2 ҚР ауыл шаруашылығын несиелендірудің түрлері мен әдістерін талдау.
2.1. Ауыл шаруашылығын бюджеттік несиелендіру тәжірибесі.
Қазақстан республикасының 2003 ж-ң 15 қантарындағы №38 “2004-жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқару органдарын несиелендіру сұрақтары жөнінде”
2004 жылғы к
өктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу үшін және жалдау және ауыл шаруашылық машиналарының қосымша бөлшектерін, ұрықтарды, гербицидтерді, жанар-жағармайларды сатып алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендірудің ішкі ережесін бектілсін.
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін және жалдау, ауыл шаруашылық машиналарының қосымша бөлшектерін, ұрықтарды, гербицидтерді, жанар-жағармайларды сатып алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендірудің ішкі ережесі.
1 жалпы бөлім
Бул ережеде келесі түсініктемелер бар:
Кредтор – облыс қаласының және аудандарының әкімі:
Бағдарламаның администрациясы – облыстың су және ауыл департаменті.
Қаржылық орган – облыстың коммуналдық меншік және қаржы департаменті.
Несие – несиенің барлық принциптерін орындайтын, облыстық бюджеттен қалалық бюджетке немесе аудандарға берілетін қаржы.
Бюджеттік несиелеуді облыстық коммуналдық меншік және қаржы департаменті жүзеге асырады, өз кезегінде облыстық коммуналдық меншік және қаржы департаменті қаржыны қалалық және аудандық әкімдерге қайта аударады.
Бюджеттік несиені ұсыну тиісті несиеліккелісімдермен Қазақстан Республикасының несие беруші және несие алушы арасындағы келісім заңдылықтарынасәйкес жүзеге асырылады.
Несиені беру немесе берілмеу туралы соңғы шешімді (қорытынды) әкім немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
Су және ауыл шаруашылық Департаменті облыс,аудан және қала әкімдерімен несиелік қаражаттарды қайта аудару жөнінде және оның белгіленген мерзімде қайтарылуы жөнінде келісімге отырады.
Несие нольдік пайызбен соңғы несие алушыға беріледі. Бюджеттік несиелеудің міндетті талабы несие берушіні қорғау, кепілдік мүлікпен несиелік тәуекелді барынша төмендету.
2 Бюджеттік несиелеудің бағыттары.
Бюджеттік несиелер ағымдағы жылға шектеулі сомада ұсынылады. Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі ирригацияны қалпына келтіруде халықаралық қайта құру және Даму банкінің және Азиялық Даму Банкінің қаржыларын пайдаланады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жанар-жағар майлар, ұрық, минеральды тыңайтқыштар, гербицид, дәрілер, ауыл шаруашылық машиналары үшін бөлшек заттар алады.
Бюджеттік несиелеудің түрлері мен формалары.
Формасы бойынша бюджеттік несиелеу мерзімді несие болып табылады.
270 000 000 (екі жүз жетпіс миллион) тенге аудандық және қалалық әкімдерге қайтарымдылық, мерзімділік және қамтамасыздандырулық принциптеріне сәйкес 2004 ж. 15 – қарашаға дейінгі мерзімге беріледі.
Бюджеттік несиелеу ұлттық валюта күйінде беріледі.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелеудегі негізгі талаптар:
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджет есебінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жанар-жағар май, ұрық, минеральды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық машиналарына бөлшек заттар, гербицидтер т.б. алуға құрылған бағдарламаның нақтылығы,
Соңғы несие алушының банктік немесе банктік емес мекмелер алдында қарыздарының болмауы, ҚР заңдылығына сәйкес салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша салық ко митетінің алдында т.б. қарыздарының болмауы.
Соңғы несие алушы бағдарламаны (бюджеттік несиелеу) жүзеге асырушыларға және қала, аудан әкімдеріне құжаттардың пакетін ұсынуы тиіс:
Құрылтайшылық құжаттар (жарғы, куәлік, стат. картасы, патент, құқық беруші құжаттар), кепілдік келісімі, сумманың шегі берілген өткізілген құжаттардың көлеміне сәйкес, оны қала және аудан әкімдері аңықтайды.
Бюджеттік несиелеу нгесие алушыларға (ауыл шаруашылығын тауарларын өндірушілерге) несиені ұсынуда елесі принциптерді ұстанады.
жергілікті деңгейде Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағдарламаны және оның тәртібін жариялайды;
соңғы несие алушыға берілуі;
несиелік келісімдердің түзілуі (сонымен бірге кепілдік келісімі).
конкурстық комиссия соңғы несие алушыны таңдауда конкурс жариялайды.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі және Халықаралық Қайта Құру Және Даму банктерімен және Азиялық Даму банктері есебінен несие алған ауыл шаруашылық тауар өндірушілер беделді, кәсіби шаруашылықтар болуы тиіс.
соңғы несие алушы бюджеттік несиені жанар-жағар майға (кем дегенде 80% жалпы несие ресурстар көлемінің) ұрық, минеральды тыңайтқыштар, гербицид, ауыл шаруашылық машиналарын қосалқы бөлшектер, жалдау ақы немесе ауыл шаруашылық машиналарын сатып алуға болады.
бюджет және банк алдында берешегі болмауы керек.
кепілдік (жылжитын немесе жылжымайтын мүлік) қамтамасыз ету керек, сонымен кепілдіктің өтімділігін қамтамасыз ету керек.
Бюджеттік несиелердің берілуін ұымдастыру.
Аудан және қала әкімдері ведомствааралық комиссияда несие алушылардың тізімін бекітеді;
2004 жылғы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу үшін және жалдау және ауыл шаруашылық машиналарының қосымша бөлшектерін, ұрықтарды, гербицидтерді, жанар-жағармайларды сатып алу үшін бюджеттік несиелердің сомасын аңықтайды.
Бюджеттік несиелердің мақсатты қолдануын қадағалау мақсатында несие алушыны қадағалайды, тексереді.
Бюджеттік несиелердің мерзімінде қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несие алушымен бағдарламаны жүзеге асырушы несиелік келісім құрады. Құжатқа тиесілі келісімдерді (кепілдік келісімі, кепіл, бюджеттік несиенің төлем графигі) заңға сәйкестігін бақылайды. Келісілген несиелік келісімдер қол қойылғаннан кейінгі үш күн мерзімінде қаржы органдарында тіркелуі керек.
Несиелік келісімде міндетті түрде несие формасы, сомасы, мерзімі, несиені қайтару жөнінде, оны өтеудегі міндеттер, несиені қайтару көздері, жақтардың міндеттері мен құқықтары, келісімнің баптарын орындамауда қойылатын санкциялар, дауларды шешу тәртібі, келісімнің жұмыс істеу мерзімі болуы тиіс.
Бюджеттік несиелеудегі түрлі даулар несиелік келісім шеңберінде ҚР заңдылықтарына сәйкес шешіледі.
Несиені төлеу тәртібі.
Негізгі қарызды төлеу несиелік келісім негізінде жүзеге асады.
Бюджеттік несиелеуде келесі төлемдер қарастырылған:
Пеня және айыппұлдарды аудару, негізгі қарызды өтеу.
Несиелік келісімдерде мерзімінен бұрын қарызды өтеу қарастырылған мүмкін.
Барлық бюджеттік несиелер облыстың су және ауыл шаруашылық департаментінде орталығында есепке алынады (қала, аудан әкімдерінің несиелік келісім құру негізінде).
Несиенің мақсатты пайдалануын, өз уақытында және толық өтелуін, оның тиімді пайдалануына баға беруге құқық облыстың су және ауыл шаруашылық департаменті жүзеге асырады.
Облыстың су және ауыл шаруашылық департаменті аудан, қала әкімдерінен бюджеттік несиеге қатысты ақпараттарды талап етуге құқылы.
Несиені қайтару тәртібі мына коды бойынша 501603 “ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілген несиені қайтару” қайта аударылады.
2004 жылға арналған Оңтүстік Қазқстан облысының облыстық бюджетінде 5-ші санатында, 01 – сыныбында, 6 –ішкі сыныбында түсімдерге III-кредиттерді қайтару бөлімінде 706 270 000 теңге болжанған. Оның ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне берілген несиелерді қайтару – 270 000 000 тг . Аталмыш бюджеттің шығыстар бөлігінде 10- санатта, 1- сыныпта, 257 –ішкі сыныбының V – бөлімінде 370 000 000 теңге көлемінде несиелер бөлінген. Оның ішінде: ауыл шаруашылық, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғауға –270 000 000 теңге бөлінген.
Облыс әкімінің 2004 жылғы 18 ақпандағы №107 қаулысына №1қосымша
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанарма-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға бөлінетін бюджеттік кредиттің көлемі.