Шеңбер мен түзудің түйіндесуі

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ТАМАҚ ӨНДІРІСІНІҢ МАШИНАЛАРЫ МЕН АППАРАТТАРЫ" кафедрасы

ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА

пәнінен білімалушылардың 1,2 межелік бақылауға арналған
тапсырмалар

Семей
2016

Әдістемелік нұсқаулық

Әрбір білімалушыға пәнді оқу барысында жеке тапсырмалар беріледі. Жеке тапсырмалар пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдиебеттерге сілтеме жасау қажет.
Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОБӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.
Бақылау есептерінің номерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы саны бойынша (кесте 1), ал есепте көрсетілген шамалардың сандық мәндерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы сан бойынша алады (кесте 2).
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.

1 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР

Тақырыптары :
1. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЫЗБАЛАР. КОНУСТЫЛЫҚ. ТҮЙІНДЕСУЛЕРДІ САЛЫП ҮЙРЕНУ
2. ҮШ БҰРЫШ ПЕН ТҮЗУДІҢ ҚИЫЛЫСУЫ.
3. ПРОЕКЦИЯЛЫҚ СЫЗБА. БӨЛШЕКТІҢ ҮШ КӨРІНІСІН ТҰРҒЫЗУ
4. БӨЛШЕКТІҢ ҮШ КӨРІНІСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ АКСОНОМЕТРИЯСЫН ТҰРҒЫЗУ.
                                                

Түйіндесуді орындау.
  Бір сызықтың екінші сызыққа біркелкі ауысуы түйіндесу деп аталады. Бір сызықтың екінші сызыққа біркелкі ауысатын жеріндегі нүкте түйіндесу нүктесі деп аталады.
 Біркелкі ауысуды салу үшін түйіндесу радиусын, центрі және нүктесін білу қажет.
Түйіндесулерді салғанда тек түзу шеңберге жанасқан жағдайда ғана түзудің шеңберге біркелкі ауысатындығы есте болу керек. Түйіндесу нүктесі берілген түзуге перпендикуляр болатын радиуста жатады.
  Егер шеңберлер өз ара жанасатын болса, онда бір шеңберден екінші шеңберге ауысу сызығы біркелкі болады. Ал түйіндесу нүктесі олардын центрлерін қосатын түзудің бойында жатады.
Түйіндесу түрлері:
Екі түзудің түйіндесуі.
Шеңбер мен түзудің түйіндесуі.
Екі шеңбердің түйіндесуі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ы.А.Нәби СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ және ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА Алматы,2010г.(5- 24бет) .
2. А.А. Чекмарев, Задачи и задания по инженерной графике - Москва Начертательная геометрия. Под ред. Крылова Н.Н.-М.:1990, 240 с.
3. Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептері.– Алматы.: 1995, 272 б. . Акпанбетов Ғ. Сызба геометрия.- Алматы, 150 б.

НҰСҚАЛАР

2 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР
Тақырыптары :
1. АЖЫРАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАР
2. АЖЫРАМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАР
3. ҚҰРАСТЫРМА СЫЗБАНЫ ОҚУ. ЖҰМЫСШЫ СЫЗБАЛАРҒА ӨЛШЕМДЕР ҚОЮ.
4. ҚҰРАСТЫРМА СЫЗБАНЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫН ОРЫНДАУ.

Болттық қосылысты есептеу. Болттық қосылысты орындау.

Пісіру, дәнекерлеу және желімдеу қосылыстары.


Скачать


zharar.kz