Ата – аналық құқықты қалпына келтіру

Скачать

1. Ата – аналық құқықты қалпына келтіру
9.Балалар құқығы
Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының негізі балалардын белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Занда балалардың туу тегін куәлаңдырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған.
Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кен тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабына сәйкес бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некелі әйелден туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.
Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасынан бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады («Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабы, 2-тармағы).
Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді.
Жаңа заң, сонымен бірге, баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді. «Неке және отбасы туралы» Занның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда — медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрған адамдардан туылған жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады.
Бала туғанда ата-анасы некеде болмаса, немесе анасы баласының әкесі жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі жағынан тегін белгілеу мәселесінің шешілуі күрделірек болады.
Заң баланың анасымен некеге тұрмаган адамның әкелілігін белгілеудің бірнеше әдістерін қарастырады.
Ол баланың әкесі мен шешесінің бірлескен арызын, ал кейбір жағдайларда (шешесінің қайтыс болуы, оның әрекет қабілетсіздігін мойындау және т. б.) әкесінің арызын АХАЖ органдарына беру жолымен белгіленуі мүмкін.
Ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отарған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойьшша сот тәртібімен белгіленеді («Неке және отбасы туралы» Заңның 47-бабы).
Балалардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міңдеттердің туындауына алып келеді.
Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады:
а) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматтығын анықтау кезінде;
б) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналарының олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында;
в) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда.
Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын (54-бап).
Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құкығына ие болуына байланысты («Неке және отбасы туралы» Заңның 55-бабы).
Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні, егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрсетуі бойынша анықталады.
Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Егер ата-аналарының тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі. Ал, ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңының 57-бабы).
Өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға баланың да құқы бар («Неке және отбасы туралы» Заңның 59-бабы).
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүддесін қорғау олардың ата-анасының міндетіне жатады.
Ата-аналардың қай-қайсысы да балаларының атынан өкілеттілік алады. Балалардың мүддесін қорғау жөніндегі ата-аналарының өкілдігі «Неке және отбасы туралы» Заңның 63-бабына сәйкес анықталады.


Скачать


zharar.kz