Су қорын экономикалық бағалау

Скачать

Су қорын экономикалық бағалау
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады.
Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З ) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И ) алынатын суға шығындарды (Q •З ) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q ) қатынасымен анықталады.
З = ,
мұнда: З , З – су әкелетін және су алынатын аудандарда суға шеткі шығын; Q = Q + Q – су ысырабы қоса есептелген тасымалданатын су көлемі. Іс жүзінде кейде тасымалданатын су көлемі пайдаланылатын көлеміне тең болады (Q = Q ). Мұндай жағдайда шеткі шығын су алынатын аудандағы шама бойынша ысырап пен тасымал шығынын ескеріп анықталады.
З = З ,
мұнда К – су тасымалдаудың пайдалы коэффициенті.
Су үнемдеу шараларын мысалмен қарастырайық. Ең тиімдісін таңдау үшін су үнемдеудің төрт нұсқасы бар делік:












32
Су үнемдеудің тиімді нұсқаларын таңдау
Көрсеткіштер I II III IV
Суды үнемдеуге жұмсалатын тікелей шығындар, тиын/м


4,2

5,0

8,5

10,0
Жоғары ауданда суға шеткі шығын, тиын/м

9,5
9,5
9,5
9,5
Төменгі ауданда суға шеткі шығын, тиын/м

6,0
6,0
6,0
6,0

Есептеулер (С + Е К) келтірілген шығын формуласымен жүргізілген. Таңдаулы нұсқаулар су үнемдеуге жұмсалатын тікелей шығындарды екі ауданнан алынатын судың шеткі шығындарымен салыстырып айқындалады. Тасымалдау кезінде судың ысырабын азайту, су қоймасындағы судың булануын кеміту немесе суды пайдаланушыларға сусыз технологияны қолдану арқылы суды үнемдеуге қол жеткізуге болады.
Қарастырылған мысалда жоғары аудан үшін 1-3 нұсқа бойынша су үнемдеу шығындары тиімді, ал 4-нұсқада тиімсіз. Төменгі аудан үшін 1-2 нұсқалар тиімді.
Ақаба суды тазарту шығынын неғұрлым көп кездесетін ластаушылар бойынша анықтау қажет. Сонымен қатар, судың тазалығына қойылатын қатаң талап ел көп қоныстанған аудандарда, осыған сәйкес шеткі шығын шамасы да, басқа елсіз мекендерге қарағанда жоғары болады.
Су қорының экономикалық бағасы өндіріс күштерін орналастыруға едәуір ықпал етеді. Суға шеткі шығын шамасы бойынша алдымен су көп тұтынатын өндірісті орналастыру ауданы анықталады, ал рента шамасына қарап тиімді су көзі таңдалады. Мысалы, суды көп керек ететін химия өндірісін орналастыру керек делік. Ол үшін жеке облыстар су бассейндерінің шеткі шығын шамасын анықтайды.
33

Талдықорған облысында ол – 12,8 тиын, Павлодарда – 13,6 тиын, Жезқазғанда – 20 тиын.
Суға жұмсалатын шығынды есептемегенде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын шығын 120 теңге. Өнімнің бір өлшеміне 200 м таза су алынады. Сонда Талдықорған облысында өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын барлық шығын 120 + (12,8 • 200) = 145,6 теңге.
Павлодар облысында өнімнің өзіндік шығыны 117 теңге болса, суға жұмсалатын шығынмен қоса есептегенде 117 + (13,6 • 200) = 149,2 теңге, Жезқазғанда – 110 + (20 • 200) = 150 теңге болды делік. Суға кететін шығынды есептемегенде, өндірісті Жезқазғанда орналастыру тиімді, ал суға кететін шығынды есептесек, өндірісті Талдықорғанда орналастыру тиімді.
Ренталық бағалау. Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциялдық тиім және ренталық тиім. Дифференциялдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Табиғат пайдалану салаларының өзінде кез келген дифференциялды тиім рентаға айналмайды. Оны су ресурстарын пайдалануға байланысты алуға болатын тиімнен байқауға болады. Мұнда, әсіресе, өзен жүйелерінде көптеген факторларға байланысты тиімдер өте үлкен шамада ауытқиды. Мысалы, өзеннің суы мол жылы көбірек тиім алуға болады, бірақ ол рента емес, рента табиғи факторға байланысты тұрақты болады. Былайша айтқанда, судың сапасына байланысты тұрақты тиім алынбай, ол тұрақсыз жылдық немесе маусымдық сипатта болса, онда тиімді рента деуге болмайды. Мысалы, күріш алқаптарын суғаруға пайдаланылатын су қоймасын алайық. Гидрологиялық жағдайға байланысты су көлемі, соған сәйкес суды пайдалану әр жылда әр түрлі болады. Суарылатын аудан 1000 га, 1 ц күріштің бағасы – 40 тг, 1 га-ға жұмсалатын шығын 600 тг деп алсақ, дақылдың өнімділігі (түсімі) суғаруға байланысты әр түрлі болады.

34
Егістікке су берудің оңтайлы көлемін таңдау
Жыл 1 2 3 4 5 6 7 8
Жылдың су пайдалану мың м /га

6
6,5
7
7,5
8
8,5
9
9,5
Өнімділігі 18 20 21 22 24 25 23 22,5

Кестеден байқағанымыздай, суғарудың оңтайлы шамасы гектарына 8,5 м болғанда ең жоғары өнімділікке қол жетеді. Суды одан аз берсек, өнімге су жеткіліксіз болады, ал көп берсек те өнімділік артпайды, керісінше, топырақтың тұздануы, эрозиясы өседі.
Оңтайлы шамада суғарғанда ең жоғары тиім аламыз (40 – 25 – 600) = 400000 тг. Суғару нормасын арттырғанда (40 – 225 – 600) – 7000 = 300000, 100000 теңге жоғалтамыз.
Егер 10 жылда жылдың су деңгейіне байланысты суғару нормасы төмендегідей болды десек.

Егістікке әр түрлі көлемде су бергенде дифференциалдық тиім
Жыл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жылдың су көлемі, млн м
7 10 8,5 15 6 8 10 7 7,5 12
Су тұтыну мың м /га
7 8,5 8,5 8,5 6 8 8,5 7 7,5 8,5
Өнімділігі, ц/га 21 25 25 25 18 24 25 21 22 25
Дифференциалды тиім, тг 220 380 380 380 100 340 380 220 220 380

1 га суармалы егістікке шаққанда, орташа жылдық дифференциалды тиім 300 теңге. Осы шамадаға тиім ғана рентаны көрсетеді. Одан артық тиім рента емес, тек су мол жылдары алынған қосымша табыс қана.
35
Суды көп пайдаланатын өндірістерді сусыз технологияға ауыстыру үшін оның барлық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі салыстыру қажет. Мысалы, қара металлургия кәсіпорнын алсақ, мұнда таяу жылдарға дейін суды өте көп пайдаланып келді. Сусыз технологияны қолдана бастағаннан кейін, суды жұмыс істетуге қосу бірнеше есе азайды. Бірақ, оның есесіне өндірістің басқа шығындары артты. Сондықтан барлық шығынның ең аз шамасына сәйкес келетін су тұтыну шамасын анықтау қажеттілігі туындайды.


Скачать


zharar.kz