді. Ал олардың сатылу суммасы барлығының 90% құрайды. «Үлкен алтылықтың» басқа жоғары дамыған елдерден ерекшелігі мемлекеттік – монополистік капитализмінің өте күшті дамуында. Бұл елдер қарудың барлық түрін жасау мен өндіруде толық тәуелсіздікке ие. Бұл елдер капитализмнің бүкіл дәуірінде әлемдік басшылық үшін және экономикалық, саяси шекараға күресіп келеді.
«Үлкен алтылықтың» ішінде біріншіорынды АҚШ алады. 1995 жылы әлемнің ірі 500 корпорациясының 153 – і осы елдің үлесіне тиген еді. АҚШ капиталистік әлемдік шаруашылықтың айтарлықтай бөлігін бақылайды және белгілі – бір роль ойлайды. Дегенімен АҚШ 1948 жылы капиталистік әлемнің өнеркәсіптік өнімінің 56% өндірсе, 1998 жылы оның үлесі шамамен 20% - ға төментеп кетті. Осы уақыт аралығында Жапония осы көрсеткіштербойынша өзінің басты қарсыласын қуып жетті. Ал индустрализация деңгейі бойынша АҚШ – тан асып түсті. 70 жылдың ортасына дейін екінші орында жүрген ФРГ Жапонияға орын берді. Франция Еуропаның экономикалық интеграцияда өзінің «ұлы держава» категориясын растай білді. Бұл категорияны Италияда ылғи ұстап тұр.
Жапонияның соғыс шығындары соңғы уақытқа дейін бүкіл «алтылықтың» ішіндегі азы еді. Олар болған жағдайды өте белсенді пайдалана алды. Жапония ғылымды, техниканы, технологияны елдің басты стратегиялық ресурсына айналдырды. Жапонияның үлесіне қазіргі таңда әлемдік зерттеу персоналының 12% келеді. Электроника шығару бойынша АҚШ – ты және төрт Еуропалық ұлы державаны артта қалдырды. Жапонияның роботтар паркі 1996 жылы әлем бойынша 60% - ын қамтиды.
АҚШ – та ақпараттық технологияларын әскери бюджет арқылы дамыта отырып осы салада Жапониядан қалмауға тырысады. АҚШ пен Жапонияның экономикалық модельдері де әртүрлі. АҚШ әлемдегі ең «импортқа тәуелді» елдердің бірі. АҚШ – та өте ірі дефицит ұдайы болып тұрады. Өзінің дефициттерін шет елдердің капитал салымдары мен технология саудасының есебінен жауып отырады.
Жапония әртүрлі сылтауды алға тартып елге шетел капиталды жіберуді шектеп отыр. 90 жылдың басына қарай Жапония жеке капиталды таза экспорттау бойынша әлемде бірінші орын алды. Әлемдегі 20 ірі банктің 7 – і Жапониянікі.
І.2. Батыс Еуропаның экономикалық жоғары дамыған кішілеу елдері. Бұл елдерге Ленин Швейцарияны, Австрияны, Нидерландияны, Скандинавия елдері, Финляндия атаған. Дегенмен бұл елдердің кейбіреуі бір кездері әлемдік саясатта алдыңғы орында болуға үміттендіресей (Австрия, Нидерландия, Швеция). Қазір бұл елдердің ешқайсысы әлемнің экономикалық бақылауында дербес роль ойнамайды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отарлық империяға иемденген Бельгия мен Нидерландия толығымен ол жерлерінен айрылды.
Жинақталған өз капиталдарын, бүкіл әлемнен валюта тарта отырып, сондай – ақ мамандандырылған жұмыс күшін пайдаланып, бұл елдер өндірістік күш пен өнеркәсіп және ауылшаруашылығының даму деңгейінің жоғарлауына қол жеткізді. Олардың көп болмаса да, алайда «Клуб 500» ге кіретін өте ірі корпорациялары өз ықпалдарын бүкіл әлемге таратып отыр. Олар ішкі нарыққа шамамен өз өнімдерін жартысына жуығын бағыттап отыр.
Әлемнің бұл типі дамыған елдердің ішінен экспорттық және импорттық жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Олардың шамамен барлығы жұмыс күшін импорттаушы болып табылады.
Бұл елдер әлемдік экономика жүйесінде әлдеқайда тұрақты орын алады. Норвегия соңғы 20 жылда халықаралық несиелік және инвестициялық нарықта ерекше орынға ие. Швецияның да экономикалық потенциялы жылдам өсіп келеді. Финляндия ресей нарығымен байланысты қалыпқа келтіру жолында белсене жұмыс жасай отырып табысты даму үстінде. Сонымен қоса Австрия мен Дания 80 жылдың басындағы әлемдік экономикалық дағдарысты ауыр өткізді.
І.3. «Переселендік капитализм» елдері – Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль. Алғашқы төрт ел - Ұлыбританияның бұрынғы переселендік отары. Переселендік дегеніміз переселить дегеннен орын ауыстыру немесе көшу дегенді білдіреді. Олар феодализмді білмеді: капиталистік қатынастар бұл жерге иммигранттармен келді. АҚШ қа қарағанда бұлардың дамуының өз ерекшеліктері болды. Бұл жерде капитализмнің дамуы эволюциялық жолмен жүрді. Алғашқы төрт елде жер игеру және экономиканың дамуы 250 ригендерге қарсы қарулы күрестік жүру кезінде өтті. Бұл жерде Ұлыбританияның қарулы күші шешуші роль ойнайды. ОАР – ң тұрғындары қара нәсілдестер болғандықтан тудырды. Израиль – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін иммигранттар есебінен құрылып, оның дамуында территориялық экспансия мен милитаризм алғашқы ролдерде ойнайды.
Осылайша бұл елдерді де екі түрге бөлу қалыптасқан. Біріншісінде Канада, Австралия, Жаңа Зеландия. Бұлар қазіргі кезде экономикасының маңызы бар елдер. Екіншісі ОАР және Израиль. Бұл елдерде түбіргі халық әлі өмір сүруде және осы елдердің жұмыс күшінің айтарлықтай бөлігін құрайды.