№5 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Ұнды және дайын өнімді сақтау және қойма ауданын есептеу.
Сабақ мақсаты: Ұнды сақтау және қойма ауданын есептеу. Дайын өнімді сақтау және қойма ауданын есептеу.
Астық қаптары штабельдерге үштік немесе бестіктермен орналастырылады. Электропогрузчикпен орналастырғанда 4 м шамасында 12 қатар етіп орналастырылады.
Бестікпен орналастырылғандағы көлем:
1,8 * 1,4 = 2,5 м2
Әр штабельге бір партияның ұндары қойылады. Штабельдегі үштік немесе бестіктер партия салмағымен есептеледі.
Штабель мен қабырғаның арақашықтығы 0,5 м, штабельдер арасындағы өтетін жер – 12 м және өтетін жердің ені – 0,7 м кем емес.
Электропогрузчикпен тасымалдаған кезде жолдың ені 4 м кем болмауы керек.
Сыртқа шығатын есіктің ені – 1,8 м.
Қойманың өлшемін 7 тәуліктік қор және өтетін жүретін жолдарды есептеу арқылы білеміз:
7 * 24 = 168 т = 3360 м
Қойма биіктігі 12 қатарлы етіп орналастырғанда – 4,6 м.
Ұнды қоймаға сақтағанда келесі өндірістік орын ретінде қаптарды сақтауға арналған бөлме қарастырылады.
Орау бөлімінде мыналар орналасады:
макарон қаптауға арналған вибраторлар мен столдар;
қысқа кесілген макарон өнімдерін орауға арналған SVK-E жабдығы;
дайын өнімге арналған бункер;
кептіргіштен қаптау орнына жеткізетін таспалы тасымалдағыштар;
қапталған өнімдерді орналастыратын паддондар;
Орау бөлімінің ауданы мыналарды қамтамасыз ету керек:
жабдықтардың орналасуын, қаптаушы жұмысының ыңғайлылығын, өнімдерді орауға арналған қаптарды сақтау, 2 сменадағы қапталған өнімдерді сақтау, өтетін және айырлы электр тиегіш жүретін жолдар.
Орау бөлімінің ауданын есептеу үшін алдымен ені ұзындығын тауып аламыз. Орау бөлімінің ені мынаған тең Еж = 1900+ 1900 = 3800 мм = 3,8 м
ал жалпы ұзындығы жабдықтардың ұзындықтарының қосындысына тең
Lж = Lб +L1+ Lв+ L2+ L3+ L қ.ж ,
мұндағы, Lб – бункер ұзындығы
L1- бункерден виброелегішке дейін
Lв – виброелегіш ұзындығы
L2 - виброелегіштен конвейерге дейін
L3 - конвейерден қаптайтын жабдыққа шейін
L қ.ж- SVK-E қаптайтын жабдық ұзындығы
Бұдан, L = 12500 +350+ 2071+379+ 2090+ 5498 = 22 888 мм = 23 м
Сонда орау бөлімінің ауданы мынаған тең болады:
S = Еж * Lж = 3,8 м * 23 м = 87,4 м2
Дайын өнім қоймасы қаптау бөліміне жақын болу керек. Ол 10 күн бойы шығарылған өнімге есептелінуі керек.
Үлкен қаппен қапталған өнімдер қоймада штабельге орналастырылады. Қойма ауданы штабель биіктігі мен өтетін жер еніне байланысты анықталады. Сыртқы қабарғадан штабельге дейінгі арақашықтық 0,5 м төмен болмау керек. Өнімді электр тиегіштерде тасымалдағанда өтетін жер ені 3,5 м төмен емес, ал көтермелі платформалары бар арбалармен тасымалдағанда 2,5 м төмен емес болу керек.
Қойманың болжамды ауданы өтетін жерді есептегендегі 1м2 жерге 400 г өнімді орналастыру және поддонға 12 қатар қораптар қойғанда есептеп анықталады.
Қойма биіктігі еденнен өнімге шейін 4,8 м-ден төмен емес жабылып тұру керек. Қоймада ауданы 10-12 м2 экспедитор (жабдықтаушы) бөлмесі болу керек.
Қоймадан өнім рампаға шығатын есік арқылы жіберіледі.Өнімдерді рампаға шығару үшін екі есік болу керек. Есіктің жақтауының арақашықтығы 2 м төмен болмау керек. Рампа ені 4 м төмен емес болу керек.
Жобадағы қойма ауданын табу үшін қойма ұзындығы мен енін көбейтеміз:
S = Еқ * Lқ , мұндағы Еқ=18000 қойма ені, Lқ= 80000 мм -қойма ұзындығы;
Олай болса, S = 18 * 80= 1440 м2 тең болады.
Сұрақтар:
1. Астық қаптары штабельдерге қалай орналастырылады.
2. Бестікпен орналастырылғандағы көлем
3. Ұнды қоймасындағы штабель мен қабырғаның арақашықтығы
4. Ұнды қоймасындағы штабельдер арасындағы өтетін жер
5. Ұнды қоймасындағы өтетін жердің ені.
6. Қоймада ұнды қалай орналастырады?
Әдебиеттер:
1. Н.М. Личко Технология переработки продукции растениеводства Москва Колос 2000 г.
2. Жумабекова З., Отыншиев Б. Макарон өнімдерінің технологиясы. Алматы, 1997 ж.
3. Буров, Л. А. Проектирование макаронных фабрик Л. А. Буров. – М. : Пищевая промышленность, 1972. – 286 с.