Роберт Оуеннің (1771 – 1858) педагогикалық қызметі мен көзқарасы
XVIII ғасырдағы Француз буржуазиялық революциясынан кейін капитализмнің жедел қарқынмен дамуы қолөнершілер мен шаруалардың кедейленуіне, еңбекшілердің тұрмысының ауырлауына әкеп соқты. Капитализм тұсында өндірісте машинаны пайдалану жұмыссыздықты туғызды. Жұмысшыларды қанау күшейді, олардың жұмыс күні XIX ғасырдың басында Англияда 14-15 сағатқа дейін жетті. Өндірістен түсетін табысты көбейте түсу мақсатымен еңбекақы аз төленетін әйелдер мен балалардың еңбегін қанау өріс алды.
Социал-утопистер (Фурье, Сен-Симон, Оуен) капиталистік қоғамды батыл свнады. Олар адамды адам қанау жойылатын жаңа социалистік қоғамды арман етті. Жаңа тап – пролетариатты жақтаған социал-утопистер капиталистік қоғамды жойып, жаңа социолистік қоғам құруды бейбітшілік жолмен іске асыруға болады деп түсінді. ... Олар тап күресі, жұмысшы табының саяси өкіметті жеңіп алуы, қанушылар табының үстемдігін құлату туралы негізгі мәселелерді есепке алмай...қоғамды бейбітшілік жолмен социализмге айналдыруды арман етті.
XVIII ғасырдағы философ-ағартушылар сияқты, социол-утопистер де адамдарға білім берсе, оларды қайта тәрбиелесе, қоғам жаңа сатыға – социолизмге көшеді деп санады. Сондықтан утопистер адамның қалыптасуына тәрбиенің және оны қоршаған ортаның ықпалына үлкен мән берді. Француз материалистері сияқты утопистер адамды тәрбиенің, қоршаған ортаның пассивті нәтижесі деп санады. Социал-утопистердің социализімінің утопиялық болуы ол дәуірде пролетариаттың тап ретінде жаңа қалыптаса бастауына байланысты болды, ол әлі саяси күреске әлсіз еді.
Роберт Оуэн көрнекті ағылшын қоғам қайраткері, өз кезінде оқыту, тәрбиелеу, жалпы педагогика мәселелеріне көп көңіл бөлді. Жиырма жасында фабрика басқарып, еңбекшілердің ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Капитализмнің халықтың тұрмысын ауырлатып отырғанын байқап, Оуэн әсіресе балалардың жағдайын жақсартпақ болды. Адам айналасын қоршаған ортаның нәтижесі, ендеше алдымен жұмысшының
Тұрмысын жақсарту керек деп есептеді. Ол фабрикада жұмыс күнін 14 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартты, жұмысшылыардың жалақысын көбейтті, олар үшін жаңа пәтерлер салдырды, жақсы дем алуына жағдай жасады.10 жасқа толмаған балаларды фабрикаға жұмысқа алуға тыйым салды, фабрика жанынан оқу – тәрбие мекемелерін, Сәбилер мектебі: (1 жастан 6 жасқа дейін), кешкі мектеп (өндірісте жұмыс істейтін жас өспірімдер үшін) ұйымдастырды. Ересек жұмысшылар үшін лекция, әңгіме, ойын- сауықтар ұйымдастырылды.
Оуэн Сәбилер мектебіне көп қамқорлық жасады. Балалар кішкентайынан ән айтуға, билеуге үйретілді және уақытының көпшілігін таза ауада өткізді. Әсіресе дене тәрбиесіне көңіл бөлінді. Балаларды қоғамдық ручта тәрбиелеуге, жолдастарын сыйлауға, бір- біріне көмектесуге Оуэн үлкен мән берді. Табиғат, айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде әңгіме өткізілді. Эстетикалық тәрбиеге жете көңіл бөлінді. Сәбилерді тәрбиелеуге балаларды сүйетін фабриканың жас жұмысшылары шақырылды.
Бастауыш мектепте оқушылар ана тілін, арифметика, география, жаратылыс және тарих пәндерін оқыды. Берілетін білімнің көлемі Англиядағы басқа бастауыш мектептен әлде қайда кең белгіленді.Оуэн мектепте дін сабағын оқытпады. Ол мектепте балалардың жас ерекшелігіне сай білім беріп, ойлауын дамытуға тырысты. Оқытуда көрнекілікті кең түрде қолданды. Мектепте жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тағы басқа көрнекі құралдар пайдаланылды. Оуэн еңбек тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Балалар ересектердің еңбегімен танысты және мектепте еңбек дағдыларына үйретілді. Ер балалар қолөнері, жеміс ағаштарын өсіру, қыз балалар іс тігуге үйретілді.
Жұмыс істейтін жас өспірімдер 10 жастан бастап кешкі мектепете оқыды. Оуэннің бұл тәжірибесін Маркс өте жоғары бағалады. 1816 жылы Оуэн Нью-Ленаркте Адам мінезін қалыптастыратын жаңа институт құрды. Оған ол ұйымдастырған оқу- тәрбие мекемелерінің бәрі кірді.
Оуэннің мұндай игі істері жұрт арсына кең тарады. Нью-Ленаркте көруге ірі капиталистер мемлекет және қоғам қайраткерлері және ғалымдар келіп тұрды.
Оуэннің ағарту қызметінің мәні өте зор болды. 1819 жылы оның араласуымен Англияда әйелдер мен балалардың еңбегін фабрикада пайдалануға белгілі шек қоятын заң қабылданды.
Халықты ағартуда Оуэн жаппай бастауыш білім беруді, діннің мектепке әсерін жоюды, бүкіл оқыту жүйесін мемлекеттің қолына беруді жақтады. Ол 1813 жылы Қоғамға жаңа көзқарас, яғни адам мінезін қалыптастырудың принциптері туралы тәжірибе атты еңбегін жариялады. Бұл еңбегінде Оуэн адамның мінезі айналасын қоршаған ортаның әсеріне сай қалыптасады деп көрсетті. Адамның кемшілігі, жағымсыз мінезі айналасын қоршаған ортаның әсеріне байланысты. Егер айналасын қоршаған ортаның әсерін, тәрбиені өзгертсе, адамның мінезі де өзгереді. Халыққа білім беру, тәрбиелеу арқылы жаңа қоғам құруға болады деп сенді Оуэн.
Маркс Оуэннің бұл пікірінің сыңар жақты екенін атап көрсетті. Өйткені Оуэн адамды ортаның пассивті нәтижесі санаған еді. Маркс адамдар қоғамдық белсенді әрекет, революциялық тәжірибесі арқылы қоғамдық қатынасты, сонымен қатар өз табиғатын өзгертеді деп атап көрсетті.
1817 жылы Оуэн капиталистерді, ағылшын парламентін қоғамды өзгертуге, социализм құруға үгіттей алмайтындығына көзі жетіп, ол енді капитализмді сынауға және коммунистік идеяларды насихаттауға көшті. Капитализмді сынағанда Оуэн үш нәрсеге қарсы күресу керек деп санады: өндіріс құралына жеке меншік, дін, некенің буржуазиялық формасы. Оуэн жаңа қоғам коммунистік қауым, кооператив арқылы, әсіресе дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы бейбітшілік жолмен құрылады деп санады.
Жаңа коммунистік қоғамда тәрбие жан- жақты, оқу шын мәнінде ғылыми сипатта болады. Ақыл- ой тәрбиесі дене тәрбиесімен және өнімді еңбекпен ұштастырылады. Балалар мен жас өспірімдер өз шамаларына қарай еңбекке араласады және өндіріс пен ауыл шаруашылығының барлық түрімен танысады. Моральдық тәрбие де басқаша жүргізіледі, балалар коллективизм рухында тәрбиеленеді деп есептеді.
Капитализмді сынағаны үшін және коммунистік идеяларды насихаттағаны үшін Оуэнді Англияда қуғынға салды. Ол Америкаға кетуге мәжбүр болды. Америкада Оуэн өзінің әріптестерімен 1825 жылы Жаңа гармония атты коммунистік колония құрды. Бұл колонияда ол өзінің коммунистік қоғам жөніндегі көзқарасынасай тәртіп орнатты. Колонияда қоғамдық меншік болды, еңбек жалпыға бірдей деп есептелінді. Адамдар еңбегіне қарай еңбек өнімімен бірдей пайдаланылды. Колония мүшелері киімге, пәтер үйге және тәрбиеше бірдей дәрежеде ортақ болды. Колонияда Оуэннің принциптеріне сай бірнеше мектептер ашылды. Онда ғылыми негізде жүйелі білім, жаңа мораль нормаларына сай адамгершілік тәрбиесі, еңбек және дене тәрбиесі берілді. Жаңа гармонияда оқу өнеркәсіп және ауылшаруашылық еңбегімен ұштастырылды. Әрине, капиталистік қоғамда мұндай коммунистік колония құру идеясының еш нәтиже бермейтіні айқын еді.
Оуэн Америкада коммунистік колония тәжірибесінен мүлде келейленіп, 1828 жылы Англияға қайтады. Жұмысшылар арасында одан кейін ол отыз жыл өмір сүрді. Жұмысшы табының мүддесі үшін жүргізілген Англиядағы барлық қоғамдық қозғалыс және оның табыстары Оуэннің есімімен байланысты болды деп жазды Энегельс.
Марксизм негізінен салушылар Оуэннің адамды жан – жақты дамыту идеясын, оқытуды өнеркәсіп еңбегімен ұштастыру тәжірибесін келешек тәрбиенің бастамасы деп бағалады. Оуэн алғаш рет мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу мәселесін жүзеге асырды, жұмысшылардың балаларына алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мекемелерін ұйымдастырды. Оның оқу- тәрбие мекемелерінде ақыл – ой және дене тәрбиесі берілді. Ол дінге қарсы күресті. Оуэннің ересек жұмысшылар үшін ашқан мәдени-ағарту мекемелерінің де мәні өте зор болды.
Оуэн капиталистік қоғам мен ондағы тәрбие жүйесін батыл сынағанымен, ол қоғамды өзгертудегі пролетариаттың таптық күресінің рөлін түсінбеді, коммунистік қоғамды құру, коммунистік тәрбиені жүзеге асыру пролетариат революциясының нәтижесінде ғана орнатылатынын білу дәрежесіне ол көтеріле алмады.