ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПКЕ БЕТБҰРЫС

Скачать

Үкімет жеңіл өнеркәсіпті тығырықтан шығару мақсатында жаңа бетбұрыстар бастады. Жақында Алматыда Германия, Иран, Италия, Франция, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан сияқты мемлекеттердің елуге жуық компанияларының қатысуымен өткізілген мамандандырылған халықаралық V орталықазиялық көрмесінің аясында жүзеге асырылған шаралар осыған дәлел.
Жасыратыны жоқ, экономикалық дағдарыстар орын алған өтпелі кезеңде еліміздің жеңіл өнеркәсібі үлкен проблемаларға тап болды. Жеңіл өнеркәсіп көшбасшылары атанған біраз кәсіпорындардың жұмысы тоқтады немесе мүлде жабылып тынды. Оған Алматыдағы “Жетісу”, Семейдегі “Большевичка”, Астанадағы М.Мәметова атындағы тігін фабрикаларының дағдарысты тағдырын мысал ретінде айтуға болады. Сонау Одақ ыдыраған тоқсаныншы жылы осы Астана қаласындағы ірі тоқыма-жіп фабрикасының директоры Иванов деген өндірістің іске жарайтын жабдығын тиеп алып, Ресейге тайып бергенін де көзіміз көрген еді. Міне, осындай келеңсіздіктер кесірінен кезінде еліміздің ішкі жалпы өнімінің 15 пайызын құраған тігін және тоқыма саласы бүгінде 0,5 пайызға дейін құлдырады.
Қазір біз күнделікті қажет киім-кешек, аяқ киім және басқа жеңіл өнеркәсіп тауарларын шетелдерден тасымалдаймыз. Қара базарларда да, қаптаған сәнді сауда орталықтарында да шетелдік киім-кешектер дәуірлеп тұр. Тіпті “жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша” қаптаған шетелдік тауар сатушылар сауда үйлерін “Италиян киімі”, “Француз үйі”, “Еуропалық киім-кешек” деген сияқты атаулармен жарнамалайтын болды.
Ал ақиқатын айтсақ, тоқыма және тігін сапасы сонау ежелгі дәуірлерде қазақ даласында бастау алып, ерекше дамыған. Мәселен, белгілі ғалым В.Юферев өзінің “Түркістанның мақта шаруашылығы” деген кітабында Тараз қаласының тұрғындары VІІ ғасырда мақтадан тоқылған киім өндірісін дамытып, шет жерлерге саудалағанын жазса, академик В.Бартольд Х ғасырда қазіргі Шымкент қаласынан сыртқы сауда үшін мақта шығарылғанын баяндайды.
Міне, осындай жеңіл өнеркәсіптің ежелгі отаны болып саналатын өңірде қарапайым халықтың табыс көзі болып табылатын бұл маңызды саланың тығырыққа тірелуі өкінішті жағдай. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев республика Үкіметінің алдына мақта кластерін құрып, тоқыма өнеркәсібін барынша дамыту міндетін қойды. Президент 2005 жылғы халыққа арнаған Жолдауында “Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын” деп атап көрсетті.
Президент тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында өсірілетін мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану мақсатында кластерлік жүйе қолға алынды. Қазақстан Үкіметі өзінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында “2006 жылдың аяғына дейін Үкіметтің қолдауымен тиісті өңірлердің әкімдері пилоттық кластерлерді, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібін дамытудың егжей-тегжейлі мастер-жоспарларын әзірлесін деген талап қойды. Осы талап негізінде Шымкент қаласында ашылған “Қазақ-орыс тоқыма альянсы” ЖШС кластерлік жүйенің тиімділігін дәлелдеп, аз уақыттың ішінде бүкіл ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығаратын ірі өндіріске айналды. Жылына 7129 тонна жіп, 12918 мың метр сұр кенеп шығаратын осы кәсіпорын негізінде еліміздің заман талабына сай тоқыма өнеркәсібінің негізі қаланады деген үміт зор.
Алдағы уақытта бұл салаға көптеп инвестиция тарту мәселесі күн тәртібінде тұр. Сөз реті келгенде айта кетейік, Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемі 800 миллион долларға жеткен.
Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсібі кәсіпкерлерінің ассоциациясы мен Индустрия және сауда министрлігінің бастамасымен Алматыда өткізілген V орталықазиялық жеңіл өнеркәсіп көрмесінде бұл саланың көкжиегін көріктендіретін бірқатар игі шараларға қол жеткізілді. Бұл шараларға еліміздің және шетелдердің 2,5 мыңнан астам мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.
– Бұл көрме қазақстандық және шетелдік жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты, – дейді көрме менеджері Галина Сафарова. – Осы көрмені өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасының Үкіметі ІІ Тоқыма конгресін өткізген болатын. Міне, халықаралық деңгейде өткізілген осы үлкен екі шара еліміздің жеңіл өнеркәсібі саласын дамыту мақсатындағы мемлекеттік саясатты айқындап, Үкімет тарапынан нақты жобаларды жүзеге асыру үшін тиімді алғышарттар жасады.

Өнеркәсіп
Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің арту тенденциясы сақталды. 2007 жылы облыста 169,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,0 пайызға артты. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 22,7% артып, 17,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 78,8%) өнімінің нақты көлем индексі – 103,4%, немесе өнім көлемі 133,4 млрд. теңгені құрады.
Өндіріс көлемінің резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 50,4%, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде – 41%, отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінде – 25,4%-ға едәуір артуы орын алды.
Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын өндіру – 40,4% (27,7 мың тонна өндірілген), қорғасын концентраты – 22,4% (7,1 мың тонна), цемент – 36,9% (1241,4 мың тонна), трансформаторлар – 20,5% (1566,2 мың кВа), электр қуаты – 13,9% (1143,6 млн. кВт/сағ), асбоцемент бұйымдары – 3,4 есе (1781,5 мың шаршы м.), қорғасын – 8,2% (19 мың тонна), мақта маталары – 9,7% (42,1 млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс майы – 4,8 есеге (12,6 мың тонна), ірімшік және сүзбе – 23% (246 тонна), макарон өнімдері – 29,8% (өндірілгені – 16,7 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді өндіру артқан.
Солай болғанымен де, мақта талшығын өндіру – 23,6% (өндірілгені 110,8 мың тонна), шұжық өнімдері – 23,3% (613 тонна), төмен вольтті аппаратуралар шығару – 48,7% (920 дана) кеміген.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,8% құрайтын электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 9,4%-ға артып, 18,4 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі газ тектес отынды өндіру мен бөлуде – 20,2%, электр қуатын бөлуде – 10,6% өсуінің есебінен артты.
Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің жартысынан көбін (51,9%) облыс орталығының, 10,1 пайызын – Созақ ауданының, 6,4% – Кентау қаласының, 6,1% – Мақтаарал, 5,7 пайызын Сарыағаш ауданының кәсіпорындары өндіреді.
2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі облыс аймақтарының басым бөлігінде байқалды. Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі – 2,1 есе), Түлкібас (124,9%) ауданының және Кентау қаласының (123,5%) өнеркәсіп кәсіпорындары қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің Мақтаарал ауданында – 10,2% кемуі орын алды.
2007 жылдың желтоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыстың 39 өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндіру көлемінің кемуі орын алды. Оның негізгі себебі – тапсырыстың, өткізу нарығының шектеулілігі және шикізаттың жетіспеушілігі.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, сапаның басқару жүйесі 52 кәсіпорында және 10 мекемеде енгізілген.
2007 жылы облыс өнеркәсібінде 6 инвестициялық жоба іске асырылды:
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ жалпы жобаның құны – 1500 млн. теңге құрайтын «Мақта өңдеу зауытының құрылысы», қуаты жылына - 60 мың тонна, «Айко и К» ЖШС құны 70,0 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өңдеу жобасы, «НИМЕКС» корпорациясы» ЖШС құны 770 млн. теңгені құрайтын күйдірілген қыш және черепица өндіру жобасы, «Арай астық» ЖШС құны 162,7 млн. теңгені құрайтын макарон өндіру жобасы, «Адина и К» ЖШС құны 15 млн. теңгені құрайтын «Сарыағаш» минералды суын құю және құны 250 млн. теңгені құрайтын жылына 1800 тоннаға дейін «Кондитер өнімдерін шығару» жобалары.
2007 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 1721 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жеңіл өнеркәсіптегі дағдарыс

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі дағдарысты бастан кешуде. Сенбі күні Индустрия және сауда министрінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде осы мәселе жан жақты талқыланды. Статистикаға жүгінсек, 2004-2006 жылдардағы елде шығарылған жалпы өнімнің тек 1 пайызын ғана отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдері құраған.
((ЗА КАДРОМ)) Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласы дағдарыста тұр. Сенбі күні Индустрия және сауда министрінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде осы мәселе жан жақты талқыланды. Статистикаға жүгінсек, 2004-2006 жылдардағы елде шығарылған жалпы өнімнің тек 1 пайызын ғана отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдері құраған.
((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Владимир Школьник
ТИТР: ҚР Индустрия және сауда министрі
АУДАРМА!!!
12.11 - Былтырғы жылмен салыстырғанда, осы жылы тігін - 1 жарым пайызға, ал былғары өнімдерін өндіру - 1,6 пайызға көбейген. Елдегі тоқыма бұйымдарының 80 пайызы шет елден әкелінеді. Өсу бар, бірақ басқа салалармен салыстырғанда, мүлдем төмен. ))
((ЗА КАДРОМ)) Жеңіл өнеркәсіптің тұралап қалуының тағы бір себебі - көрші елдерден астыртын жолмен жеткізілетін сапасыз әрі арзан тауарлардың көбеюі. Мысалы, Қазақстандағы аяқ киім өнімдерінің 99 пайызы шет елден әкелінеді екен, ал оның 75 пайызы - Қытайдың арзан әрі сапасыз өнімдері.
((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Любовь Худова
ТИТР: жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы
АУДАРМА!!!
13.43 - Бізде отандық өндірушілерге ешқандай жағдай жасалмайды. Себебі, бүгінде нарықта заңсыз, сапасыз жасалған шет ел тауарлары 95 пайызды құрайды. Қытай, Түркия, Қырғызстаннан жеткізілген киімдер сапа құжатынсыз сатылатынын білсе де, оған ешкім шектеу қойып отырған жоқ. Сондықтан көлеңкелі экономика жылына 4 миллиард долларды құрап отыр.))
((ЗА КАДРОМ)) Кәсіпкерлерді де алаңдатар басты мәселе - әділетсіз бәсекелестіктің қалыптасуы. "Ең бастысы, шет елдердің арзан өнімдеріне шектеу қойылу керек ", -дейді олар.

((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Нұрлан Сапаров
ТИТР: "Сәуле" тігін фабрикасының директоры, Шымкент
31.22 - Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін біріншіден, жеңілдік жасалу керек. Ол - салық жағынан, шикізат жағынан болса, нұр үстіне нұр. 31.48))
((ЗА КАДРОМ)) Отандық өндірушілерге қаншалықты жеңілдік жасалады - ол жағы беймәлім. Школьник мырза өз кезегінде, кәсіпкерлерді жаппай алаңдатып отырған шет ел өнімдеріне келешекте қатаң бақылау жасалатынын жеткізді.
((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Владимир Школьник
ТИТР: ҚР сауда және инд. министрі
АУДАРМА
28.00 - Біз бүгін нарықтағы өнімдерге техникалық бақылау жасайтын комитет жұмысын күшейту керек деген шешімге келдік. Тағы бір мәселе - өнеркәсіп орындары бәсекеге қабілетті болу үшін қазіргі заманға сай құралдармен қамтамасыз етілу керек. ))
((ЗА КАДРОМ)) Отандық кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселелер шешімін тапқандай болды. Ал оның қалай орындалатыны уақыт еншісіндегі нәрсе.


Скачать


zharar.kz