Меншікті булану жылуы

Скачать

Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
№7 өзіндік жұмыс

І-деңгей

1. Шыны және қалайы шарлар бірдей биіктіктен құлағанда, қай шар жақсы қызады? Неге?
2. Таудан шанамен балалар сырғанағанда энергия қалай түрленеді?
3. Пластилин шар еденге құлағандағы энергияның түрленуін түсіндіріңдер.
4. Аялдамаға жақындаған автобус тоқтағандағы энерғияның түрленуін түсіндіру керек.
5. Қоларамен жұмыс істегенде, ара қызады, энергияның түрленуін түсіндір.
6. Жүзгіш бассейінде жүзіп 130кДж энергня шығындады. Энергия қандай түрге айналды?
П-деңгей

1. 60 м биіктіктен құлаған судың сарқыраманың жоғарғы және төменгі нүктесіндегі температураларының өзгерісін табыңдар. БИІктіктен құлаған судың энергиясы суды қыздыруға кетті деп есептеңдер.
(0,14 °С)

2. Массасы 1кг мыс шар 500м биіктіктен құлағанда қандай температураға қызады? Барлық механикалық энергия мыс шардың ішкі энергиясына айналды деп есептеңдер.
(13°С)

3. Пневматикалық болат балғаның массасы 1,2кг, 1,5мин ішінде температурасы 20°С-ге қызды. Қыздыруға барлық әнегияның 40%-ы кетті деп есептеп, атқарылған жұмысты және өндірілген қуатты анықтаңдар.
(4,4 кДж; 49 Вт)

4. Тереңдегі 250м құздан тас құлағанда тастың ауамен үйкелісі және жерге созылу салдарынан темітературасы 1,5°С-ге көтерілді. Тастың энергиясының 50%-ы тасты қыздыруға бөлінді деп есептеп тастың меншіктІ жылу сыйымдылығын есепте.
(817 Джкг.°С)

5. Массасы 10т ауыр балға 2,5м биіктіктен массасы 200кг темір бұйымға құлағанда, ол 20°С-ге қызу үшін қанша соққы жасау қажет? Бұйымды қыздыруға барлық энергияның 30% кетеді.
(24)

6. Екі бірдей мыс шар бірдей энергия алып, біріншісі тыныштық күиде 40°С -ге қызды, ал екіншісі қызбай белгілі жылдамдықпен қозғалды. Екінші шардың жылдамдығын анықтаңыз.
(174 мс)
ІІІ-деңгей

1. Қоргасын оқ 300мс жылдамдықпен ұшып келе жатып кенеттен тоқтады. Оқты қыздыруға 50% оқ энергиясының шығындалса оқ қанша градусқа қызды?
(161°С)

2. Қозғалтқышының қуаты 50 кВт Жигули автомашинасы 100кмсаг жылдамдықпен 100км жол жүруге 14л бензин жұмсаса оның қозғалтқышының П.Ә.К-і қандай?
(35%)

3. Қозғалтқышының қуаты 2000кВт ұшақ 250кмсағ орташа жылдамдықпен 500км алыстыққа ұшу үшін қанша бензин жұмсайды? Қозғалтқышының ГІ.Ә.К-і 25%.
(1,3т)

4. Винтовкадан атылған оқтың массасы 9г, жылдамдығы 800мс. Егер ату кезіндегі П.Ә.К-і 24% болса, оқ дәрінің массасы қандай?
(4г)

5. Реактивті ұшақ 900кмсағ жылдамдықпен 1,8км алыстыққа ұшу үшін 4т отын шығындады. Ұшақтың қозғалтқышының қуаты 5900кВт, П.Ә.К-і 23%. Ұшақтың қолданған отынының меншікті жану жылуы қандай?
(46 МДжкг)

6. Еркін құлаған болат шар жерге соғылған мезетте 41мс жылдамдықпен 1,6м биіктікке қайта көтерілді. Соғылу кезінде шардың температурасы қанша градусқа өзгерді?
(1,6°С)

Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі.
Булану және конденциялану. Меншікті булану жылуы.
№8 өзіндік жұмыс

І-деңгей

1. Беті ашық суы бар қазанды қыздырғанда?
А. Егер қазанның беті жабылса ,булану жылдамдығы артады.
Ә. Температурасы көтерілгенде булану жылдамдығы кемиді
Б. Су кез-келген температурада буланады .
2. Ыстық күні бала сулы жейде киді
А. Су буы конденсацияланғандықтан баланың денесі салқындайды
Ә. Су буланғандықтан салқындайды
Б. Жел соқса булану баяулайды
3. Шәйнек қайнағанда ас үйдің терезесі буланады
А. Булану кезіндегі су буы терезе әйнегін терлетеді
Ә. Қайнағанда судың температурасы артады
Б. Терезе әйнегінің терлеуі -су буының конденсациялануы
4. Меншікті булану жылуы
А. 1 кг су қайнау температурасында буға айналуға қажетті жылу мөлшері.
Ә. 1кг суды буға айналдыруға қажет жылумөлшері.
Б. 0,1 кг суды буға айналдыруға қажет жылу мөлшері.
5. Массасы m суды буға айналдыруға қажет жылу мөлшерін анықтауға арналған формула
А)Q=q∙m
Ә)Q=L∙m
Б) Q=c∙m(t2-t1)
ІІ-деңгей

1. Температурасы 20° С, 200г суды температурасы 100°С буға айналдыруға қанша жылу мөлшері керек?
(527,2кДж)

2. 2.Температурасы 100°С массасы 50г бу конденсациялап, температурасы 60°С-ге суығанда қанша жылу бөлінеді?
(123кДж)

3. Температурасы 80°С, 5кг суды температурасы 100°С буға айиалдыруға қанша жылу мөлшері қажет?
(11,9МДж)

4. Температурасы 28°С, массасы 30г спиртті қайнатып буға нйналдыруға қанша жылу мөлшері керек?
(30,75кДж)

5. Температурасы 100°С 200г су буы конденсацияланып, температурасы 40°С су алғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
(510кДж)

6. Температурасы 20°С, 400г суды қайнатып 40г-н буға айналдыру үшін қанша жылу керек?
(226,4кДж)
ІІІ-деңгей

1. Температурасы 20°С, 4кг суды қайнатып, буға айналдыру үшін П.Ә.К-і 25% примусқа қанша керосин жағу қажет?
(0,92кг)

2. Массасы 0,7кг мыс калориметрдегі температурасы 12°С, 0,8л суға температурасы 100°С 0,05кг бу жіберсе су қанша градусқа жылиды?
(46°С)

3. 35минутта қуаты 600Вт электр плитада 2л судың температурасын 20°С-ден 100°С-ге қыздырып, 200г бу алды. Плитаның П.Ә.К-ін анықтаңдар.
(90%)

4. 50г спирттің толық жанғанда бөлініп шығатын энергияны пайдаланып, 0°С температурадағы қанша суды буға айналдыруға болады?
(480г)

5. Температурасы 20°С 1л суды қайнатып, буға айналдыру үшін қанша керосин жағу керек?
(61г)

6. 0°С температурадағы суға, 100 С температурадағы Ікғ бу жібергенде, ыдыстағы судың температурасы 20°С-ге көтерілді. Ыдыстағы судың массасын анықтаңдар.
(31,4кг)

Қатты денелердің балқуы және қатаюы.
№9 өзіндік жұмыс

І-деңгей

1. Алюминий ыдыста мысты балқытуға бола ма?
2. Мыс ыдыста қандай металды балқытуға болады?
3. Қалайы 230°С температурада қандай күйде болады?
4. Массасы 4кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша жылу мөлшері қажет?
(232кДж)
5. Балқу температурасындағы 100кг темірді балқытуға қанша жылу мөлшері қажет?
(27МДж)
6. Қату кезінде сұйық күйде тұрған балқу температурасындағы 2кг алюминий мен бкг темірдің қайсысынан көп энергия бөлінеді?
(темірден)

ІІ-деңгей

1. .Температурасы 32°С 100г қалайыны балқытуға қанша жылу мөлщері керек
(10,9 кДЖ)
2. Температурасы 10°С 2л судың қатайғанда бөліп шығар энергиясын есептеңіз.
(724 кДж)
3. Температурасы 20°С 24,5кг алюминийді балқытуға қандай жылу мөлшері керек?
(23,7 МДж)
4. 20° С температурадағы 15л су 0°С температурада мүзға айналғанда қанша жылу бөлінеді?
(6,36 МДж)
5. Температурасы -5°С 100г мұздан температурасы 20°С су алу үшін қанша жылу мөлшері қажет?
(43,45 кДж)
6. Температурасы 800°С темір бұйым 0°С-ге суығанда бөлініп шығатын жылу толығымен, температурасы 0°С 3кг мұзды ерітуге жұмсалса, бұйымның массасы қандай?
(2,8кг)

III деңгей

1. П.ә.к.-і 80 % қыздырғышта 1кг мұнай жанғанда бөлінетін жылудың есебінен температурасы 0°С қанша қорғасынды балқытуға болады?
(556кг)
2. Температурасы -10 С, 200кг қарды ерітіп температурасы 20°С су алу үшін, П.Ә.К. 40% пешке қанша отын жағу керек?
(22кг)
3. Температурасы 0°С мұздың үстіне қойылған алюминий текше(куб) мұздың ішіне түсіп кету үшін, оны қанша градусқа қыздыру керек?
(123°С)
4. Сыйымдылығы 100л ваннаны температурасы 30°С сумен толтыру үшін, температурасын 80°С суға температурасы -20°С қанша мүз салу керек? Ваннаның жылу сиымдылығы мен жоғалған жылу ескерілмесін.
(29,2кг)
5. Массасы 0,5кг алюминий ыдыста массасы 2кг температурасы 0°С мұз салынған П.Ә.К.-і 50% пешке 50г керосин лсаққанда мұз еріп боған соң ыдыстың ішіндегі су қанша градусқа қызады?
(53°С)
6. Массасы 700г мүз ішінде температурасы 5°С, массасы 2,5 кг суы бар калориметрге тасталған. Температура орныққан соң мүздың массасы 64г-ға өсті. Мүздың бастапқы температурасы қандай еді?
(-50° С)


Скачать


zharar.kz