Студенттердің өздік жұмысы

Скачать

5 Студенттердің өздік жұмысы

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: Муниципалды менеджмент курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ эссе түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тапсырманың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.
Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.
Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады.
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

1. Қазақстанда жергілікті өзін өзі басқару дамуының жағдайын талдау және болашағы - Эссе
2. Семей қаласы жергілікті өзін-өзі басқаруының құрылымының сызбасын келтіру және тоық сипаттама беру – 1 - тапсырма
3. Жергілікті алымдар және салықтар - Эссе
4. Маслихат қызметін жүзеге асыру формалары – Эссе
5. Аймақты экономикалық дамытудың негізгі мақсаттары, тапсырмалары және принциптері – Эссе
6. ҚР аймақтық саясатты құру принциптері – Эссе
7. Жұмыспен қамтылудың аймақтық мәселесі –Эссе
8. Жапонияда жергілікті өзін өзі басқару ерекшелікт ері- Эссе
9. Ресей Федерациясында жергілікті өзін өзі басқару ерекшеліктері - Эссе

5.2 Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары

1. ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштерін талдау – Тапсырма 1
2. Тамақ азықтары, сумен, жылумен, газбен, светпен, қалалық көлікпен халықты сапалы қамтамасыз (қызмет көрсету) етуімен байланысты сауалнама сұрақтарын құрастыру.
3. Семей қаласы дамуының бағдарламасына талдау жүргізу - Тапсырма 2
4. Семей қаласының жергілікті бюджетті құру принциптерін және орындалуын талдау- Тапсырма 3.
5. Семей қаласы бойынша тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын талдау - Тапсырма 4
6. Семей қаласы бойынша шағын кәсіпкерлік жағдайын талдау – Тапсырма 5
7. Семей қаласы бойынша АӨК жағдайының талдау – Тапсырма 6


Скачать


zharar.kz