Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші

Скачать

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сәулет өнері

Орындаған: Нұрланова Дария
Қабылдаған: Абенова Гүлзипа

Шымкент қаласы
Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген.
XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған. Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін. Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда (Рисолаи Сарем-Исфижоб және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді.
Арыстанбаб кесенесі ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстанбабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстанбаб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабыр үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстанбаб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстанбаб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстанбаб құрылыс кешеніндегі қабырғаналар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады.


Скачать


zharar.kz