Емшекпен емізудің ережелері

Скачать

1.Әр емізердің алдында анасы таза қолымен сүт безін жақсылап жуу керек.
2.Баланы емізер алдында анасы сүттің біразын сауып тастау керек,себебі бактерияларды өлтіру үшін және перипириялды қанға өтпеу үшін.
3.Баланы емізіп болғаннан соң сүт безі жарылып кетпеу үшін таза жұмсақ сүлгімен кептіру керек.



Емшекке баланы салудың техникасы
Алғашқы күндері ана сәбиін бір жақ қырымен жатып емізеді.Сәбидің аузына емшектің ұшын салуға қолайлы етіп жатқызады да, емшегін сәл көтеріп, ұшын саусақтарымен ұстап,(сүт безі қолының алақанында жатады).Сәбидің аузына ұшын ғана емес айналасындағы терінің бөлігін дұрыс ұстайтындай етіп салады.Бас бармағымен, баланың мұрнын жауып тыныс алуына кедергі келтірмеу үшін , сүт безін кейін төмен ығыстырып ұстап тұрады.Одан әрі босанған әйел отыруға рұқсат берілгеннен кейін ана баланы ,бір аяғының астына кішкене отырғыш қойып ,отырып емізеді.Бастысы бала емізіп отырған ана өзі тыныш, демалып отырған жағдайда орналасу керек.Сонымен қатар әр уақытта баланың басын емес арқасынан сүйеп отыру қажет.Бір емшекті емізгеннен кейін, ондағы сүт толық таусылса ,балаға міндетті түрде екінші емшекті беру керек ,ал келесі емізгенде міндетті түрде осы емшектен бастап емізу қажет.Жаңа туған балаға тіулігіне қажетті сүт мөлшері келесі әдіспен анықталады:өмір күнін онға және емізу санына көбейтеміз.Мысалы,үшінші күн (6-рет емізеді).Туылғаннан кейін оған тәулігіне мына мөлшерде сүт қажет:3*10*6=180гр

















Гипогалактияның алдын алу
шаралары.

Гипогалактамия-сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Гипогалактия пайда болып қалған кезде, біріншіден лактацияны стимуляциялау үшін сәбиді жиі тамақтандыру қажет.Екіншіден анасының күн және тамақтану ережесін қалыптастыру керек. Тағамдық заттардың сүттің көп бөлінуі үшін ашытқы тағамдарын , грек жаңғағын, бал, саңырауқұлақ сорпасын ішкен дұрыс. Оң эффекттіні сүт безінің массажы береді. ( күніне 2 рет 3 минут уқалайды,екі қолымен әкететін лимфа тамырының бойымен айналмалы түрде. Емізікке ареолаға тиіспейді)





Маститтің алдын алу шаралары.

Мастит-сүт безінің қабынуы.Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына байланысты пайда болады.
Маститің алдын алу:Сүт бездерін ұқыпты күту,баланы
дұрыс емізу,емшекте сүттің токырауын мезгілінде жойып
отыру.









Жаңа туған баланы біріншілік өңдеу.

Бала туыла салысымен міндетті түрде баланың ауыз қуысы мен мұрын қуысын электрлік сорғыш аппараттың көмегімен тазалау керек. Жаңа туған баланы жылы стериьді жаялыққа орайды. Медбике қолын жуып және спиртпен өңдеп, офтальмобленореяның алдын алу шараларын істейді. Ол үшін жаңа туған баланың көзін стерильді мақтамен сүртіп, кейін 30 % альбуцид ерітіндісін тамызады. Осы ерітіндінің бірнеше тамшысын жаңа туылған қаздардың жыныс саңылауына тамызады. 2 сағаттан кейін процедураны қайталайды.
Кіндікті біріншілік өңдеу нәресте туылып, 2- минуттан соң кіндік қан тамырларының соғысы тоқтағаннан кейін істеледі. Алдымен кіндіктен 10-15 см кіндік бауын спиртпен өңдеп , Кофердің 3 қысқышымен қысып қоямыз.Біреуі анасының вульварлы сақинасы аймағынан , екіншісі жаңа туған баланың кіндік сақинасы аймағынан 8-10 см қашықтықта, 3-шісі екіншісінен 2 см төмен. Кіндік пен қысқыш аймағын 5 %-тік йодпен өңдеп, стерильді қайшымен кеседі. Балалардың кіндігінен қан тобы мен резус факторын анықтау үшін қан алады. Баланы стерильді жаялыққа орап, анасына көрсетеді. Содан кейін баланы жаңа туылғандар бөлмесіне ауыстырады, онда кіндіктің соңғы өңдеуін жүргізеді. Қалған қан қалдықтарын 96 %-тік этил спиртімен өңдейді. Кіндік сақинасынан 0,5 см қашықтықта Рогован қапсырмасын кіргізіп, қалғанын стерильді қайшымен кесіп, жоғарғы жағын 5 %-тік калий перманганатымен өңдеп, стерильді салфеткамен жабып қоямыз. 5-6 сағаттан соң салфетканы алып,қалған кіндікті жабын түзетін антисептикалық препаратпен өңдейді және оның жазылуы ашық түрде жүреді.Баланың салмағын, бойының ұзындығын, бас және кеуде шеңберін өлшейді. Өлшемдері жазылып алып, жетіп туылған немесе шала туылғанын анықтаймыз(Апгар шкаласы бойынша). Баланың қолына стерильді арнайы қағазды байлаймыз. Онда: фамииясы, аты, анасының аты-жөні, жынысы, туған күні, сағаты жазылады. Дені сау баланы 2 сағаттан соң балалар бөліміне ауыстырамыз. Шала немесе ауру туған балалар интенсивті терапиялар палаталарына түседі.



Мерзіміне жетіп туған баланың күтімі

Күнделікті таңертең тамақтандырар алдында , жаңа туған баланы жуындыру: көзін, мұрнын, құлақтарын, терісін өңдеу және ең соңында аралықтарды. Баланы жылы ағынды сумен жуындырады. Егер көзден бөлінді бөлінсе фурациллин ерітіндісімен ( 1: 5000) қолданылады. Әр көзді жеке мақталы тампонмен сыртынан ішіне қарай сүртеміз. Мұрын мен құлақты жеке-жеке стериьді фурациллин ерітіндісінде немесе майға малынған арнайы бұралған мақталармен тазалаймыз. Осы мақсатта, сіріңке және қатты нәрселер қолдануға болмайды. Терінің қатпарларына (мойын , қолтық асты, тізе асты) алғашқы екі күн ішінде мақталы шариктің көмегімен 1 %-тік спирт ерітіндісіне малып, сүртеміз. Келесі күндері вазелин немесе өсімдік майымен сүртеміз. Баланы жуындыру үшін, медбике баласының арқасын өзінің сол қолына басы шынтақ бүгілісіне тура келетіндей етіп, ал саусақтары баланың санын ұстайтындай болуы керек. Жамбас пен шап аралықтарын балаларға арналған сабынмен алдынан артына қарай сүртіп, ағынды сумен шаяды. Жуындырып болып, стериьді жаялықпен сүртіп, вазелин және май жағып қоямыз.
Кіндік қалдығына күтім ашық түрде жүргізіледі. Кіндікті тәулігіне 1-2 рет 70 %-тік этил спиртімен , 2%-тік сутегінің асқын тотығымен өңдейді. Анасының баланы емізгенде ( отырып немесе жатып) тұншығып қалмас үшін, басын қолымызбен жоғары көтеріп тұрамыз. Жаңа туған баланы анасымен қатар жатқызады. Басы анасының шынтақ буынында болады. Әр емізгенде бірінші бір емшекті таусып, кейін екіншісін береді. Емізудің ұзақтығы 20-30 мин. Баланың қанша мөлшерде сүт қабылдағанын білу үшін емізер алдында және кейін сол киімде өлшеп алады. Егер бала қажетті сүт мөлшеріндегі сүтті қабылдамаса, онда сүт қоспасын немесе жасанды ана сүтімен тамақтандыру керек.



Жаңа туған нәрестені тамақтандыру.


Ана сүтінің компоненттері емшектегі баланың ішектерінің ферменттік еркешелігіне және микробтың құрамына бейімделген. Ана сүті перистальтиканы жақсартып, патологиялық газ түзілуіне кедергі жасайды. Соңғы кездерде баланы ерте емшекке салуды қолдайды, яғни туылған соң алғашқы сағатта, себебі ол баланы инфекциядан қорғайды. Анасында лактацияны стимульдейді. Гемолитикалық аурудың жедел фазасында цитомегалияның жедел түрінде, гепатитте емшекпен емізуге болмайды. Мерзімі жетіп туылған нәрестені 6-7 рет емізу керек. Емізер алдында анасы қолын жылы сумен сабындап жуып, бас киім және маска кию керек.Сүт безінің емізіктерін фурациллинмен ( 1:5000) ерітіндісімен жуады. Анасы отырса немесе тұрса да баланың басы көтеріңкі болу керек. Бұл мұрынмен дұрыс тыныс алуға негізделген. Нәрестені анасына парарельді орналастырып, басын шынтақ буынына орналастырады. Емізу ұзақтығы 20-30 мин. Баланың емген сүт мөлшерін есептеу үшін , емізбей тұрып 1, емізгеннен соң тағы өлшеп, қалған сан емген сүт мөлшері болады. Егер бала толық тамақтанбаса, сауылған сүтпен тамақтандырылады.


Скачать


zharar.kz