Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек

Скачать

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы
әдістемелік нусқаулар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайларды жэне өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті
бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек
көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.
2. Көмек көрсетуші:
адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін;
алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін;
зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі.
3. Көмек көрсетуші:
зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай;
жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете;
ауыздан ауызға (ауыздан мұрынға) жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай;
қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата;
жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала;
сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра;
жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете;
зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана;
зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай;
алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.
4. Алғашқы көмек көрсетудің реттілігі:
1) зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті зиянды факторлардың ағзаға әсер етуін жою (электр тогының әсерінен босату, зиянды атмосферадан шығару, жанып жатқан киімді сөндіру, судан алып шығу), зардап шегушінің халін бағалау;
2) жарақаттың, зардап шегушінің өміріне қауіптіліктің сипаты мен
ауырлығын және оны құтқару бойынша іс-шаралардың реттілігін анықтау;
3) зардап шегушіні жедел түрде құтқару бойынша қажетті іс-шараларды
орындау (тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру, жасанды дем
алдыру, жүректің сыртынан массаж жасау, қан кетуді тбқтату, сынған жерді
анықтау, таңғыш салу және тағы сол сияқты);
4) зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларына медициналық
персонал келгенге дейін жәрдемдесу;
5) жедел медициналық жәрдемді немесе дәрігерді шақырту немесе зардап
шегушіні жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу шараларын қолдану.
5. Персоналдың тұрақты кезекшілік атқаратын орындарында:
1) алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті бүйымдар мен құралдар жиынтығы (дәрі-дәрмек сөмкесі);
2) алғашқы көмек көрсету, жасанды дем алдыру және жүректің сыртынан массаж жасау көрсетілген плакаттардың көрінетін орындарға ілінуі қамтамасыз етіледі.
6. Алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету үшін мынадай шарттар
орындалады:
1) әрбір объектіде алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкелерде сақталатын бұйымдар мен құралдардың (объектіден тыс жұмыс істеген кезде) ақаусыз күйі мен олардың жүйелі түрде толықтырылып тұруы үшін жауапты тұлға (әр ауысымда) тағайындалады;
2) зардап шегушіге медициналық емес персонал көрсеткен көмек медициналық персонал тарапынан көмекпен алмастырылмайды және тек дәрігер келгенге дейін ғана көрсетіледі; бүл көмек қатаң түрде белгілі түрлерімен піктеледі (жалған өлім кезінде тірілту шаралары, қан кетуді уақытша тоқтату, жарақатты, күйікті немесе үсікті таңу, сынықты анықтау жэне зардап шегушіні тасымалдау).

2-тарау. Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі
алғашқы көмек

7. H2S - шіріген жүмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы -
246р С. Тыгыздыгы 1, 54 кгм3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын
ауага қатысты -1,19.
Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде элсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.
8. Күкірт сутегі - тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір
жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі
теріге тиген жагдайда қызартады немесе қышыма болады.
9. Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 - 2,3 мгм3 қосылымдарда байқалады,
едәуір иісі - 4 мгм3, ауыр иісі - 711 мгм3 байқалады. Біршама жоғары
қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.
10. 200-260 мгм3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты
қабықшалары және жүтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дэмі сезіледі,
шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.
11. 750 мг м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.
12. 1000 мгм3 жэне одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.
13. Жүмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рүқсат қосылымы (бүдан эрі - ІПРҚ) - 10 мг м3, көміртегімен қоспасында - 3 мгм3.
14. Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ІПРҚ - 0, 008 мгм3. Түтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік).
15. Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шүғыл шаралар қолданылады.
16. Уланудың негізгі белгілері -түйсіктің, тыныс алудың, жүрек жэне ас қорыту қызметінің бүзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.
17. Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, коз қарығу, көздің ашуы, коз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дэмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.
18. Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда - реанимациялық қызметті шақыртады.
19. Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас үйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.
20. Күкірт сутегімен жеңіл уланганда жэне жогарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.
21. Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тагамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңгы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зэйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырганда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылган қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданган аумагын агынды сумен жуады.
22. Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мүрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы үстайды. Жотелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылгалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).
23. Егер зардап шегушінің тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс алу жасау
керек. Жүрек соғысы сезілмесе, жасанды тыныс алуға қосымша жүректің
сыртынан массаж жасалады. Әрқашанда жасанды тыныс алудан басталады.

3-тарау. Күкірт ангидридінің, меркаптандардың, көміртегі қос тотығының және күкірт көміртегінің қасиеті мен адам ағзасына әсері
24. Күкірт ангидриді (күкірт газы, күкірт қос тотыгы) SO2 - өткір иісті түссіз газ. Қайнау температурасы - 10°С.
25. Ауаға қатысты тығыздығы - 2,2; судагы ерітіндісі қышқыл болып келеді.
26. S02 тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді; ең көп қосылымы олардың жөтел, қырыл,тамақтың, кеуденің ашуы мен ауруы, жас агу, мүрыннан қан кету түрінде талаурауына әкеледі. Түншыгу, бас саңылауларының қысылуы болганда өлімге әкеледі.
3 • • 3
27. SO2 иісінің сезілетін шегі - 3 мгм . Тамақтың тітіркенуі 20-30 мгм қосылымда болады, көздің тітіркенуі - 50 мгм , 60 мг м қосылымда мүрын жарылып, түшкіру, жөтел байқалады, 120 мгм небэрі 3 минутқа қана шыдай алады, 300 мг м тек 1 минут шыдайды.
28. Жүмыс аймағы ауасындагы күкірт ангидридінің ІПРҚ - 10 мгтекше м, елді мекендердегі күкірт ангидридінің ШРҚ: орташа тэуліктік - 0,05 мгм3, ең жоғары бір реттік - 0,5 мгм3.
29. Төменгі молекулалы меркаптандар RSH - жеңіл үшатын, түссіз, тығыздыгы бірден темен тез түтанатын сүйықтық. Суда нашар ериді, спирт пен эфирде жақсы ериді, өзіне тән иісі бар.
30. Меркаптандар - өткір жүйкелі у, наркотикті белгісі бар, бүлшық ет үлпаларының сал ауруын тудырады. Адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, шырышты қабықша арқылы өтеді.
31. Меркаптандардың аз қосылымында шіріген орамжапырақтың иісіне үқсас иісі болады, жүрек айнуы мен бастың ауруына шалдықтырады. Біршама жоғары қосылымда құсу, іштің өтуі, несепте ақуыз бен қанның пайда болуы, сіңірдің тартылуы сияқты аурулардың пайда болуына әкеледі. Кейбір меркаптандар үшін алғашқы ретте қоздыру тэн. Метил меркаптанның ШРҚ - 0,8 мгм3, этил меркаптанның ШРҚ - 1 мгм3.
32. Елді мекендердегі ауадагы метил меркаптанның
ШРҚ--9х10мгм3.
33. Көміртегі қос тотығы (көміртегі ангидриді, көмір қышқыл газы) СО2 - қышқыл дэмі мен иісі бар түссіз газ. Тығыздыгы 1,53 кгм3 төменгі желдетілмейтін орындарда жиналады. Суда жақсы ериді. Судагы ерітіндісі нашар қышқыл болып табылады.
34. Көміртегінің қос тотыгы адамга наркотикті эсері бар, теріні жэне шырышты қабықшаны тітіркендіреді.
33. Ең кіші қосылымдарда тыныс алу орталығын қоздырады, аса үлкен қосылымдарда езіп жібереді. Әдетте СО2 жоғарғы қүрамы ауадағы оттегі аз құраммен байланысты, бұл тез өлімге шалдығуға әкеледі.
35. 2,5-5 % СО2 дем алғанда адамның басы ауырады, жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді, жүрек соғысы жиілей түседі, қысымы жоғарылайды. Ең көп қосылымдарда терлейді,құлағы шулайды, жүрек айнып, психиканың қозуына әкеледі, дененің температурасы төмендеп, көру мүмкіншілігі азаяды. Көміртегі қос тотығы ШРҚ 0,5 % (көлемдік).
37. CS2 күкірт көміртегі - жағымды эфир иісі бар түссіз үшатын
сүйықтық, ішінара жарыққа қонады, қонган өнімдерінің түсі сары жэне нашар
иісі болады. Балқу температурасы 112°С, қайнау температурасы 43,3°С,
тығыздығы 1,26 гсм . Суда, эфирде, спиртте ериді, күкіртті, майды ерітеді.
Жарылыс шығу қаупі бар, жарылыс шығу қаупі ауа қоспасымен қосылымында
1,25-50 % (көлемдік).
38. Күкірт көміртегі - өткір жүйкелі у, тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкеледі. Тыныс алу жолдарының, көздің, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің тітіркенуіне экеледі. Теріге тиген жағдайда тітіркендіреді, майды ысылтады, әжім түсіртеді, көбікшелер пайда болады.
39. Адамның күкірт көміртегін сезу шегі 0,04 мгм астам қосылымда байқалады, 1000 мг м3астам қосылымда бас қатты ауырады, ең жоғары қосылымдарда тамыр қозғалысы бүзылады, бас айналып, сезім мүшелері бүзылады, сөйлей алмай қалады, тамағы ауырып, терісі түршігеді. 10000 мг м3 қосылымда бірнеше рет дем алғаннан кейін есінен танады. Жүмыс аймағы ауасындағы күкірт көміртегінің ШРҚ 1 мг м3.

4-тарау. Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

1-параграф. Электр тогының әсерінен босату
40. Электр тогымен зақымданган жагдайда зардап шегушіні токтың әсерінен тезірек босатылады, өйткені оның ұзақтығынан электрлік жарақаттың ауырлығы байқалады.
41. Қысыммен жүмыс істейтін ток болу бөліктеріне жанасу коп жағдайда бүлшық еттердің еріксіз тартылуына жэне жалпы қозуына әкеледі, бүл тыныс алу органдары мен қан айналу қызметінің бүзылуына жэне тіпті толыгымен тоқтауына экелуі мүмкін. Егер зардап шегуші қолында сымды саусақтарымен қатты үстап тұрган болса, оның қолынан сымды босату мүмкін болмайды. Сондықтан ең алдымен зардап шегушіге алгашқы көмек ретінде электр қондыргының зардап шегуші үстаган болігін дереу сөндір. Сондіру ажыратқыш немесе басқа да жабдық арқылы, сондай-ақ сақтандырғыштарды (тығындарды) алу немесе айналдыру, штепсельдік қосқыштарды алу-салу арқылы жүргізіледі.
40. Егер зардап шегуші жоғарыда болатын болса, қондырғыны ажырату жэне оны токтан босату оның қүлауына әкеледі. Бүл жағдайда зардап шегушінің құлауынан алдын алу немесе оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданылады.
42. Электр қондырғысын ажыратқан жағдайда электр жарығын да бірге өшіреді. Осыған байланысы күндізгі жарық болмаған жағдайда электр қондырғысын өшіруді жэне зардап шегушіге көмек көрсетуді кешіктірмей бөлменің жарылыс, өрт шығу қауіптілігін ескере отырып, басқа көзден жарық беруді қарастырады (авариялық жарық беруді, аккумуляторлық шамды қосу).
43. Егер қондырғыны дереу өшіру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні тоқтан босатудың басқа да шараларын қолданады. Барлық жағдайларда көмек көрсетуші өмірге қауіпті болғандықтан, сақтандыру шараларын қолданбай, зардап шегушіге жанаспайды. Ол тоқ бөлу бөлігімен байланыста болмау және кернеуде қалмау қадағаланады.

2-параграф. 1000 В дейінгі кернеу
45. Зардап шеккенді 1000 В дейінгі кернеулі тоқ өткізетін бөліктен немесе сымнан босату үшін электр тоғын өткізбейтін затты қолданады. Оны (егер ол қүрғақ және денеден шешілетін болса) киімінен мысалы, қоршалған металл заттармен жэне зардап шеккеннің киімі жоқ жерлерімен жанасуын болдырмай пенжектің немесе пальтоның өңірінен, жағасынан тартып алуға болады.
46. Зардап шеккенді аяғынан тартып, көмек көрсетуші оның аяқ киіміне немесе киіміне өзінің қолдарын жақсылап оқшаулағанға дейін қол тигізбеуі керек, себебі аяқ киім мен киім дымқыл жэне электр тоғын откізуші болуы мүмкін.

47. Көмек көрсетуші қолдарын оқшаулау үшін егер оған зардап шегушінің киіммен жабылмаған денесіне қол тигізуі қажет болса, электр тоғын өткізбейтін қолғапты киеді немесе оны оқшаулағыш материалмен орайды, зардап шеккенге резеңке төсенішті, резеңке қосылған материяны (плашты) немесе қарапайым қүрғақ материяны жабады. Ол өзін сондай-ақ резеңке төсеніштің, құрғақ тақтайдың немесе электр тоғын өткізбейтін төсемнің үстіне түрып оқшаулай алады.
48. Зардап шеккенді тоқ өтетін бөліктен электр тоғын откізбейтін қолғапсыз ажырату кезінде бір қолмен эрекет жасау ұсынылады.
49. Егер тоқ электр тоғы жерге зардап шегуші арқылы өтетін болса және
ол қолында тоқ өтетін элементті қатты қысса, жоғарыда көрсетілген өзіне және
зардап шегушіге қатысты сақтандыру шараларын сақтай отырып, тоқты
ажырату, зардап шегушіні жерден оқшаулау оңай болады, сымдарды қүрғақ
ағаш сабы бар балтамен шабуға немесе оқшауланған сабы бар құрал-сайманмен
(тістеуіктермен, қысқыштармен) кесіп тастауға болады. Сымдарды асықпай
шабу немесе кесіп тасталады, яғни эр сымды бөлек шабу немесе кесу және
мүмкіндігінше тоқ өткізбейтін негізде, ағаш баспалдақта тұру ұсынылады. Оқшауланбаған қүрал-сайманды оның сабын құрғақ материямен орап, қолдануға болады.

3-параграф. 1000 В жоғары кернеу
50. Зардап шеккенді кернеулігі 1000 В жоғары тоқ өтетін бөліктерден ажырату үшін, электрді өткізбейтін қолғапты жэне резеңке етіктерді кию жэне тиісті кернеуге есептелген штангалық немесе оқшаулағыш кемпірауыздармен әрекет жасалады.
51. Сонымен қатар, егер тоқ өткізетін бөлік (сым) жерде жатса, қадамның кернеулік қауіптілігі ескеріледі жэне зардап шегушіні тоқтың эсерінен босатқаннан кейін оны қауіпті аймақтан шығарылады.
52. Электро беріліс желілерінде, оларды қоректендіру бекеттерінен тез ажырату мүмкін болмаған кезде зардап шеккенді босату үшін егер ол сымдарға қатысты болса, оларға оқшауланбаған сымдарды тастау арқылы сымдардың қысқа түйықталуы жүргізіледі.

53. Қысқа түйықталу кезінде оның күйіп кетуін болдырмау үшін сымдардың жеткілікті қимасы болады.
54. Жиынтық жасау алдында сымның бір ұшы (жерге қосылатын құламаның металл тірегіне қосу) жерге қосылады.
55. Жиынтық жасау ыңғайлы болу үшін сымның бос үшына жүк қыстырған дүрыс болады. Өткізгішті адамдарға, сонымен қатар көмек көрсетушіге жэне зардап шегушіге тимейтіндей етіп жиынтықталады.

4-параграф. Көмек көрсету

56. Зардап шегушіні электр тоғының эсерінен босатқаннан кейін оның
қал-жағдайы бағаланады Зардап шегушінің қал-жағдайын тез анықтаудың
белгілері болып мыналар табылады:
1) есін анық, жоғалтқан, бұзылған (зардап шеккен есінен танған), абыржыған;
2) тері қабаты мен көрінетін шырыштардың (ерін, көз) түсі: қызғылт, көгерген, боз;
3) тыныс алуы: тұрақты, жоқ, бұзылған (дұрыс немесе, жеңіл, сырылды);
4) үйқы күре тамырының соғылуы: жақсы сезіледі, (қалыпты немесе қалыпты емес), нашар сезіледі, сезілмейді;
5) қарашықтары: жіңішке, ашық.
57. Белгілі бір деңгейде машықтанған көмек көрсетуші озін-өзі ұстай
білетін болса 1 минут ішінде зардап шегушінің қал-жағдайын бағалауға жэне
оған қандай көлем мен тэртіп бойынша көмек көрсету қажеттігін анықтай алады.
58. Тері қабатының түсі мен тыныс алуын (көкірек қуысының көтерілуі мен түсуінен) көріп бағалайды. Ауыз бен мүрынға жылтырақ металл заттарды қойып алатын уақытты бос кетірмейді. Сонымен қатар, есін жоғалтуды көріп бағалайды жэне нақты көз жеткізу үшін қал-жағдайы туралы сауал қоюға болады.
59. ¥йқы күре тамырының соғылуын қолдың екінші, үшінші жэне төртінші саусақтарының үштарымен мойынына жүтқыншақ көмекей жүмыры пен иілгіш бүлшық еті арасына қою және омыртқаға ақырын ғана басу арқылы сезеді. Үйқы күре тамырының соғылуын анықтау тэсілдерін өзіне немесе өзінің жақындарына істеп көруге болады.
60. Қарашықтардың жалпақтығын көздері жабық кезде мынадай
тәсілдермен анықтайды: сұқ саусақтың үштарын екі көздің үстіне қояды жэне
оларды ақырын ғана көздің алмасына қарай баса отырып, жоғарыға көтереді.
Мүндай жағдайда көздің саңылауы ашылады және ақ қабатында дөңгелек
мөлдір қабық, ал оның дөңгелек формасының ортасында қара қабыршық
көрінеді. Оларды мөлдір қабықта қанша орын алатынына (жіңішке немесе
жалпақтығына) қарай бағалайды.
61. Есін жоғалту дэрежесін, тері қабатының түсін жэне тыныс алу жағдайын 1 минуттан аспайтын уақытты алатын тамырды үстау арқылы бір мезгілде анықтауға болады. Қарашықтарды бірнеше секунд ішінде қарауға болады.
62. Егер зардап шеккен есін жоғалтса, тыныс алмаса, тамыры соқпаса, тері қабаты көгерген, қарашықтары (диаметрінде 0,5 см) жалпақ болса оны өлім аузында жатыр деп есептеуге болады жэне дереу ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға тэсілімен қолдан дем алдырудың және жүректі сыртынан массаждаудың көмегімен ағзаны тірілтуге кіріседі. Зардап шеккенді шешіндіріп, уақытты жоғалтудың керегі жоқ.
63. Егер зардап шегуші өте сирек жэне терең дем алса, бірақ оның тамырының соғылуы сезілсе, дереу қолдан дем алуды бастайды. Қолдан дем алдыру кезінде зардап шеккеннің көлденең жатуы міндетті емес.
64. Тірілтуге кірісіп, дәрігердің немесе жедел медициналық көмектің шақырылуы қамтамасыз етіледі. Мүны комек көрсетуші емес, басқа тұлға істейді.
65. Егер зардап шегуші есінде болса, түрақты дем алып және тамырының соғылуы сақталса бірақ оған дейін талып жығылған немесе ессіз жатса оны киімнен жасалған төсенішке жатқызады; дем алуына кедергі жасайтын киімін шешіп; таза ауаның берілуін қамтамасыз етіп, егер денесі салқын болса жылытып; ыстық болса, салқындауын қамтамасыз етіп, тамырының соғуын жэне дем алуын үздіксіз бақылап отырып, толық тыныштық сақтап; артық адамдарды шығарып жібереді.
61. Егер зардап шегуші ессіз жатса оның тыныс алуы бақыланады жэне тілінің артқа кетуіне байланысты тыныс алуы бүзылса саусақтармен төменгі жақты алдыға қарай жылжытып жэне тілдің артқа кетуі орнына келгенге дейін осы қалыпта ұсталады.
66. Зардап шегуші құсып бастаған кезде оның басы мен иыгын құсықтық массаны шыгару үшін солга бұрады.
67. Зардап шеккенге қимылдауга, тіпті жұмысын жалгастыруга рұқсат етілмейді. Өйткені электр тогының эсерінен алынган козге көрінетін ауыр зақымдардың немесе басқа себептердің (құлаулардың) болмауы оның қал-жагдайының кейінірек бүзылуын жоққа шыгармайды. Зардап шегушінің денсаулығы туралы мэселені тек дэрігер гана шеше алады.
68. Зардап шеккенді тек оның немесе оған көмек көрсететін түлгага қауіп төну одан эрі жалгасса немесе сол жерде (мысалы, тіректе) көмек корсету мүмкін болмаған кезде басқа орынға ауыстырылады.
69. Зардап шеккенді жерге көмуге рұқсат етілмейді, себебі бүл оган тек зиян келтіреді жэне оны қүтқаруға жұмсалатын алтын минуттардың өтуіне экеп согады.
71. Найзагаймен зақымданган кезде электр тогымен зақымданған
кездегідей көмек көрсетіледі.
72. Оқига орнына дэрігерді шақыру мүмкін болмаган жагдайда зардап
шегушіні жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу қамтамасыз етіледі. Зардап
шегушіні тек тыныс алу қанагаттандыратын жэне тамыры түрақты согатын
кезде мүмкін болады. Егер зардап шегушінің қал-жагдайы оны тасымалдауға
болмайтын болса, онда оган көмек корсету жалгастырылады.

5-тарау. Жасанды дем алдыру
73. Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тогымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаган болса жасалады.
74. Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға тәсілі табылады, себебі мүнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға тэсілдері көмек көрсетушінің ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдарына еріксіз беретін қолдан дем алдырудың үрлеу әдісі бойынша жасалатын тэсіліне жатады. Адамның ішіне тартатын ауасының физиологиялық тұрғыдан зардап шегушінің үзақ уақыт бойы дем алуына жарамдылыгы анықталган. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, ауа үрлегіш - арнайы қүрылғысы арқылы жүргізуге болады.
73. Жасанды дем алдырудың бүл тэсілі үрлегеннен кейін кеуде қуысын кеңейтуге жэне жэй дем шығару нэтижесінде оның сәйкес келуі зардап шегушінің өкпесіне ауаның түсуін оңай бақылауға мүмкіндік береді.
75. Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.
76. Жасанды дем алдыруды бастар алдында бірінші кезекте арқасында ессіз жатқан кезде артқа кеткен тілмен жабық болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының өту жолдарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дэкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мүндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мүрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бүрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.
77. Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5 с (минутына 12 дем алу циклін) қүрайды.
79. Кеңейтілген кеуде куысынан басқа қолмен дем алдырудың
тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың
қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен
тыныс алуы табылады.
80. Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап
шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған
себеп ретінде іштің төс шеміршегі асты кебуі дәлел болатын жағдайда
алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. Мүндай
жағдайда құсық пайда болуы мүмкін, онда зардап шегушінің басы мен иығын
оның аузы мен жүтқыншағын тазалау үшін бір жағына бүрады.
81. Егер ауаны үрлегеннен кейін кеуде қуысы керілмесе, зардап
шегушінің төменгі жағын алға қарай итереді. Бүл үшін екі қолдың төрт
саусағымен төменгі жақты екі жағынан қысып, бас бармақпен ауыздың төменгі
бүрыштарына салмақ сала отырып, оны тартады жэне төменгі тістерінің үстіңгі
тістердің алдында болатындай етіп, жақты алдыға тартады.
82. Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса жэне ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, ауыздан мұрынға қолмен дем алдыруды жасайды.
83. Егер жазатайым оқиға люлькада, тіректе немесе діңгекте орын алса зардап шегуші өздігінен дем алмаса жэне тамыры соқса қолмен дем алдыруды отырған жерінде немесе тік қалпында жасауға болады. Мүндай кезде зардап шегушінің басын барынша артқа шалқайтады немесе томенгі жагын алдыга қарай тартады. Қалған тэсілдер дэл солай.
84. Кішкентай балаларға ауаны өзінің аузымен бір мезгілде баланың аузы мен мұрнын қоса жауып отырып, үрлейді. Бала қаншалықты кішкентай болса, оган соншалықты дем алу үшін аз ауа қажет және үлкен адаммен салыстырғанда үрлеуді (минутына 15-18 дейін) соншалықты жиілетеді. Сондықтан зардап шегушінің тыныс алу жолдарын зақымдап алмау үшін үрлеу толық емес жэне барынша баяу болады.
85. Қолмен дем алдыруды зардап шегушінің жеткілікті терең жэне өзіндік ритмді тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатады.
86. Егер тыныс алумен қатар үйқының күре тамыры да сезілмесе,
қатарынан екі қолмен дем алдыру жасалынады және жүрек сыртына массаж
жасауга кіріседі.

6-тарау. Жүрек сыртына массаж жасау
87. Зардап шегушінің тек тыныс алуы гана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырлары арқылы қан айналымын қамтамасыз етпеген кезде оның қан айналымы да тоқтауы мүмкін. Мүндай жагдайда көмек корсету кезінде бір гана қолмен дем алдыру жеткіліксіз болады. Себебі оттегі өкпеден қан арқылы басқа мүшелер мен үлпаларга өтпейді, қан айналымын жасанды түрде қалпына келтіреді.
88. Адамның жүрегі көкірек қуысы мен омыртқа жотасы арасында орналасқан. Төс сүйек - жылжымалы жалпақ сүйек. Адам арқасында (қатты заттың үстінде) жатқан кезде омыртқа қатты жылжымайтын негіз болып табылады. Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сыгылады. Егер төс сүйекті соққы түріндегі қимылдармен басса, қан жүрек қуысынан оның қалыпты жүмысы кезіндегідей шыгады. Бүл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.
89. Осы шаралардың жиынтыгы реанимация (ягни агзаны тірілту) деп, ал шараларды - реанимациялық деп атайды.
90. Реанимациялық шараларды жүргізу қажеттілігінің көрсеткіші
мынадай белгілер: тері қабатының бозыңқырауы немесе көгеруі, есін жогалту,
үйқы күре тамырының соқпауы, демалуының тоқтауы немесе терең дұрыс дем алмауы тән болып жүрек қызметінің тоқтауы табылады. Жүрек тоқтаған кезде бір секундты да кетірмей зардап шеккенді тегіс қатты жерге: орындықтың, еденнің, болмаған жағдайда арқасына (иығы мен мойынының астына жұмсақ жастық қоюға рүқсат етілмейді) тақтай қойып жатқызады.
91. Егер көмекті бір адам көрсетіп жатса, ол зардап шеккеннің жанына орналасады жэне еңкейіп екі рет жігерлі түрде (ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға тәсілі бойынша) үрлейді, содан кейін кеудесін көтеріп, зардап шеккеннің жанында отырып, төс сүйегінің төменгі жағына саусақтарын көтере бір қолының алақанын қояды. Екінші қолының алақанын бірінші алақанының үстіне көлденең немесе жанына қойып, денесімен ырғағымен септігін тигізе отырып, басады. Басу кезінде қолдың шынтағы бүгілмейді.
92. Басуды жылдам төс сүйекті 4-5 см итере отырып, басу үзақтығы 0,5 с аспайтындай, бөлек басу арасындағы үзақтық 0,5 с кезде жүргізіледі. Үзіліс жасаған кезде қолды төс сүйектен алмайды, саусақтары түзу қалпында болып, қолдың шынтақтары бүгілмейді.
93. Егер тірілтуді бір адам жүргізсе, әр екі үрлеуге ол 15 рет төс сүйекті басады. 1 минут ішінде кемінде 60 рет төс сүйекті басу жэне 12 үрлеу, яғни 72 іс-эрекет жасалады. Сондықтан реанимациялық шаралардың шапшаңдығы жоғары болады. Тэжірибе көрсеткендей көп уақыт қолмен дем алдыруға жүмсалады: үрлеуді созбайды: зардап шеккеннің көкірек қуысы кеңітілгеннен кейін үрлеуді тоқтатады.
94. Реанимацияны жүргізуге екі адам қатысқан жағдайда дем алдыру мен массаж қатынасы 1:5 қүрайды. Жасанды дем алдыру кезінде жүрек сыртына массаж жасаушы төс сүйекті баспайды, себебі басу кезіндегі күш салу үрлеуге қарағанда артық болады (үрлеу кезінде басу қолмен дем алдырудың нэтижесіз, яғни реанимациялық шаралардың болуына экеліп соғады).
95. Егер реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілсе тері қабаты
қызғылттанып, қарашықтары жіңішкереді, өздігінен дем алу қалпына келеді.
Егер массаж жасау кезінде басқа адам үйқы күре тамырының соғуын бақыласа
онда ол анық сезіледі. Жүректің қызметі қалпына келтірілгеннен жэне
тамырдың соғуы анық сезілгеннен кейін, жүрек сыртына массаж жасауды дер
кезінде тоқтатады, зардап шегуші нашар дем алған кезінде қолдан дем
алдырудың қалыпты жэне қолмен дем алдыруы сэйкес келетіндей етіп
жалғастырылады. Сондай-ақ, қалыпты өздігінен дем алу қалпына келтірілген
кезде қолмен дем алдыруды тоқтатады. Егер жүректің қызметі немесе өздігінен
дем алу қалпына келтірілмесе, реанимациялық шараларды жүргізу тиімді болса,
оларды зардап шегушіні медицина қызметкерінің қолына тапсырғаннан кейін
ғана тоқтатуға болады. Жасанды дем алдыру мен жүрек сыртына массаж
жасаудың тиімділігі болмаған кезде, (тері қабаты көгерген-күлгін түсті болса)
қарашықтар жалпақ, массаж жасау кезінде тамырдың соғуы сезілмесе
реанимациялық шараларды жүргізуді 30 минуттан кейін тоқтатады.
96. 12 жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін реанимациялық шаралардың
өзіндік ерекшеліктері бар. Бір жастан он екі жасқа дейінгі балаларға жүрек
сыртынан массаж жасау бір қолмен жэне жасына қарай минутына 70-100 дейін
төс сүйегін басу, бір жасқа дейінгі балардың көкірек ортасын екі (екінші жэне
үшінші) саусақпен минутына 100-120 басу арқылы жүргізіледі. Үрлеу көлемін
баланың жасына байланысты жүргізеді. Жаңа туылған балаға үлкен адамның
ауыз қуысындағы ауа көлемі жеткілікті болады.

7-тарау. Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап
шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің
қолындағы жэне байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жүқтыруға
болады.
98. Көмек корсету кезінде мынадай талаптар сақталады:
жараны сумен немесе қандайда бір дэрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге жэне маз жағуға болмайды, себебі бүл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді жэне іріңденуіне әкеп соғады;
жараның бетінен қүмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод түнбасын жағады;
жараның бетінен үйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рүқсат етілмейді, себебі бүл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;
жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рүқсат етілмейді.
99. Жарақат алған кезде алғашқы көмек корсету үшін орауышында басылған нүсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен үстауға рұқсат етілмейді.
100. Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рүқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір үлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол үлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.

101. Жарақат алған кезде көмек көрсетуші қолын жууы немесе саусақтарына йод түнбасын жағады. Жараның бетін жуылған қолмен ұстаудың өзіне рүқсат етілмейді.
102. Егер жара жермен ластанған болса, дереу қан сарысуының сіреспесіне қарсы дәрі алу үшін дәрігерге барады.


Скачать


zharar.kz