Экскурсия соңынан оқыту

Скачать


1.Дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы ... .

А.Дүниетаным
В.Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану
С.Оқушылардың дүниетанымы
D. Таным
Е. Ғылыми дүниетаным

2.Халық ауыз әдебиетінің басты түрлері — ертегілер, аңыздар, айтыстар, батырлар жырлары негізіңце қалыптасқан дүниетанымдық деңгей...

А. Дүниетанымның қалыптасуы ең алғашқы кезеңі
В. Дүниетанымдық көзқарастың философиялық тұрғыдан қарастырылуы
С. Дүниетанымдық көзқарастың биологиялық тұрғыдан қарастырылуы
D. Дүниетанымдық көзқарастың химиялық тұрғыдан қарастырылуы
Е. 1924 жыды жарық көрген Мемлекеттік ғылыми Кеңестің (ГУС) бекіткен бағдарламасы

3. Тұңғыш рет басылым көрген жанауртану оқулығының авторы...

А. А.Я.Герд
В. .К.Н.Ягодовский
С. С.Сангайло
D. К.Н.Годовский
Е М.Н.Скаткин.

4. Бастауыш сатыда жаратылыстану мен географияны оқытуға үлкен мән берген әдіскердің бірі. Ол мектепте жаратылыстану ғылымын оқытудың мәнін өте жоғары бағалап, оған балалардың қисынды ойы мен тілін дамыту құралы ретінде қарады. Оқушьшардың сөз қорын молайтып, тілін дамыту үшін ең алдымен оларды қоршаған ортаны танып-білуге дағдыландыру қажеттігін ескертті...

А.К.Д.Ушинский
В. .К.Н.Ягодовский
С. С.Сангайло
D. К.Н.Годовский
Е М.Н.Скаткин.

5. Зерттеулерінде де адам балаласына жас шағынан бастап-ақ өзін қоршаған ортадан білімі болуы керектігін айтып, оны танып, білу үшін оқып үйренуді міндеттейді..

А.Байтұрсыновтың дүниетану туралы көзқарасы
В.Ш.Уалиханов- дүниетану туралы көзқарасы
С.Алтынсариннің дүниетану туралы көзқарасы
D. Абайдың- дүниетану туралы көзқарасы
Е.Ж.Аймауытов дүниетану туралы көзқарасы

6. Программалап оқыту арқылы оқушылардың таным мүмкіндігін көтеру..

А.А.И.Я.Лернер технологиясы
В.М.И.Махмутовтың, М.Н.Скаткиннің технологиясы
С.С.А.Климов, А.И.Раев ттехнологиясы
D Н.А.Менчинскаяның технологиясы
С.С.Выготскийдің технологиясы

7.Экскурсия соңынан оқыту; оқушыларды тұрған жерінде өз бетінше жасаған бақылауларымен байланыста оқыту; заттық сабақтардың соңынан оқыту; тәжірибелер демонстрациясы соңынан оқыту; мұғалімнің әңгімесі мен баяндауына негізделген көрнекі құралдарды қарастыра отырып оқыту ...

А.Түсіндіріп оқыту сабақтары элементтері
В.Түсіндіріп оқыту сабақтары типтері
С Аралас сабақ
D Қорытынды сабақ
Е.Заттық сабақтар

8. Бұл объектілер мен құбылыстарды олардың табиғи ортасында – табиғатта және жасанды жағдайларда – хайуанаттар паркінде, бақтарда, т.т. оқып үйрену...

А. Экскурсия соңынан оқыту
В. Экскурсия
С Экскурсияның маңызы.
D. Экскурсияларды ұйымдастыру
Е. Экскурсияларды кезеңдері

9. Мұғалім осы пәнге қызығушылығы бар оқушымен жұмыс жүргізеді. Егер оқушының үйінде тордағы құс, аквариум, тордағы кішірек сүтқоректілер немесе бөлме өсімдіктері өсірілсе, онда мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізеді, аталған объектілерге байланысты әдебиеттерді нұсқап, қалай бақылау жүргізілетінін, жануардың Отаны, аты, қандай жағдайда тіршілік ететінін оқып білу жұмыстары тапсырылып, сабақтан тыс уақытта оқушымен жүргізілген жұмыстары жайлы әңгімелесіп, оқушы жұмысына бағыт беріліп; бақылау нәтижесі тексеріледі ...

А. Сабақтан тыс жұмыс түрлері
В. Сабақтан тыс жұмыстың жеке түрі
С Сабақтан тыс жұмыстың топтық түрінде.
D. Танымжорықтар сыныптан тыс жұмыс
Е. Бастауыш мектептерде табиғаттану сабақтарының ұйымдастыру формалары

10. Мұғалім әңгіме мақсатын және оның сипатын, бұл кіріспе әлде қортынды әңгіме болады ма, оқушыларға өз бетімен жаңа білім беретін әңгіме ме; бұл әңгіме тәжірибеге, бақылауға, картаға, суретке, әңгіменің тексіне немесе тақырыптың мазмұнына байланысты мұғалімнің қосымша баяндауына сүйенеді ме, алдын ала ашып алу керек ... ..

А. Әңгіме
В. Мұғалімнің әңгімеге дайындығы
С Сурет бойынша әңгіме өткізу
D. Оқылған текст бойынша әңгіме өткізу
Е. Модель

11.Ұзаққа созылатын, мұғалімнің алда тұрған міндеттерді ой жүгірте, дұрыс түсінуін талап ететін жұмыс...в

А. Табиғаттану сабағы
В. Ұғымдарды қалыптастыру
С Жеке ұғымдардың қалыптасуы
D. Жинақы ұғымдардың қалыптасуы
Е. Жалпы ұғымдардың қалыптасуы

12.Түсіндірмелі басқаруда тірек схемаларын пайдалана отырып, перспективті алдығы жылдамдата оқытудың технологиясының авторы..

А.В.Ф.Шаталов
В.С.И.Лысенкова
С.Ж.Караев
D.Жанпейісава .М.М
Е.М.Б. Волович

13. Сатылай талдап оқыту технологиясы авторы ...

А.Н.А.Зайцева
В.Н.Оразақынов
С.Ж.Караев
D.Жанпейісава .М.М
Е.М.Б. Волович
14.Табиғатта жүргізілетін бақылау элементтерінің бірі. ...

А. Бақылау
В. Ауа райын бақылау.
С Тірі табиғат бұрышы...
D. Сабақтан тыс оқу формасы- үй тапсырмасын орындау.
Е. Көрнекі құралдар

15.Шағын комплексті мектептерде дифференциялап оқыту технологиясын ұсынған әдіскер...

А.Г.Гольперин
В.Н.Оразақынов
С.Ж.Караев
D.Жанпейісава .М.М
Е.М.Б. Волович

16. Мүйіске балалардың жәшікке еккен және отырғызған өсімдіктері (шашақты көк пияз, сұлы, салат, сәбіз бен қызылша өсімдіктері) апарылып қойылады. Салқын бөлмелерден мұнда жазда орманнан, жайылымнан алып отырғызылған жабайы өсімдіктер бар горшоктар әкелініп қойылады. Қыстың аяғына -таман табиғат бұры-шына бұтақтары кесілген ағаштар мен түптер салынған сауыттар қойылады. Бұл уақытта осы жерге құстарды да (боз торғайды, пайыз торғайды) ұстаған жақсы; көктемде оларды міндетті түрде босатып жіберу керек, табиғат мүйісіндегі қандай маусымдық өзгерістерге байланысты жүргізіледі...

А.Күзде
В.Қыста
С.Көктемде
D.Жазда
Е. Күзде, көктемде

17.Жаратылыстану-педагогикалық ізденістердің эмпирикалық әдістері ...

А.Салыстырмалы тарихи талдау, (В.И.Загвязинский бойынша)-ретроспективалық әдіс, абстрактивтіктен нақтылыққа дейін өрлеу ,модельеу
В.Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және тұжырымдау, мектеп құжаттарын, балалар әрекеттері өнімділігіне талдау жасау
С.Бақылау, педагогикалық эксперимент, сауалнамалар жүргізу, педагогикалық диагностика
D.Бекіту, тіркеу, шкала құру, реттеу
Е. Салыстырмалы тарихи талдау, бақылау, реттеу

18.Бастауыш мектептегі Дүниетану курсының негізгі мақсаттарының бірі біліктілік пен даңғылық деңгейдің көрсеткіші ...

А. Пәндік – тәжірибелік:, жалпы оқулық, интелектуальды:
В. Әлеуметтік, психологиялық:
С. Ақыл-ой тәрбиесі, экологиялық, рухани, эстетикалық, еңбекке баулу, санитарлы-гигиеналық
D. Пәндік-тәжірибелік, экологиялық
Е. Әлеуметтік, тәрбиелік

19. Дүниетау курсындағы географиялық және геологиялықтүсініктерді қолану облыстары...

А. Кеңістік, уақыт және т.б. категориялары,
В. Дене, зат, құбылыс, молекула, атом, су, ауа, топырақ және т.б. қасиеттері
С. Географиялық қабықтар, тау жыныстары, пайдалы қазбалар, жер бедері, су қоймалары, табиғи белдеулер,құрылықтар мен материктер т.б.
D. Ауа райы, климат, бұлттылық тб.
Е. Жер Күн жүйесі планетасы, басқа да аспан денелері, Әлем кеңістігі

20. Фотосуоеттерден құрыстырылып, әйнек пен пленкаға көшірілген көрнекіліктер қалай аталалы... с
А. кино
В. диафильмдер
C. диапозитивтер
D.глобус
E.карта

21. Дененің дамуы, дененің салмағы, мидың жұмыс істеу қабылеті -адам болмысы өлшемінің қай түріне жатады...

А.Философиялық
В.Биологиялық
С.Психологиялық
D.Әлеуметтік
Е Педагогикалық

22. Оқушының білім алуға жауапты қарым катынасын, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеуін анықтау, білімді тексерудің қандай қызметіне жатады...

А.Бағдарлаушылық
В. Тәрбиелік
С.Диагностикалық
D. Жобалаушылық
Е. Дамытушылық

23.Белгілі бір тақырып бойьшша оқушының жіберген қателіктері, яғни білімнің белгілі бір көлемін (такырып, не бөлім бойынша) бастауыш мектептің дүниетану пәні бағдарламасында анықталған, игерген, не игермегендігін көрсетеді ...
А.Баға
В. Қателік
С. Белгі
D. Тапсырма
Е.Жауап

24.Оқушылардың білім, дағды, іскерлігін, ойлау қабілетінің деңгейін, оқытудағы таным әрекетінің қабылдау дәрежесін, оқу уақытын тиімді пайдалану дағдысын анықтау білімді тексерудің қандай қызметіне жатады...А..

А.Бақылаушы
В. Білімділік
С.Диагностикалық
D. Жобалаушылық
Е. Дамытушылық

25.Жеке оқушы және толығымен осы класс оқушыларында оқыту мақсатының орындалу дәрежесін, оқу материалының игерілу тереңдігін анықтау, білімді тексерудің қандай қызметіне жатады...А

А.Бағдарлаушылық
В. Білімділік
С.Диагностикалық
D. Жобалаушылық
Е. Дамытушылық

ІІ-вариант

1. Ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады ...

А.Дүниетаным
В.Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану
С.Оқушылардың дүниетанымы
D. Таным
Е. Ғылыми дүниетаным

2. Қазақ халқының, қоғам, адам табиғат туралы философиялық ойлары ертеден-ак, адам гершілік, ізгілікті көксеу, имандылықты дәріптеу, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, мемлекет пен адам тағдырының мәнін түсіну тұрғысында қалыптаса бастаған...

А. Дүниетанымның қалыптасуы ең алғашқы кезеңі
В. Дүниетанымдық көзқарастың философиялық тұрғыдан қарастырылуы
С. Дүниетанымдық көзқарастың биологиялық тұрғыдан қарастырылуы
D. Дүниетанымдық көзқарастың химиялық тұрғыдан қарастырылуы
Е. 1924 жыды жарық көрген Мемлекеттік ғылыми Кеңестің (ГУС) бекіткен бағдарламасы

3. Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқытудың әдіскері және политехникалық оқудың негізін қалаушылардың бірі ретінде орын алған...

А. А.Я.Герд
В. .К.Н.Ягодовский
С. С.Сангайло
D. К.Н.Годовский
Е М.Н.Скаткин.

4.Оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында білім беру әдістемесінің біраз қолға алынып, дами бастаған және оқыту мәселесін әр түрлі қырынан талдауға арналған әдістемелік нұсқаулардың шыға бастаған кезі...

А.Байтұрсыновтың дүниетану туралы көзқарасы
В.Ш.Уалиханов- дүниетану туралы көзқарасы
С.Алтынсариннің дүниетану туралы көзқарасы
D. Абайдың- дүниетану туралы көзқарасы
Е.Ж.Аймауытов дүниетану туралы көзқарасы

5. Ұғымның пайда болуы және оның сөз ретінде сыртқа шығуы қоршаған дүниемен бала үнемі кездесіп, көріп, сезініп қабылдауынан барып пайда болатыны айқын.. Әсерлену, суреттеу,еске түсіру, қиял жүргізу, арқылы біз затты түгелімен білеміз,оның бөлімдерін мөлшерін білеміз,-десе, балада болатын сезімдер әсерін талдай келіп,сыртқы дүниені заттың қүбылыстьщ ішкі сырын білудің бірден-бір жолы-бала сезіміне жол табу керектігін айтып, барлық білімнің төрттен үш бөлігін көру сезімі арқылы аламыз ...

А. Байтұрсыновтың дүниетану туралы көзқарасы
В. М.Жұмабаевдүниетану туралы көзқарасы
С. М.Дулатовтың дүниетану туралы көзқарасы
D. Шәкәрім Құдайбердиевтіңдүниетану туралы көзқарасы
Е. Ж.Аймауытов дүниетану туралы көзқарасы

6. Оқушылардың даму деңгейінің әртүрлілігін ескеріп отырып, дифференциялап оқыту проблемаларын көтеруі...

А.А.И.Я.Лернер технологиясы
В.М.И.Махмутовтың, М.Н.Скаткиннің технологиясы
С.С.А.Климов, А.И.Раев ттехнологиясы
D Н.А.Менчинскаяның технологиясы
С.С.Выготскийдің технологиясы

7. Үй тапсырмасын тексеру, оқушыларды жаңа материалды өтуге дайындау, жаңа материалды түсіндіру, оны баянды ету, үйге тапсырма беру

А.Түсіндіріп оқыту сабақтары элементтері
В.Түсіндіріп оқыту сабақтары типтері
С Аралас сабақ
D Қорытынды сабақ
Е.Заттық сабақтар

8. Оқушылар мұғалімнің басқаруымен экскурсия жасағанда бүкіл табиғатты оның алуан түрлілігімен бірге білетін болады. Олар заттарды толығырақ қабылдайды. Экскурсияның маңызы...

А. Экскурсия соңынан оқыту
В. Экскурсия
С Экскурсияның маңызы.
D. Экскурсияларды ұйымдастыру
Е. Экскурсияларды кезеңдері

9.Пәнге қызығушылыгы бар оқушылар анықталып, олармен жоспарлы түрде жүмыс жүргізіледі. Оқушылар саны 15-тен аспағаны дұрыс, одан көп оқушы саны мұғалімнің жұмысын қиындатады. Тақырыбы таңдалып, күнтізбелік жоспары құрылады. Мысалы, табиғат толғаулары үйірмесі, оның жұмысын айына бір рет жоспарлауға болады., оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, табиғатта бақылауға жүргізуге, оны өз бетімен зерделей алуға үйренеді. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілгі артып, пәнге қызығушылығын тудырады ...

А. Сабақтан тыс жұмыс түрлері
В. Сабақтан тыс жұмыстың жеке түрі
С Сабақтан тыс жұмыстың топтық түрінде.
D. Танымжорықтар сыныптан тыс жұмыс
Е. Бастауыш мектептерде табиғаттану сабақтарының ұйымдастыру формалары

10.Сабақта өтілетін тақырыпқа сәйкес келетін суреттерді талдайды. Мысалы, Тундра деген тақырыпты өткен кезде, мұғалім Көктемгі тундра деген суретті іліп қойып, сол бойынша мынадай әңгіме өткізеді: Суретте не бейнеленген? Бұл жерде өзендер мен батпақтар неге көп? Бұл жерден қандай өсімдіктер көрініп тұр? Тундрада биік ағаштардың жоқ болуы неліктен? Суретте бейнеленген жануарларды атап шығыңдар. Мұнда су құстары неге көп? Бұл құстар немен қоректереді? ...

А. Әңгіме
В. Мұғалімнің әңгімеге дайындығы
С Сурет бойынша әңгіме өткізу
D. Оқылған текст бойынша әңгіме өткізу
Е. Модель

11. Жеке аттармен немесе атаулармен тұжырымдалады (Волга – өзені) ...

А. Табиғаттану сабағы
В. Ұғымдарды қалыптастыру
С Жеке ұғымдардың қалыптасуы
D. Жинақы ұғымдардың қалыптасуы
Е. Жалпы ұғымдардың қалыптасуы

12. Деңгейлеп оқыту технологиясы авторы...

А.В.Ф.Шаталов
В.С.И.Лысенкова
С.Ж.Караев
D.Жанпейісава .М.М
Е.М.Б. Волович

13.Оқушы білімі, дағдысы мен іскерлігіндегі жетістіктерді анықтау: білім, дағдыны тереңдетіп жетілдіру жөдарын нұскау; оқушының белсенді түрде шығармашылық жұмыстарға араласуына жағдай жасау ...

А. Білім тексерудің негізгі мақсаты
В. Білімді ауызша тексеру
С Жеке сұрау әдісі.
D. Білімді жазбаша тексеру.
Е. Барлығы дұрыс

14. Оқушылар қабылдайтын объектілерін салыстырады, теңестіреді, оларға тән белгілерін анықтайды. Балалардың байқампаздығын, зерделілігін, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді..

А. Бақылау
В. Ауа райын бақылау.
С Тірі табиғат бұрышы ...
D. Сабақтан тыс оқу формасы- үй тапсырмасын орындау.
Е. Көрнекі құралдар

15.Шағын комплексті мектептерде табиғаттану материалдарын оқыту ерекшеліктері ...

А.Бір сабақ үстінде мүғалім әртүрлі жастағы, соған сәйкес ой-өрісі,білім дәрежесі,өмір тәжірибесі әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізеді.
В. Мұғалім осы пәнге қызығушылығы бар оқушымен жұмыс жүргізеді.
С. Пәнге қызығушылыгы бар оқушылар анықталып, олармен жоспарлы түрде жүмыс жүргізіледі. Оқушылар саны 15-тен аспағаны дұрыс, одан көп оқушы саны мұғалімнің жұмысын қиындатады.
D. Оқу процесін ұйымдастырудың формасының бірі, мектеп курсында оқу материалдарын итертуге бағытталған және дүниетану бағдарламасымен тығыз байланысты, мектептен тыс жерде өткізіледі.
Е.-Класс сабағы, экскурсия, үйдегі оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасымен жүргізілетін және тікелей оқу материалымен байдланысты сабақтан тыс жұмыс, кластан тыс жұмыс

16. Мүйіске көшет отырғызылып, тамырланған қалемшелер мен террариумдері бар жәшіктер қойылады, бұл табиғат мүйісіндегі қандай маусымдық өзгерістерге байланысты жүргізледі...

А.Күзде
В.Қыста
С.Көктемде
D.Жазда
Е. Күзде, көктемде

17. Фенологтар күздің басын қандай құбылыстармен байланыстырады..

А. Топыраққа алғашқы тоң ілінуін
В. Тоғандардың қатуын күздің қай
С.Жапырақтыңсарғаюмен
D. Жапырақтың түсуімен
Е. Қысқы күн тоқырауы

18. Бастауыш мектептегі Дүниетану курсының негізгі мақсаттарының бірі дамытушылықтың көрсеткіші ...

А. Пәндік – тәжірибелік:, жалпы оқулық, интелектуальды:
В. Әлеуметтік, психологиялық:
С. Ақыл-ой тәрбиесі, экологиялық, рухани, эстетикалық, еңбекке баулу, санитарлы-гигиеналық
D. Пәндік-тәжірибелік, экологиялық
Е. Әлеуметтік, тәрбиелік

19. Дүниетау курсындағы фенологиялықтүсініктерді қолану облыстары...

А. Кеңістік, уақыт және т.б. категориялары,
В. Дене, зат, құбылыс, молекула, атом, су, ауа, топырақ және т.б. қасиеттері
С. Географиялық қабықтар, тау жыныстары, пайдалы қазбалар, жер бедері, су қоймалары, табиғи белдеулер,құрылықтар мен материктер т.б.
D. Ауа райы, климат, бұлттылық тб.
Е. Жер Күн жүйесі планетасы, басқа да аспан денелері, әлем кеңістігі

20. Дүниетау курсындағы астрономиялық және уфологиялық түсініктерді қолану облыстары...

А. Кеңістік, уақыт және т.б. категориялары,
В. Дене, зат, құбылыс, молекула, атом, су, ауа, топырақ және т.б. қасиеттері
С. Географиялық қабықтар, тау жыныстары, пайдалы қазбалар, жер бедері, су қоймалары, табиғи белдеулер,құрылықтар мен материктер т.б.
D. Ауа райы, климат, бұлттылық тб.
Е. Жер Күн жүйесі планетасы, басқа да аспан денелері, Әлем кеңістігі

21. Адамның жекебас ретіндегі ерекшелігі- адам болмысы өлшемінің қай түріне жатады...Д
А.Философиялық
В.Биологиялық
С.Психологиялық
D.Әлеуметтік
Е Педагогикалық

22.Оқушылардың білім, дағды, іскерлігін, ойлау қабілетінің деңгейін, оқытудағы таным әрекетінің қабылдау дәрежесін, оқу уақытын тиімді пайдалану дағдысын анықтау білімді тексерудің қандай қызметіне жатады ...

А.Бақылаушы
В. Білімділік
С.Диагностикалық
D. Жобалаушылық
Е. Дамытушылық

23.Дағды, іскерлікті ары қарай қалыптастыру үшін оқушыда бар деңгейді, онын тереңдігі мен көлемін анықтау білімді тексерудің қандай қызметіне жатады...
А.Бақылаушы
В. Білімділік
С.Диагностикалық
D. Жобалаушылық
Е. Дамытушылық

24. Оқушының таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін анықтау, білімді тексерудің қандай қызметіне жатады...
А.Бақылаушы
В. Білімділік
С.Диагностикалық
D. Жобалаушылық
Е. Дамытушылық

25.Белгілі бір тақырып бойьшша оқушының жіберген қателіктері, яғни білімнің белгілі бір көлемін (такырып, не бөлім бойынша) бастауыш мектептің дүниетану пәні бағдарламасында анықталған, игерген, не игермегендігін көрсетеді ...
А.Баға
В. Қателік
С. Белгі
D. Тапсырма
Е.Жауап


Скачать


zharar.kz