ЕХСЕL-ДIҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Скачать

ЕхсеI-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.
Диаграммалар — мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез керсете алады.
ЕхсеI - де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Ехсеі графикасын үйрену кезінде Дәулетқұлов Әлем деген оқушының өз компьютерін апта бойы қалай пайдаланғаны туралы мәліметтерін қарастырып өтеміз.
Берілген мәліметгер (сағаттар өлшемімен):
А В С Б Е Ғ С Н I
Апта күндері 1 2 3 4 5 6 7 Е
Жұмыс түрлері
Ойын 0 1 1 0,5 1 2 2 7,5
Мәтін өңдеу 2 0 0 0,5 1 2 2 7,5
Сурет салу 1 0 0 1 0 0 1 3
Программалау 0 1,5 1,5 0 2 2 0 7
А1:Н6 бен 11:12 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, 13:16 блогындағы мәліметтерді графиктік түрде беруге болады. Экранға 13 ұяшығынан басталатын кесте бөлігін шығарайық.
Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.
ЕхсеI – дің бұл функциясы бес сұқбат терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына чалып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Стандартты аспаптар тақтасындағы Диаграмма шебері батырмасын бассақ. ЕхсеI диаграмма кестенің қай маңында орналасуы керектігін сұрайды. Біз мысалға А18 ұяшығын курсормен көрсетіп, тышқан батырмасын басулы күйде ұстап тұрып А18: С35 блогын ерекшелеп шығайық та, батырманы қоя берейік.
Мұнда ЕхсеІ Диаграмма шеберінің 5-тен 1-ада (Шыг1 из5) деген сұқбат терезесін шығарады. Осы терезе арқылы диаграмма болып тұрғызылатын мәліметтер орналасқан ұяшықтар ерекшеленеді. Егер ерекшеленген блокты терезе жауып тұрса, оны белгілі тәсіл бойынша басқа орынға жылжытамыз. Тышқанмен 13:16 блогын ерекшелеп алып, Диаграмма шеңберінің Келесі сөз тұрған батырмасыз басамыз. Егер ұяшықтар дұрыс ерекшеленбесе онда осы 1-қадам терезесінде оны қайта ерекшелеп аламыз.
Келесі сұхбат терезесінде ЕхсеІ тұрғыза алатын диаграмма түрлерінің ішінен өзімізге қажетті тек біреуін таңдап алуымыз керек. Гистрограмма деген диаграмма түрін тышқанды шерту арқылы таңдап алып, Келесі батырмасын басамыз. Үшінші сұхбат терезесі диаграмма түрін таңдауымызға байланысты болады. Біз Гистограмма деген тип таңдағандықтан, үшінші терезе 24.3 – суреттегідей болады. Ол терезеден түрін таңдап алып , Қадам батырмасын тағы да басу қажет.
Бұл ЕхсеІ – дің бұрын ерекшелеп алған мәліметтерді қалай пайдалана алатынын көрсетеді.
Бұл қадамда мәліметтердің қайда орналасқан –жолда пайдалана алатынын көрсетеді.
Бұл қадамда мәліметтердің қайда орналасқан – жолда ма, бағанада ма – көрсетіп, олардың түсіндіру мәліметтерін (түсініктеме - легенда) қай аралықтан алатынымызды дда көрсету керек. Түсініктеме диаграмадағы мәліметтердің аттарын және оң жақта орналасатын нұсқауыштарын маркерлерін бейнелейді. Егер шыққан нәтижеге көңіліңіз толмаса қайтадан алдыңғы терезе Кейін батырмасы арқылы оралуыңызға болады.
Мысалға біздің экранымызда, Диаграмма шебері мәліметтердің жолдарда орналасқанын дұрыс анықтағандықтан, ешнәрсені өзгертудің қажеті жоқ. Түсініктеме беретін мәлімет ретінде біз ешнәрсе енгізбегендіктен, оң жақтағы белгі тұратын орында келісім бойынша алынатын 1 –қатар деген сөздер (оның орнына А3: А6 мәліметтерін беруге болатын еді). Түсінік беретін мәтін үшін бағаналар санын өзгерту қажет емес.
Сонымен бәрі ойдағыдай болса, Келесі батырмасын тағы юасамыз.
Бұл – ЕхсеІ –дің соңғы сұхбат терезесі. Мұндатүсініктеме (легенде) қосымша атаулар, нұсқауыштар қажет болса соларды және диаграмма атын, Х пен У осьтері бойынша қазылуға тиіс мәлімет енгізу талап етіледі.
Түсініктеме қосу деген сұраққа түсінік беретін мәлімет қосқымыз келсе, ия батырмасын, әйтпесе Жоқ деген батырманы басып жауап береміз. Диаграмма аты деген өріске Компьтерді пайдалану деген сөз енгіземіз де, Аяқтау батырмасын басамыз.
Біз жұмыс парағына салынған диаграмма алдық Егер бұл диаграмманың ұнамайтын жері болса, оны түзетуге болады.

Диаграмма мөлшерін өзгерту.
Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мөлшерін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан өндірілген диаграмманың мөлшерін пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.
Диаграмма мөлшерін өзгерту үшін оны ерекшелеу керекяғни диаграмма бойынша тышқанды бір рет шерту керек. Диаграмма жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады. Тышқан курсорын пайдаланып, диаграманың оң жақ шетін 1 бағанасына дейін жылжытайық, ол үшін тышқан курсорын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жеткізіп (тышқан сілтемесі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады), оны 1 бағанасына дейін созамыз.
Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді береді Ал оны бұрышындағы маркерді жылжыту диаграмманың ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.

Диаграмма типін өзгерту.
Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін. ЕхсеІ оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді. Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұрштрихталған жақтулар пайда болады. Мұнан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма типін өзгертуге болады – экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін:
Түр = Аспаптар тақтасы = Диаграмма (Вид = Панель инструментов = Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар тақтасы шығады; шыққан тақтадан Диаграмма типі деген батырманы шертіп, диаграмма түрлерін шығарамыз.
Диаграмма түрлері мен аттары 3 – қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін қайта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрынғы жазықтықтағы гистограммасыз көлемдік болып өзгереді. Айта кететін бір жайт: ерекщеленген мәліметтерді бейнелеу үшін кез келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша Х – У нүктелік диаграмма тұрғызуға болмайды.
Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отыры, ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек. Егерде диаграмманы түзету кезінде бұзып алсаңыз, оны ойып қайта тұрғызу қажет. Диаграмманы жою үшін курсор диаграммада тұрғанда тышқанды бір рет шертіп пернесін басу жеткілікті.
Артынан дайындалған диаграмманы жаңа атпен файлға жазып сақтап қою қажет.

Диаграмма элементтерінің мөлшерін өзгерту және
орын ауыстыру.
Диаграмманың мөлшерін қалай өзгертсек, диаграмманың жеке элементтерінің мөлшерін де сол сияқты етіп өзгертуге болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағыдағы орыны ауыстыруға болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан тышқанмен бір шерту арқылы ерекшелеп алып, оны да парақ бетінде орнын ауыстыруға болады.
Диаграмма элементтермен танысайық. Курсорды басқару пернелерін баса отырып, диаграмма элементтерін таңдап аламыз да, тышқанның жақ батырмасын басамыз. Курсор сол элементті көрсеткенде ғана контексті – тәуелді меню шығатынына көңіл бөліңіз.
Диаграмма элементтерімен және ЕхсеІ программасының басты менюімен тышқан арқылы танысайық. Диаграмманытүзету кезінде меню басқаша болады.
Диаграмма элементтерінің орнын ауыстырып көрейік. Диаграмманың кішкене бөлігін қиып алайық, ол үшін:
- диаграмма аумағын ерекшелейміз;
- кез келген сектор ішінде тышқан батырмасын шертеміз. Сектор айналасындағы кішкене қара квадраттар пайда болып, оның ерекшелігінен білдіреді.
Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, бір секторы 1см қашықтықта орнынан сүйрейміз. Тағы екі секторды қиып аламыз. Диаграмадағы ерекшелеулер проценттің ондық бөліктерін жазып қоялық. Біздің кестеміздегі мәліметтер үтірден кейінгі бір ондық таңбалармен берілген, ал диаграммада, алдын ала келісім бойынша, олар көрсетілмеген. Оның форматтары өзгертуге болады, ол үшін:
- 0 белгілеулерді ерекшелейміз;
- 1 контексті – тәуелді менюде Мәліметтерді белгілеулерін форматтау деген жолдағы Сан 0,00% дегенді таңдап аламыз.
Диаграммаға атау енгіземіз. Егер бірден диаграмманы тұрғызу кезінде бірден атауы көрсетілмесе оны кейін жазуға болады.


Скачать


zharar.kz