Психологиялық кеңес берудің мақсаты

Скачать

Психолог жұмысындағы психологиялық кеңес беру.
(1 сағат)

Жоспары:

1. Практикалық психология пәні. Психологиялық кеңес берудің мақсаты.
2. Психологиялық кеңес берудің міндеттері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т., М.,1982.
2. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
3. Семья в психологической консультировании. М.,2004.
4. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
5. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.

Қосымша:

1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
6. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

Лекцияның мәтіні:

Адам неғұрлым бақытты болған сайын уақыт соғырлым қысқа болып көрінеді.
Кіші Плиний.
Көпшілікті бақытты етуден артық мәртебелі де тамаша бақыт жоқ.
Л.Бетховен.
__________________________________________________________________________
ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
Психологияда жеке адамның психологгиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп атайды. Олардың баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырпып, жинақтағандардың бірі А.А. Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғарғы сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмеіндік берді. Қазігі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, т.с.с Білім беғру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалармен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некегк дейінгі кезеңде үйленейін деп жүген жастарға кеңес беру, жанұйя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық көмек берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларынт шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында брлған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол ьадам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамаған және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші- клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең , ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқтғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды. Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді. Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді. Осы түсінік клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының “азығы” болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.
Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселенің шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы- клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алу.

2-лекция.

Психологиялық қызметтегі кеңес берудің рөлі.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психолог-кеңесшінің кәсіби бағдары.
2. Кеңес беру әдістерін қолдану.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
2. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
3. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.
4. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
6. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
7. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
8. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.
9. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.

Қосымша:

1. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
6. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
7. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып ,өз бақытымызды да табамыз.
Платон.
Қазақтар сондай сүйкімді ,сондай байырғы,әрі қарапайым,мен оларды көргенде не болғанымды білмей кетемін.

Т.Г.Шевченко.
___________________________________________________________________________
Көптеген кәсіби мамандар клиенттердің психикалық бағдарларында айтулы өзгерістер тудыру мақсатымен өз уақыттарының денін солармен әңгімелесуге жұмсайды.Осы мамандар өздерін қалай атаса да – психологтар, мектеп немесе әлеуметтік қызметкерлер , жоғары оқу орнындығы кеңесшілер, өндірістегі жұмыскерлер бойынша мамандар және т.с.с – олардың әрқайсысының клиент бағдарларына өзіндік тұрғысы бар – бізді осы кітапта қызықтыратын да нақ осы. Осындай мамандар өмірге бейімделмеген немесе абыржулы, жолы болмаған немесе құқық бұзушылармен жұмыс істейді, ендеше олар терапевттен шыққанда, өмір сүруге анағұрлым бейімделіп,өмірдің түрлі жағдайларында кездесетін мәселелерді шешугедайынрақ болып шықса,- сол маманның қолданатын тәсілдері мен техникасы біз үшін аса қызықты.
Мұндай кеңестер түрліше аталуы мүмкін. Оларды “емдік кеңестер” деп қарапайым да кең терминмен атауға болады,олар көпшілігінде білім салаларында жиі қолданыла бастаған “кеңес беру” терминімен белгіленеді, немесе осындай әңгімелердің емдік тиімділігін есепке алсақ, оларды психотерапия деп атауға да болады, мұндай атау әлеуметтік қызметкерлерге , емханалардағы психологтар мен психиаторларға жақындау. Біздің кітабымызда осы терминдер бір-бірін белгілі жағдайда ауыстыра отырып пайәдаланылады, ол түсінікті де, себебі олардың бәрі де бір негізгі әдіске,яғни клиенттің өзінің психикалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған,индевидпен тікелей жасалатын қатынастар сериясына жатады. Бұрынрырақ “кеңес беру” деп клиентпен жүргізілетін жекелеген және үстіртін қатынастарды айтатын, ал жеке тұлғаны тереңнен өзгертуге бағытталған неғұрлым пәрменді және тұрақты қатынастар “психотерапия” терминімен белгіленген, мүмкін, огсындай саралауға қажетті себептер де бар шығар, дегенмен пәрменді және жемісті кеңес берудің пәрменді және жемісті психотерапиядан ешбір ерекшеленбейтіні анық. Сондықтан да біз осы екі терминді де қолданамыз, себебі осы саладағы мамандар бұл екуін де қатар пайдалана береді.
Кеңес беру әдістерін қолдану
Бейімделу проблемасына байланысты кеңес беру мен психотерапияның түрлі әдістері қаншалықты кең қолданылады? Ол бойынша статистикалық деректер жоқ, сондықтан да бұл сұрақтың жауабы сипаттамалық мәнде болады, дегенменде кеңес берудің процесс ретіндегі маңыздылығын бекітуге көмектеседі.
Баланың дамуын зерттеу (клиника) . Психотерапия бала дамуын зерттеуде- бейімделуде проблемалары бар балалармен (әсіресе жасөспірімдермен) және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуде түрліше пайдаланатын неғұрлым жетілдірілген тәсіл ретінде көрінуде.Көптеген жылдар бойы осы бағытта клиникалық ой қарқынды түрде дамыды.Сондықтан да психотерапия тәсілдері басқалардан гөрі бала дамуының сферасында неғұрлым жемісті түрде деп нақты айта аламыз.
Осы психологиялық тұрғыдан бала дамуының клиникасында кең тарағанын бір-екі нақты мысал көрсетеді.Авторы бұрын директоры болған Рочестер (Нью- Йорк) даму орталығында жасалған талдау бізге төмендегідей мәлімет береді.1939 жылы 850 жағдайдан:
балалардың 62% -ы 1-ден 4 психологиялықсеансқа дейін өткен , бұл жалпы клиникалық контактілердің 42%-ын құрайды.
30%-ы 5-тен 9 сеансқа дейін өткен,жалпы клиникалық контактілердің 35%-ын құрайды.
Егерде бала психологпен 4 реттен аз кездессе , онда контактілер,сірә , диагностикалық болғаны анық; негізінде кеңес беру еріксіз шектелген болады. Бала және оның ата-анасымен 5-тен 9 сеансқа дейін өткізілгенде, мінез-құлықты өзгертудің басқа әдістері де қолданылғанымен, кеңес беру кбінесе емдеудің ең маңызды аспектісі ретінде болып отырды. Пәрменді емдеу топтарында да(әрбір жеке жағдайларда 10 сеанстан көп) психотерапия-проблеманыемдеу және онымен жұмыс істеудің маңызды құралы болып табылды. Бұл тек баламен жұмыс істеу немесе бала және оның ата-аналарыменжұмыс істеу түрінде болды.Әрдайым дұрыс болмаса да, әдетте психолог тек баланы емдеумен ғана шұғылданды,ал әлеуметтік қызметкер ата-аналарымен кеңес өткізді. Клиникаға келгендердің тек 8%-ымен пәрменді емдеу жүргізілгенімен, бұл индивидтермен жүргізілген жұмыс барлық клиникалық іс-әрекеттің 1\3 бөлігін құрады.
Оған қоса Бейкердің даму орталығы берген төмендегі мәліметтер балалармен жүргізілген жұмыста кеңес беру мен психотерапияның рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Директорлар Уилиям Хиль мен Августа Бронердің жетекшілігімен клиникада қарастырылған 1334 жағдайдың 400-інде емдеу жүргізілді.Басқа жағдайларда тек диагноз қойылып, емдеу жауапкершілігі сол пациентті жіберген агентке жүктелді. 400 жағдайдың 111-інде бала псиатордың 1 немесе 2 сеансына қатысса, 210 баламен – 3-тен 9- ға дейін және 79 баламен 10-нан 100-ге дейін әңгіме өткізілді. Ата-аналарымен бірге жүргізілген кеңестер нәтижелерінің көрсеткіштері , жалпы алғанда ,ұқсас :83 адам (ата-ана) 10- нан 100-ге дейін немесе одан да көбірек кеңес алды ( әдетте , осы нақты жағдайды жүргізген адамнан).
Осы екі есеп материалдары бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады: балалар клиникасында психотерапия әдісімен емдеу белгілі деңгейде осындай емдеу типіне сәйкес таңдап алынған жағдайлардың үлесінің аздығымен шектеледі.
Дегенмен таңдап алынған топпен жүргізілген емдеу кеңес - әңгімелері клиника жұмысының негізгі бөлігін құрайды. Бұның өзі елдің нашар бейімделген балаларды емдеумен шұғылданатын клиникалық орталықтарының көпшілігіне тән.
Студенттер ортасындағы кеңес беру. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің бейімделу проблемасымен айналысатын жұмыстарды талдай отырып, жеке- даралық жұмыстың ең жиі кездесетін әдісі кеңес беру екендігін көреміз. Клиенттер неғұрлым ересектікке жақын болса, анықталған проблемаларды шешудің неғрлым ұтымдылары – кеңес берумен псих\отерапия деп айтуға болады. Оның себептерін біз кейінірек талқылаймыз.
Жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жеке тұлғалық және эмоциялық бейімделулер проблемасын шешуде кеңес берудің барлық техникалары толық қолданылады, бірақ әрбір жеке жағдайда кеңс беру осы процестің аса маңызды бөлігін құрайды және аталмыш саладағы мамандардың пікірінше , осындай іс-әрекетте ол одан да көп орын алуы керек.
Орта мектеп пен колледждермен таныс әрбір адам үшін кеңес беруге арналған даму бағдарламалары әрқашан кеңейтіліп отыратыны анық. Мектептер өз жұмыстарын жекедаралық өсу мен дамуға бағдарлана отырып жүргізсе,студенттердің өз жағдайына неғұрлым жақсы бейімделуіне көмектесетін психологиялық қызметтер де жетілдіріп отырады. Әкімшіліктер көпшіліктік білім беруге байланысты қаржы жұмсаудың қаншалықты маңыздылығын неғұрлым анық түсінсе, туындап отыратын проблемаларды іс жүзінде шешуге соғұрлым мүдделі болады. Квадрат шегелерді дөңгелек тесікке кіргізу қанша болатынын есептеп,яғни шешілмеген проблемалармен ненің энергиясы жұтылатындығын студенттерге үйрету талпыну арқылы - осындай шығындардың алдын алу жолдарын іздестіреді. Топқа белгілі бірегей стандарттардың бірдей болуы мүмкін, ал студенттердің бірдей еместігі де түсініле бастады.
Осыған байланысты индивидті тереңірек түсіну мен оның өз проблемаларын шешуіне көмектесу ниетімен жасалған бағдарламаларға деген сұраныс көбейе түсуде. Соған сәйкес көптеген институттар мен колледждерімзде және орта мектептерде студенттердің бейімделу қызметтері бар, дегенмен осы құрылымдар тек қана аы бар ұйымдардан бастап, студенттердің не түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, кеңес берудің түрлі деңгейлерін ұсынатын неғұрлым жақсы ұйымдастырылған бөлімдер мен бюроларға дейін бір-бірінен анағұрлым ерекшеленуі мүмкін.
Ересектерге арналған психогигиеналық қызмет.
Ересектердің бейімделу проблемаларымен аз ғана клиникалық мекемелер айналымады. Ересектерге көп жағдайда жекелеген психиатрлар мен психологтар кеңес береді. Дегенмен кейінгі кезде ерлі-зайыптылардың бейімделу мәселелерімен айналысатын кеңес беру қызметі және сол сияқты қызмет көрсету орындарының өсуі байқалады. Осындай мекемелер енді ғана үйленейін деп жүргендерге, сондай-ақ некелесуден соңғы қиындықтарға кездескен ерлі-зайыптыларға да кеңес береді.
Мұндай қызметтер кешеніне дәрігерлік зеттеу , заң тұрғысынан көмектесу және тағы басқа элементтердің кіруінен қарамастан, жұмыстың негізгі элементі дегенмен де кеңес беру процесі болып отыр. Некегк дейінгі кеңес алушылар үшін ол бір не екі сеанспен шектелуі мүмкін. Ал тұрақты қалыптасқан отбасылық қиындықтарды жеңуде еңбектің жемістілігі көптеген терапевтік кеңестернді қөажет етеді. Мұндай көмекті қажет ету сұраныстан әлдеқайда көп, оны шіркеудің әрбір қызметшісі көрсете алады. Негізінде мұндай көмек отбасылық мәселерге байланысты болғанымен, осы саладағы кеңес берудің жемістілігі студенттермен енмесе бейімделмеген балалардщың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардан аса ерекше деп айтуға негіз жоқ.
Әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман дәсттүрлі түрде әлеуметтік жұмыстың бөлігі саналатын қызметтер жиынтығын – қаржылық көмекке, жұмыс табуға көмектесуге, дәрігерлік қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, мүмкін, ол- негізгісі де болар, кеңес берушілік көмекті ұсынуға да дайын болуы керек. Кеңес беру термині нақты жағдайларлды шешуде аз қолданылғанымен де, оны пайдалануда клиентке күйзелістерінің шиелінісін төмендетудің, бейімделуге байланысты проблеманы шешудің жаңа жолын ұсынуда әлеуметтік қызметкер жоғарыда көрсетілген әрбір маман қолданылатын процеске келіп тіреледі. Әлеуметтік жұмыс – бейімделу проблемасына байланысты терапевтік көмек көрсетуде кең қолданыс табатын бірден-бірн сала. Осы саладағы қызметкерлердің мәселені өзгертуге қаншалықты құлшынғанына қарамастан, осындай көмек көрсету қаржылық қиындықтарға кездескендер үшін көбіне шектеулі болып отыр. Сонымен бірге институттар мен интернаттар жанындағы балалар немесе балалар клиникасындағы әлеуметтік қызметкерлер де өздерінің психотерапевтік дағдыларын пайдаланады. Олар кәсіби топ ретінде кеңес беру процесін зерттеуге көп көмек беріп отырды.
Өндіріс орнындағы адамдармен жұмыс. Өндірістегі адамдарға кеңес беру осы уақытқа шейін олармен атқарылатын жұмыстың аз мөлшерін қамтыды. Жұмысшылармен немесе жұмысқа орналасайын деп жүргендермен қандай да бір мәлімет алу үшін әңгімелесу маңызды іс-әрекет болып саналғанымен, психологиялық бағдарды өзгетуге бағытталған кеңес беру туралы өндірісте ешкім білмейтін болып шықты. Қазіргі кезде, Вестерн Электрик Компани зауыттарында өндірістік қатынастарды қарастыруға жүргізілген белгілі зерттеулерден соң, жағдайдың өзгеретін түрі бар. Бұл зерттеулер өндіріс орындарында қарым-қатынастың әлеуметтік аспектілері өндірісті ұйымдастырудан гөрі маңыздырақ екенін көрсетті. Осыдан индевидте қанағаттану сезімдерін тудыратын әлеуметтік жәнеэмоциялық сферадағы бейімделудің рөлі жалақы мен жұмыс уақытын өзгертугеқарағанда анағұрлым маңызды екені анықталды.Осы ұзақ уақытқа созылған,бастапқы мақсаты жұмыс жағдайларының еңбек тиімділігіне әсерін қарастыру болған зерттеулер нәтижесінде жұмысшылардың жеке проблемаларын шешуге көмектесетін кеңес беру бағдарламасын жасау ұсынылды. Ғалымдар өндірістегі моральды хал-ахуалға тек осы ғана әсер ететінін түсінді. Мұндай бағдарлама (әрбір 300 жұмысшыға бір кеңес беруші) жасалы, зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын көрсетті. Біз кейін де осы жұмысқа сілтемелер беріп отырамыз.
Қазіргі біздің айтарымыз: аса жоғары еңбек өнімділігі- әрбір жұмысшының жоғары деңгейдегі кәсіби дамуы, яғни өндіріс саласындағы кәсіби кеңес беру процесі – маңыздылығы аса жоғары процесс екендігі ғана.
Әскери салада. Студенттік және өндірістік кеңес беру туралы айтылғандар мен тұжырымдардың көпшілігі кез-келген әскери ұйымға – оқу немесе әскери ұйымға тең дәрежеде сәйкес келсе де, кеңес берушілік бағдар ел аймағында қолданылатын, мемлекеттік деңгейдегі әскери бағдарламада өте аз пайдаланылған. Әрине, бұл ішінара жетістіктер мен жаңалықтарды тиімді жұмыс бағдарламаларында пайдаланудың әдеттегі кешеуілдеуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл жағдай әскер басыларының жкек - тұлғалық тұрғыдан емес, көпшіліктік тұрғыда ойлауға бейімділігіне де байланысты болуы мүмкін. Соған қарамастан психотерапия саласында дамып келе жатқан білімдерімізді әскери бағдарламада да, тиімді пайдалануға болар еді деп тұжырымдауымызға көптеген себептер бар.
Өндірістегі моральдың хал-ахуал сияқты, жауынгерлік рух та адамаралық қарым-қатынас пен бейімделушілікке жоғары деңгейде тәуелді және осы салада кеңес беру өзінің пайдалы екендігін дәлелдеді. Мыңдаған әскерге шақырушылар мен әскерге өз бетімен келушілер өздері үшін аса күрделі жаңа жағдайларға тап болды – олар басшылыққа, жаңа әлеуметтік топқа бейімделуі керек, оларға өздерінің кәсіби жоспарларын өзгертуге, болашақтың белгісіздігімен санасуға тура келеді. Кейбіреулер бұл проблемаларға өздігінше бейімделуге қабілетті және осы сияқты жағдайларда ешкімнің көмегінсіз дұрыс бағдарлана алады. Бірақ көпшілігі ондайға қабілетсіз, оларда наразылық, невроздық үрдістер туады, олардың көңіл-күйі жабыраңқы болады. Моральдық хал-ахуал үшін осындай ауытқыған мінез-құлық әсері қиындау болады. Кеңес беру мұндай индевидтерге өз қиыншылықтарын көруге ықпал етіп, оларды бейімдеуге мүмкіндік берер еді, оларға жеке тұлға күштерін жұмылдыратын жаңа мақсат табуға, соған жетуге бар күш-жігерін табуға көмектесер еді.
Осындай әдетте кез келген әскерге келушінің алздынан шығатын қиындықтардан басқа, әскери дайындықтың нақты түрлеріне тән ерекше психологиялық стресс жағдайлары да болады. Ұшқыштар, парашютпен секірушілер және оқытуды аса қауіпті маневрлермен байланысты басқа кәсіби мамандар көбінесе үлкен қорқынышты бастан өткізеді, дүрбелең жағдайға түседі, оның қалыпты оқуға әсер ететіні соншалық,олар осындай оқу курстарынан міндетті түрде шығып қалып отырады. Осы сияқты себепсіз қорқыныштар туралы айту және олардан арылу мүмкіндіктері, қайтадан өзіне сенімділік тудыру көптеген осындай адамдардың оқу дайындығын аяқтауына мүмкіндік берер еді. Осындай дайындық жағдайында эмоциялық және бейімдеушілік проблемаларының нәтижесі ретінде қаншама қиындықтар туындауы мүмкін екенін тек болжауға ғана болады, кеңес берудің өзі де соларды жеңуге арналған, ал мұндай жъұмыстамен тығыз байланысты адамдардың айтуынша, олардың саны аса көп.
Кеңес беру бағдарламасының қажеттілігі әскер қатарында жүргенде ғана емес, мүмкін, бейімделудің қиындықтарына байланысты, тіпті әскерден қайту кезеңінде одан да гөрі қажеттірек бола түседі . Әскерден қайтушының алдынан еңбекке орналасу, отбасылық қатынастарды жандастыру,өзін-өзі қамтамасыз ету қажетелігі , жаңа әлеуметтік байланыстарды дамыту проблемалары шығады. Кейінгі соғыс тәжірибесі осындай жағдайда адамға, ең алдымен, өз бетімен дербестік алуға көмек тесетін терапия жауапкершілікті жоғарыда тұрғандарға арта салуға болатын әскердегі бұйрықтық өмір сүру формасымен қоштасуға, өз бетімен шешім қабылдауға, таңдай білуге көмектесу қажет екенін көрсетеді.
Қарулы күштерде енгізуге болатын кеңес беру формалары бар, бірақ ол әлі енгізілмеген. Соғыс кезінде кеңес беруді пайдалану тәжірнибесі – психологиялық тұрғыдан жәбір көрген көптеген адамдарды қайта бейімдеу (реадаптация) жұмысы. Соғыс кезінде невроздық механизмдердің дамуы және офицерлермен қатардағы әскерлердің ақиқат өмірден безінуі – қазіргі армияның ең өзекті проблемасының бірі ретінде қолданыла бастады. Қазіргі соғыстың ажырамас бөлігі өзінің екі ерекшелігімен – соғыс әрекетінің механикаландырылуы және жүйке соғысымен бірге отырып, ауыр стресс жағдайына әкелуіне байланысты индеведтің психикалық құрылымы өз тұрақтылығын жоғалтады.Психологиялық кеңес беру осындай адамзаттың өзіне қарсы соғысының құрбаны болғандары қайта бағыттау мен емдеу үшін көп үлес қоса алады. Әскери бағдарламада тиімді кеңес берудің орны мен рөліне байланысты тағы да бір мәселені қосып айта кетуге болады. Соғыс кезіне тән психологиялық хал-ахуалдың әсерінен демократиялық қоғамның көптеген жетістіктері бірте-бірте шеттетіліп отыр. Демократттардың дағдарыс кезінде пайдаланатын диктатурасының кейін тұрақу мүмкіндігіне байланысты олардың мүлдем жоғалып кету қаупі де бар. Негізгі мақсаты адамға бағытталған жеке тұлғаның неғұрлым үйлесімді дамуы болатын тиімді кеңес беру бағдарламасы осы жекетұлғалық интеграция ұғымын қорғайтын күш – демократияның бірінші орынға әрбір жеке азматтың маңыздылығы мен беделін қоюының маңызды символы болуы керек.
Кеңес беру әдістері, осы қысқа алғы сөзде берілгендей, қазіргі уақытта көптеген салаларда маңызды орын алады және келешекте әсіресе білім беру саласында, өндірісте, әскери әрекет бағдарламасы сияқты, жалпы ұлттық көлемде маңызды құралға айналуы мүмкін. Көп қолданып жүрген және маңызы күннен – күнге өсіп келе жатқан әдіс біздің егжей- тегжейлі қарастаруымызды қажет етеді.

3-лекция.

Психологиялық кеңес берудің басқа да психология салаларымен байланысы.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психологиялық кеңес беру негіздерінің психотерапия саласымен тығыз байланыстылығы.
2. Психотерапия саласындағы алдын алу шаралары, ортада емдеу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.

Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.
6. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.

Лекцияның мәтіні:

Қазақтар –пысық,пісіп қатқан,өмірге құштар халық,олар ойын сауыққа құмар:киімде ашық бояулыны , тұрмыста той мерекені сүйеді.
Г.Н.Потанин.
Мен қазақтардың арасында қысқа уақыт болған шағымның өзінде бұл халықтың талай асыл қасиеттерін көрдім.
Э.П.Зиннер.
___________________________________________________________________________
Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға - барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болып табылады.
Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.
Алдын алу шаралары. Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуға бағытталуы мүмкін. Мысалы, ол – адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.
Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардың психологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.
Ортада емдеу. Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс – айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге - мектебін ауыстыру, үшінші біреуге – бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаның терапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.
Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітапта автор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.
Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзған бала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме – бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегі индевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бір себептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. Орта әсерінің тұрғысы (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуы мен таралуына шек қояды.
Тікелей емдеу. Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелей қатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.
Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты – экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгі элементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе саздан жасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу – секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.
Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін қақпандарға түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру – бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.

Кеңес берудің қолданылуы мен кең таралуына қарамастан және кейбір кәсіби топтардың өкілдері оны өздерінің қолданылатын негізгі әдістерінің бірі деп есептегенімен, бұл процесс әлі толық зерттелмеген . Біз, мысалы, балаларды интернатқа анықтаудан гөрі, студенттер арасындағы кеңес беру жұмысының нәтижелері туралы анағұрлым аз білеміз. Кеңес беру процесін сипаттаудың өзі жан-жақтылығы жағынан, ойын терапиясы әдістерін сипаттауға қарағанда, соңғысы аса шектеулі жағдайларға пайдаланылса да, әлі жеткіліксіз. Біз, басқалармен салыстырғанда, кеңес беру тиімділігін жоғарылату немесе төмендету факторлары жайлы анағұрлым аз хабардармыз.
Бұл саладағы біздің біліміміздің деңгейі төмендегі соншалықты, психотерапия аспектілерінің бірде-біреуі туралы қандайда белгілі және аяқталған ой- пікірлерді кәсіби деңгейде ұсынуға әлі дайын емеспіз. Бізге дәл қазіргі уақытта керегі кейін оны тексеру үшін кеңес беру тәжірибесінде негізделген болжамдық жағдайлар қатарын қалыптастыруға тырысып көру. Ғылыми даму тәжірибеде тексеріп көруге, түзетуге және келешекте жетілдіруге болатын болжамдары бар жағдайда ғана мүмкін. Әлі күнге кеңес беру салссында жемісті болжамдар көп емес. Керісінше, бұл саланың адамдарға көмектесу арқылы игілікті істер жасауға ұмтылысы оны негіздейтін принциптердің дәл тұжырымдауының орнын басып отырды.
Автор қойылған мақсаттарға сәйкес психотерапияға байнысты көзқарастармен барлық ой-пікірлерді мазмұндауды міндеттемейді. Осы пән туралы бір-біріне қарама-қарсы түсініктерді бейнелей отырып, оларды шатастыру емес, негізінен кеңес беру сферасында бір бағытта, бір тұрғыда жұмыс істеу дұрыстау болар деп санайды. Сондықтан осы еңбекте балаларға көмектесуде он екі жыл қалыптасқан кеңес берудің әдістерімен теориясы көрсетілген, оған отбасылық және студенттерге кеңес беру тәжірибелерінің әсері ескерілген және көрсетілгендер осы саладағы басқа мамндардың тәжірибесі , ой – пікірлерімен жеңіл үйлеседі. Берілген көзқарас тұрғысынан кеңес беруде аталған көзқарастың қалыптасуында зерттеушілік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген, әрі қарай талдау жүргізу үшін жекелеген ь және сериялы терапевтік әңгімелері фонографқа жазылып алынған жұмыстың маңызы зор болды.
Мұның өнімді болғаны соншалық, белгілі бір күңгірт идеялар таза, айқындыққа ие болды. Көрсетілген түп-нұсқалар базасында қалыптасқан негізгі принциптер мен болжамдардың толық қатары осы саланың келешекте дамуына негіз болады деген үміттеміз.
Негізгі болжам. Осы кіріспе тараудың қорытындысында оқырмандарға түсініктемесі, дәлелденуі және қосымшалары келесі тарауларда келтірілетін негізгі болжамды ұсынуды дұрыс деп ойлаймыз. Оны өте қысқа үлгіде төмендегідей анықтауға болады.
Тиімді кеңес беру - өз алдына құрылымдық үлгісі анықталған, белгіленген ережелері жоқ өзара әрекеттестік; ол клиенттің өзін түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні сонша, оның жаңа бағдарларына сәйкес оң қадамдарнды жасауына мүмкіндік туғызады.
Осы айтылғаннан мынадай салдар б шығады: барлық қолданылатын әдістер алдын ала белгіленген өзара еркін әрекеттестікті құруға мақсатты, бұл кеңес беру кезінде де, басқа қарым-қатынаста да өзін түсінуге және клиенттің өзінің ынтасы негізінде оң әрекеттерді құру үрдістеріне бағытталған болуы керек.
Бұл жағдай келесі тарауларда толығымен түсіндірілетін болғандықтан, біз оны осы жерде талқылаймыз, бірақ кейін ол нақты мазмұнмен толықтырылады. Оқырман кітапты оқу барысында өзі үшін ол жаңа мағына иеленді ме дегенді тексеру мақсатымен қарайлап отыруына да болады.

4-лекция.

Психологиялық кеңе беру, психологиялық коррекция және психотерапия салаларының өзара байланыстылығы.
(1 сағат)

Жоспары:

1. Психологиялық кеңес беру, психотерапия және психодиагностика ғылымдарының өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
2. Психолог-кеңесші – клиент, психотерапевт-клиент қатынас ерекшеліктері.
3. Психотерапия мен психологиялық кеңес берудің айырмашылықтары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
6. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

Қосымша:

1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
6. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
7. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

...Қазақтар өте қонақжай ,өзі аш қалса да соңғы фунт етін қонаққа ұсынады.
И.А.Кастанье.
Қазақ керемет өсімдік танығыш:әр түрлі өсімдіктің жылдың әр мерзіміне қарай қай түлікке жағымды келетінін жақсы біледі.
Ф.А.Щербина.
Малмен бірге өріп, үнемі соның соңында жүрген қазақтар байқағыштыққа, малды шебер бағуға машықтанады. Бұл тәсіл ұрпақтан –ұрпаққа тарады, асыл мал тұқымдарын өсіруге жәрдемін тигізді.
С.Н.Боголюбский.
________________________________________________________________
Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады. Біз мұнда оларды шартты түрде ғана бөліп, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны студенттерге түсіндіріп, олардың болашақ мамандық қызметінде бұл тәсілдерді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндей жерлеріне тоқталамыз.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы- жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтар мен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
“Психокоррекция” мен “психотерапия” терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдар бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырды. Оның үстіне “психотерапия” (psyhotherapy) термині халықаралық болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асырытын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындадағы шек өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұны Ю.Ф. Поменов, А.С. Спиваковская, т.б. авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екенін атай отырып, дегенмен психологиялық кеңес берудің арнайы медициналық дайындығы жоқ психологтар жүргізуіне болатындығын, кеңес беру тек психологиялық жағдайда көзқарасты өзгертуге бағытталған болғандықтан оны адамның психикалық қасиеттеріне белсенді ықпал ету арқылы өзгерту керек емес кезде психолог мамандар жүргізе алатындығы айтылған.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізі немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс рөл птқарады деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымы басқаша болады: оладың көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады. Сонымен, кеңес беруші- психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. “Біз күйеміз екеуміз себепсіз ұрысып қаламыз”, немесе, “Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады”. Психотерапвтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: “Мен өзімді өзім ұстай алмаймын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын”, немесе, “Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты боладыда тұрады, оны ешқандай себепсіз қызғанамын”. Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалады. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы- белгілі дәрежеде ерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін- өзі өте терең және жан-жақты, барлық қыр-сырынан түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шғымдар локусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға дайындығы- онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды. Клиентке көмек беру үшін кеңес беруші оған өзінің проблемаларын толық түсініп, өмірлік күрделіліктерге басқаша қарау, бұл проблемалардың неден орын алғанын көрсете білу және әдетте байқалмайтын қиындық көзі болатын тараптардың өзара қатынастарын талқылау арқылы жүргізіледі. Ықпал жасаудың мұндай формасының негізі, бәрінен бұрын, клиенттің көзқарасын қалыптастыру және оның негативтік қатынасын өзгерту болып табылады. Кеңес беру әңгімесі барысында клиент оқиғаға кеңірек және тереңірек қарау арқылы ондағы өзінің рөлін бағалауға, осы жаңа көзқарасына сәйкес өткен оқиғаға өз қатынасы мен мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік алады.
Психотерапевтік ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда психологиялық ықпал жасау жұмысының бастапқы, шағымды талдау кезкңдерінде-ақ тереңдеп, қайта қалыптастыру процесінде үлкен рөл атқарады. Маманмен әңгімелесу барысында клиенттің қазіргі кездегі өзінің басқалармен арақатынасының өзекті оқиғалары ғана емес, өткен мәселелер де (балалық, жеткіншектік, қыз-бозбалалық шақ оқиғалары) талданады. Адамның психологиялық өмірінің, түс пен өңнің ассоциациясы секілді байланысы бар ерекшк формалары психотерапияда жиі-жиі пайдщаланылады. Психотерапияның ерекше бейнесі-көмек сұраған адам мен кәсіби маман арасындағы қатынас көптеген өзіне тән ерекшкліктермен сипатталады: тасымал және контртасымал терминдерімен белгіленетін қатынас, сараптау үлкен орын алады. Кеңес беру барысында сұрақтарға клиенттің берген жауаптары мүлдем талқыланбайтын кездері психотерапиялық ықпал мүмкіндіктерін тереңдету мен кеңейту негізгі құралдарын ың бірі болып табылады. Р.Урсано, С.Зонненбери, С.Лазар т.б. психотерапевтердің айтуы бойынша мұндай тәсіл жүйекнің терең қабаттарын сраптау арқылы клиенттің патогенді күйзелістері мен ерекше мінез-құлық себептерін терең түсінуге алып келеді және жеке тұлғанының қиналып жүрген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпал жасаудың бұл түрлерінің ұзақтығы да әр түрі болады. Психологиялық кеңс беру көбіне қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі.Алпсихотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары- клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші- психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы, т.б. көрсеткіштері әр түрлі адамдарды кездестіруге болады. Оладың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлекциясының даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкінді бар, өте қабілетті, бірақ ол қабілітін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметін пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер, т.с.с. кездеседі.
Мамандардың психотерапиялық ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте үлкен және олар теориялық психологиялық дайындықпен қатар белгілі медициналық білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибені супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психотерапиямен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада қызмет тақаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевттердің арасында арнайы дайыдықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес, пациент деп аталатынын байқаймыз. Сондықтан бұл саладағы маманның толыққанды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес. Соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығаяды.
Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы- кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда көмек көрнсетілуі керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегі алдына қойған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді (мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып, оның сүйіспеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс- психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің рөлі туралы ойлайтынын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткілісіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болуы. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенінде түсіне бастайды. Бірақ клиент өзіне психолог.иялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстығының мағынасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдлану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қарған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.

5-лекция.

Психологиялық кеңес беру мен психотерапия туралы ескі және жаңа көзқарастар.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психологиялық кеңес берудегі ескі дәстүрлі әлдістер қатары.
2. Психологиялық кеңес берудегі жаңа көзқарастар.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
1. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
2. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
3. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
4. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
5. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
6. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
7. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

Қазақ меймандос халық ,ол ең жақсы төсенішін қонағының астына төсейді ,асының дәмдісін соның аузына тосады.Олар ерекше ақкөңіл ,жігерліде, сергек адал жандар.
А.И.Левшин.
Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған топырақ атады.
Расул Ғамзатов.

___________________________________________________________________________
Кеңес беру саласында бағдарлану мен оның перспективаларын анықтау үшін қазіргі кеңес беруге дейінгі кейбір әдістерді және кітаптың кейінгі тарауларында түбегейлі сипатталатын жаңа тұжырымдамаларының қатарын қамтитын қысқаша очерк ұсыну дұрыс сияқты. Ескірген әдістерді кейінгі терапевтік техникалардың негізі ретінде қарастыра отырып, біз қазіргі көзқарастарды тереңірек түсінеміз және оларды әрі қарай жетілдіруге себеп болатын конструктивті сынауға мүмкіндік аламыз.Сондықтан. да осы тарауда оның жеке прцестерін егжей-тегжейлі қарастырмастан бұрын, кеңес берудің өткен мен бүгінін жоғарыдан бір шолып өтейік.
Бұл қысқаша шолуда біз түрлі интеллектілі мектептердің теориялықғыларын талдауды мақсат етеміз. Бұл жерде, психотерапевтік ойлауды дамытуға да, жеделдетуге әсерін тигізген әр түрлі “изм-дердің” тарихын қстыруға тырыспаймыз. Тарихқа тереңдеу дегеніміз оқырманды әйтеуір бір лагерьге қосуды білдірсе, ол практикада қолданылатын әдістер мен техникаларды терең талдаудан алыстатар еді. Бізді қызықтыратыны да осы практикада қолданылуы.
Психотерапия термині жаңадан пайда болса да, бұл өзі жаңа ұғым емес. Жүздеген жылдар бойы адамндар бейімделмеген адамның мінез-құлқы мен бағдарын неғұрлым оң бағытқа өзгерту үшін көзбе-көз қарым-қатынас жасау жағдаяттарын түрліше пайдаланды.Сондықн да неғұрлым жемісті бейімделуге көмектесетін тікелей контактінің, нақты жағдаяттарды қолданудың түрлі тәсеілдерүін талдауға мүмкіндігіміз бар.
Жарамсыздығы әшкерленген әдістер. Адамға әсер етудің ердегі әдістерінің бірі – бұйыру және тыйым салу. Оған аздаған иллюстрация келтірсек те жеткілікті:Бірнеше жылдар бойына автор бір әлеуметтік қызметпен бірлесіп жұмыс жасады. Оның тарихы 1900 жылы-ақ басталған еді. Бұл агенттіктің алғашқы іс-қағаздарына зер салу өте қтік тұлғалық бейімделе алмаудың әрбір оқиғасын сипаттайтын карточкілер. Көптеген жағдайларды сипатауға “Ата-аналарға қатаң нұсқалған” деген сөздер қоса жазылды. Бұл жазулардың өзіне деген сенімділік сипатына қарап, қызметкерлер өз борыштарын орындадықдеп есептеуңлері әбден ықтимал. Олар өз күштерін индевидке қысым көрсету жолдарына жұмсаған. Олардың пікірінше, Бұл терапевтік тиімнділіктің жолы еді. Кейін көпшіліктің мойындауынша, бұл әдіс толық тиімсіз табылды және қазір де ол - бар болғаны мұражайдағы жәдігер (экспонат)ғана. Одан бас тарту - парасаттылықтың жеткіліксіздігі емес ,- әдістің қорғансыздығының салдары болып табылғанын атап айту қажет. Мұндай бұйрықтар мен қоқан- лоқылар адамның мінез-құлқын түп.кілікті өзгертетін әдісетер қатарына жатпайды. Шындығында, Олар сыртқы әрекетке, оның үстірт деңгейіне ғана ықпал етеді.
Біздің тарихи шолуымыздың шеңберіндегі екінші әдісті ақыл- кеңес айту деп айтуға болар еді. Бұған серт беру мен міндеттемелерді жатқызуға болады. Жалпы түрүінде бұл индевидті ішімдік ішуді тасетауға, ұрлық жасауды тоқтатуға, өзінің әйеліне көмектесуге, жақсы оқуға,ынтамен жұмыс істеуге немесе қандайда бір лайықты нәтижеге жетуге серт беруге дайын болуға жеткізетін процедура. Осылайша, ол өзіне игілікті ниетті іске асыру міндетін алады. Бұл амал топта да, жеке де қолданылды. Психологиялық көзқарас тұрғыцсынан оны уақытша эмоциялық көтерілуді құру және содан соң индевидті оның жағымды талпыныстарының жоғары деңгейінде “ұстап тұруға” тырысу ретінде сипаттауға болар еді. Қазір бұл әдістің мүлдем жарамсыздығына ешқандай себебін ұзақ іздеу керек емес. Енді қайталану (рецедив) болып табылатынын айқын ұғынады. Ақыл айту, ант ету немесеғ уәде беру табыс әкелмейді және шын мәнінде ештеңені де өзгертпейді.
Үшінші қадам сенімнен айыру және қайта сендіру жоспарындағы иландыруға негізделеді. Бұған Куэ пайдаланған өзіндік иландыру сияқты процедура жатады. Бүкіл дүние жүзіндегі кеңесшілер мен мамандар қолданатын қайта сендіру тәсілдерінің көпшілігі де осыған жатады. Клиентке “ Сен жақсарып келесің” , “Сенің жағдайың жақсарды” , “Сен өзіңді жақсы сезінесің “ дейді. Мұның бәрі оның осы бағыттағы мотивациясын күшейтуге деген үміт. Шеффер мұндай иландыру, түбінде репрссивті екенін аса сәтті атап көрсетті. Ол бар проблеманы және индевидтің осы проблемаға байланысты сезімдерін жоққа шығарады.
Кеңесші немесе клиницист қолпаштау немесе жарқын көзқарастағы көптеген сенімділіктерді келтіреді, клиникалық жағдаятта осындай бағдарға сәйкес келе бермейтін ниеттерін клиент ашық айта алмайды.Бұл тәсілді көптеген мамандар әлі де пайдаланып жүргенімен, осы әдіске деген сенімнің азаюында күмән жоқ.
Катарсис – ежелгі психотерапевтік тағы бір әдіс – бұл іштей тазалану. Бірнеше ғасырлар бойына шіркеу іштей тазалану әдісін пайдаланып келеді. Іштей тазалану адамға өзінің проблемаларын тыңдаушыға ашуға мүмкіндік береді. Тазаланушы адам белгілі бір нақты түсінуді және қабылдауды күтеді. Адамдардың өзі де, шіркеу де бұл әдісті аса ықпалды және игілікті деп есептейді.
Психоанализ катарсис туралы ілімді өзіне қабылдады да және оны неғұрлым ұтымды пайдаланудың жолын жасады. Біз катарсистің индевидті саналы қорқыныштар мен кінәлі сезімнен босатып қана қоймай, оның әрі қарай дамуыда адамп мінез-құлқына дәл осылай әсер ететін терең де жасырын жатқан бағдарларына жарық түсіре алуы мүмкін екнін білдік. Соңғы жылдары бұл ертеден келе жатқан әдісті қолданудың жаңа тәсілдермен таныстық . Ойын терапиясының барлық техникасы катарсистің іргелі принциптеріне негізделген; саусақтармен сурет салу; психодрама, сахнада ойнау - осының бәрі жаңалық емес, терең тамырын жайған психотерапияның әдісіне жоғалып кеткен жоқ, ол дамып отырды.
Кеңестер мен ұсыныстар. Психотерапияның неғұрлым кең тараған амалдарының бірі – бұл сендірулер мен кеңестер. Оны тағы да интервенция деп атауға болар еді.Осы амал шеңберінде кеңесші қажетті мақсатты таңдап, клиенттің берілген бағытта дамып келе жатқанына көз жеткізу үшін оның өміріне енеді. Бұл әдістің соңғы көрінуінің мысалы ретінде бізге таныс “сарапшыларды”атауға болады, бұл радиодан сөйлейтіндер адамның қандай да бір күрделі проблема жөнінде айтқандарын тыңдап, 3 – 4 минут ішінде оның алдағы әрекетіне қатысты нақты кеңестер береді.
Бұл әдістің қате екенін әрбір жақсы дайындалған кеңесші біле тұрса да, бүгінгі кеңес беру тәжірибесінде кеңес пен ұсыныстар беру жиі қолданылатыны таң қалдырады. Өкінішке орай, кеңесші өзіне қандай жауапкершілікті алып отырғанына есеп бермейді және клиент өміріне өзінің араласуының дәрежесін де ұғынбайды. Фонограммаға тұтастай жазылып алынған кез келген әңгімеде: “Егер мен сіздің орныңызда болсам ...”, “Мен ұсынар едім...”, “Менің ойымша, сіз былай етсеңіз ...” деген сияқты фрозаларн жиі кездеседі. Шамасы, әдісті осылайша пайдалану оқиғаларын мысал келтіру орынды болар. Келтірілген үзінді бір әңгіменің фонограммасынан алынған. Кеңесші сеанс процесінде пайдалы кеңес беру қажет деп есептейтін әдеттегі жағдай.
Психологияның “4” курсын ( оқыту дағдыларын курсы)тапсыру талап етілген студент әңгіме барысында кеңесшіге өзінің уақытша жұмысы туралы айтады. Ал кеңесші оған осы тақырыпқа қатысты бірқатар сұрақтар қояды. Біздің алдымызда әңгіменің жалғасы.
Кеңесші. Сонымен, мен шын мәнінде уақытыңыздың барлығын кітаппен өткізуіңіз керек деп ойлаймын. Егер сіз, әрине, аштан өлуге тәуекел етпесеңіз, мен сізге жұмыс істеуді ұсыцнбас едім. Айтыңызшы, колледжде қалу үшін бұл тоқсанда баға алуыңыз керек еді?
Субъект. Мен нақты білмеймін, орташа есеппен 2 немесе 2,1 шамасында.
Кеңесші. Егер сіз шынында колледжде қалғыңыз келсе, белбеуіңізді бекем буып, оқу барысында қарқынды еңбек етуіңіз керек . Егер сіз осынша уақытыңызды тек жұмысқа беретін болсаңыз, онда қалай болатынын мен елестете алмаймын . Маған бұл уақытты сабаққа жұмсау қажет сияқты. Бірақ бұл менің пікірім . Сіз өз жағдайыңызды өзгелерден, артық түсінуіңіз керек. Мен – бар болғаны сырттай бақылаушымын және де өзімнің жеке тәжірибеммен сіздердің курстарыңыздағы “4”- курсты өтуге көмектесетін, өзге студенттердің білімдеріне негізделе отырып, салыстырулар жүргізетін адммын. Менің – олардың кейбіреуін бұл курсқа кіріскен сәттен бітіріп шығуға дейін бақылауға мүмкіндігім болды. Олардың кейбіреуі оқуды аяқтады, ал кейбіреуі аяқтаған жоқ және коледждің әрбір сыныбында да осылай. Бірақ бітіруші болу үшін, егер адамда- туа біткен интеллект – ерекше ақыл –ой қабілеті болып, сондықтан да оған оқу қажет болмаса, ал сіз осындай адамдар қатарына жатпасаңыз, онда сіз кітапқа өте көп көңіл бөлуіңіз керек . (Үзіліс). Сіз жатақханада тұрасыз ба?
Осы өзіндіні оқығанда бірқатар сәттерді атап өту қажет .Бұл мысал қандай қатаң формада ақыл айтылатынын, сондай-ақ осы әңгімеде оқуды жалғастыру мүмкіндігіне қатысты көлегейленген қоқан-лоқы көрсетіліп отырғанын бағалауға мүмкіндік береді. Кеңесшінің қорытындысында мұндай қатаң және шешімді нұсқау беріп жатқанына кешірім сұрауы да маңызды. Осы жерде “бұл тек менің пікірім “ деген сияқты фразалар кездеседі. Кеңесшіде әрдайым барлық мәселеге қатысты шешімін өзгеге таңу дұрыс емес деген сезім болады. Сондай-ақ бұл үзіндінің соңында кеңесшінің клиентте пайда болатын қарсылықтан қашу үшін тақырыпты өзгертетінін де атап айтуға болады.
Студентке неғұрлым күштірек қысым көрсетілетін тағы бір әңгімеде мысал келтірейік. Бұл үзінді кеңесшінің өзінің сөздерінен жазылып алынған.
Эмоциялық проблема. Емдеу, бір жағынан, катарсис айналасындашоғырланды. Френк өзіне ұнаған және оны қызыға тыңдаған адамға мәселені айта отырып, біраз жеңілдегендей болды. Ол маған адамдармен тіл табысуға үйрене алмағандықтан, өзін бақытсыз сезінген көптеген жағдайлары туралы айтты (мұндай жағдайлардың көбі клиникалық мәліметтерде бейнеленген). Менің алғашқы қадамым мұндай тұлғалық бітіс өмірлік бейімделу тұрғысынан қажетсіз екенін түсіндіру, оны түзетуге қадам жасау кректігін айту болды. Мен”Сіз оны түзетуге өз тұлғаңыздағы, басқа тұрғыдан дұрыс саналатын, осы кемшілікті түзеткіңіз келе ме?”- деп сұрақ бердім. Олсенімді жауап берді. Мен оның әлеуметтік түзетілуіне (реабилитация) мынадай шаралар белгіледім:1) АӘБУ (Адамаралық әлеуметтік бейімделу университеті )жанындағы әлеуметтік қабілеттер курсына жазылу; 2) әлемде болып жатқан оқиғалар туралы өз білімдерін қолднуға мүмкіндік беретін “ Космополитен” клубының жиналысына барып тұру ; 3) АӘБУ жанындағы аралас топтардың жұмысына қатысу (жеке тұлғалық тұрғыны қамтамасыз ету үшін әрбір топ мүшесіне бөлек хат тапсырылған.
Білім беру проблемасы. Менің жұмысым оны таза коммерциялық бизнес сферасында оқуды жалғастырудыайныту және жалпы білім беретін бағдарламаға көшуге үгіттеу болды. Алдымен мен оның назарын кәсібі бизнес мектебіне түсушілердің конкурс шартына аудардым. Ол өзінің “Д” орташа бағасы бұлжылы “С” бағасына келтірілгенін бұрынғысынша нықтады. Оның математикасы бар пәндерге жағымсыз қатынасын біле отырып (осы пәндерді оқытатын менің достарымның алдында ойша кешірім сұрай отырып), мен оқу жоспарына кіретін бірқатар пәндерді тізіп бердім: статистика, финанс, банкі ісі, теориялық экономика , бухгалтерлік есеп және т.б. Мен студентке бұл пәндер “жоғары дәрежеде теорияланған және абстрактілі” және “аса құрғақ” саналатынын айттым. Екінші жағынан, жалпы білім беру сипатындағы пәндер неғұрлым ыңғайлы және қызықты, ешқандай эканомикалық және математикалық дайындықты талап етпейді. Мен жалпы бағыттылау курсының бірнеше қызықты ерекшеліктерін атадым. Ақырында ол бұл туралыойлануға келісті. Менәректтің келесі жоспарын құрдым : 1) неғұрлым толық мәлімет алу үшін жалпы білім беру дайындығы бойынша кеңесшімен кездесу (мен кездесуді ұйымдастырдым) ;2) мәселені оның ата-анасымен талқылау ; 3) тіркеу бөлімінен ауысу үшін бланкі алу.
Кеңесшінің студент ойының барысын қаншалықты толық басқаратынын аңғарыңыз. Кеңесшінің клиентті қандай мақсатқа бағыттауды анық білетіні әбден түсінікті. Мақсатқа жетуге оны сендіре отырып, ол көңілге қонымды және тікелей дәлелдермен қатар, студентті мақсатқа жетелейтін бір жалған ұсынысты да береді, яғни кез келген мақсатқа жеткізетін жол пайдалы деп саналады. Мұндай әдіс оқу консультациясында да, клиникалық жұмыста да кеңінен тараған.

6-лекция.

Психологиялық кеңес берудің типтік сатылары.
(1 сағат)

Жоспары:

1. Психолог-кеңесшінің кәсіби бағыт-бағдарлары.
2. Кеңес берудің жоспарға сәйкестігі.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
6. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
7. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
8. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
9. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
10. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
8. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
9. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
10. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
11. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
12. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
13. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
14. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог да жоқ.
К.Д.Ушинский.

Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы, жол-жорасы.
Мағжан Жұмабаев.

____________________________________________________________________________
Клиенттің психолгиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланатын әдістемелер мен арнайы жасалған “ бос орындық техникасы” отбасылық терапия шеңберінде жасалған” келісімдер жасау” т.с.с әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің
Теориялық бағдарымен сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойнша теориялық еңбектермен таныстығын , бұл жұмыстардың ерекшелігін толық түсінгенін сондай ақ әріптермен кәсіби қарым қатынас жасап, олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің оның кәсіби жинақтылығының шарты болып ьабылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағыналы жағынан тереңдетіп оны эмоционалдық жағын үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін , клиентпен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктері кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.
Кеңес берушінің ықпал етіп вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Психологиялық ықпалдың табысты болуының негізгі шарты әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады.
1. психологтың көзқарасы – сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру.
2. отырысы – отырғанда клиентке қарама қарсы емес кішкене бір біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады,
3. бет көрінісі – психологтың бет әлпетінде тілектестік, мейірімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс, ол психотерапевтикалық әдістердің бірі болып табылады.;
4. дене қалпы – психологтың отырысы емін еркін, дене қалпы ашық, клиенттен жабық емес болуы керек. Қол қусырылған тыныш таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді, сондықтан психологтчң дене қалпы клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай туғызатындай болуы керек.
5. дауыстың ырғағы, күші – психолог дауысы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін кей кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар,
6. паузаларды пайдалану – психолог кейде ундеместен отырып өз ойын, тағылымын толық айтуға мүмкіндік береді. Осы талаптарға сай ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру өз функциясын толық орындайды.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары.
1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері;
2. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының байланыстылығы.
3. Психологиялық кеңес берудің қағиджалары.
4. Қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу
5. Клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану
6. кеңес беруге тыйым салу
7. Кеңес берудің анонимділігі
8. Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу
9. Клиентке кеңес беру процесіне кірістіру
10. Психологиялықкеңестен өтіп жатқанда жауапкершілікті өз мойнына алдыру
11. Кеңес берушімен клинт арасындағы қатынасты құру
12. Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ат- аналарының психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттерінің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік н,ысаны, ата- аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.
Екінші фаза- өтініш иесінің, отбасының проблемасын анықтау. Бұл фазада кеңес алушымен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері анықталады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене келіп проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт- бағдарын түсіндіреді. Кеңес талушы мен кеңксші баламалы амалдарды талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе- екі жақ бір- бірін жете түсініп, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негізқ ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемасын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру- алу процесінің мақсаты- кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.
Үшінші фаза- іс- әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблпмаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң- терісін анықтау арқылы оны жаңаша тусінуге жетелеу жүргізіледі. Бұл фаза үшін мынадай динамика тән: кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылды, төзімділігі төмендейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң мәселені іртіндеп талдау барысында, оның мән мағынасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгерен бастайды. Мұндай өзін өзі түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілікке жеткізіп, эмоционалдық тарыққан жағдайлардан шығарып алу керек.Қорытындысына кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.
Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сыиысымды мінез- құлық көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады.Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сеніге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрә жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кеиін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырылады.
Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарды жүзеге асыруы мүмкін. Ақұпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық, тұтынушылық сипаттары.
Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитафон мен диктафонды,кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Алынған ақпараттарды толығырақ анықтау үшін ассистент көмекшілері әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процесінің динамикасы мен нәтижелігін қадағалайды.
Психологиялық кеңесберу барысында клиентке көрсеткен қызметінің тиімділігіне, психологтың кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы керек.
беделді, ұқыпты сұрастырушы,сенімді нығайтушы, диагноз қоятын, түсінуге ұмтылатын;
Ұқыпты кеңесші, сырт қарағанда селқостау болып көрінгенімен, салиқалы кеңес береді;
Беделді психолог, осал көрінетін клиентке күш- қайрат беріп, ізгілікке ұмтылуға баулиды, өзөінің күш жігері мен клиенттің сенімін нығайтады;
Сұрастырушы психолог ерекше белсенділік білдіреді, сұрақтарды көп қояды, пайдалы көзқараста болады;
Диагноз қоюшы психолог көптеген жағдайларда тәуекелге барып, ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.
Кеңес беруді жүргізу барысында психолог өзінің кәсіби біліктілігі мен дағдысын сыннан өткізіп, оңай және қифн сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезімідегі басты ойлапды н,азарға алады. Осы жина\қталған клиенттің ойын, айтқандарын ой елегінен өткізіп, оны қорытындылай білу, кеек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу, клиентпен ақылдаса отырып бірлесе шешім қабылдау- кеңесшінің шеберлігінің көрсеткіші болып табылады.
Психолог кеңес беру кезіндересми әңгімеге бармай ақ, клиенпен қымсынып тым тұйықталып қалмай немесе жеңілтектікпен шектесетіндей тым ашыла бермей өзінің ойын еркін жеткізуі керек. Гипотезаны берік ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей немесе беделін төмендететіндей тура сұрақ қоюға да болмайды.
Р:В:Овчарова Ұсынған отбасылық кеңес берудің тиімсіз және тиімді шарттарына назар аудару керек.

Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары.
1. Психолог клиентпен белгіленген уақытта кездесіп, оның проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.
2. Психолог кеңес алушының құқығын құрметтейді, кәсіби қарым қатынас жасау шараларын шамасы келетіндермен шектейді. Психолог клиенттің өзінің мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сенеді.
3. Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдістермен жеткізеді, оны эмоционалды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.
4. Психолг кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тыңдап, оның проблемаларын обьективті анықтау үшін кеңес алушының “ізімен жүріп”, терең және жан- жақты түсініп алады.
5. Психолог клиент алдында тұрған проблемалары туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.
6. Психолог клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолындақызмет жасауға шақырады.
7. Психолог клиентке барлық мәселені жан жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.

Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері.
1. психолог пен кездесулері уақытында өтпейді.
2. Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.
3. Психолог кеңес алушыны “көрмейді”,” естімейді “ және “сезбейді”. Ол өзінің айтқандарына ғана көңіл аударады. Кейде клиенттің “аузын ашқызбай” тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерелеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді.
4. кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді
5. Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді.
6. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.
Сонымен, отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оны жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.

7-лекция.

Психологиялық кеңес берудің қағидалары.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психолог мамандарының кәсіби ұстанымдары.
2. Психолог-кеңесші ұстанатын қағидалардың жіктелуі.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
11. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
12. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
13. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
14. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
15. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
15. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
16. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
17. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
18. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
19. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
20. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
21. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

Сөз-өмірдің ұлы қаруы.
В.Г.Короленко.
...халық тілінің байлығын игеру –зор талғам ,парасатты тілейтін жұмыс.
Ғ. Мүсірепов.
___________________________________________________________________________
Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тілелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық көмек беру, коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтың этикалық қағидаларына сай жүруі керек. Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса, оның ішінде, қабылдау барысында кеңес беруші клиентке ассоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолог баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұықтық көрсеткен жеткіншек баласына кеңес беру барысында рухани жарақаттағаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескел мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жармсыз деп танылады. Кәсіби қағиғалар мен талаптарды орындамау психологтың дипломынан, тәжірибеленуші құығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді ғана орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ. Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А. Бодалев, В.В. Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:
қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу.
Клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану.
Кеңес беруге тиім салу.
Кеңес берудің анонимділігі.
Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.
Клиентті кеңес беру процесіне кірістіру.
Психологиялық кеңестен өтіп өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру.
Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
Қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу.
Бұл тұжырымдаманың негізінде клиентті қабылдау кезінде оның өзін қалыпты және ыңғайлы сезінуге бағытталған кәсіби әрекеттің тұтас кешені жатыр. Тілектестік қарым-қатынас әрекеттің жалпы қабылданған нормаларын сақтау арқылы шағымданушының мұқтаждығын мұқият тыңдай білуді, қажетті псхологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысуды қарастырады. Әр клиентті психологтың қуанышпен күтіп алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен күдік тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы жіне оның төркінін түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. Сондықтан кеңес алушыға, коррекциядан өтушіге тілектестік білдіру- негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Клиенттің құндылығы мен нормаларына бағыттану.
Бұл қағида бойынша психолог өзінің жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған нормалар мен ережелер ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалары мен идеяларына бағытталуын ойластырады. Клиенттің өзінің құндылықтар жүйесіне сүйенгенде ғана психологиялық кеңес беру арқылы оған тиімді ықпал етуге болады. Сондықтан кеңес беруші қиын болып отырған қарым-қатынасы және басқа жағдайы туралы шағымданып келген адамның мұқтаждығына терең түсініп, оның толық ашылуына мүмкіндік бермесе ол сырын аша алмай тұйықталып қалады, нәтижесінде кеңес беру ықпалының мүмкіндіктері де мүлдем іске аспайды. Клиент құндылықтарын қабылдап алып, оларды құрметтей отырып, қажетті сөздермен қуат берсе, кеңес беруші олардың өмір жолындағы кедергі болып тұрған жағдайлардан адамгершілік сақтап өтуіне ықпал ете алады.
Кеңес беруге тыйым.
Кеңес беруге тыйым салуға негіз болатын себептер өте көп және алуан түрлі. Бәрінен бұрын, психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесінің таяздығы қандай болмасын басқаға кепілдендірілген кеңес беруге мүмкіндік бермейді. Психологиялық кеңес беру барысында психолог әрбір адамның өмірін толық түсінбесе ол белгісіз және алдын-ала болжанбайтын күінде қалады. Оның үстіне, өң бере отырып психолог клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаға жауапкершілікті толығымен өзінің мойнына алады. Бұл жағдай кеңес алушы тұлғаның шындыққа барабар қатынасын дамытуға ықпал жасауы да, жасамауы да мүмкін. Егер тәжірирбесі таяз, әлі шеберлігі қалыптаспаған маман психологиялық кеңес барысында клиенттің проблемаларын шешуге ықпал ете алмаса, онда психолог өзін “гуру” ұстанымына қояды. Бұл ұстаным клиенттің психологиялық жағдайын басқаруға, сол жағдайдан адамгершілкпен шығу жолын үйретуге мүмкіндік болмайды, сондықтан мұндай кеңес берудің зиян жағы басым болуы мүмкін. Клиент өз өмірін сараптап талдаудан, оны өзгертуге бастартып, өзінің басынан өтіп жатқан оқиғаға немқұрайлы қатынасының қалыптасуына лып келеді. Бұл жерде кеңесті іске асырудағы кез-келген сәтсіздік кеңес берушінің беделіне тері әсерін тигізіп, кеңес беруші сәтсіздіктің не,гізгі себебі ретінде бағаланады. Мұндай жағдай, әрине, клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғалардағы өз рөлін ттүсінуге кедергі келтіреді. Сондықтан, психолог кеңес беруге шамасы келмейтінін басқа бұл туралы клиентке ашып айтып, кеңес бере алмайтынын мойындауы керек. Осындай жағдайларда кеңес беру жұмысын жалғастыруға толық тиім салынады.
Кеңес берудің анонимділігі.
Психологиялық кеңес берудің негізгі шарты- оның анонимділігі, яғни құпиялығы. Бұл қағида бойынша клиенттің психологқа айтқан кез-келген ақпараты және психодиагностикалық зерттеу нәтижелері оның келісімінсіз ешқандай жеке тұлғаларға, қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдарға, оның ішінде туысқандарына немесе достарына айтылмайтындығына психолог кепіл береді. Көптеген елдерде бұл ережеден туындайтын мемлекет заңында арнайы қарастырылған баптар бар. Барлық мәліметтер құпия сақталатыны туралы клиентке алдын –ала ескертіледі. Дегенмен, кей кездерде психологиялық зерттеу барысында клиенттің берген ақпараттарында оның біреудің өміріне қастандық жасап, қауіп туғызып тұрғаны туралы тиянақты мәлімет алған жағдайда бұл құпияны психолог қажетті мекеме өкілдеріне жеткізуі қажет. Бірақ, әрине, бұл жағдайда психологтың өте абай болғаны және клиент мүддесін есепке алғаны дұрыс.
Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.
Психолог өз клиенттерімен достық қарым-қатынаска өте отырып немесе өзінің достары мен жақын туыстарына кәсіби көмек көрсетуге тырысып, оларға жығылғаны, айтқанымен жүргені тәжірибесі мол және кәсіби шеберлігі қалыптасқан кеңесшілерде де кездеседі. “Өз Отанында пайғамбары жоқ” дегендей, психолог өз туысқандарына психологиялық кеңес блеру мақсатында кез-келген ұсыныстар мен әңгімелер жүргізуі оның кәсіби қызметі оңай бағасызданылатындыққа алып келеді., сонымен қатар басқа да көптеген себептер бойынша да бұл жолдың қиын жерлері бар.
Пихотерапияда клиенттермен жұмыс жүргізу үшін маңызы өте зор екі негізгі ұғым бар: а) “тасымал”, яғни киенттің психотерапевтке және оның өзінің қатынастарын, негізгі проблемалары мен шиеленістерін тасымалдай білуге бейімділігі. Б) “контртасымал”, яғни психотерапевтің клиентке қатысты ішкі проблемалары мен шиеленістерін және өзінің белгілі адамдармен қатынастарын жобалауға бейімділігі. Психоанализге З.Фрейд енгізген бұл ұғымдар бүгінгі күні психотерапияның түрлі бағыттарында кеңінен қолданылады. Олар кез-келген адам қатынастарында және психотерапия шеңберінде қалыптасқан арнаулы қатынастар адамның ішкі мұқтаждығы мен тілегінің ықпалында болғандығын білдіреді. Оның үстіне, тіпті кәсіби- психотерапвт те контртасымалға “қарусыз” болды. әр жас маман өзінің контртасымалын клиент проблемаларын сараптау мақсатында пайдалана білуін, түсінуін, өзгелерді басқару үшін және бірқатар басқа да жеке және тұлғааралық феномендерді анықтау үшін ол тәжірибелі мамандармен бірлесіп ұзақ жұмыс жүргізіп, жеке тұға ерекшеліктерін талдауға үйренуі- міндетті талаптардың бірі. Бұл феномендер кеңес беру процесінде де түрлі деңгейде пайдаланылады. Бірақ арнайы дайындықтан өтпеген адам бұл күрделі құбылыстарды жүргізу ерекшеліктерін істеуі қиын.
Кеңес беруші клиенттің беделін сақтау үшін ол туралы жеткілікті мәлімет алуының қажеттілігін, мәліметтілігі аз болуымен байланысты толық көмек көрсетуі қиын екенін түсіндіруі керек. Бірақ мәліметтілік кейде кеңес беруші мен клиент арасында тығыз жеке қатынас орнатуға, олардың жақын адам ретінде бір-бірінің талаптары мен тілектерін қанағаттандыруына және кеңес беруші клиент проблемасын тиімді шешуге қажетті объективті ұстанымдарды сақтай алмайтынына алып келуі мүмкін. Басқа елдер тәжірибесінде клиент пен кеңес берушінің (психотерапевт пен клиенттің) тұлғааралық қатынасы орын алғанын оның ішінде төсек қатынасына түсуі анықталып, оның психотерапевт қызметінен босатылғаны жарияланған. Сондай-ақ бұл оқиғаға алуан түрлі көзқарастар болды. Бірақ, осыц пікірталастардан жасалған қорытынды біреу: мүмкіндігінше жек қатынастарды болдырмаған жөн, ал егер осы жағдай орын алса психологтың өте абай болып, психолог кеңес беру немесе песихотерапия процесін жүргізуді тоқтатуы керек.
Клиенттің кеңес беру процесіне кірістірілуі.
Кеңес беру процесі тиімді болуы үшін, клиентті қабдылдау кезінде ол өзінің проблемасы бойынша көтерілген әңгімеге кірістірілгенін сезініп, кеңес берушімен талқылаған мәселелердің барлығын эмиоцияға шалыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс. Мұндай кірістірушілікті қамтамасыз ету үшін психолог өзінің диагностикалық әңгімесінің дамуын біртіндеп клиенттің басынан өткізген жағдайдың барлығын бір-бірімен ұштастырып, сол оқиға болған жағдаймен логикалық жағынан байланыстырып, талдаудың мғынасы шағынушыға түсінікті болатындай етіп жүргізуі керек. Себебі, талқылаған мәселелердің барлығы клиентке түсінікті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратындай болмаса ол өз оқиғасын шешу үшін үлкен шыдамдылықпен оны сараптап, нәтижесінде осы жағдайдан шығу жолдарын белсене іздеуге кіріспейді.
Клиент қабылдау кезінде оль кенеттен толқып, тақырыпқа деген қызығушылығын жоғалтып, жалығып, іштей психолог пікірімен келіспей, болған жағдай туралы ешнәрсе айтқысы келмей қалатын кездері болады.
Бұл жағдайда клиент оқиғаны соңына дейін түсіндіріп айтуда, себептерін талдап, түсіндіруге тырысып, әңгімелесугеоны мәжбүр етудің пайдасы жоқ. Мұндай кезде психолог тақырып ауыстыра отырып, күнделікті болып жатқан, баршаға ортақ тақырыптарға ауыстырып, сол әңгіме барысында психһологпен сөйлесуге қызығушылығын қайта шақырып, кейде әзілдесіп және басқа тәсілдердің көмегімен клиентті кеңес беру процесіне қайта кірістірген жөн. Зерттелінушінің қызығушылығын сақтағанда ғана оның психологиялық кеңеске деген оң көзқарасын жандандыруды қамтамасыз етуге, жағдайды дұрыстап алуға мүмкіндік туады.
Клиенттерге жауап кершілікті өз мойнына алдыру.
Кеңес беру барсында клиенттің жауапкершілік локусы өзгелерден өзіне ауыстырылуы тиіс. Бұл міндетті шешпей қандай да бір нақты нәтижеге жету мүмкін емес. Тек қана адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінген кезде ғана ол өз басына қиындық туғызған жағдайға өзі де кінәлі екенін мойындап, оны өзгертуге шынымен тырыса бастайды. Керісінше, кінәсін мойындамаған жағдайда ол айналасындағы адамдар тарапынан көмек пен жағдайды өзгертуді күтеді және талап етеді.
Жауапкершілік локусын клиенттің өзіне аудару оңай шаруа емес. Қабылдау барысында психолог жасай алатын нәрсе- бұл клиентке оның адамдармен қатынастары күрделі сипатта екендігін түсіндіріп, оны оң белгіге аударуға ықпал ететін жолдарын көрсету. Бұл жағдайда кеңес беруші өте маңызды нәтижеге қол жеткізеді, себебі адам өзінің оқиғаға жауаптылығын сезіне отырып, өз өміріде өзгерістер болуы үшін не істеу керектігі туралы өзі шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдаудағы психологтың көмегі өте пайдалы.
Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов, т.б. ғаламдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып ұстанымы мен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады. Дегенмен бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы рөл психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарстыру керек.
Кеңес беру процесінде психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиент әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншалықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімнің, іскерлгінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қоятынын көрсетеді де, оған сенім арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымда болу арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі “жогғарыға” ұстанымында болған беделдімен клиент көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды. Көптегент сеанс беретін гипнотизерлер табысының құпиясы осы қарсылықсыз беделде. Гипнотизердің ұстанымен даңқы олардаң тиімді ықпалын қамтамасыз етеді. Ал психологиялық кеңес беру үшін қабылдау кезінде психологтың ұстанымы мен мінез-құлқын өзгеріссіз нәрсе ретінде көрсетуге болмайды. Жоғары кәсіби маман қажет жағдайда өзінің білімі мен беделіне сүйене отырып бір жағдайда “жоғарыға” ұстанымын ұстанады, ал келесі жағдайда клиенттің өзіндік бағасын көтеруге, оның білімі мен беделін атап көрсетуге ұмтыла отырып “төменге” ұстанамын ұстанатын актер болып келеді.

8-лекция.

Психологиялық кеңес берудің теориялық және практикалық негіздері.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Қарым-қатынас мәдениетін үйрету тобы. Психологиялық кеңес берудегі қарым-қатынас ерекшеліктер.
2. Клиенттің жағдайын ескеру тәртібі, клиенттің психологиялық көмекті қажет ететіндігін анықтау.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
16. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
17. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
18. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
19. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
20. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
22. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
23. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
24. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
25. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
26. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
27. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
28. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

Қазақша жазу –қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру емес.
Мұхтар Әуезов.

Ана тілін ұмытқан адам өз халхының өткенін де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов.

Қазақтар шешен келеді ,олар мақалдап сөйлейді,жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады...
В.В.Радлов.

“Адамзат ақыл-ойының қазынасы сериясы” он томдығы жинағының бесінші томына гуманистік психология өкілдері - К.Роджерс, А.Мослоу еңбектерінен үзінділер, сондай-ақ Г.Оллпорт пен Г.Айзенктің жеке тұлға туралы көзқарастары ұсынылып отыр.
Психотерапия саласында өзіндік төңкеріс жасаған, клиентке бағытталған терапияның авторы К.Роджерстіңкеңес беру мен психотерапияға арналған еңбектерінен негізгі үш бөлім енгізілген.Олар: 1 Кеңес берудің рөлі;2.Кеңес беруге кіріспе ;3.Кеңес беру процесі . К.Роджерстің өзі осы еңбектерін - практикалық жұмыс саласындағы ең жаңа тұрғылар деп атайды.
К.Роджерстің адам табиғатына көзқарысы , Фрейдтің көзқарасы сияқты; оның эмоциялық бұзылулары бар адамдармен тікелей жүргізген жұмыстарының негізінде қалыптасқан. Оның көзқарасы бойынша , адам-белсенді субъект,өзінің алға қойған мақсатына сәйкес даму қабілеті бар. Оның айтуынша , бүкіл адмзаттың табиғи үрдісі (тенденция) – тәелсіздік , әлеуметтік жауапкершілік,креативтілік және кемелдену бағытындағы қозғалыста болуы. Адам табиғатына осындай көзқарас Роджердің теориясының түйіні болып табылады да, гуманистік бағытқа дәлме-дәл келеді.
Роджерс те, Мослоу да адамдардың өзін-өзі жетілдірудегі әлеуеті шексіз деп санағнымен, бұлардың теориясының үш басты айырмашылығы бар. Роджерс – жеке тұлға мен оның мінез-құлқы қоршаған ортаны қабылдауына байланысты дамып қалыптасады десе, Маслоу адамның мінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді. Роджерстен бөлек, Маслоу адам феноменалогиясын ерекшелемеген. Екіншіден , Роджерс теориясы , негізінен , психологиялық проблемалары бар адамдармен жүргізген жұмысының нәтижесінде қалыптасқан. Шындығында, Роджерс адамның өзіндік кемелденуіне негіз болатын терапиялық жағдайларға көңіл бөледі және терапиядан алынғандарын жеке тұлғаның жалпы теориясына ендіреді. Ал Маслоу, керісінше, ешқашан терапиямен айналыспаған және, психология өз назарын ауытқуларды зерттеуден гөрі психикалық тұрғыдан сау адамдарға аударуы қажет дегенді қадағалап айтып отырған. Сонымен, Роджерс адамдардың туа біткен әлеуетін жетілдіруге көмектесетін дамудың нақты формаларын анықтаса, Маслаудың теориясында адамның толық өзіндік кемелденуіне қарай қозғалысын реттейтін даму процестері мүлдем есептелмеген . Оладам өмір сүру желісінің белгілі “күрт өзгеретін кезеңдерінде” қажеттіліктер фрустрациясына ұшырайтынын мойындаса да, оның еңбектері,негізінен, тек ересектерге арналған.
Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалай қызмет ететіне байланысты бакғалайды. Родхжерс теориясындағы тірек ұғымдары:өзіндік кемелдену, феномендік бағдар (әрбір адамның ерекшелігі оның қабылдау ерекшліктеріне тікелей байланысты ),субъективті тәжірибенің үстемдігі және
“Мен”тұжырымдамасы.Роджерс бойынша , “Мен” тұжырымдамасы “нақты Мен-ді” және “идеалды Мен-ді”(адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды.”Мен” тұжырымдамасының дамуы, негізінен,әлеуметтену процесі арқылы
(мәнді басқалар – ата-аналар ,аға-іні, апа-сіңлі,басқа да туысқандар)жүредіӘрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі.
Гуманистік психология термині 1960 жылы Маслоудың жетекшілігімен персонологтар тобының ұсынған термині. Осы жинаққа А.Мослоудың “Мотивация и личность” аталатын еңбегінен оның негізгі көзқарастарын көрсететін:1) Мотивация теориясы;2) Психопотология мен нормаға сәйкестілік;3) Өзін-өзі кемелдендіру (өзіндік кемелдену);4) Өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың креативтілігі;5) Жаңа психологияның мәселелері ;6) Ғылымға деген психологиялзық тұрғы атты тараулары аударылып берілді.
Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде жатқан тезис - әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастық деп қарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоудың бүкіл персонологиясындағы ең маңыздысы болып табылады, адамдар өздерінің жеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген поцестер жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. Маслоудың айтуынша, адамның қажеттіліктері иерархиялық жүйеге орналасқан, олар реттілігі бойынша:
. физиологиялық қажеттіліктер;
. сақтану және қорғану қажеттіліктері;
. топ, қоғам мүшесі болуға, махаббат сезімдеріне деген қажеттіліктер;
. өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері;
. өзіндік кемелдену немесе жеке тұлғалық жетілу қажеттіліктері.
Маслоудың адам табиғатын зерттеу процесі арқылы ой тұжырымдамаларын төмендегідей сипаттауға болады:
адамдарға денсаулықтықтың , шығармашылықтың , өзін жүзеге асырудың біршама жоғары деңгейіне ұмтылу (тырысу) қасиеті тән;
невроздар өзіндік кемелдену жолындағы бөгет (қоршау) ретінде қарастырылады;
синергетикалық қоғамның дамуы - табиғи және қажетті процесс. Бұл барлық индевидуум бір-бірінің бостандығын шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізетін қоғам;
бизнес және тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып табылады. Шын мәнінде өзіндік кемелдену процесі әрбір индевидтің өндірістік жетістігінің жоғарылауына әкеледі.
Психологтардың еңбектеріндегі жеке тұлға психологиясына арналған III тарауда Г.Оллпорттың “Личность в психологии”атты еңбегінен және Г.Айзенктің “Структура личности” атты еңбектерінен жекелеген үзінділер келтірілген.
Адам табиғатына деген көзқарастарды ұсынатын теориялар негізгі алты көрсеткіш ( снеімділігі; эвристикалық құндылығы; ішкі келісімділігі; үнемділігі ; қамту аймағының кеңдігі; функцияның маңыздылығы) бойынша бағаланады.
Жеке тұлға психологиясы - зерттеудің енді дамып келе жатқан өте жас саласы.Тек соңғы елу жылдың ішінде ғана бұл салада айтарлықтай бағыттар пайда болды. Болашақты шығармашылықпен зерттеушілер өздерінен бұрынғылардың интеллектілі қазынасына сүйенетін болады.
Адамға қатысты негізгі ғылыми ықпалдардың мәні олардың жаңа зерттеулерге қаншалықты дәрежеде дем беруімен байланысты. Сонымен бірге өзінің ғылыми мәнділіктерін жойып алмау үшін жеке тұлға теориялары жаңа эмперикалық мәліметтердің жиналу шамасына қарай түзетіліп отырылуы керек.
Адамның жеке тұлғалығына қатысты жаңа зерттеуулер негіізгі бес баағыт бойынша жүзеге асады деп шамаланады:
1. Танымдық процестерді психологиялық қызмет жасаудан басқа да қырларымен өзара байланысты зерттеу;
2. Ситуациялық факторлар мен жеке тұлғалық өзгерістердің өзара әрекеттесуі мен олардың мінез-құлыққа ықпалын зерттеу;
3. Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық, биохимиялық және генетикалық негіздерін зерттеу;
4. Орта жастағы және мосқал адамның жеке тұлғалық дамуын зерттеу;
5. Адамның тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты проблемаларды зерттеу.
Психологиядағы жеке тұлға ұғымы аса күрделі және жан-жақты болғандықтан, Батыс ғалымдарының жеке тұлғаға деген негізгі тұжырымдамаларын қазақ оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. Бұл көзқарастарды екңес психологтарының тұжырымдамаларымен салыстыра талдау келер күннің еншісінде болар.
Гуманистік психологияның, жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі- Карл. Роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген.Көптеген ғылыми қоғамдардың белсенді мүшесі болған К. Роджерс өзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоцияциясы тарапынан 1956, 1972 жж. Екі мәрте марапатталған. Теория және оның кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К. Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланады.
К. Роджерстің негізгі еңбектері: “Психотерапия и изменение личности”(1954); “ Становление личности : взгляд психотерапевта” (1961); “ Свабода учиться : чем может стать образование” (1969); “Карл Роджерс о группах встреч” (1970); “Спасоб бытия” (1980) т.б.

9-лекция.

Психологиялық кеңес беру негіздерінің өлшемдері.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психолог-кеңесші мен клеинт арақатынасындағы түрлі міндеттер мпен мәселелер.
2. Психологиялық кеңес беру мүмкіндігіне қажетті негізгі жағдайлар.
3. Балалар мен ата-аналар үшін біріккен терапия маңыздылығы.
4. Анамез және анамездің рөлі.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
Қосымша:
1. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
2. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
4. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
5. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
6. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

Біздің қазақ бауырларымыз аталы сөзге өте түсінетін, өте зерек халық.
Сафи Құдаш.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –бүкіл ата-бабамызды , тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы.
____________________________________________________________________________
"Психолог рөлін түсіндіру" бөліміне жатқызылған сұрақтар бірінші және екінші емдеу кезеңдерінде жиі пайда болатындығы анықталған. Көмек беру жағдайын анықтаудағы кеңесші тсхникасының сипатымен салыстырыңыз (2-пупктті қараңыз).
Қыздармеи әңгімелесу кезінде уақыттың тең жартысы беиімделу мәселелерін анықтау меи зерттеуге жұмсалған. Бұл сұрақтар әңгімелесудің 1-ші кезеңінде көп уақыт алып, 2-ші кезеңде өз шыңына жеткен және біртіндеп қалған кездесулерде екінші жоспарға ығыстырылып отырған. Бұл жерде клиенттің жеке проблемаларына қатысты өзіндік бағдарын ашық айта алуға бағытталған кеңес берушінің жұмсаған күшінің сипатымен параллель жүргізуге болады (3, 4, 5-пункттерді қараңыз). Мисс Льюис сонымен қатар субъектінің өз проблемасын тәптіштеп сипаттауына ниеттендіру деп қарастырылған кеңесшінің сөздері терапияның бастапқы кезеңдерінде жиі кездесіп, өз шыңына 5-кезеңде жеткенін де анықтаған.
5-шіден 8-кезеңге дейін субъектінің оған берілген мәліметтердің түрлі аспектілері арасындағы байланыстарды түсінгенін көрсететін пікірлерінің аса көбейгені бақыланған. Бүл автордың сипаттауы бойынша инсайттың пайда болуын және өзіндік санаға қол жеткізу процесіп еске түсіреді (б, 7-пункттерді қараңыз). Бұл субъсктінің қабылдай бастаған ішкі процестерінің вербалды көрінісі, олар 8-ші кезеңде күштірек, ал 9-шы және 10-кезеңдерде бәсеңсіген.
Бұл жерде жоспарлауға — жаңа қадамдарға, жаңа шешімдерге, болашақтағы перспективаға арналған әңгімелер аса маңызды. Мәселелердің бұл түрі алдыңғы қатарға тек соңғы кезеңдерде шығады, ал шыңына тек соңғы кезеңде жетеді.
Осылайша болуы алдында жаңа шешімдерді түіну және оң әрекеттерді іске асыру тарауында (6', 9-пункттерді қараңыз} сипаталған кезеңдердің объективтілігін көрсететінін айтпаса да болатын шығар. Сыналушылардың жоспарланған және жасалган әрекеттерінің нәтижелері туралы пікірлерінің осылайша өсуі де онымен тығыз байланысты. Мұидай пікірлер соңғы кезеңде жиі кездеседі.
Терапияның соңында ғана субъектінің психологпен қоштасқысы келетін ииеті ретіндегі ескертулер болар-болмас орыи алады. Көмек керек еместігін белгілері ешқашан үлкен пайызды құрамайды. Олар тек 9-шы және 10-шы кезеңдерде, көбінесе 10-шы кезеңде (12 пунктті қараныз) кезлеседі.
Бойжеткен мен психолог арасындағы достық әңгіме ретінде жіктелетіп пікірлср кезеңлердің кез келгенінде сирек кездеседі, бірақ оиың саны 10-шы кезеңде тез көбейеді. Бұл әдеттегі феноменге түсініктеме бұрын берілген (11, 12-пункттерді к,араңыз}.
Сірә, бұл зерттеу басқа әдістер және басқа терминдердің қолданылғанына қарамастаи, осы тарауда жазылған емдеу процесінің субьективтік талдауына ұқсас, терапияныц сипаттамасы болып табылатып сияқты. Сондықтан да ол біліктілікпен өткізілетін емдік әңгімелер — элементтері бірінен соң бірі келетін күрделі үзбе ретіндегі біртұтас процесс дейтін болжамды тексеру жұмысын әрі қарай жалғастырудың қажеттілігін анықтайды. Әрі қарай біз осы элеметтердің әрқайсысыиа толығырақ тоқталамыз.
Кеңес беру түріне және кеңес беруші өз жұмысын іске асыратын жағдаятқа байланыссыз, индивидті емдеу барысында қабылданатын, не жеңіс, не жсңіліске әкелетін маңызды шешімдердің көпшілігі бірінші сеанста-ақ қабылданып қояды. Осындай шешімдерді кеңесші қандай да бір берік негізге сүйенбей, санасыз және "клиникалық сезіну" арқылы ғана жиі қабылдайды. Осы тараудың мақсаты кеңесшінің клиентпен бірінші кездесуінде болатын проблемалардың талдауы, тіпті айтқанда қайсыбір жағдайда қолданылатын терапевтік тұрғыиы қабылдауды анықтау мәселесі, жағдаяттың қандай элементтеріне терапия барысында баса назар аудару керек және қолданылғап әдісті сезіну немесе интуициямен емес, бақыланған шындыққа байланысты мәселелерді анық айқындау болып табылады.
Клиенттің келуі. Маман немесе кеңесші клиенттің мінез құлқындағы проблемалар, симптомдар мен алғышарттардың аса көп түрлілігіне үлкен көңіл бөледі. Көмекті қабылдауға деген индивидтің бағдарларының әрқилылғы мен осы бағдарлардың бүкіл терапевттік процеске әсеріие тым аз көңіл бөлінеді. Енді клиенттің көрсетілетін көмекке деген осындай бағдарларының бірнеше нұсқасын қарастырып көрейік.
Сот қызметшісі клиникаға ертіп келген бала жөніндегі жағдайды мысалға алайық. Бала тұйық және жабырқаңқы болды. Ол, сірә, психологті судьяның көмекшісі деп санап, кез келген достық ықыласқа қарсылық көрсетіп отырды. Оған көмек керек еместігін жәке бүл клиникаға өз еркімен келмегендігін әрбір ым-ишарасымеи, әрбір интонациясымен көрсетіп отырды. Осындай жағдайда кенес беру мүмкін бе? Басқа мысал: терең стресс алғап жас қыз колледждегі кенес берушіге өзі келген, оның терапевтпен тез арада сейлесуі керек және бұл жерден көмек алатынлығына сенімді. Түрінен көмекті қатты қажет етіп түрғаны байқалады. Клиникаға анасы алып келген балада мүлдем басқа бағдар байқалалы. Ол емделуге қарсылық керсетуі мүмкін, өйткені ол анасына көрсеткен қарсылығы. Ол процедураларға тұтастай немқұрайлы болуы мүмкін. Дәрігер кабинетімен ұқсастыгы болғандықтан, одан қорқуы да мүмкін. Мұидай баланын шын мәнінде көмекке ұмтылуы сирек болады. Ол оның ата-анасы керек еткендіктен ғаиа осында келеді. Клиникалық қатынастың тағы да бір мысалы: факультет деканы студентті кеңес берушіге не сабақ үлгерімі нашар болғандықтан, немесе т.б. себептерге байланысты жібереді. Мұндай студент көмекті қажет етуі және белгілі деңгейде оны сезінуі де мүмкін. Оның негізінде көмекті қажет еткенімен де, осы процеске соншалықты ынтасыз, кеңес берушіге енжар түрде бағынуы мүмкін.
Терапевттік және кеңес беру кемегінің кейбір бағдарларының түрлері осындай. Кеңесші индивидтің қарсы болғандарының бәрімеи де ассоциациялануы мүмкін, бірақ бар мәселелерді шешіп, барлық сұрақтарға жауап бере алатын адам болып көрінуі де мүмкін. Индивид емдеуге ден қойып, оны қарапайым іс деп ойлайды немесе кеңірек, өзі айтқандай, көмек алуға шешім қабылдап, бірақ кабинет алдында олай да, былайда жүріп өзін кіруге батылы жетпеген адамдай ұстауы да мүмкіи.
Бір пациоенгтердің көмек беруішнің көмегіне байлаиысты көп жақты бағдарлары бар проблемалар санына, сонымен қатар адамдардың да әр қилы түріне пропорционалды екендігін түсіне бастағап кезде ғана бұл мәселенің шын мәнінде қаншалықты күрделі екемдігін ұғынамыз. Эмоциялы дау-дамайы тереңі жасырынып индивид, қатігез заң бұзушы, ата-анасын күйзеліске ұшырататын жеткіншек, дұрыс мамандық таңдамағандынан зардап шегуші студент, өз жұмысын жақсы көрмейтін жұмысшы осының бәрі біз назар аударатын мәсемелер. Сонымен қатар біз адамдардың қабілет ерекшеліктері мен қасиеттерін, олардың тұрақты не түрақсыздығын, ақыл-ой дефектілерін, интеллектінің даму деңгейлерін білуіміз керек.
Осы негізгі ерекшеліктердің барлығын назарымызға ала отырып, сонымен қатар жіктеуге келмейтін ерекше жеке-даралық жағдайларды есептей отырып, біз мынандай сұрақ қоюымызға болады: кеңес берушінің нақты жағдайлар бойынша өз тұжырымдарын анық іске асыруының принциптерін бөліп алуға бола ма?
Емдеудің қай түрін қабылдау керек? Идеалды жағдайда клиентпеп және оның мәселесімен танысып болмайынша, қандай терапевттік ықпал жасау керектігі туралы сүрақтың шешімін кеңесші кейінге қалдырганды қалар еді. Нақты жағдайда бүл мүмкін емес. Көбіне бірінші кезеңдегі диагностика жемісті кеңес беруге кедергі жасайды. Сондықтан да емдеу жолын, егер аурудыц тарихы немесе мектептеп есеп түріндегі алдын ала алынған ақпарат болғанда, клиенттіц кабинетке келген кезіпен бастап немесе оның келуіне дейін жақсылап ойластыру керек. Кеңес беруші жауаптары емдеу әдістерін таңдаудагы шешуші фактор бола алатындай әр түрлі сұрақтарды өзіне қоюы керек. Біз осы сұрақтардың кейбіреулеріп терапиялық процесте олардың маңыздылығын талдау мақсатыида қарастырамыз.
Кейбір негізгі сүрақтар
Клиент стресс жағдайында ма? Әрбір сауатты маман өз клиентінің қаншалықты деңгейде қиналыс немесе стресс жағдайында екендігі туралы қорытындыны бірінші кезекте жасауы керек. Кейбір дисбаланс жағдайыиапн туындайтын нақты психологиялық дистресс болғанда ғана кеңесші көмектесе алады. Мұндай стресс басынан бастап-ақ және толығымен психикалык, сипатта болуы, ал олардың негізінде қажеттілік қақтығыстары жатуы мүмкін. Әлеуметтік бейімделмеген студент өзін бейімделгендеу сезінуге және сонымен қатар әлеуметтік қатынасқа түсер алдындағы өзін төмен және жарамсыз санау сезімінен арылғысы келеді. Басқа индивидті, бір жағынап, жыныстық қажеттіліктер, екінші жағынам, өзін кінәлі сезіну мазалауы мүмкін. Көбінесе стресс индивидтің қажеттіліктерімен шиеленіске түсетін қоршаған ортаның талаптарына байланысты туындайды. Мысалы, неке жас адамға жаңа міндетті жүктейді — кемелденген бейімделу және осы міндеттер оның тәуелді болу қажеттілігіне қарсылық тудыратын немесе оның жыиыстық қажеттіліктеріне тыйым салатын немесе оның үстемдік жасауға бағындыруға қажеттіліктеріпе қарсылық тудыратын күйзеліс түрінде де болады. Басқа жағлайларда сыртқы ортаның талаптары әлеуметтік топтар тарапынан болуы мүмкін. Белгілі бір топ ішіндегі басбұзар өз іс-әрекетінде не іштей ешқандай дау-дамайды сезінбейді, немесе оғап аздағап деңгейде қиналады, бірақ стресс немесе қиналу топтың ұсыиған ережелері оның өзінікімен қайшылыққа келгенде пайда болуы мүмкім. Үлгермеушілігін коллсдж жетекіпілері немесе оқытушылары тарапынан жазалау оның бойында психикалық стресс тудырмайынша, студенттердің оған мән бермеуі мүмкін. Біз көп уақыт бойы — негізінен, фрейдтік классикалық дәстүрге байланысты — дау-дәмайды ішкі психикалық феномен деп қабылдап келдік, кез келген дау-дамайда мәдени мазмұн болатындығын және көп жағдайда дау-дамай мәдениеттің жаңа талаптары мен индивидтің қажет-тіліктері арасында қарсыласу туғанда пайда болатынын есептеген жоқпыз.
Ортаның әсерімен емдеуді осындай қарсыласу болмағанда да жемісті пайдалануға болады. Мысалы, басбұзарлар тобын жақсы көшбасшылықпен және жақсы рекреациялық қалпына келтіру шарттармен қамтамасыз ету арқылы — біртіндеп заңға қарсы әрекеттерден қалыпты әлеуметтік белсенділікке бағыттап, өз нормалары мен қоғамдық норма арасындағы шиеленіске дау-дамайсыз, сауатты шешуге болады.
Бұл кеңес беруге де және психотерапияға қатысты алғанда да орыиды. Қажеттіліктер мен шарттар шиеленісіп, күйзеліс тудыратын жағдайларда ғана оларды шешу жолдары тиімді болады. Осыны дәлірек төмендегідей айқындауға болады: терапевтік нәтиже алынғанша, осы дау-дамайды шешуде туындаған күйзелістеп гөрі, индивид үшіи дау-дамай тудырған күйзелісті сезіну қиындау болуы керек. Он алты жастагы қыз бала анасыпың өзінен бас тартуына байланысты әлеуметтік қолдау мен ана махаббатыиың жеткіліксіздігіне байланысты қоғамға қарсы бағытталған мінез-құлық танытады. Қыз қиын жасөспірімдер мектебіне орналастырылды, ол жерде онымен психолог терапиялык, сеанстар жүргізеді. Энн әңгіме барысыида кейбір оң өзгерістерге қол жеткізді, бірақ анасының одан не себептен бас тартқандығын тусіне алмады. Ол әр кезде анасының оған келмегендігін немесе хат жазбағандығын ақтау жолын іздестірді. Анасы бақытсыздыққа ұшырап қалды ма деп те уайымдайды. Немесе анасы ауыр халде ме деп те қорқатыи. "Егер менің анама бір нәрсе болса, онда менде басқа ешкім қалмайды". Кеңес беруші: "Сен саған қамқорлық жасайтыи тағы біреудің бар екеидігіи сезесің бе?" — деп сұрағанда, Энн "Иә, бар, бірақ мені анамдай ешкім жақсы көрмейді", — деп жауап береді. Ол өз қиялында жақсы көруші ананың бейнесін жасап алғап, тек кейбір ксздерде ғана өзінің жалғыз және керексіз екендігіи сезінеді. Егер терапия ол әлі үйінде тұрып жатқан кезден бастап жургізілсе, онда негізгі дау-дамай тереңірек әрі анықтау сезілер еді, өйткені тек анасыпың іс-әрекеті ғапа әрдайым депривация сезімін туындатъш жәие бекітіп отырған.
Осы сураққа қатысы бар басқа мысал: 15 жасар ұл баланың ақыл-ой қабілсті ерекше, бұл баланың қиыидығы ол әйелдердің ішкі киімін ұрлауға әуестігіндс, осы үшін заң алдында бірнеше рет жауап та берген. Оқытушы оны клиника дәрігеріне жіберген. Бала стресс күйінде болды, бірақ берілетін көмекке деген сезімі екі үшты еді. Бірнеше кездесулер барысында ол өзіне шынымен көмек қажеттігін қайта-қайта көрсетіп отырған, сонымен бірге өз сезімдері туралы ашық айтуды мүмкін емес деп есептеген. Бүл терапевттік сәтсіздіктің мәні — өзінің сексуалды сезімдерін үғыну, тереңде жатқан ұстанымдарын сыртқа шығару -бұл бала үшін қиянат жасау кезіпде ұсталу немесе тұтқындалудан гөрі анағұрлым зор қиналыс пен күйзеліс болуында. Оның басқалар сияқты болуга, мінез-құлқын түзетуге тырысуы өзінің "ұятты" импульстерінеи туындайтын қиналысқа қарағанда жеткіліксіз. Осы нақты жағдайда тепе-теңдікті позитивті жаққа өзгертуге не себеп болатынын ойластыру қажет. Мүмкін, шынымен түтқындау немесе тұтқынға түсу қорқынышы стресс жағдайын күшсйтіп жібергенде, ол психотерапияны қажетсінер ме еді. Осы тепе-теңдік мәселесін әрі қарай зерттеу қажет, соның пәтижесінде кеңсе беру пе бермеу мүмкіндігің анықтауға болады.
Бір-біріне қарсы факторлардың арақатынасының өзгеруін анық байқау үшін бұған қарағанда жеңілдеу жағдаятты карастырайық. Бұл жағдай фонограммаға жазылған.
Артур — колледждің үшінші курс студенті, жиырма жаста. Оны, жоғарыда көрсеткендей, оқу дағдылары курсының талаптарына сәйкес кеңес берушіге жіберген. Бірінші әңгімеде ол кәсіби таңдау сияқты маңызды проблеманың бар екенін жай ғана айтып, өзінің үлгермеушілігіне көбірек көңіл бөледі. Әңгімелесудің бір кезеңінде ол сеанстардан не күтетінін былайша тұжырымдайды: "Менің міндетім, біріншіден, немен айналысатынымды анықтау, екіншіден, бағаларымды жоғарылату бұл басқа, мүлдем нақты міндет". Екінші, үшінші әңгімелесулер барысында сырттай көріністегі үлгермеушілік проблемасын мақсатты түрде алға тарта береді, ал төртінші сеанста өзін ашығырақ ұстап, мамандық таңдау сияқты күрделірек проблемадан қорқатынын айтады. Осыны фонограммадағы үзіндімен кәрсетейік. Артур ұстанымның қаншалықты маңызды екенін, егер емтиханнан құлап қаламын деп ойласаң, сол пәнді жек көріп кетесін және керісінше деп көрсетеді. Мынау әңгіменің жалғасы:
К. Сен ол туралы кейде солай ойлайсың, кейде ойламайсың.
С. Ия, бұл солай. Кейде бәрі саған қарсы сияқты, ал кейде
бәрі ойдағыдай болады, бірақ бұл тоқсанда маған барлық
пәндер ұнады, сол собептен бәрі де менің ойымдағыдай болуы
керек.
К. Сондықтан да саған тоқсан соңында пайда болатын қиын-
дықтарды кейінге қалдыру жеңілірек, солай ма?
С. Иә, мен солай ойлаймын. (Үзіліс және күледі.) Тоқсан
соңында проблема келесі тоқсанда қандай пәндерді таңдау
керек екендігімен шектеледі және сол сияқты.
К. Сонда да сен бұл жайында ойлағанды жәқсы көрмейсің,
иә?
С. О, жоқ! (Күледі.) Мен ол жайында уақыты келгенше
ойлағанды жақтырмаймын. Мен бірақ бұл жайында бос
уақытта ойланғанмын, келесі тоқсанда қандай пәнді таң-
дайтынымды анықтағым келді және сол сияқты, бірақ, е-е,
мен білемін, тап осыны келесі жолға қалдырғым келеді.
К. Сен мұны, қолыңнан келсе, кейінге қалдырғандьі қалайсың
ба?
С. Иә, дәл солай.
К. Бұл... нәрсенің бірі.
С. Оны істемеу керек, мен білемін.
К. Жоқ. Жарайды, сенің айналаңдағылар оны қолдамайды деп ойлайсың. Сен бұл жерге келгенде екі ұшты сезімде
болуыңның бір себебі - осы, бұл жағдайды саған кейінге
қалдыруға болатын нәрселер туралы ойлануга мүмкіндік болар
еді.
С. Иә, мүмкін, солай болар деген күдіктемін.
К, Оларды кейінге қаллырған өтен ыңғайлырақ қой, солай
ма?
С. Иә, солай. Бірақ айналадағылар (үзіліс)... оларды кейінге
қалдырмаған дұрыс: болар еді, ол анық.
К. Бірақ кейде ол проблемалар туралы ертерек ойлануға
өзіңді көндіру үшін де ерлік керек қой. Өте ұзақ үзіліс.)
С. Оқу процесі жайында сіз өзіңіз не оилайсыз? Э-э, сіздің
көзқарасыңыз бойынша, орта деңгейде оқудың қандай тәсілі
дұрыс? Сіз қалай ойлайсыз, жана материал бойынша
конспект жасау керек, сонан соң оны қарау керек, әсіресе
білмейтіп жерлеріңді, немесе... (Ол солайша жалғастыра береді.)
Бұл стандартты жағдай, дегенмен ол клиенттің өз ұстанымын ашық айтуымен ерекшеленеді. Оны біршама деңгейде мамаидық таңдауға байланысты туындайтын шиеленістер проблемасы толғандырады. Ол осы сәт жақындағанын, ерте ме, кеш пе — әйтеуір бір шешім қабылдауға тура келетінін сезеді. Бірақ дау-дамай әлеуметтік жағдайлар әсерінен шиеленіспейінше, ол онымен кеңес беру процесінде кездесе алмайды. Кеңес беруші бұл проблемадан қашқақтайтынын анық түсінуге көмектескенде, үзіліс ұзаққа созылады, соның барысында студент әйтеуір бір шешімді қабылдайды. Шешімінің қандай екендігін оның келесі сөздерінен тусінуге болады, ол тақырыпты ауыстырып, мамандығына байлаиысты сүрақтардан ауытқиды және қалған уақытын түгелдей сабақ үлгеріміне қатысты мәселеге арнайды.
Келесі әңгімедегі кейбір үзінділер қысым мен басымдылық көрсету арқылы қайтадан қызықтыратын сұраққа оралып, клиенттің кеңес берушіге өз ойын аз да болса ашық айтуын әкелуге болатынын көрсетеді. Студент әңгімесін өзіне жағымды тексеруші емтихандардың нәтижелерінен бастайды.
К. Сіз бәрі жақсы өтіп жатқанын сезінесіз ғой? С. Мама кеше таңертең мен мисс Дж-мен деканның кабинетінде кездестім және келесі тоқсанда оқылатын сабақ кестесін алдым, ол менін келесі тоқсанда сурет өнерімен айналысқанымды қалайды және мен үшін әлеуметтану және әдебиет пәпдері пайдалы деп есептейді. Мен не таңдайты-нымды білмедім, оған барып кеңескен дүрыс па деп есептеймін. Ол кез келген уақытта келіп, одан сұрай алатынымды айтты, міне, оның кеңесі осы. Осы айтылған ой шынымеи де көп нәрсені аңғартылады. Артур, сірә, дау-дамайдың мүлдем қашатын сияқты. Ол өзіне айтылған нәрсені ғана орындап, өзіне алдын ала жауапкершілік алмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар, егер кеңес беруші оның проблемасын шешпесе, соны шешетін басқа біреуді табатынын да жасырмайды. Ол өзі таңдайтын пәндер туралы егжей-тегжейлі айта береді, тек қана математиканы таңдай ма, таңдамай ма — соны білмейтіндігі жайында ескертіп кетеді.
С. Мен білемін, ол маған физикадан көмек берер еді бірақ
менде математика екі семестрде болды, сондықтан маған енді
одан басқа пайда болмайтын сияқты көрінеді.
К. Өз пәндерің туралы көп ойланып, сонымен қатар
басқалардан да көмек алғың келеді ғой, иә?
С. М-м, мен білмеймін, келесі семестрде оқылатын пәндер
бойынша көп ойланғандығым жайында сізге өткен аптада
айтқан болатынмын, бірақ сурет өнері болар деп ойлаймын,
өйткені пән мұғалімі мені үлкен жетістіктерге жетті деді және
менің өзіме де ол ұнайды. Бұл пән кейбір ұсақ-түйектерге
(бөлшектерге), өзіңді көрсетуге, қолмен жұмыс істеуге
үйрететін (сияқты және — мен білемін — менің ойымша, бұл маған көп жағдайда көмек береді.
К. Мен үшін бұл қызықты, өйткені сен сурет өнері сабақтары
жайында не ойлайтынынды айтып отырсың және мисс Дж.
мен басқалардын онын керектігі жайында айтқандарын
ескерсек, мен үшін де маңызды. Иә, бұл қызық және бұл
жайында ойлану керек, бірақ сонда да, менің ойымша, дұрыс
шешім — ол сенің өзіңнің жеке шешімің.
С. Әрине. Онымен айналысқым келетіндігіне мен сенімдімін —
өйткені бұл маған ұнайлы және бірінші курста менде оң
нәтижелер болған...
Бұл жерде клиент толық болмаса да, біршама деңгейде таңдауды өз жауапкершілігіне алатынын ескерте кетейік. Келесі барлық "иә" мен "жоқты" қысқаша талқылаудан кейін, ол өзінің қалыптасқаи оқу жағдайына байланысты кездескен ішкі қайшылықтарға тап болғандығы жайлы әңгімелейді.
К. Қызық, өткен аптада сен бұл сұрақты кейінге қалдырғанды
жөн керген едің, ал бұл аптада сен...
С. Енді, бұл аптада менде шабыт бар. (Күлкі.) Мен
ойландым... мен күнделіктері бар бірнеше баланы көрдім,
бұлар жаңадан келгендер еді, содан мен ойландым...
К. Сен кімді көрдің?
С. Мен күнделіктерін көтерген бірнеше жаңа оқушыны кердім...
К. А, иә.
С. Мен олар қандай жас деп ойлап: "Бұл күнделіктер қай
уақытта қажет болады?" — деп сұрадым. Олар: "Біз бұл күнделікті жұма күні өзімізбен бірге алып келуіміз керек", - деді. Мен ойландым: "Артур, артур жумыс істеуің керек". (Екеуі де күледі.) Сол себепті сол сәтте мен мисс Дж-ге бардым...
Ол курстарды дүрыс таңдағандығы жөнінде әңгімелей
отырып, шешім қабылдау снтуациясына деген екі ұшты
қатынасының екі полюсім де көрсетеді.
Әңгіме жалғаса береді:
К- Мен дұрыс түсіндім бе, енді келесі семестрдегі сенің сабақ
кестең сәтті қойылған ғой?
С М-м, иә. Егер мүмкіндік болса, сабақ кестесіндегі қойылған
сабақтарға байланысты уақытты қалай бөлу туралы мен
үйде ойланамын, пәндер де сабақ уақыты да, тагы басқасы
да, ал сонан соң бәрін келесі семестрге дейін ұмытамын.
(Күледі.) Менде кішкене жіңілдік пайда болды...
К. Сен өз жоспарыңды құрып қойсаңда, ол туралы ойланғын
келмей ме?
С. Жоқ. Мен жай ғана ол туралы басқа нәрсені
ойлағым келеді. Бір жұмысты бітірген кезде өзінше бір
жеңілдік сезінесің. Мен ол жерде көп балаларды көрдім.
Олардың қарындаштары дәптері бар, олар (күледі), бәлкім,
олар бір нәрсе жазған шығар, кейін оған бастарын қатырады
(күлкі), о, құдайым-ау!
К. Шешім қабылдау үлкен жұмыс қой, қай бағытта жүру
және не істеу керек. Мұның бәрі күрделі жумыс, солай ма?
С. Дәл солай (узіліс). Мен осы уақытқа дейін не істерімді
білмеймін. Қай мамандықты таңдау жөнінде айтып отырмын.
К. Сен бұл жөнінде кішкене болса да ойландым, иә?
С. Иә, м-м, бірақ мен әлі де қай жолды таңдарымды біл-меймін.
К. Сеи бүл мәселе жөнінде өз ойларымды менімен бөліскім
келмей ме?
С. О, мен білмеймін, менің ағайыным біз кездескен сайын
маған менін музыкамен айналысқаным жөн екендігін
айтатын. Ол менен неге музыкант болмайсың деп сурайды
және сонда ... басында менде оптометрия туралы ой болды,
сонан соң оптометрия туралы ойлана бастадым. Мен остео-патиямен айналысатын кейбір балалармен сөйлестім, олар маған бұл баруға болатын іс-әрекеттің керемет' саласы екен-дігін айтты.
Сонымен, менің алдымда үш негізгі пән-музыка, остеопатия және оптометрия. Менің ойымша — осы мен ойланатын жағдай.
Осы сәттен бастап Артур өзінің жеке мамандық таңдау мәселесіне көңіл бөліп, онымен жуйелі жұмыс істей бастады. Біраз сеанстардан кейін-ақ опың іс-әрекеті өзіне керек бағытта жүріп, ол өзі үшін негізгі мақсатты анықтады. Сонымен қатар ол, егерде алғашқы ойы орындалмай алса, әрі қарай не істейтіндігнше байланысты жоспар да құра бастады. Әңгімеден алынған үзінділерде кеңес берудің кейбір жалпы принциптері көрсетілген қарамастан, бұл жерде біз талқылап отырған мәселе - мамандық таңдау саласында тиімді кеңес беру жағдайын карастырғандағы қысым — бұл проблемадан қашудағы ыңғайсыздық (дискомфорт) неғүрлым күштірек болса, соғұрлым нәтижелі болатыны туралы. Артур тікелей қойылған сұрақтан ауытқып, жауапкершілікті мисс Дж-ға артып қойса да, дау-дамайдың күшейгені сонша, ол мамандық таңдауында өзіндік шешімге келу үшін кеңес берушіден көмек сурауға мәжбүр болады.
Бүл мысалдар кеңес алушының жұмыс істеу барысында кеңесшінің өзіне қоятын көп сұрақтарының біреуін нақтылап алуы керек екендігін растайды. Индивид психикалық стресс немесе қысым жағдайында ма, яғни соның арқасында оның проблемаларын шешу мүмкіндігі арта түсе ме? Бұл психикалық ыңғайсыздық (дискомфорт) интимдік қатынастар мен ығыстырылған сезімдерді ашып айтуда проблеманың тууына себепші болған дистерсс салмағын басып кетерліктей жоғары дәрежеде тұр ма? Клиент осы жағдайды жеңе ала ма?
Көп жағдайда психотерапияның әр типінің нәтижелі болуы келесі мәселелермен тығыз байланыста болатыны ұмытылып кетеді. Егерде индивидтің қайта бағдарлануына, өзінің ұстанымдарын жаңа паттеріндер арқылы қайта құруына көмектесетін болса, онда бұл жағдайда клиент өмірге анағұрлым сәттірек бейімделген болар еді. Ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік тұрғыдан қолдау тапқан мінез-құлық тәсілдерін де өзі табар еді. Осы жерде бір нәрсені байқау қиын емес: кейбір индивидтердің жағымсыз, я болмаса қолайсыз жағдайлардаи жапа шеккені немесе жеке тұлғалық тепе-теңдігі соншалықты әлсіз-денгендіктен, тіпті ешқандай бағдарды өзгерту оның өмірі үшін қалыпты негіз тудыра алмайды. Мысалы, кішкентай бұзық заңға қарсы әрекеттер қолдау табатын делинквентті ортада өмір сүреді. Отбасында оның кіші бауырын одан гөрі жоғарырақ қояды, ал мектепте онын дамуының артта қалып қойғандығына ешкім көңіл аудармайды, бірақ осыған қарамастан, жіберіп қойған қателіктері мен сәтсіздіктерін бетке басып, түсіндіруге тырысады. Мұндай жағдайда ешқандай психотерапия, ешбір кеңес беру де көмектесе алмайтын шығар. Деструктивті факторлардың күштілігі сондай, оның қажеттіліктерін қалыпты тәсілдермен қанағаттандыру үшін баланың тек бағдарын өзгерту жеткіліксіз болады. Тіпті егер ол жоғарғы дәрежедегі инсайтқа жеткен болса да, оның өмірінде өзі басқара алатындай тек санаулы ғана элементтер бар.
Мұндай жағдайда тиімді әсер етудің негізгі тұрғысы орта арқылы емдеу болып табылады. А\ кеңес беру тек көмекші рөл атқарады.
1 Немесе тагы бір мысал — шектен тыс мәпелеп, бағып қағудың нәтижесінде жапа шегетін қыздың шешесінімен болған оқиға. Бұл әйел — күшті интроверт және менротик, Әйелде бірқатар өте маңызды физикалық дене ақаулықтары бар, олар оны кемтарға айналдырып, әйел белсенділігі өте шектелген. Сондықтан да әйелдің жора-жолдастары көп емес және ол үшін нақты әлеуметтік өмір де мүмкін емес. Бұл әйел тіпті езінің күйеуімен карым-қатыкасқа да қуанбайды, өйткені, бір жағынан, денсаулығы нашар, ал, екінші жағынан, өзінің тұйықтығы да бар. Оның осы өмірдегі жалғыз қызығы — ол қызы. Тіпті осы бір қысқаша ғана сипаттамадан оның қызына деген қарым-қатынасының шектен тыс әсіреқамқорлык, (гиперопека) болатындығы күмән тудырмайды. Қандай да болмасын психотерапевттік әдіс сәтсіз болатындығын кәрсетуге осы да жеткілікті. Бұл әйелдің өмірдегі өз рөлін нақты ұғынып, түсінуінің өзі екіталай, ал түсінген күннің өзінде ол ештеңе де өзгерте алмайтыны анық. Өзінің қызын бағып-қағу міндетінен бас тарту, қызының тәуелсіз, өзімен-өзі болуына рұқсат ету үшін шешесі өзінің өмірдегі жалгыз ғана нағыз қанағаттануының қайнар көзінен бас тартуы керек болар еді. Ол, еш күмәнсіз, олай істей алмайтындығын түсінеді. Жағдайдың қолайсыз факторлармен әбден шиеленіскені сондай, осы жағдайды инсайт пен өзін-өзі түсіну қалай да болса өзгертуі екіталай.
Психотерапевттік сәтсіздіктердің айқын мысалының бірі — бұл Хили мен Александердің 1931 — 1932 жж. он бір қылмыскермен жүргізген экспериментті психоанализі. Қүқық бұзушылар — жасөспірімдер мен бозбалалар, олардың мінез-құлқында психикалық келіспеушіліктер үлкен рөл атқарады деген болжам жасалып, олар әдейі талдау жүргізу үшін іріктеліп алынғанына қарамастан, талдаудың практикалық нәтижелері аса көңіл толарлықтай болмаған. Осы адамдармен талдау жүргізу барысында маңызды инсайтқа қол жеткізілген, қылмыс жасаудың кейбір психологиялық қайнар көздері ашылған, бірақ соған қарамастан, олар өзінің делинквенті мінез-құлқын бақылауға дейін көтеріле алмаған. Кейінірек, осы сәтсіз экспериментті талқылай отырып түсінік беру кезінде Хили экономикалық және әлеуметтік жағдай жақсартылмаған жағдайда психоанализдік процестегі инсайт тиімді болмайтынын мойындаған. Бүгінгі күннің біліміне сүйене отырып, мұндай индивидтердің тек психотерапия арқылы емдеуге келмейтін кандидаттар екендігін көрсетуге болады. Өйткені бейімделе алмауға алып келетін факторлар өте көп. Тұрақсыздық, заңсыз топтасулар, жұмыс орнының жеткіліксіздігі, әлеуметтік тұрғыдан қолдау табатын дағдылардың жеткіліксіздігі — осының бәрі біріге отырып, кейде индивидтің аздаған қол жеткңзген қайта бағдарлануының тиімділігінен анағұрлым асып түседі.
Қысқаша айтқанда, кеңес беруін өзінің алғашқы кездесулерінде қолданатын іс-әрекеттің нәтижесінде клиенттің өмірі қаншалықты өзгереді, қалымтасқаи жағдай өзгере ме, мәселенің баламалық шешімдеі мүмкін бе дегемдерді бағалап алуы керек.
Алдыңғы кітапта автор индивидтің негізгі Қабілеттері мен қасиеттерін, оның бейімделу деңгейін анықтайтын белгілі компопенттік факторларды аса жауапкершілікпен багалаудың нәтижесінде анықтауға болатындыгын көрсеткен. Мына элементтерді: конституциялық тұрақтылық, тұқым қуалаушылық, индивидтің психикалык, және физикалық қасиеттерін бағалау қажет. Жас жігіттің жеке тұлгалық негізгі қасиеттерін бағалауда әлеуметтік тәжірибенің ерекшеліктері, отбасындағы эмоциялық жағдайдың маңызы аса үлкен. Сондай-ақ экономикалық, мәдени, білімділіктің негативті де, позитивті де факторлары маңызды болып табылады. Кеңес беруші клиенттің мүмкіндіктерін тәптіштеп бағалауды факторлық талдау арқылы жүргіземе немесе ситуация анық болғандықтан, субъективті қабылдау жеткілікті ме — бәрібір белгілі пікірге келу өте; маңызды сәт (екенін ескеру керек. Егер индивидтің мүмкіндіктері жеткіліксіз болса, онда терапевттік әсер етудің негізгі әдісі ретіндегі кеңес беру нәтижесіз болуы да мүмкін.
Бұған автордың басқаруымен жүргізілгеи зерттеу дәлел бола алады. Нәқты дәрігерлік болжамдардың дәлдігін тексеру барысыидагы екі жуз жагдайда психотерапия, негізінен, жоғары компонентті-факторлық көрсеткіштері бар балаларды емдеуге, ал орта арқылы емдеу әдісі көрсеткіштері төмен балаларға қолданылуы тиіс екендігін көрсетті. Екі жүзге жуық оқиғаны іріктеу барысында орташа көрсеткіштер есептеліп шығарылды. Бұл шама — бала бейімделуінің негізгі көрсеткіштері бойынша әр турлі бағалаулардың орташа мәні болып табылады. Бұл бейімделу бағытындағы баланың мүмкіндіктерін шамалап бейнелейді. Екі жүзге жуық жағдай үшін жеті балдық шкала бойынша осы сан 1,88 болды, бұл жерде 3,00 көрсеткіші жалпы жиынтықтың орташа мағынасы ретінде қарастырылады. Барлық топпен салыстырғанда интенсивті емдік әсері бар әңгімелесулер ұсынылған 29 бала осы факторлық, талдаудың мәліметтері бойынша орташа есеппен 2,17 ге тең көрсеткішке ие болды, ал келесі стационарлык ағып-қағуды талап ететіп топтық орташа көрсеткіш 1,64-ке тең болды, сондай-ақ ең тәуір әрі қолайлы тәсіл интернаттардағы стационарлық емдеу әдісі саналған балалар үшін бұл сан 1,62 көрсеткіші болды. Мұндай айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан мәнді; бірінші топпен салылстырғанда критикалық қатынастары сәйкесіше 3,4 және 3,6. Әрбір фактор бойынша толық білгісі келетін оқырман үшім біз осы мәліметтерді №1 тестке енгіздік.
Психотерапияга іріктелініп алынған топтың тұқым қуалаушылык, белгілерінің көрсеткіштері мен ақыл-ой қабілетінің даму деңгейлері басқа екі топка қарағанда анағүрлым жоғары екендігі көрсетілген.
Бұл балалардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары және тікелей қоршаған ортасы қалыпты. Олардың бүрынғы әлеуметтік тәжірибелері жақсы, білім жағынан да кейбір артықшылықтары бар.
Екі топтың денелік сипаттамаларында айқын ерекшеліктер көрінбейді. Тікелей терапияға іріктелгеп балалар стационарлык, емдеуді қажет ететіндермеп салыстырғанда сәтгі отбасынан болған. Тікелей терапия тобындағы өзіндік сананың көрсеткіші стационарлық топтағыдан жоғары болса да, олардыц маңызды айырмашылығы жоқ.
Бұл 3ерттеулер, нақты клиникалық практикада сыртқы орта факторларын өзгерту арқылы ("сыртқы орталық тұрғы") емдеу үсынылған топқа қарағанда пәрменді кеңес беру үсынылғап топтың бейімделуінің базалық қасиеттерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленетінін көрсетеді. Керісінше айтуға да болады, деструктивті факторлардың өзіндік салмағы жоғары болғанда, психотерапияның қолданылу ықтималдылығы өте төмен. Бұл зерттеу клиенттің өз ситуациясын меңгере алу қабілетін бағалаудың қажеттілігін көрсететіні анық. Мұндай бағалау осы пациент кеңес беруден нақты пайда алуы мүмкін деген қорытындыдап бұрын жасалуы керек. Бағалаудың маңыздылығы әрқашан анық көріне бермейді, өйткені студенттер мен жұмысшыларда, айталық, өзін қоршаған кейбір ерекшеліктерге байланысты о бастан-ақ ситуацияны табысты моңгеру қасиеттері болады. Қалай болса да, осындай пікір әр түрлі жағдайда әр мақсатта жасалуы мүмкін, өйткені өзін-өзі мүлдем ұстай алмайтын индивидпең немесе қолайсыз жагдайлар ықпалында жүрген адаммен кездескеңде, біз кеңес берудің мүмкін еместігін білу үшін оны аса қажетті баға ретінде қарастыруымыз керек.

10-лекция.

Психолог-кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психолог-кеңесші бойындағы кәсіби мүмкіндіктер.
2. Клиенттпен әңгімелесу, арнайы тапсырма беру әдіс-тәсілдері, тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
1. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
2. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
3. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
4. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

Лекцияның мәтіні:

Жүректен шыққан сөз жүрекке ж ол табар.
Гәнжауи Низами.
Күн жылытпайтын суық көңілді жылытады, жылы көңілді суытады.
Ғабиден Мұстафин.

____________________________________________________________________________
Кеңес берушіде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Бірақ бұлардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүгізілетін вервальдық қатынас, дәлірек айтқанда- кеңес беру әңгімесі болып табылады. Әңгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруде нағыз өнер деп айтуға болды.
Клиентпен әңгімелесу.
Кеңес беру тәсідерінің ішінде ерекше тобын құратындар- клиентпен әңгімелесу. Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арқылы жүргізілетін қатынас барысында клиент өзінің басқалардан кем емес екендігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап, қолдап отыруды орынды пайдалану қажет. Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтн адам бар екенініне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүген сырларын шертеді. Осы қызығушылықпен тыңдаудың өзі, мәселенің негзіне психологтың шын көңілімен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде клиенттің икөзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтері кеңінен пайдаланылады.
Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті мәселені алып, кеңес беруде тиімділікке жету мақсаты мен қолданатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Олардың ішінде психолог сөзінің анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.

Клиенттің психолгиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланатын әдістемелер мен арнайы жасалған “ бос орындық техникасы” отбасылық терапия шеңберінде жасалған” келісімдер жасау” т.с.с әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің
Теориялық бағдарымен сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойнша теориялық еңбектермен таныстығын , бұл жұмыстардың ерекшелігін толық түсінгенін сондай ақ әріптермен кәсіби қарым қатынас жасап, олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің оның кәсіби жинақтылығының шарты болып ьабылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағыналы жағынан тереңдетіп оны эмоционалдық жағын үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін , клиентпен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктері кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.
Кеңес берушінің ықпал етіп вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Психологиялық ықпалдың табысты болуының негізгі шарты әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады.
психологтың көзқарасы – сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру.
отырысы – отырғанда клиентке қарама қарсы емес кішкене бір біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады,
бет көрінісі – психологтың бет әлпетінде тілектестік, мейірімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс, ол психотерапевтикалық әдістердің бірі болып табылады.;
дене қалпы – психологтың отырысы емін еркін, дене қалпы ашық, клиенттен жабық емес болуы керек. Қол қусырылған тыныш таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді, сондықтан психологтчң дене қалпы клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай туғызатындай болуы керек.
дауыстың ырғағы, күші – психолог дауысы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін кей кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар,
паузаларды пайдалану – психолог кейде ундеместен отырып өз ойын, тағылымын толық айтуға мүмкіндік береді. Осы талаптарға сай ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру өз функциясын толық орындайды.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері;
Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының байланыстылығы.
Психологиялық кеңес берудің қағиджалары.
Қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу
Клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану
кеңес беруге тыйым салу
Кеңес берудің анонимділігі
Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу
Клиентке кеңес беру процесіне кірістіру
Психологиялықкеңестен өтіп жатқанда жауапкершілікті өз мойнына алдыру
Кеңес берушімен клинт арасындағы қатынасты құру
Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ат- аналарының психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттерінің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік н,ысаны, ата- аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.
Екінші фаза- өтініш иесінің, отбасының проблемасын анықтау. Бұл фазада кеңес алушымен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері анықталады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене келіп проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт- бағдарын түсіндіреді. Кеңес талушы мен кеңксші баламалы амалдарды талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе- екі жақ бір- бірін жете түсініп, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негізқ ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемасын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру- алу процесінің мақсаты- кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.
Үшінші фаза- іс- әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблпмаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң- терісін анықтау арқылы оны жаңаша тусінуге жетелеу жүргізіледі. Бұл фаза үшін мынадай динамика тән: кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылды, төзімділігі төмендейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң мәселені іртіндеп талдау барысында, оның мән мағынасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгерен бастайды. Мұндай өзін өзі түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілікке жеткізіп, эмоционалдық тарыққан жағдайлардан шығарып алу керек.Қорытындысына кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.
Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сыиысымды мінез- құлық көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады.Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сеніге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрә жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кеиін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырылады.
Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарды жүзеге асыруы мүмкін. Ақұпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық, тұтынушылық сипаттары.
Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитафон мен диктафонды,кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Алынған ақпараттарды толығырақ анықтау үшін ассистент көмекшілері әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процесінің динамикасы мен нәтижелігін қадағалайды.
Психологиялық кеңесберу барысында клиентке көрсеткен қызметінің тиімділігіне, психологтың кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы керек.
беделді, ұқыпты сұрастырушы,сенімді нығайтушы, диагноз қоятын, түсінуге ұмтылатын;
Ұқыпты кеңесші, сырт қарағанда селқостау болып көрінгенімен, салиқалы кеңес береді;
Беделді психолог, осал көрінетін клиентке күш- қайрат беріп, ізгілікке ұмтылуға баулиды, өзөінің күш жігері мен клиенттің сенімін нығайтады;
Сұрастырушы психолог ерекше белсенділік білдіреді, сұрақтарды көп қояды, пайдалы көзқараста болады;
Диагноз қоюшы психолог көптеген жағдайларда тәуекелге барып, ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.
Кеңес беруді жүргізу барысында психолог өзінің кәсіби біліктілігі мен дағдысын сыннан өткізіп, оңай және қифн сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезімідегі басты ойлапды н,азарға алады. Осы жина\қталған клиенттің ойын, айтқандарын ой елегінен өткізіп, оны қорытындылай білу, кеек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу, клиентпен ақылдаса отырып бірлесе шешім қабылдау- кеңесшінің шеберлігінің көрсеткіші болып табылады.
Психолог кеңес беру кезіндересми әңгімеге бармай ақ, клиенпен қымсынып тым тұйықталып қалмай немесе жеңілтектікпен шектесетіндей тым ашыла бермей өзінің ойын еркін жеткізуі керек. Гипотезаны берік ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей немесе беделін төмендететіндей тура сұрақ қоюға да болмайды.
Р.В.Овчарова Ұсынған отбасылық кеңес берудің тиімсіз және тиімді шарттарына назар аудару керек.

Психолог клиентпен белгіленген уақытта кездесіп, оның проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.
Психолог кеңес алушының құқығын құрметтейді, кәсіби қарым қатынас жасау шараларын шамасы келетіндермен шектейді. Психолог клиенттің өзінің мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сенеді.
Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдістермен жеткізеді, оны эмоционалды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.
Психолг кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тыңдап, оның проблемаларын обьективті анықтау үшін кеңес алушының “ізімен жүріп”, терең және жан- жақты түсініп алады.
Психолог клиент алдында тұрған проблемалары туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.
Психолог клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолындақызмет жасауға шақырады.
Психолог клиентке барлық мәселені жан жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.
Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері.
психолог пен кездесулері уақытында өтпейді.
Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.
Психолог кеңес алушыны “көрмейді”,” естімейді “ және “сезбейді”. Ол өзінің айтқандарына ғана көңіл аударады. Кейде клиенттің “аузын ашқызбай” тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерелеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді.
кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді
Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді.
Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.

11-лекция.

Психологиялық кеңес беру – бірегей іс-әрекет ретінде.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Психологиялық кеңес берудегі қарым-қатынастың негізгі аспектілері.
2. Психологиялық кеңес беруді іс-тәжірибеде құрылымдарға бөлу.
3. Студенттерге психологиялық кеңес беру жағдайы.
4. Ата-аналармен жүргізілетін психологиялық кеңес беру.
5. Ойын терапиясы.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
6. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
7. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
8. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
9. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
10. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
Қосымша:
7. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
8. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
9. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
10. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
11. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
12. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:
Тіл –көңілдің тілмашы.
Сәбит Дөнентаев.
Түсінікті болу үшін шешен ағынан атқарылуға тиіс.
В.О.Ключевский.
Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп келеді.
А.П.Чехов.

_____________________________________________________________________________
Клиент көмекті қажет ете ме? Клиент берушіні толғандыруға тиісті тағы бір сұрақ индивидтің көмек алғысы келе ме?" түрінде айтылады: Егер клиент өзіне көмекті қажет етсе және осы фактіні саналы мойындаса, басқа жағдайлар бірдей болғанда, кеңес беруді табыстылықтың мүмкіндігі неғұрлым жоғарылайды. Егер көмекті аса қатты қажет етсе, клиент кеңес берушің мәнді мәліметін тез ұғынады, егер кенес беруші клиентті мұқият тыңдай алса және оның сезімге толы тасқынды сөздерін бөлмесе, онда емдеуде жетістіктерге өте тез жетуге болады. Бұл түйінді кейбір жағдайлармен нақтылау үшін индивид осыған өз талпынысын саналы түрде ұғынып, клиенттің қолдау алуды қажетсінуі аса күшті көрінетін мысал келтірейік. Колледж студенті Пол алдын ала келіспей-ақ кеңес берушіге келген. Ол қатты күйзеліс үстінде екенін, өзін зорығу жағдайында сезінетін айналадағылармен толық байланысқа түсе алмайтынын, қолы терлейтінін және т.б. айтты. Сеанс келесі күнге белгіленді. Біздің алдымызда оның кеңес берушімен бірінші сұхбаттасуында жазып алынған үзінді.
\. Сонымеи, кеше шын мәнде сенен әңгіме басталмас бұрын, мен сені қайтарып жібердім. Енді бізде бәрін тәптіштеп айтуға уақыт жеткілікті. Сен маған ойыңда не бар екенін айтқың келе ме?
С. Иә, мен сізге нені сезінетінімді айттым ғой, енді кез келген нәрседен қатты ширығамын — енді мен кез келген мәселеге қобалжимын, қайда болмасам да мен енді — егер қандай сұрақ болмасын, мейлі тіпті мәнсіз болсын, ол мені қорқытады және мен, сізге айтқандай, ол сұраққа төзбеймін, маған ол жақпайды, мен шын мәнінде қажетті шара іздестіруім керек, өйткені менің қызметім бекерге зая кетеді. Мен әкемнің қаражаты есебінен өмір сүре алмаймыи. К. Сен шынында да, көбінс осы сенің колледждегі үлгеріміңе әсер етеді деп ойлайсын ба?
С. Сұмдық, о, сұмдық. Мен кейбір пәндерден нашар оқитын болдым, егер мұндай күйде болмасам, ешқашан бұлай болмас еді, оған мен сенімдімін және мен сондай күйзелістемін, менде басқа күш-қуат жоқ. (Үзіліс.) Мысалы, мен тақта алдында тұра алмадым, мен сізге айттым ғой, мен тақтаға шығып өзім өте жақсы білетінімді айта алмадым, мені шақырған уақытта мен сондай қобалжимын, асықпай байсалды ойлана алмаймын және мұның бәрі, меніңше, барлық шектен шығып барады, — бүл күйзеліс. К. Қалайша?
С. Мен енді айттым ғой, мен тіпті мейрамханада ширығуды сезінемін, ол жат әдет болып көрінеді, бірақ мен — м-м — бұл мәселе қалай болса да менің алдымнан шығып отырады. (Үзіліс.)
К. Енді қажетті шараларға кірісу керек, шегіне жеттім деп ойлайсың ба?
С. Ия, міндетті түрде анық. Бұл жалғасып жатыр, меіі айтар едім — мен есіме түсіре аламын, мен он екі жастамын, бірінші рет мені өзім жазған шығарманы оқуға шақырды. Мен өзім
жазғанымды кәдімгідей мақтап тұттым, бірақ сынып алдына шыққанда, бір себептен менің қолым дірілдей бастады, мағам отыруға тура келді. Басқасын айтпағанда, мен өте қорландым.
К. Сеп өзіңді өте қорланғандай сезіпдің бе?
С. Өте.
К. Сен оны қалапй сезхіндің?
С. Мен өзімді дені сау емес адам деп санадым, кім болса. сол мұны істей алады тек мен емес.
Егер индивид осы үзіндідегідей үлкен күйзелісте болса, ол өзінің жағдайын айуға кабілетті және көмекті де аңсаса, сөз жоқ, бұл кеңес беру процесі үшін жоғары дәрежедегі сәтті басталу болып табылады. Бірақ әр түрлі терапевттік жағдайлардың талдауы, түрлі жағлайларды есептегенде, психотерапия, клиенттің көмек алуға саналы тілегі болмаса да, табысты болуы мүмкін екенін нақты көрсетеді. Джим кішкепе бала, екінші тарауда ол туралы айтылған, әкесінің саз балшықтан жасалған бейнесін ұрып-соққанда жеңілдік алғап, ол сірә өзінің қолдауга мұқтаждығы мен көмекті қажетсіпетінін саналы түсінбеген, оған көмектесіп жатқанына да есеп берміген. Оның жағдайы он сегіз жастағы қыздың жағдайымен ұқсас, анасы қызын клиникаға алып келген, өйткені ол қызының куйеуге шығу туралы жоспарларын бақылап отырғысы келді. Бұл қыз көмекке ешқандай мұқтажбын деп сезінбеген, бірақ емдеуді жалғастыру барысында көмекті дұрыс қабылдай алды. Соңында мүлдем тәуелсіз түрде өзі — оның болашақ үйлену тойы шын мәнінде ұзақ бірге өмір сүруге талпыныс емес, ата-анасына көрсеткен қоқан-лоқы ғана деп шешті. Сол сияқты кеңес алуға басқа біреулер көндірген пациенттермеи жүргізілгеп жұмыстардан да мысалдар келтіруге болады. Олар бастапқыда қарсылық керсеткенімен бәрібір көмекті қабылдағаи. Сірә, бізге адамның көмекті қабылдауына мүмкіндік беретін ситуацияларды өте муқият талдау керек шығар.
Клиенттің кейбір қақтығыс немесе күйзелісті басынан өткеруде екеніп біле отырып, кецес беру ситуацияларын дұрыс пайдаламуға мүмкіндік беретін тағы екі факторды айта кетуіміз керек. Біріншіден, әңгіме жүргізудің физикалық мүмкіндігі болуы керек. Мұндай пікір артық көрінуі мүмкін, дегенмен де шын мәнінде ол кейбір ойластыруды қажет етеді. Көбінесе клиентті кеңес алуға еріксі
мәжбүрлегенде (әрине, кеңес бсрушінің өзі емес), осындай Ситуацияда болғанының өзі терапевттік процестің бастауы болып табылады. Мысалы, емдеу мекемесіне немесе интернатқа орналасқан бала емдеуден сәтті өтеді, өзін және өз проблемасын жете ұғынады, ал егер) ол осындай сиянстар қажет пе деп, ерікті түрде таңдапса ондай жетісктік болмас еді. (Осы тәрізді жағдайларда кеңес беру көптеген сұрақтарды тудырады, олар келісі тарауда қарастырылады мысалы кеңес беруші мен беделді адам рөлін шатастыру қаупі.)
Бірақ кеңес беруде бір ғана физикалық мүмкіндіктің орындалуы жеткіліксіз. Клиент проблеманы тудырған қайшылықтары талпыныстары туралы қалай да болса айтып беруге қабілетті болуы керек. Ол мұны ойын арқылы немесе басқа түрдегі шартты белгілермен жасауы мүмкін, бірақ психотерапия проблеманы тудырған, терапевттік әрекетке қалай болса да кірістірілмеген күштердің алдында дәрменсіз. Индивид өз сезімін айта біле ме, жоқ па — бұл сұрақ кеңес берушінің қолайлы терапиялық атмосфераны жасауға қабілеттілігі, сол сияқты клиенттің қабілеттеріне байланысты болады. Әрбір нақты жағдайда, кецес берудің қажеттілігі туралы шешім қабылдағанда бұл фактор назарда болуы қажет.
Он екі жастағы Саллимен жүргізілген бірінші сеанс кеңес алуға көндірген жағдайда үнемі орын алатын кейбір қиындықтар мен мүмкіндіктерді көрсетті. Саллидің анасы (онымен келесі тарауда кездесеміз) қызып клиникаға өзі әкелді, ол, ақыл-ой деңгейінің жоғарылығына қарамастан, мектепте нашар оқыған және бұған қоса үйдегі, әсіресе әпкесі екеуінің арасындағы, қақтығыстың тұрақты себепкері болған. Салли ата-анасының және басқалардың кез келген әрекетіне ашумен жауап қайтарған, сонымен өзінің жеке әлемінде өмір сүрді. Ол клиникаға келуде де қарсылық танытқан. Бірақ оның бұл бағдары асыра сілтеушілік болып шықты және бірнеше айдан кейін бәрі де сеансты бастауға дайыи болды. Салли бір кеңесшімен, ал оның анасы басқамен жұмыс жасай бастады. Енді кеңесшінің бірінші емдеу сұхбатының бірінші бөлімінің есебін ұсынамыз.
Біз жайғасқаннан кейін, мен: "Сендер бүгін осында келе жатқанда қатты тайғақ болды ғой деймін. Жол өте сырғанақ шығар?" — дедім. Ешқандай жауап жок,. Сен В-да тұрасың, солай ма? "Иә" дегендей күбірлейді. Ол орындықта аяқтарын айқастьіра салып отыр, аузын жымқырып алған, уақыттың көбінде менің кезқарасымнан қашпай, маған қараумен болды. Кішкене үзілістен кейін мен: "Мүмкін, пе үшін осында екенін аған қызықты шығар, мүмкін, сен мұнда болғың да келмейтін шығар?" - дедім. Ешқандай жауап жоқ. Осы бірнші ескертуден кейін мен тағы бірнеше сөйлемдерді айттым, оның отбасы, өзі туралы ештеңе білмейтінімді, оның апасы оған бақытты болу үшін көмек қажет және өз қабілеттеріне сәйкес оның үлкен табыстарға жететініне сенімді екенін айттым. Ешқандай жауап жоқ.
Мен жалғастыра бердім: "Мен неліктен екенін білмеймін, бірақ кебінесе біз өз мәселемізді басқа біреумен бөліссек, онда оларды жақсы уғынуға комектесіп, жақсы көңіл-күйде болуымыз мүмкін. Сонымен бірге саған не істеу керек және сенің нені ойлауың немесе сезінуің керектігін нұсқағым келмейді, менің оған құқығым да жоқ". Салли күбірледі: "Сіз не айтқыңыз келді?"
Мен жалғастырдым: "Әрине, көп адамдар бізбен әңгімелесуге келгенде, оны өз еріктерімен жасайтыны өзінен-өзі белгілі, егер оларды бір нәрсе мазаласа, олар өздеріне біреудің кемегін қажет деп сезінеді. Сен өзіңді мшкене басқаша сезіне аласың, өйткені бұны сенің анан шешті. Осында келуді ол дұрыс шешім деп санады. Бірақ біреумен әңгімелесу, өз ойын анықтауға және басқалармен, Тіпті өзіне де қарым-қатынасын жақсартуға кемектесуге мүмкін ғой. Кейде біз ішкі қолайсыздықты аса күшті сезінеміз. Менің жалғыз ғана мақсатым — сен не айту керек деп ойласаң да, бәрін тыңдауым мүмкін, соның арқасында саған толық бақытты болуыңа көмектесуге болады".
Бұл сөздерді мен үзбей, бірден айтқан жоқпын, бір ой екіншісінен үзіліспен жүріп отырды. Сонымен қатар мен қатал емес, достық пейілді болып көрінуге тырыстым. Ол уақытының көбін маған тапжылмай қарап, мойнына тағылған жүрек түріндегі алтын алқасын тістелеп немесе шашын түртпектеумен өткізді.
Үзілістен кейін мен жалғастырдым: "Сен адаммен сөйлесу өте қиын — не сезініп түрганыңды сөзбен жеткізу қиын деп санайсың ба?" Ешқандай жауап жоқ. Кезекті үзілістен кейін мен: "Дәл қазір, сен туралы мен ең негізгіні — сенің өзің, отбасың жайлы еш нәрсе білмеймін. Сенің апа-сіңлілерің бар ма?" — дедім
Салли осы және басқа да ұқсас сұрақтарға аз мәліметті, сыпайы жауаптар берді. Осы сияқты ұзаққа созылмаған сүхбаттан кейін кезекті үзіліс болды. (Жазылған таспаның жалғасы.)
Содан кейін мен: "Сен езіңнің жаныңа жақын бір нәрсе туралы — сенің отбасың, мектеп немесе тағы басқа бірдеңе туралы әңгімелескің келе ме?" - дедім. "Сіз не айтқыңыз келеді?" Менің келесі пікірім адамдардың өздерін жақсы сезінуі үшін жай ғана оған нені жасау керек, нені жасамау керек деп еш нәрсе нұсқамайтын адаммен сөйлесу арқылы соны қалай істеу туралы болды. Және: "Бұл қалай көмектесетінін саған түсіну кішкене қиындау", — деп қостым. Ол: "Мүмкін, бұл кейбіреулеріне көмектесетін шығар, бірақ мен ойламаймын..." - деді. Содан кейін бірдеңе деп оған бұл анық көмектеспейтіні туралы кубірлегендей болды. Сенің ойыңша, бұл біреуге көмектесуі мүмкін бірақ саған ешқандай пайда әкелмейді ғой, шамасы". Ешқандай жауап жоқ. Екеуміз жай үндемей отырған (мүмкін, 45-60 секунд) біраз үзілістен соң мен: "Сіздер, қыздар, үйде бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынастасыздар ма? Сенің апке-сіңлілеріңнің аты кім?" — дедім.
Қысқаша сұрақтар мен жауаптардың кезеңі басталды. Салли отбасындағы әрбір адамның атын атап, отбасындағы ұрыс-керіс туралы фразаны аяғына дсйін айтты, бұл осы әңгімелесу кезіндегі толығымен айтылган бірінші фраза. Ондаған сұрақтармен бірнеше сұрақтарға мардымсыз жауаптарынан кейін тағы да үнсіздік басталды. (Жазбадан тағы да үзінді.)
Біраз үнсіздіктен кейіп мен тағы да айттым: "Мен айтып кеткендей, кейде бұл әңгімелесулер көп көмектеседі, көптеген .адамдар өздері қажетсінгендіктен келеді. Студенттер кейде өздері қалағандай жақсы оқи алмағандықтан келеді. Бірақ сен мүмкін өз келісіміңмен емес, анаңның қалауымен келдің ғой". Ешқандай жауап жоқ.
Мен жалғастырдым: "Егер сен өзіңнің осында келуіңе қатысты сезімінді айта алсаң... ол ешкімді де қызықтырмауы мүмкін - сен не ойласаң, соны түгел айтуыңа болады. Бұл менің саған деген қатынасымды өзгертпейді, менің мақсатым біреу ғана — ол саған көмектесу". Қысқа үнсіздік. "Сен келгендегі өз сезіміңді қандай сөздермен жеткізер едің?" Салли: ".Менің келгім келмеді — келмес те едім" — деді. Ол үзіліс жасағанда, мен басымды изедім де: бұл өте дұрыс -оны күтуге болар еді дедім — осында келу оның өз шешімі емес қой. Ол сыпайы ғана: "Мен шынымен келгім келмеді, бірақ мен келдім", — деді. "Бірақ сен түсінесің ғой, бұл сенің шешімің емес". Ешқандай жауап жоқ. Мен біраз үнсіздіктен кейін сұрадым: "Сен жиі ойланатын және сол туралы айтқым келетін: не проблема немесе басқа нәрсе бар ма?" — "Мен тек қана бір нәрсені көп ойлаймын -мектептегі алатын бағаларым туралы". Мен басымды изедім де, айттым: "Олар сені кейде мазалайды". - "Иә, мен тағы да қайтадан төменгі сыныптарда болсам, ол қалай болар еді деп ойлаймын". — "Саған бұл онша жаксы болмайтын сияқты ғой?" Үзіліс. Мен оған тағы да бір сұрақ қойдым, өйткені мен оны дұрыс түсінбедім бе деп ойладым: "Осындай бұрын болып па еді әлде немесе енді бола ма?" -- "Ол болуы мүмкін, бірақ мен болмайды деп ойлаймын. Менің 3 және 4 деген бағаларым бар, келесі сыныпқа көшемін деп оилаймын. Мен тек екіліктер үшін ғана мазасызданамын. Бірақ мен бұндай баға аламын деп ойламаймын".
Осы кезден бастап Салли өзін-өзі еркін сезіне бастады, өз бағалары туралы айтты, мектепті жақсы көрмейтінін, өзінін жеке жоспары туралы, үй шаруасымен айналысатын әйел болғысы келетінін айтты. Бұл фрагмент тіпті қатты қарсыласатын индивидтің де, күресуге қажет болған ситуацияда, бірте-бірте көмек алу процесіне ене алатынын көрсетті. Салли өзінің келуіне байланысты теріс көзқарасы туралы айта бастағанда, кенеттен осы сезімді кеңес берушінің де солай түсінетінін байқағанда, осындай шеберлікпен жасалған контактіден күрт өзгерістің болуы жайдан-жай емес шығар. Тағы да айтып кететін жағдай екінші сеанста ол тағы да қарсыласа бастады. Және сеанстың көп бөлімінде әңгімелесуге құлқының жоқтығын көрсетті, бірақ кеңес беруші тағы да сол әдісті қолданып, оны дұрысырақ қатынасқа қайта әкелді.
Көмек алуға деген ұғынықты қажеттіліктің маңызы зор болса да, кеңес беруде, көмекке өте күшті қарсылық жағдайында да, егер әңгімелесу мүмкіндігі болса және клиенттің қалай да болса өз қайшылықтарын айтуға қабілеті болса, онда жеңіске жету мүмкін екендігін Саллимен болған мысал дәлелдейді.
Ересек тәуелсіз адаммен жұмыс жасағанда қатынас құру мүмкіндігі шын мағынада көмекті қажетсінуіне байланысты. Көрсетілген ескерту Смиттің әлеуметтік жұмыс колледжінде екі зерттеумен бекітіледі. Екі балалар клиникасындағы жағдайларды талдау ата-аналар балаларын клиникаға мектеп немесе сот адамдарының айтуымен еріксіз жатқызған жағдайда, емдеудегі прогресс жоғары болмайтынын көрсетеді. Ал егер ата-аналар өз балаларына көмектескісі келсе немесе олар баласы да, өздері де қалауымен емдеуден өткісі келсе, онда емдеу өте жоғары дәрежеде өтеді. Осындай ата-ана бағдарларын бірінші әңгімеде-ақ анықтауға болады.
Жеке тұлға отбасы бақылауында ма? Кеңесшінің терапевтік жұмысты жоспарлағанда тағы бір, әсіресе жасөспірім немесе баламен жұмыс істегенде назар аударатын сәті — ол клиенттің отбасымен қарым-қатынасының сипаты. Егер бала ата-анасына эмоциялы тұрғыдан тәуелді, ата-анасына бағынышты болса және үйде тұрып жатса, тек қана балаға бағытталған терапия көбіне тиісті нәтиже бермейді, кейде тіпті қосымша қиындықтар да туғызады. Терапевттік кеңес беру нәтижесіне қатысты болжамдардың бірі индивидтің өз ситуациясын өзгертуіне және осы бағытта түрлі талпыныстар жасауына, инсайттың қандай да бір деңгейіне жетуге мүмкіндігі мен қабілетінің болуына байланысты екендігін тағы да бір ескертіп кетейік. Ересек пен бала өздерінің бейімделу деңгейлерін жоғарылатуға әкелетін өзгерістерді бірге жасауы үшін баламен жүргізілетін тиімді психоторапия әдетте ата-аналармен жүргізілетін жүмысты да қамтиды. Басқа жағдайда баламен жүргізілген терапия оның ата анасына деген негізгі қарсылығын өршітіп, проблеманы шиеленістіруі мүмкін. Тек баламен ғана жұмыс істеуде ересектер баланы кеңесшіден қызғануы мүмкн, трапевтің баламен жақсы қарым-қатынасы антагонизмге әкеледі. Мұндай жағдай тіпті ересектер баласының терапевтік көмек алуын қалағанында да ұшырасуы мүмкін.
Тәуелді индивид ата-анасының қорғауы мен бақылауының әсерінен тыс болган жағдайда, мүлдем басқа көрініс байқалады. Әрбір колледж кеңесшісі ата-анасына он жастағы баладай тәуелді студенттермен де жұмыс істейді. Мұндай адамдар ата-аналарына толығымен сеніп, ешқашан өздеріне киім таңдамайды, өз әрекеттеріне жауапкершілікті сезінбейді. Осындай студенттер колледжге түскен соң кеңес беру көмегіне зәру болады. Тәуелділікке қажеттіліктері мен колледждегі қоғамдық норманың тәуелсіздігі арасындағы шиеленіс, осыдан пайда болған күйзелісті шешу керектігін тудырады.
Сондықтан да балалармен кеңес беру процедурасының тиімділігі әдетте бала немесс жасөспірімнің ата-ана бақылауынан эмоциялы немесе территориялы тұрғыда тыс болуын қажет етеді деп айта аламыз. Бұған жалғыз жатпайтын басқа жағдайлар -- олар сирек кездеседі — баланың проблемасы ата-ана—бала қарым-қатынасымен мүлде қатыссыз болатын жағдайлар. Осындай репетиторлық немесе терапевттік көмекті біз ең негізгі проблемасы — оқу дағдысындағы қиындықтарға кездескен балаларға көрсетеміз. Осындай жағдай мамандық таңдауда проблемасы бар жасөспірім үшін де дұрыс болуы мүмкін. Дегенмен осы жағдайларда да баланың не жасөспірімнің отбасына тәуелділігі жоғары деңгейде эмоциялы тұрғыда болғанда, кеңес берудің нәтижесіз болуы әбден мүмкін.
Клиент жасы, интеллектісі жәyе тұрақтылығы бойынша сай келе ме? Біздің мәліметтеріміз шектеулі болса да, кеңес беру белгілі жас мөлшеріндегі және ақыл-ой дамуының белгілі деңгейіндегі адамдар үшін неғұрлым тиімдірек деп айтуымызға негіз бар. Бұл жағдайды дәлелдейтін мәліметтерді біз практикада пациенттерді әңгімелесу арқылы емдеу үшін клиникалық іріктеуде негізінен қалыпты дамудағы, ақыл-ойы дұрыс адамдарды іріктеу үрдісі бар екенін айтқанда көрсеткенбіз. Өте сирек жағдайларда төменгі немесе соған жақын дедгейдегі индивидтерге психотерапия қажет деп белгіленеді.
Бұрып айтылып кеткен Хили меи Бронгюр зерттеулері осы тұрғыдан тым жақсы нәтижелер береді. Олардың зерттеуі арнайы іріктелген клиенттермен жүргізілген жұмыстың нәтижесін талдауға арналғанын естеріңізге саламыз, бұл жерде төрт жүздей жағдай қамтылған болатын. Ондай интеллектпен емдеу нәтижелерінің арасындағы күшті тәуелділік анықталған. 60% балаларда 70-тен 79-ға дейін көріністе ІQ-дің әрі қарай өсуі келеңсіз; проблемалар шешілмеді немесе тереңдетілді; ІQ —80—89-ға дейін болғандар арасында 23% сәтсіз нәтиже берді; ал ІQ 90—104 арасында '21%-ы және ең жоғары ІQ (110-нан жоғары) — 10%-ы ғана сәтсіз жағдай болды. Аторлар бұл материалды талдауда сақ болу керек, сәтсіз нәтижелср басқа да қосымша, бірақ тікелей ақыл-ой дамуымен байламыссыз, төмен интеллектімен қатар жүретіндермен байланыста туындауы мүмкін екенін асығыс ескертті. Қалай болғанда да, олардың алған мәліметтері кез келгек жағдайларда кенес беру әдісін қолданудың тиімділігі туралы шешімді қабылдауда аса сақ болу керек деген қорытындыға әкеледі.
Жас кезеңі одан да белгісіздеу фактор. Жас адамға қарағанда ересек, кемелденген адамға өз өмірін өмірін өзгерту қиынырақ екені айқын сияқты. Хронологиялық жас адамның алғырлығы үшін нашар көрсеткіш және сондықтан да осы жағдайға байланысты мынаны айтуға болады: жасы елуден асқан адамды емдеуде оны емдеу мүмкіндігін мүқиятқарастыру қажет. Жас кезеңінің төменгі шекарасы да белгісіздеу. Ең басында айтылған, төрт жастағы балалар үшін ойын түріндегі психотерапия шынында да тиімді. Он жастан кіші балаларға кенес берудің вербалды түрі өте сирек қолданылады. Төрт жастан он екі жастағы балаларға ойнау техникаларын ұсынуға болады, өйткені негізгі эмоциялар мен күйзелістерді вербалды түрде айту балаларға қиын болады.
Келесі фактор — жоғарыда аталған, жеке түлғаның психикалық тұрақтылығы. Клиникалық тәжірибе де, зерттеулердің бірқатар мәліметтері де жоғары деңгейдегі тұрақсыз индивидтің, әсіресе оның тұрақсыздығы органикалық немесе тұқым қуалаушылық сипатында болса, психотерапия барысында қандай да бір нәтижеге жетуі екіталай скенін растайды, қазіргі кездегі басқа терапиялық әдістер үшін де бұл солай болады. Хили және Броннер зерттеуінде осы проблема бойынша біршама материал бар. Дамуында нақты пемесе мүмкіндіктегі ауытқулары бар адамдарды анықтауда — бұған психопатиялық түлғалар, ауытқулары бар, миы зақымданғандар кіреді — олардың 7-інде әрі қарай жақсы дамыңан, 37 жағдайда пәтижелер сәтсіз болған. Мәліметтердің сенімділігіне қарамастан, осы зерттеудің қосымша материалдары норма мен ауытқу арасындағы шекараның кандай нәзік болғанын дәлелдейді. Өте анық психотикалық симптомдар немеее психотикалық сипаттардың 9 жағдайында барлығы да емдеуге дұрыс көзқарас танытқан. 17 адам көрінетін немесе "шын мәніндегі" невротиктердің 15 жағдайында нәтижелер сәтті, тек екеуінде ғана сәтсіз болған. Осындай қарама-қарсы мәліметтердің иитерпретациясын кейінгі зерттеулерден алатын шыгармыз. Органикалық тұрақсыздық екінші немесе үшінші топтап гөрі бірінші топқа сәйкестеу болуы мүмкін, бірақ алынғап мәліметтер түсіндіруге әлі де жеткіліксіз.
Қосымша мәліметтер автордың Рочестердегі Тәрбие орталығында өткізілген кейінгі зерттеулерінің негізінде алынды. Ол, біз көрсетіп кеткен, екі жүз жағдайдың терапия салдарын талдауда анықталған материалдармен байланысты. Әр түрлі синдромдар мен симптомдардың маңызын бағалау мақсатымен біз балаларда бар проблемаларды егжей-тегжейлі жүйеледік. Гипербелсенділік жағдайында емдеу нәтижесінің сәтсіз болуының мүмкіндігі жоғары екендігі анықталды. Зерттеуде бұл категория "гипербелсеңділік-қызбалық" деп анықталды. Ол негізінде физиологиялық себептерге байланысты, бірақ дәл медициналық диагнозын анықтау әрқашан мүмкін бола бермейтін мінез-құлық типтерін қамтиды. Тым ерекше белсенділік пен мазасыздық, қызбалық мәнері, тиктер (дене мүшелерінің еріксіз тартылуы), бейберекет және бақылаусыз мінез-құлық -міне, осы категорияны сипаттайтын симптомдардың кейбіреулері. Осындай ауытқулары анықталған балаларға мінез-қүлық немесе бағдарлармен байланысты түрлі басқа да күрделі проблемалар неғұрлым тән болатыны айқындалды. Мұндай жағдайларда емдеудің, оның ішінде психотерапияның да, нәтижесі төмендеу болды.
Ең қызығы, екі жылға созылған терапиядан соң гипербелсенділік өз-өзінен жоғалып кетеді, бірақ топтың үштен екі бөлігінде басқа бір проблемалар қалып отырды. Осы зерттеудегі категориялар Хили және Броннер жұмысында қарастырылған параметрлерге сай келмесе де, екі зерттеу арасынан қызықты параллельдер табуға болады. Бұл, егер оны сәйкес түрде анықтаса, осы психикалық тұрақсыздық факторының маңыздылығын дәлелдейді.

12-практикалық сабақ.

Психологиялық кеңес беру жүйесіндегі директивті әдістердің маңыздылығы.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Директивті әдістердің мәні мен маңыздылығы.
2. Директивті топтағы психолог-кеңесшілер қолданатын тәсілдер сипаттамалары.
3. Директивті әдістердің маңызды ерекшеліктері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
1. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
2. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
3. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
4. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

Қосымша:

1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

Лекцияның мәтіні:

Шешендіктің түп мақсаты- адамдарды иландыру.
Ф.Честерфильд.
Шешеннің тілі ,
Шебердің бізі.
А.Құнанбаев.
Шешен сол –сөйлер сөзден қамалмаса...
Шал Ақын.
Әрі қарай терапевттік процесті талдауға көшпес бұрын кейбір даулы кезеңдерді қарастыра кету өте маңызды. Психотерапияда да, кеңес беруде де, бұрын айтылып кеткендей, кеңес беруші процесс нәтижесіне басшылық ету жауапкершілігін мойнына алмайды. Көптеген оқырмандар біз сипаттап кеткен кеңес беру типі оларға онша мәлім емес екенін сезген шығар, сондықтан бірден мынадай сұрақ туындайды – кеңес беруші осы жерде сипатталған тәсілмен клиент проблемасын шеше ала ма? Бұл сұрақтар шын мәнінде өте маңызды және ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бірден ақырғы жауапты бермес бұрын, бірқатар негізгі ой-пікірлерді айта кетейік.
Бірден айта кететін жағдай – осы жұмыста ұсынылған кеңес беру тұжырымдамасы жалғыз ғана тұжырымдама болып табылмайды. Кеңес берудің басқа да бірқатар тұжырымдамалары, терапевттік қарым-қатынасты қалыптастырудың басқа да тәсілдері бар. Осы процестің жалпы анықтамасын мына мәселеге алып келуге болады: кеңес беруші клиент проблемасын анықтайды, диагноз қояды және оны шешумен айналысады, бірақ кеңес алушының да осы істің атқарылуына тікелей әрі өте белсенді қатынасуына талап қойылады. Терапевт проблема шешілуіндегі бұл жауапкершілікті өз мойнына алады және бұл жауапкершілік барлық талпыныстардың басында тұрады. Мүмкін, осындай директивті әдісті көрсету оқырмандарды сендіруге мүмкін көмектесер.
Колледжде оқыту дағдылары курсын өтіп жүрген студент қыз кеңес берушіге алғашқы әңгімелесуге келеді. Кеңес беруші қызды қарсы алады да, әңгіме басталады (фонограмма):
К. Мен сенің құжаттарың мен әр түрлі анықтамаларыңды қарап шықтым.
С. М-м.
К. Сонымен мен сенің У-дан екеніңді білдім.
С. М-м.
К. Сен Рузвельта Хаяға бардың ба?
С. Иә, М-м.
К. Мен сенің оқуыңды жақсарту мақсатымен психологиялық курсқа келгеніңе ерекше көңіл аудардым. Мен сенің қиыншылықтарыңмен таныстым, сенің қиналып жүргеніңді және сені нашар бағаларың, есте сақтау қабілетіңнің нашарлығы және т.б. мазалайтынын түсіндім. Ал мектепте сен қалай оқып едің?
С. Енді мен орташа оқушы болғанмын.
К. Ол жердегі сенің негізгі пәндерің қандай еді?
С. М-м, сіздің меңзеп тұрғаныңыз...
К. Орта мектепте сенің дайындығың арнайы дайындық болды ма әлде коммерциялық па?
С. Ол теориялық курс болатын. Мен ағылшын тілі және тарих пәндерімен айналысатынмын.
К. Сен бәрінен де қайсысын көбірек ұнатып едің?
Бұл үзіндіні келтіріп отырған себебіміз, ол бәріне жақсы мәлім кеңес берудің типтік тұрғысын көрсетеді. Кеңес беруші бастан-ақ сыпайы түрде ситуацияны толығымен басқаруды өз қолына алады. Ол процесті басқаруға өте қажетті мағлұматтардың өзінде бар екендігін студентке қажетті мағлұматтардың өзінде бар екндігін студентке сездіреді. Ол студент проблемаларының ішінен кеңес беру процесі бағытталатындарын іріктеп алады. Ең бастысы – кеңес берушінің әңгімелесу процесін басқаруды тікелей өз қолына алуы. Студенттің міндеті – кеңес беруші нақты әрі дәл диагноз қоюға көмектесетін мәліметтерді алуына қажетті сұрақтарға жауап беру. Бірінші әңгімелесудің соңына таман терапевттік қарым-қатынастар нақтырақ анықталады.
К. Менің байқауымша, сенің проблемаң өзіңді-өзің көбірек танығың, білгің келетіндігінде ғой деймін. Біз осы сынақтың барлығын қайтадан жүргіземіз, сондай-ақ алдағы іс-әрекеттің жоспары және жобалары – мұның барлығы бізде бар. Мен сенімен әр апта сайын осы уақытта кездесіп тұрамын және сол жағдайда сенде осы оқиғаның картинасы анығырақ қалыптасады. Мен саған оны тексеруге көмектесемін және бәрі дұрыс па, жоқ па – соны айтамын. (Күлкі.)
С. М-м.
К. Олай болса, біз қазір осыны ретке келтіріп аламыз. Мен сенің назар аудару және шоғырландыруда қиындықтарының болуына байланысты, мен қалай болса да осы жобамен жұмыс жүргізу керек деген ұсыныс жасар едім. Жақсы, онда шын мәнінде ол осылай ма әлде жоқ па – тексеріп көрейік.
С. М-м.
К. Егер себеп мұнда болмаса, онда басқада болар. Жарайды, жақсы, біз мұны сенің оқи алуыңды тексеру жолымен біле аламыз. Осы жерде проблема бар.
С. М-м.
К. Сонымен, біздің проблема туралы өз түсінігіміз бар, енді сен бір шешімді қабылдай отырып: Сонымен, осы проблемамен мен міндетті түрде жұмыс істеуім қажет - деуің керек. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, алайда сен осы жұмысты өзің орындап жатқандықтан, Мен қаншалықты ынта-жігеріммен істегелі жатырмын? деген сұрақты шешуіңе тура келеді. Сондықтан менің саған ұсынысым: егер сенің қиындықтарың тарих сабақтарында болса, келесі жолы тарих кітабың мен дәптеріңді ала кел, сонда мен жағдайың қандай екендігін анықтай аламын, сосын біз диагнозға қатысты жұмысты әрі қарай жалғастыра аламыз.
С. М-м.
К. Мен жұмысты болжамды қарастырудан бастар едім. Сонда кейінірек сенің проблемаңның сипаттамасы қалай анығырақ бола түскенін байқарсың деп ойлаймын.
Осы әңгіменің бірқатар ерекшеліктерін атап кетейік. Кеңес беруші проблеманы анықтайды және бұл оның айтылған сөздерінде нақты көрсетілген: Менің ойымша, сенің проблемаң мынада... Кеңес беруші проблеманың шығу көзін таба отырып, диагнозды анықтау жауапкершілігін алатындығын көрсетіп тұр: Бәрі дұрыс па, мен саған оны айтып отырамын. Ол диагнозды анықтай түсу үшін студент не істеу керек екенін ұсынады және, әрине, түзету жолдарын ұсынады. Кеңес беру процесінде негізгі назар проблемаға, оның себептеріне және емдеу жауапкершілігі - өзінің бірлескен жұмысқа қаншалықты дайын екендігін шешуі. Басқаша айтқанда, процесті басқару толығымен кеңес берушінің қолында тұр.
Жоғарыда келтірілген үзіндіге байланысты осы кітапта берілген көзқарас тұрғысынан бірқатар түсініктемелер беруге болады. Біріншіден, біз кеңес беруші іріктеп алған проблемалар студент үшін шын мәнінде өзекті болып табыла ма, жоқ па – білмейміз. Өкінішке орай, студент кеңес беруші проблемаларды анықтағаннан-ақ, оның осы салада кеңес беру процесі шоғырлануы керек деген пікірін еш ойланбастан қабылдай салған сияқты. Одан да маңыздысы – ол бүкіл процесс барысында тек кеңес беруші ғана диагностика жүргізеді, ал мұның өзі кеңес алушының, одан әрі тәуелділікпен бейімделуіне байланысты, проблемаларын шешуге қабілетсіздігін тереңдеп жіберуі әбден мүмкін.
Кеңес берудің осындай түрі барлық өлшемдеріне байланысты, жоғарыда біз сипаттап кеткенді қоспағанда, ерекше болады. Кеңес беру жағдайында раппорт пен жауапкершілікке байланысты екі жақты келісім болуы тиіс. Алайда берілген тұрғыға байланысты болса, онда сезімдер мен бағдарлардың көрінуіне толық еркіндік жоқ, өйткені мен бағдарлардың көрінуіне толық еркіндік жоқ, өйткені кеңес берушінің сөйлеу мәнері кез келген сезімнің берілуін тежейді. Сонымен қатар кеңес берушінің жауапкершілігіне де, клиенттің өзінің тәуелділік дәрежесіне қатысты да ешқандай нақты шектеулер қойылмаған. Өзінің жекелеген әсер ету рөлін төмендетуден аулақ болса да, кеңес берудің аталған түрі көпшілігіне кеңес берушінің сендіру күшінің басымдылығына сәйкес құрылған.
Директивті және директивті емес әдістердің негізгі сипаттамалары. Осы кеңес беру әдісі мен алдыңғы бөлімде сипатталып кеткен кеңес беру әдістерінің арасындағы айырмашылықтары тек қана теориялық емес. Жоғарыда ескертіліп кеткен Портердің зерттеулерінде директивті және директивті емес әдістерді қолданған кеңес беруші іс-әрекетіне қатысты ойлануға тұрарлық бірқатар мәліметтер ұсынылған. Зерттеушінің салыстырмалы талдауға алған әңгімелерінің саны аса көп емес, бірақ нәтижелерінің тұрақтылығы таңғаларлық. Портер сараптаушылар тобынан әр түрлі критерийлері бойынша фонограммаға жазылған әрбір диалог пен кеңес берушінің айтқандарын

Директивті топтағы кеңес берушілер қолданған тәсілдердің
сипаттамалары

Тәсілдердің сипаттамасы
Бір әңгімедегі орташа мөлшер

Директивті топ
Директивті емес топ

Кеңес беруші әңгіме оқиғасын диагностикалық терминдер немесе емдік кезеңдер арқылы анықтайды.
Мысал. Мен сіздің проблемаларыңыздың қандай екендігін білмеймін, бірақ біз оған сынақтардың және тікелей әңгімелесу процестерінің көмегімен біртіндеп жақындауымызға болады.

1,7

0,5

Кеңес беруші тақырыпты береді, бірақ оның әрі қарай дамуын кеңес берушіге қалдырады.
Мысал. Сіз осы туралы маған толығырақ айтып бере алмайсыз ба?

13,3

6,3

Кеңес беруші тақырыпты береді де, оның алдағы дамуын колдау, қолдамау немесе белгілі бір ақпарат ұсынумен шектейді.
Мысал. Сіз мұнымен қаншалықты ұзақ айналысып келесіз?, Осында ма әлде үйде ме?, Ол не қылған курс болып еді?

34,1

4,6

Кеңес беруші проблеманы, қиындықтардың шығу көзін, түзетуді қажет ететін жағдайларды және т.б. сынақ нәтижелерінің түсініктемелер беру немесе бағалау сияқты жолдарымен анықтайды.
Мысал. Сіздің проблемаларыңыздың бірі өзіңізді басқалармен салыстыру мүмкіндігіңіздің болмауы ғой.

3,7

0,3

Кеңес беруші сынақ нәтижесіне түсініктеме береді, бірақ қиындықтарды анықтау мақсатымен емес және т.б.
Мысал. Бұл деген колледжге жаңадан келгендердің 32% -ы тапсырма материалын сізге қарағанда жылдам оқып шыққанын көрсете ме?

1,2

0,1

Клиентке қатысты қолдау немесе қолдамау, таңғалу немесе т.б. жеке реакцияларын білдіреді.
Мысал. Жарайды! Тамаша! Бұл жақсы бастау.

2,6

0,6
4
Кеңес беруші проблемаға немесе емдеуге байланысты қандай да бір мәліметті береді, талқылайды, түсіндіреді.
Мысал. Сонымен, мен жалғыз ғана себеп осы деп ойлаймын. Бұл туралы жеткілікті хабары бар кейбір адамдар да дәл ештеңе білмейтін адамдар тәрізді мазасызданады.

20,3

3,9


Кеңес беруші клиенттің іс-әрекетін тікелей өзінің сұрақтары арқылы немесе не істеу керек деген клиент сұрағына жауап арқылы бағыттайды.
Мысал. Менің ойымша, сізге бұл жұмысты тастап, барлық күш жігеріңізді мектептегі сабағыңызға бағыттау керек сияқты.

10,0

1,3

Кеңес беруші өзінің барлығына жақтау немесе қарсы болу сияқты жеке ойын білдіре отырып, дәлелдерді бағалау және ретке келтіру арқылы белгілі бір шешімнің қабылдауына әсер етеді.
Мысал. Жақсы, бәрі сенің өзіңе байланысты, бірақ мен ең болмағанда тырысып көрер едім.

5,2

0,3

Кеңес беруші клиентті сендіруге тырысады.
Мысал. Сіз қазір үлкен қиындықтармен кездесуіңіз мүмкін, бірақ олардан шошымаңыз. Сіз жеңесіз?.

0,9

0,2

Директивті емес топтағы кеңес берушілер қолданған тәсілдердің
сипаттамалары

Тәсілдердің сипаттамасы
Бір әңгімедегі орташа мөлшер

Директивті топ
Директивті емес топ

Кеңес беруші әңгіме жағдайын клиенттің әңгімені дамыту, мәселені шешу және т.б. бағытындағы жауапкершілік терминдерімен анықтайды.
Мысал. Ал кейде адамдар өздерінің проблемаларын тағы біреумен бірлесе талқылай отырып, ол туралы әлдеқайда жақсы түсініктер алатындығын байқатады.

0,5

1,9

Кеңес беруші өзінің жауабы арқылы, сол уақытта клиенттің айтқан сезімдері мен бағдарларын қабылдағандығын көрсетеді.
Мысал. Және бұл өзіңді біршама кемсітіп сезінуге мәжбүр ете ме?

1,2

10,3

Кеңес беруші өзінің жауаптарына түсініктеме береді және сөзбен айтылмаған сезімдер мен бағдарларды қабылдағандығын көрсетеді.
Мысал. Бәлкім, бүгін сіздің таңертең келгіңіз келмеген шығар?

0,7

9,3

Екі топқа да ортақ тәсілдердің сипаттамасы

Тәсілдердің сипаттамасы
Бір әңгімедегі орташа мөлшер

Директивті топ
Директивті емес топ

Кеңес беруші клиентті таңдау жасауға және әңгіменің тақырыбын дамытуға ықпал жасайтын нұсқаулар береді.
Мысал. Сіз бүгін таңертең не туралы ойладыңыз?

0,6

0,6

Кеңес беруші субъективті мазмұнды түсінуге бағытталатындай етіп жауап береді.
Мысал. Және осы сынақ бейсенбіде болады.

6,1

6,0

Кеңес беруші шешім қабылдау клиенттің өзіне байланысты екендігіне меңзейді.
Мысал. Бұл сізге байланысты.

0,4

0,6

Кеңес беруші шешімді қабылдап, қолдайтындығын көрсетеді.
Мысал. Осы жерде сіз дұрыс айтсаңыз деп ойлаймын.

0,8

0,6

жүйелеп топтастыруды өтінген. Барлығы 19 әңгіме. Сонымен қатар ол сарапшылардың әрбір әңгімені директивті дәрежесіне қарай бағалап отыруын сұраған. Сонда сарапшылар үшін мынандай нұсқау берілді: ІІ бағасы бағыт-бағдар толығымен кеңес беруші өзі берген әңгімеге сәйкес келеді, ал І бағасы – кеңес беруші тура немесе жанама түрде әңгімені бағыттау жауапкершілігінен бас тартып және соның нәтижесінде клиент амалсыздан жауапкершілікті өзі қабылдауға тура келген әңгімеге сәйкес келеді. Сіздер кеңес берушінің әңгіме дамуын бағыттауды қаншалықты жақсы іске асырғандығын бағаламауларыңыз керек. Әңгімені тек оның директивті немесе директивті емес дәрежесіне байланысты бағалаңыздар.
Бағалау кезеңі аяқталып, көбірек директивті әңгіме азырақ директивті әңгімемен салыстырылып болғаннан кейін, мінез-құлық модельдерінің арасындағы айқын айырмашылықтары алынды. Портердің мәліметтерін алып және оның деректерінің кейбіреулерін топтастыра отырып, біз осы айырмашылықтарды көрсетіп кестені шығардық. Портердің мәліметтері бойынша 19 әңгіменің 9-ы директивтік дәрежесіне байланысты 11 балдық жүйе бойынша 1,5-тен 5,6-ға дейінгі балл беріліп, ал орташа есеппен алғандағы көрсеткіші 3,3 болып, өте төмен бағаланды. Қалған 10 әңгіме бірауыздан директивті әңгімелер тобына жатқызылды, бұларға 9,3-тен 10,8 дейінгі балл беріліп, орта есеппен алғандағы мәні 10,2 болды. Директивтік көрсеткіші төмен болған топтарда 5 кеңес беруші, ал директивтілігі басым болған топтарда 6 кеңес беруші жұмыс жасаған, сондықтан да қандай да бір кеңес берушінің тәжірибелік ерекшеліктерінің сипаттамасы кеңес беру нәтижелеріне әсер етпеді. Әрбір топта жаңадан келген кеңес берушілердің де, тәжірибелі кеңес берушілердің де әңгімелері ұсынылды. Әңгімелер терпияның әр сатысынан, яғни алғашқы, орта және қорытынды сатыларынан іріктеліп алынған. Екі топ та осы жағынан шамамен тең болады. Ал енді біз сөйлеудің белгілі бір түрі немесе тең болады. Ал енді біз сөйлеудің белгілі бір түрі немесе кеңес берушінің стилі осы немесе басқа топ үшін айрықша бола ма дегенді қарастыратын болсақ, онда кәдімгідей ерекшеліктерді байқаймыз. Бізде директивті сөйлеудің жиі қолданылған он бір түлі жазылған, үш түрі директивті емес топта, ал төрт түрі – екі топ үшін де шамамен бірдей дәрежеде.
Осыдан алынған нәтижелер жоғарыдағы кестелерде көрсетілген (2-4-кестелер). Жалпы зерттеу әңгіме барысында кеңес берушінің рөлін қарастырумен шектелетіндігін ескеру керек. Бұл жерде клиенттің жауаптары топтастырылмаған. Кестеде сипатталған мәліметтер категориялары Портер және оның эксперттері қолданған түрінде берілген. Әрбір бөлімде эксперттер анықтамаларды нақтылау үшін қолданылған қысқаша мысалдар келтірілген. Оң жақтағы бағанада директивті немесе директивті емес топтардағы кеңес берушінің әңгіме барысындағы ой-пікірлерінің айтылу түріне байланысты жалпы саны көрсетілген.
Осы үш кестенің талдауы екі психотерапевттік әдістің арасындағы бірқатар маңызды айырмашылықтарды көрсетеді. Біріншіден, директивті стильді ұсынатын кеңес берушілер кеңес беру жағдайында белсенділік көрсетеді – олар көбірек сөйлейді. Директивті әңгімеде орта есеппен алғанда әңгіме барысында кездесетін жүзге жуық әр түрлі жауап категорияларын, ал директивті емес әңгімеде қырық тоғыз категорияны іріктеуге болады. Осыған сәйкес директивті әңгімеде клиент әлдеқайда аз сөйлейді. Осы әңгімедегі сөздерді санағанда. Портер бір оқиғада клиент кеңес берушіге қарағанда жеті есе көп сөйлейтіндігін, ал басқасында кеңес беруші клиентке қарағанда төрт есе көп сөйлейтіндігін байқаған, яғни бұл сөз қыстыруға ұмтылу деген статистикалық дәлелді мысал. Егер біз кеңес берушілердің осы екі түрін салыстырсақ, онда екінші кеңес беруші біріншісіне қарағанда жиырма бес есе көп сөйлеген болып табылады.
Кеңес беруші мен кеңес алушының сөз мөлшерлерін салыстыру мен директивті дәрежелерін салыстыру арасында анық әрі нақты өзара байланыс байқалады. Он директивті әңгімелерде орташа есеппен алғанда кеңес беруші клиентке қарағанда үш есе көп сөйлеген, ал тоғыз директивті емес әңгімелерде кеңес беруші клиенттің сөйлегенінің жартысынан азын сөйлеген, ал тоғыз директивті емес әңгімелерде кеңес беруші клиенттің сөйлегенінің жартысынан азын сөйлеген. Осы екі салыстырудың нәтижесінде мынаны байқауға болады: директивті емес тәсілді ұстанатындарға қарағанда орта есеп бойынша алты есе көп сөз қолданғандығы зерттеу барысында байқалатын үлкен айырмашылықтардың бірі болып табылады. Осы директивті емес кеңес беруде клиент өзінің проблемаларын айту үшін келетіндігі туралы фактіге сенімділік тудырады. Директивтік кеңес беруде кеңес беруші клиентпен әңгімелеседі. Көрсетілген кестелердің негізінде біз – спецификалық сұрақтарды қолдану, сынақ нәтижелеріне түсінік беру, түзетуді қажет ететін проблемаларға нұсқау жасау, клиентті сендіру сияқты тәсілдердің төңірегіне жинақталуға сәйкес келетін тәсіл директивті емес тәсілден гөрі директивті әдіске көбірек тән деген қорытындыға келеміз. Ал клиенттің сөз жүзіндегі немесе сөзсіз көрінетін сезімдері мен бағдарларын айыра білу және түсініктеме беру сияқты тәсілдері директивті емес топты құрушы тәсілдер болып табылады. Осы жерде қайтадан түпкілікті айырмашылықтар көрінеді – директивті топта кеңес беруші әңгіменің өрістеу барысын басқара отырып, қажыр-қайратын клиентті таңдаған мақсатқа қарай жылжуға мәжбүрлейтін тәсілдерге жұмсайды; ал директивті емес топта – бар көңіл клиенттің өз дәлелдері мен сезімдерінің ізімен инсайттың және өзін түсінуінің тереңдеуіне, оларды байыптауына талаптандыратын тәсілдерге аударылады.
2,3,4-кестелердегі салыстырмалы талдаудың мәліметтері директивті кеңес берушілер әңгіме барысында өте жоғары дәрежедегі белсенділік көрсетеді деген фактіге байланысты біршама көмескіленгендіктен, біз сол материалды 5-кестеде біршама басқаша етіп ұсынуға тырыстық. Екі топта да жиі кездесетін кеңес беру тәсілдерінің қолданылу жиілігінің кему реті бойынша параллеьдігі түрде салыстырып көрейік. Әрбір топта кеңірек қолданылған тәсілдердің тек жетеуі ғана ұсынылған, ал қалғандары өте сирек қолданылады. Бұл кестедегі тәсілдердің атауы алдыңғы кестелердегі ресми атауларымен салыстырғанда аздап өзгертілген. Әрбір тәсілдің сипаттамасынан кейін әңгіме жақшаға алынып көрсетілген.

Әңгіменің жиі кездесетін тәсілдері
(жиіліктің азаюы ретімен)

Директивті кеңес берушілер тобы

Директивті емес кеңес
берушілер тобы
1. Арнасы тар сұрақтар қойылады және жауабы иә немес жоқ сөздерімен шектеледі немесе қандай да бір белгілі ақпарат беріледі. (34,1)
1. Қазір ғана клинт көрсеткен сезімдер мен қарым-қатынастарды мойындайды, оны қандай да бір тәсілдер арқылы білдіреді. (10,3)
2. Түсіндіреді, талқылайды немесе себепке байланысты мәлімет береді. (20,3)
2. Ерекше әрекеттерде, мінез-құлықта немесе жоғарыда айтылған пікірлерде көрінетін сезімдер мен қарым-қатынастарды мойындайды немесе түсінік береді. (9,3)
3. Әңгіменің тақырыбын береді, бірақ оның алдағы дамуын клиентке ұсынады. (1,3)
3. Әңгіменің тақырыбын береді, бірақ оның алдағы дамуын клиентке ұсынады. (6,3)
4. Клиенттің белсенділігін ынталанды-рады. (9,4)
4. Клиенттің қазір айтқандарының мазмұнының мағынасын мойындайды. (6,0)
5. Клиенттің қазір айтқандарының мазмұнының мағынасын мойындайды. (6,1)
5. Арнасы тар сұрақтар қойылады және жауабы иә немесе жоқ сөздерімен шектеледі немесе қандайда да бір белгілі ақпарат беріледі. (4,6)
6. Фактілерді реттестіреді және клиентті ұсынылған әрекетін істеуге сендіреді. (5,3)
6. Түсіндіреді, талқылайды және проблемаға немесе емдеуге қатысты мәліметтер береді. (3,9)
7. Түзетуді қажет ететін проблеманы немесе жағдайды көрсетеді. (3,7)
7. Әңгіме жағдайын клиенттің қолдану жауапкершілігі тұрғысынан анықтайды. (1,9)

Бесінші кесте бізге аз әңгімені қарастыруға негізделген эксперименттік қорытындыларды алуға мүмкіндік береді, дегенмен толығымен үнтаспаға жазылып алғандықтан, олардың құндылығы өсе түсетінін ескеру керек. Директивті кеңес беру түрі көбінесе мағынасы тар сұрақтармен сипатталады және жобалы түрде бұл сұрақтарға нақты жауаптар бар екендігін болжамайтынын айта кету керек. Сондай-ақ кеңес беруші клиентке түсіндірме немесе мәлімет ұсынатындығымен де сипатталады. Бұл екі тәсіл осы сияқты терапевттік әңгімелердегі кеңес берушінің белсенділігінің басым бөлігін құрайды. Соңында кеңес беруші клиентке белгілі бір тақырыпқа байланысты өз пікірін айту мүмкіндігін береді және кеңес берушінің пікіріне түзетуді қажет ететін проблемалар мен жағдайларды нұсқайды. Ол клиенттің айтқандарының ішінен маңызды деген мезеттерді анықтайды. Клиентке нақты әрекеттерді орындауды ұсына отырып, белгілі бір өзгерістерге жетуге тырысады, яғни берілген әректтердің орындалуын қадағалау арқылы клиентке өзінің жеке ой-пікірін білдіре отырып, сол арқылы қысым жасайды.
Директивті емес кеңес беру түрі клиенттің белсенділік сипатына ие, клиент әңгіме барысында көбінесе өзінің проблемаларын талқылай отырып сөйлейді. Кеңес берушінің негізгі жұмыс тәсілдері клиенттің өз сезімдерін, бағдарларын неғұрлым саналы түрде сезіну мен сезімдерін, бағдарларын неғұрлым саналы түрде сезіну мен түсінуге және оны осы тұрғыда әңгімеге тартуға бағытталған. Кеңес берушінің іс-әрекетінің жартысы демек осы категорияларға жатады. Кейін кеңес беруші осы мақсатқа клиенттің айтқандарының мағынасын анықтау және қайталау жолымен жете алады. Кеңес беруші осы немесе басқа проблемаға байланысты клиенттің өз сезімдерін көрсетуіне мүмкіндіктерді жиі береді. Таза ақпараттық сипаты бар сұрақтарды сирегірек қояды. Кейде кеңес беруші клиентжағдайын талқылайды немесе мәлімет береді. Мен бұл жағдайда ситуацияның қайта бағдар алуы іске асырылады - әңгіме және жалпы алғанда қатынас клиент төңірегінде құрылады, оның жеке дамуы үшін қолданылады дер едім.
Директивті емес кеңес берудің бағдарламасы. Қазір ғана келтірілген ереже тұжырымдамаларын әңгіме өткізуге нұсқау ретінде Вестерн Электрик Компаниясының кеңес берушілері үшін бекітілген ережелермен салыстыру аса қызықты.
Ережелер мынадай:
1. Кеңес беруші сөйлеп отырған адамды ықыласпен және төзімділікпен тыңдап, бірақ сонымен қатар қандай да сын көзбен қарауы тиіс.
2. Кеңес беруші қандай да болмасын өктемдік көрсетпеуі тиіс.
3. Кеңес беруші ешқандай моральды тұрғыдағы ескертулер жасамауы және кеңес бермеуі керек.
4. Кеңес беруші сөйлеп отырған адаммен сөз таластырмауы керек.
5. Кеңес беруші тек белгілі бір жағдайларда ғана:
а) адамға өз ойын айтып жеткізуге көмектесу үшін;
б) сөйлеушінің әңгімелесіп отырған адаммен қарым-қатынасына әсер ететін қорқыныш немесе мазасыздану сезімдерінен арылту үшін;
в) сөйлесушінің өз ойын және сезімдерін анық әрі нақты жеткізгендігін мақтау үшін;
г) әңгімені қалып кеткен немесе клиенттің айтпай кеткен жерлеріне бағыттау үшін;
д) егер қажет болса, әңгіменің түсініксіз жерлерін талқылау үшін сөйлеуі немесе сұрақ қоюы керек.
Бұл ережелерде кеңес беру, үгіттеу және пікірталастың жоқтығына назар аударылады және осының бәрі әңгіме уақыты тек клиентке тиесілі деген ой төңірегіне шоғырланады, осы арқылы клиентке еркін сөйлеуге мүмкіндік беріледі, ал бұл жалпы алғанда директивті емес тәсілдерге толығымен сәйкес және директивті типтің тәсілдеріне қарама-қарсы келеді.
Кейбір практикалық қорытындылар. Біреулерге автор өзінің кеңес берушілер мен терапевттердің директивті үлгідегі жұмыстарының басты әрі айрықша ерекшеліктерін көрсетуге ұмтылуы шектен тыс тиянақтылық болып көрінуі мүмкін. Біздің осы сұраққа барынша түсінік беруге ұмтылуымыздың себебі қандай да болмасын кеңес берушінің әдетте өзін және өзінің жұмыс істеу үлгісін көбінесе директивті емес деп санауымен байланысты болып тұр. Кеңес берушілердің директивті шкала бойынша жоғары балл алғандарының көпшілігі сұхбаттасу барысында – мақсат таңдау, клиент не істеу керек екендігі туралы кеңес береді және оларды осы нұсқауларды орындауға көндіргендеріне сенбейді. Осыған сәйкес кеңес берудің барлық түрлері негізінен ұқсас, ал тәсілдері мен техникаларының айырмашылықтары тым аз мөлшерде деп болжамдауға болады. Бірақ Портердің зерттеулері мүлдем бұлай емес екендігін көрнекі түрде дәлелдеді. Біздің түсінігімізде психотерапияның прогресі шындығында ешқандай негізсіз ой-пікірдің үйлесімдігіне ұмтылумен емес, терапевттік тәсілдердің арасында болатын қағидалы айырмашылықтарды мойындауымызбен қамтамасыз етіледі.
Егер оқырман біз келтіріп кеткен фактілерді анықтай түскісі келсе, онда қандай да болмасын берілген әңгімені талдап шығуына болады. Егер ол жазылғандарды жай ғана қайталап оқып шықса, онда төменде келтірілген ой-пікірлерінің беруінің әділетті екендігіне көзі жетеді: 1. Әңгіменің жалпы бағыты мен негізгі ойын түсіну үшін кеңес берушінің айтқандарымен бір танысып шығудың өзі жеткілікті. Егер осы пікір дұрыс болса, онда әңгіме әбден директивті болып табылады. 2. Клиенттің айтқандарын оқып шығу арқылы барлық әңгіменің айтарлықтай парапар сипатын алуға болады. Егер осылай болса, онда кеңес беру үлгісі мүмкін директивті емес болып саналады. 3. Кездесіп келетін пікірлерді оқу тек жаңылысудан басқа ештеңе бермейді, ал клиент немесе кеңес берушінің айтқандары қалай болғанда да әңгіменің мәні туралы өте аз мәлімет береді. Ал бұл әңгіме директивті немесе директивті емес үлгілерінің ортасындағы белгісіз бір нәрсені беретінін көрсетеді.

13-лекция.

Психологиялық кеңес берудің бірыңғай процесі.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Клиент ең жақсы жолбасшы ретінде.
2. Сезімге жауап беру реакциясы.
3. Әңгіменің алғашқы, аралық және қорытынды сатыларындағы психолог-кеңесшінің типтік ой-пікірлері.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
11. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
12. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
13. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
14. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
15. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
Қосымша:
13. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
14. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
15. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
16. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
17. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
18. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:
Шешен кісі- сөз бастар,
Адал кісі –ел бастар.
Ж.Жабаев.
Тіл өнері дертпен тең.
А.Құнанбаев.

___________________________________________________________________________

Кеңес беру атмосферасын құруда көптеген әр түрлі пікірлердің болуына байланысты арнайы қарастыруды талап ететін маңызды сұрақтар туындайды. Біз сипаттап кеткен қарым-қатынас типі – осы немесе басқа позицияға қаншалықты сай келеді? Мұғалім терапевттік әдістерді мектеп оқушыларына қолдана ала ма? Шартты түрде бостандыққа шыққандарды бақылаушы сот қызметкерлері немесе шенеуніктер мен құқық бұзушының арасында терапевттік өзара қатынас болуы мүмкін бе? Ал тәртіп үшін жауап беретін мектеп кеңес берушісі немесе декан ше? Олар кеңес берушінің рөлін атқара ала ма? Әлеуметтік жұмыс саласының зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қызметкерлер мен арнайы көмек көрсету агенттігінің мамандарына осы әдіс сай келе ме? Ал арнайы жұмыскерлерге кеңес беруші немесе өндірістік саладағы бизнес проблемаларына жауап беретін кеңес берушілер туралы не айтуға болады? Бейімдеулері бұзылған жеке адамдардың проблемасымен шұғылданатын, оларға көмек беруді ұйымдастыратын мамандар үшін жоғарыда сипатталған
терапевттік атмосфераны құру және ұстап тұру мүмкін бе?
Бұл сұрақтарға жауап беру тіпті де оңай емес. Егер біз талдап қарайтын болсақ, басты проблемалардың кеңес беру мен өктемдіктің сыйымдылығында екендігін түсінеміз. Бір жағынан, өндірісте штатты іріктеу, жұмысқа алу және қызметкерлердің біліктілігіне жауапты қызметкер, екінші жағынан, жақсы кеңесші бола ма? Егер колледж кеңес берушісі студентті колледжде қалдыру немесе шығарып жіберу мүмкіндігіне ие болса, ол көңіл толарлықтай терапевттік қарым-қатынас орната ала ма? Ал егер шартты түрде бостандыққа шыққан адамды бақылайтын шенеунік – берілген сынақ уақытын бұзған қылмыскерді арнайы мекемелерге жіберу құқығына ие болса, жақсы кеңес беруші бола ма?
Бұл аспект барлық жағынан талдау мен өте мұқият қарастыруды талап етеді. Автордың ойынша, егер кеңес беруші клиентке өктемдік ету қасиетіне ие болса, онда ол клиент пен терапевт арасындағы қарым-қатынасты бұзуы керек. Терапия мен бағынушылық қарым-қатынасы бір әрекетте өзара біріге алмайды. Мұның себептері айдан анық белгілі. Авторитарлық қарым-қатынаста ешқандай сенімділік атмосферасы болуы мүмкін емес. Егер кеңес беруші колледж тәртібіне жауапты болса, студент оған емтиханда көшіргендігі туралы ашық әрі еркін айта ала ма? Ал егер студент осы іске барған болса, онда маман ретінде кеңес беруші өте қиын талдау жасауы тиіс, я болмаса ол ресми қызметкер не болмаса терапевт екендігін анықтауы тиіс. Осы екі қызметті қосуға бағытталған әрекет студент үшін жақсы аяқталмайды. Егер әлеуметтік қамсыздандыру саласының қызметкері толық сенімділік қарым-қатынас орнатуға шешім қабылдаса да, клиент агенттіктерді қалай жек көретінін және оның ұжымын әрдайым өтірік айтып, алдап тұратындығын айтады. Мұндай жағдайда жауапты адам қалай қарауы керек? Егер қылмыскер өзін қадағалайтын адаммен терапевттік қарым-қатынасқа келісе отырып, өзінің қандай қылмыс жасауға бел буғанын айтса, онда шенеунік бәрінен бұрын - өзінің терапевт немесе ресми адам екендігін нақты шешуі тиіс. Бұл мәселелер, әрине, ғылыми емес екендігі сөзсіз. Берілген проблеманы жай ғана басқарушылық-бағынушылық қарым-қатынастарды алып тастау арқылы шешуге болмайды. Студенттің емтиханды көшіріп алып, сосын мұнысын кеңес берушіге мойындауы, кеңес берушінің өз рөліне қайта енуіне дейін қаншалықты уақытқа дейін созылуы керек? Қандай да бір шегіне жету және шартты түрде бостандықтағы адамды бақылаушы қызметкер қайтадан биліктегі ресми қызметкерге айналуы үшін қаншама құқық бұзушылықтар болуы керек? Бұл жерде істің жай ғана кешірімділікпен бітуі мүмкін еместігі айдан анық.
Осы проблеманың қандай да бір шешілу жолының үш нұсқасы бар. Бірақ олардың бірде-біреуі көңіл толарлықтай емес, алайда – кейбірі қайта қарастыруға лайық. Бірінші нұсқаны билікті қабылдау мен бағынуды жалпы кеңес беру кестесінің элементі ретінде белгілеуге болады. Бұның әлеуметтік қамсыздану саласында жетілдірілуі анағұрлым толық болуы мүмкін. Осы саланың қызметкері өз үлесіндегі билікті қабылдап, соған бағына отырып, қорғанысты қажет ететін және осы ережелерге қарсылық білдіретін клиенттермен терапевттік қарым-қатынасты қабылдауы мүмкін. Ол – клиентке: Мен сені қабылдаймын. Саған не керек екендігін мен түсінемін. Сенің бюджетке қатысты наразылығыңды түсінемін. Бірақ мен сонымен қатар заң жүзіндегі шектеулердің қажеттігін түсінемін, агенттіктің ережелерін қабылдаймын және солардың ізімен жүремін. Осы жағдайдан жол тауып шыға аламыз ба? - дейді. Осы позицияны ұстанған әлеуметтік саладағы қызметкер: Сен мынадай бюджетті қабылдауың керек деген өктем бұйрықтан аулақтайды. Клиент өзі сезінетін әр түрлі наразылықты немесе өшпенділікті білдіруі мүмкін, бірақ соған қарамастан нақты жағдайға бейімделу жолын іздестіруі керек.
Ал уақыттан ерте босатылу проблемасына келетін болсақ, Аффлек мұны сынақ мезгілінде жүрген, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жұмыс жүргізген агенттік қызметкерінің арасындағы қарым-қатынас ретінде былай сипаттайды. Арнайы маман өзіне берілген билікті сот сияқты міндетті түрде адамға қолданбайды. Ол оған объективтік көзқарас тұрғысынан қарайды, бірақ оны жеке адам ретінде қабылдайды. Сонымен қатар оның бетін қайтарған және ол үшін өте қатыгез болған қоғамдық позицияларын есепке алады. Маман осы екеуін біріктіре отырып, жасөспірімге қандай да бір тәсіл арқылы оларды теңестіруге мүмкіндік береді. Осындай тұрғыны ұстана отырып, шенеунік билікті құқық бұзушыларға қарсы қоймайды, бірақ тым кешірімді де болып кетпейді. Ол, бір жағынан, пайдалы да, екінші жағынан, өктем емес. Келесі келтірілген үзіндіден осы қойылған ұстанымдар шартты түрде бостандыққа шыққан адамдармен кездескенде іс жүзіне қалай асатындығы анық көрінеді. Мұндай жағдайда қызметкер былай дейді: Сот сіздерге көмектесуімізді жүктеді және сіздер осында аптасына бір рет келуіңіз керек деп шешті. Осылай істеу керек пе, жоқ па, оны сіздер өздеріңіз шешесіздер. Біз сіздерді ештеңеге мәжбүрлемейміз. Егер сіз белгіленген кездесуге келмесеңіз, ол сіздің таңдауыңыз, біз сіз үшін ештеңе шеше алмаймыз. Бұл сіздің өз мүмкіндігіңіз. Егер сіздің қандай да бір проблемаңыз болса, онда оның өз себептері бар деген сөз. Егер сіз өзіңіз қаласаңыз, оларды жеңіп шығуыңыз әбден мүмкін. Осындай әдіс арқылы жасөспірімге таңдау еркіндігі беріледі және сонымен қатар қабылданған шешімнің жауапкершілігін де өз мойына алу жүктеледі. Бұл қызметкерлерге бақылау жүргізе отырып, өзінің міндеттерін орындауға және бір мезгілде реттеу нормаларының билігінде екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шенеунікке толық мағынадағы кеңес беруші болып қала беруіне мүмкіндік береді. Қарым-қатынстың еркін көрінуі осылайша берілген ситуация шеңберінде жүзеге асырылады, сонымен қатар ешқандай да жеке мәжбүрлеу, күштеу болмайды.
Проблеманың қандай да болмасын біртіндеп шешілуінің екінші тәсілі билік пен кеңес беруді біріктіре отырып, маманның әр түрлі уақытта екі түрлі болып көрінуіне мүмкіндік береді. Бұл сыныпта белгілі бір өктемдігі бар сынып жетекшісіне байланысты келтірілген мысалда өте жақсы көрінеді. Көбінесе оның міндеттері кейбір балалар мен орнатылатын қарым-қатынасқа қарама-қарсы келеді. Алайда ол мектептен тыс жерлерде олардың сыныптағы өзара қарым-қатынастарынан мүлдем ерекше болатын қарым-қатынасты кейбір оқушылармен орнатып, шынайы терапевттік ситуацияны құруы мүмкін. Егер осылай болса, онда мұндай қарым-қатынасқа нақты шек қою қажеттілігі екі есе өсе түседі, өйткені, мысалы кеңес беру уақытындағы мұғалімнің қызығушылығы, сөйлеу еркіндігі, бақылау мен талап қоюдың жоқтығын бала түсінбеуі мүмкін, сондықтан сыныпта да осындай жағдай жайылып кетуі әбден мүмкін.
Көптеген жағдайда осындай екі жақты рөл өте сәтті іске асырылуы мүмкін екендігі сөзсіз. Бұл әсіресе кеңес беру уақытында бірқатар айырмашылығы бар командалық өктемдікті жүргізуге тура келетін жағдайда әділетті болып табылады. Осылайша, мұғалім баланың ата-анасымен қарым-қатынасында туындаған проблемаларына байланысты кеңес беру процесін сәтті жүргізуге мүмкіндік алады және сондай-ақ баламен сыныптағы сабақ уақытында иерархиялық қарым-қатынас ұстануына болады. Бірақ, егер оқушының негізгі проблемасы, мысалы оның сабақ кестесіне наразылық білдіруі болса, онда мұғалімге қорғану керек болады да, ол кеңес беруші ретінде жоғарғы дәрежеде болмайды. Сол сияқты колледж деканы да, егер негізгі проблема мамандығын таңдауға байланысты болса, кеңес беру терапиясын сәтті жүргізген болар еді. Ал егер студенттің проблемасы колледж ережелерінің бұзылуына қатысты болса, осы ережелердің орнатылуына деканның өзі де жауапты болған соң, екі рөлді сәтті іске асыру әрекетімен тікелей байланысты қиыншылықтар бірден ұлғайып кетеді.
Проблеманың шешілуінің үшінші типі – перспективада ең көп дәмелендіруші болып көрінуі мүмкін, ол біздің мектептерде, колледждерде, әлеуметтік агенттіктерде, соттар мен өндірістік кеңес беру қызметін басшылық ету қызметінен ажыратып алу. Мұндай шешімнің өзіндік жетіспеушілігі болады және олар, егер біз инсайт дәрежесіне жету – кеңес беру процесінің белсенді интеграциясының бір бөлігі болады десек, өте мұқият өлшенуін талап етеді. Алайда берілген проблеманың шешілуі соншалықты қиын болмауы да мүмкін. Бірқатар мектептер мен колледждерде кеңес беру тәртіптік немесе әкімшілік тәртіптің бір бөлігі болмауы керектігін, керісінше, жеке тәуелсіз қызмет болуы керектігін қолдайды. Клиника пациенттерінің директивтік емес қолдауға бағытталған писихологиялық қызметтер өздері екі рөлді қатар алып жүруді мүлдем тоқтата бастады, дегенмен он екі жыл бұрынғы жазылымдар сол уақытта олардың тіпті басшылық пен емдеудің арасындағы қарама-қайшылықтарды байқамағандықтарын да көрсетеді. Бір айта кететін жайт – ол өндірісте де кеңес беру процесі басқарудан толығымен бөлінсе, аса тиімділеу болатынын түсіне бастауында екені.
Вестерн Электрик Компаниясының қызметкерлері проблемасына байланысты аса ұқыптылықпен жүргізілген зерттеу жұмыстары өнеркәсіп тиімділігінің ең маңызды факторларының бірі ресми және тез анықталатын әкімшілік қарым-қатынастардан бөлек, адамаралық және әр түрлі әсерлерге тез берілетін тұлғааралық қатынастар жүйесі болып табылатынын көрсетті. Осы барлық адамаралық қатынастардың үйлесімді құрылымын ұстап, сүйемелдеу үшін қызметкерлерге кеңес беру бағдарламасы жасалды. Тек қызметшілермен мыңдаған әңгімелесулер өткізгеннен кейін осы кітапта, жоғарыда сипатталғанға ұқсас, кеңес беру процесінің жүргізілу техникасы мен теориялық жағы құрастырылды. Жұмыс толығымен аяқталып болған соң кеңес беру қызметі өктемдік ету қызметінен толығымен бөлінуі іске асырылды.
Жұмыс кестесі өте қарапайым. Ол үйретілген қызметкерді қызметшілердің топтарына – басқарушылар және олардың қол астындағылар – бөліп жіберу болды. Тәжірибе көрсеткендей, әрбір топтағы адам саны үш жүзден аспауы тиіс. Бұл маман басқарушылар мен қызмет етушілердің арасында билік өкілеттілігіне иелік етпейді. Сондай-ақ әңгіменің өзіндік ерекшелігіне сәйкес мінез-құлық немесе тәртіпке байланысты ешқандай кеңес немесе нұсқаулар бермеуі тиіс. Ал өктемдіктен қашу үшін жеке қызметкер өзін кеңес беруші деп атайды. Сондықтан ресми көзқарас тұрғысынан, ол топ ішінде билік органдарымен ешқандай байланыста болмайды. Осындай дара қарым-қатынасты құрастыру бүгінгі таңның өндірістік ұйымдарына тіпті тән нәрсе емес екені анық.
Егер өндірістік сала қызметінде осылай бөлу және оның іске асуы мүмкін болса, онда мұның ұқсас түрін басқа да әлеуметтік институттарда қолдануға болады деп болжауға негіз бар.
Терапевттік қарым-қатынас – бұл адамдарды жылылықпен қарсы алу және қысым көрсету мен мәжбүрлеудің болмауы, клиент тарапынан сезімдердің, бағалар мен проблеманың аса толық көрінуіне мүмкіндік беретін қатынастар болып табылады. Бұл өзара қарым-қатынас өте нақты құрылған, уақыт тұрғысынан, агрессия және тәуелділік тұрғысынан шектеулі болуы керек, бұл бәрінен бұрын клиенттің өзіне қатысты, сонымен қатар кеңес берушінің эмоциялы қатысуы мен жауапкершілігі болуын қамтамасыз етеді. Осы бірегей тәжірибеде толық әрі эмоциялы еркіндік шеңберінің ішінде адам өзінің импульсі мен тәртібінің позитивті және негативті жақтарымен танысып, түсіну мүмкіндігі бар, мұндай түсінікті ол басқа ешқандай қарым-қатынастан ала алмайды.
Жоғарыда талқыланған материалда шек қоюлардың клиент үшін белгілі бір мән-мағынасы бар екені көрсетіліп кетті. Сондай-ақ бұл шектеудің терапевттердің өзіне тигізетін көмегі туралы да айта кету керек. Ең бастысы терапевттің өзін-өзі ыңғайлы сезініп, жұмысын белсенді әрі нәтижелі жүргізуіне көмек береді. Осы белгілі бір шектеудің ішінде терапевт өзін еркін сезінеді, егер клиентпен өзара қарапайым қарым-қатынас нақты анықталмаса, онда кеңес алушының терапевттен көп нәрсені талап ету мүмкіндігі бар. Осының нәтижесінде кеңес беруші әлсіз қорғаныста болады, сондықтан ол әрдайым көмек беремін деген ықыласы өзіне қарсы шыға ма деген қорқынышта болады. Ал егер ол өзінің атқаратын міндеттерінің шегін жақсы білетін болса, ол өз қорғаныстарын алып тастайды, клиенттің қоятын талаптары мен сезімдеріне сақ болады және соған байланысты клиент өзін-өзі өзгерте бастайтын бір қалыпты позицияны ұстанады.

14-лекция.

Психологиялық кеңес берудегі кейбір қауіп-қатерлер.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Жасырын сезімдерді тани білу.
2. Маңызы азырақ қателіктер.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
2. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
3. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
4. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
5. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

Лекцияның мәтіні:

Адам сөзді тыңдай білген жағдайдағана шешен болады.
Унсуралмаали Кайкавус.
Түсінікті болу үшін шешен ағынан ақтарылуға тиіс.
В.О.Ключевский.

___________________________________________________________________________
Жасырын сезімдерді тани білу.
Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға - барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болып табылады.
Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.
Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуға бағытталуы мүмкін. Мысалы, ол – адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.
Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардың психологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.
Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс – айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге - мектебін ауыстыру, үшінші біреуге – бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаның терапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.
Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітапта автор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.
Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзған бала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме – бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегі индевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бір себептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. Орта әсерінің тұрғысы (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуы мен таралуына шек қояды.
Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелей қатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.
Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты – экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгі элементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе саздан жасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу – секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.
Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін қақпандарға түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру – бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.

15-лекция.

Психологиялық кеңес берудегі кейбір ерекше проблемалар.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Жауап қайтаруды талап ететін клиент.
2. Психолог-кеңесші және клиент арақатынас шегі.
3. Ойын терапиясымен параллельдер.
4. Катарсистің клиентке әсері.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
2. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
3. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

Лекцияның мәтіні:

Сөз өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі.
О.Бальзак.
Өнердің ең асылы-сөз.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар Жырау.
____________________________________________________________________________
Жауап қайтаруды талап ететін клиент.
Кеңес берудің қолданылуы мен кең таралуына қарамастан және кейбір кәсіби топтардың өкілдері оны өздерінің қолданылатын негізгі әдістерінің бірі деп есептегенімен, бұл процесс әлі толық зерттелмеген . Біз, мысалы, балаларды интернатқа анықтаудан гөрі, студенттер арасындағы кеңес беру жұмысының нәтижелері туралы анағұрлым аз білеміз. Кеңес беру процесін сипаттаудың өзі жан-жақтылығы жағынан, ойын терапиясы әдістерін сипаттауға қарағанда, соңғысы аса шектеулі жағдайларға пайдаланылса да, әлі жеткіліксіз. Біз, басқалармен салыстырғанда, кеңес беру тиімділігін жоғарылату немесе төмендету факторлары жайлы анағұрлым аз хабардармыз.
Бұл саладағы біздің біліміміздің деңгейі төмендегі соншалықты, психотерапия аспектілерінің бірде-біреуі туралы қандайда белгілі және аяқталған ой- пікірлерді кәсіби деңгейде ұсынуға әлі дайын емеспіз. Бізге дәл қазіргі уақытта керегі кейін оны тексеру үшін кеңес беру тәжірибесінде негізделген болжамдық жағдайлар қатарын қалыптастыруға тырысып көру. Ғылыми даму тәжірибеде тексеріп көруге, түзетуге және келешекте жетілдіруге болатын болжамдары бар жағдайда ғана мүмкін. Әлі күнге кеңес беру салссында жемісті болжамдар көп емес. Керісінше, бұл саланың адамдарға көмектесу арқылы игілікті істер жасауға ұмтылысы оны негіздейтін принциптердің дәл тұжырымдауының орнын басып отырды.
Автор қойылған мақсаттарға сәйкес психотерапияға байнысты көзқарастармен барлық ой-пікірлерді мазмұндауды міндеттемейді. Осы пән туралы бір-біріне қарама-қарсы түсініктерді бейнелей отырып, оларды шатастыру емес, негізінен кеңес беру сферасында бір бағытта, бір тұрғыда жұмыс істеу дұрыстау болар деп санайды. Сондықтан осы еңбекте балаларға көмектесуде он екі жыл қалыптасқан кеңес берудің әдістерімен теориясы көрсетілген, оған отбасылық және студенттерге кеңес беру тәжірибелерінің әсері ескерілген және көрсетілгендер осы саладағы басқа мамндардың тәжірибесі , ой – пікірлерімен жеңіл үйлеседі. Берілген көзқарас тұрғысынан кеңес беруде аталған көзқарастың қалыптасуында зерттеушілік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген, әрі қарай талдау жүргізу үшін жекелеген ь және сериялы терапевтік әңгімелері фонографқа жазылып алынған жұмыстың маңызы зор болды.
Мұның өнімді болғаны соншалық, белгілі бір күңгірт идеялар таза, айқындыққа ие болды. Көрсетілген түп-нұсқалар базасында қалыптасқан негізгі принциптер мен болжамдардың толық қатары осы саланың келешекте дамуына негіз болады деген үміттеміз.
Осы кіріспе тараудың қорытындысында оқырмандарға түсініктемесі, дәлелденуі және қосымшалары келесі тарауларда келтірілетін негізгі болжамды ұсынуды дұрыс деп ойлаймыз. Оны өте қысқа үлгіде төмендегідей анықтауға болады.
Тиімді кеңес беру - өз алдына құрылымдық үлгісі анықталған, белгіленген ережелері жоқ өзара әрекеттестік; ол клиенттің өзін түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні сонша, оның жаңа бағдарларына сәйкес оң қадамдарнды жасауына мүмкіндік туғызады.
Осы айтылғаннан мынадай салдар б шығады: барлық қолданылатын әдістер алдын ала белгіленген өзара еркін әрекеттестікті құруға мақсатты, бұл кеңес беру кезінде де, басқа қарым-қатынаста да өзін түсінуге және клиенттің өзінің ынтасы негізінде оң әрекеттерді құру үрдістеріне бағытталған болуы керек.
Бұл жағдай келесі тарауларда толығымен түсіндірілетін болғандықтан, біз оны осы жерде талқылаймыз, бірақ кейін ол нақты мазмұнмен толықтырылады. Оқырман кітапты оқу барысында өзі үшін ол жаңа мағына иеленді ме дегенді тексеру мақсатымен қарайлап отыруына да болады.
Кітаптың алғашқы беттерінде- біз ойын терапиясы сияқты техникаларды, жалпы терапевтік процеске нақтылық беретін және ашық көрсететін бөлімдерінен басқа, толық талқылауға тырыспаймыз деп айтылған болатын. Дәл қазір сондай қолайлы жағдай келіп тұр, эмоциялы жауап беру туралы сұрақты қарастыра отырып, ойын терапиясымен дәлме-дәл келетін паралльердерді қарастыруға болады. Егер ойын терапиясы әсерлерінің типтік мысалдарын қарастырсақ, онда мына мәселелерді байқауға болады. Өзара іс-әрекеттерді құрылымдаумен, тиым салынған немесе басылып қалған бағдарларды толығымен еркін көрсетуге мүмкіндік ұсынуымен, біртіндеп түсінуге, инсайтқа жақындауымен ойын терапиясы сөз негізіндегі кеңес беруді еске түсіреді. Бұл процесс кей жағдайларда түсініктірек те болуы мүмкін, өйткені мұнда сөз негізіндегі емес (вербалды емес) құралдар қолданылады.
Дороти Барух сипаттап берген төрт жасар бала және оның ата-анасымен жүргізілген тамаша терапия оқиғасын келтіреміз. Одан алынған үзінді төменде келтіріледі. Осы үзіндіде кеңес беруге қатысты барлық негізгі қағидалар жеткілікті түрде анық көрінетінін айта кетейік. Берілген оқиғада ата-аналармен жүргізілетін жұмыс нақты белгіленіп, іске асырылған. Баланың мұғалімі қатысқан ойын ситуациясында екі арадағы жалпы қарым-қатынас пен еркіндіктің орнатылғаны көрінеді. Ойын ситуациясына оқиғаны құрылымдауға көмектесетін шектеулер де көрінеді. Бағдарлар түсінікті болған және қабылданған кезде, сезімдердің біртіндеп тереңдеуі әбден байқалады. Агрессия мен өшпенділік өте жоғары дәрежеде көрсетіледі, өйткені дәл осы сезімдер пәрменді түрде тұншықтырылған. Кездейсоқ жағымды эмоциялардың көрсетілуі драмалық түрде және кенеттен болады. Эмоциялы босатылудың мінез-құлыққа әсері ерекше қызығуды тудырады. Осы оқиғаны Барух былайша сипаттайды:
Мектепке дейінгі мекемеге түскен кезде, Раймонд төрт жас екі айға толған. Ол сол жерде үш семестрге қалды. Алғашқыда ол шығып кетуге сәл-ақ қалған. Ол не сөйлемейтін, не ойнамайтын. өзімен болып жатқан ештеңені қабыл алмайтын болып көрінген. Бірақ балалар дәрігері растайтындай физикалық дамуында ешқандай күрт ауырпалық болған жоқ. Анасы баланың үйде бірнеше сағаттар бойына ешқандай қимылсыз отыра бергендігі және оған баласы ешкім кіре алмайтын қабыршақтың ішінде отырғандай болып көрінетіні туралы айтты. Оны баланың сөйлемейтіні қатты алаңдататын. Осындай сәтсіз қалыптасуды тудыратын негізгі себеп – ол ата-анасының арасындағы өте шиеленіскен қарым-қөатынас болуы мүмкін. Әлеуметтік қызметкермен болған әңгімеде олардың екеуі де орталарында өшпенділік бар екендігін мойындады. Алайда олар ашық түрде жауласпайтындықтарын, керісінше, “өз-өздерін ұстайтындықтарын” айтты. Дау-жанжалдан кейін жеңілдену үшін, шешесі ішіп, баласын ұған, күйеуінен ала алмаған өшін баласынан қайтаратын болған.
Жеке терапиялық сеанстарда екі жақта өшпенділіктерін көрсетті. Олар ұзақ айқайласып, жындануға сәл-ақ қалғандары туралы айтты. Көптеген өкпе- ренжістерін, күйінішті өткен-кеткендерін естеріне ала отырып, олар әлеуметік қызметкердің алдында өздерін толығымен ашып берді. Және іштеріндегі буларын сыртқа шығару мөлшеріне қарай, сірә, олар белгілі бір жеңілдіктер алатын болған, және наразылықсыз қарай алатын болған еді.
Сондай-ақ олар баласында басқа дәрежеде қабылдай алатын болды. Енді шешесі баласына “нағыз өшпенділік” сезінбейтін. Ол төзімдірек, шыдамдырақ бола алатын, бірақ бала шешесінің алдыңғы эмоцияларын бойына өте көп мөлшерде жинағандығы соншалық, енді басқа жаңа эмоцияларды қабылдауға қабілетсіз еді.
Баланың топтық жұмысқа қатысуына қосымша мүмкіндігі басынан бастап-ақ бар еді. Бірақ алғашқы айларда ол қандай да болмасын қатынастардан қашатын. Өз сезімдерін білдіру, егер ол қандай да бір қоласты заттарды қолданғанда ғана болмаса, ол үшін мүмкін емес еді. Алайда талаптар мен шектеулердің өте аз болу фактісі балаға өзін біршама еркіндеу сезінуге мүмкіндік берді. Біртіндеп мұғалімдердің біреуіне деген сенімділік байқала бастады, бірақ бұл сезім өте тереңде жасырынып жатқандығы соншалықты, олөзін мұғаліммен тек үшінші тоқсанда ғана жеңілірек сезіне бастады. Тек осыдан кейін ғана ол топтан тыс қала отырып, ересек адаммен жеке қарым-қатынаста болғанда үрей-қорқынышты сезбейтін дәрежеге жетті.
Мұғаліммен қарым-қатынаста болған уақыттың келесі кезеңдерінде белсенділіктің әр түрлі сатыларынан өтті. Ол балшықтан фекалий (нәжіс) тәріздес зат жасай отырып, агрессиясын білдірді. Жұмыс жүріп жатқан уақытта, сол бөлмеде ол бірнеше рет линолеумге табиғи дефекация да жасады. Ол мұғалімнің алдында өзінің жыныс мүшесін көрсетті және мастурбация жасап, өзінің эксгибиционистік бейімделіктерін көрсетті. Ақыр соңында ол балшықтан дөрекі фигураны жасауға тырысты және мұғалімнің көмектесуін талап етті.
Бұл фигура бала үшін анасы болып табылатын еді. Ол оны ұрды, таптады, үстіне дәретке отырып, оған өзінің жыныс мүшесін тыққылап, қол-аяғын және басын жұлып тастады.
Мұғалима оның барлық қылықтарын қабылдауын жалғастыра берді. Ол балалардың өз аналарына қатысты әр түрлі сезімдерді жиі сезінетіндіктерін және кейде тіпті жындануға дейін баратындықтарын, және оның сезімдерін түсінетін болғандықтарын, өзіне солардың бәрін әрі қарай айтуына, көрсетуіне болады дегенді қайталап айтты. Бір-екі рет ол оның үстін топырақпен былғап немесе ұрыпта жібере жаздады, бірақ мұғалім оған рұқсат бермеді, екеуінің араларындағы қарым-қатынастары бұзылуы мүмкін екнін сезіп, блаға олай етуіне тиым салды. Өзі толығымен сенетін адамды ренжіту баланың оданда зор мазасыздық пен кінәлілікті сезінуіне, одан да жоғары жалғыздық қаупіне алып келетін еді.
Ақыр соңында өзінің анасы ретінде жасалған фигураны ұрып, таптап, кескеннейін кейін, бала күтпеген жерден тынышталып, босаңсыды. Бірінші рет оның даусында жақсы көрінушілік ноталары сезілді: “О, ол өліп қалды, бейшара кәрі, жиіркенішті”.
Сосын ол мерт болған анасының топырақ фигурасын көтерді де өте мейірімді дауыспен сыбырлады: “Байғұс жан. Ол өліп қалды. “Жедел жәрдем”шақырыңдар . Бейшара, кәрі, жеркенішті әйел. Ол қиналмай өлді”. Ол оны мейірімділікпен шапалақтап қойды: “Ішінде не бар екенін көрейік”. Ол топырақ фигураның төбесін шұқылады. “Ой мына жерде қан. Қан кетіп жатыр. Оны ауруханаға апарыңдар”. Ол: “Ана, мен сені қинағым келмейді!”-деп қайтадан көтерді. Сосын мұғалімге бұрылып: “Оны қайтадан жаса”,-деп өтінді.
Топырақ фигураны қайта жасап жатып мұғалім кәрі жауыз анасының өліп қалғандығын, ал мынау жасап жатқаны: бәлкім, өзі қалаған жаңа анасы екендігін түсіндіріп жатыр.
Бала фигураны алып, өзінің жаңа, жақсы анасы деп атады. Фигураның мұғаліл шарак-шапы жабыстырған аяғы жұлынып кетеді. Ол оны алып, аяғын аса ұқыптылықпен өзі қайта жасайды. Осы жерде біз ойын барысында бірінші рет анасына деген мейірімділік, қамқорлық және тағы басқа көп жағымды сезімдердің білінгенін көреміз. Соңына таман уақыты біткен кезде, ол әдеттегідей фигураны бұзыптастаудың орнына, оны қорапқа салып, аса мейірімділікпен бетін жауып: “Міне, осылай”,-деді.
Шамасы, “бұрынғы кәрі анасына” деген агрессиялы сезімдерінің аталуымен, ол енді жаңа анасын қабылдауға қабілетті болды.
Оның мінез-құлқында нақты әрі терең өзгерістер өте анық көрінеді. Ол неді тұтықпайды. Өз құқын қорғай бастайды. Ол басқа балаларға өте агрессиялы бола түсті, бұл оның алдыңғы өзіне-өзі күтуі және бағыныштылығының салдары еді. Ол неді өзін ақымақтар сияқты ұстамайды және елдің назарын аударатын қылықтарды сирек жасайтын болды, сондай-ақ мейірімділікке адекватты көңіл аудара бастады. Жалпы алғанда ол бұрынғыдай емес, анағұрлым табиғилау әрі ашық .
Ойын терапиясының мұндай зерттеулері психотерапияның белгілі бір іргері заңдылықтарымен дамитын процесс екендігін тағы бір рет дәлелдейтіні әбден анық. Және біздің сеніміміз осы заңдылықтардың әр түрлі жағдайларда- өндірістік мекеменің қызметкерлеріне, орта мектептегі жасөспірімдерге, клиникадағы ата-аналарға, ойын терапиясында кішкентай балаларға, мамандық таңдауда жастарға кәсіби-бағдарлық кеңес берудегі көріністеріне байланысты өте түсуде.
Катарсистің клиентке әсері.
Клиент үшін эмоциялардың кедергісіз еркін шығуының мәнділігі біздің әрбір терапиялық әңгімеден келтірілген үзінділерімізде тікелей болмаса да, жанама түрде көрінеді. Осы құбылыстың қүұндылығы туралы бінеше рет айтылса да, ендігі жерде ол туралы тек еске сала кетейік.
Бірінші кезекте клиент бұрын өзі басып тастаған сезімдерімен бағдарларынан арылады. Осындай катарсис физикалық релаксациямен дене қысымын жоюмен бірге жүретінін жиі бақылауға болды. Бірде осындай қысымды тудыратын сезімдерден босанған клиент өзіне және өзінің жағдайына объективті түрде қарайды және ортада өзін ыңғайлы сезіне бастайды.
Сонымен бірге эмоцияларды еркін шығару мүмкіндігі клиенттің болып жатқан оқиғаны дәлірек зерттеуіне ерік береді. Тіпті эмоциялық құбылыстар әлсіз білінгенде, қандай да қорғанысты қажет етпейтін жағдайдағы проблемаларды көтеруде, бейімделудің тәсілдері мен сипатын дәл айқындауға, бар проблемалармен қиындықтар туралы нақты жауап алуға, клиенттің жеке сезіміне жүнгіне отырып, дәлірек бағалау мүмкіндігіне әкеп соғады.
Осылай, жағдайды толыцғымен анықтау ғана емес, сонымен бірге аса маңызды - өзін- өзі түсінуі іске асады. Ол өзі туралшы әңгіме жүргізу кезінде қысылмай, өзінің “Мені-нің” әр түрлі жайларын: ниеттерін, сүйкімсіз нәрселерін, өшпенділік серпілістері мен жағымды бағдарларын, тәуелсіздікке немесе тәуелділікке талпынысын, сезілмейтін дау-дамайлары мен мативтерін, тілектері мен шынай мақсаттарын жақсартуды ешбір жетілдірусіз және бастартусыз қабылдауға қабілетті бола бастайды. Шынайы өмірлік жағдайлардың көбіне бұлай болу мүмкін емес, сондықтан да әрдайым белгілі бір қорғаныс “майданын” ұстанған жөн. Әр түрлі қорғанысты қажет етпейтін, терапиялық қарым-қатынас процесінде клиент өмірінде бірінші рет өз-өзіне ашық , өзінің қорғаныс шегінен шығады және жағдайды дәл бағалай алу мүмкіндігіне ие болады.
Клиенттің қоғам қабылдамаған, оның жасырын “Мен-ін” кеңес беруші сабырлы түрде қабылдап отырғанын көргенде, ол да осы күнге дейін айқындалмаған “Мен-ін” жеке өзінікі ретінде қабылдауға қабілетті болады. Клиент қорқыныш, толқу және қалыптан шығу сезімдерінің орнына, кемелденуге апаратын шынайы әрі тиесілі нүкте ретінде өзінің әлсіз және күшті жақтарын қабылдап, дамыта бастайды. Клиент өзінде жоққа жанталаса ұмтылмай, кім болғысы келетініне зор мүмкіндік туғызатын, өз бойында бар, өсіп келе жатқан қабілеттерді дамытудың артықшылығын түсіне бастайды.
Катарсистің дәл осы бағалы сәттері кеңес берудің шын мәніндегі терапиялық тиімділігін тудырады. Клиент эмоцияларына назар аударғаны ішкі жан дүниесінен бұрын қорғау әрекеттерін сақтау үшін қолданып келген жаңа күштердің босатылуына әкелетінін түсіне бастайды.
Тіпті кеңес беру осы эмоциялық босатылу, сезімдердің сыртқа шығу фазасынан аспаса да, жасампаз және пайдалы болмақ . Дәл осы факт айтылып отырған кеңес берудің осы түрін қысқа мерзімдік терапия үшін ең қажетті құрал ретінде қарастырудың негізі болып табылады. Кеңес беруші бір ғана әңгімелесу арқылы қарым –қатынас жасайтын немесе емдеуді ұзарта алмайтынын білетін жағдайлармен жиі ұшырасады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдайларда ждирективті әдіс қана жиі қолданылады. Уақыттың тығыздығына байланысты, кеңес беруші проблемаларды өз тұрғысынан тез арада қабылдап, клиентке лайықты кеңес беру арқылы түсіндіреді және бағыт береді. Бірақ нәтижелері әрдайым өмірге қажетсіз және қанағаттандырарлықсыз болып шығады. Демек, кеңес беруші шектеулі уақыт ішінде тадамды барлық ойын еркін “айтып салуына” жетелесе, кейін кәдімгідей позитивті нәтижелерге жетудің мүмкіндігі арта түседі. Әрине, клиент проблемаларының жасанды “шешім” таппағанын түсінеді, бірақта қажетті және оны басқа бдіреудің әр түрлі проблемалар мен сезімдеріне қарамай, сол қалпында қабылдап түсінгеніне сенімділік сезімімен кетеді. Терапевтің берген кеңесін толығымен қабылдамай, қарсылық білдіріп, өзінің көп іс-әрекеттерінің дұрыс еместігін сезініп, өзіне бұрынғыдан да сенімсіз күйде кететін кейбір клиенттерге қарағанда, бұл клиент өз жағдайын бағалауда біліктілеу болады.
Бұл бөлімнің катарсистің процестерін терең зерттеу мен терапиялық әңгімелесудің осы фазасын басқаруда туындайтын әр қилы проблемаларды қарастыру жолдары көрсетілген. Осы мәселе тұрғысындағы қысқаша қорытынды материалды қалай да болса құрылымдауға көмектеседі.
Тиімді кеңес беру мен психотерапияның басты бір мақсаты - өмірге икемделуге байланысты проблемалар мен қайшылықтардың негізінде жатқан эмоциялық қарым-қатынасты еркін шығаруына көмек көрсету. Осы мәселені шешуде кеңес беруші әр түрлі әдістерді қолданады. Ең бастысы, клиенттің өз ойын жеткізудегі материал мазмұнының мәніне емес, сондай-ақ оларды мойндауға емес, оның эмоцияларына вербалды деңгейде көңіл бөлу.
Кеңес беру эмоциялы бағдарлрдың қандай күйде көрінгеніне – жауласу, қорқыныш, үрей сияқты жағымсыз сезімдер, не бомаса үйренісу, күш-қайрат, өзіне деген сенімділік немесе амбивалеттілік және қарама-қарсы бағдарлар сияқты позитивті сезімдер айтылғанына қарамастан, осы қағидаларды ұстануға тырысады. Бұл тәсілді клиенттің сезімдері өзіне, басқаларға, сонымен бірге кеңес берушіге немесе кеңес беру жағдайына қарсы бағытталғанда да қолдануға болады. Қалай болғанда да терапевт сыртқа шығарылған эмоцияларды проблеманың және терапиялық қатынастың бір бөлігі ретінде ашық қабылдап, оны түсінеді және шешімін табуға тырысады. Клиент қабылдауда әлі ойын емес, басылып қалған бағдарлар туралы сөз қорғауынан қашқақтайды.
Бұл процесс бойынша клиент осы кезге дейін шығармай келген сезімдерімен түйсіктерінен эмоциялы құтылуда көрінеді, ал ол өзінің жеке сезімдерін ашық және салмақты түрде мойындауға итермелейді және оның жағдайының нақты элементтерін сезіну деңгейін тереңдетеді. Осындай ойлау барысында, ол өзінің жағдайын анығырақ көріп, оның әр түрлі элементтерінің өзара байланысын түсіне бастайды. Бұл ендігі қарастырылатын құбылыс инсайтқа жеткізудегі бастама және нағыз мықты негіз болмақ.

16-практикалық сабақ.

Клиент үшін инсайттың мәні.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Инсайттың маңыздылығы.
2. Өзін-өзі сезіну және қабылдау.
3. Инсайтқа жетудің салдарлары.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
Қосымша:
19. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
20. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
22. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
23. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
24. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

...Сөз өнері ,сөз жоқ ардың ісі.
М.А.Шолохов.
Айтқан сөзің қандай болса, еститін жауабың да сондай.
Гомер.

___________________________________________________________________________
Эмоциялы өңделген бағдарлардың еркін айтылуы клиент үшін маңызды болғанымен, сәтті кеңес беру немесе терапияның мәнін құрайтын процестер онымен толық бейнеленбейді.
Осы жағдайдың анықтығы алдыңғы тараудан көрінеді. Осы уақытқа дейін басылыңқы сезімдердің көріну тәжірибесі жай босанып шығудан гөрі анағұрлым маңыздырақ. Осындай күйзелістің негізінде индивид өзін жаңаша қабылдауды иелене бастайды. Оны біз кеңес беру тәжірибесінен алынған көптеген мысалдардың негізінде бірнеше рет көрсетіп кеткен болатынбыз. Бұл өз эмоцияларын ойын терапиясымен көрсететін балаға да қатысты. Біртіндеп ол өзін жаңаша қабылдауға қол жеткізіп, өз әрекеттері арқылы өзі үшін жаңа рөлді ойнайтындығын көрсетеді. Осы тараудың мақсаты, біздің инсайт деп атап, оның катарсиске сүйеніп, соны бастан өткізумен тығызқ байланысты екенін түсініп, осы жаңа қабылдауды қарастыруға көшуде.
Тарау соңында біз инсайт ретінде топтастырылған күйзелістердің мәні мен егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынамыз. Қазір бұл жерде осы терминнің индивидтің өз тәжірибесінің жаңа мағынасын қабылдауын білдіретіндігіне нұсқауымыздың өзі жеткілікті. Мінез-құлық симптомдарының мәнінің жаңа ұғымына ие болу, себеп пен салдардың өзара жаңа байланыстарын көру, қандай да бір адам мінез-құлқының әдістерін түсінудің барлығы инсайт ұғымына енеді.
Ол біртіндеп дамуы, бір мезетте жүзеге асуы өте сирек болғандықтан, байыппен талқылауды қажет ететін күрделі процесс. Мұндай күйзелістер көбіне жекелеген кейіпте немесе сөз арқылы қандай мөлшерде анықталса, әрекеттер арқылыда солай бейнеленеді. Мұның барлығы интелектілі емес сипаттағы эмоциялы терең кұйзелістермен қосарлана жүреді, сондықтан да айқын вербалды түрде анықталуы да, анықталмауы да мүмкін. Дегенмен инсайт - бұл терапевтік кеңес берудің аса маңызды аспектісі және біздің өте терең назар аударуымызды қажет етеді. Сонымен бірге бұл терапияны көптеген мамандар жете бағалай қоймаған, аз зерттелген аспектісі. Сондықтан нақты қарау шартымен әңгімелесу барысында алынған “өңделмеген” мәліметтердің біршамасын тәптіштеп талдағанымыз дұрыс болар.
КЛИЕНТ ҮШІН ИНСАЙТТЫҢ МӘНІ НЕДЕ.?
Бұрынғы деректерді өзара жаңа байланыстарда қабылдау. Инсайт феноменінің түрлі аспектілерін талдау үшін, ең алдымен, қарапайым мысалды, инсайттың бір түрінің өте кішкентай үлгісін қарастырайық. Миссис Р.- жеткілікті дәрежедегі өмірлік табандылықпен ерекшеленетін, әңгімеге ашық, тіпті сөзшең әйел, оның 13 жастағы Айзек атты баласы – ақыл-есі кем бала. Ситуацияның үлгісі толығымен клиникалық көрініске жақын. Баланың қалыпты дамудан ауытқағаны айдан-анық әрі психологиялық талдау оның 8 жасар бала дәрежесінде әрекет ететіндігін дәлелдеді. Баласының ақыл-ойы кем екендігін анасының ешқашан мойындамауы проблеманы шешуде жүргізілетін конструктивті жұмысқа кәдімгіднй кедергі болады. Бұл жағдай оның рационалды түсінігінің жоқтығынан емес - көптеген мамандар оған ситуацияны жан-жақты түсіндірген, бірақ барлығы да еш нәтижесіз еді. Алайда сол әйел өз сезімдерін айқындауға мүмкіндік тудыратын ситуацияға түскенде, онда инсайт дами бастайды. Осыны бірінші әңгімелесудің (фонограмма) қорытынды бөліміне алынған үзінді дәлелдейді: әйел баланың дені сау болуына ұмтылған және оны оқытуға әрекет ететіндігі жайлы әңгімелейді.
К. Сіз барлығы өзіңізге байланысты деп сенесіз, солай ма? Сіз оны тамақтандыруыңыз, оқытуыңыз қажет, оған аспа бауды кигізуіңіз қажет (сынған бұғана үшін) т.с.с.
Ә. Мен білмеймін. Бүгін, ертең, ал –кейін не болады? Сәз білесіз ғой, оны сезінгенше, уақыт өтіп бара жатыр. Ол есейді, бірақ ол не істей алады? Мүлдем ештеңе. Мен оған: “Не болады? Сен не жаза, не оқи алмайсың ғой?”- дегенде, ол істей алатындығын айтты. Ол : “Мен жүк машинасын жүргізе аламын, мен ұшақта ұша аламын, мен линолеум төсей аламын, мен перделерді іле аламын”,- деп жауап береді. Оның барлық жағдайларға жауабы дайын.
Мен оған. “Сен оқып, жазуға үйренбесең, ұшақта ұша алмайсың ғой. өйткені басқару таблосында сандар орналасқан” деймін де, әрні қарай ұшақ жайлы не айтатынымды да білмеймін.
К. Сіздің ойыңызша, ол сіздің үйреткіңіз келген нәрселерді үйрене алмайтын сияқты ғой?
Ә. Мен оның істей алмайтындығына сенбеймін. Мүмкін, қазір мен ана болғандықтан елемейтін болармын, сіз түсініңізші, менің елемеуім мүмкін-алайда, мен олай ойламаймын. Менің ойымша, Айзектің бір қылығы бар –ол бірбеткей. Егер мен осы қасиеттің түйініне жеткен болсам ол бәрін істей алар еді деп ойлаймын, бірақ мен білмеймін.
К. Бірақ сіз бірнеше жыл бойы оны оқытуға тырысқаныңыз рас қой?
Ә. Мүмкін, мен жеткілікті күш жұмсамаған шығармын.
К. Сірә, сіз тым көп күш салған боларсыз?
Ә. Мен білмеймін, білмеймін. Мен балалармен айналысатын макманмен кездескенде, ол маған екі сұрақ қойып: “Ал енді сіз оны үйіңізге апарыңыз да, оған тыныштық беріңіз”,- деп айтқанда, мен: “Егер оның жағдайында бір кемістік болса, неге сіз маған бар шындықты айтпайсыз?” (Дауысы күшейеді.) мен шындықты білгім келеді және бұл жағдаймен не істейтіндігімді білгім келеді, әрі мен шешімге келім қажет екендігімді білемін, сонда мен оны ағаш ұстасы, тас қашаушы, немесе басқа бір кәсіпке үйретемін! Маған шындықты айтыңыз!
К.(түсінген кейіпте) Сіз әлі шындықты білмейсіз бе?
Ә.(Өте ақырын-тым өзгерген даукыспен.) Мен оны білгім келмейді. Мен оған сенгім келмейді. Мен бұны білгім келмейді. (Көзінде жас пайда болады.)
Осы жерде не болды? Біз кейінірек қарастыратын себептер бойынша, анасы өзіне белгілі деректерді мүлдем басқа көзқараста қабылдайтыны ең маңызды болуы керек сияқты ғой. Ол өз проблемасы жайлы еш жаңа нәрсе білген жоқ . Бұл проблеманың өзі- өзгермеген объективті шындық. Бірақ оның осы проблеманы қабылдауы, оған қатынасы да мүлдем басқа кейіпке ие болды. Алғашында проблема олған әсер етсе де, әднттегідей ол үшін қандай да бір сыртқы кейіпте болады. Проблема- оған көмектеспеген шындықты айтудан бас тартқан дәрігерлер. Бірақ клиентпен ситуация күрт өзгерді. Енді бұл проблеманың бір бөлігіндей қабылдай бастаған оның өзнің қатынасы және де ол өз тарапынан қиын міндет ретінде сезіне бастағанда, оның осы ситуацияға қатысты мінез-құлқы өзгеріске дайын.

17-лекция.

Психолог-кеңесшінің инстайттың дамуына ықпалы.
(1 сағат).

Жоспары:
1. Тікелей әдіс.
2. Өзара байланыстардың мәнін ашуға жағдай жасайтын тәсілдер.
3. Өзара байланыстарды анықтайтын әдістерді қолдану.
4. Өзара байланыстардың қабылдануы.
5. Жағымды әрекеттер инсайттың нәтижесі ретінде.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
2. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.

Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

Лекцияның мәтіні:

Әдептің басы –байқап сөйлеу.
Ахмед Югнаки.
Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.
Сайф Сарай.
___________________________________________________________________________
Тікелей әдіс.
Көптеген кәсіби мамандар клиенттердің психикалық бағдарларында айтулы өзгерістер тудыру мақсатымен өз уақыттарының денін солармен әңгімелесуге жұмсайды.Осы мамандар өздерін қалай атаса да – психологтар, мектеп немесе әлеуметтік қызметкерлер , жоғары оқу орнындығы кеңесшілер, өндірістегі жұмыскерлер бойынша мамандар және т.с.с – олардың әрқайсысының клиент бағдарларына өзіндік тұрғысы бар – бізді осы кітапта қызықтыратын да нақ осы. Осындай мамандар өмірге бейімделмеген немесе абыржулы, жолы болмаған немесе құқық бұзушылармен жұмыс істейді, ендеше олар терапевттен шыққанда, өмір сүруге анағұрлым бейімделіп,өмірдің түрлі жағдайларында кездесетін мәселелерді шешугедайынрақ болып шықса,- сол маманның қолданатын тәсілдері мен техникасы біз үшін аса қызықты.
Мұндай кеңестер түрліше аталуы мүмкін. Оларды “емдік кеңестер” деп қарапайым да кең терминмен атауға болады,олар көпшілігінде білім салаларында жиі қолданыла бастаған “кеңес беру” терминімен белгіленеді, немесе осындай әңгімелердің емдік тиімділігін есепке алсақ, оларды психотерапия деп атауға да болады, мұндай атау әлеуметтік қызметкерлерге , емханалардағы психологтар мен психиаторларға жақындау. Біздің кітабымызда осы терминдер бір-бірін белгілі жағдайда ауыстыра отырып пайәдаланылады, ол түсінікті де, себебі олардың бәрі де бір негізгі әдіске,яғни клиенттің өзінің психикалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған,индевидпен тікелей жасалатын қатынастар сериясына жатады. Бұрынрырақ “кеңес беру” деп клиентпен жүргізілетін жекелеген және үстіртін қатынастарды айтатын, ал жеке тұлғаны тереңнен өзгертуге бағытталған неғұрлым пәрменді және тұрақты қатынастар “психотерапия” терминімен белгіленген, мүмкін, огсындай саралауға қажетті себептер де бар шығар, дегенмен пәрменді және жемісті кеңес берудің пәрменді және жемісті психотерапиядан ешбір ерекшеленбейтіні анық. Сондықтан да біз осы екі терминді де қолданамыз, себебі осы саладағы мамандар бұл екуін де қатар пайдалана береді.
Бейімделу проблемасына байланысты кеңес беру мен психотерапияның түрлі әдістері
қаншалықты кең қолданылады? Ол бойынша статистикалық деректер жоқ, сондықтан да бұл сұрақтың жауабы сипаттамалық мәнде болады, дегенменде кеңес берудің процесс ретіндегі маңыздылығын бекітуге көмектеседі.
Психотерапия бала дамуын зерттеуде- бейімделуде проблемалары бар балалармен (әсіресе жасөспірімдермен) және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуде түрліше пайдаланатын неғұрлым жетілдірілген тәсіл ретінде көрінуде.Көптеген жылдар бойы осы бағытта клиникалық ой қарқынды түрде дамыды.Сондықтан да психотерапия тәсілдері басқалардан гөрі бала дамуының сферасында неғұрлым жемісті түрде деп нақты айта аламыз.
Осы психологиялық тұрғыдан бала дамуының клиникасында кең тарағанын бір-екі нақты мысал көрсетеді.Авторы бұрын директоры болған Рочестер (Нью- Йорк) даму орталығында жасалған талдау бізге төмендегідей мәлімет береді.1939 жылы 850 жағдайдан:
балалардың 62% -ы 1-ден 4 психологиялықсеансқа дейін өткен , бұл жалпы клиникалық контактілердің 42%-ын құрайды.
30%-ы 5-тен 9 сеансқа дейін өткен,жалпы клиникалық контактілердің 35%-ын құрайды.
Егерде бала психологпен 4 реттен аз кездессе , онда контактілер,сірә , диагностикалық болғаны анық; негізінде кеңес беру еріксіз шектелген болады. Бала және оның ата-анасымен 5-тен 9 сеансқа дейін өткізілгенде, мінез-құлықты өзгертудің басқа әдістері де қолданылғанымен, кеңес беру кбінесе емдеудің ең маңызды аспектісі ретінде болып отырды. Пәрменді емдеу топтарында да(әрбір жеке жағдайларда 10 сеанстан көп) психотерапия-проблеманыемдеу және онымен жұмыс істеудің маңызды құралы болып табылды. Бұл тек баламен жұмыс істеу немесе бала және оның ата-аналарыменжұмыс істеу түрінде болды.Әрдайым дұрыс болмаса да, әдетте психолог тек баланы емдеумен ғана шұғылданды,ал әлеуметтік қызметкер ата-аналарымен кеңес өткізді. Клиникаға келгендердің тек 8%-ымен пәрменді емдеу жүргізілгенімен, бұл индивидтермен жүргізілген жұмыс барлық клиникалық іс-әрекеттің 1\3 бөлігін құрады.
Оған қоса Бейкердің даму орталығы берген төмендегі мәліметтер балалармен жүргізілген жұмыста кеңес беру мен психотерапияның рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Директорлар Уилиям Хиль мен Августа Бронердің жетекшілігімен клиникада қарастырылған 1334 жағдайдың 400-інде емдеу жүргізілді.Басқа жағдайларда тек диагноз қойылып, емдеу жауапкершілігі сол пациентті жіберген агентке жүктелді. 400 жағдайдың 111-інде бала псиатордың 1 немесе 2 сеансына қатысса, 210 баламен – 3-тен 9- ға дейін және 79 баламен 10-нан 100-ге дейін әңгіме өткізілді. Ата-аналарымен бірге жүргізілген кеңестер нәтижелерінің көрсеткіштері , жалпы алғанда ,ұқсас :83 адам (ата-ана) 10- нан 100-ге дейін немесе одан да көбірек кеңес алды ( әдетте , осы нақты жағдайды жүргізген адамнан).
Осы екі есеп материалдары бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады: балалар клиникасында психотерапия әдісімен емдеу белгілі деңгейде осындай емдеу типіне сәйкес таңдап алынған жағдайлардың үлесінің аздығымен шектеледі.
Дегенмен таңдап алынған топпен жүргізілген емдеу кеңес - әңгімелері клиника жұмысының негізгі бөлігін құрайды. Бұның өзі елдің нашар бейімделген балаларды емдеумен шұғылданатын клиникалық орталықтарының көпшілігіне тән.
Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің бейімделу проблемасымен айналысатын жұмыстарды талдай отырып, жеке- даралық жұмыстың ең жиі кездесетін әдісі кеңес беру екендігін көреміз. Клиенттер неғұрлым ересектікке жақын болса, анықталған проблемаларды шешудің неғрлым ұтымдылары – кеңес берумен псих\отерапия деп айтуға болады. Оның себептерін біз кейінірек талқылаймыз.
Жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жеке тұлғалық және эмоциялық бейімделулер проблемасын шешуде кеңес берудің барлық техникалары толық қолданылады, бірақ әрбір жеке жағдайда кеңс беру осы процестің аса маңызды бөлігін құрайды және аталмыш саладағы мамандардың пікірінше , осындай іс-әрекетте ол одан да көп орын алуы керек.
Орта мектеп пен колледждермен таныс әрбір адам үшін кеңес беруге арналған даму бағдарламалары әрқашан кеңейтіліп отыратыны анық. Мектептер өз жұмыстарын жекедаралық өсу мен дамуға бағдарлана отырып жүргізсе,студенттердің өз жағдайына неғұрлым жақсы бейімделуіне көмектесетін психологиялық қызметтер де жетілдіріп отырады. Әкімшіліктер көпшіліктік білім беруге байланысты қаржы жұмсаудың қаншалықты маңыздылығын неғұрлым анық түсінсе, туындап отыратын проблемаларды іс жүзінде шешуге соғұрлым мүдделі болады. Квадрат шегелерді дөңгелек тесікке кіргізу қанша болатынын есептеп,яғни шешілмеген проблемалармен ненің энергиясы жұтылатындығын студенттерге үйрету талпыну арқылы - осындай шығындардың алдын алу жолдарын іздестіреді. Топқа белгілі бірегей стандарттардың бірдей болуы мүмкін, ал студенттердің бірдей еместігі де түсініле бастады.
Осыған байланысты индивидті тереңірек түсіну мен оның өз проблемаларын шешуіне көмектесу ниетімен жасалған бағдарламаларға деген сұраныс көбейе түсуде. Соған сәйкес көптеген институттар мен колледждерімзде және орта мектептерде студенттердің бейімделу қызметтері бар, дегенмен осы құрылымдар тек қана аы бар ұйымдардан бастап, студенттердің не түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, кеңес берудің түрлі деңгейлерін ұсынатын неғұрлым жақсы ұйымдастырылған бөлімдер мен бюроларға дейін бір-бірінен анағұрлым ерекшеленуі мүмкін.
Ересектердің бейімделу проблемаларымен аз ғана клиникалық мекемелер айналымады. Ересектерге көп жағдайда жекелеген психиатрлар мен психологтар кеңес береді. Дегенмен кейінгі кезде ерлі-зайыптылардың бейімделу мәселелерімен айналысатын кеңес беру қызметі және сол сияқты қызмет көрсету орындарының өсуі байқалады. Осындай мекемелер енді ғана үйленейін деп жүргендерге, сондай-ақ некелесуден соңғы қиындықтарға кездескен ерлі-зайыптыларға да кеңес береді.
Мұндай қызметтер кешеніне дәрігерлік зеттеу , заң тұрғысынан көмектесу және тағы басқа элементтердің кіруінен қарамастан, жұмыстың негізгі элементі дегенмен де кеңес беру процесі болып отыр. Некегк дейінгі кеңес алушылар үшін ол бір не екі сеанспен шектелуі мүмкін. Ал тұрақты қалыптасқан отбасылық қиындықтарды жеңуде еңбектің жемістілігі көптеген терапевтік кеңестернді қөажет етеді. Мұндай көмекті қажет ету сұраныстан әлдеқайда көп, оны шіркеудің әрбір қызметшісі көрсете алады. Негізінде мұндай көмек отбасылық мәселерге байланысты болғанымен, осы саладағы кеңес берудің жемістілігі студенттермен енмесе бейімделмеген балалардщың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардан аса ерекше деп айтуға негіз жоқ.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман дәсттүрлі түрде әлеуметтік жұмыстың бөлігі саналатын қызметтер жиынтығын – қаржылық көмекке, жұмыс табуға көмектесуге, дәрігерлік қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, мүмкін, ол- негізгісі де болар, кеңес берушілік көмекті ұсынуға да дайын болуы керек. Кеңес беру термині нақты жағдайларлды шешуде аз қолданылғанымен де, оны пайдалануда клиентке күйзелістерінің шиелінісін төмендетудің, бейімделуге байланысты проблеманы шешудің жаңа жолын ұсынуда әлеуметтік қызметкер жоғарыда көрсетілген әрбір маман қолданылатын процеске келіп тіреледі. Әлеуметтік жұмыс – бейімделу проблемасына байланысты терапевтік көмек көрсетуде кең қолданыс табатын бірден-бірн сала. Осы саладағы қызметкерлердің мәселені өзгертуге қаншалықты құлшынғанына қарамастан, осындай көмек көрсету қаржылық қиындықтарға кездескендер үшін көбіне шектеулі болып отыр. Сонымен бірге институттар мен интернаттар жанындағы балалар немесе балалар клиникасындағы әлеуметтік қызметкерлер де өздерінің психотерапевтік дағдыларын пайдаланады. Олар кәсіби топ ретінде кеңес беру процесін зерттеуге көп көмек беріп отырды.
Қазіргі біздің айтарымыз: аса жоғары еңбек өнімділігі- әрбір жұмысшының жоғары деңгейдегі кәсіби дамуы, яғни өндіріс саласындағы кәсіби кеңес беру процесі – маңыздылығы аса жоғары процесс екендігі ғана.
Студенттік және өндірістік кеңес беру туралы айтылғандар мен тұжырымдардың көпшілігі кез-келген әскери ұйымға – оқу немесе әскери ұйымға тең дәрежеде сәйкес келсе де, кеңес берушілік бағдар ел аймағында қолданылатын, мемлекеттік деңгейдегі әскери бағдарламада өте аз пайдаланылған. Әрине, бұл ішінара жетістіктер мен жаңалықтарды тиімді жұмыс бағдарламаларында пайдаланудың әдеттегі кешеуілдеуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл жағдай әскер басыларының жкек - тұлғалық тұрғыдан емес, көпшіліктік тұрғыда ойлауға бейімділігіне де байланысты болуы мүмкін. Соған қарамастан психотерапия саласында дамып келе жатқан білімдерімізді әскери бағдарламада да, тиімді пайдалануға болар еді деп тұжырымдауымызға көптеген себептер бар.
Өндірістегі моральдың хал-ахуал сияқты, жауынгерлік рух та адамаралық қарым-қатынас пен бейімделушілікке жоғары деңгейде тәуелді және осы салада кеңес беру өзінің пайдалы екендігін дәлелдеді. Мыңдаған әскерге шақырушылар мен әскерге өз бетімен келушілер өздері үшін аса күрделі жаңа жағдайларға тап болды – олар басшылыққа, жаңа әлеуметтік топқа бейімделуі керек, оларға өздерінің кәсіби жоспарларын өзгертуге, болашақтың белгісіздігімен санасуға тура келеді. Кейбіреулер бұл проблемаларға өздігінше бейімделуге қабілетті және осы сияқты жағдайларда ешкімнің көмегінсіз дұрыс бағдарлана алады. Бірақ көпшілігі ондайға қабілетсіз, оларда наразылық, невроздық үрдістер туады, олардың көңіл-күйі жабыраңқы болады. Моральдық хал-ахуал үшін осындай ауытқыған мінез-құлық әсері қиындау болады. Кеңес беру мұндай индевидтерге өз қиыншылықтарын көруге ықпал етіп, оларды бейімдеуге мүмкіндік берер еді, оларға жеке тұлға күштерін жұмылдыратын жаңа мақсат табуға, соған жетуге бар күш-жігерін табуға көмектесер еді.
Осындай әдетте кез келген әскерге келушінің алздынан шығатын қиындықтардан басқа, әскери дайындықтың нақты түрлеріне тән ерекше психологиялық стресс жағдайлары да болады. Ұшқыштар, парашютпен секірушілер және оқытуды аса қауіпті маневрлермен байланысты басқа кәсіби мамандар көбінесе үлкен қорқынышты бастан өткізеді, дүрбелең жағдайға түседі, оның қалыпты оқуға әсер ететіні соншалық,олар осындай оқу курстарынан міндетті түрде шығып қалып отырады. Осы сияқты себепсіз қорқыныштар туралы айту және олардан арылу мүмкіндіктері, қайтадан өзіне сенімділік тудыру көптеген осындай адамдардың оқу дайындығын аяқтауына мүмкіндік берер еді. Осындай дайындық жағдайында эмоциялық және бейімдеушілік проблемаларының нәтижесі ретінде қаншама қиындықтар туындауы мүмкін екенін тек болжауға ғана болады, кеңес берудің өзі де соларды жеңуге арналған, ал мұндай жъұмыстамен тығыз байланысты адамдардың айтуынша, олардың саны аса көп.
Кеңес беру бағдарламасының қажеттілігі әскер қатарында жүргенде ғана емес, мүмкін, бейімделудің қиындықтарына байланысты, тіпті әскерден қайту кезеңінде одан да гөрі қажеттірек бола түседі . Әскерден қайтушының алдынан еңбекке орналасу, отбасылық қатынастарды жандастыру,өзін-өзі қамтамасыз ету қажетелігі , жаңа әлеуметтік байланыстарды дамыту проблемалары шығады. Кейінгі соғыс тәжірибесі осындай жағдайда адамға, ең алдымен, өз бетімен дербестік алуға көмек тесетін терапия жауапкершілікті жоғарыда тұрғандарға арта салуға болатын әскердегі бұйрықтық өмір сүру формасымен қоштасуға, өз бетімен шешім қабылдауға, таңдай білуге көмектесу қажет екенін көрсетеді.
Қарулы күштерде енгізуге болатын кеңес беру формалары бар, бірақ ол әлі енгізілмеген. Соғыс кезінде кеңес беруді пайдалану тәжірнибесі – психологиялық тұрғыдан жәбір көрген көптеген адамдарды қайта бейімдеу (реадаптация) жұмысы. Соғыс кезінде невроздық механизмдердің дамуы және офицерлермен қатардағы әскерлердің ақиқат өмірден безінуі – қазіргі армияның ең өзекті проблемасының бірі ретінде қолданыла бастады. Қазіргі соғыстың ажырамас бөлігі өзінің екі ерекшелігімен – соғыс әрекетінің механикаландырылуы және жүйке соғысымен бірге отырып, ауыр стресс жағдайына әкелуіне байланысты индеведтің психикалық құрылымы өз тұрақтылығын жоғалтады.Психологиялық кеңес беру осындай адамзаттың өзіне қарсы соғысының құрбаны болғандары қайта бағыттау мен емдеу үшін көп үлес қоса алады. Әскери бағдарламада тиімді кеңес берудің орны мен рөліне байланысты тағы да бір мәселені қосып айта кетуге болады. Соғыс кезіне тән психологиялық хал-ахуалдың әсерінен демократиялық қоғамның көптеген жетістіктері бірте-бірте шеттетіліп отыр. Демократттардың дағдарыс кезінде пайдаланатын диктатурасының кейін тұрақу мүмкіндігіне байланысты олардың мүлдем жоғалып кету қаупі де бар. Негізгі мақсаты адамға бағытталған жеке тұлғаның неғұрлым үйлесімді дамуы болатын тиімді кеңес беру бағдарламасы осы жекетұлғалық интеграция ұғымын қорғайтын күш – демократияның бірінші орынға әрбір жеке азматтың маңыздылығы мен беделін қоюының маңызды символы болуы керек.
Кеңес беру әдістері, осы қысқа алғы сөзде берілгендей, қазіргі уақытта көптеген салаларда маңызды орын алады және келешекте әсіресе білім беру саласында, өндірісте, әскери әрекет бағдарламасы сияқты, жалпы ұлттық көлемде маңызды құралға айналуы мүмкін. Көп қолданып жүрген және маңызы күннен – күнге өсіп келе жатқан әдіс біздің егжей- тегжейлі қарастаруымызды қажет етеді.
Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға - барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болып табылады.
Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.
Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуға бағытталуы мүмкін. Мысалы, ол – адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.
Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардың психологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.
Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс – айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге - мектебін ауыстыру, үшінші біреуге – бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаның терапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.
Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітапта автор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.
Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзған бала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме – бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегі индевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бір себептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. Орта әсерінің тұрғысы (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуы мен таралуына шек қояды.
Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелей қатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.
Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты – экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгі элементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе саздан жасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу – секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.
Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін қақпандарға түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру – бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.
Кеңес берудің қолданылуы мен кең таралуына қарамастан және кейбір кәсіби топтардың өкілдері оны өздерінің қолданылатын негізгі әдістерінің бірі деп есептегенімен, бұл процесс әлі толық зерттелмеген . Біз, мысалы, балаларды интернатқа анықтаудан гөрі, студенттер арасындағы кеңес беру жұмысының нәтижелері туралы анағұрлым аз білеміз. Кеңес беру процесін сипаттаудың өзі жан-жақтылығы жағынан, ойын терапиясы әдістерін сипаттауға қарағанда, соңғысы аса шектеулі жағдайларға пайдаланылса да, әлі жеткіліксіз. Біз, басқалармен салыстырғанда, кеңес беру тиімділігін жоғарылату немесе төмендету факторлары жайлы анағұрлым аз хабардармыз.
Бұл саладағы біздің біліміміздің деңгейі төмендегі соншалықты, психотерапия аспектілерінің бірде-біреуі туралы қандайда белгілі және аяқталған ой- пікірлерді кәсіби деңгейде ұсынуға әлі дайын емеспіз. Бізге дәл қазіргі уақытта керегі кейін оны тексеру үшін кеңес беру тәжірибесінде негізделген болжамдық жағдайлар қатарын қалыптастыруға тырысып көру. Ғылыми даму тәжірибеде тексеріп көруге, түзетуге және келешекте жетілдіруге болатын болжамдары бар жағдайда ғана мүмкін. Әлі күнге кеңес беру салссында жемісті болжамдар көп емес. Керісінше, бұл саланың адамдарға көмектесу арқылы игілікті істер жасауға ұмтылысы оны негіздейтін принциптердің дәл тұжырымдауының орнын басып отырды.
Автор қойылған мақсаттарға сәйкес психотерапияға байнысты көзқарастармен барлық ой-пікірлерді мазмұндауды міндеттемейді. Осы пән туралы бір-біріне қарама-қарсы түсініктерді бейнелей отырып, оларды шатастыру емес, негізінен кеңес беру сферасында бір бағытта, бір тұрғыда жұмыс істеу дұрыстау болар деп санайды. Сондықтан осы еңбекте балаларға көмектесуде он екі жыл қалыптасқан кеңес берудің әдістерімен теориясы көрсетілген, оған отбасылық және студенттерге кеңес беру тәжірибелерінің әсері ескерілген және көрсетілгендер осы саладағы басқа мамндардың тәжірибесі , ой – пікірлерімен жеңіл үйлеседі. Берілген көзқарас тұрғысынан кеңес беруде аталған көзқарастың қалыптасуында зерттеушілік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген, әрі қарай талдау жүргізу үшін жекелеген ь және сериялы терапевтік әңгімелері фонографқа жазылып алынған жұмыстың маңызы зор болды.
Мұның өнімді болғаны соншалық, белгілі бір күңгірт идеялар таза, айқындыққа ие болды. Көрсетілген түп-нұсқалар базасында қалыптасқан негізгі принциптер мен болжамдардың толық қатары осы саланың келешекте дамуына негіз болады деген үміттеміз.
Осы кіріспе тараудың қорытындысында оқырмандарға түсініктемесі, дәлелденуі және қосымшалары келесі тарауларда келтірілетін негізгі болжамды ұсынуды дұрыс деп ойлаймыз. Оны өте қысқа үлгіде төмендегідей анықтауға болады.
Тиімді кеңес беру - өз алдына құрылымдық үлгісі анықталған, белгіленген ережелері жоқ өзара әрекеттестік; ол клиенттің өзін түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні сонша, оның жаңа бағдарларына сәйкес оң қадамдарнды жасауына мүмкіндік туғызады.
Осы айтылғаннан мынадай салдар б шығады: барлық қолданылатын әдістер алдын ала белгіленген өзара еркін әрекеттестікті құруға мақсатты, бұл кеңес беру кезінде де, басқа қарым-қатынаста да өзін түсінуге және клиенттің өзінің ынтасы негізінде оң әрекеттерді құру үрдістеріне бағытталған болуы керек.
Бұл жағдай келесі тарауларда толығымен түсіндірілетін болғандықтан, біз оны осы жерде талқылаймыз, бірақ кейін ол нақты мазмұнмен толықтырылады. Оқырман кітапты оқу барысында өзі үшін ол жаңа мағына иеленді ме дегенді тексеру мақсатымен қарайлап отыруына да болады.
Көп деген жағдайларда инсайт клиент үшін ескі проблемаларға жаңаша қарау мүмкіндігін беру арқылы еркіндіктің қажет дәрежесіне жету процесі болуымен маңызды екендігі күмәнсіз. Бұл өзі үшін белгілі бағдарлар арасындығы өзара жаңа байланыстарды ашу тәжірибесі жақсы таныс ситуацияның жасырын, элементтерін қабылдауңға даярлық іспеттес. Миссис Р-мен болған бұрынғы тәжірибеден байқалғандай, мұндай инсайтқа сырттағы ұмынысты жауап ретінде жетуге болмайды, бұл клиенттің ішкі тәжірибесі.
Өзін-өзі түсінудің біртіндеп өсуі. Инсайт пайда болатын осындай жағдайларда өзін-өзі неғұрлым жақсы түсінуге жолындағы қадамдар ғана екендігін ерекше атап өткен жөн. Индивид таныс заттардың жаңаша қабылдауын түсіну үшін психикалық күштің жеткілікті мөлшерін өрбіткенге дейін инсайт біртіндеп, аз-аздап келеді. Жоғарыда келтірілген фонографиялық жазбада осы құбылыс жайлы жалпы ұғымды көрсететін, осындай біртіндеп өсудің аздаған бөлігі, минуттық толқыны берілген. Он жастағы баласы Джимге байланысты проблемалары бар, бірнеше рет мысал ретінде келтірілген миссис Л-мен жүргізілген и әңгімелердің блірінен алынған диалогтың барысы оның өзінің ситуациядағы рөлін сезіну деңгейіне жақындағанымен, пайда болған сезінуді аяғына дейін жеткізе алмағанын көрсетті. Бір апта өткеннен кейін, келесі әңгімелесуде, огның өзінің басынан кешірген өзгерісті қабылдап, жеті күн бұрын басталған фразаны аяқтауына жігері жетті. Осы екі әңгімелесудің біріншісінде миссис Л. Джимді қандай да бір пайдалы ісіне мақтанатындығы жайлы- бұл өте сирек құбылыс- айтады. Ол, оның ойынша, жазалауды қажет ететін тым ызаландыратын мінез-құлқы мен “жақсы” мінез-құлықтың кездейсоқ сипаты жайлы пікірталасқа әкеледі. Әңгіменің жалғасы (фонограмма):
К. Айтыңызшы, ол қайсысын жақсырақ қабылдайды- сіздің оны қандай да бір қылықтары үшін ұрсатыныңызды ма әлде осының астарындағы сіздің махаббатыңыз бен қамқорлығыңызды ма?
Ә. Мен білмеймін. Мен оның шын мәнінде нені сезінетіндігін білмеймін. Мен онымен қалай сөйлейтінімді білемін, дегенмен... Әрине, ол оны қазір олай деген жоқ , бірақ біздің оны жақсы көрмейтіндіктен ұрсатынымызды жиі айтады. Сонымен бірге, ол солай деп айтқанда, мен оған: “тыңдашы Джим, егер біз сені жақсы көрмеген босақ , сенің не істегенің мен үшін бәрібір болатын еді. Сен қалаған ісіңмен айналысатын едің әрі, мен сені жақсы көрмеген болсам, мені ол тіпті толғандырмас та еді. Сенің кімге айналатындығың мен үшін бәрәбір болатын еді, бірақ мен сенің жақсы адам болғанымды қалаймын”,-деймін.
К. Кейде қандайда бір нақты себепсіз көрінетін жақсы көру мен махаббаттың аздаған ғана көрінісі адамдарға үлкен қуаныш әкеледі. (Үзіліс.)
Ә. (Ақырындап сөйлейді.) Мен оны тым табанды түрде түзегім келгені соншалықты, менің... еш уақытым болған жоқ. Мен табиғатымнан аса мейірімді адам емеспін, нақтырақ айтқанда, барлық адамдармен мейірімді бола бермеймін. (Үзіліс.) Менін анам өзімен қатынасында осыны жиі қайталайтын. Мен ешқашан жай әншейін сүйісе алмайтынмын, тіпті анамды сүйе алмайтынмын. Менің ағам солай істей алатын, сондықтан анам менін оны ағамдай жақсы көрмейтіндігімді жиі айтып отыратын. Мен оған еш көңіл бөлмейтінмін.

18-лекция.

Оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңес беруі.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері.
2. Отбасына психологиялық кеңес берудің құрылымы.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
6. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
7. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
8. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
9. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
10. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
Қосымша:
25. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
26. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
27. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
28. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
29. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
30. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Лекцияның мәтіні:

...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар.
А.П.Чехов.
Егерде менімен жұрт ылғи да бір қалыпты дауыспен сөйлесетін болса, мен бір жылдан кейін дарға асылып өлер едім
А.С.Макаренко.
___________________________________________________________________________

Оқушылардың ата- аналарына психологиялық кеңес беру.
Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері. Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары. Тиімсіз көмек берудің көрсеткіштері. Ата- аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру. Бастауыш сынып оқушыларының дамуында кездесетін ауытқулар. Темпераменттің ерекшелігін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі. Ата- аналарға жеткіншек жасындағы балалармен ара қатынасындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру. Жасөспірімдерге тән мінез ауытқулары.
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері.
Отбасына кәсіптік әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар- психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық модельі психоаналыз негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Психодинамикалық көзқарас.Бұл топқа М.Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.
Бихевиористтік көзқарас.бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес, “қалай”, “қашан”, “қайда”, “не” деген қамқорлық көрсетумен ерекшеленеді. Негізін құрушылар Д:Тиболт, Г:Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайында болады дегенболжам ұсынған.
Гуманисттік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің психотерапевттік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған. Ол кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.
Психологиялық кеңес берудің моделі. Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В:Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты- мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал- ахуал туғызады, өзінің жекелігі менитілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқада ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшелігін тпүсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары “осы жерде және қазір деген жағдайда талқыланады.
Құрылымдық моделі. С.Минухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндірілді. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабы құрады. Отбасы келесідей жүйеліліктерден тұрады: ерлі зайыптылар жұбы, олардың ата- аналары, балалары.
Кеңес беру моделінің стратегиясы.кеңес берудің бұл моделін жасаған Дж.Галлей тұжырымдамасы бойынша, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары өзін- өзі қисындыб ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарас жүйесінің құрылымы- бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.
Отбасылық кеңес беру құрылымы.
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады.
1. Байланыс орнату.
2. Проблемаларды анықтау.
3. Іс- әрекет фазасы
4. Кері байланыс фазасы.
5. шешім қабылдау фазасы.
Бірінші фаза- өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушылармен өзара әрекеттесу шегін анықтауды талап етеді. Ол бастапқы әңгімелесу- кеңес беру барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада клиентм пен психологтың араласуы, олардың қарым қатынасын құрудағы арақашықтығы қандай болу керек екні анықталады. Кеңесші әңігіме өткізгенге дейін отбасын,ата- аналар мен балаларының байланыстарын қадағалап, бақылау нәтижелерін талдап алады. Бұл бақылау барысында психолог бала мен ата- ананың байланыс жасауындағы мінез- құлық ерекшеліктерін анықтау
Екінші кітап жеті тараудан тұрады. Оларда психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері, психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері мен оларды ұйымдастыру және жүргізу технологиясы, психологиялық кеңес беру және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылатын психодиагностикалық және коррекциялық әдіс-тәсілдер мен ойындар жинағы берілген.
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау ХІХ ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр-сырлары әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасаған Г. Айзенк, Ф.М. Александер, А.А. Бодалев, А. Лазарус, К. Роджерс, Б.Ф. Скиннер, А.С. Спипваковская, У. Шутц, М. Фельденкрайс, З. Фрейд, А. Химед, К. Юнг, И.Д. Ял, т.б. ғалымдар психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жасаған. Осы ғалымдардың еңбектеріне негізделе отырып баланың даму ерекшеліктеріне байланысты олардың тұлғалық қасиеттеріндегі орын алған ауытқуларды түзету, ата-аналарымен қарым-қатынас проблемаларын талдау, ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасындағы туатын қиындықтарды саралау және оларға тиімді көмекішінде көрсету нұсқасы берілген. Балалардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі даму заңдылықтарымен байланысты орын алатын мазасыздану, тұлға аралық қатынасқа түсу проблемаларын зерттеп, олардың көрінісін бағалауға қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер жүйеге келтіріліп берілген. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен жүргізілетін психотренингтерде пайдалануға болатын коррекциялық ойындар жинақталған.
Барлық ұсынылып отырған әдістемелер бірнеше жыл бойы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттерді оқыту барысында және олардың педагогикалық- кәсіби іс-тәжірибелерінде қолданылып, біздің мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге сай келетіндей етіп өңделген.
Әдістемелерді жинақтауға негіз болған білім көздері ретінде орыс тіліндегі көптеген оқулықтар мен әдістемелік қүралдар және қазақ тілінде шығып жатқан дерекнамалар кеңінен пайдаланылды. Оладың барлығы әдебиеттер тізімінде толық көрсетілген.

19-лекция.

Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.
2. Балалардың мектеп кезеңіне өтуіндегі адаптациялық процестің ерекшеліктері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
11. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
12. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
13. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
6. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.

Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

Лекцияның мәтіні:

Әр тілдің өз ырғағы бар.
Б.Момышұлы.
Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.
Ы.Алтынсарин.

___________________________________________________________________________
Ата- аналарға кіші мектеп жасындағы балалар мен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.
Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетінқиындықтар мектепішілік қарым қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында бола бастайды. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы жаманды айыра білушілік,алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық,ұшқалақтық тсияқты қасиеттер жатады.Бала бойынданазар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге өзіне өзі сын көзбен қарап мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілікті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады.Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі , табанды болып ер жетеді. Ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса, біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездерге айналады.Бала өскен сайын көп көріп, естуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым қатынас жасау, достасу, пікірлесусияқты мінез- құлық көріністері қалыптасады.
Мектепке дейінгі жас кезеңінде мектепте оқуда даярлықтан өту өтпеуіне, отбасында тәлім- тәрбие алу ерекшеліктеріне байланыстыбала психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін.Олардың ішінде депривация көрініс берген және осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан өтпегендері мектептік қарым- қатынасқа және оқушының күн тәртібіне адаптациядан өтуі қиын болады.Депривация ( жетіспеушілік деген мағына береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
Сенсорлық депривация баланы қоршаған сыртқы ортаның және ондағы тітіркендіргіштерініңаз өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығы және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады.
Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардың танымдық әрекеті шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады.
Эмоционалдық депривация баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айырылуымен, ата- анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация өкімет үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық проблеманың түрі болып табылады.
Әлеуметтік депривация баланың денсаулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясынорындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады.ДЦП, сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын шағындағы өздерінің құрбылармен қимыл ойындарға толық қатысуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады.
Балаларда жиі кездесетін ауытқудың түрі – агресивтілік.Агрессия дегенімізөзге адамдарға, заттарға болмаса жануарларға себепсіз зиян келтіруге тура бағытталған қиянат. Ал агрессивтілік- бұл жеке тұлғаның мінез- құлқындағы агрессия көрсетуге даярлығы.
Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері адамның өзі өмір сүретін ортада жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратын функциялар да бар.(Маллер, Дуб,Доллард)Агрессия терминімен жеке тұлғаның субекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.
Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қияндықты жеңуге деген белсендщілігі. Сондықтан агрессиның оң және теріс түрлері барекенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Барлық басқа психологиялық қасиеттер сияқты агрессия әр адамда әр түрлі болады. Агрессиясы өте төмен немесе мүлдем жоқ болса, ол адамның қорғаныс функциясы төмен болады да, ол енжарлық, иланушылық пен конформдылыққа алып келеді, ал кейбір адамдардың агрессиясы өте жоғары дамыған болады да, ол шатақ мінезділікке, конфликтіге ,қошаған ортамен өзара түсініспеушілікке алып келеді. Баланың агрессивтілігі келесі көрсеткіәштерменбағаланады: агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі, агрессияны туғызған жағдайға бала реакциясының адекватты емес дәрежесіә, агрессия жүруінің екпіні, агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жүрген жағдайда ол вербальды формада болады, ал асқынған ауыр жағдайларда физикалық түрде көрініс береді.
А:Басс және А: Дарки агрессиянысипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі: Біріншісі- мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп, сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осытүрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі- инструменталдық агрессия немесе өзін өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттердің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса- Дарки сауалнамасы ( бірінші кітапта берілген). Бұл әдістеме көмегіменагрессиның формасын диагностикалауға болады.
Балаларда себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселеі зерттеп, нормадан тыс дамыған агресия байқалған балалардың ата аналарына оның табиғатын түсіндіріп, ал балалардың өздерімен коррекция жұмысын жүргізу керек.
Бастауыш сыныптарда кездесетін келесі ауытқу- дезадаптация. Бала өмірінде мектепке барып, оқушы статусында болу өте күрделі кезең. Сондықтан осы оқушы статусына үйрену, оның барлық міндеттерін мойындап алу – бала үшін күрделі сын болып табылады. Адатациядан өту жолывн зерттеушілер оның құрылымын анықтаған. Адаптация келесі құрамды бөліктерден тұрады.
А. Мамандыққа адаптация. Мектепте оқитын баланың мамандығы – оқушы. Мектепке жаңадан келген бала осы мамандыққа адаптациядан қысқа мерзімде өтуі керек. Бұл адаптация баланың оқушы міндетін атқаруға, мектеп режимін және оқу мазмұнын тез меңгеруге және өз бетімен үйге берілген тапсырнмаларын орындауға икемделуін көрсетеді.
В. Әлеуметтік психологиялық адаптация. Жеке тұлғаның сыныптағы балалармен топішілік қатынасқа ттүсуге және оқытушылармен қарым қатынас жасауға икемделуі, көпшілік ортасындағы сыйысымды мінез құлық қалыптасқандығы. Әлеуметтік психологиялық икемделу барысында жее тұлға өзін қоршаған ортаның ерекшеліктерін меңгеріп, сол ортада өмір сүру стратегиясын ішкі дизкомфортсыз қабылдайды.
Бастауыш сынып оқушыларының мектеп өміріне адаптациядан өтуі оның барлық іс әрекеттерде табысты болуының кепілі болады. Психологияда бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне адаптациядан өтуінің келесі үш формасы анықталған:
1. Формальдық адаптация, мектептің жұмыс тәртібіне, мектептің құрылымдық ерекшеліктеріне, мәліметтік танымдық әрекеттер түрлерін меңгеруге, жаңа орта талаптарына және өз міндеттерін орындауға адаптациялануы.
2. Әлеуметтік адаптация, мектепке қабылданған балалардың өзі оқитын сыныптағы және басқа оқушылармен қарым қатынасының қалыптасуы, мұғалімдердің балаға көңіл аударуы, оның оқу әрекеттерін бағалауы, оқушылар тобының ішкі интеграциясының қалыптасуы және топтың жалпы мектеп ұжымымен интеграцияда болуы.
3. Дидактикалық адаптация, оқушының оқулықтар және басқа құрал жабдықтармен жұмыс істеуі, оқу әдістемелік жұмыстарының формаларына үйренуі.
Адаптациядан өтудуң қиындықтарын зерттеушілер оның бірнеше себептерін анықтаған. Е:ЕКравцова ,А:А Нурахунова, В:В:Степанова т.б зерттеушілердің айтуы бойынша баланың эмоциялық өрісіндегі сезімге бой алдырғыштығы: ашуланшақтық, қызаншақтық, долылық, өкпелегіштік, өзіне өзі көңілі толмаушылық, жылауықтық баланың икемделгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар отбасының әлеуметтік тұрмысы: толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы баланы мектепте оқуға даярлықтан өткізе алмауына алып келуі мүмкін. Отбасында баланың жеке тұлғалық дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауы баланың еріктік өрісінде біршама қиындықтар туғызады. Олардың ішінде үлкен әсер ететіндер ретінде А:В:Запарожец, Л:С.Выготский т.б зерттеушілер келесі түрлерін көрсеткен: жалқаулық, қыңырлық, сенімсіздік, өтірік айту, өзімшілдік т.б.
Кей кезде балалардың үлгерімі нашар болуы оның сабақ мазмұнын толық түсінбеушілігімен және үй тапсырмаларын өз бетімен орындауды ұйымдастыруға үйренбегендік пен өз уақытын дұрыс пайдалану дағдымының қалыптаспағандығымен байланысты болады. Л:С:Выготский, Л:В:Занков, А:Н.Венгер, Д.Б.Занков баланың танымдық өрісінің бұзылуының көрсеткіштері ретінде келесілерді атаған: бала әрекетінде өнімсіз әрекеттерінің басымдылығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі. Оның негізгі себебі бала бойындағы жеке тұлғалық қабілеттіліктерді уақытында байқап, оларды психологиялық заңдылық бойынша дамыта алмаушылық. Бұл жағдай баланың дидактикалық адаптациядан өтуінде қиындықтар туғызады.
Кіші мектеп оқушыларының өте алмағандығы салдарынан оларда дезадаптациялық мінез орын алады. Ата аналарға кіші мектеп жасындағы балалардың мінез ауытқулары түрлерімен таныстыру барысында олардың орын алуына себеп болатын жағдайларды түсіндіріп, балалар мен мұғалімдер және ат аналар арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру қажет. Балалармен жүргізілетін диагностикалық бағдарлама олардың өмір жағдайы мен психологиялық дамуымен түрлі жақтарын анықтауға бағытталған болады. Осыған байланысты кіші мектеп жасындағы дезадаптацияның себептерін анықтауға арналған тесттерді жүргізу нұсқасын жасап алып, диагностикалық зерттеу бағдарламасының негізін құру қажет. Олар келесі жағдайларды жан- жақты талдауға арналған болады.
1. Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты жағдайы: толық емес отбасы, материалдық жағдайы төмен отбасы.
2. Балалардың денсаулығы.
3. Эмоциялық өрісі (сезім әрекетіне бой алдырғыш), ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне өзі көңілі толмаушылық, жалқаулық.
4. Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б )
5. Оқу әрекеттерінің қалыптасқандығы. Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттердің басымдығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттердің жетілмегендігі.
6. оқу әрекеті бұзылған баланың сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата- аналарымен қарым қатынас ерекшелігі.
7. Басқалармен қарым қатынас ерекшелігі.
8. Компенсаторлық формалардың барлығы: олар баланыңи өзіндік әрекетінің нәтижесінен, әлде біреудің тәрбиелеу әрекетінің нәтижесінен.
Кіші мектеп жасындағылардың ерекшеліктерін диагностикалау мінез құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады:
1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.
2. Оның қызметін талдау ( әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б.
3. Оқушы мен оны не қызықтырады және қандай ұнатады жөнінде әңгімелесу.
4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.
5. Оқушы жөнінде достарымен, ата анасымен әңгіме жүргізу (тәуелсіз мінездемелер жинақтау)
Психологтар кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс істегенде көбінесе графикалық тесттермен сурет салғызу тәсілдерін қолданады. Себебі, олардың мәселелерін шешуге сұраулар мен дәстүрлі әңгімелесу нәтижелі болып табылмайды. Балармен сенімді қатынасты орнатудықамтамасыз ететінкеңес беру жұмыстары белгілі бір әдістемелік тәсілдерді қажет етеді, сонымен қатар, бұл баланың коммуникативтікқиындығына орай уайымдап жүрген мәселесін анықтап беруге көмектеседі.
Мінез құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен роль атқарады. Осыған байланысты оқушылардың өзіндік бағалауы қандай екенін анықтауға А.И.Липкинаның “үш баға” әдісін қолдануға болады. Әдісті жүргізу үшін оқушыларға. “Жалқаулықпен қалай күресуге болады” деген тақырыпта шығарма жазып келу тапсырылады.Шығарманы тексеруде психологпен қатар мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім шығармағатөз бағасын қояды. Шығарманы таратып беру алдында оқушыларға келесі түсініктеме беріледі:” Сендердің жұмыстарыңды үш мұғалім тексерді. Олардың әрқайсысы бұл жұмысқа өз бағасын қойды..Ал, енді сендер өздеріңе ұнаған бағаны белгілеңдер “ – делінді. Сонан соң оқушыларға келесі сұрақтар қойылды:
1. сен өзіңді қандай оқушымын деп санайсың. Орта нашар немесе үздік.
2. Сені қандай бағалар қуантады. Қандай бағалар ренжітеді.
3. Сенің жазған жұмысыңды грамматикалық және әдеби шығармалық жағынан “3” деген баллмен бағалауға болады, ал, мұғалімсаған “5” деген баға қойды.Сен осы бағаға қуанасың ба.
Оқушылардың жауаптарын талдау арқылы олардың өзіндік бағалауы қандай деңгейде екендігі анықталады.
Баланың ата- аналарымен тұлғалық өзара қарым -қатынас жасауын зерттеу.
Бұл мақсатта Жанұялық сурет жобалау тестін қолдануға болады.
1.Материал. ақ парақ 15х20 см. немесе 21х29 см. Ручка, карандаш, өшіргіш.
Нұсқау 1. суретке О: Өзінің жанұяңды сал, жанұя дегенді түсіндірудің қажеті жоқ, егер сұрақ қойса, тек нұсқауды қайталаңыз. 30 минут уақыт беріледі. Топтық орындауға 15-30 минут беріледі.
Тестте қосымша тапсырмаларды орындауға болады, (нұсқауларда берілген)
Нұсқау 2. Барлығы өзінің күнделікті жұмыстарын істеп отырған жанұяңды сал.
Нұсқау 3. Сен жанұяңды қандай болу керектігін сал.
Нұсқау 4. Фантастикалық түрде жанұя мүшелерін сал.
Нұсқау 5. Жанұяңды ерекшелейтін бір бейне, символ ретінде сал.

Жеке тест өткізілген кезде, хаттамада белгілеу керек ;
А) бөліктердің салу кезектілігі ;
Б) 15 с. паузалар ;
В) бөліктердің (детальдарды) өшіру ;
Г) баланың спонтандық коментарилері ;
Д) баланың эмоционалдық реакциялары және бейнеленген мазмұнымен байланысты.

Тапсырманы орындағанда вербальдық жолмен максимум қосымша информация алуға тырысу керек.
Сұрақтар:
1. Айтшы, мына жерде кім салынған ?
2. Олар қай жерде тұр ?
3. Олар не істеп жатыр ? кім оны ойлап тапқан ?
4. Олар көңілді ма көңілсіз ба ? неге ?
5. Суреттегі салынған адамдардың қайсысы өте бақытты ? неге ?
6. Олардың ішінде кім ең бақытсыз ? неге ?
Соңғы екі сұрақ баланы сезімді ашық талқылауға шақырады, сондықтан, егер ол жауап бермесе, онда баланы қинамаңыз.
Сұраулық өткізген кезде психолог баланың әр жанұя-мүшесіне сезімдерін анықтап, түсіну керек. Тіке сұрақтардың лажы болса қоймауға тырысу керек, жауап аламын деп ықпал етпеу керек.
Өте тиімді болып мынандай сұрақтар болады :
Мысалы : Егер құстың орнына адам салынған болса, онда ол кім болар еді ?
Шешім қабылдау үшін 6 жағдай ұсыну керек; 3-жанұя мүшелеріне теріс сезімді анықтайтын, 3-позитивті.
1. Егер сенде циркке 2 билет болса. Сен кімді шақырар едің ?
2. Егер сенің жанұяң қонаққа баратын болса, бірақ біреуіңіз ауырып, үйде қалатын болдыңыз. Ол кім болады ?
3. Конструктордан үй құрастырып жатсың, бірақ істей алмай жатсың; кімді көмекке шақырар едің ?
4. Сенде ... билет бар (жанұя мүшелер санынан біреуі кем) Киноға кім бармайды ?
5. Ешкім тұрмайтын аралда тұрасыз. Кіммен тұрғыңыз келер еді ?
6. Сыйлыққа қызықты лото алдыңыз. Жанұяңыз түгел ойнауға отыырды, біреуі артық. Кім ойнамайды ?
Интерпретация үшін төменгі нәрсені білу керек :
А) баланың жасы;
Б) жанұя мүшелері, аға қарындастардың жасы ;
В) жанұяда, бала бақшада, мектепте баланың тәртібі туралы мәліметтерді білу.
Жанұя суреті тесттің өңдеуі 1 схема бойынша жүргізіледі.


Анықталатын қасиеттері
Белгілер
1.
2.
3.
Суреттің жалпы ауданы
Жанұя мүшелеренің саны
Жанұя мүшелеріне сәйкес өлшемдер
анасы
әкесі
әпкесі
ағасы
атасы
әжесі
т.б.

4.
Жанұя мүшелерінің арасындағы ара-қашықтық .
Олардың арасындағы заттар.

5.
6.
Жануарлардың бары.
Бейне түрлері:
схемалық
реалисттік
эстетикалық
интерьерде, пейзажда
метафорлық бейне
іс-әрекетте, іс-қимылда

7.
Жағымды эмоциялардың анықтау дәрежесі (ұпайда 1,2,3 ... )
Теріс эмоциялардың (ұпайда 1,2,3 ... )
Орындау тиянақтылығы дәрежесі (ұпайда 1,2,3 ... )

Берілген нұсқаулар бойынша әр түрлі жағдайларда тапсырмаларды орындағанда біріктірілген күштердің бары жоғы бағаланады.
1. Жанұяның суреті О тесттің интерпретациясы.
Бейнелердің ерекшеліктері негізінде анықтауға болады.
1. Бейнелеу мәдениетінің даму дәрежесі, бала тұрған бейнелеу әрекеттілігінің стадиясы. Бейнелердің қарапайымдылығы, бейнелердің нақтылығы, эмоц. сұлулық – суреттерді ажырататын қасиеттер.
2. Сурет салу кездегі бала жағдайының ерекшеліктері.
Жиі-жиі штрихтер, кішкентай өлшеулер баланың жағымсыз физикалық жағдайы туралы, тұйықтық туралы мәлімдейді. Керісінше, үлкен өлшеулер, түрлі түсті суреттер баланың ашықтығы, шаршағандықтың жоқтығы туралы мәлімдейді.
3. Баланың жанұядағы эмоц. сезінуі, жанұяаралық қарымқатынастардың ерекшеліктерін жанұя мүшелерінің жағымды эмоцияларынан, олардың ара-қашықтықтарынан білуге болады.
Нәтижелерді интерпретациялаған кезде авторлар қандай жанұя салынғанына көп көңіл бөледі. Зерттелетіндер өте үлкен, немесе өте өз етіп салады. Неғұрлым сейкестіктер емес көп болса, соғұрлым бар жағдаймен қанағаттанбауын көрсетеді.
Жанұя сұреті интелектуалдық дамуы төмен балаларға түсінікті болады. Көмекші мектептің (арнайы) оқушыларымен орындалған суреттердің анализі анализі көрсетеді, балалар суреттерді белгілі бір эмоционалдық мазмұнын салып оқиды. Олар өздерінің жалғыздығын жанұяда адекваттық сезінеді және бағалайды, симпатия мен антипатияларды сезеді. Олардың суреттерінде ата-аналардан алшақтығы байқалады. Бір суреттерде олар өзін шкафтың төбесінде, ал жанұяның қалған мүшелерін бірге бір бөлмеде салған. Өздерінің бауырларынан да алыс салады. Жағымсыз жанұя мүшелерінің (өгей әке, шеше, ағасы) бетін салмаған. Қатал ата-аналар өте үлкен етіп, ал баланың өзі-кішкентай етіп салынған.
Бұл техника клиникалық зерттеулерді қолданған. А.И.Захаров 2 тапсырмадан тұратын әдістеме вариантын ұсынған. Біріншісін орындау үшін, бала төрт бөлмеге, екі этажда орналасқан жанұяның мүшелерін бір біреу етіп ( өзімен бірге) орналастыру керек. Суретті интерпретациялаған кезде кім қай этажда және баланың қасында кім орналасқанын байқау керек. Екінші тапсырма – ешқандай нұсқаусыз еркін түрде сурет салу.
Бұл әдістеме психологиялық кеңес жағдайында өте пайдалы. Суреттерде балалар тілмен айта алмайтын, жеткізе алмайтын нәрселерді көрсете алады. Бұл әдістеме бала мен психологтың арасындағы эмоциялық контакт құруға көмектеседі.

20-лекция.

Ата-аналарға жеткіншек жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру негіздері.
(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеткіншектік кезеңнің өзіндік психологиялық даму ерекшеліктері.
2. Мектептік невроздың алдын алу – кеңесші қызметінің негізі.
3. Жеткіншектік кезеңдегі мінез-құлық акцентуациясының сипаттамалары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. 4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.

Қосымша:
31. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
32. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
33. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
34. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
35. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

Лекцияның мәтіні:

Орынсыз айтылған артывқ сөз опық жегізеді.
Унсуралмаали Кайкавус.
Көпсөзділік –ақылсыздықтың нышаны.
У.Кайкавус.

___________________________________________________________________________
Ата – аналарға жеткіншек жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойын кеңес беру.
Баланың дамып нықтанып келе жатқан мінезін дұрыс жолға салып білудің маңызы өте зор. Егерде кіші мектеп жасында мұндай дефектілер бойынша уақытында шара қолданылмаса баланың проблемасы сол кезде белгілі бір бұзылысқа әкелгенімен дамудың келесі жеткіншектік немесе жасөспірімдік кезеңдерінде белгілі бір қарама қайшылықтарға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, өтпелі кезеңнің өзінің заңдылықтарына байланысты балалардың ата аналар мен педагагтар назарынан тыс қалған барлық мәселелерін тереңдетіп жіберетіндігі белгілі. Бірақ, әрбір проблемалы бала өздерінің ерекшеліктерімен де, басынан кешіріп отырған қиындықтар сипатымен де, дамуының әлеуметтік жағдайымен де тек өзіне тән дара ерекшеліктерімен сипатталады.
Бала өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Бұл жас кезеңінде баланың ағзасында және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизиологиялық өзгерістер орын алумен байланысты баланың қоршаған ортаға, адамдар арсындағы қарым қатынасқаа, іс әрекетке деген көзқарасы өзгереді. Жеткіншек жас кезеңінде бала ағзасында көптеген жаңа құрылымдар орын алады..
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды деп ан,ықталды. Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Баярл, Д.Баярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, А.В.Запарожец, т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзатында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым қатынастарын өмірге деген көзқарастарын түбірінен өзгертеді. Бұл өзгерістер қысқа мерзімде, секірмелі қауырт даму сипатында болып, бала өмірінде әр түрлі елеулі субьективтік қиыншылықтар болуымен қабаттаса өтеді және баладан өз бетімен шешуді талап еткен қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қиқар мінез көрсету, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық сияқты ерекшеліктер орын алады.
Бұл біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да олардағы соматикалық аурулар қаупін тудырады. Сонымен бірге тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді.екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым қатынас сферасының кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын және әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең- жас ерекшелік дамудыңөте жауапты сатысы..П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе,Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін, жаңаның қалыптасуын сипаттайтын жас деп көрсетті. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз – баланың психофизиологиялық дамуындағы бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Осы уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. әйтпесе осы жас қиылысында кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз – теріс байланыстарды шақырушы мінез құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта өтетін биологиялық толысу жолында ағзада болатын түбегейлі өзгерістердің орын алуынан туындайды. Олар баланың дене күшінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы, жыныстық жетілу процесінің өрістеуі.бұлардың бәрі организмнің морфофизиологиялық қайта құрылу процестерінен тұрады.Жеткіншектік шақта ағзаның ішкі ортасында белсенді қзмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесінде күрделі өзгерістер болып, жыныс бездерінің жетілуімен байланысты қанға жыныс гармондары бөлініп шыға бастайды.олар баланың ер жеткені туралы қосымша сигналдар береді . Сондықтан ақыл ой немесе дене күшінің қажуы ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу қорқыныш, ыза, реніш, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар, эндокриндік қолайсыздықтар баланың шамадан артық психоэмоционалды зорлануына алып келеді және олардың жүйке жүйелерінің функцияларының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Осы себептерге байланысты жеткіншектерге бұрынғы кезбен салыстырғанда тез шаршаушылық, ұмытшақтық, жұмыста өнімділіктің төмендеуі ұйқы бұзылуы байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе теңдік бұзылып, жаңа тепе теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуында ерекше орны психологияда “өтпелі”,”бетбұрыс”,”қиын”,”сыналатын” кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жаста болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңіндегі дене, ақыл ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Бұл қайта құрылу ішкі жағдайларына, көңіл күйіне әсер етіп, бұл жастағылардың жалпы ұшқалақтығын, ашуланшақтығын, шамданғыштығын, қозғыштығын, қимыл белсенділігінің артуын, мезгіл – мезгіл селқостануын, енжарлануын туғызады. Бала дамуындағы барлық бағыттарында сапалық сандық құрылымдар қалыптасады, ағзаның, сана сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым –қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс әрекет әдістерінің, мүдделердің,танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез құлыққа іс әрекетпен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Балалардың агрессивті мінез құлқы мен өзіндік бағалауының арасында маңызды байланыс бар. Адамның өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасаса яғни субьектінің ар намысына тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі - өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болғанының көрсеткіші. Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болуы үшін, субьектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни ”обьективті өзін тану ” жағдайы болады.
Балалардың “ мен” бейнесі өзіндік ерекшеліке ал өзіндік символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған “ Мен” бейңесі бір мифологиялық табйғатқа ие болады. Миф ұғымы “ Мен” бейнесі тұлғаның өмірлік стратегиясын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалауға кәмелетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез құлықтарының көптеген формаларына да көрініс береді: ойлары, қауіптеріне психикалық және физикалық жәбірленуіне, конфликттерімен күрестеріне, фантазияларына және басқа да әлеуметтік қолдау алмайтын мінез құлықтың түрлеріне мәнді әсер етеді.
Өзіндік бағалау агрессиялық мінез құлыққа бегілі бір ерекшеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлғааралық қатынасқа ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакциялары, әрекет пен іс әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және басқаларға деген не оң, не теріс қатынасты құруға негіз болады.
Жеткіншек жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы баланың іс әрекеті мен мінез құлық реттеу болып табылады. Мысалы:” Мен қандайақылдымын, бірақ мені ешкім бағаламайды” деп ойласа, ол бала қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарағандай болады. Басқаларды бағалауда бала адекватты емес, күманданумен қараса, өзін басқалардан артық деп бағалап, өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып,и басқа адамдарды менсінбеу белгісін көрсетсе, қоршаған орта да оған негативті түрде қарайды. Өзіндік бағалауы жоғары болған балада сын көтермеушілік шектен тыс ренжігіштік айқын байқалады. Реніш сезімі дамыған балаға қоршаған орта оған әділетсіз түрде қарағандай көрінеді.
Ал өзіндік бағалауы төмен балалар қарым қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады. Өзі туралы мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды. Мұндай жағдайларда көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі анық байқалады және мазасызданудың деңгейі жоғары болады. Олардың көңіл күйі төмен, қапалы тұйық күйін қалыптастырады. “ Өзін кемтар сезіну комплексі ” орын алады.Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болса жеткіншектерге тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықтық, ұялшақтық, жасқаншақтық исияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау, өзіндік бағалау қалыптасуүшін көптеген факторлар әсер етеді: ата анасының қатынасы, қрбы құрдастарының арасындағы беделділігі, педагогтардың балаға деген қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады.
А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастарынан ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым қатынас орнатуға өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады. Жеткіншектрге “ балалық ” пен “ ересектіктің” қатар болуы және ересектіктің түрлі жақтарының дамуында елеулі айырмашылық орын алады. А.А.Бодалевтің айтуынша бұл процесс қазіргімектеп оқушыларының өмірінде екі түрлі жағдайдың болуымен байланысты жүреді. Олар:
Ересектіктің дамуын тежейтін жағдайлардың орын алуы балаларда көбіне үлкендердей тұрақты және мағыналы міндеттердің болмауы, олардың тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата аналардың балаалрды тұрмыстағы еңбектен қорғап, оларға гиперқамқорлық көрсетуге тырысуы.
Ересектендіретін мағлұматтардың орасан зор тасқыны: көптеген ата аналарда бос уақыттың аз болуына байланысты олардың балаларының ерте дербес болуы; жолдастармен қарым қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осы ересектік белгілердің дамуы әр балада әр түрлі жаста әр түрлі жылдамдықпен әр түрлі көрініс береді. Мысалы, жетінші сыныпта оқитындардың ішінде бет пішіні мен мүлделері әлі балаларға ұқсас ер балалар бар. Сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарымен танысқан, сырт көрінісі бойынша өте ересек балаларда бар. өздігінен көп салаларда білім алып жүрген “ интелектуалдармен” қатар бағдарлама бойынша берілген оқу материалының өзін өздігінен игере алмай жүрген жеткіншектерде бар, ал болашақ мамандығына саналшы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың ішінде бар ойлағаны сән қуу мен ер балалардың көзіне түсу болса, басқаларға бұл мәселелерге онша мән берместен , тек үлкендердің айтқанын орындап жүргендері, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым нәрселерге де ебі жоқ болып өсіп келе жатыр.
Жеткіншектік жас кезеңіндегілердің ең үлкен мақсаты – үлкен болу. Ол мақсатқа жету жолында олар көптеген амалдарды пайдаланады. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – ересектіктің сыртқы белгілеріне еліктеу. Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез құлық мәнерлері, балалармен салыстырғандағы артық болып көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін аса тартымды болып көрінеді. Олар темекі тарту, карта ойнау, шарап ішу, сөйлеу мәнері, киім кию мен шаш қоюдағы ересектерге тән сәндікке, опа далап, әсемдік заттар, қылымсу тәсілдері, дем алу, көңіл көтеру ілтипат білдіру т.б. тәсілдеріне еліктейді. Сигарет ұстаған бала өзіне өзәі ересек болып көрінеді, төңірегіндегілерге де солай болып көрінемін деп ойлайды. Жеткіншек үшін ересек еркектің немесе әйелдің мұндай белгілерін қабылдау оның өзінің ересектігін көрсетудің өзінде сондай сенім орнықтырудың амалы. Ересек болудыңмұндай формасы өте кең тараған және ерекше тұрақты болады. Бұл көріністердің жағымсыз екенін оларға ұғындыру қиынға соғады.
Жеткіншектердің ересек сыныптастары немесе басқа үлкендер оларға нақты үлгі болатыны жиі кездеседі. Әдетте жеткіншектерді ересектер өмірінің тыйым салынған жақтарына баулитындар,оларға өздерінше “ ұстаз”, “ үйретуші”, болатындар нақ солар болады. Естияр жеткіншектердің қарым қатынастарының негізі олардың бос уақытты өткізу мәдениетінің төмендігіне байланысты.Ішімдік ішу, карта ойнау, би алаңдарына бару, көше кезіп бос жүру сияқты “ көңілді және жеңіл” өмір стиліне еліктеу біртіндеп баланы қауіпті өмір салтына жетелеп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда оқу, болашақ мамандығына даярлану мұндай жеткіншектің өмірінде маңызды орын алмайды, танымдық ынта жоғалады, сөйтіп өзіне сәйкес өмір құндылықтарымен қоса “ уақытты көңілді өткізу” деген өзіне тән ерекше ниет бекиді. Уақытты бұлай өткізу қаражат қажет болуы құқық тәртібін бұзушылықтардың себебіне айналуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда, жасы жетпей құқық бұзушылардың көбі өздерінің бос уақытын өткізу мәдениеті төмен болғандардан шығып отыр.
Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болғандықтан оларда мектеп неврозы мен мазасыздануы бір бірімен ұштасып келіп, себепсіз агрессияны жоғарылатады. Бұлар баланың мектепке баруға қорқуынан, сабаққа қатысудан, тақтаға шығып жауап беруден бас тартуынан т.б. дезадаптивті мінез құлықтан көрініс береді.
Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оының жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де, олардың шамадан тыс зорлануынан сипаттауға болады. Оның себебі мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бұл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан, т.б сол сияқты үлкендерге елеусіз себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз айтылған сөзінен оқушылардың жалпы мектепке деген көзқарасының бұзылуына алып келуі мүмкін. Баланың мұндай көңіл күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естігендер тап болады. Осындай жағдайлар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының оқуға деген мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білім алуға тырысушылық мотиві оқу ісіне жетекші болудан қалады. Сонымен қатар балалардың құндылықтарды бағалауы, өзін өзі бағалауы өзгереді. Біртіндеп мазасыздануневрозы тұлғалық дамудың ауруына ауысып кетуі мүмкін. Мектеп неврозына себептер көп болғандықтан оның көріну шеңбері де кеңейеді. Невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары ретінде мектептік мазасыздану акцентуациясының орын алуы агрессияның жоғарылауы, басқалармен тіл табыса алмай әуреге түсуі неше түрлі жағдайларда бала жанының жарақаттануы. Көптеген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, оның дамуын тоқтатуға болады. Мектептік невроздың алдын алу психологиялық кеңес беру және коррекция жасау арқылы жүзеге асырпылады. Ол үшін баланың даму ерекшелігіне ерте диагностика жүргізіп, оның мүмкіндіктерін оқу тәрбие процесінде ескерумен қатар балалардың ата аналарымен , мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жұмыс істеу керек.
Жеткіншектік жас кезеңіндегі оқушыларды невроз жағдайына алып келетін және олардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі себептер келесі деп айтуға болады.
Біріншіден, дисгармониялық отбасы, ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттардан тұрады. Агрессияның анық байқалуы мұндай отбасындағы негізгі мәселе болып табылады, ал оның негізгі себебі отбасы мүшелерінің бір бірімен қарым қатынасының қалыптасқанына байланысты дисгармония орын алғаны. А.Е.Личконың өз зерттеулерінде дисгармониялық себептердің түрлері мен типтері көрсетілген: гармониялық емес, бұзылып бара жатқан және бұзылған отбасылар, сонымен бірге сырт көзге үйлесімді қалыптасқан болып көрінетін отбасылар. Ал А.С.Спиваковская отбасында қалыптасқан қарым қатынас түрлеріне байланысты оларды “ театр, санатория, қамал, вулкан, маскарад” деген түрлерге болады деп көрсеткен. Екіншіден, мектепішілік қарым қатынастың бұзылуы, оқушының өзімен бірге оқитындармен, мектептен тыс құрбыларымен оқытушылармен тіл табысуының төмен болғандығы. Үшіншіден, жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне негіз болатын келесі себептерді атап көрсетуге болады:
отбасы мүшелерінің біреуінің жүйке психикалық ауытқуы, не алкогольдік, наркотикалық, химиялық заттарға тәуелді болуы;
соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар салдарынан жеткіншектерге “кемістік” сезімінің орын алуы;
Эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
Ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан өзін дискомфортты сезінуі;
Барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл кеңесінен құрылғысы келуі;
Үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
Үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі;
Істі игеру жағынан әлі бала болса ал оларға қойған үлкендердің талаптары бойынша оларды ересек деп есептегендей болуы;
Жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін жоғары санап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі;
Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы;
Радио, теледидар, интернет және басқа да ақпарат көзөдерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі;
өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі;
күні түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кеіпкерлерге еліктеуі;
акцентуацияның көрініс беруі.
Жеткіншектің өмірінде орын алған осы көріністер олардың өз қатарлармен және ата аналармен дұрыс қарым қатынас жасай алмауы мен олардың мінез құлқында неше түрлі ауытқулардың орын алуына алып келеді. Олардың ішінде ең көп тарағаны мінез акцетуациясы. Акцентуацияның белгілері:адамның ызақор болуы, кейбір стресс факторларына өте қызу түрде реакция беруі. Сонымен қатар дәл өзіне тікелей қатысы жоқ факторларға немқұрайлы қарауы. Акцентацияны көп психологтар психопатияның бастамасы деп түсінеді. Оларды шизойдты және эпилептикті тип деп екіге бөледі.
Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез құлқындағы осы ауытқулардың алдын алып, психопрофилактикалық жұмыс жүргізіп , отбасында бала жағдайын түсініп, кейбір өрескел мінездерін көтеріп, оларға жас ерекшеліктермен байланысты шатақ мінез көрсетіп жүргенін түсіндірудің маңызы өте үлкен. Бұл мәселен толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардщтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуде кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі А.Е.Личконың ұсынысына жүгіне отырып келесі трлері мен олардың сипаттамасын пайдалануға болады.( сипаттамасы бірінші кітапта берілген ).
гипертимдік тип
лабильдік тип
сенситивтік тип
шизоидтық тип
эпилептоидтық тип
тұрақсыз тип
астено-невротикалық тип
демонстративтік тип
циклоидтық тип
аффекті-экзальтациялық тип
Психодиагностикалық зерттеу барысында осы жағдайларды тудырған себептерді анықтап, психологиялық кеңес беру немесе коррекция жүргізу арқылы шешім қабылданады.
Кеңес беру барысында жиі кездесетін проблемалардың бірі – ата аналардың өздерінің ересек балалармен қарым қатынас барысындағы қиындықтарға шағымы. Әдетте мұндай шағыммен анасы келеді, бірақ кейде ата анангың екеуі де тіпті әке ғана келеді. Бұл мәселенің ерекшелігі олар өзінің көмек сұрауын балаларынан құпия сақтағысы келетіндігінде. Ата аналар өздерінің проблемасы туралы әңгіме басталғаннан психолог шиеленісті “қатысушылардың күшімен” қосымша ақпарат алмай, аталған оқиғаға “кінәлі” адамдарды іздеместен, әр ата ана балалармен өздері тіл табысып, мәселелерін өздері шешуге бағытталуы керектігін білдіреді.
Жеткіншектер-балалықтан өтіп, бірақ, әлі үлкендердің қатарына қосылған жоқ. Сол үшін оларға өте ерекше психодиагностикалық әдістерді қолдану керек, олардың балалық және үлкендік қасиеттерді ескеру керек.
Өзінің интелектуалдық даму жағынан жеткіншектер үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.
Тәуелсіздікке құштарлық тест барысында көп дербестікті талап етеді. Көп тесттер тапсырмалардың стандарттық шешулері бар, бірақ олардан ауытқулар да болуы мүмкін. Үлкендер жағынан жеткіншектің стандарттық емес шешілерін қолдауы оның интеллектуалдық дамуының деңгейін толық көрсететін мәліметтерді алуға көмектеседі. Керісінше, қызығушылықтың жоқтығы, тест тапсырмаларды шешкісі келмегендігі, бұның бәрі ой дамуының деңгейі төмен екен деген қате пікірге келуді көздейді.
Жеткіншектердің психодиагностикасына қолданылатын әдістемелерге әлеуметтік нормалардың тұжырымдамаларды, кейбір арнайы ғылыми ұғымдарды кіргізуге болады. Көбінесе, ондай ұғымдарды қарапайым сөздермен ауыстыруға тура келеді, өйткені, көп жеткіншектер арнайы ұғымдарды түсінбей қалуы мүмкін.
Мысалдар өмірден алынған және балаға таныс адамдарға қатысты болу керек: ата-аналардан, құрдастардан, мұғалімдерден, кітап және фильм кейіпкерлерден.
Бала эксперттік және лидерлік іс-әрекетте өз-өзін көрсете білу керек, сол кезде ол өзінің білімі мен қабілеттерін толық іске асыра алады. Жеткіншектерді тек зерттелетіндердің рөлінде ғана емес, экспериментатор ретінде тестке қатысу керек. Егер зерттеуші баланы тесттің құрастыруына және бағалауына (егер мүмкін болса), тестті өткізу үшін қолайлы жағдай жасаса, оның нәтижелерін өндесе, бұл нәрсе әрине, баланың тестке қатысуын өте қызықтырады.
Ерте ержетуі-бұл барлық салаларда: финанстық өзін-өзі қамтамасыз етуінде, моральдық ойлаудағы тәуелсіздік, саяси көзқарастар мен әрекеттерде әлеуметтік-психологиялық тәуелсіздігінің орнатылуының бастамасы.
Ерте ержетуі-адама психологиясының өзгеше бетбұрылысы. Өмірдегі, баланың түсініксіз өмірдегі қарама-қайшылықтарды сезінуі: мораль нормалары мен адамдардың, олардың іс-әрекеттердің, идеалмен іс жүзіндегі, қабілеттерімен, мүмкіншіліктері; әлеуметтік құндылықтармен өмірдің іс-жүзіндегі нәрселермен.
Ерте ержетуі-бұл адамның басқалары үшін жауапкершілікті сезіну, өзі үшін жауапкершілікті сезукезеңі. Бұл үлкендердің қиын өміріне адаптациясының бастамасы. Бұның бәрі жасөспірімдерге үлкендерге арналған тестті толық қолдануға болатының білдіреді. Бірақ үлкендер үшін актуальды проблемалар жасөспірімдер үшін түсініксіз болауы мүмкін. Сондықтан әдістемелердің керекті кешенін тапқан кезде жасөспірімдердің жан-жақты психодиагностикасына арналған, дәл солардың жасына актуальды нәрселерге көңіл бөлу керек. Мысалыға, олар үшін терең өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ішкі нәзік сезімдердің қарым қатынастардың анализіне талпыну – бұл психологиялық проблемалар жасөспірімдер үшін ең маңызды нәрселер болып есептелінеді; екінші жағынан – бұндай сұрақтар, өмірдің мағынасы мен мақсаты, жалғыздық, өмірдің түрі мен кәсіби жетістіктер жасөспірімдерден гөрі, үлкендерді көбірек ойландырады.
Сондықтан, ерте ержетудің психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға мен тұлғааралық қатынастардың салаларымен байланысты тесттерге қатысты. Олардың интеллектуалдық, тану процестеріне ешқандай қатысы жоқ, бұларды зерттеу үшін ерте ержетуде ешқандай шектеулерсіз үлкендерге арналған әдістемелері мен тесттер қолданатын еді. Сол үшін интеллект тесттерде ең төмен жас шектеуі 16-17 жас деп белгіленген.
Бозбалалар мен бойжеткендердің психодиагностикасын бағалаған кезде, олардың жеке мәліметтерді үлкендерге арналған нормалармен емес, тесттен өткізілетін жасөспірімдермен жасты адамдарды сипаттайтын нормалармен салыстыру керек. 16-17 жасар балалар әлі үлкендерге толық жатқызу қиын. Балаларға үйреншікті жағдайларда тест өткізілу керек. Олар-мектептегі дәрістер, психологиядан дәрістер болуы мүмкін. Психодиагностика әдістемелерімен практикалық танысуы бағдарламаға кіреді, сол үшін тест процедурасы оған оңай енеді.
Жеткіншектер мен психологтың жүргізілетін жұмысы.
Жеткіншектермен жүргізілетін жұмысы осы кезеңге тән проблемаларға негізделген. Жеткіншектер кезеңі деп 11-ден 16-ға дейінгі балалардың даму кезеңін айтамыз. Бұл кезеңде өте күшті психофизиологиялық дамуы және баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құруы өтеді. Баланың өмірлік іс-әрекеттеріндегі барлық салалардағы күшті өзгерістер бұл кезеңді өтпелі етеді. Бұл жас қиыншылықтармен, ұйымдармен, кризистермен өте бай. Бұл кезеңде іс-әрекеттің тұрақты түрі, мінезінің қасиеттері, эмоциялық реакцияның әдістері құралады. Бұл кезеңде балалық көзқарас жоғалып, психологиялық дискомфорт пайда болады.
Жеткіншектер кезеңін өте жиі дамудағы диспропорция кезеңі деп атайды. Бұл кезде өзі-өзіне көңіл бөлу көбейеді, өзінің физикалық ерекшеліктеріне, айналадағылардың пікіріне реакциясы ұлғаяды, өкпелегіштігі көбейеді. Физикалық кемшіліктер жиі үлкейтіліп көрінеді.
Жеткіншектердің психофизиологиялық дамуының негізгі моменті болып жыныстық даму, жыныстық идентификация болады. Олар дискомфортты төмендегі нәрселерден сезінеді:
- эмоциялық сфераның тұрақсыздығынан ;
- ситуациялық күдіктіктің жоғары деңгейінен ;
- жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшеліктерінен .
Ең информативті диагностикалық әдістемелер төмендегілер болуы мүмкін:
- жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтаудың аппаратуралық әдістер;
- Жүйке жүйесінің қасиеттерінің көрсеткіштер анамистикалық схемасы сұраулығы ;
- Аизенк сұраулығы (жеткіншектер үшін вариант)
- В.М.Русалов темпераменті құрылымының сұраулығы (балалар үшін вариант)
- МТК (мінезбен темпераменттің қасиеттері) сұраулығы;
- темпинг тест (жүйке жүйесінің қасиеттерін Я.Стрелец темпераментінің құрылымының психо-мото-сұраулығы бойынша анықтау)
- САН сұраулығы (эмоционалдық жағдайлардың бағалау) жеткіншектің тану қабілеттерінің даму ерекшеліктері мектептегі оқудың қиындықтардың себепкері болады : оқудан қалып кетуі, адекваттық емес іс-әрекет. Жақсы оқу мотивацияға тәуелді, тұлғалық стимулдан іс жүзінде жеткіншек оқудың ешқандай қажеттілігін сезінбейді және керісінше, оқуға өте табан тіреседі.
Жеткіншектік тану сферасының ерекшеліктерін зерттеу.
Тану жадымен байланысты ең маңызды тану процесі: материалды қабылдап және оның ерекшеліктерін сақтау.
Қабылдауды зерттеу әдістемелері:
- компастар әдістемесі (кеңістік қасиеттерді қабылдау);
- сағат әдістемесі;
- уақытты қабылдауды зерттеу әдістемесі.
Жеткіншек кезеңінде зейін еркін болады және оқытушының өзінмен толық ұйымдастырылып, бақылануы мүмкін.
Зейіннің жеке толқуы жеке – психологиялық ерекшеліктерге негізделген болуы мүмкін (ашуланшақтығы, тез шаршауы, соматикалық аурулардан кейін зейіннің төмендеуі), оқуға қызығушылықтың төмендеуі.
Зейіннің зерттеу әдістемелері:
- корректуралық проба әдістемесі;
- қара-қызыл таблица әдістемесі;
- Мюнстенберг әдістемесі;
- сандарды орналастыру әдістемесі;
- сандарды табу әдістемесі;
- сандарды басқа нәрсеге зейінді аударумен табу әдістемесі.
Ерекшеліктер қатарына жадының функциялауындағы жеке айырмашылықтары жатады. Жеткіншекті рационалдық еске сақтау әдістеріне тиімді үйрету үшін, жадының басымды типін және еске сақтаудың жекеерекшеліктерін білу керек.
Жадыны зерттеу әдістемесі:
- кезекті еске сақтаудың әдісі (Л.С.Выготский бойынша);
- пиктограмма әдісі (А.Р.Лурия бойынша);
- сандарды есте сақтау әдісі;
- бейнелерді сақтау әдісі;
- екеулік қайта бейнелеу әдісі.
Жадының ойлау іс-әрекетімен байланысы, интелектуалдық процестерімен жеткіншектер жасында өзіндік маңызға ие болады.
Ойлауды зерттеу әдістемелері:
- Векслер әдістемесі (балалар варианты) ;
- ШТУР;
- Қиын ассоцициялары әдістемесі;
- Равен матрицалары әдістемесі;
- Ұғымдар қатынасының анализі әдістемесі;
- Жалпы ұғымдарды анықтау әдістемесі;
- Сандық қатынастар әдістемесі;
- Интеллектуалдық лабилдың әдістемесі;
Жеткіншектің сөйлеу дамуының ерекшеліктерін білу қажет.
Сөйлеу дамуының зерттеу әдістемелері:
- вербальдық қайта бейнелеудің өнімділіктің бағалау әдістемесі ;
- мақал – мәтелдердің түсіндірмесі.
Оқу мотивацияның зерттеуі:
- оқу мотивацияның зерттеу әдістемесі;
- мақұлдау мотивациясы - Марлоу-Краун шкаласы;
- бақылау локализацияның шкаласы және т.б.
Жеткіншектің психикалық дамуының мазмұны болып оның сана сезімінің дамуы болады. Жеткіншектің тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бірі болып өзін-өзі бағалау тұрақтылығының пайда болуы және Мен бейнесі.
Жеткіншектің сана сезімінің мазмұны болып оның физикалық Мен бейнесі болады - өзінің денесін еркектік, нәзіктік (қыздарда) эталондар көзқарасынан салыстыру, бағалау.
Физикалық даму ерекшеліктері жеткіншектің өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі сыйлау төмендейді және айналадағылардың оны нашар бағалау алдында қорқынышқа әкеліп соғады. Сырт көрінісінің кемшіліктері жеткіншекке өте ауыр болады, ол өзін басқалардан кем деп санайды.
Жеткіншектер өзінің құрдастарының пікіріне жиі сүйенеді. Өзінің идеалдарымен өмір сүруі әр түрлі конфликттерге (ата-анамен) әкеліп соғады. Биологиялық дамуының шапшаңдығына байланысты және өзіндікке талпынуына байланысты жеткіншектерде құрдастарымен қарым-қатынастарда қиыншылықтар тудырады.
Өкпелегіштік, негативизм, агресивтік өз-өзіне сенімсіздікке эмоционалдық реакциялары болып табылады. Көптеген жеткіншектерге мінезінің акцентуациясы анықталады – баланың әлсіз жақтарын (невроз, делинквенттік іс-қимыл, алкогольге, есірткіге құмарлық) тудыратын мінезінің кейбір қасиеттерін белгілейді.
Тұлғаның даму ерекшеліктерін және оның қасиеттерін зерттеу әдістемелері:
- Кеттелл сұраулығы;
- Бриендік тұлғаның анкетасы (БТА);
- К.Леонгардтың мінездік сұраулығы;
- Тейлор ұйымдар бағалау шкаласы;
- Спилберг;
- Депрессия шкаласы;
- Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі;
- Өмірде жоқ жануар әдістемесі;
- ДДИ әдістемесі;
- Субъективтік бақылаудың деңгейін зерттеу әдістемесі;
- Өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі (Будасси, Дембо-Рубинштейн және т.б. бойынша)
- Талап деңгейінің зерттеу әдістемесі;
- Конфликттік ситуацияларға реакциялау әдістемесі (К.Томмас);
- Q – іріктеу әдістемесі;
Микротоптық деңгей қасиеттерін зерттеу әдістемелері:
- социометрия;
- референтометрия;
- Тимоти-Лири бойынша тұлғааралық қатынастардың диагностикасының әдістемесі;
- репертуарлық торлар;
- ГОЛ.
Жеткіншектің даму ситуациялары (биологиялық, психикалық, тұлға-мінездік ерекшеліктер) кризистерге, конфликттерге, әлеументтік ортаға адаптациялау қиыншылықтарға әкеліп соғады. Осы жаңа кезеңді ойдағыдай аттай алмаған жеткіншек, қиын деген статус алады. Бұл, біріншіден, әлеуметтік емес іс-әрекеті бар жеткіншектерге қатысты. Жеткіншекте физикалық әлсіздік, мінез дамуының ерекшеліктері, коммуникациялық қабілеттерінің жоқтығы, эмоциялық ержетпеу, айналадағы әлеуметтік ортаның нашарлығы. Жеткіншектерде белгілі бір әрекеттік реакциялар пайда болады, олар арнайы кешенді құрады. Ол эмансипация реакциясы ретінде анықталады, әрекеттің бұл түрі арқасында ол үлкендердің бақылауынан босатылып кеткісі келеді.
Бұл реакцияның анықтауы ең жоғары дәрежесі-қаңғыру:
- құрдастарымен топталу реакциясы, өзінің жеке субмәдениетінің қалыптасуы.
- хобби, жеткіншектің қызығушылығы мен үйірлілігі.
Мамандықты талдау процесінде жеткіншек белгілі бір қиындықтарға кездеседі. Жеткіншектің мамандық таңдауы шешім қабылдаудың бірнеше этаптарынан тұрады. Шешім қабылдаудың бірқатар іздеу стильдерін бар : имппульстік шешім, салмақты шешім, байқап шешім қабылдау, инерттік шешімдер.
Осы деңгейдегі қасиеттерді зерттеу әдістемелері:
- қызығушылық картасы әдістемесі;
- ДДО әдістемесі (Климов);

21-лекция.

Жасөспірімдерге тән мінез-құлық ауытқулары.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Жас өспірімдік кезеңінің психологиялық даму ерекшеліктері.
2. Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.
2. Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка.
М. 1996.
3.Варданян Г.А. Диягностика икоррекция умственногоразвития в начальных
классах. Ереван, 1995.
4. Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.
Қосымша:
5..Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.
6..Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
7..Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
8.Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.
9.Непомнящая Н.И. Психодиагностика личности. М. 2001.

Лекцияның мәтіні:

Жаман жігіт езбе болады.
С.Аронұлы.
Тілін білмеген түбін білмейді.
Ғ.Мүсірепов.
Жалған сөз –жауыздықтың жетегі.
В.Гюго.

___________________________________________________________________________
Жас өспірімдерге тән мінез ауытқулары.
Жасөспірімдерге психологиялқ қызмет көрсету барысында оларды терең толғандырып және алаңдатып отырған кез келген мәселені анықтауға келесі екі факторды ескеру қажет. Біріншіден, жас кезеңіндегі тұлғалық даму ерекшеліктерін толық суреттеу, екіншіден, тұлғааралық қарым қатынас процесін оңтайландыруға әсер ету. Бұл екі фактордың бір біріне сай келуі кеңес беру және коррекция жүргізу стратегиясын адекватты құруға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдер үлкендікөмірге жақындағандықтан олар өздерінің келбетін сәнді үлгілерге ұқсас етіп шығаруға тырысу әсіресе қыз балаларда өте көп уақыт алуы мүмкін. Балалар үшін сыртқы көріністері “ балалық ” түрде болмай , ересектерге ұқсас болғаны, кездесулер дәстүрлі би, шарап болатын кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда балалар алғашқы кезде өздерін көбінесе ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері де болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді. Дегенмен мінез құлықтың, қарым қатынастың, көңіл көтерудің белгілі бір формасын сақтауға тырысады. Көптеген балалар студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, теледидардан көшеден көргендеріне еліктейді.Жасөспірімдер әкесінің, ағасының, жақын танысының үлкендік қасиеттерін мақтан етеді, оларға ұқсауға тырысады, олардың қасиеттері туралы сүйсіне әңгімелейді. Сонымен қатар балалардың өздерінің арасында күштілігімен, бағыттылығымен, ептілігімен, спорттық іскерліктерімен көзге түсетін құрдастары да жасөспірімдерге үлгі болуы мүмкін. Мұндай балалар өте мөте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса олардың беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері ұзілді кесілді айыпталады. Өзінің батылдығын көрсету үшін жастар шектен асқан істерге,ал кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекелге баруы мүмкін. Осы кезде дене күші ерекше жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ балалар ішінде кімнің күші кімнен асып түсетінін біледі және ол күштілерге басқалары тәуелді болып жүреді. әсіресае ұл балалар өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді. Күрестің алуан түрлері жұрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлығы көбіне басқалардан күшті екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты орын алады. Балалар өзінің күшін еркін, батылдығын дамыту үшін әр түрлі жаттығаулар жасап, спорт түрлерімен шұғылданады. Егер осы жолда балалар сәтсіздікке ұшыраса олардың көңілдері суып өзінің бұл сәтсіәздікті жоюға мүмкіндігі бар екендігіне сенімсіздік туғызуы мүмкін.Бұл уақытта балаларға үлкендердің , әсіресе ата ананың көмегі өте қажет боладыҮлкендер оларға жаттығу орындаудың дұрыс амалдарын, тұрақты жаалған жаттығудыңдене күшін жетілдірпуге тигізетін пайдасын түсіндіріп, тиімді әдістерді табуға көмектесуі керек.
Көптеген балауса қыз балалардың атам заманнан ерлер қасиеттері деп саналатын жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т.б. қасиеттерге жеткісі келетінін атап айту керек. Ер балалар сияқты олар да өздерінде осындай қасиеттерді тәрбиелейді. Әйелге тән қасиеттер қазіргі қыздар мен бойжеткендер үшін әрқашан тартымды деуге болмайды. Мұның өзі әйелдің қоғам өмірі мен отбасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық мұратты бейнелердегі өзгеріс осыдан келіп шығады, ал бұлар өз кезегінде қыз балаларда ұнамды қасиеттер туралы түсініктің қалыптасуына ықпал жасайды. Қыз баланың мұрат тұтқан бейнесінің мазмұны оның алған тәрбиесі мен ортасының нақты ерекшеліктеріне де едәуір байланыста болады.
Жасөспірімдік жас кезеңдегілердің іс әрекеттерінің мазмұны жағынан ересектердің еңбектерімен теңеседі. ( міндеттерді орындау сапасы бойынша және іскерлікті меңгеру жағынан ). Жоғары сынып оқушыларына әкесі, шешесі, мұғалімі, кез келген үлкен адам әр түрлі қиын тапсырмаларды сеніп береді. Отбасы өмірінде жасөспірімдерге шаруашылық жұмыстардың бірсыпырасы, кішкентай балаларды бағып қағу жүктеледі.балаларға қатысты ол іс жүзінде ересек адамның орнында болады. Ата анасының арасындағы ұрыс керіс, материалдық тапшылық кездесуі мүмкін., мұндай жағдайларда балалар отбасының қамқоршысы , асыраушысы нормалары бойынша өмір сүретін кездері де кездеседі. Ересектермен қатар және теңдей еңбекпен қатар, олардың тарапынан жауапкершілік, дербестік, оңтайлылық сезімін, әр түрлі істер мен міндеттерді орындау барысында олар басқалар туралы ойлап, қамқорлық жасап, сезімталдық пен ілтипаттылық қасиеттерін қалыптастырады.Жақын адамдардың игілігі оллардың қамын ойлау жас бала үшін ерекше маңызды болып, өмірлік қазына сипатын алады.
Бұлардың барлығы балада адамгершілік сенімдерін болашаққа жоспар құруының ерте бастан қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Болашаққа арналған жоспарлар құрғанда жақындарының қамын ойлау көп орын алады.
Көптеген ер балалар ересектердің әр түрлі іскерліктерін - ағаш және темір ұсталығын меңгеруге станокта жұмыс атқаруға, автомашина мотоцикл жүргізуге, фотосурет түсіруге, мылтық атып аң аулауға, компаспен бағдарлануға, компютерлік техника ны меңгеруге т.б. ұмтылатынын атап айту керек. Қыз балаларда олардан қалыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана меңгерумен шектелмейді. Жастық шақтың басы – осындай іскерліктерді меңгеруге ең қолайлы уақыт. Бұл үшін балаларды ерте қолқанат ретінде ересектердің тиісті кәсіптерінепайдалану қажет. Балалардың өздері де ұмтылады,ересектердің тиісті кәсіптерінде пайдалану қажет. Балалардың өздері де соған ұмтылады, ересектердің оларға сенім көрсеткенін қалайды, оны ақтауға тырысады. Үйірмелер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін неғұрлым көп жаңалық ұсынса, ілгерілеушілік болса, олар өз еңбегінің нәтижесін оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе соғұрлым тартымды болады.
Балалар үшін ересектердің көмекшісі ретінде әбден риза, ал олар уақытша болса да, ересектің орнын толық ауыстырып, мүлдем дербес әрекет жасауға ерекше қуанышты болады. Бұл жағдай жасөспірімдерді жаңа жетістікке ұмтылдырады.
Үлкендік позицияның дамуындағы мазмұндағы бағыттардың бірі – болашақты жоспарлаумен байланысты. Ол жоғары сынып оқушысының бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан барып өседі. Мұндай іс әрекеттің ғылымға техникаға өнерге, білімнің бір немесе бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар уақыт сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталыбала өте белсенді болады: қажетті кітаптарды, материалдарды аспаптарды іздестіріп, оларды пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін игереді. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды, кітаптармен, материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарды ақыл кеңеспен жәнеіспен бір біріне жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін олар кітаптар мен анықтамаларды қарайды. Мұның өзі ынта ықылас пен нәтижелі іс әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам. Жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Бұл дербес әрекеттерде кейде шығармашылық әрекеттері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда танымдық әрекеттің өзі әуестендіреді.Бұл баланың интеллектуалдық дамуына ықпал жасап, білімін тереңдетеді, ол білімді пайдалану жолдарын үйретеді.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы жеткіншектік шақта қалыптасады. Кейде н,ақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншек жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады, болашаққа даярлану жөніндегі іс әрекет басталады. Кейбір жағдайда балалық ойындар, өздігінен білім алу және өзін өзі тәрбиелеу элементтері мен өзінше ұштасады: белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, әр түрлі рөлдер болатын ойындардың мазмұнында және таңдап алынатын рөлдерде бейнеленеді, ал екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады. Жоғары сыныпта осы қызығушылығын ынталандырып, білімнің әр түрлі салаларын сабақ беретін мамандар ақыл кеңес беріп, балаларды едәуір көп білім алуға дербес жұмыс істеуге үйрету керек. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды әрі қажетті деп санайды. Бұл жағдайлар көбіне ата аналардың балалардың таным процестеріне үлкен көңіл аударғанда орын алады.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және жеткіншек жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың психологиялық сферасының дамуында қарамақайшы келетін себептер анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға болады.
1. Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша дамуының аяқталмағандығы;
өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспун деп сезінуі;
эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
жүйке жүйесі функцияларының әлі қалыптасу үстінде болуы;
ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты сезінуі;
2. Жасөспірімдердің таным процестерімен байланысты жеке дәрежесінде олардың қалыптасуында кедергі келтіретін саналы және санасыз себептердің ішінен мыналардың әсері терең.
теориялық ойлау дамуының кедергіге ұшырауы;
мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі,
оперативті ес көлемінің тапшылығы,
зейіннің негізгі компоненттерінің дамымығандығы,
қиялдың шындыққа сай келмеуі;
жекелік мазасызданудың жоғарылығы;
бірінші немесе екінші сигналды жүйенің шектен тыс дамуы;
ерік сферасының қалыптаспағандығы, т.с.с себептерді айтуға болады.
3. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттердің обьективті және субьективті дәрежелері келесі жағдайларға байланысты көрініс береді:
өзін һзі басқара алмайтындығы;
өзін бағалау мен талпыну деңгейінің бейадекваттылығы;
дүниетанымының жағымды эталондары мен идеяларының қалыптаспағандығы.
4. жасөспірімдердің микроптық деңгейдегі бір бірімен қарым қатынасынан туатын қиындықтары:
отбасы мүшелерімен қарым қатынасының қалыптаспағандығы;
мұғалімдермен қарым қатынасына көңілі толмауы;
қарым қатын,ас дағдысының қалыптаспағандығы ( үндеместік, ұялшақтық, мылжыңдық );
жоғары адами сезімдердің , достық және махабаттық қатынастың нақтылығын бейадекватты түсінуі;
эгоисттік тенденцияларының анық байқалуы;
ақиқаттағы шындықты теріс түсінуі;
ашық сыншылдық скептицизмның орын алуы;
ересектердің талаптары мен позицияларын қабылдамауы;
өзін басқаларға көрсету тенденциясының анық байқалуы;
айнадағылармен қатынас кезінде жасөспірімдік максимализмнің орын алуы.
5. Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп, барлық жағдайға тез бейімделуге қиналатындығына алып келетін себептер:
өмірдің мағынасын түсінуінің төмендегі және өмірлік жоспарының болмағандығы;
мемлекеттік және қоғамдық ортаға қатынасуының төмендігі мен саяси белсенділігінің болмауы;
түрлі еңбектерге деген көзқарасы және мамандықты меңгерудегі шынайы мүмкіндіктері;
кәсіби қызығушылығы және мамандық таңдау мотивінің қалыптаспағандығы;
оқу мен кәсіби қызығушылығының сай келмеуі;
міндеттілікті сезінбеуі және әлеуметтенуге тырысуының төмендігі;
Бұл жағдайларды анықтауға бақылау, әңгімелесу, социометрия, референтометрия, “ аяқталмаған сөйлем”, топтық дискуссия сияқты таным процестерінің ерекшеліктерін бағалау және дамыту әдістемелері, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін, қарым қатынас мәдениетін бағалау әдістемелері пайдаланылады. Сонымен қатар факторлық талдау, интеллектуалдық қабілетті дамыту, мамандық таңдау мотивациясын Е.Климов, М.Краун шкалалары бойынша таңдау, т.с.с сияқты әдістемелер қолданылады.

22-лекция.

Оқушыларға кеңес берудің ерекшеліктері.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Ата-аналардың балалары туралы шағымдары.
2. Кеңес беруге негіз болатын қақтығыстар мазмұны.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. 4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.

Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

Лекцияның мәтіні:

Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.
Әл-Фараби
Нәрсенің сыртына қызықпа,асылы ішінде болар.
Ыбырай Алтынсарин

____________________________________________________________________________
Ата аналардың балалары туралы шағымдары.
Ата аналардың балалары туралы жасайтын шағымдарын шартты түрде төрт топқа бөлуге болады:
1. Балаларымен байланыстарының болмауы: олардың қалай өмір сүретінін , неге қызығатынын түсінбеуі, балаларының сырласпауы, бірлесе отырып сөйлесудің, мәселені шешу жолдарын талдаудың мүмкінсіздігі, өзінің ата аналық қажетсіздігін сәбиінің бөтендігін сезінуі және т.с.с.
Мұндай проблеманы клиенттерге “ мен оны иүлдем түсінбеймін” немесе” мен балам туралы ешнәрсе білмеймін, ол қайда барады, не істейді, достары кімдер” немесе “ ол маған өзі жайында ешнәрсе айтпайды, жоспарларымен бөліспейді, сенім білдірмейді” және осы секілді шағымдық әңгімелер тән.
2.Балаларының ата аналарын сыйламаушылығы, менсінбеушілігі, оларға дөрекілік көрсетуі, тік мінездік қарым қатынасы, олардың шамалы нәрсеге бола дау дамай шығарып, шиеленіс жағдайлар туғызуы. Балаларының мұндай қатынаста болатындарына шағымдары “ ол үнемі маған дөрекі сөйлейді” немесе “ ол менімен мүлдем санаспайды, үйде ешнәрсе істегісі келмейді, барлығын маған жүктеп қойып ешнәрсеге көмектеспейді” “ Мені менсінбейді, сұрақтарыма тек мысқылдап жауап береді” секілді болады.
Ата аналардың көзқарасы тұрғысында өмір сүріп, олардыңм айтқан ақылдарын орындап жүрмейтін балалары туралы байбалам. Көбіне бұл жерде ата аналар өздерінің балаларын бақытсыз, адасқан, жолы болмайтын, жалғыз және т.б сәтсіздікке ұшырап жүрген адам ретінде көреді. Ата ананың осы позициясы психологиялық кеңес алуға негіз болады Шағымдар әдетте былайша сипатталады: “ Менің балам музыкамен шұғылданғысы келмейді барлық уақытын компютер алдында өткізеді. Ол адамдармен сөйлесуді де ұмытыпқалады ма деп қорқамын”, “ Менің ұлым мотоциклисттермен қосылып алған, оқуы нашар болмаса да оның болашағынан қауіптенемін, айтқаныма көнбейді ”, “ Менің қызым күйеуімен қарым қатынасы өте нашар, мен оған отбасылық жағдайына көмектескім келедіә, бірақ мұны қалай істеуімді білмеймін” немесе “ менің ұлым үш жыл оқыған институтын тастап кеттиі, енді оның болашағы қандай болатынына көзім жетпейді. Ол жаман жолға түстіме деп қорқамын”.
4. Балалардың стандартты емес, кейде ассоциялдық өзгермелі мінез құлқымен
байланысты проблемалар:” менің ұлым қаңғыбас болды. Ешқандайсебепсіз үйден кетіп қалады да бірнеше күн тентірегеннен соң үйге қайтып оралады. Ол мектепті де тастап кетті”, “ Менің қызым есірткі заттарын қолданалды , оған қалай көмектесуге болады”.
Әрине ата аналардың шағымдары қандай болмасын песихологтың бірінші міндеті – проблемаларды шешу, ата аналардың шағымдары мен бағалары шгындыққа қаншалықты сәйкес келетінін анықтау проблеманы талдау арқылы өзінің диагнозын қою. Бұл үшін өте тиімді жол – нақты фактілердің жинау. Бәрінен бұрын қабылдауға келген ата ана өз тарапынан қосымша сұрақтарсыз барлығын өзі айтып беретін сөзге шебер клиент болуы мүмкін.Соның өзінде мәлімет толық және ақиқатқа сай келуі қиын, сондықтан психолог көптеген қосымша сұрақтардың көмегімен қажетті нәрселерді анықтайды. Ал клиент аз сөйлейтін, сыр сақтайтын адам болса одан нақты оқиғалар туралы ақпарат алу үшін баланың жалпы мінез құлқы ата анакларымен қатынастары қалай жүретіндігі, олар бір біріне не айтатындығы жөнінде ұрыс қағыстың неліктен және қалай туғандығы туралы, мазасыздық пен күдіктік негізі неде екендігі жайында арнайы сұрақтар беруге таура келеді.
Келешектегі кеңес беру немесе коррекция жүргізу әрекеттері туралы болжам жасауға мүмкіндік беретін дәл және нақты психологиялық диагноз қоюдағы маңызды нәрселер мыналар болып табылады:
ата ананың баласы туралы беймазаланудыцң себебі неде, олардың тыныштығын жоғалтудың себебі қаншалықты ақиқатқа сай келетіндігін, маңызды екенін анықтау, басқаша айтқанда бала “ нормадағы қалыпта” болып абылады ма, яғни оның қиындықтары, шеше алмай жүрген мәселелері, өзін,е тән ерекшеліктері тәуелсіздікке ұмтылыстары, өмір туралы түсініктері шынында ауытқулармен сипатталатын болып табылады ма;
ата ананың балаға көзқарасы, өмірлік ұстанымдары шынында қандай екндігі, ата мен баланың тіл табыса алмай жүруінің негізінде қандай проблемаға жақындығын түсіну.
Екі жақтың да позициялары дұрыс болатын оқиғалар жиі кездеседі. Сонымен қатар баланың өзіне сенімсіждігі, сәтсіздікке ұшырауы ата ана ұстанымының дәлелсіздігіне байланысты бала өмірінде неше түрлі қиындықтар мен проблемалар орын алуына негізделген болуы мүмкін. Бірақ кеңес алуға келген клиент ата ана болғандықтан, кеңғес берушінің басты назары оның жеке күйзелістерін шешіге көмектесуге, бала үшін күйзелуі қаншалықты дұрыс екенін анықтауға бағыттау керек..
Кеңес беруге негіз болатын қақтығыстар мазмұны.
Конфликт ( лат – conflicts )- қақтығыс дау жанжал, ол мақсатқа баңғытталған, қызығушылыққа, ұстанымға, оппоненттің көзқарасына, субьекттердің өзара іс әрекетіне бағытталған қақтығысы, қарым қатынас кезіндегі дау- жанжал, келіспеушілік.
Келіспеушілік жағдай – белгілі бір себептерге байланысты ұстанымдардың қақтығысы, қарама қайшы мақсатқа ұмтылыс және соған жету жолдарында қолданылатын әртүрлі әдіс тәсілдер. Келіспеушілік ұғымы сана секілді ғылымда өзіндік мәнге ие. Кез келген адам іштей конфликт жайлы өзінің түсінігі бар, бірақта біздің ұғымымыз конфликт туралы барлық мәселелерді түсіндіріп бермейді.Психологиялық тұрғыда келіспеушілік ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Және олар бір біріне сәйкес келмейтін құбылыстардың әсерін сипаттауға пайдаланылады. Келіспеушілік адамдардвың өзара әрекеттесуінің барысында және нәтижесінде, индивидтердің қарым қатынас жасау кезінде туындайды. Сондықтан бұл феномен адамзат қаншалықты өмір сүрсе қанша көп проблемаларды шешетін болса, соншалықты көбірек орын алады. Конфликт пен келіспеушілік тудыратын жағдайдың мәселелері әр уақытта философ ғалымдарды қызықтырып, олардың зерттеу назарында болып келеді.
Келіспеушіліктің туу себептері.
Конфликттік себептерін бес топқа бөліп көрсетуге болады. Олар:
Ақпараттық Әрбір конфликттің негізінде ақпарат жатыр. Ол қақтығысқа түскендердің бір жағына тиімді, екінші біреуіне тиімсіз болуы мүмкін, шынайы немесе жалған, дәл емес фактілер болуы мүмкін, қарым қатынас кезінде жалған хабар келуі мүмкін.
Құрылымдық фактор. Конфликт әдетте әлеуметтік топтардың формальды немесе формальды емес ұйымдасуының нәтижесінде туындайды. Бұған мына мәселелер кіреді: Жекелік, әлеуметтік статус, әр түрлі әлеуметтік нормалар мен стандартты құрылымдар кіреді.
Бағалаушылық фактор. Бұл біз қолдап отыратын немесе терістейтін ұстанымдар. Олар қоғамдық, топтық және жекелік нанымдар жүйесі, идеологиялық, мәдениеттік, діндік, этикалық, саяси мамандық бағалау мен қажеттіліктер.
Қарым қатынас факторы. Бұл қатынас кезінде немесе ол болмаған жағдайда қанағаттану сезімімкен байланысты. Бұл жағдайда қатынастың негізінен, оның мәнін, өзіне және өзгеге байланысты өзара тосулар, қатынастың мәнділігіне қылығына өзіндік және кәсібй мақсатқа және өзіндщік мақсатқа байланысты болуы.
Мінез құлықтық фактор. Егер қызығуларға қысым көрсетілсе, өзіне өзі баға берудің бұзылуы, қауіпсіздікке қысым көрсетілсе, неше түрлі шарттар әділетсіздіктер пайда болса, мінез құлықта эгоизм, жауапкершіліктің жоқтығы, онда бұл фактор конфликтке әкеледі.
Келіспеушілікті диагностикалау.
Келіспеушілік жағдайды басқару үшін оны диагностикалау, яғни келесі мәселелерді анықтау керек.
оның пайда болуының негізгі себебі
қатысушылар
оның орын алуына себепші болған адамдар
конфликттің қайнар көзі болған обьектифті және субьективті жақтары, пікірлердің, жағдайлардың, қажеттіліктердің және қызығушылықтардың бір біріне қайшылас келуі
келіспеушіліктің биографиясы
конфликтке қатысушылардың біріккен іс әрекеті
қақтығысқа түсуші жақтардың қарым қатынасы мен ұстанымдары.
Конфликтке түсуші жақтардың өзар шешімге келе алуы
Диагностикалау жағдайында конфликттің субьективті және обьективті жақтарын бір бірінен ажырату қиын, бірақ оның жолын психолог табу керек.Сонда кеңес сұрушының проблемаларын шешу жолын анықтау оңайырақ болады.

23-лекция.

Балаға қатысты ата-ананың гиперқамқорлық ұстанымын талдау.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Ата-ана мен балаларының өзара қатынасындағы қиындықтар типі.
2. Гиперқамқоршылардың негізінде жатқан механизмдер

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.
2. Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка.
М. 1996.
3.Варданян Г.А. Диягностика икоррекция умственногоразвития в начальных
классах. Ереван, 1995.
4. Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.
Қосымша:
5..Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.
6..Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
7..Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
8.Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.
9.Непомнящая Н.И. Психодиагностика личности. М. 2001.

Лекцияның мәтіні:

Көңіліңді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.
Ыбырай Алтынсарин
Пайда,залалды айыратұғын қуаттыңаты ақыл...
Абай Құнанбаев.
____________________________________________________________________________
Балаға қатысты ата ананың гиперқамқорлық ұстанымын талдау.
Ата аналардың үрейлерінің, шағымының негізінде ата ананың баласына қатысты гиперқамқорлық ұстанымы жетекші болғанда, баланың шынайы мұқтаждықтарын түсінбей оны өктемшілікпен басқаруға,кеңес беруге, ұсыныс жасауға ұмтылушылығы жзатады. Бұл жағдайда шағым негізінде жатқан бала әрекетінің ерекшелігі – ата ананың бала мұқтаждығына зеіндік, құпиялық, баланың өзіндік тәуелсіздігі үшін күрес тәсілдерінің барлығы, гиперқамқорлықтан қашу болып табылады. Мұндай гиперқамқоршы ата-аналар әрекетінің доминаттығын ескермеу, не оны қалыпты және табиғи нәрсе днп қабылдау тән: “Мен оған тек жақсылық тілеймін”, “Мен мұндай жағдайларда не істеу керектігін жақсы білемін”. Клиенттің дәлелсіздігі, оның жеке мінез құлқына жайлы қатынасы психологтан әңгіме кезінде ерекше абай болуды талап етеді. Кері байланыс барысында, адамның мұндай мінез-құлық көрсетуін растайтын жеткілікті фактілер жиналғаннан соң ғана түсіндіруге болады. Гиперқамқоршы ата-аналармен жұмыс жүргізу кезінде олардың баласына қоятын талаптарының шамадан тыс қатал екендігін және баланың дербестігіне ешқандай жол бермейтіндігін танықтап алған жөн.
Мұндай жағдайлардағы кеңес берушінің міндеті- ұлына (қызына) қатысты гиперқамқоршы ұстанымын бұзу немесе күмәнді ету, сондақ-ақ мүмкіндігінше, оны басқа қатынастармен ауыстыру керек екеніндігі дәлелдеуді талап етеді. Бірақ бәрінен бұрын тағы бір өте маңызды қадам жасау керек: ата-ана (гиперқамқоршы) әрекеті мен бала әрекеті (құпия сақтаушылық, сыйламаушылық, дөрекелік көрсету сияқты қатынастар) ерекшеліктерін бір-бірімен байланыстыру арқылы осы жағдайдан шығу жолдарын бірлесіп іздеу керек. Әдетте гиперқамқоршылық жағдайынан ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың күделікті өмір тудыратын жақтары бар және олар шиеленістер мен ұрыстардың негізінде жатады. Мұндай талаптар ересек баланың алдында тұрған қандай да бір әлеуметтік орындауымен байланысты болуы мүмкін:” сен и институтқа түсуге қашан дайын боласың ”, “ сенің сыныптастарыңныңм барлығы әлдеқашан аралық аттестацияға дайындық жасап жатыр” деген секілдікүнделікті айып тағумен,немесе:” телефонмен ұзақ сөйлеспе, ол әдепсіздіктің көрсеткіші”,”Неліктен сен үнемі үйге кеш келесің”,” сен маған еркелеуді доғар,” “ өз ыдыстарыңды тез арада жу”, “ киімдеріңді күтіп ұста” деген тұрмыстық оқиғалармен де байланысты бола алады.
Ата аналармен олардың өз балаларына қоятын талаптары туралы осындай әңгімелесу кезінде түсінбестік пайда болудың негізі неде екені анықталады. Ата ан,а өз талаптарын қандай сөздермен және кімдерге айтылғанын, басқаша айтқанда сәбидің жасы нешеде екенін ескеру керектігіне ерекше көңіл аударған дұрыс. Олар көбіне әңгіме 9-11 жасар бала туралы болып жатқандай естіледі. Бірақ бұл жерде әңгіме бұл жастан әлдеқашан асып кеткен бала жайында болып отыр, сондықтан ата аналардың балаға қатынасты сөздерінің, балаға деген ұстанымының дәлелсіздігін растайды. Егер клиентпен “ Сіз мұның бәрін оған айтудағы мақсат қандай” деп сұрасаңыз,” Мен оны қажетті нәрсені үйренуге және мәжбүрлеуге тырысамын, немесе “ Мен оның күнделікті не істеу керек екенін күнделікті есіне салып отырамын, әйтпесе ол мұны жасауды ұмытып кетеді” деген жауап айтады. Мұндай жауаптардың негізінде ата ананың келесі ұстанымдары жатады:
қашан, қалай жасау керектігін білетін, түсінетін және қандай да бір басқа нұсқа бойынша орындаған нәрсені өткізбейтін мұғалімнің түсінігі туралы.
алдында тұрған міндеттерге сай тәрбие беруге, талаптарды мүлтіксіз орындауға мәжбүрлеуге, оларды орындаудың қажеттілігін түсіндіріп көзін жеткізуге қабілеттілігіне сенімділік
баланың қабілеті мен мсүмкіндігін төмен бағалау, оған сенімсіздік білдіру
Ата ананың мұндай әрекеттері баланың өздігінен ешнәрсе істей алмайтындығына сенімі қалыптасқандығын білдіреді. Мұндай жағдайдағы кеңес берушінің қызметі – ата ананың ұлына (қызына ) қатысты гиперқамқоршы ұстанымының тұтастығын бұзу немесе күдіктендіру, сонымен қатар, мүмкіндігінше, олардың бастарынан өткен жағдайларды шешудің басқа жолдарымен және көріністерімен алмастыру.
Бірақ алдымен тағы бір маңызды қадам басу керек: гиперқамқоршы ата ана мінез құлқы мен бала әрекетінің ерекшеліктерін бір бірімен байланыстыру. Әңгіме барысында кеңес беруші ата ана шағымымен бала реакциясы арасындағы байланысты клиентке көрсете алады. Мұны клиенттің әңгімесіндегі орын алған түрлі формадағы ат ана талабына ұлы немесе қызы тарапынан агрессия байқалғанын немесе әке шешесін бағаламайтындай реакция анық көрініс берген жағдайларды талдау арқылы жүргізуге болады.
Ақпараттың тағы бір маңызды көзі – ата ананың өздерінің айтуы бойынша балаларының ата анасын бағалауы. Мұндай ақпарат алу үшін әңгімелесуді келесі бағытта жүргізуге болады: “ сіздің ұлыңыз (қызыңыз) сіздің әрекетіңізге қалай қарайды, олар сіз туралы не айтады. ” деген сұрақты қою жеткілікті. Егер клиент “ ештеңе” немесе “білмеймін” деген сияқты жауап берсе оған қанағаттанбаған дұрыс. Психолог бұл жағдайда біршама табандылық көрсетіп сұрақтарын жалғастырып: “ Сіздер ұрсып қалған жағдайда ол сізге не айтады” деген сұраққа жауап бергенде, жұмысты тапсырғанда баланың берген жауаптарын келесі варианттарда көрсетуі мүмкін: “ Ол: сен маған инеге тиісе бересің деп айқайлай бастайды, жалықтырдың, езме, сен ешнәрсеге түсінбейсің”. Бұл сияқты мәліметтер ата анасының балаға берген тапсырмасының қайсысы және қашан айтқаны ұнамағанымен қоймай, ата анасының әңгімесі бірден қайтарылып, селқос қабылданатындығын көрсетеді.
Қолданылуы гиперқамқоршылықтың негізінде жатқан механизмдерді ашуға көмектесетін ақпараттың тағы бір көзі – ата анаынң психологиялық көмекке неліктен дәл қазір қажеттенгенін қатынастар проблемасы неліктен ушыққанын, соңғы уақытта баланың мінезінде қатынас жағдайында не өзгергенін сараптау. Қарым қатынасының ушығуының арқасында баланың қарапайым есею процесі және оның ата ана бақылауынан кету қажеттілігі жатуы мүмкін. Бірақ, көбіне бала өмірінің өзгеруімен байланысты ата ана тарапынан оны бақылау мүмкіндігі азаяды, не ата ана өмірінің өзгеруі нәтижесінде гиперқамқоршылыққа қажеттілік өсуіне ықпал етеді. Сондай ақ баланың өзі де өзгеруі де мүмкі: бұрынғыға қарағанда нашар оқи бастады, ата анаға ұнамайтын нәрселерге қызыға бастады, онда құпия пайда болды және осылайша ол ата аналық қамқорлықпен бақылаудан шығып кетеді. Қарым қатынастың бұзылу кезін іздеу клиент көзқарасы тарапынан мұның неліктен және қалай болғанын саралау арқылы жүреді. Бұл ата анаға өзінің гиперқамқорлық ұстанымының теріс әсерін ұғынуына тамаша материал бола алады. Мысал ретінде нақты оқиғаны келтіреміз:
Кеңес алуға келген ана шағымы: қызым менімен сөйлесуден қашқақтайды, дөрекі мінез көрсетеді, кеш оралады, одан өтінген нәрсені істеуден бас таратды. Анасының көзқарасынан бұрын қызы өте тілалғыш және жан жақты дамыған болған,бірақ соғңғы уақытта ол бірнәрсеге ұшыраған сияқты. Клиент қызының осы жазда мектепті үздік бітіргенімен институтқа түспегенін айтты. Ата анасы оны таныс арқылы ғылыми зерттеу институтына лабарант етіп орналастырды, жұмыста оның үстінен шағым түспегенімен, оның үйдегілермен қарым қатынасы бірден нашарлады.
Клиентті жан жақты әңгімеге тарту нәтижесіндеқызының өзі үшін өмірінде бірінші рет өз бетімен қадам жасағаны анықталды. Шешесі қызының осыны кешіре алмай, оған күнделікті эмтиханды қиын екенін есіне салып,”анасын тыңдау” керектігін түсіндіреді. Оны ата анасы оқуға түсуге мәжбүрленген оқу орнына жұмысқа орналастырылды, оның үстіне күнделікті қызын және өзін, бүкіл отбасының атына кір келтіргенін , өзі ешқашан ешнәрсені тындыра алмайтыныны үшін кінәлап, өздері таңдаған институтқа болашақта түсуге мәжбурлейді. Кейде баланың ашық айтқан ойлары мен өздерінің өмірге деген көзқарастары туралы әңгімелері ата анасының ұстанымдарына тура келмей ұрыс қағыстар мен шиеленістер тууына негіз болатынын өзін келесі сөздермен қорғағысы келеді:” Саған енді өз проблемаларым туралы тіс жармаймын, сен бүкіл фактілерді өзіме қарсы қолданасың” немесе тағы бір ұрыс кезінде айтылған әңгіме:” енді маған осыны тағы қайталасаң – мен асылып өлемін. Мен сенің бір сөзіңді естуден жалықтым”. Клиенттің мінез құлқын сипаттайтын бұл әңгімелердің негізінде анықтау үшін одан:” шынында сіз оған күнде не айтасыз” немесе “ ол сізге мұны өзіне қарсы пайдаланғаныңызды айтқанда нені айтып отыр” деген сұрақтарға жауап талдау керек. Мұндай таладу барысында көбінесе ата ана өзінің әрекетінің сын көтере алмайтындығын түсінуі керек. Әрине бұл жерде түрлі ақтаулар тууы мүмкін: “ Мен не істеуім керек “ деген сұрақтар туса, ол өзінің жеке ұстанымын гиперқамқорлықтың көрінісі ретінде бағаланғаны – осындай оқиғалар кеңес берудің бұрылыты сәттерінің бірі болып табылады. Бірақ бірнәрсені өзгерту проблеманы шешуде жеткіліксіз. Клиент мәселені толық түсіну үшін онымен бірге жоғарыда айтылған және бұл жерде орын таппаған нәрселердің барлығын толық қарастыру қажет. Оның балаға сәикес ұстанымын , күнделікті әрекет ету нәтижелерін , сондай ақ өзінің баласы туралы түсінігін ортаға салып, олардың оң теріс жағын анықтау арқылы ата анлық борыштың ерекшелігімен баланың жас ерекшелігіне байланысмты құрып, олардың жеке тұлғалық шешімдерін талдау қажет екеніне көзін жеткізу керек.
Кеңес беру барысында бәрінен бұрын шешуді қажет ететін мәселе - өте білгіш жол көрсеткіш, ата ана ұстанымының дәлелдігімен нақтылығына, сол ұстанымды ұстанудың қажеттілігіне күдік тудыру. Сонымен қатар 20-30 және 40 жасар балаға күнделікті барлық нәрселерді түсіндіре тырып қандай да бір позитивті нәрсеге жетуге болады. Ол баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланыстылығын клиент толық түсінуі керек. Сонымен қатар дербестік, өз өмірін өзі құруға ұмтылушылық оң қасиеттер екенін түсінуінің мәні терең. Кейде клиентке “ сіз балаңызға дәл осының қажет екеніне сенесіз бе” немесе” қалай ойлайсыз егер сіз барлығын дұрыс айтқан болсаңыз неліктен ол сізді тыңдамайды.” Мұндай проблемалар көбінесе ата анамен баланың өмірі, оның прорблемалары мен құндылықтары туралы түсініктерінің айырмашылығымен ерекше орын алады. Гиперқамқоршы ата аналарға кеңес беру кезінде олардың балаға деген көзқарастарын талқылау керек емес, тіпті мүмкін емес. Бұл клиенттердің жеке өмір принциптерін түсінуге бағытталған мәселе болғандықтан оны талдау барысында ата ана мен бала қатынасынан тым алыстатып кетуі мүмкін. Сондықтан ата аналардың бала тәрбиелеудегі ұмтылыстарының ерекшеліктерімен шектеле отырып, оның күшіне күдік тудыру, олардың арақатынасындағы бір біріне мінез көрсетуін сараптауға көшу тиімдірек болады. Ата анасының баласын тәрбиелеуге бағытталған күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау ары қарай түрлі бағытпен жүруі мүмкін:
бала үшін түсініксіз және мысалдар мен әңгімелер арқылы тікелей жасалған ықпалдың тиімсіздігін дәлелдеу
қысым ретінде жүргізілген ата ана әрекеті көбіне бағынуды емес, қарсыласуды тудыратындығын көрсету
қысым мен қатал бақылау бір ғана нәрсеге әкелетіндігін – баланың қатынастың бұзылу сипатына ие болатындығын ұғындыру.
Ата ананың баламен күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау әрі қарай осы аталған үш бағыттың біреуімен жүреді. Отбасындағы қиын жағдайлар қатарындағы нақты түрлері ретінде бір нәрсені түсіндіруге, сенуге мәжбүрлеу де орын алады. Ата аналық бақылаудың мұндай формаларының тиімсіздігі жайлы сөз қозғай отырып олардың өз баласына жауапты екенін де ұмытуға болмайды. Мұнсыз клиенттің басты сұранысы қанағаттандырылмайды,қарым қарым қатынасы орнына келмейді. Балалармен қатынас нашар жағдайлар қатарына қойылғанына не себеп болғанын нақтылау арқылы бір нәрсені істеуге мәжбүрлеу тәрбиелеуде пайдалануға болатын және кеңінен пайдаланатын. Тәсілдер екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын айта отырып, ата аналар бақылаудың мұндай формалардың қай кезде тиімді, ал қай кезде тиімсіздігі жайлы сөз қозғап, оны дұрыс бағалауы керек.. Оны барлық уақытта негізгі тәсілдер ретінде қолдануға болмайтындығын түсіну арқылы шағым жасаған ата ананың басты сұранысы қанағаттандырылады.
Әдетте әңгімелесу кезінде “менсіз ешнәрсе істей алмайды” немесе “ол мұны түсінбейді” деген сияқты өте көп шағымдар орын алатындықтан бұл сұрақты талдау қиын емес. Осы және осыған ұқсас ілікпе сөздер ата ананың балаға сенімсіздігінен, оның ересек болу, тәуелсіздігін көрсету ниеті мен мүмкіндігін терең бағалауының көрнекі куәлігі. әрине ата ана үшін кез келгенжастағы бала бәрібір сәби екенін растауға дайын клиенттер кездеседі. Бірақ бұл жерде ең бастысы сәби болу не екенін түсіну- сүйікті болу, қамқорға бөлену немесе қамқорсыз болу.Біжағынан гиперқамқорлық туған адамның тағдыры туралы ойлану, оны күту, баптау және мулдем басқа жағынан – оған өз бетімен өмір сүруге мүмкіндік бермей, әр бір қадамын қатаң қадағалау. Бұл кеңес беруге қиын, шешімі шиеленіс және күрделі тақырыпты талдау нұсқаларының бірі – гуманисттік психологияны пайдалану, атап айтқанда, Н.Роджерс қалыптастырған ұғымдар тұрғысынан әңгімелесуді талап етеді. Адам өзіне сенім артқанда ғана ересек және дербес бола алады және осы жағдайда ғана ол өз күшіне сенеді. Адамдардың мүмкіндіктеріне басқалардың күдіктенуі оның өз күшіне сенімін селдіретіп, оны беғам және дәрменсіз жас баладай етеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт дәстүрлер бойынша біздің халықтық мәдениетіміз бойынша ата аналар балаға сенім білдіргенімен олар есейгенде де қатаң қадағалау секілді дәстүр сақталған Сондықтан баланың пікірімен санасу тұрғысында ата ана онша ойлана бермейді және бұл туралы әңгіме оларға жаңалық секілді естіледі. Оның үстіне баласына қатынаста белгілі скептицизмнің үлгісі болады. “Ол өз басын алып жүре алмайды”, “оның жаны нәзік басқалардан қысым көреді” деген уәж айтады. Әрине гиперқамқоршылық тенденциясы барлық адамдарға бірдей емес, біреулер оны қажет етеді, өзгелердің басшылығымен өмір сүрген оларға қолайлы, ал екіншілері өз өмірін өздері дербестікпен басқарғанды қалайды. Сондықтан мұндай клиенттерге балаларының бостандық алғысы келетінін , ерекше қамқорлықты жасырмайтынын, осы себепке байланысты ата ансының көзқарасын нашар бағалайтынын мойындау қиын. Мұның бәрі ата анға өзін қайта тәрбиелеу қажет екенін көрсетеді.
Байбаламшы ата ананың баласымен қарым қатынасында жіберілген қателіктің бастысы – гиперқамқоршылық екенін түсініп, оның ерекше “ мейірімділікпен” жасаған қамқорлығы тіл табысуының көмектесуші емес, төмендетуші күш болатындығы жайында ойлануы керек. Кеңес берудің бұл кезеңінде психолог клиентпен жүргізген әңгімесін бастапқы сұрақтармен ғана шектеп қоймай, мінез құлықтың көне тәсілдерінен басқа өте жұмсақ және дәл сөйлемдер құрастырып, балаларына сенім арту керектігін олармен байланысты жаңа пікірмен санасу сатысында жүргізу жаңа қатынас арқылы проблемаларды шешу жолдарын іздеуге тарту керек. Бақылаушы, өқамқоршы ата ананың пікірінше өзінің ескертулері, күнделікті қатаң қадағалауы болмаса онда бала “ оқи алмайды”, әрқашан барлық баратын жерлеріне кешігіп жүреді, “уақытында тамағында ішпейді” , “үй тапсырмаларын орындамайды” “ ойларына өзі сенетіндіктен баласына бостандық беру оған да оңай емес. Сонықтан ата ананың мақсаты мен талабының бір біріне сәйкестігі де талқылануы керек.
Осы мәселені талдау барысында бала өмірінде ата ананың сөзі өте күшті әсер ететінін тәрбие көзі екенін кішкентайлар үшін бақылау бала өмірінің қажетті элементі болатынын түсінуі керек. Баланывң өсуі мен бірге оның әрекеттері де өзгеріп біртіндеп оның санасының жетілуімен бірге дербестігі қалыптасады. Осыған ата аналар даяр болып дер кезінде балаларына өз бетімен өмір сүруге үйретпесе олар болашақта өзінің өмірлік парызын атқаруға даяр болуы екі талай екендігін түсіну қажет. Бала көп жылдар бойы, ата анасынан бөлек шыққанда бақывлау мен ескертудің болмауына байланысты жеңілдеу емес,құлдырау сезінуі мүмкін. Егер ата ана баласының шынында ересек адам болғанын қаласа, онда осы ересектік белгілері қалыптасып келе жатқан кезеңге осы жолда олардың көптеген қателіктеріне шыдауы керек. Балаға дербестік берудегі ата ананың көмегі тиым салудан емес, осы қиын жолда ізденіс үстіндегілерге қолдау көрсетуден тұруы мүмкін . сонда ата ананың қамқорлығын бала қуана қабылдайды.
Кеңес беру табысты өткен жағдайдың өзінде ата аналардың баласымен қарым қатынасының олардың өмірін басқаруға бағытталған көптеген әрекеттердің мазмұны өзгеруі екіталай. Егерде өзгеріс болып, олт өзгеріс тез арада бала тарапынан байқалып, жаңалық оң көзбен бағаланбаса, онда жақын адамдардың қарым қатынасына бұрын қалыптасқан әдеттер мен стеоротиптер қайта орын алады. Психологқа қаралу барысында талқвыланған ата ананың негізгі сұранысы- баласымен қарым қатынасын жақсарту. Сондықтан клиенттің ұлы( қызы) өзгерістерді тез сезіп, осы өзгерістерді бағаласа осы үлгіні болашақта жүзеге асыру жолдарын игеру оларға онша қиын болмайды. Кеңес беру әсерлі болу үшін қарым қатынас барысындағы жаңалықтарды меңгерту де осы тәжірибені нығайтуда өте жылдам жүруі тиіс.

24-лекция.

Ата-ананың балаға қатынасын түзету тәсілдері.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Сенім акциясы.
2. Жеке сезімдер мен күйзелістер жайлы кеңес беру.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.
2. Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка.
М. 1996.
3.Варданян Г.А. Диягностика икоррекция умственногоразвития в начальных
классах. Ереван, 1995.
4. Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.
Қосымша:
5..Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.
6..Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
7..Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
8.Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.
9.Непомнящая Н.И. Психодиагностика личности. М. 2001.

Лекцияның мәтіні:

Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абай Құнанбаев.
Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады.
Абай Құнанбаев.
Сенім акциясы. Келесі кездесулерде сенім акциясы аумағында әңгіме ұйымдастырылып, оның барысында бала мен ата ана қатынастарының оң бағыт алғанына, стратегиялық өзгерісінің басталуына не себеп болып, үлкен қызмет ете алады. – деген сұраққа жауап ізделінеді. Алдымен сенім деген не екеніні анықтап алып,ата анамен олардың балалары арасындағы сенімді қалыптастыру жолдарын психолог клиентпен бірге іздеуге кіріседі. Сенім әңгімесін ұйымдастыру барысында пайдалануға болатын бірнеше тәсілдерді келтіреміз.
Бұл тәсіл бала мен ата ана қатынастарында орын алған түсінбеушіліктер негізінде болған ұрыс қағыстар, шытырман шиеленіс жағдайлар, кейбір түсінбеушілік және түсінбеушілік біржақтыболғанда пайдаланылады. Мысалы, ана баласынан инститиутты тастамауын өтінеді немесе қызынана оған ұнайтын, бірақ ата анасы сенімсіз, күдікті болып көрінетін адамдармен достасуына тыйым салады.Осындай жағдайда ата ана тарапынансенім акциясы жүруінің мәні өте терең.
Бұл шара ата ананың өздері ұзақ уақыттан бері қойып отырған талаптарын немесе тыйымдарын алып тастаудан тұрады. Мысалы ата ана баласына көптен бері салып отырған тыйымынан бас тартып оның қабылдаған шешімімен келіскенін былай түсіндіреді. – Мен көп ойланып, мынадай шешімге келдім. Сен ересек адамсың, өз өмірің туралы өзің шешім қабылдайалғандықтан оқуды тастау не тастамау – бұл сенің жеке шаруаң. Енді бұл туралы саған бір ауыз сөз айтпаймын. – деп баласына сенім білдіреді. Екінші жағдайда: - бұл сенің достарың, сен оларды жақсы білесің, сондықтан олармен қалаған уақытта кездесе бер. Егер проблемалардың түбірі бірбірімен қосылып бір жаққа баруына, үйге тым кеш келуіне және т.б тыйым салумен байланысты болса, онда оларды да осындай сенім акциясымен шешуге болады. Бұл ата аналардың жеңілуі “ немесе” қалағаныңды істе депбалаларын өз бетімен жіберу қағидасы бойынша өзінен жауапкершілікті алып тастау емес, ата анамен баласының арасында сенім артудың пайда болуы, балаға сыйлаушылық білдірудің куәлігі ретінде көрініс беруі тиіс. Әрине сенім акциясын ата ана бір нәрсеге жариялағаннан соң олар өз шешімін ертеңіне өзгертпестен, одан ешқашан бас таратпаған жағдайда ған тиімді болады. Мұны клиенттің өзі де түсінуі керек.
Жеке сезімдер мен күйзелістер жайлы кеңес беру.Бұл тапсырманы ата аналар өзінің баласына деген сезімін білдірмей тұрып, олардың алдарында тұрған проблеманы өздеріне шештіруге тырысу керек болғандықтан біршама қиындықтар туғызады. Бұл тәсілді пайдалану үшін кеңес беруші ата аналық гиперқамқорлықтың астарында не жатқанын анықтайтын арнайы жұмыс жүргізеді. Мұнда ата ана сезімін терең талдау жасап, оның “психоанализіне” жан жақты берілудің қажеті жоқ. Сондықтан да оларға “ сіз неліктен балаңызға осыншама қамқорлық жасайсыз, оларды осылайша басқарасыз” деген сұрақты бере отырып, көптеген клиенттер үшін мәні ортақ алғашқы: “ мен олар үшін қорқамын”
“ мен оның болашағы үшін күресемін” деген жауапқа қанағаттануы қажет. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл жауап толық емес. Бұл жерде ата ананың барлық адамдар секілдібасқаларды бақылау және басқару мұқтаждықтары, өздеріне мәнді проблемадан балаларын сақтап қалу, жалғыздық үрейі т. Б. Орын алатын мұқтаждықтар туралы айтуға болар еді.Бірақ кеңес беру шеңберіндегі түрлі шектеулерге байланысты, ата аналық байбаламның орын алу жағдайымен байланысты олардың мінез құлқының өзгеру жолдарын көрсеткен жөн.
Мінез құлықтың мұндай маңызды өзгеруі ата ананың баласының өмірін тұрақты бақылағандықтан, біртіндеп балаға деген жеке сезімдері мен күйзелістерін көрсетуіне алмастырғаны бақыланады. Мұндай өзгерістер алғашқыда өте қарапайым түрде көрініс береді. Мысалы. “сен институтты тастау туралы ойланушы болма” деген тыйымның орнына :- “ менің ойымша, егер сен оқуыңды тастасаң бүкіл өміріңді құртасың ба деп қорқамын. Маған да уақытында диссертациямды қорғап алу керек екні туралы ата анам кеңес берген еді. Мен сол кезде тұрмысқа шықтым да диссертациялық жұмысымды аяқтап шығуға мүлдем уақытым болмады., ал нәтижесінде мен дымсыз қалдым. Сенде осылай болады ма деп қатты қорқамын” – деп баласының болашағын ойлап жүргенін білдіреді.
Айтылған сөздердің мазмұндық жағынана айырмашылықтары онша үлкен болмасада “мен қорқамын” деген тіркестің айтудың өзі ананың балаға деген жеке сезімдерін білдіріп, сол арқылы түсінбеушілік тудырған мәселені шешу кішкене тиімдірек болатыны дәлелдеуді талап етпейді. Адамның басқаларға деген оң сезімдерін білдіру- шиеленіс жағдайларды білдіруге өте қажет. Себебі адамдар өзінің ішкі сезімін біреудің алдында сирек ашып айтатын болғандықтан, оларға басқалардың сезімдері де түсініксіз болып қала береді немесе өте үстіртін ұғынылады. Сондықтан балалар ата аналарын “ ешнәрсе түсінбейді, олар маған әдейі тиіседі” деп түсінуі мүмкін. Осы жағдайда тата аналар өздерінің ересек балаларына ішкі сезімін ашып айта білсе балалары оларды түсінуі мүмкін. Ата ана бала өмірінде орын алған кез келген нәрселер үрей туғызбай, қатаң бақылау қажеттігін тоқтату керектігін сезінетін болады.
Клиентпен әңгімелесу барысында сезімді білдіру проблемасын талқылау ғагна емес, оны айналасындағылармен бөлісу неліктен қажетекендігі туралы пікір алмасу, сезімді білдіру қаншалықты қымбат нәрсе екенін түсінедіру процестері де жүреді. Кеңес беру процесінде “ бос орындық” техникасын қолдана отырып, болған оқиғаны басынан аяғына дейін ойын арқылы қайта жаңғырту ұсынылуы мүмкін. Мұнда клиент қарсы алдындағы бос орындыққа ұлы не қызы отырғандай күнделікті орын алып отырған түсінбеушілікке алып келген мәселелер. Қандай жағдайда болғанын басынан бастап айтқызу қажет.Осы мақсатта неше түрлі тәсілдер элементтерін пайдалану арқылы клиентке не туралы айту қиын болды және т.б. мәселелерін талқылау арқылы оның барлық проблемаларын толық айтқызу керек.
Қарым қатынасты өзгерту өте күрделі процесс. Сондықтан ата ананың баламен сенім әңгімесін ұйымдастыру арқылы мұндай бағдардағы іс шараларды біршама жылдамдату жөн болады. Мұндай әңгіменің мақсаты- клиенттің ұлы немесе қызы туралы уайымы, оның өмірі қандай болады деген уайымы, балаға деген махаббаты жатқан ішкісезімін ретке келтіру, клиент өзі туралы әңгіме айтқанда баласы ммени қатынасы мен өзара ықпалдарының бұрынғыға қарағанда жоғары деңгейге шығуына тырысу, оған деген қатынастың өзгергенін көрсету. Ата ананың да баланың да жан дүниесіндегі сырын ашу барысында жиналған шағымы мен өһкпесінен арылту мүмкінедігі болса мұндай кеңес олардың арақатынастағы нағыз меже бола алады. Осы байланыста кеңес берудің негізгі ережелерінің біріне назар аудару керек. Егер клиент өмірінде қандай да бір оқиғадан өту қажет болса,оны әңгіме барысында тек талқылаумен шектеп қоймастан , мүмкіндік болса тіпті оны іске асыру жолдарын анықтап, уақытын белгілеп, дайындық жаттығуларын жүргізу керек. Нақты талқылау барысында қолайлы уақытты таңдау неден бастау керек екенін пайдаланатын нұсқауларды іріктеу керек. Мұндай нақтылау үстіртін әңгіме кезінде байқалмайтын бірақ жобаны іске асыру кезінде тез ашылатын жасанды кедергілерді ашу және олардан ұтып шығу үшін қажет. Мысалы клиент қызымен сөйлесуге бел байлайды, бірақ қызы үйге өте кеш ата анасы ұйықтап қалғанда оралады., ал демалыс күндері ата анасы саяжайға кетеді. Осы жағдайда саспастан күйгелектенбестен сырласу әңгімесін хүргізу үшін екі жақты да қолайлы уақытты арнайы тауып алып, оны өткізу уақытын анықтау керек.
Бұл жағдайда пікірталасушы “ идеяның бастамасы болған” кеңес беруші мәселенің тұтас шешілуіне айтарлықтай ыцқпал етуі керек. Ол ықпал мәселені шешудің жалпы нұсқасы туралы ғана емес, оны толығымен нақты шешу ретін, айтылатын ойларды және осы ойларды жеткізу үшін пайдаланатын тірек ұғымдары мен сөздерді, оны өткізу уақыты қажетті формасын таңдап, дайындық логикалық жағынан аяқталған болуы керек. Сонда біріншіден, оны орындамау мүмін емес және ол ата ананың күрделі қатесі болып табылады, екіншіден , орындамау себептерін талдау барысында клиент жағынан алауыздық білдіргені немен байланысты болғанын түсінуге негіз бола алады. Мысалы бұл жағдайда қызыни күтіп, онымен сөйлесу үшін клиентке бір күні өте кеш жатуға тура келеді. Тіпті ол алдын ала анықталған уақытта клиент өз қызымен сөйлесе алмасада бұл талпыныстың болашақта тигізетін әсері аз емес., осы әңгімеге даярлық және осы кездесуді күтудің өзі оның өз баласымен арақатынасын өзінше терең талдауына тамаша материал бола алады. Себебікүту кезінде пайда болған қызына деген жалпы сезімі және наразылық сезімінің күші оны ақтайтын сылтаулар іздеуі ата аналық сезімнің күштілігінің көрсеткіші бола алады.

25-лекция.

Бала өміріндегі проблемалар мен қиындықтар жөнінде кеңес беру.
(1 сағат)

Жоспары:
1. Бала өміріндегі проблемалар сипаты.
2. Ата-аналарға өздірінің жеке проблемалары бойынша кеңес беру.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.
2. Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка.
М. 1996.
3.Варданян Г.А. Диягностика икоррекция умственногоразвития в начальных
классах. Ереван, 1995.
4. Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.
Қосымша:
5..Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.
6..Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
7..Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
8.Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.
9.Непомнящая Н.И. Психодиагностика личности. М. 2001.

Лекцияның мәтіні:

Адам бола білу -ең қиын мамандық.
Х.Марти.

Басқа адамның әрқашан да жам ан жағын емес,жақсы жағын ізде.
Л.Н.Толстой.
____________________________________________________________________________
Ата ананың гиперқамқоршылық ұстанымы өзінің баласының көптеген қызықтарын дұрыс бағаламауына алып келетінімен де қауіпті:ата ана оның мінез құлқын қалыптаспаған деп санап, сондықтан оның көптеген әрекеттерін күмән тудыратын ретінде қабылдай бастайды. Көмек сұрай келген клиенттер нақты емес аргументтерге сүйене отырып өте мағынасыз шағымдар айтады: “ маған қызым нашақор сияқты көрінеді. Ол кейде кеш қайтады және оның көздері жанып тұрады.”, “ мені қызымның моральдық бейнесі үрейлендіреді. Мен оны жігіттердің шығарып салғанын бірнеше рет көрдім және олардың екеуімен сүйісіп қоштасты.”. Бірақ клиенттің кез келген әңгімесін шыдамдылықпен кеңес беруші мұқият тыңдауы керек, себебі, бір жағынан бұл шағымдардың астарында өта маңызды ннәрсе жатуы мүмкін, ал екінші жағынан, клиентпен сенімді байланыс орнатылғанда ғана оның пікіріне ықпал етіп, ата ана үрейін өз арнасына түсіруге болады.
Клиентпен ары қарай жүретін жұмыс оның өз баласы туралы айтқан әңгімесінің қаншалықты шындыққа жанасатындығына байланысты болады. Мысалы, клиент:” менң қызым нашақор мұны өзі мойындайды. Ол наша шегуді тастағысы келгенімен бұл талабынан ешнәрсе шықпады. Енді бізге не істеу керек екенін білмейміз.” Деген шағым айтады. Түрлі әлеуметтік және психологиялық ауытқулармен байланысты проблемалар қандай да бір ресми бастамаларға алып бару қорқынышпен ұштасады. Мұндай қорқыныш көп жағдайда ақталған болып шығады. Әрине психологтан көмек күтіп отырған адамның жағдайы қандай қиын боғаныме ол туралы медициналық немесе қандай да бір басқа мекемелерге бұл мәліметті жеткізіп, оны басқа жерлерде көтермеуі керек, бірақ мұндай қатынастың дұрыс шешілуі клиенттің өмірлік оқиғасының жақсаруына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайларда психологтың клиентке кәсіби түрде көрсететін көмегінің тиімді болуын қамтамасыз етуге негізделген реті бар:
клиентті тыңдау, оған жанын қинап жүрген барлық проблемаларын толық айтуға мүмкіндік беру, оны қолдау
проблемасын шешуге нақты көмек көрсету кімнің қолынан келетінін қайда неліктен және қалай бару керек секілді білікті ұсыныс беру.
Клиенттің баласы толық қандай жағдайда екенін анықтау үшін оны қандай мамандарға көрсетудің жолдарын іздестіру.
клиентке өз баласымен тіл табысып, онымен оңтайлы қарым қатынас орнатуына көмектесу
Бұл міндеттердің ағашқысы өте қарапайым шешіледі: клиентті тіпті еңбек жолын жаңа бастаған кеңесші де бар ықыласымен тыңдай алса, оның проблемасы жеңілдегендей болып қалады. Ата ананың басына осындай жағдай туғанда олар өз қайғысын тек оның басына туған күн, бұрын еш жерде, ешқашан, ешкімге кездеспеген қорқынышты нәрсе өтіп жатқандай көрінеді және бұл проблеманың шешімі жоқ деп есептейді. Клиенттің мұндай үрейленген сезімін төмендетіп, оның жағдайында өзгерістің болуы мүмкін екендігіне үміттендіруге өте көп көңіл бөлінеді.
Көбінесе клиент өзінің басына туған қайғысымен қайда баратынын, нашақорларды кім және қай жерде емдейтінін психиатриялық көмекті кім және қалай көрсететінін білмейді.Егер психолог клиентке керекті материалдарды игертсе, ол бұл жағдайда өзінің кеңес беруші функциясын психологтың әлеуметтік диспетчерлік қызметі ретінде атқарады – клиентке қайда, қалай бару керек екенін кімге және не айту керектігін не туралы сұрайтынын т.б. қажетті әрекеттері туралы кеңес береді. Кеңес беруші осындай клиенттің психологқа қаралуы барысында оның жағдайларын анықтауға көмектесумен қатар тағы да бір өте маңызды міндетті орындауы керек. Себебі клиент ондағы әлеуметтік ортаның реакциясы қандай болатынын олардың болашағына әсер ету мүмкіндігі қандай екеніне үлкен көңіл аударады. Өйткені ол он баланың ата анасы бола отырып, балаларының ішінде біреуі осындай халге ұшырап, алғаш рет кеңес сұрап келген болар. Бұл жерде не болды, қалай қабылдайды, не айтты7 Бұл мапғынада кеңес беруші қоршаған адамдардың клиентке көмектесуге дайындығын, ал басқа мамандарға қаралу нәтижесінде оның басына түскен жағдай туралы әңгімеден туған қайғы мен ұят күйзелісі ғана емес, қажетті көмекті де әкелетінінің кепілі болуы керек. Қандай да бір себептермен кеңес алудан қорқатын адамның маманға баруы өте күрделі міндет. Мұндай жағдайда өз баласын маманға жіберген ата ана мотивациясының дұрыс тоны мен тәсілдерін таба алмайды. Көптеген жағдайда ол, “ онда саған сенің күшті екендігіңді түсіндіреді” деп сендіреді, қорқытады, яғни баланың ата анаға сенімсіздігін тудыратын сәттерді баса көрсетеді. Қалыптасқан жағдайда ұлына не қызына ол ата ана неніжәне қалай айтатынын талқылау барысында мүмкіндігінше негативті сәттерді алып тастап, позитивті сәттерді енгізу керек. Мұнда осындай оң әсері бар әрекеттер ретінде мыналарды атап өтуге болады:
баланы артық психологиялық және физикалық күйзелістерден сақтауға қажетті көмек көрсетілуі.
ата ана баласына қамтамасыз ете алатын көмегінанонимдік ұстанымға сәйкес ұйымдастырылуы
егер қажет болса білікті, атақты маманға көрсету
ата ана баласының басына түскен қатерді жағдайға байланысты сезімдері мен күйзелістері жайында әңгіме айту арқылы баласың.( Сен жақсы баласың. Сенің басыңа түскен оқиға кездейсоқтық, оны тезірек түзетеміз де, жайлы өмірімізге ораламыз). Басқада мамандарға қаралу қажеттілігінің тағы да бір дәлелі болатындай мысалдар келтірілуі.
Әңгіме барысында әр түрлі эндогендік аурулар кездесетіндігі туралы, осы отбасының басына келген жағдайлардан басқа көптеген кездейсоқтықтар болатынын ата ана баласы ұшыраған оқиғадан алып шығуға жауаптылығы туралы және осындай осындай мәселені ана мен бала біріге отырып шешкен кездерін үлгі ретінде келтіруге болады.Бірақ клиенттерге алдында тұрған күрделі және бірден шешуді талап ететін оқиға неліктен орын алғанын оны қалай сараптап талдап шешу жоларын табуға ұмтылу мүмкін емесболып көрінеді. Кеңес беруші әңгіме барысында өткен нәрсенің себебін талдау арқылы одан шығу мүмкін екендігін көрсетумен бірге оларды келешекте кінәлау көңілі толмаушылық ұстанымынан біртіндеп болашақ өмірді сеніммен қабылдау және қолдау ұстанымына бағдарлау процесі жүреді. Өкінішке орай көптеген ата аналар балаларының психологиялық және әлеуметтік қиындықтары жайында айтқанда балаларын сынауға және өздерінің сөздерінің дұрыстығын дәлелдәеуге құмар болады. Ал онсызда қиналып жүрген балалар ата аналарының “ мен сенің олармен байланыспауыңды неше рет ескерттім”, немесе” барлығына өзің кінәлісің, сондықтан сен маған қарсы сөйлеуші болма” секілді ескертулерінің өзін ауыр қабылдап, бұл сөздерді үлкендердің көмектескісі келмейді деп есептеуі мүмкін Мұндай жағдайда тек ақыл кеңес айтып, қалай өмір сүру керек екендігін үйрету кем және мәнсіз шара болып қалады. Балаларға осы жағдайдан шығуға үлкен қолдау көрсету және оларды әрі қарай құлдыраудан кеңес беру немесе жазалаудан емес ата ананың тарапынан білдірген үлкен сезім ғана құтқара алады.
Кеңес бадам ата анаға оның баласының не айтып не істегенін түсіндіріп беретін дәнекершісі ретінде баланың психолгқа немесе басқа мамандарға көрінуі қандай ауыр тиетіндігін түсіндіруге тура келеді.”өзіңізді оның орнына қойып көріңіз, осындай жағдайда сізге біреудің көмектескенін қалайсыз ба”. Бала мен ата ананың қарым қатынасы болғанда ғана баласына шамалы болсада отбасы ықпал етіп, оны кеңес берумен, қолдау көрсетумен есірткі қабылдаудан,әлеуметтік қауіпті адамдардан және оқшаулық сипаттағы қатынастардан сақтай алады. Ата анамен сенімді қатынас боғанда бала бір жағынан оларды көп тыңдауға бейім болады, ал екінші жағынан, жақын адамдарының жанын ауыртудан қорқып өзін өзі ұстаудың өте мықты ішкі құралын қалыптастырады. Олай болса сенім білдіру жағдайы тікелей ғана емес, қосалқы бақылау үшін де көп мүмкіндік береді. Егер ата ананың баласымен қатынасы кеңес алуға келген сәтте айтарлықтай бұзылған болса, оларды қалыпқа келтірудің арнайы іс шаралар, сенім акциясы, ашық әңгімелесу және т.б жоғарыда айтылған әдістемелерді пайдалану арқылы оларды талқылауға болады.
Кеңес берудің бұл формалары қиын жұмыс түрлеріне жатады, сондықтан клиент проблемаларын талдау кезіндетәжірибесіз кеңес берушілерде үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы проблемасы бар баласымен не шешесімен сәтті әңгімелесуден соң клиенттің үгіттеуіне жауап мретінде әрине психолог баламен кездесуге бел байлайды. Ал ол бала мүлдем басқа жағдайды, басқа түрде қатынас құрудыжәне араласуды қажет ететіндіктен бұл жұмыс пайдалы болуы да мүмкін, сонымен қатар, психолог баланың ерекшеліктеріне икемделе алмаса бұл кездесу сәтсіздікке алып келуі де мүмкін. Сондықтан психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру алдында және оның барысында психологиялық ықпал етудің барлық формулаларын меңгеруге тырысып, алдын ала жасалған бағдарлама бойынша оны ешқандай жағдайда ауыстырмастан жүргізу керек.

Ата- аналарға өздерінің жеке проблемалары бойынша кеңес беру.
Кеңес алуға келген клиенттердің ішінде балаларына немесе басқа туысқандарына шағым жасағандардың проблемалары жанама түрде айтылғаны анық байқалатындары да кездеседі. Зерттеу барысында бұлардыңі әңгімесінің ешқандай негізі болмағаны анықталса онда психологқа келу себебі ата- ананың басқа да бір жеке проблемасымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда клиенттің балаларына шағым жасауы оның өз проблемасы бойынша психологқа келуге басқа себеп таба алмағанымен байланысты орын алмағанымен байланысты орын алғаны. Кеңес беруге басқа біреудің мәселесімен келудің мұндай нұсқасы тәжірибеде жиі кездесетін жағдай, ол туралы психологиялық әдебиеттерде көп мәліметтер бар. Бірақ ата-ананың алдында тұрған жеке проблемасына көшуден бұрын оның бала тақырыбында жасаған шағымдарын тыңдап, оны аяқтау қажет. Психолог клиентпен әңгімелесу барысында оның өз балалары мұқтаждығымен келгенін растайтын нақты дәлелдер болмаса, оның осы проблема мәселе проблемасының бар екендігі күдік тудыра бастайды және ол адамныңөз өмірінде шеше алмай жүрген мәселелері бойынша шағымы болуы туралы болжам жасайды. Бұл клиенттер кеңес алуға неліктен және қандай нақты проблемалармен келгенін анықтап алу керек. Олардың көбісі балаларынан жасырын келгенін бірден жариялайды, өзінің ұлымен (қызымен)қатынасы жайында сөз ете отырып, олардың көбісі отбасынан еншісін алып жеке тұратын, дербес өмір сүретін және ата-анасының пікірін аз тыңдайтын адамдар екенін айтады. Мұндай клиенттерге психологиялық көмек көрсетуді қиындататын кем дегенде 3 нәрсе бар екенін көрсетуге болады. Олар:
проблема ата-ана көзқарасы тұрғысынан ғана емес ,балалардың көзқарасы тұрғысынан да бар екеніне сенімнің болмауы;
клиент психологтың көмегімен оқиғаны өзгерту үшін оның жоғарыкәсіби беделін пайдаланғысы келгені;
кеңес беруші клиенттің шағым жасап келген адамының өміріне ықпал етуі үшін онымен байланыс жасауы мүмкін еместігі.
Клиенттің басқа біреудің, тіпті өз баласыболса да,ісіне араласуының өзі күдік тудырады. Сондықтан клиент хабарлап келіп отырған шағымның шынайы негізі бар екендігін анықтауы керек. Психологқа қаралуға негіз болған себептерді анықтау барысында кеңес берушінің міндеті- әңгімені кәсіби өте жоғары деңгейде жүргізіп, клиенттің келуінің басқа, көбіне мойындалмайтын не айтылмайтын себептерін табуы . Бұл мәселені анықтауға келесі тәсілдерді пайдалануға болады:а)клиент әңгімесінде орын алған фактілерді жүйелі түрде талдау; б)әңгіме жүргізу барысында қосымша сұрақтар арқылы негізгі тақырыптардың астарларын анықу; в) клиенттің балалары мен жұбайы туралы пікіріне сүйене отырып отбасында қалыптасқан қарым- қатынас ерекшеліктерін бағалау.
Клиент сипаттаған проблемалық оқиғаларды нақтыландыру арқылы оның өзінің сол оқиғаға қатысты қатыссыздығы мен хабарсыздығын сезіне бастауына әкеледі. Оған баласында байқалатын проблемаларына жаны ашығаны әңгімесінен көріне бастайды. Мысалы, ана қызының проблемасын келесі сөздермен жеткізуі мүмкін :”ол күйеумен бекер ұрысады,мен сияқты қолындағы екі баласымен бір өзі қалады ғой”.Бірақ жеке проблемалары мен сәтсіздіктердің кеңес берушіге анық естілетін тақырыбын ата-ананың өзі нашар мойындайды.
Кеңес алуға келген клиентке көмектесудің нақты тәсілдерін анықтау үшін оның бастапқы шағымдарының сипатын ескеру қажет. Бұл үшін психолог, мысалы,”Сізді неліктен балаңыздың қиындықтары сонша мазасыздандырады?” немесе “Сіз оның ісіне осындай қол сұғушылық артық екенін ешқашан байқамадыңыз ба?” деген секілді пардоксалды сұрақтар бере отырып, әңгіме жүргізудің өте үлкен белсенділік білдіру ұстанымда өткізуіне болады. Балаларының ісіне ата-анасының шамадан тыс мазасыздануы әшейін ата-аналық парыздың бір бөлзігі ретінде қабылданатын рефлекцияға бейім емес көрініс берген клиентпен жұмыс кезінде басқаша әсерленуді білдіру тәсілдерін психолог кеңінен пайдалакнуы мүмкін. Мысалы, диалог келесі.
Кеңес беруші: “Сіздің балаларыңыз немесе сізді өте жақсы білетін басқа адамдар сіздің олар туралы шамадан тыс қам жейтіңізді еш уақытта айтқан жоқ па ?”
Клиент:”мен енді балама алаңдамағанда, кімге алаңдауым керек?Немесе, мүмкін, сіз маған ол үшін не нәрсе қажет екені туралы кеңес берерсіз. Сол айқаныңызды орындасам ол мені сыйлап, тыңдайтын болатын шығар”.
Кеңес беруші: “Сіздің өміріңізде шынында одан басқа алаңдайтын ешнәршсе жоқ па? Балаларыңызға сіздің күнделікті айтатын ақылыңыз,беделзіңіз,көрсететін қызметіңіз өте қажет пе?”.
Осындай диалогтың шеңберінде психологиялық кеңес алуға неіз болған нақты проблеманы анықтауға болады.Ата-аналар өздерінің ересек балалары жөнінде шағым жасауына негіз болатын жеке проблемалары мен күйзелістері келесі сипатта жиі кездеседі:
Өзінің ең жақын адамдарға қажетсіздігін сезінуі,өз өмірін өзіне бағындыра білмеуі,қоршағандар мен балаларына өкпелеуі (міне қартайдым, енді мен ешкімге керек емеспін);
Жеке өмірінің сәтсіздігін сезінуі және бұл қайғы-қасіреттерді балалардың болашағында орын алуы мүмкін деп болжамдауы( олар менің қателіктерімді қайталамасын деген ойға жиі бөленуі);
Өзінің баласын тәрбиелеуге назар аударуының тапшы болғаны үшін бала алдындағы кінәсін мойындауы,сол қатесінің орнын толықтенуі;
Өте маңызды жеке проблемалары мен күйзелістері.
Клиенттердің проблемасын осылайша сыныптастыру – кеңес беру процесіндегі маңызды қадам. Бұл жерде кеңесші тарапынан ескерілетін маңызды мәселелердің бірі – психологқа келген адамның оның неліктен келген себебін психолог өзінше түсініп, сол түсінігін клиенттің мойындауына мәжбүрлегендей сезім алауы керек. Клиенттердің проблемаларын талқылауға көшкеен психолог: “ Ересек балаларыңыз жайында сонша алаңдаудың керегі жоқ, олар бәрібір мұны онша түсіне алмай қалуы мүмкін. Ал сіз оны бағаламады деп түсінесіз, оданда өзіңіздің өміріңізді оңтайландыру туралы ойланыңыз”, немесе: “Оларды асырадыңыз, мамандық алуға көмек көрсеттіңіз, үйлендірдіңіз. Сіз ата аналық парызызыңызды толық орындадыңыз. Ендігі жерде өзіңізді ойлаңыз. Денсаулығыңызды сақтап, әлі де қажетті жерінде қол ұшын бере алсаңыз балаларыңыз үшін ол үлкен қамқорлығыңыз болады.” – деген секілді қандайда бір рационализациялық ұсыныстар айтылуы мүмкін. Клиент өз өмірін бос өтіп жатқандай сезінетіндігін немесе мәнсіз деп түсінуін суреттеуіне мәжбүр болмайды. Оған ең басты көмек көрсететін адам өзі екенін түсіндіріп және психологиялық көмекке немесе кеңеске сүйенгеннің ешқандай ұяты жоқ екеніне көзін жеткізудің өзі кейде жеткілікті болады. Содан соң ғана клиент алдында тұрған проблемаларды толық таңдауға көшуге өзі ризашылық білдірсе оны жан жақты талдауға болады.
Клиенттердің келу себептеріне байланысты кеңес беру жұмысының стратегиялары әр түрлі болады.
Клиент өз өмірін мағынасыз, бостан босқа өтіп жатыр деп түсінетін жағдайда кеңес беру жұмысының міндеті - оның өмірін мағыналы істермен толық тыруға, оған қызықты және қолайлы жұмыс табуға көмектесу. Осы мақсатта клиенттің оның қандай салада жұмыс істегенін, нені ұнататындығы, қандай қызығушылықтарының болғандығы, немен айналысқысы келетіндігі туралы әңгіме көтеріп, көптеген сұрақтар қоюға болады. Мұндай әңгіме барысында орын алған жан жақты сұрақтар көмегімен клиентті қызықтыратын және оған айналысуға болатын көптеген қызықты істер туралы идеялар туындайды. Психолог бұл кезде клиентке әлеуметтік тілектестік көмегін көрсетеді, себебі жалпыға танымал ұғымдар тұрғысынан отбасы мен балалары қамынан басқа ешнәрсеге қызықпайтын адам – бос адам. Ал кеңес берушінің көзіне ешкім мұндай болып көрінгісі келмейді. Бірақ психологқа клиенттің қызығушылары айтқан әңгімесін есту жеткіліксіз, ол клиенттіөзінің жеке өміріне қатысын белсенді ұстанымға ауыстырып, оның өз уақытын өзіне маңызды және пайдалы істермен толықтырып, өз өзін ұйымдастырып, өз ісімен айналысатындай етуі керек. Клиенттің мұндайә белсенділігінің кепілі – бірге өмір сүріге қызықты ғана емес, оны қажет ететін әріптесінің болуы. Мұндай әріптесінің пайда болуының 3 нұсқасын көрсетуге болады. Олар отбасы мүшелерінің бірі, ескі достары мен таныстарының бірі, жаңадан танысқан адамдарының бірі болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда клиенттер өз отбасы мүшелерінің, туыстары, балаларымен немерелерін онша бағаламағанын , өз қажеттілігін көрсетуге тырысып, олардың істеріне қол сұға бергенінен отбасындағылар оның өзі қажетті және қызықты адам екені туралы ұмытып та кеткеніні түсінуі керек. Мәдени іс шаралар мен ойын мсауықтар бойынша әріптес ретінде олар көбіне өздерін түсінбейтін, кішкентай болғандықтан ешнәрсеге қызықпайтын адамдар ретінде бағаланып жүрген клиенттің немерелері бола алады. Олар клиент үшін кеңес берушінің көмегінен басқа да рөлде - өмір туралы жаңалық білгісі білгісі келеді, басқа адамдарды түсінуге көмек қажетті және маңызды деп қабылдамайтын , не болмаса қандай да бір себептер бойынша назар аудармайтын, бірақ көмекті қажет ететтн адамдар да болуы мүмкін. Бұл туралы әңгімелесу барысында ол отбасындағы қатынастар жүйесіндегі өз ұстанымына терең үңілуіне көмектеседі.
Қажетсіздігі мен жалғыздық сезімінен жапа шегушілер проблемасының көпшілігі қарым қатынас жасау қиыншылығымен байланысты. Олардың да достары мен жалдастары болғанымен олармен өте сирек кездеседі, бос уақытты өткізудің жеке нұсқасы қалыптаспаған болады. Осындай клиенттердің өмірін шын мәнінде өзгерту үшін, психологтың бұл өзгерістерді мұқият жоспарлауына , таныстарының қайсысына және қалай қарым қатынас жасайтынын, қандай ұстаным керектігін, достарымен кездесу не қоңырау шалу шын мәнінде қуаныш әкелуі мүмкін екендігін, бдос уақытты өткізуге кейбір істерді басшылыққа алуға болатынын ойластыруға тура келеді.
Жалғыздық сезімге бөленген адамға әңгімелесу кезінде оның сөзін мұқият тыңдау, кейбір ойларын мақұлдап қолдау көрсетумен назар аударудың өзі оң ықпал ете бастайды. Оған өмірлік арманы туралы ойлануға көмектесу, өзін белсенді қажетті сезінудің бастамасы болады. өкінішке орай, клиентте жеке идеялар аз немесе олар аморфты болатын кездері, ал достары мен туыстары арасынан әріптес табу қиынға соғатын кездерде бар. Сондықтан да спихологтың жүргізген жұмысы жемісті болу үшін кеңес алушы қашан, қайда қалай бару керектігі, немен айналысуы туралыидеяларын клиенттің мақсат мүддесін есепке ала отырып, соларға сай ұсына білу керек. Кеңес беруші түрлі клубтар, бірлестіктер кештер туралы мәліметтілігі толық болса ол талқылауға қажет материалдар ретінде көптеген ақпараттар ұсына алады. Бұл жерде клиентке ұсынылған нұсқаның қаншалықты оның жасына , өмір тәжірибесіне қызығушылығына т.б, ерекшелігіне сәйкес келетіні емес, оны жаңа идеялар іздеуге , жаңа достар мен таныстар табуға мәжбүрлеу маңызды. Мұндай іздеу мүмкіндігін сезінген адам енді кеңес берушінің көмегінсіз жеке қалауы бойынша бір нәрсе табуға тырысады. Сондада қарым қатынас шеңберін қалай кеңейту , жаңа танымсстықты қалай арттыруға болатыны жөнінде арнайы талқылау жүргізу өте пайдалы.
Өз өмірінде сәтсіздікке көп ұшыраған ата ана қол жеткізе алмаған табыстарға баласы жетсе екен деген тілегі жәнге баласы да сәтсіздікке ұшырайды ма, оның да қолынан келмейтін шығар деген қорқыныш кең тараған проблема. Әдетте ата аналардың мұндай терең күйзелістері баласымен қарым қатынасын қиынедатыпм жібереді.
Кәрі адамның өмірге көзқарасын өзгерту оңай мсміндетемес, оның үстіне мұндай адамдардың өмірі көбіне қиын жағдайларда көптеген сәтсіздіктермен ұштасып өткені белгілі. Оның үстіне мыңдаған адамдар жылдар бойы қызмет етіп, сеніп нанып келген нәрсе өтәірік, жалған жол болғаны кенеттен түсініп, әлеуметтік жағдайлардың юірден күрт өзгерумен байланысты бұл проблема ьағы бір сыртқы себебі пайда болып одан әрі, тереңделді. Мұндай клиенттердщі бәрінен бұрын сабасына түсіріп, жеке кісілік құны бар екеніне сендіріп, олардың өздері өзге адамдарға қажеттілігін түсіндіріп, дәлелдеп түсіндіру керек. Мұндай проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу спсихологтан үлкен шеберлікті қажет етеді. Оларға көмектесу үшін нақты не істеуге болады. Біріншіден, клиенттің өз өһміріне қолынан келгенінің барлығын жасағанын көптеген шынында да маңызды қиындықтардан өткенін осы жолда соншалықты күш жұмсағаны, заяға кетпегенін дәлелдеу. Екіншіден клиенттің өз өимірінде көптеген жетістіктерге ие болғанын жақсылап көрсету. Бұл жерде адам өміріндегі шынайы жетістіктері туралы көп нәрсені атауға болады: Ғылыми дәрежелері, рухани құндылықтары, адамдарға көмектескені, балаларын ер жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырғаны тиуралы, немерелеріне қамқорлығы т.с.с. Үшіншіден өмірде адамның неге қол жеткізгені емес, қалай жеткені маңызды екенін клиентпен талқылау. Бұл мағынада клиенттің шыншылдығы, әділеттілігі, ақ көңілділігі, мейірімділігі, сезімталдылығы, өмірде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан сақталған адамгершілік қасиеттері маңызды құндылық. Екенін көрсеті керек. Психологқа мұндай проблемаларды талдауға арнайы әдебиеттер үлкен көмек көрсетеді.
Ата ананың бала алдындағы кінәсін сезіну. Бұл кең тараған, феномен. Ата анасының кінәлі сезінуі баласының кішкентаай кезіндегі әрекетінен және оныкң басынан өткен оқиғаларымен байланысты болғандықтан бұл бұл жағдайға өмір бойы бөленіп жүру сыйымсыз екенін түсіндіру қажет. Осындай жағдайда кеңес берудің өте қарапайым және тиімді тәсілі – клиенттің осы сезімінің мәнсіз екендігін дәлелдеп беру. Мұны түрлі жолдармен түсіндіруге болады. Мысалы клиентке баяғы заманда өтіп кеткен кінәні жою мақсатында жасайтын әрекеттерінің мағынасыздығын түсіндіру. Өткен оқиғаны талдау барысында ата ананың өзінің баласы алдындағы кінәсә жас кезіндегі отбасы жағдайына байланысты жұмысбасты болып, оларды тәрбиелеуге онша көңіл аудара алмағанын ақтау үшін қазіргі өмірінде қол сұғуы, күнделікті жүріс тұрыстарын, істегендерін қадағалау формасында жүруі мүмкін. Жастиайынан дербестікке үйренген баласы осы қамқорлықты онша түсіне алмайды да, нәтижеде қарым қатынасын түзету орнына бұл кешігіп көрігніс берген гиперқамқорлық баламен қарым қатынасын қиындатады. Клиентпен өткенді әңгімелесу барысында оның күйзелістері, мазасыздануының обьектісі болып, жүрген адамға ата ананың қазіргі әрекеттері оқиғадан шығудың бірден бір жолы. Болмағанын көрсету де пайдалы.
Мұндай өзін өзі кінәлаудың мысалы ретінде жалғызбасты анаға ақша керек болып жұмысқа шығуға тура келгені, сол кезде отбасында кішкентай қызына қарайтын ешкім боллмағандықтан оны өте ерте балалар бақшасына берген клиенттің басынан өткен оқиғасын келтіреміз. Бақшада қызы құлаған, соның әсерінен қызы баспа ауруымен ауырады, нәтижесінде оның бір құлағы мүлдем естімей қалады. Бұл қыз әлдеқашан ер жеткен , ал клиент сол оқиға үшін өзін өзі кінәлайды, қызының күйеуімен тіл табыса алмай жүргендігі оның құлағының ауырлығымен байланысты деп есептейді. Сондықтан қамқорлық көрсеткісі келген ана ерлі зайыптылардың ара қатынасына көңілі толмастан, күйеу баласынан қызын қорғау үшін көптеген әрекеттер жасайды. Енесінің сөздерін көтере алмаған күйеу бала өзінің әйеліне көптеген зәбірлік жасайды. Ата ананың баласы алдындағы кінәсіна күйзелісі жоғарыда айтылған өзін қажетсіз сезіну сезімімен ұштасып, одан әрі үдеп кетеді. Оның үстіне кінәлі сезімнің ушығуына клиенттің жеке өмірінің өз талабына сай келмегендігі ерте жесір қалып, жалғыздық проблемаларын көргендігі одан да күшейіп, қазір қызы өмірінде болып жатқан нақты оқиғаларымен байланыстырылады. Клиент зейнетақыға шыққаннан кейі бос уақыты көбейіп, ол өз кінәсін жою үшін қызына бар уақытын бөлетініне сенеді, бірақ қызын мұндай бастама тек ашуландырып, үрейлендіреді.
Кеңес беру жұсмысының мақсаты – қысқа мерзімдік оқиғаны сараптауболғандықтан біз себептердің төртінші тобы – Жеке проблемалардың үрейлер мен байбаламдар деп аталатын түрлерін талдаймыз. Мұндай жағдаймен жүргізілетін іс шаралар психотерапияда қалыптасқан басқа әдіс тәсілдер көмегімен жүргізіледі және клиенттен арақатынас мол уақытты қажет етеді. Сондықтан кеңес беруші мұндай жағдайда клиенттің басқа мамандарға көрінуі туралы кеңес беруі керек.

26-практикалық сабақ.

Психологиялық кеңес берудің қорытынды фазалары.
(1 сағат).

Жоспары:

1. Қайта оқыту дәрежесі.
2. Психологиялық кеңес берудегі әңгімелесу процесін аяқтау.
3. Психолог-кеңесшінің қорытынды фазадағы атқаратын рөлі.
4. Психологиялық кеңес берудің ұзақтығы.
5. Қорытынды нәтижесі

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
1. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
2. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.

Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

Лекцияның мәтіні:

Ақылды адам өз нәпсісін тияр болар әуелі
Тікенектен ажыратып алу үшін мәуені.
Муслихитдин Сағди.
Аз нәрсеге жоқтықта қанағат бола біңлгенің-
Өз еркіңе ие боп,патша боп өмір сүргенің.
РевандиХорезми.
____________________________________________________________________________
Кеңес беру саласында бағдарлану мен оның перспективаларын анықтау үшін қазіргі кеңес беруге дейінгі кейбір әдістерді және кітаптың кейінгі тарауларында түбегейлі сипатталатын жаңа тұжырымдамаларының қатарын қамтитын қысқаша очерк ұсыну дұрыс сияқты. Ескірген әдістерді кейінгі терапевтік техникалардың негізі ретінде қарастыра отырып, біз қазіргі көзқарастарды тереңірек түсінеміз және оларды әрі қарай жетілдіруге себеп болатын конструктивті сынауға мүмкіндік аламыз.Сондықтан. да осы тарауда оның жеке прцестерін егжей-тегжейлі қарастырмастан бұрын, кеңес берудің өткен мен бүгінін жоғарыдан бір шолып өтейік.
Бұл қысқаша шолуда біз түрлі интеллектілі мектептердің теориялықғыларын талдауды мақсат етеміз. Бұл жерде, психотерапевтік ойлауды дамытуға да, жеделдетуге әсерін тигізген әр түрлі “изм-дердің” тарихын қстыруға тырыспаймыз. Тарихқа тереңдеу дегеніміз оқырманды әйтеуір бір лагерьге қосуды білдірсе, ол практикада қолданылатын әдістер мен техникаларды терең талдаудан алыстатар еді. Бізді қызықтыратыны да осы практикада қолданылуы.
Психотерапия термині жаңадан пайда болса да, бұл өзі жаңа ұғым емес. Жүздеген жылдар бойы адамндар бейімделмеген адамның мінез-құлқы мен бағдарын неғұрлым оң бағытқа өзгерту үшін көзбе-көз қарым-қатынас жасау жағдаяттарын түрліше пайдаланды.Сондықн да неғұрлым жемісті бейімделуге көмектесетін тікелей контактінің, нақты жағдаяттарды қолданудың түрлі тәсеілдерүін талдауға мүмкіндігіміз бар.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізі немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс рөл птқарады деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымы басқаша болады: оладың көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады. Сонымен, кеңес беруші- психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. “Біз күйеміз екеуміз себепсіз ұрысып қаламыз”, немесе, “Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады”. Психотерапвтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: “Мен өзімді өзім ұстай алмаймын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын”, немесе, “Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты боладыда тұрады, оны ешқандай себепсіз қызғанамын”. Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалады. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы- белгілі дәрежеде ерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін- өзі өте терең және жан-жақты, барлық қыр-сырынан түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шғымдар локусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға дайындығы- онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды. Клиентке көмек беру үшін кеңес беруші оған өзінің проблемаларын толық түсініп, өмірлік күрделіліктерге басқаша қарау, бұл проблемалардың неден орын алғанын көрсете білу және әдетте байқалмайтын қиындық көзі болатын тараптардың өзара қатынастарын талқылау арқылы жүргізіледі. Ықпал жасаудың мұндай формасының негізі, бәрінен бұрын, клиенттің көзқарасын қалыптастыру және оның негативтік қатынасын өзгерту болып табылады. Кеңес беру әңгімесі барысында клиент оқиғаға кеңірек және тереңірек қарау арқылы ондағы өзінің рөлін бағалауға, осы жаңа көзқарасына сәйкес өткен оқиғаға өз қатынасы мен мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік алады.
Психотерапевтік ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда психологиялық ықпал жасау жұмысының бастапқы, шағымды талдау кезкңдерінде-ақ тереңдеп, қайта қалыптастыру процесінде үлкен рөл атқарады. Маманмен әңгімелесу барысында клиенттің қазіргі кездегі өзінің басқалармен арақатынасының өзекті оқиғалары ғана емес, өткен мәселелер де (балалық, жеткіншектік, қыз-бозбалалық шақ оқиғалары) талданады. Адамның психологиялық өмірінің, түс пен өңнің ассоциациясы секілді байланысы бар ерекшк формалары психотерапияда жиі-жиі пайдщаланылады. Психотерапияның ерекше бейнесі-көмек сұраған адам мен кәсіби маман арасындағы қатынас көптеген өзіне тән ерекшкліктермен сипатталады: тасымал және контртасымал терминдерімен белгіленетін қатынас, сараптау үлкен орын алады. Кеңес беру барысында сұрақтарға клиенттің берген жауаптары мүлдем талқыланбайтын кездері психотерапиялық ықпал мүмкіндіктерін тереңдету мен кеңейту негізгі құралдарын ың бірі болып табылады. Р.Урсано, С.Зонненбери, С.Лазар т.б. психотерапевтердің айтуы бойынша мұндай тәсіл жүйекнің терең қабаттарын сраптау арқылы клиенттің патогенді күйзелістері мен ерекше мінез-құлық себептерін терең түсінуге алып келеді және жеке тұлғанының қиналып жүрген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпал жасаудың бұл түрлерінің ұзақтығы да әр түрі болады. Психологиялық кеңс беру көбіне қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі.Алпсихотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары- клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші- психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы, т.б. көрсеткіштері әр түрлі адамдарды кездестіруге болады. Оладың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлекциясының даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкінді бар, өте қабілетті, бірақ ол қабілітін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметін пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер, т.с.с. кездеседі.
Мамандардың психотерапиялық ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте үлкен және олар теориялық психологиялық дайындықпен қатар белгілі медициналық білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибені супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психотерапиямен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада қызмет тақаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевттердің арасында арнайы дайыдықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес, пациент деп аталатынын байқаймыз. Сондықтан бұл саладағы маманның толыққанды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес. Соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығаяды.
Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы- кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда көмек көрнсетілуі керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегі алдына қойған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді (мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып, оның сүйіспеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс- психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің рөлі туралы ойлайтынын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткілісіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болуы. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенінде түсіне бастайды. Бірақ клиент өзіне психолог.иялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстығының мағынасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдлану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қарған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.
Клиенттердің келу себептеріне байланысты кеңес беру жұмысының стратегиялары әр түрлі болады.
Клиент өз өмірін мағынасыз, бостан босқа өтіп жатыр деп түсінетін жағдайда кеңес беру жұмысының міндеті - оның өмірін мағыналы істермен толық тыруға, оған қызықты және қолайлы жұмыс табуға көмектесу. Осы мақсатта клиенттің оның қандай салада жұмыс істегенін, нені ұнататындығы, қандай қызығушылықтарының болғандығы, немен айналысқысы келетіндігі туралы әңгіме көтеріп, көптеген сұрақтар қоюға болады. Мұндай әңгіме барысында орын алған жан жақты сұрақтар көмегімен клиентті қызықтыратын және оған айналысуға болатын көптеген қызықты істер туралы идеялар туындайды. Психолог бұл кезде клиентке әлеуметтік тілектестік көмегін көрсетеді, себебі жалпыға танымал ұғымдар тұрғысынан отбасы мен балалары қамынан басқа ешнәрсеге қызықпайтын адам – бос адам. Ал кеңес берушінің көзіне ешкім мұндай болып көрінгісі келмейді. Бірақ психологқа клиенттің қызығушылары айтқан әңгімесін есту жеткіліксіз, ол клиенттіөзінің жеке өміріне қатысын белсенді ұстанымға ауыстырып, оның өз уақытын өзіне маңызды және пайдалы істермен толықтырып, өз өзін ұйымдастырып, өз ісімен айналысатындай етуі керек. Клиенттің мұндайә белсенділігінің кепілі – бірге өмір сүріге қызықты ғана емес, оны қажет ететін әріптесінің болуы. Мұндай әріптесінің пайда болуының 3 нұсқасын көрсетуге болады. Олар отбасы мүшелерінің бірі, ескі достары мен таныстарының бірі, жаңадан танысқан адамдарының бірі болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда клиенттер өз отбасы мүшелерінің, туыстары, балаларымен немерелерін онша бағаламағанын , өз қажеттілігін көрсетуге тырысып, олардың істеріне қол сұға бергенінен отбасындағылар оның өзі қажетті және қызықты адам екені туралы ұмытып та кеткеніні түсінуі керек. Мәдени іс шаралар мен ойын мсауықтар бойынша әріптес ретінде олар көбіне өздерін түсінбейтін, кішкентай болғандықтан ешнәрсеге қызықпайтын адамдар ретінде бағаланып жүрген клиенттің немерелері бола алады. Олар клиент үшін кеңес берушінің көмегінен басқа да рөлде - өмір туралы жаңалық білгісі білгісі келеді, басқа адамдарды түсінуге көмек қажетті және маңызды деп қабылдамайтын , не болмаса қандай да бір себептер бойынша назар аудармайтын, бірақ көмекті қажет ететтн адамдар да болуы мүмкін. Бұл туралы әңгімелесу барысында ол отбасындағы қатынастар жүйесіндегі өз ұстанымына терең үңілуіне көмектеседі.
Қажетсіздігі мен жалғыздық сезімінен жапа шегушілер проблемасының көпшілігі қарым қатынас жасау қиыншылығымен байланысты. Олардың да достары мен жалдастары болғанымен олармен өте сирек кездеседі, бос уақытты өткізудің жеке нұсқасы қалыптаспаған болады. Осындай клиенттердің өмірін шын мәнінде өзгерту үшін, психологтың бұл өзгерістерді мұқият жоспарлауына , таныстарының қайсысына және қалай қарым қатынас жасайтынын, қандай ұстаным керектігін, достарымен кездесу не қоңырау шалу шын мәнінде қуаныш әкелуі мүмкін екендігін, бдос уақытты өткізуге кейбір істерді басшылыққа алуға болатынын ойластыруға тура келеді.
Жалғыздық сезімге бөленген адамға әңгімелесу кезінде оның сөзін мұқият тыңдау, кейбір ойларын мақұлдап қолдау көрсетумен назар аударудың өзі оң ықпал ете бастайды. Оған өмірлік арманы туралы ойлануға көмектесу, өзін белсенді қажетті сезінудің бастамасы болады. өкінішке орай, клиентте жеке идеялар аз немесе олар аморфты болатын кездері, ал достары мен туыстары арасынан әріптес табу қиынға соғатын кездерде бар. Сондықтан да спихологтың жүргізген жұмысы жемісті болу үшін кеңес алушы қашан, қайда қалай бару керектігі, немен айналысуы туралыидеяларын клиенттің мақсат мүддесін есепке ала отырып, соларға сай ұсына білу керек. Кеңес беруші түрлі клубтар, бірлестіктер кештер туралы мәліметтілігі толық болса ол талқылауға қажет материалдар ретінде көптеген ақпараттар ұсына алады. Бұл жерде клиентке ұсынылған нұсқаның қаншалықты оның жасына , өмір тәжірибесіне қызығушылығына т.б, ерекшелігіне сәйкес келетіні емес, оны жаңа идеялар іздеуге , жаңа достар мен таныстар табуға мәжбүрлеу маңызды. Мұндай іздеу мүмкіндігін сезінген адам енді кеңес берушінің көмегінсіз жеке қалауы бойынша бір нәрсе табуға тырысады. Сондада қарым қатынас шеңберін қалай кеңейту , жаңа танымсстықты қалай арттыруға болатыны жөнінде арнайы талқылау жүргізу өте пайдалы.
Өз өмірінде сәтсіздікке көп ұшыраған ата ана қол жеткізе алмаған табыстарға баласы жетсе екен деген тілегі жәнге баласы да сәтсіздікке ұшырайды ма, оның да қолынан келмейтін шығар деген қорқыныш кең тараған проблема. Әдетте ата аналардың мұндай терең күйзелістері баласымен қарым қатынасын қиынедатыпм жібереді.
Кәрі адамның өмірге көзқарасын өзгерту оңай мсміндетемес, оның үстіне мұндай адамдардың өмірі көбіне қиын жағдайларда көптеген сәтсіздіктермен ұштасып өткені белгілі. Оның үстіне мыңдаған адамдар жылдар бойы қызмет етіп, сеніп нанып келген нәрсе өтәірік, жалған жол болғаны кенеттен түсініп, әлеуметтік жағдайлардың юірден күрт өзгерумен байланысты бұл проблема ьағы бір сыртқы себебі пайда болып одан әрі, тереңделді. Мұндай клиенттердщі бәрінен бұрын сабасына түсіріп, жеке кісілік құны бар екеніне сендіріп, олардың өздері өзге адамдарға қажеттілігін түсіндіріп, дәлелдеп түсіндіру керек. Мұндай проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу спсихологтан үлкен шеберлікті қажет етеді. Оларға көмектесу үшін нақты не істеуге болады. Біріншіден, клиенттің өз өһміріне қолынан келгенінің барлығын жасағанын көптеген шынында да маңызды қиындықтардан өткенін осы жолда соншалықты күш жұмсағаны, заяға кетпегенін дәлелдеу. Екіншіден клиенттің өз өимірінде көптеген жетістіктерге ие болғанын жақсылап көрсету. Бұл жерде адам өміріндегі шынайы жетістіктері туралы көп нәрсені атауға болады: Ғылыми дәрежелері, рухани құндылықтары, адамдарға көмектескені, балаларын ер жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырғаны тиуралы, немерелеріне қамқорлығы т.с.с. Үшіншіден өмірде адамның неге қол жеткізгені емес, қалай жеткені маңызды екенін клиентпен талқылау. Бұл мағынада клиенттің шыншылдығы, әділеттілігі, ақ көңілділігі, мейірімділігі, сезімталдылығы, өмірде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан сақталған адамгершілік қасиеттері маңызды құндылық. Екенін көрсеті керек. Психологқа мұндай проблемаларды талдауға арнайы әдебиеттер үлкен көмек көрсетеді.
Ата ананың бала алдындағы кінәсін сезіну. Бұл кең тараған, феномен. Ата анасының кінәлі сезінуі баласының кішкентаай кезіндегі әрекетінен және оныкң басынан өткен оқиғаларымен байланысты болғандықтан бұл бұл жағдайға өмір бойы бөленіп жүру сыйымсыз екенін түсіндіру қажет. Осындай жағдайда кеңес берудің өте қарапайым және тиімді тәсілі – клиенттің осы сезімінің мәнсіз екендігін дәлелдеп беру. Мұны түрлі жолдармен түсіндіруге болады. Мысалы клиентке баяғы заманда өтіп кеткен кінәні жою мақсатында жасайтын әрекеттерінің мағынасыздығын түсіндіру. Өткен оқиғаны талдау барысында ата ананың өзінің баласы алдындағы кінәсә жас кезіндегі отбасы жағдайына байланысты жұмысбасты болып, оларды тәрбиелеуге онша көңіл аудара алмағанын ақтау үшін қазіргі өмірінде қол сұғуы, күнделікті жүріс тұрыстарын, істегендерін қадағалау формасында жүруі мүмкін. Жастиайынан дербестікке үйренген баласы осы қамқорлықты онша түсіне алмайды да, нәтижеде қарым қатынасын түзету орнына бұл кешігіп көрігніс берген гиперқамқорлық баламен қарым қатынасын қиындатады. Клиентпен өткенді әңгімелесу барысында оның күйзелістері, мазасыздануының обьектісі болып, жүрген адамға ата ананың қазіргі әрекеттері оқиғадан шығудың бірден бір жолы. Болмағанын көрсету де пайдалы.
Мұндай өзін өзі кінәлаудың мысалы ретінде жалғызбасты анаға ақша керек болып жұмысқа шығуға тура келгені, сол кезде отбасында кішкентай қызына қарайтын ешкім боллмағандықтан оны өте ерте балалар бақшасына берген клиенттің басынан өткен оқиғасын келтіреміз. Бақшада қызы құлаған, соның әсерінен қызы баспа ауруымен ауырады, нәтижесінде оның бір құлағы мүлдем естімей қалады. Бұл қыз әлдеқашан ер жеткен , ал клиент сол оқиға үшін өзін өзі кінәлайды, қызының күйеуімен тіл табыса алмай жүргендігі оның құлағының ауырлығымен байланысты деп есептейді. Сондықтан қамқорлық көрсеткісі келген ана ерлі зайыптылардың ара қатынасына көңілі толмастан, күйеу баласынан қызын қорғау үшін көптеген әрекеттер жасайды. Енесінің сөздерін көтере алмаған күйеу бала өзінің әйеліне көптеген зәбірлік жасайды. Ата ананың баласы алдындағы кінәсіна күйзелісі жоғарыда айтылған өзін қажетсіз сезіну сезімімен ұштасып, одан әрі үдеп кетеді. Оның үстіне кінәлі сезімнің ушығуына клиенттің жеке өмірінің өз талабына сай келмегендігі ерте жесір қалып, жалғыздық проблемаларын көргендігі одан да күшейіп, қазір қызы өмірінде болып жатқан нақты оқиғаларымен байланыстырылады. Клиент зейнетақыға шыққаннан кейі бос уақыты көбейіп, ол өз кінәсін жою үшін қызына бар уақытын бөлетініне сенеді, бірақ қызын мұндай бастама тек ашуландырып, үрейлендіреді.
Кеңес беру жұсмысының мақсаты – қысқа мерзімдік оқиғаны сараптауболғандықтан біз себептердің төртінші тобы – Жеке проблемалардың үрейлер мен байбаламдар деп аталатын түрлерін талдаймыз. Мұндай жағдаймен жүргізілетін іс шаралар психотерапияда қалыптасқан басқа әдіс тәсілдер көмегімен жүргізіледі және клиенттен арақатынас мол уақытты қажет етеді. Сондықтан кеңес беруші мұндай жағдайда клиенттің басқа мамандарға көрінуі туралы кеңес беруі керек.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Сырдария университеті

Гуманитарлық білім факулътеті

Педагогика және психология кафедрасы

Психологиялық кеңес негіздері пәні бойынша

050103 Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін

Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары
ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ
(СӨЖ)

Жетісай – 2007 ж.

11. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі

Тақырыбы мен мазмұны
Сағат
саны
Бақылау түрі
Әдебиеттер тізімі
Орындалу
мерзімі
1.
Адамның қысқа мерзімдік ес деңгейін анықтау.
1. Мұғалімнің педагогикалық іс- әрекеті.
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет
1 апта
(3-80907)
2.
Вербальдық қабілеттердің даму деңгейін анықтау.
1. Мұғалімнің ашушаңдығын бағалау.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет

3.
Адамның жоғарғы жүйке қызметінің типін анықтау.Я.Стреляю тестісі.
1. Темперамент әдістемесі.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет
2 апта
(10-150907)
)

4.
Адамның мазасыздану деңгейін анықтау.ДЖ..Тейлордың сұрақнамасы.
1. Сіздің шығармашылық потенциалыңыз.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет

5.
Жалпы қабілеттерді анықтау.Айзенк тестісі.
1. Әңгімелесушімен қарым -қатынасыңыз.
2
Реферат
№3
34-38 бет
3 апта
(17-220907

6.
Тілдік әбігерлену деңгейін анықтау.И.Р.Имедадзе тест сұрақнамасы.
1. Сөйлеу қабілетіңіз қалай?.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет

7.
Холландтың Мамандықты таңдау сұрақнамасы.
1. Мұғалімнің педагогикалық бағытын экспресс диагностикалау әдістемесі. (МЭДПНАУ).
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет
4 апта
(24-290907)
8.
Адамның үстем бағыттылығын анықтау.В.Смекал, И.Кучера сұрақнамасы.
1. Қобалжу деңгейін анықтау сауалнамасы.Ч.Д.Спилбергер.(орыс тілінде бейімдеген Ю.Л.Ханин.)
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет

9.
Темперамент типі және адамның мінездік ерекшеліктерін анықтау. Г.Айзенк сұрақнама тестісі.
1. Психогеометриялық әдістеме.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет
5 апта
(1-61007)
10.
Дифференциональды диагностикалық сұрақнама. (ДДО)
1. Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез- құлқына баға беру тесті.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет

11.
Көп факторлы тұлғаны зерттеу әдісі.Р.Кэттел.
1. Мюнстберг тесті.Сандар таблицасы.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет
6 апта
(8-131007)
12.
Адам - Үй - Ағаш тестісі.
1. Эгоцентризмді анықтауға арналған әдістеме.
2
Реферат
№3
34-38 бет

13.
Томас сұрақнамасы. Т.Лири әдісі.
1. Әкімшіліктегі басқаруды зерттеу әдістемесі.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет
7 апта
(15-201007)
)

14.
Д.Векслер шкаласы. Түрлі түсті Люшер тестісі.
1. Баламен тілдесу ережелері.
(Ю.Б.Гиппенрейтер бойынша). Жанұя картасы.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет

15.
Миннесотты көп факторлы тұлғалық сұрақнамасы.
1. Психологиялық қызмет іс -әрекетінің үлгі жоспары.
Коррекциялық топтың жұмысының үлгі бағдарламасы.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет
8 апта
(22-271007
16
Ақыл - ой дамуын диагностикалау.
Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі.
1. М.Рокичтың құндылықты анықтау әдістемесі.
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет

17
Жеке адамның даму ерекшеліктерін анықтау.
1. Психологиялық көмектің мақсаттары.
Қазіргі мұғалім нені оқып білуі керек?.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет
9 апта
(29-31107)
18
Тұлғаның кәсіби бағыттылығын анықтау.
1. Практикалық психологтың көзқарасы, тұжырымдамасы(концепциясы).
2. Адам қалай өзіне сенімді бола алады?.
3. Психологтың кеңесі.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет

19
Таным процестерін диагностикалау.
1. Конфеденциальдылық (клиент тарапынан түскен құпияны сақтай алу қабілеті).
2. Педагогтың қарым -қатынас моделі.(үлгісі)
2
Глоссарий
№3
33-38 бет
10 апта
(5-101107)

20
Тұлғалық қарым-қатынасты диагностикалау.
1. Практикалық психологтың іс- әрекетіндегі шектеулер.
2. Мұғалімнің коммуникативтік қызметінің тестілік картасы.
2
Реферат
№3
34-38 бет

21
Суреттеу тестісі.
1. Практикалық психологтың жұмысындағы тұлғааралық әсері.
2. Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс қабілетін анықтау тестісі.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет
11 апта
(12-171107)
22
Балалардың мектепке психологиялық даярлығын диагностикалау әдістері.
1. Практикалық психологтың жұмысындағы адамның жетістігі.
2. Мұғалімнің шыдамдылығы тесті.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет

23
Психикалық бұзылыстары бар адамдарды диагностикалау.
1. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері. Жұмыстың негізгі бағыттары.
2. Коммуникациялық ұйымдастырушылық қабілеті.(КОС).
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет

12 апта
(19-241107)
24
Психотүзету жұмыстарын құру жолдары.
1. Психолог құжаттары.
2. Кәсіптік психограмма.
3. Мұғалімнің әдептілігітесті.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет

25
Креативті ойлауды диагностикалау.
1. Білім беру мекемелеріндегі психологтың жұмыс жоспарына қойылатын талаптар.
2. Мұғалімнің конфликтогенділігінетест.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет
13 апта
(26-11207)

26
Жалпы және арнайы қабілеттерді анықтау.
1. Мектеп психологының оқу жылына арналған жұмыс жоспарының үлгісі және іс- әрекеттік жұмыс жоспары, күндік жұмыс жоспары.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет

27
2. Оқушылардың біліктілік деңгейін анықтауға арналған тест.
Педагогикалық ұжымды зерттеудегі диагностиканың маңызы.
1. Басса - Даркидің эмоциялық тесті.
2
Реферат
№3
34-38 бет

14 апта
(3-81207)
28
Мектепке дейінгі балалардың мектепке дайындығы туралы мәліметтерді анықтауға арналған әдістемелер.
1. Педагогикалық психологиялық консилиум өткізудің үлгі жоспары.
2. Ата – аналарға арналған сауалнама.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет

29
Орта жастағы балаларға арналған тест.
1. Сабақты талдаудың психологиялық педагогикалық бірыңғай жүйесі.
2. Ата аналарға арналған тест.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет
15 апта
(10-151207)
30
Жоғарғы сынып оқушыларының ақыл- ой дамуын анықтауға арналған тест.
1. Психологиялық көмек көрсетуге мұғалімдердің қажеттілігін зерттеу.
2. Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет

Барлығы
60

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:
1. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
1. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
2. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
3. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
4. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
7. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
8. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.

Қосымша:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.
6. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
7. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
8. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
9. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
10. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.
11. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1989.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Сырдария университеті

Гуманитарлық білім факулътеті

Педагогика және психология кафедрасы

Психологиялық кеңес негіздері пәні бойынша

050103 Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін

ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

(ОБСӨЖ)

Жетісай – 2007 ж.

12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі

Тақырыбы мен мазмұны
Сағат
саны
Бақылау түрі
Әдебиеттер тізімі
Орындалу
мерзімі
1.
Психологиялық қызметтегі кеңес берудің рөлі.
1. Психолог-кеңесшінің кәсіби бағдары
2. Кеңес беру әдістерін қолдану.
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет
1 апта
(3-80907)
2.
Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті.
5. Психодиагностикалық құрылым.
6. Бағыт беру.
7. Қайта құру.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет

3.
Коррекциялық топтар түрлері.
1. Қарым-қатынас мәдениетін үйрету тобы.
2. Эгоцентризмді бұзу тобы.
3. Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет
2 апта
(10-150907)
)

4.
Коррекциялық топқа қатысушылар ережелері.
21. Топтық коррекцияны жүргізу техникалары.
22. Кезесу топтары.
23. Топ мүшелеріне қойылатын ережелер.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет

5.
Психодиагностикалық кезеңде тест әдістерін пайдалану. Жеке тұлғаның дара-типтік ерекше белгілерін анықтауға арналған сауалнама. (Л.Н.Собчик бойынша).
1. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейін анықтау жолдары.
2. Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау жолдарын анықтау.
2
Реферат
№3
34-38 бет
3 апта
(17-220907

6.
Лонгитюдтік талдау.
1. Темперамент типтеріне сипаттама.
2. Темпераменттік ерекшеліктерді анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет

7.
Контент талдау.
1. Психологиялық талдау ерекшеліктері.
2. Филлипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет
4 апта
(24-290907)
8.
“М” және “Д” әдістемесі (мазасыздану және агрессия).
1. Жеке тұлға қалыптасуына кедергі жасайтын жағымсыз эмоциялар.
2. Жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және депрессиы жағдайларының орын алуын анықтау.
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет

9.
Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы.
1. Мазасыздық және депрессия жағдайының өзіндік ерекшеліктері.
2. Д.Голбде ұсынған психодиагностикалық әдістеменің тиімділігі мен ерекшеліктері.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет
5 апта
(1-61007)
10.
Қақтығыс жағдайынан шығып кете аласыз ба? (К.Томас сауалнамасы).
1. Мінез-құлық ерекшеліктерін, дау-дамайдағы қақтығысқа жақындығын анықтау.
2. Әдістеменің өзіндік тиімділігі.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет

11.
Т.Лиридің түлғааралық қатынасты диагностикалау әдістемесі.
1. Тұлғааралық қарым-қатынастағы “жеке тұлға” проблемасы.
2. Жеке тұлғаның идеалды “Менін”, өзінің қабылдауын, өзіне деген көзқарасын зерттейді.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет
6 апта
(8-131007)
12.
“Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?” тесті.
1. Қарым-қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.
2
Реферат
№3
34-38 бет

13.
“Сіз және сіздің айналаңыздағылар” сауалнама-тесті.
1. Жеке тұлғаны қарым-қатынас ерекшеліктері мен қыр-сырларын меңгеруі.
2. Жеке түлғаны өзгелермен тіл табыса алу қабілетін анықтау.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет
7 апта
(15-201007)
)

14.
Басшы болуға икемділікті бағалау тесті.
1. Жеке тұлғаның бойындағы басшылыққа қабілетін анықтау.
2. Басшы-көшбасшы бойынджағы жағымды қасиеттерді қалыптастыра білу.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет

15.
Топтағы ұйымшылдықты психологиялық талдау әдістері. Сынып ұжымын зерттеу бағдарламасы.
1. Сынып оқушыларының бойында ұйымшылдық қасиетін қалыптастыру.
2. Сынып оқушысының қалыптасу және даму деңгейіне әсер етуші факторлар.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет
8 апта
(22-271007
16
“Отбасылық қарым-қатынастың аймағы” тесті (Э.Т.Эйдемиллер тесті).
1. Балалардың ата-аналармен өзара қарым-қатынасын зерттеу.
2. Ата-аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудегі кемшіліктерін диагностикалау.
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет

17
Семантикалық дифференциал әдісі.
1. Топтағы адамдардың бір-бірін эмоционалдық бағалауын талдау.
2. Жеке тұлғаның эмоционалдық қабылдау ерекшеліктері, басқаға эмоционалдық қатынас екрекшелігі.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет
9 апта
(29-31107)
18
Социометрия әдісі.
1. Ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.
2. Социограмма және Матрица бөлімдері.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет

19
Қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде және коррекциялауда трансактілік талдау әдістемесінің орны.
3. Психологиялық қызмет көрсету саласындағы трансактілік жүйенің ерекшелігі.
4. Жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін сақтау ережелері мен дәстүрін анықтау.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет
10 апта
(5-101107)

20
Коррекциялық ойындар. Мектеп алды тобындағыларға арналған коррекциялық ойындар.
1. “Жел кімге қарай соғады”, “Құпия”, “Ертегі ойлап табайық” тренингтік-ойындар.
2. “Көңіл-күй неге ұқсаған”, “Сандар құрамыз”, “Жауап құрамыз”, “Көктемде елге оралған құстар” тренингтік-ойындар.
2
Реферат
№3
34-38 бет

21
Бастауыш сынып оқушыларына арналған коррекциялық ойындар.
1. “Ақ бидай” ертегісі тақырыбындағы коррекциялық сабақ.
2. “Адамгершілік – асыл мұра” тақырыбындағы коррекциялық сабақ.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет
11 апта
(12-171107)
22
“Ертегілер елінде” психокоррекциялық ойыны.
1. Бастауыш сынып оқушыларымен дұрыс-қайтымды байланыс түзу.
2. Зерттеу-қорытынды нәтижелерін талдау.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет

23
Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау.
1. Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін коррекциялаудағы негізгі тренингтік-жаттығулар. “Амандасу”, “Тұсаукесер” , “Танысыңыз, шетелдік” ойындары.
2. “Елсіз арал”, “Көзқиық”, “Құрметті қонақ”, “Таңдау”, “Мүсін өнерінің аукционы” тренингтік-ойындары.
2
Дөңгелек стол
№1 8-18 бет
№2 12-16 бет

12 апта
(19-241107)
24
Жеткіншектердің өзін-өзі тануы. “Өзіңді таны” тесті.
Тест-әдістеменің мақсаты мен міндеттері.
Тест-әдістеменің зерттеу- қорытынды нәтижелері.
2
Жазбаша бақылау
№2
22-28 бет

25
“Іскерлік қарым-қатынас орната аласыз ба?” әдістемесі.
Тес-әдістеменің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу-қорытынды нәтижелері.
2
Пікір сайыс
№2
22-28 бет
13 апта
(26-11207)

26
Жеке-тұлғаның өзіндік мінез-құлық ерекшеліктерін реттеу жолдары.
“Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беруі” тесті.
“Тұлғаның өзін-өзі бағалауы” тесті.
“Қарым-қатынас қажеттілігі” тесті.
2
Глоссарий
№3
33-38 бет

27
Жеткіншек жасындағылардың эмоционалды-ерікті өрісін дамыту жаттығулары.
2. “Сезімді тап” жаттығуы.
3. “Менің қорқынышымды түсін” жаттығуы.
4. “Алманы жұлып ал” ойыны.
2
Реферат
№3
34-38 бет

14 апта
(3-81207)
28
Жеткіншек жасындағылардың тұлааралық қатынасын дамытуға арналған жаттығулар.
2. “Сен маған ұнайсың” жаттығуы.
3. “Жақсы дос” жаттығуы.
4. “Достың өмірбаяны” жаттығуы.
2
Тестілік саулна-малар
№9 39-47 бет
№10 22-29 бет

29
Жасөспірімдік кезеңде жүргізілетін психокоррекциялық жаттығулар.
3. “Мен қандаймын” жаттығуы.
4. “Ешқандай сөзсіз сана-сезім туралы айту” жаттығуы.
5. “Өзін-өзі тану” тренингтік ойыны.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет
15 апта
(10-151207)
30
Психогеометриялық әдістеме.
1. Жеке тұлғалық қасиеттерді диагностикалау жолдары.
2. Жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау негіздері.
2
Коллоквиум
№10 16-24 бет
№11 14-20 бет

Барлығы
60

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Сырдария университеті

Гуманитарлық білім факулътеті

Педагогика және психология кафедрасы

Психологиялық кеңес негіздері пәні бойынша

050103 Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін

Студенттердің білімін бақылау түрлері:

а) Тестілік сауалнамалар
б) Жазбаша бақылау
в) Коллоквиумдар
г) Сөзжұмбақтар
д) Глоссарий
е) Эссе

Жетісай – 2007 ж.

Студенттердің білімін бақылауға арналған сұрақтар:

1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
2. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының байланыстылығы.
3. Психологиялық кеңес берудің қағидалары.
4. Қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу.
5. Кеңес беруге тыйым салу.
6. Кеңес берудің анонимділігі.
7. Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.
8. Клиентті кеңес беру процесіне кірістіру.
9. Психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікиі өз мойнына алдыру.
10. Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
11. Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
12. Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері.
13. Тиімді отбасылық кеңес беру шарттары.
14. Тиімсіз кеңес беру көрсеткіштері.
15. Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.
16. Бастауыш сынып оқушыларының дамуында кездесетін ауытқулар.
17. Темпераменттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі.
18. Ата-аналарға жеткіншек жасындағы балаларымен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.
19. Жасөспірімдерге тән мінез-құлық ауытқулары.
20. Психокоррекция туралы түсінік.
21. Топтық коррекция туралы түсінік.
22. Топтық коррекция ойындарын жұргізу тәсілдері.
23. Псикоррекцияны жүргізу бағыттары.
24. Т-топтары және оны жүргізу ерекшеліктері.
25. Кездесу топтары және оны жүргізу техникалары.
26. Гештальттерапия техникасы.
27. Психодрама және оны пайдалану ерекшеліктері.
28. Би терапиясы.
29. Өнер терапиясы.
30. Арттерапия.
31. Нейролингвистикалық бағдарламалау.
32. Психодиагностикалық әдістемелер және олардың зерттеу әдістемелерден айырмашылығы ?
33. Бланктық әдістемелерді сипаттап берінің ?
33. Сұраулы әдістемелер және психодиагностикадағы оның орны ?
34. Суретті психодиагностикалық әдістемелер және олардың орны ?
35. Тест түрлері және оны қолдану салалары ?
36. Тест жүргізу үшін қойылатын талаптар ?
37. Тест нормаларының ұғымы және орнату әдісі ?
38. Әдістеменің валидтығы дегеніміз не және ол қалай анықталады ?
39. Әдістеменің сенімділігі дегеніміз не?
40. Психодиагностикалық әдістеменің нақтылығы мен бірігейлік дегеніміз не ?
41. Тест процедурасын өткізуге қойылатын талаптар.
42. Тест нормасының анықтамасы мен анықтау әдістері.
43. Тест жүргізу ережелері.
44. Адамның бірінші, екінші қабілеттіліктері дегеніміз не ?
45. Адамның қабілеттілігінің толық дамуына не қажет ?
46. Жады, бейнелеу, ойлау, сөйлеуі үшін қандай шарттарды орындау керек ?
47. Зейінді дамыту үшін қандай арнайы жаттығуларды орындау керек ?
48. Бейнелеудің дамуы үшін қандай жаттығуларды орындау керек ?
49. Жадыны дамыту үшін не істеу керек ?
50. Интеллекттің анықтамасын беріңіз.
51. Интеллектуалдық коэффициент дегеніміз не ?
52. Эмоциялық интеллекттің базалық (негізгі) қасиеттерін бөліп көрсетіңіз.
53. Стресс ұғымына түсініктеме беріңіз, стрессті басқару дегеніміз не?
54. Көңіл-күй ұғымына түсініктеме беріңіз, эмоцияларды басқару дегеніміз не ?
55. Жастық шақтағы тұлғаның қалыптасуының заңдылықтарын көрсетіңіз.
56. Балалардың өзін-өзі бағалауының ерекшелігі.
57. Ұсынылған әдістеме өзін-өзі бағалаудың қандай факторларын анықтайды ?
58. Ұсынылған әдістеменің ригидтық қандай ерекшеліктері диагностиканы жасайды ?
59. Балалардың іс-қимылында ригидтық қалай көрінеді?
60. Баланың жоғары ригидтығы бар мотивациялық сфераны сипаттап беріңіз.
61. Баланың үлкендермен әрекет жасау мотивтерін атап беріңіз.
Баланың үлкендермен әрекет жасау мотивтерінің ерекшеліктерінің мағынасын көрсетіңіз.(баланың әлеуметтік дамуының ситуациясын талдау үшін).
62. Оқушының мотивациялық сферасында бала мен үлкендердің әрекет жасау мотиві қандай орын алады?
63. Қандай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін Мини-мульт сұраулығы керек?
64. Қандай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін аяқталмаған сөйлемдер тесті қолданылады.
65. Тағы қандай әдістемелер бар ?
66. Кейбір психодиагностикалық әдістемелердің қолдану мүмкіншілігін шектейтін
67. МДБ-дың психологиялық ерекшеліктері.
68. Неге МДБ-ға тест сұрақтарды үнемі қолдануға болмайды.
69. Әртүрлі жастағы МДБ-дың психодиагностикасының айырмашылығы неде?
70. МДБ-ға психодиагностикалық әдістердің адаптациясы неде және не үшін керек?
71. Психодиагностикалық әдістемелердің стандартизациясы дегеніміз не?
72. МДБ-ның тұлғалық қасиеттердің психодиагностикалық әдістемелерді анықтау.
73. Психодиагностикалық тесттердің өткізу қиыншылықтары.
74. Тұлғааралық зерттеудің әдістерін анықтау.
75. Ғалым – психологтар дайындық деген ұғымды қалай түсіндіреді?
76. Мектепте оқуға тұлғалық дайындық дегеніміз не ?
77. Баланың мектепке интелектуалдық дайындық дегеніміз не ?
78. М.О. әлеуметтік – психологиялық дайындық дегеніміз не ?
79. Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін қандай тесттер қолданылады ?
80. Кіші мектеп жастағы балалардың психологиялық дамуының деңгейіндегі жеке айырмашылықтары.
81. Кіші мектеп жастағы балалардың психодиагностикасындағы эксперименттік және ойын ситуациялардың ролі.
82. Кіші мектеп жастағы балалармен жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.
83. Әдістемеге қысқа сипаттама беріңіз.
84. Жұмыспен қанағаттану әдістемесі туралы айтып беріңіз.
85. Берілген әдістемелерімен қалай қолдану керек.
86. Темпераментті анықтау үшін қандай тесттер қолданылады.
87. Адамның жұмыс істеу қабілетіне темперамент қандай ықпал етеді.
88. Нәтижелерді өңдеу мен интерпретация әдістері.
89. Психодиагностқа, тест жағдайына, нұсқауға қойылатын талаптар.
90. Психодиагностика қалай және қашан пайда болған.
91. Психодиагносттарға және психодиагностикаға қойылатын әлеуметтік-этикалық талаптар.
92. Психодиагностиканы жүргізетін адамдарға қойылатын кәсіби талаптар.
93. Психодиагностиканың моральдық-этикалық нормалар.
94. “Психологиялық” және “педагогикалық” диагностика нені анықтайды.
95. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық – педагогикалық диагностиканың міндеттері.
96. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикасын зерттеуге қойылатын талаптар.
97. Психодиагностика қайда және қашан пайда болған?
98. Психодиагностика немен айналысады?
99. Психодиагностиканың әдістері мен тәсілдерінің түрлері.
100 . Оқушыларды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық, тәртіптілік, психологиялық, педагогикалық деңгейлері.

14. Студенттердің академиялық білімін
рейтингтік бағалау жүйесі

Білім беру ісіндегі басты приоритет – студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы – студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.
Әрбір студент басқа студент пен салыстырылмайды, керісінше өзімен - өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау – оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.
Студенттердің білімін бағалау кредиттік оқыту жүйесінің міндетті элементі болып кіреді.
Қорытынды бақылау-емтихан студенттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау үшін өткізіледі.
Емтихан компьютерлі, жазбаша тестермен немесе ауызша, жазбаша түрде өтеді. Емтиханның өту формасын оқу-әдістемелік кеңес тағайындайды.
Студенттің білімін бағалау рейтингтік балл екі бөліктен тұрады: біріншісі – рейтинг балының 40% құрайды, оны студент күнделікті бақылау (ОБСӨЖ), СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін жинақтайды. (А1;А2-жетінші және он төртінші апталарда өткізілетін аттестаттау балдары), екіншісі – рейтинг балының 60% құрайды, ол қорытынды бақылау – емтиханның нәтижесі осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші:
R=(А1+А2)x0,4 + Э x0,6
Рейтингтің жоғарғы мәні – 100 балл
Студенттің оқу жылындағы академиялық үлгерімі GPA мәні былайша есептеледі:
GPA =
И1 , И2 ,..., ИП – студенттің қорытынды балының сандық баламасы.
К1 , К2 ,..., КП – студенттің оқыған пәндер кредиті
1 курс студенті келесі курсқа көшу үшін GPA мәні +Д – 1,33 (55-59%) балдан кем болмауы керек, 2 курс студенті үшін – +С – 2,33 (70-74%), 3 курс студенті үшін В- – 2,67 (75-79%) кем болмауы керек.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:

Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары
Бағалаудың %-тік мазмұны
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
А
4.0
100

Өте жақсы
А-
3.67
90-94

В+
3.33
85-89

Жақсы
В
3.0
80-84

В-
2.67
75-79

С+
2.33
70-74

Қанағаттанарлық
С
2.0
65-69

С-
1.67
60-64

D+
1.33
55-59

D
1.0
50-54

F
0
0-49
Қанағаттанғысыз

Пәннен F – деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны қайта тапсыру керек

15. Психологиялық кеңес негіздері курсы бойынша оқу процесінің картасы

Апталар
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Ұпай саны

Бақылау түрі
1-3
6-10
13-17
20-24
27-1
4-8
11-15
18-22
25-29
1-5
8-12
15-19
22-26
29-3
6-10

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

I
Кіріспе бақылау
Кб

7
II
Ағымдағы бақылау

КР1

КР2

КР3
33
1.
Тестілік сауалнама

Т1

Т2

Т3
15
2.
СӨЖ тапсырмалары

С1

С2

С3

С4

С5

10
3.
Рефераттар

Р1

Р2

Р3
15
III
Аралық бақылау

РБ1

РБ2

20

Барлығы

100


Скачать


zharar.kz