Мәліметтерді өңдеудің құрылымдары мен алгоритмдері пәні бойынша тапсырмалар
1- тапсырма
1. Мәліметтердің өңдеудің құрылымдары мен алгоритмдеріне кіріспе.
2. Негізгі ұғымдары. Мәліметтер типтері. Мәліметтер құрылымдарымен жасалатын әрекеттер.
3. Алгоритмдер анализі және программаларды орындау уақыты.
4. Массивтерді сұрыптау алгоритмдері.
5. Таңдау көмегімен сұрыптау.
6. Ауыстыру арқылы сұрыптау.
7. Қою арқылы сұрыптау.
8. Тез сұрыптау.
9. Іздеу алгоритмдері
10. Файлдар және сыртқы тасымалдаушылардағы мәліметтер мен операциялар.
2- тапсырма
1. A[1..m,1..n] екі өлшемді массив берілген. Элементтері тең болатын B[1..m] бір өлшемді массивын жасау: - жолдардың элементтер қосындысына; - жолдардың элементтер көбейтіндісіне; - жолдардың элементтерінің арифметикалық орталарынына.
2. Берілген массивте жұп орында тұрған элементтерді тақ орында тұрған элементермен орынын ауыстыру.
3. Берілген массивтің элементтерін кері ретпен орналастыр (бірінші элементті соңғымен, екіншісін оның алдыңғысымен, т.с.с., егер, массив элементтерінің саны тақ болса, ортаңғысы өзгеріссіз қалады).
4. 15 элементті массивті клавиатурадан енгізген бүтін сандардан сақтау программасын жаса. Массивтың мазмұны өсу реті бойынша сұрыпталады. Осыдан кейін, клавиатурадан бақылау саны енгізіледі де, массивте бар-жоғы тексеріледі. Бар болса, массивтің элементі номері монитор экранына шығарылады.
5. Массивте 10 әртүрлі бүтін сандарды сақтауды ұйымдастыратын программа жаса. Массивтың мазмұны өсу реті бойынша сұрыпталады. Осыдан кейін, клавиатурадан бақылау саны енгізіледі де, массивте бар-жоғы тексеріледі. Бар болса, массивтың бақылау санына тең элементі нольмен ауыстырылады да, массив монитор экранына шығарылады.
6. Массивте 15 әртүрлі бүтін сандарды сақтауды ұйымдастыратын программа жаса. Массивтың мазмұны кему реті бойынша сұрыпталады. Осыдан кейін, клавиатурадан бақылау саны енгізіледі де, массивте бар-жоғы тексеріледі. Бар болса, экранға бақылау санына дейінгі массив мазмұны шығарылады.
7. 10 бүтін сан массивы беріледі. Оны сұрыптап, ондағы бақылау санын тап. Бақылау санына дейінгі барлық элементтерді қарама-қарсыға өзгерт.
8. 20 символдан тұратын массив берілген. Сұрыптап, ондағы бақылау символын тап. Экранға бақылау символынан бастағандағы элементтерді шығар.
20 саннан тұратын А массивы берілген. Оны кему реті бойынша орналастыр. Клавиатурадан 2 a және b бақылау сандарын енгіз. Сандар массивында a мен b аралығында жатқан сандардың бар-жоғын тексер. Бар болса, табылған сандар мен индекстерін экранға шығар.