Радикалдық полимерлену

Скачать

2- Межелік бақылау
Ауызша сұрақтар
1. Қатты отынды газификациялау
2. Полимерлердің классификациясын толықтай келтіріңіз
3. Радикалдық полимерлену. Полимерлену сатылары, инициаторлары, радикалды полимерленуге түсетін мономерлер
4. Поликонденсация процестерінің жіктелуі. Поликонденсацияның полимерленуден айырмашылығы
5. Полимерге ұқсас түрлендірулер және ішкі молекулалық ре­акциялар
6. Полимерлену дәрежесі өсетін реакцияларды сипаттаңыз
7. Аморфты полимердің термомеханикалық қисықтарын сипаттаңыз
8. Мұнайдың технологиялық жіктелуі


Жаттығулар
1. Акрилонитрилдың радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор - бензоил асқын тотығы. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1500 болса?
2. Полистиролдың радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – сутектің асқын тотығы. Алынған полимердің полимерлену дәрежесі неге тең, егер оның молекулалық массасы 124 800 болса.
3. Акриламидтің радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – лаурил пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1100 болса?
4. Акрил қышқылының радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – 2,2-азобис(изобутиронитрил). Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1200 болса?
5. Метакрил қышқылының радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – бензоил пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1300 болса?
6. Винилацетаттың радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – кумол пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1400 болса?
7. Метакрилонитрилдің радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – кумол пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1500 болса?
8. Изобутиленнің катионды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Катализатор – алюминий хлориді, сокатализатор су
9. Пропиленнің катиондық полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Катализатор – қалайы хлориді, сокатализатор су
10. α-метилстиролдың катиондық полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Катализатор – титан хлориді, сокатализатор су
11. Изопреннің катиондық полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Катализатор – бор трифториді
12. Нитроэтиленнің радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – лаурил пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1100 болса?
13. Аллил спиртінің радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – бензоил пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1600 болса?
14. Аллилхлоридтің радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – кумол пероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1500 болса?
15. Винилиденхлоридтің радикалды полимерлену реакцияларын (барлық сатылар) келтіріңіз. Инициатор – кумол гидропероксиді. Алынған полимердің молекулалық массасы неге тең, егер оның полимерлену дәрежесі 1500 болса?

Тест сұрақтары
4-51. Фракциялаудан кейінгі қалдығын атаңыз:
A. Битум
B. Асфальтен
C. Гудрон
D. Мазут
E. Соляр
4-52. Мұнайды біріншілік айдаудың максималды температурасы (градус Цельсия):
A. 360
B. 460
C. 200
D. 500
E. 250
4-53. Эмульсия түзуші жүйені атаңыз:
A. Мұнай -бензол
B. Мұнай -ПАВ
C. Су-мұнай
D. Мұнай-шайыр
E. Су-ББЗ
4-54. Мұнай құрамындағы негізгі элементтерін көрсетіңіз:
A. С; Н.
B. С:Н:S:O.
C. C;O.
D. C;S;H.
E. H;O;S.
4-55. Көмірсутектердің мөлшері бойынша мұнайдың қандай жіктелуі болмайды:
A. Нафтенді
B. Ароматты
C. Нафтенді-ароматты
D. Парафинді
E. Гибридті
4-56. Эмульсияларды бұзатын заттар қалай аталады:
A. деэмульгаторлар
B. стабилизаторлар
C. ингибиторлар
D. эмульгаторлар
E. беттік-активті заттар
4-57. Керосин фракциясын қандай температураларда (градус Цельсия) алады:
A. 50-150
B. 300-360
C. 200-300
D. 150-250
E. 250-360
4-58. Мұнайдан жеңіл көмірсутектерді бөлу және күкірттісутектен тазалау процесі ... деп аталады:
A. сусыздандыру
B. тұзсыздандыру
C. эмульсиялау
D. тұрақтандыру
E. сепарациялау
4-59. Мұнайды өңдеудің физикалық процестеріне жатпайды:
A. Сусыздандыру жәнетұзсыздандыру
B. Кристалдау арқылы депарафиндеу
C. Сольвентті деасфальттау
D. Полюсті еріткіштермен экстракциялық жақсарту
E. Гидровисбрекинг
4-60. Ректификациялық мұнаралар қандай процестерінде қолданылады:
A. Көп компонентті сүйықтарды айруға
B. Күкіртті қосылыстарды адсорбциясына
C. Су буының абсорбциясына
D. Мұнай құрамынан механикалық қоспаларды айруға
E. Тас көмірді классификациялауға
4-61. (-СН2-СН(СН3)-)n молекуласындағы -СН2-СН(СН3)- топ не болып табылады ?
A. Мономер
B. Олигомер
C. құрылымдық буын
D. Полимер
E. Димер
4-62. Полимерлі тізбек арқылы өтетін жазықтың екі жағында біртекті орынбасарлар орналасқан полимерлер қалай аталады?
A.Изотактикалық
B. Синдиотактикалық
C. Атактикалық
D. Ретті
E. Реттсіз
4-63. Олигомердің полимерден айырмашылығы қандай:
A.Мономерлі буынның құрылысымен
B. Мономер табиғатымен
C. Тізбек ұзындығымен
D. Полимердің иілгіштігімен
E. Бір-бірінен айырмашылығы жоқ
4-64. Полисилан ( - SiН2-SiН2- )n полимерлердің қай классына жатады?
A.Органикалық
B. Бейорганикалық
C. Элементорганикалық
D. Биорганикалық
E. Табиғи
4-65. Полиакрилонитрил ( - СН2-СН- )n полимерлердің қай классына жатады?

CN
A.Органикалық
B. Бейорганикалық
C. Элементорганикалық
D. Биорганикалық
E. Табиғи
4-66. Эмульсия түзуші жүйені атаңыз:
A. Мұнай-бензол.
B. Мұнай-ББЗ.
C. Су-мұнай.
D. Мұнай-шайыр.
E. Су-ББЗ.
4-67. Кеуекті заттар, органикалық массасында 95-97 % көміртегі бар, жылу көзі, шихта компоненті:
А. кокс
В. жартылай кокс
С. антацид
D. көмір
Е. ағаш көмірі
4-68. Мұнайды тура айдау кезінде флегма-суармалау ретінде не қолданады:
A. техникалық май
B. осы колоннада түзілетін конденсат
C. мазут
D. дизель жаңармайының дистилляты
E. мұнайдың жаңа порциясы
4-69. Мұнай өндеуінің гидрогенді әдістеріне жатпайды:
A. Гидродеароматтау
B. Гидрокрекинг
C. Гидропиролиз
D. Гидроизомерлеу
E. Пиролиз
4-70. Мұнай шикізатын өңдеудің химиялық процестеріне жатады:
A. Сольвентті деасфальттау
B. Сусыздандыружәне тұзсыздандыру
C. Кристалдау арқылы депарафиндеу
D. Кокстеу
E. дұрыс жауабы жоқ
4-71. Мұнай өнімдерінің молекулалық массасын қандай әдіспен анықтайды?
A. Вискозиметриялық
B. Фотометриялық
C. Гравиметриялық
D. Титриметриялық
E. Криоскопиялық
4-72. Мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасын қалай атайды?
A. Динамикалық тұтқырлық
B. Шартты тұтқырлық
C. Кинематикалық тұтқырлық
D. Салыстырмалы тұтқырлық
E. Меншікті тұтқырлық
4-73. Гидрогендеу процестерінің негізгі бағыттары:
A. гидрокрекинг
B. гидротазарту
C. пиролиз
D. каталитикалық крекинг
E. А, В жауаптары
4-74. 350оС дейін қайнайтын фракциялар қалай аталады:
A. Мазут
B. Ашық дистиллят
C. Гудрон
D. Вакуумды газойль
E. Цилиндрлік дистиллят
4-75. Гидротазалау процесінде қандай катализаторлар жиі қолданылады?
А. Алюморений катализаторлары және кремнийорганикалық
В. Алюмокобальтмолибдендік және алюмоникельмолибдендік
С. Кремнийорганикалық және натрийрубидицезий катализаторлары
D. Натрийрубидицезий катализаторлары және графиттік
Е. Тек графиттік
4-76. Мұнай құрамындағы гетероатомды күкіртті қосылыстарына қай қосылыс жатады:
A. Тиофен
B. Хинолин
C. Пентозан
D. Нафталин
E. Антрацен
4-77. Гидрокрекингті қандай қосылыс қатысында өткізеді:
A. Сутек
B. Су буы
C. Асқын тотығы
D. Күкіртті сутек
E. Ауа
4-78. Бензин фракциясын қандай температура интервалында алады (градус Цельсия):
A. 100-250
B. 40-350
C. 90-350
D. 150-300
E. 40-150
4-79. Фракциялаудан кейінгі қалдығын атаңыз:
A. Битум
B. Асфальтен
C. Гудрон
D. Мазут
E. Соляр
4-80. Крекинг кезіндегі кокс түзілуінің шикізатын атаңыз:
A. Ароматты көмірсутектер
B. Нафтенді көмірсутектер
C. Парафинді көмірсутектер
D. Олефинді көмірсутектер
E. Гетероатомды көмірсутектер
4-81. Термопласты полимер - бұл:
A. бастапқы қасиетін қыздырған кезде, артынан суытқанда бастапқы қалпына келе алмайтын полимер
B. қыздырудан және суытқаннан кейін бастапқы қасиеттерін сақтайтын полимер
C. тігілген тармақтары бар полимер
D. сызықты полимер және сополимер
E. сызықты сополимер
4-82. Полисилоксанға сәйкес формула:
A.

B.

C.

D.

E.

4-83. Полиакрил альдегидіне сәйкес формула:
A.
B.

C.

D.

E.

4-84. Полимердің орташасандық молекулалық масса қандай теңдеу арқылы есептеледі:
A.
B.
C.
D.
E.
4-85. Полимерлерді түзетін заттар қалай аталады:
A. полимерлер
B. мономерлер
C. буындар
D. полициклдер
E. цеолиттер
4-86. Құрамында газ тәрізді және қатты заттар еріген табиғи дисперсті сұйық көмірсутектер жүйесі:
A. Мұнай
B. Газ
C. Тас көмір
D. Лигроин
E. Бензин
4-87. 200С-да алынған мұнай өнімдерінің тығыздығының 40С-тағы судың тығыздығына қатынасымен анықталатын тығыздық
A. Салыстырмалы
B. Сипаттаушы
C. Келтірілген
D. Стандартты
E. Анықтаушы
4-88. Мұнай өнімінің орташа молярлық қайнау температурасы (Торт.мол) мен тығыздығының функциясын білдіретін параметр қалай аталады
A. Тығыздықты
B. Тұтқырлықты
C. Сипаттаушы факторды
D. Мұнай өнімінің молекулалық массасын
E. Сыну көрсеткішін
4-89. Мұнай өнімдерінің молекулалық массасын қандай әдіспен анықтайды?
A. Вискозиметриялық
B. Фотометриялық
C. Гравиметриялық
D. Эбулиоскопиялық
E. Титриметриялық
4-90. Вискозиметрден сынақ температурасында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20 С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын қалай атайды?
A. Динамикалық тұтқырлық
B. Шартты тұтқырлық
C. Кинематикалық тұтқырлық
D. Салыстырмалы тұтқырлық
E. Меншікті тұтқырлық
4-91. Мұнай өнімдерінің молекулалық массасын қандай әдіспен анықтайды?
A. Вискозиметриялық
B. Фотометриялық
C. Гравиметриялық
D. Титриметриялық
E. Криоскопиялық
4-92. Мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасын қалай атайды?
A. Динамикалық тұтқырлық
B. Шартты тұтқырлық
C. Кинематикалық тұтқырлық
D. Салыстырмалы тұтқырлық
E. Меншікті тұтқырлық
4-93. Ұзын алифатты бүйірлік тізбектері бар конденсирленген циклді қосылыстар қалай аталады:
A. Шайырлар
B. Полимерлер
C. Асфальтендер
D. Карбендер
E. Карбоидтар
4-94. 350оС дейін қайнайтын фракциялар қалай аталады:
A. Мазут
B. Ашық дистиллят
C. Гудрон
D. Вакуумды газойль
E. Цилиндрлік дистиллят
4-95. Синтез-газ құрамын көрсетіңіз:
A.
B.
C.
D.
E.
4-96. Асфальтендер қандай фракциясында жинақталады:
A. Бензин
B. Лигроин
C. Керосин
D. Май
E. Гудрон
4-97. Керосин фракциясын қандай температураларда (градус Цельсия) алады:
A. 50-150
B. 300-360
C. 200-300
D. 150-250
E. 250-360
4-98. Лигроин фракциясын қандай температура аралығында алынады (градус Цельсия):
A. 200-360
B. 90-150
C. 160-200
D. 250-300
E. 150-370
4-99. Мұнай құрамындағы азотты қосылыстарына қайсысы жатады:
A. Хинолин
B. Тиофан
C. Фенантрен
D. Антрацен
E. Пирен
4-100. Қазақстандағы ең үлкен кен орынды атаңыз:
A. Теңгіз
B. Қарашаған
C. Жанажол
D. Қобалды
E. Кенқияк


Скачать


zharar.kz