Қызамық.
Қызамық-жедел респираторлы антропонозды вирусты ауру.Аэрогенді (аспирациялық) механизммен берілетін,лимфа түйіндердің ұлғаюымен,макулопапулезді бөртпемен,интоксикациямен сипатталады.
Аурудың екі түрін ажыратады-туа пайда болған және жүре пайда болған. Қызамық ұзақ уақыт жеке ауру ретінде саналмаған. Жеке нозологиялық ретінде қызамықты 1834 жылы Wagner бөліп шығарған. 1881 жылы, Лонданда өткен халықаралық конгрессте бұл ауруды жеке ауру деп қабылдаған.
Этиологиясы. Қызамық вируспен шақырылатынын 1938 жылы Hiro және Tasaka тапқан, олар ауру адамнан аурудың жедел кезінде алынған мұрын- жұтқыншақтың шайындысымен сау балаларды жұқтырып дәлелдеген. Қызамық вирусын тапқан және толық зерттеп білген Parkman, 1962 жыл.
Халық арасында ауруға сезімтал қабаттың түзілуі аурудың бұрқ етпесіне әкеп соғуы мүмкін. Мерзімділік тән, жылдың суық мерзімінде жиілейді. Ұйымдастырылған балалар мекемелерінде, жабық мекемелерде ( балабақша, жатақхана, интернат, казарма) қызамық эпидемия түрінде өтеді.
Инфекцияның қоздырғыш көзі: клиникалық көрінісі айқын немесе инаппаратты түрде өтетін қызамықпен науқас адам. Ол жасырын кезеңнің 2-ші жартысынан бастап бөртпе пайда болғанша 7 күн аралығында науқас қоршаған ортада қауіпті. Аурудың жасырын кезеңінде адам ағзасында вирустың репродукциясы жүреді, ол қанда бөртпенің пайда болуына дейін 7 күн бұрын анықталады. Вирус қан ағымымен ағзаға тарап, лимфа түйіндер мен терінің эпителиальды тіндерінде шоғырланады.Вирус ағзадан мұрын-жұтқыншақ бөліндісі, зәр және нәжіспен шығады.
Инфекция қоздырғышының берілу механизмі.
Берілу механизмі: аспирациялық, вертикальды.
Берілу жолы: ауа –тамшылы, трансплацентарлы.
Берілу факторы: аэрозоль, мұрын-жұтқыншақ шырышы, ауру ананың қаны.
Қауып- қатер тобы:балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер
Жүре пайда болған қызамыққа мынандай кезеңдер тән: инкубациялық , продромальды , бөртпе шығу (өршу) кезеңі және реконвалесценция.
Инкубациялық кезең 14-24 күнге созылады(орташа 16-21 күн).
Аурудың продромальді кезеңінде шүде, құлақ маңындағы және мойынның артқы лимфа түйіндері үлкейеді. Қызамықтан басқа бірде-бір ауруды осы топтың лимфа түіндері үлкеймейді. Дене қызуы аздап жоғарлайды , масасыздану, шамалы катаральды белгілер болады. Бұл кезең 1-3 күнге дейін созылады.
Аурудың өршуі кезіңде дене қызуы 38 С-ға дейін көтерледі, катаральды белгілер күшейеді. Бөртпе алдымен мойынға , шаш арасына шығады, сосын бірнеше сағат ішінде тегіс денеге, қол-аяққа шығады. Қызамыққа тән бөртпелердің орналасар жері - арқада, жамбаста, аяқ-қолдардың жазылатын беттері.Алақан мен табанда бөртпе болмайды. Бөртпе ұсақ – папулезді немесе ұсақ дақты, домалақ немесе сопақ шеттері тегіс мөлшері 2-5мм, түсі ашық қызғылт. Бөртпе сирек болады, қосылмайды. Қызамықта шығатын бөртпеде терінің түсі өзгермейді. Сирек қышу сезімі болады, бөртпе 2-3 күнде жойылады. Пигментация мен қабыршықтану болмайды. Қызамықтың клиникасы клиникалық белгілері айқыннан инаппаратты ағымға дейін өзгереді. Балаларда қызамақ жеңіл өтеді, 4-5 күнде жазылады. Ересектерде жоғары температурамен, ісінген лимфа түйіндерде айқын ауру сезімімен, артрит және миалгиямен өтеді. Асқынулар аурудың бірінші аптасында дамиды.
Реконвалесценция кезеніңде дене қызуы қалыпты, лимфаденопатия 2-3 аптада жойылады. Гемограммада өзгерістер болады- бөртпе шығу кезінде:лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, моноцитоз, плазматикалық клеткалары пайда болады, ЭТЖ қалыпты.
Алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар. Қызамықпен науқастанған адамды бөртпе шыққаннан бастап 5 күнге дейін оқшаулайды.Қатынаста болғандарға ешқандай шаралар жүргізілмейді, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне карантин қоймайды. Қорытынды дезинфекция жүргізбейді. Қызамық ошағында бөлмені ылғалдап сүртіп және желдету қажет.