Ойлаған санды табу программасын құрыңдар

Скачать

Пән: Нысанды бағдарланған программалау
Бірінші межелік бақылау тапсырмасы

1-тапсырма: Өз нұсқаңыз бойынша тапсырманы орындаңыз. VISUAL BASIC ортасында программасын құрыңыз:
1. Теңгемен берілген қаржы мәнін курсқа байланысты рубль, доллар және евроға айналдыратын қосымша жасаңдар.
2. Берілген үш таңбалы бүтін санның жүздігін, ондығын және бірлігін шығарыңдар.
3. Берілген екі санның арифметикалық және геометриялық ортасын табыңдар.
4. Дене салмағының мәні килограммен берілген. Тоннаға айналдырыңдар.
5. Қашықтық мәні километрмен берілген. Метрге айналдырыңдар.
6. Сатушы мен сатып алушы арасындағы сұқбатты жүзеге асырыңдар. (Сатушы төлеу қажет ақша мөлшерін айтады. Сатып алушы төлейтін ақша мөлшерін ұсынады. Сатушы қайтарылатын ақша мөлшерін хабарлайды)

2-тапсырма: Өз нұсқаңыз бойынша тапсырманы орындаңыз. VISUAL BASIC ортасында программасын құрыңыз:
1. Кездейсоқ шыққан [1,7] аралығындағы үш бүтін сандардың неше әрекеттен кейін “бақытты жетілік” болатынын анықтайтын қосымша жасаңдар.
2. Ойлаған санды табу программасын құрыңдар. Компьютер 1 мен 100 аралығындағы кездейсоқ бүтін санды ойлайды. Сіз оны табуыңыз керек. Егер сіз тапқан сан ойлаған саннан артық болса артық, әйтпесе кіші деген сәйкес хабарлама шығарып, неше әрекеттен кейін санды тапқаныңыз жөнінде жауап шығу керек.
3. Кездейсоқ шыққан үш санның нешеуі жұп екенін анықтайтын жоба құрыңдар.
4. Кездейсоқ үш сан шығарып, қабырғалары осы үш санға тең болатын үшбұрыш бола ма екенін анықтаңдар.
5. Кездейсоқ екі сан шығарып, катеттері осы сандарға тең тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын анықтаңдар. Үшбұрыштың болу шартын тексеріңдер.
6. Арифмометр жобасын кездейсоқ шыққан 2 сан үшін жасаңдар.

3-тапсырма: Өз нұсқаңыз бойынша тапсырманы орындаңыз. VISUAL BASIC ортасында программасын құрыңыз:
1. Сынып журналынан неғұрлым көп “5” бағасы бар оқушы нөмірін табыңдар.
2. Квадрат матрицаны 0 және 1 сандарымен шахматтық ретпен толтырыңдар.
3. А[5х5] матрицаны 1-ден 25-ке дейінгі сандармен өсу ретімен толтырыңдар.
4. Квадрат матрицаның негізгі диагоналының ең үлкен, қосалқы диагоналының ең кіші элементтерін тауып, олардың орнын алмастырыңдар.
5. Квадрат матрицаның негізгі диагоналындағы ең үлкен элемент орналасқан жолды берілген жолмен алмастырыңдар.
6. Екі өлшемді А(4,4) массивіндеа 3- және 1-жолдардың орындарын алмастырыңдар.

4-тапсырма: Өз нұсқаңыз бойынша тапсырманы орындаңыз. VISUAL BASIC ортасында программасын құрыңыз:
1. Сөздегі i- әріпті жоятын программа жазыңдар.
2. Берілген сөзде бірінші және соңғы әріптердің қайсысы көп кездесетінін анықтайтын программа құрыңдар.
3. Берілген мәтіндегі “а” әрпін “о” әрпімен алмастырыңдар.
4. Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.
5. Берілген әріп дауысты ма екенін анықтаңдар.
6. Сөздегі дауысты дыбыстар нешеу, және ол сөздегі барлық әріптің неше процентін құрайды?


Скачать


zharar.kz