Жазудың пайда болуы мен дамуы мектеп генезисінің маңызды факторы

Скачать


№1
Әлемдік ғылым тәрбиенің шығуы жайлы бірнеше концепция ұсынады. Олардың арасында Ш.Летурно, Дж.Симсон, А.Эспинас ұсынған эволюциялық-биологиялық және П.Монро ұсынған психологиялық теориялар бар. Эволюциялық –биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қоғам адамының тәрбиелік әрекетін ұрпақ жайлы қамқорлықпен теңестіреді. Ал П.Монро көрсетуінде тәрбиенің пайда болуы балада үлкендерге еліктеу түйсігінің көріністерімен байланысты. Бұл екі теориядағы ұқсастық алғашқы қоғамдағы тәрбиені балалардың бар заттардың тәртібіне біртіндеп икемделуі деп түсіндірулерінде. Мұнымен байланысты П.Монро алғашқы қоғам адамында қазіргі дүние жайлы ғана түсінік бар. Ал өткен мен келешек жайлы ойлану жоқтың қасы. Оның тәрбиесі тек ортаға бейімделу деп жазады. Қазіргі көптеген зерттеушілер тәрбиенің шығуы жайлы мәселені қарастыруда кейбір хайуандар мен адам әрекеттері формалары арасындағы сабақтастықты ескеру қажеттігімен келіседі. Адамдық тәрбиенің сапалы әлеуметтік сипаттамаларына ерекше көңіл аударады. Осыған орай олар тәрбиені адам әрекетінің ерекше түрі ретінде түсіндіреді.
Мектеп тарихы мен тәрбиенің қоғамдық әрекеттің салалары ретінде басталуы ежелгі шығыс өркениеті дәуіріне барып тіреледі. Ал оның пайда болуы біздің эрамызға дейінгі 5-ші мыңжылдықтарға жатады.
Кейінгі неолит дәуірінде-ақ дүние жүзінің түрлі аймақтарында алғашқы қоғамдық құрылыстың ыдырау нышандары біліне бастады. Бұл көп ғасырлық тарихи ұзаққа созылған процесс болды. Қоғамдық құрылымдардың өзгеруімен байланысты жеткіншек ұрпақ әлеуметтенуінің жаңа жолдары пайда болды. Сондай-ақ, тәрбиенің бұрынғы формалары да өз күшінде қалып отырды. Тайпалық одақтардан мемлекеттік құрылымға ауысқан жүйелерде тәрбиелеу мен оқыту отбасында жүзеге асырылды. Шығыс ерте өркениеттерінде қауымдық-рулық қоғамнан құлиеленушілікке өтуші дәуірде отбасы тәрбиесінің бұрынғы дәстүрлері сақталды, алайда ол түрін өзгертті.
Қоғамдық мемлекеттік құрылымдардың нығаюымен бірмезгілде чиновниктерді, абыздарды, жауынгерлерді арнайы дайындау мақсатында біртіндеп жаңа әлеуметтік институт – мектептер пайда бола бастады. Бұл кезеңде тарихтың жазуға дейінгі дәуірі аяқталды. Сөз бен пиктографиялық (суретті) жазу енді сына жазуымен және иероглифпен толыға бастады. Жазудың пайда болуы мен дамуы мектеп генезисінің маңызды факторы. Алғашқы қоғам тарихының соңына қарай басталған ақыл-ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі өмірге жаңа мамандықтың – мұғалімнің пайда болуына алып келді.
Алғашқы оқу орындарының пайда болуында елеулі роль атқарған ең алдымен дін қызметкерлері болды. Өйткені, дін тәрбие мен оқыту идеалдарын таратушы болды. Сонымен бірге, мектептердің пайда болуы нақты экономикалық, мәдени, саяси сұраныстарға жауап берді. Әлеуметтік даму барысында мұндай сұраныстар өзгеріп отырды, олармен бірге тәрбие мен оқытудың мазмұны және әдістері де өзгеріске ұшырады.
№2
Біздің эрамызға дейінгі 3-2 мыңжылдықта Грецияда, Критте және Эгей теңізінің кейбір аралдарында жеке жазуы бар өзіндік мәдениет пайда болды. Пиктографиядан клинопиське, одан буынмен жазуға дейін – бұл жазудың даму эволюциясы осындай. Оны абыздар патша сарайын мекендеушілер, атақты вельможалар және ауқатты қала тұрғындары білді. Жазбашыларды үйрететін орталықтар сарайлар мен храмдарда пайда болды. Крит-мекен (Эгей) мәдениеті келесі өркениеттер қабылдаған белгілі жазу дәстүрін туғызды. Мәселен, жолдарды солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай жазу, басты жолдарды және басқы әріптерді бөліп көрсету осы дәстүрмен байланысты. Бұл аймақтағы тәрбие мен оқыту генезисінің келесі кезеңі көне Греция деп аталатын уақытпен байланысты болды (біздің эраызға дейінгі 9-8 ғ.). Аты аңызға айналған Гомер өзінің "Иллиада және Одиссея" поэмаларында бұл дәуірдегі тәрбие мен оқытуды анық және көркем суреттейді.
Ежелгі Грецияда тәрбие мен педагогикалық ойдың одан әрі дамуы қала-полистер мәдениетімен байланысты. Бұл кезде тәрбие қоғамда ерекше орынды иеленді. Мемлекет дәулетті топтарды оқытуды өз мойнына алды. Білімділік полистің лайықты азаматының қажетті және ажырамас сапасы саналды.
Эллада полистері арасында республикалық Афина және авторитарлы Спарта ерекше бөлінді.Бұл мемлекеттер түрлі саяси жүйелерімен ғана емес сондай-ақ, тәрбие мен оқытудің қарама-қайшы принциптерімен де көзге түсті. Спарталық тәрбие дәстүрі аса жұтаң болды. Шамадан тыс ұлғайтылған әскери дайындық, жеткіншек ұрпақтың іс жүзіндегі білімсіздігі – тарихтағы мемлекеттік тәрбие тәжірибелерінің алғашқыларының бірінің нәтижесі осылай көрініс берді. Афинада тәрбие және оқыту басқаша болды. Афиналық тәрбиенің идеалы ізгілік ұғымының көп мағыналығына бағытталды. Бұл жерде сөз, тұлғаның жан-жақты қалыптасуы жөнінде, ең алдымен, интеллекті дамыту және дене мәдениетімен байланысты болды. Мұндай идеалға жетуге Афинаның тек ерікті және ауқатты азаматы ғана құқылы болды.
Элладада, әсіресе таяу шығыста А.Македонский империясы (б.ғ.д. 3-1 ғ.ғ.) құлағаннан кейін мәдениет пен ағарту ісі гректік білім беру дәстүрімен тығыз байланыста дамыды. Ғылымда Эллинизм дәуірі деп аталатын бұл кезеңде гректік білім беру жүйесі Жер-орта теңізіне таралады, Қара теңіз жағалауына, Кавказға, Орта Азия мен Үнді еліне бойлап енеді.
Римдік тұлғасының қалыптасуында отбасы тәрбиесі жетекші роль атқарды. Патшалар дәуірі деп аталатын кезеңінде (б.э.д. 8-6 ғ.ғ.) қоғам мен тәрбиенің негізгі орталықтары отбасы мен үйшілік дәстүрлері қалыптасты. Рим тарихшысы Ливийдің дәлелдеуінде оқу орындарын құруға алғашқы талпыныстар б.э.д. 449 жылға келеді. Рим тарихының басында –ақ гректік білімділік аса құрметтелді. Біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап Римдегі мектептік оқытуды ұйымдастыруға антика әлемінің эллинистік орталықтары дәстүрлері үлкен ықпал жасай бастады.


Скачать


zharar.kz