Басқару шешімдерін қабылдау

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАСҚАРУ ЕСЕБІ пәнінен ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ және курстық жұмысты орындаудың
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Семей қаласы – 2012
Әдістемелік нұсқауды орындаған: Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы ________________ Искакова М.С.

Әдістемелік нұсқау Есеп және аудит кафедрасының мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № 1 03 қыркүйек 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: _______________ Зейнуллина А.Ж.

Әдістемелік нұсқау Қаржы - экономикалық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында бекітілді.
Хаттама № 1 05 қыркүйек 2012жыл

Оқу-әдістемелік кеңес
төрағасы ______________ Тойкин С.Х.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Пәннің мақсаты және оның құрамдас бөліктері ... ... ... ... ... ... ...4
2. Басқару есебі пәні бойынша сағат саны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Басқару есебі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ... ... ... ... ... 5
4. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... 7
5. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі ... ... ... ... 7
6. Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... .8
7. Курстық жұмыстың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
8. Курстық жұмысты қорғау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
9. Курстық жұмыс тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
10. Пайдаланылатын қайнар көздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Кіріспе

Басқару есебі курсы – жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің түпкілікті қағидаларын таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алатын студенттерді басқару есебі мен өндірістік шығындар есебін үйлестіріп, өзіндік құнды анықтауды меңгерту.
Басқару есебі курсын оқып үйрену арқылы өндірістік шығындарды меңгеріп, басқарушылық бақылау жүргізіп, стратегиялық шешімдер қабылдауға болады.

1. Пәннің мақсаты мен міндеті және оның құрамдас бөліктері

Басқару есебі бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі. Ол өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау сұрақтарын қарастырады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындары есебінің әдістерін қарастырып, бюджеттік бақылау, шешімдер қабылдау сияқты өзекті сұрақтарды ашып көрсетеді.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерге өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды меңгерту,өндірістің зиянсыздығын талдау және басқарушылық шешімдер қабылдауды үйрету.
Пәнді оқу барысында студент білу керек:
студент өндірістік шығындарды жіктей алуы керек;
өзіндік құнды калькуляциялап, экономикалық элементтері бойынша зерттей алу керек;
басқарушылық бақылауды жүргізе алуы керек;
өндірістік смета жасай алуы керек;
студент басқарушылық есепті ұйымдастыра алуы керек.

2. Басқару есебі пәні бойынша сағат саны.


Тақырыптары
Барлығы

Дәріс
Тәжірибе
1
Басқару есебі туралы негізгі түсінік
1
2
2
Шығындардың жіктелуі
1
2
3
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
1
2
4
Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіспе – үрдіс калькуляциясы
1
2
5
Тапсырыстық калькуляция
1
2
6
Функционалды калькуляция
1
2
7
Нормативтік калькуляция
1
2
8
Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау
1
2
9
Стандарттық калькуляция
1
2
10
Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
1
2
11
Зиянсыздықты талдау

1
2
12
Кешенді өндіріс шығындарының есебі талдау әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
1
2
13
Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік шешім
1
2
14
Басқару шешімдерін қабылдау
1
2
15
Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
1
2

Барлығы
15
30

3. Басқару есебі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
1-тақырып: Басқару есебі туралы негізгі түсінік
Қаржылық есеп және басқару есептерінің айырмашылықтары.Басқару есебінде қолданылатын өлшемдер.
2-тақырып: Шығындардың жіктелуі
Шығындар және шығыстар туралы түсінік.Пайда болу орнына және басқа да белгілеріне қарай шығындардың жіктелуі. Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі. Жоспарлау және бақылау үшін шығындардың жіктелуі
3-тақырып: Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
Шығындарды топтастыру және бөліп тарату. Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері. Негізгі өндіріс есебі. Қорлардың өзіндік құнын бағалау. Үстеме шығындар есебі.
4-тақырып: Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіспе – үрдіс калькуляциясы
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.Калькуляция баптары және өнімді өндіруге кеткен шығындар есебі. Үрдіспе – үрдіс калькуляциясының айрықша белгілері
5-тақырып: Тапсырыстық калькуляция
Шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтаудың тапсырыстық әдісінің негізі. Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен айрықша белгілері.Тікелей шығындардың есебі.Орындалған тапсырыс және өткізілген өнім есебі
6-тақырып: Функционалды калькуляция
Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы. Шығынның мақсаттық калькуляциясы
7-тақырып: Нормативтік калькуляция
Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары
8-тақырып: Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау
Ауытқулар түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.Жалпы ауытқулар. Бекітілген және іс жүзіндегі шығындардың ауытқуларын есепке алу
9-тақырып: Стандарттық калькуляция
Стандарт - кост жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқулар түрлері, болу себептері. Ақаудың құнын анықтау
10-тақырып: Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі. Директ - костинг жүйесі. Маржиналдық табыс түсінігі
11-тақырып: Зиянсыздықты талдау
Зиянсыздықты талдау: оның мақсаты мен тәсілдері.Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда.Теңдеулер әдісі, пайда әдісі және графикалық әдіс. Қауіпсіздік маржасы.Операциялық тұтқа
12-тақырып: Кешенді өндіріс шығындарының есебі талдау әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.Натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі.
13-тақырып: Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Бюджеттеудің мақсаты мен міндеттері. Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру. Сметалық бақылау жүйесіне кіріспе. Икемді смета құру.
14-тақырып: Басқару шешімдерін қабылдау
Шешімдер қабылдау үрдісіндегі есептік ақпарат. Релевантты ақпарат түсінігі. Басқарудағы релевантты көзқарас. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау. Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
15-тақырып: Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сапалары. Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.

4 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде жазылады; Басқару есебі пәнінен курстық жұмыс осы пән бойынша толық курс оқылып біткеннен кейін барып орындалады:
Курстық жұмыстың мақсаты:
теориялық білімді кеңейту мен тереңдету;
пәнді игерудің сұрақтарын бір ізділікке сала отырып, өздік жұмыс жасау,
қортындыларды түйіндеу
пән бойынша материалды жан-жақты, теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдап, өз ойын жүйелі түрде жеткізу.
Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.
Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, ғылыми-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.

5 Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі

Курстық жұмысты тақырыптарын оқытушы құрастырып, оны кафедра мәжілісінде бекітеді. Курстық жұмыстардың тақырыптарына Басқару есебі курсы бойынша өзекті тақырыптар алынған.
Студент таңдалған тақырып бойынша Басқару есебі пәнінен алынған білімдерін, оны ұйымдастыру мен әдістемесіне қатысты сұрақтармен толықтырып, болашақта алатын мамандығына байланысты білімін жетілдіре түседі.
Тақырыпты тандау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді. Студентке тақырыпты таңдау құқығы берілген. Бір топ ішінде бірдей тақырыптағы жұмыстар үш реттен артық қайталанбауы тиіс. Сонымен қоса студент осы Басқару есебі пәніне қатысы бар, бірақ берілген тақырыптардың ішінде жоқ тақырып бойынша да тәжірибелік қызығушылығына байланысты курстық жұмысты орындауға мүмкіндігі бар.
Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен тандалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді.
6.Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар

Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылған, көлемі 30 бетке дейінгі қол-жазба текст.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы:
1 .тарау аты
1.1. бөлім аты
1.1. бөлім аты
Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.
Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында -3,0 см, оң жағында -1,0 см, жоғарғы жағында- 2,5см, төменгі жағында-2,0 см орын қалуы керек. Жұмыс бір түсті қаламмен немесе компьютерде теріліп жазылады.
Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:
титульдік бет;
мазмұны;
кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;
пайдаланған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар
Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.
Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.
Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.
Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.

7. Курстық жұмыстың мазмұны

Курстың жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.
Кіріспеде студент курстық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін үш-төрт бетте жазады.
Бірінші тарау теориялық сипатта жазылады. Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбынан тәуелсіз түрде, онда қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы ілгерілемелі қаржылық есепті ұйымдастыру, қаржылық құралдардың есебі, бизнесті біріктірудің сұрақтары қарастырылады. Материалды статистикалық, анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.
Екінші тарау нақты бір тақырыптың өзекті түйінін ашуға арналады. Тақырыптың маңызды сұрақтары қарастырылады.
Үшінші тарауға қаржы есебін жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылады.
Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.
Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Рекомендациялар орынды болғаны жөн. Енгізілген шаралардан болатын экономикалық тиімділіктің көрсетілуі жұмыс мазмұнын аша түседі.
Мысалы: Негізгі өндіріс шығындарының есебі тақырыбына курстық жұмыстың мазмұны:
Кіріспе
1. Негізгі өндіріс шығындарының теориялық негіздері.
1.1.Шығындардың экономикалық мазмұны және мәні
1.2. Шығындар және оларды жіктеу.
1.3. Шығындар есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.1.Материалдық шығындардың есебі
2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі
2.3. Негізгі құралдар тозуының есебі
2.4. Басқа да шығындардың есебі
3. Негізгі өндіріс шығындары есебін жетілдіру бойынша шаралар.
3.1.
3.2.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар

8. Курстық жұмысты қорғау және бағалау.

Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).
Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.
Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.
Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:
зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;
жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;
сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;
жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;
жұмысты жақсы безендіріп, таза, қатесіз жазса.
Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда темендетеді:
курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;
жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;
қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.
Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.

9. Курстық жұмыстың тақырыптары.

1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
2. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау
3. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
4. Негізгі өндіріс шығындарының есебі
5. Көмекші өндіріс шығындарының есебі
6. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
7. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
8. Өнімді өндіру және сату деңгейін талдау
9. Дайын өнімнің есебі
10. Абзорпшен – костинг әдісі
11. Директ - костинг әдісі
12. Өндірістің зиянсыздығын талдау
13. Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі
14. Зиянсыздықтың экономикалық моделі
15. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі
16. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіспе - үрдіс әдісі
17. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
18. Өндіріске инвестиция салу тиімділігі
19. Өндірістік есептің ақпараттық базасы
20. Стандарт - кост әдісі
21. Үстеме шығындар есебі
22. Калькуляция объектілері және әдістері
23. Бюджеттеу – қысқа мерзімді жоспарлау
24. Тура және жанама, тұрақты және ауыспалы шығындар
25. Шығын – көлем - табыс деңгейін анықтау
26. Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстарды өлшеу
27. Басқару шешімдерін қабылдау
28. Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы
29. Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі
30.Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау

10. Пайдаланылатын қайнар көздер тізімі

1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы 2007ж.
2. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары Астана 2006 жыл.
3. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары және оларға әдістемелік нұсқаулар. Алматы 2006.
4. Төлешова Г. Дамыған қаржылық есеп Алматы 2005
5. Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары.
6. Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009
7. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009
8. Назарова В.Л. Басқару есебі Алматы,2005
9. Тайгашинова, К.Т. Управленческий учет.- Алматы, 2008
10. Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
11. Управленческий учет Хорнгрен Ч. – М., 2005
12. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерский учет на предприятиях и организациях: Практикум.- Алматы, 2008
13. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009
14. Қабылова, Н. Бухгалтер (Бухгалтерлік есеп негіздері).- Астана, 2008
15. Кеулімжаев, Қ.К. Бухгалтерлiк есеп теориясы және негіздері.-Алматы, 2006.
16. Сейдахметова, Ф.С. Современный бухгалтерский учет.- Алматы, 2005

Бекітемін
Есеп және аудит кафедрасының
меңгерушісі,
_________Зейнуллина А.Ж.
Хаттама №1
03.09.2012 жыл
Басқару есебі пәнінен курстық жұмыстың тақырыптары.
Есеп және аудит мамандығының студенттері үшін

30. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
31. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау
32. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
33. Негізгі өндіріс шығындарының есебі
34. Көмекші өндіріс шығындарының есебі
35. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
36. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
37. Өнімді өндіру және сату деңгейін талдау
38. Дайын өнімнің есебі
39. Абзорпшен – костинг әдісі
40. Директ - костинг әдісі
41. Өндірістің зиянсыздығын талдау
42. Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі
43. Зиянсыздықтың экономикалық моделі
44. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі
45. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіспе - үрдіс әдісі
46. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
47. Өндіріске инвестиция салу тиімділігі
48. Өндірістік есептің ақпараттық базасы
49. Стандарт - кост әдісі
50. Үстеме шығындар есебі
51. Калькуляция объектілері және әдістері
52. Бюджеттеу – қысқа мерзімді жоспарлау
53. Тура және жанама, тұрақты және ауыспалы шығындар
54. Шығын – көлем - табыс деңгейін анықтау
55. Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстарды өлшеу
56. Басқару шешімдерін қабылдау
57. Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы
58. Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі
30.Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау

Құрастырған: Искакова М.С.


Скачать


zharar.kz