ЕКІНШІ МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Тіркесу тобы дегеніміз не? Тірі организмдегі тіркесу тобының саны нешеге тең болады?
2. Генетикалық туыс емес өкілдерді шағылыстыру қалай аталады?
3. Өзгергіштіктің классификациясы. Генотиптің және фенотиптің тұқым қуалау өзгергіштігі туралы.
4. Бір геннің әсерінен екінші геннің толық басылып тежеліп, оның көрінуіне мүмкіндік бермеуін қалай атаймыз?
5. Селекция ғылым және технология ретінде. Өсімдіктер және жануарлар селекциясының ерекшеліктері.
6. Жыныспен тіркес тұқым қуалау бойынша ер адам гетерозиготалы болуы мүмкін бе? Генотип формуласын жаз, себебін түсіндір.
7. Дрозофила шыбынының жыныс деморфизмінің ерекшелігі неде?
8. Толық және толық емес тіркескен гендердің пайда болуы. Кроссинговер.
9. Геномды мутация, олардың эволюциялық және өсімдіктер селекциясының мағынасы.
10. АВО жүйесі бойынша қан топтарының генотипін және фенотипін жазыңыз.
11. Т.Морганның хромосомалық тұқымқуалаушылық теориясы.
12. Спонтанды және индуцирленген мутациялық процесс. Мутагенді орта.
13. Генотипті орта. Модификациялық өзгерістің маңызы.
14. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын белгі әкеден ұлына берілуі мүмкін бе?
15. Онтогенезде жынысты алдын ала анықтау и дифференциялануы.
16. ДНК молекуласының комплементарлы тiзбегi бiр-бiрiмен қандай химиялық байланыспен жалғасады?
17. Генетикалық инженерия. Мақсаты және проблемалары. Ген инженериясының дамуы.
18. Адам генетикалық зерттеулерінің объектісі. Адам генетикасын зерттеу әдістері: генеалогиялық, цитогенетикалық, биохимиялық, егіздік, онтогенетикалық және популяциялық әдістер.
19. Медициналық генетиканың мақсаты мен проблемалары. Адам генетикасының мәселелерін шешудегі генетикалық инженерияның маңызы.
20. Популяция және оның генетикалық структурасы.
21. Микроорганизмдердегі генетикалық анализдің ерекшеліктері. Бактериялардағы трансформация және трансдукция құбылысы.
22. Тіркесу тобы дегеніміз не? Тірі организмдегі тіркесу тобының саны нешеге тең болады?
23. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
24. Адам генетикасының зерттеу әдістерін жазыңыз.
25. Клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі қандай мутацияға байланысты?
26. Гендік мутация дегеніміз не? Анықтама беріңіз
27. Гетерозистiң биологиялық маңызы қандай?
28. Адам популяциясындағы тұқым қуалайтын аурулар және олардың таралуы.
29. Тұқым қуалау белгілері. Жыныспен шектелу. Жыныс регуляциясының мәселесі.
30. Панмиксиялық популяциядағы генетикалық тепе-теңдік. Харди-Вайнберг заңы.
31. Нелiктен туыстас некелерден туған балаларда тұқым қуалауға байланысты аурулар жиi болады?
32. Супрессор гендер, модификатор гендер, гендік баланс.
33. Мутациялық өзгергіштік. Мутация классификациясы.
34. Жыныс генетикасы және жыныспен тіркесіп тұқым қуалаушылық белгілері.Схемасын көрсетіңіз.
35. Лабораториялық жағдайда дрозофила үшін қалыпты температура неше градус болуы керек?
36. Химиялық мутагендер көбінесе қандай мутацияларды тудырады?
37. Жыныс генетикасы және жыныспен тіркесіп тұқым қуалаушылық белгілері.Схемасын көрсетіңіз.
38. Туа пайда болған және тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері.Медико-генетикалық консультация. Ерте диагностиканың маңызы.
39. Гендердің өзара әрекеттесуіндегі тұқым қуалаушылық. Полимерия мен плейотропия.
40. Қандай қосылыстар ақуыз молекуласының мономерi болып табылады?
41. Кроссинговерге ұшырамаған гендер қалай аталады ?
42. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Популяциялар мен таза линиялар туралы. В.Иогансен ілімі.
43. Тіркесу тобы дегеніміз не? Тірі организмдегі тіркесу тобының саны нешеге тең болады?
44. Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі гомологиялық қатар заңы.
45. Гетерозистiң биологиялық маңызы қандай?
46. Генетикалық инженерия тәсілдері. Векторларға қойылатын талап.
47. Жынысты көбеюдің биологиялық және генетикадық мағынасы.
48. Өзгергіштіктің классификациясы. Генотиптің және фенотиптің тұқым қуалау өзгергіштігі туралы.
49. Үй хайуанаттарындағы инбридингтiң жағымды жақтары қандай?
50. Өзгергіштік, пайда болу себептері, зерттеу әдістері.
51. Генетикалық зерттеулердің негізгі әдістері және оның тәжірибелік маңызы, мүмкіншілігі.
52. Организмнің бейімделуіндегі модификациялық өзгергіштіктің мәні және оның эволюция мен селекция маңызы.
53. Аталық және аналық жыныстың гетерогаметалы кезінде жыныспен тіркесіп тұқым қуалаудың ерекшеліктері.
54. Медициналық генетиканың мақсаты мен проблемалары. Адам гентикасының мәселелерін шешудегі гентикалық инженерияның маңызы.
55. Еркін көбейетін популяциялар АА особьтардың үлесі 0.81. Қай бөлігі гетерозиготалы Аа болу керек. Харди-Вайнберг формуласын қолданып, оны есепте.
56. Популяциядағы генетика динамикасының факторлары. Популяция динамикасындағы инбридинг және аутбридингтің маңызы.
57. Аллелизм. Көп аллельділік. Аллельді гендердің өзара қатынасы.
58. Сұр тышқандарды альбиностармен шағылыстырған кезде ажырау жүреді: сұр-41, қара - 43, ақ тышқандар – 82. Сұр тышқанның генотипі қандай? Бұл жағдайда шағылысудың қай типі болған.
59. Мутациялық өзгергіштік. Мутацияның топтастыру. Мутагенездің жалпы ерекшеліктері. Геномдық және хромосомалық мутациялар.
60. Кроссинговер. Кроссинговердің генетикалық дәлелдемесі. Кроссинговер механизмі.
61. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын еркек денi сау әйелмен некелескен. Олардың 8 баласы болған: 4 ұл және 4 қыз. Барлық қыздары тұқым қуалау ауруымен туған (ұлдарында ондай жоқ). Осы тұқым қуалау ауруы қай типке жатады?
62. Геномдық мутация дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
63. 1 жылда дрозофиланың қанша ұрпағын алуға болады?
64. Тіркесу тобы дегеніміз не? Тірі организмдегі тіркесу тобының саны нешеге тең болады?
65. Жабайы қояндардың популяциясында 1000 сұр қоянға 10 ақ қоян келеді.
66. А (сұр түсті) аллельдің концентрациясын, а (ақ түсті) аллельдің концентрациясын және (Аа) гетерозиготасының санын анықтап, есептеңдер.
67. Дрозофила шыбынының жыныс деморфизмінің ерекшелігі неде?
68. Гендердің өзара әсер ету типтері: комплементарлы, эпитаз, полимерия, модификация. Гендердің плейотропты әсері.
69. Адам - генетикалық зерттеулерінің объектісі. Адам генетикасын зерттеу әдістері: генеалогиялық, цитогенетикалық, биохимиялық, егіздік, онтогенетикалық және популяциялық әдістер.
70. Есепті шығар: Ата – анасының қаны екінші және үшінші топқа жатады. Баласының қан тобы қандай болуы мүмкін?
71. Экологиялық мониторинг және эволюциялық теорияның дамуында популяция генетикасын оқытудың маңызы.
72. Прокариоттардың жыныссыз көбею механизмі.
73. Адамдарда қалыпты пигменттi (терiнiң түсi) некеден альбинос (ақ) бала туған. Бұлай болуы мүмкiн бе?
74. Мутациядеген терминді қай жылы,қай ғалым қолданды?
75. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің генетикалық әдістерінің жиынтығы қалай аталады?
76. Генотип өзгеруіне байланысты мутациялар қалай бөлінеді?
77. Физикалық мутагендерге жататын факторларды атаңыз
78. Бір популяциядағы гендер жиынтығын қалай атаймыз?
79. Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала, 8тұтас түсті көжектер пайда болды. Қай белгі доминанты? 23 ала түсті көжектердің қаншасы гомозиготалы?
80. Тұқым қуалауды зерттеу үшін қолданылатын генетикалық әдістердің ең бастысы?
81. Гомологты емес хромосома бөліктерінің орын алмасын қалай айтамыз?
82. Гетерозис құбылысы бiрiншi ұрпақтан кейiн қалай байқалады?
83. Аталық және аналық жыныстардың айырмашылығын көрсетпейтін хромосомаларға анықтама бер.
84. Анеуплоидияда жұп хромосомалардың біреуінің жетіспеуі қалай аталады?
85. Қандай будандастыру арқылы алынған ұрпақтар тұқым бермейді?
86. Гемофилиямен ауыратын ер адам, әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?
87. ХН – қалыпты
88. Хһ – гемофилик