К первому рубежному контролю
1.Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
2. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.
Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).
3. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.
2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.
4. Білім қалай бәсекеге түседі?
5. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?
6. Білімді болу деген не?
7. Жас мамандар қандай болуы қажет?
8. Шығыс Қазақстан аймағына қатысты диалект сөздерді теріп жазу (30 сөз және түсініктеме беру).
9. Өз мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді жазып, сөйлем құрастыру (30 сөз және сөйлем).
10. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.
Өзгеріс, құбылыс, дарынды, қабілет, тұлға, жантану, қызу, тілалғыш.
11. Өз мамандығыңызға қатысты термин сөздерді теріп, анықтама беріңіз (50 термин сөз).
12. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар.
13. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.
14. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.
Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.
15. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.
Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?
Неге олай дедің ?
Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?
Кімнен естідің ?
Бәрі айтып жүр ғой.
Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.
Қайрат, рас айтасың.
Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.
Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!
16. Қазақ тіліне аударыңыз.
Вожак — самый авторитетный член группы, обладающий даром внушения и убеждения. На других членов группы он влияет словом, жестом, взглядом. Греки во времена Гомера считали, что вожак должен обладать мудростью Нестора, справедливостью Агамемнона, хитростью Одиссея и энергичностью Ахилесса. На протяжении XX в. проводились многочисленные исследования индивидуальных качеств преуспевающих руководителей. Так, американский исследователь Р. Стогдилл предложил следующий перечень качеств руководителя — вожака:
1) физические качества — активный, энергичный, здоровый, сильный;
2) личностные качества — приспособляемость, уверенность в себе, авторитетность, стремление к успеху;
3) интеллектуальные качества - ум, умение принять нужное решение, интуиция, творческое начало;
4) способности — контактность, легкость в общении, тактичность, дипломатичность.
17. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.
Қасындағы бай:
Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.
Сонда әкім:
Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.
18. Білімді тексеру тапсырмалары
Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Құс патшасы – бүркіт
Аң патшасы – арыстан
Сөздік
Құс-птица
Аң – зверь
Жалқаулық – жаман ауру
Сөздік
Жаман ауру – скверная болезнь
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз
Сөздік
Өнер – ремесел
Жігіт көркі – өнер
Сөздік
Көркі – честь
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
Сөздік
Бейнет – трудный
Зейнет – сладкий
Ұстаздан шәкірт озар
Сөздік
Сыйла – почитай
Күш – білімде, білім – кітапта
Сөздік
Күш – сила
Кітапта – в книгах
19. Орысшадан қазақшаға аударыңдар
Если и золото нашел, пересчитай
Сөздік
Нашел – тапсаң
Пресчитай – санап ал
И вода счет любит
Сөздік
Счет любит – сұрауы бар
Умный честь свою оберегает,
Скупой скот свой оберегает
Сөздік
Оберегает –қорғайды
Умный –ақылды
Скупой- сараң
Скот-мал
Многословие – көп сөз
Молчание – золото
Сөздік
Многословие – көп сөз
Молчание – аз сөз
Говори редко, но метко
Сөздік
Редко –аз
Метко-саз, діл
Молчание от самой большой беды оберегает
Сөздік
Молчание – үндемеген
Большой беды- үйдей пәледен
Избавляет - құтылады
20. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.
Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.
21. Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.
22. Жарнама дегеніміз не?
23. Жарнаманың негізгі функцияларын атаңыз
24. Жарнаманың түрлерін атаңыз
25. Сақтандыру немесе құжаттандырудың түрлерін атаңыз