ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ
Халықымыздың ертеден өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың ән мен күйлері халқымыздың әр кездегі тіршілік-тынысын танытады.
Үш өлкенің (үш жүздің) тарихи қалыптасу ерекшелігіне қарай музыкалық шығармалардың әуендік сипаты түрліше болып келеді: әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрлерінде де айырмашылық бар.
Орндаушылық дәстүрдің түрлері - ән салу, күй тарту т.б. «Жар-жар», «Сыңсу» сияқты үйлену тойларында айтылатын әндер домбыра немесе қобыздың сүймелдеуімен орындалып, қайырмасына көп адам қосылып отырған.
Ауыл-ауылдан аралап ән салып, күй тартқан сал-серілер мен ақын-жыршылар сол дәуірдің музыкасы мәдениетін таратушылар болды. Қорқыт ата (VIII-Ixғ.) музыка нота жазуының үлгілерін ойлап тапқан Әбу Насыр әл-Фараби (Х-ХІ ғ.), ХV ғасырда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы - қазақ музыка өнерінің дүлдүл өкілдері.