Әліби Жангелдин -қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы,Азамат соғысының ардагері 1903 ж Орынбор діни училищесін бітірді.Торғай облысы Кеңестерінің 1-съезін (1918 жыл наурыз) Бүкілқазақтық Кеңестер съезін (1920 жыл қазан) ұйымдастырушылардың бірі. Торғай облыстық Кеңесінің төрағасы.Одан кейінгі жылдарын Қазақстандағы көптеген жауапты қызметтерде болды.
1916ж Жангелдин А.Имановпен бірге Торғайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басқарды. 1917 жылы Торғай облысының, соңынан бүкіл Дала өлкесінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы Жангелдин отряды орталық Ресейден бөлініп қалған Ақтөбе майданына сусыз дала,сор мен құмдар арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек жеткізілді. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің 1-съезі Жангелдинді Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті төрағасының орынбасары, әрі әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары етіп сайланды. Оның есімі Қостанай облысының бір ауданына, Қазақстан қалалары мен селоларындағы көшелерге, мектептерге берілді. Алматы, Ақтөбе, Торғай мен Қостанай қалаларында Ә.Жангелдинге арнап ескерткіш орнатылған.