2-рубежка.
1. Өтініш жазыңыз
2. Түсініктеме жазыңыз
3. Өмірбаян жазыңыз.
4. Түйіндеме жазыңыз.
5. Ресми-іскери стильде қолданылатын қалыптасқан сөздерді жазыңыз.
6. Ресми-іс қағаздар стилі етістіктің қай шағында жазылады, Қай есімдік жиі қолданылады.
7. Өз мамандығыңызға қатысты жазылған ғылыми мақаланы талдап, ғылыми стильдің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
8. Қысқаша ғылыми мақала дайындаңыз.
9. Стиль түрлеріне газет-жорналдардан, ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттен мысалдар келтіріңіз.
10. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-ғар,-гер, -қар-кер
Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра.
11. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-лық-лік, -дық-дік, -тық-тік
Бас, оқу, мемлекет, мәтін, сызба, дыбыс, ақпарат, сан,мультимедия, тәжірибе, компьютер.
12. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз.
Пернетақта, телекөпір, ғаламтор, пікірталас, телекөрермен, жолдорба, баспасөз, бағдаржол, шартбелгі, дыбысбейнелеуіш, құлаққап.
13. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.
Маған үйретші.
Міне, интернетке қосылдық. Сенің почтаң қай порталда болсын: kz әлде comда ма ?
Мынау – сенің адресің, пароліңді ұмытпа.
Қазір біреуге хат жазып, почтаның қалай істейтінін тексеруге болады. Жақсы болды, бәрі істеп тұр!
Ал мен өз достарым мен сыныптастарымның адрестерін қалай білем?
Көріп тұрсың ба, сенің жәшігіңде Менің әлемім деген сілтеме бар. Кіресің де, тіркелесің. Білімі деген бөлімді толтырасың. Міне сенің мектебіңдегі оқығандардың бәрі.!
Кейбір суреттің астында қызыл плашка жанып-сөніп тұр. Бұл не?
Олар қазір сайтта, біз олармен хабарласа аламыз.
Әрине, Сенің суретіңді де орналастырайық.
Түсіндірші, суретті ұялы телефоннан компьютерге қалай көшіруге болады?
Bluetooth не USB-сымын пайдаланыңыз.
Рахмет саған! Хатты жібердім, енді жауабын асыға күтіп отырмын.
Шын мәнінде, бұл өте оңай. Ертең келіп, почтаңды тексереміз.
14. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.
Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.
15. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.
Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі.
16. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,
-шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.
Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.
17. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер.
18. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз.
Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт.
19. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Менің жұмысымның ...
Сіздің уақытыңыз ... .
Сіздің көмекшілеріңіз ...
Біздің Республикамызда ...
Сендердің мамандықтарың...
Сіздердің компьютерлеріңіз...
Олардың табыстары ... .
20. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы ... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым ... . Сіздер саясаткер ... . Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .
21. Төмендегі сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.
22. -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтарымен келетін сөз тіркестерін құрыңыз.
23. Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы (Тапсырма түрі: баяндама жасау).