Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдаида,Франция мен Англияда капитализм тұрақты орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған үшінші” топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологианың жеке ғылым ретінде тууы псхологианың,
Антрапалогияның, құқықтың жеке салаларының және т.б.-ның дамуы мен баиланысты болды. Cоциологианың қалыптасуына ағылшын және
неміс нүсқаларындағы немістің классикалық философиясы, саяси эконономикасы, сондай- ақ қоғамды қайта құруда жаратылыстануға
ұқсас құрылған, объективті және нақты жаңа әлуметтік ғылым жетекші
роль атқаратындықтан, Сен - Cимон мен Фурьиеррің социалистік теориасы әсер етті.
Сен - Cимонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болғн Огюст Кант (1798 1857) социологианың негізін салушы француз философ. Ол социологиаға атау беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологиялық принциптерін, жаратылыстанудағы ғылыми әлумуттік
біліьді біріктіретін біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады.
Бұл бірліктегі алғашқы орында Конт жаратылыстану метадалогиасына алдымен физика мен биологияға берді.
Эмпиризм, иерификация (кеиінгі латын.verificatio мақұлдама, дәлелдеме ), физикализм сияқты социологияның маңызды принциптерін негіздіу Конттың еңбегі зор. Эмпиризм принципі әлеуметтік тәжірибе мен оның ерекшеліктері туралы мәселе қозғады.
Ол «эмпиризм әлем туралы шын ғылымының бірден_бір көзі тәжірибе болып саналады. Позитивизмнің зерттеитіні _ трансцендентальды тұрмыс не заттың алдамшы мәні емес, тек қана фактілер… физикализм… жетілген түсініктің бәрін физикаға әкеліп тіреуге болады және солай ету де керек», деп түсіндіреді. Бұдан байқағанымыздай, Конт социологияны жаратылыстану ғылымдарының, әсіресе физиканың үлгісімен зерттеу керек деп бағамдаған.
Сонымен бірге ғалым таиғаттың жекелеген құбылыстарын зерттейтін жаратылыстану ғылымынан айырмашылығы социология қоғамды түгелдей, қоғамдық жүйені, әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық өмірмен байланыста зерттеу керектігін атап көрсетеді.
Конт бойынша, жаңа әлеуметтік ғылым қоғамды статиа және динамика тұрғысынан зерттеуі керек. Статикада қоғам “тәртіп ” және “прогресс” заңына бағынады. Әлеуметтік статикада зертттелетін құбылыстар жиынтығы көп қатпарлы организм тәрізді. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам және ол әрекет ететін һмір сүру жағдайы.