1 аралық бақылау тапсырмалары
1
Ғ.Мүсіреповтің Жат қолында шығармасы
Сұрақ-жауап
7 апта
15 балл
2
О.Бөкейдің Өз отыңды өшірме романы
Сұрақ-жауап
7 апта
15 балл
3
Ә.Нұрпейісовтің Қан мен тер трилогиясы
Сұрақ-жауап
7 апта
15 балл
4
Ә.Кекілбаевтың Үркер романы
Сұрақ-жауап
7 апта
15 балл
1-Тапсырма: Ғ.Мүсіреповтің Жат қолында романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Жат қолында романы Оянған өлкенің екінші кітабы. Жат қолында романының композициялық бітімі, тарауларға жіктеу тәсілдері, оқиғалардың даму, өрбу, өсу, тыну логикасы, кейіпкерлерді сомдау принциптері Оянған өлке романының эстетикасымен үндес. Романда шетел капилатының қазақ жеріне сұғына кіруі, ауылдағы таптық жіктеліс, қазақ оқығандары арасындағы әр түрлі ағым, жұмысшы ұйымдарының құрыла бастауы, коммунистердің тарихи ролі осы алуандас әлеуметтік мәселелер жеке тағдырлар, адам образдары арқылы эстетикалық жіктеу, көркемдік талдау табады.
2-Тапсырма: О.Бөкейдің Өз отыңды өшірме романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Романда тапқа жіктелген қоғам, алмағайып, аласапыран кезең уақиғасы адамдар тұлғасы, олардың іс-әрекеті, бір-біріне қарым-қатынасы қат-қабат тартыс аясында баяндалады.Роман оқиғасы бес салаға жіктелген. Әрбір сала бүгін мен баяғының бейнесін беретін тараушаларға бөлінген. Жазушы адамдар тағдырын танытуға ерекше көңіл бөледі.Шұрайлы тілмен өрнектелген кейіпкерлер болмыс, тынымсыз ой мен шиыршық атқан сезімдер, ашу мен ақыл, парықсыздық пен парасат, сатқындық пен адалдық, аярлық пен тазалық сияқты қарама-қайшы ұғымдар авторлық баяндау және суреттеулер арқылы шарпысып отырады.
3-Тапсырма: Ә.Нұрпейісовтің Қан мен тер трилогиясын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Дәуір тынысын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бастап, Колчак, Дулатов армияларының талқандалған шағына дейінгі мерзім кең қамтылып суреттеледі. Қан мен терде басқа туындыларда аталып қана өтетін патшашыл ақ әскерінің тіршілік келбеті мейлінше толыққанды бейнеленеді. Романдағы авторлық мақсат, сюжеттік арналар, көркемдік зерттеу нысаны жаңа. Ә.Нұрпейісов сан алуан қасиеттерімен қалыптасып болған әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің қазақ топырағындағы жетілген өресін танытады. Трилогияның сюжеттік-композициялық желілері де бір бағытта өрістегенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқиғаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үдерісін (процесс) ашатын, белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді.
4-Тапсырма: Ә.Кекілбаевтың Үркер романы романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Үркер, Елең-алаң романдары кейбір үстірт топшылауға бейім тұратынымыздай, тіпті де Әбілқайырды ақтап алу мақсатын көздемеген, керсінше, оның барша болмыс-бітімін, кескін-келбетін қыруар ғылыми, тарихи құжаттарға негіздей отырып кескіндеген де, оқырманға шынайы түрде жеткізіп, тұжырым жасауды, пікір түюді сол оқырманның өзіне қалдырған. Дилогияның бір ерекшелігі сонда, автор әр кейіпкердің кәдімгі адамға тән тыныс-тіршілігін, қуанышын, ренішін, пиғылын, мінезін бәрін-бәрін кең ауқымда бейнелеген.