Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы

Скачать

Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады — бүкіл халықтың игілігі.
Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», 1981 ж Қазақстан республикасының заңы, республикалардың табиғатты қорғау туралы заңдары, аң аулау және аңшылық шаруашылық туралы республикалық ережелері, балық қорғау және еліміздің суларындағы балық шаруашылығын реттеу туралы ережелері, аң аулаудың және балық аулаудың жергілікті ережелері.
«Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның «Табиғатты қорғау туралы заңы» аңшылық шаруашылықтың қоры — жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда тұз жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді).
Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау, кәсіптік маңызы бар жануарлардың қорын пайдалану
үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу көрсетілген. Жергілікті жерге аңдардың жаңа түрін әкеліп жібергенде, сол жерден жануарға зияны тимейтіндей жағдайлар көрсетілген. Заңының ережелері негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар. 1991 жылғы 18 маусымда «Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар.
Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде аулауға болатындығы жөнінде де шек койылады.
Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған.
Кімде-кім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды браконьерлер деп, оларға қарсы күрес жүргізеді, тіпті оларды саптап, дүние мүлкін мемлекет есебіне алады.


Скачать


zharar.kz