Әбікенова Гүлнат Төкенқызы
Когнитивті лингвистика
Оқу құралы
Семей 2008
Пікір жазғандар:
З.К.Темірғазина - филология ғылымдарының докторы, профессор.
Қ.Т.Бибеков - филология ғылымдарының кандидаты.
Когнитивті лингвистика Оқу құралы Әбікенова Г.Т. ф.ғ.к., - Семей: М.О.Әуезов атындағы Семей университеті. 2008. - 118 бет.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне арналған. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны, міндеттері жайлы мағұлмат беріп, когнитивтік лингвистикаға тән категориялар жөнінде түсініктерін қалыптастырады. Студенттерді тілдің танымдық рөлін тануға, көркем шығарма тіліне концептуалдық талдау жасауға дағдыландырады.
Кіріспе
Когнитивті лингвистиканы жоғары оқу орындарында оқыту бүгінгі таңдағы заман талабынан, қоғам қажеттілігінен туындап отырған көкейтесті мәселелердің бірі.
Когнитивті лингвистиканы жеке пән ретінде оқытудың басты мақсаты – тіл білімінің барлық салаларынан жан-жақты хабары бар, әсіресе дәстүрлі ғылымдардың бірнешеуінің басын біріктіретін лингвистикадағы жаңа ғылыми бағыттардың теориялық негіздерімен қаруланған тілші мамандар даярлаудан туындайды.
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.
Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгерту, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой өрісін кеңейту.
Негізгі мақсаттың жүзеге асуы үшін орындалатын міндеттер:
тіл білімі мен когнитивті лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсете білу:
тіл біліміне қатысты таным теориясының негізгі қағидаларын игертіп, оны дұрыс қолдана білуге үйрету;
студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп, тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру, олардың дүниетанымын кеңейту.
Когнитивті лингвистика– жеке ғылым саласы
Лингвистика ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоцентристік бағытпен сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдігімен ерекшеленеді. Антропоцентристік бағыттағы лингвистиканың алға қойған мақсаты – тілдік субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің тілдің барлық деңгейлерінде көрініс табуын зерттеу болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдағы тіл ғылымының басты мақсаты – тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамыту. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиялары басқа да ғылым салаларымен психология, философия, логика, мифология, этнография т.б-мен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сиқты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынаны жинақтап, сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл білімінде өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастықта қаралады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.
Қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулер кешенді сипатта антропоцентристік бағытта және когнитивтік лингвистиканың ғаламның тілдік бейнесі теориясының негізінде жүргізілуде. Өйткені тілді зерттеудің когнитивтік жүйесі дүниені тіл әлемінде тану қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.
Тіл мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Когнитивтік деген сөз білім деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының өмірінде құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын. 1
Когнитивті лингвистиканы танымдық тіл білімі немесе немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентрлік бағыттағы тіл білімінің үлкен бір саласы деуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары – таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой.
Когнитивтік ғылым ақпараттарды өңдеу мен мағлұматтар жайлы түсініктер жүйесін және ойлау процесін басқарудың жалпы принциптерін айқындайды. Адамның физиологиялық, психологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктерін ғана есепке алмай, оны қоршаған дүние жайлы мағұлматтарды жүйелеу, сарапқа салу қажеттілігі туады. Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр.1
Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.
Қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі-когнитивтік лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас бүтін, біртұтас когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік тілдік кешен XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы лингвистикада тілді түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бастапқыда танымдық процестерді қазіргі заманның есептеуіш техника негізінде белгілі бір құрылымдар ретінде түсіндіру орын алады. Алайда бұндай пікірге қарсы пікірлер де аз емес: Когнитивтік ғылым адам танымының құрылымын қазіргі заманғы есептеуіш техника көмегімен үлгілеу жолдары арқылы зерттеу әрине өзекті, ең бастысы-іс жүзінде қолданбалы. Дей тұрғанмен, адамның танымдық құрылымдарын механикалық құрылымдарға пара-пар етуге болмайды. Бұл адамның ойлау қабілетін немесе когнициясын зерттеу ақпаратты символдық өңдеудің бағдарламасын зерттеумен бірдей дегенге әкелер еді. Онда адамның ми қыртысын нерв жүйелерінің өзара қарым-қатынасы ретінде де, оның ментальды жағдайын танымдық ғылым аясында зерттеудің ешқандай да қажеті болмас еді (36,43). Осы пікірді қуаттай келе В.З.Демьянков бұл адамдар мағыналық нәрселермен ойлағандықтан адамның іс-әрекетінің интенционалдығын зерттемей, тек қана символдармен ғана түсіндіруге әкеліп соғады дейді (37,48).
Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты Р.Шепард бұндай сипаттама жеткіліксіз дей келе, өз тарапынан адам ми қыртысындағы ментальды процестерді белгілі бір жүйеге келтіріп, басқарып отыратын жалпы қағидалар туралы ғылым деген анықтама береді. Ал бұл принциптердің пайда болуы мен олардың қызмет атқаруын ғалым жалпы дүниенің белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіндігімен ұштастырып, ойлау" заңдылықтары мен механика заңдылықтары арасында ұқсастықтар табады (35).
Танымдық ғылымның аясының кеңдігі мен күрделілігі, оның зерттеу нысаны болып табылатын білім мен танымның табиғатын, білімнің шығу көздерін, оларды жүйелеу, білімнің дамуын, бұның бәрі психология, антропология, философия, нейрология, тіл және де жасанды интелектіні үлгілеу т.б. ғылымдардың өзара карым-қатынасы негізінде жан-жақты зерттеуді талап ететіндігі сөзсіз.
Когнитивті лингвистика ғылымының осындай ерекшеліктеріне қатысты ғалымдардың пікірлері де кей жағдайда бір біріне қарама-қарсы келіп қалатын кездері де болады. Бұл туралы А. Исламның пайымдауынша: Біздің ойымызша қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерінен ескермеу сананы таза структуризациялауға әкеліп соғары сөзсіз. Таным өзінің күрделілігімен сипатталатыны хақ деген ой айтады (34,72).
Танымдық ғылымның күрделі инфраструктурасындағы тіл білімінің алар орнына тоқтала кетсек. Танымдық үлгі жүйесінде тіл білімі тілдік категориялар мен бірліктердің қоршаған дүниені қабылдаумен арақатынасып, оны танып білуді қалай көрсететіндігін зерттейді. Г.Харманның пікірінше, Тіл танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы. Бұл тілдің ойды жеткізудегі басты құрал болып табылуымен байланысты. ... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін (8,43).
Ақпараттың ішкі өңдеуге түсуі басқаша айтқанда адамның менталды табиғаты, оның ішкі ойлау механизімдері қазіргі заманғы когнитивтік ғылымның нысаны болып табылады. Ал осыдан өрбитін қоршаған ортаның ойлауда, оның тілде қалай көрініс табатыны сияқты мәселелер белгілі ғалымдар В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Н.Хомский, Н.Я.Марр, Г.Гадамер т.б. қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді тоғыстыра зерттеуде негізделгендігі белгілі.
Когнитивті лингвистиканың қалыптасу, даму тарихы.
Бүгінгі таңдағы танымдық (когнитивтік) ғылым өзінің бастауын ежелгі дәуірден алатындығы белгілі, себебі танымдық ғылымның нысаны болып саналатын таным мен ақыл, олардың өзара қатынасы сонау ерте заманалардан пікірталас тудырып келген түсініктер. Бұл дегеніміз танымдық ғылымның ең маңызды да, басты мәселесі классикалық мәселе - тіл мен ойлау екендігін анықтай түседі.
Поэтикалық мәтіндегі тіл мен ойлаудың өзара қатынасы ертеде философтарды бірден-бір ойландырған мәселе болса да, бүгінгі таңда осы мәселе де күн тәртібінде тұрғандығын көруге болады. Бұның айғағы Платонның Кратилі - тілдің танымдық құрал екендігі жөнінде сөз қозғалған ең алғашқы философиялық талдауы. Тіл жөніндегі Платонның тәржімелеуінің негізі-атаулардың қоршаған ортаны танып білуде абсалюттік дәлме-дәл еместігінде. Платонның пікірі бойынша атаулар көмегімен қоршаған ортаны танып білу танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл процестің ең жоғарғы сатысы байқап бағдарлап, мән-мағынасын түсіне танып білу болып саналады (7). Платонның тілдің танымдық қызметін бүндай шеңберде шектеуі сол дәуірдегі тілді символдық белгі ретінде қарастырмай, табиғи белгі тұрғысынан қарастыру көзқарасының қалыптасуынан деп тұжырым жасауға болады
Ал үндітанушы ғалымдардың пікірлері бойынша, үнді философы Анандавардханидың (IX б.э.) іліміндегі семантикалық өзгерістердің сипаты, ойлау мен тіл арақатынасы (ойдың пайда болуы мен сөзбен жеткізу арақатынасы) мәселелері бойынша айтқан ойлары қазіргі кезде де өз құндылығын жоймаған (4).
Қытайдың конфуциандық ілімін қарастырсақ, бір заттың мағынасын түсіну үшін оның алғашқы идеялық болмысына, идеалдық мағынасына, дұрыс атауларына оралу ғана сол заттың белгілі болуына жол ашады деп түсіндіреді. Ежелгі қытайлық И Чинг (Өзгерістер кітабы) концепциясында адамның ойлау, таным процесі бір-біріне қарама қарсы Ян (позитивті) және Ин (негативті) екі полюстік өлшем арқылы сипатталатындығын мәдениеттану мен философия ғылымдарының негізінде көруімізге болады (31). Дж. Лакоффтың пікірі бойынша қазіргі заманның когнитолог зерттеушілер Ч.Осгуд пен М.Ричардста дәл осыған ұқсас ұстанымды байқауға болады (32).
Мұсылмандық қайта өрлеу кезеңі болып саналатын X ғасырда Абу Хайан тілдің кез келген болмасын элементінің маңыздылығы айта келе, тілсіз ешқандай да ойлаудың болмайтындығы нагізінде тіл мен ойлаудың өзара тығыз арақатынасы туралы айтқан ойларын орта ғасырлық шығармаларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінен көруге болады (33).
Уақыт өте келе тіл мен ойлау мәселесі Лейбництің (форманың мағынаны берудегі ролі), И.Кант пен Г.Фреге еңбектерінде де сөз болады. Соңғысының мағына теориясы жоғарыда атап өтілген Анандавардханидің семантикалық іліміне ұласады.
Демек, сонау Платон ой тоқтатқан тіл мен ойлау, танымдық процесіндегі тілдің алатын өзіндік ролі мәселелері әлі күнге қазіргі заман ғылымдары болып табылатын таным ғылымының нысаны болып саналады.
Әрине, бұл мәселенің ізденіс шеңбері кеңейіп, таным, интенционал, тіл логикасы т.б. ұғымдарымен толықтырылып жаңа концепсиялар, бағыттар негізінде зерттелуде. Қазіргі кезде әсіресе, шет елдік ғалымдарының өзіндік зерттеу нысанына байланысты танымдық бағыттағы көптеген ғылыми ізденістері жарық көрді.
Лингвистика ғылымындағы когнитивті лингвистика деген термин 80-ші жылдары М.Бирвиштің еңбегінде сөз болған. Әйтсе де тілдік құбылысты когнитивтік тұрғыдан зерттеудің жалпы үрдісі 60-70-жылдары амеркандық Хомский, Лакофф, Коок т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылған болатын. Негізіне бұл бағыт өз бастауын В. фон Гумбольдттың лингвистикалық философияға қатысты зерттеулерінен алады деген тұжырым бүгінгі күнгі лингвистика ғылымындағы ғылыми айналымда кең көлемде қолданылады.
Когнитивтік лингвистика ғылымы алғашқыда нейролингвистика ғылымы (жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар) аясында зерттелінді.
Зерттеу барысында ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат-пайымын, ойлау деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген болса, кейін келе адамның танымын, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл ғылымның маңызды аспектілеріне айналады. Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивті ғылымды XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпраттар теориясының сипозиумы деп бағаласа, 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады.
XX ғасырдаң ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропоцентристік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осының нәтижесінде Еуропада XX ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, тамырын тереңнен тартып, терең зерттеліп қанатын кеңге жая түсті. Осы тұста Дж.Лакофф, Р.Лангакер, Т.Ван Дейк, Дж.Хэйман, Х.И.Шмидт, М.Джонсон, М.Виттенштейн, Г.Н.Сент сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көреді. Зерттеушілер танымдық ғылымдар аясында тілдің әлемнің тілдік бейнесін сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады. 1975ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның Когнитивті грамматиканы ұсынамыз атты мақалалары, 1985ж. Ж.Фоконьенің Ментальды кеңістік атты еңбегі 1987ж. Р.Лангакердің Когнитивті грамматика негіздері атты зерттеуінің 1-томы, ал 1991ж. 2-томы жарық көрді. Танымдық мәселелерге өзіндік тұжырммен келген зерттеулер қатарында ғалымдар Дж.Лакоффтың Әйел, от және қауіпті заттары мен М.Джонсонның Тән ойлау үстінде атты кітаптарын да атап өтеді. 80-жылдардың аяқ шенінде Бенджаминс баспасынан Б.Рудзки-Остынның басқаруымен дайындалған Когнитивті лингвистика мәселелері атты көлемді мақалалар топтамасы да шығарылды. Осындай ғылыми зерттеулердің қайсысы болмасын тілдің танымдық ерекшелігін эр қырынан сипаттай отырып, когнитивті лингвистиканың теориялық үстанымдары мен бірліктерін айқындауға, танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосқандығы мәлім. Сол секілді когнитология саласындағы Чейф программасы жады қызметін ұйымдастыру теориясы деп аталып, жадының түрлері мен ерекшеліктерін белгілі бір жағдайларға қатысты зерттеуге бағытталды. Осыған орай, ғалым жадының үш түрлі сипатына анықтама берді: атүсті, қысқа мерзімді және ұзақ уақытты жады деген түрлерінің жіктеліп шыққандығын көруге болады. Р.Шенк пен оның шәкірттері адамның ойлау, әрекеттерін сұрыптайтын кешенді теория мен концептуалды байланыстар тілін ойлап шығарды, оның негізінде ауысудың екі түрі жатты: P-Trans-физикалық ауысу; M-Trans-интеллектуалды ауысу болып табылады. Тіл мен танымның арақатысын толық қабылдай қоймаған бұл ілімнің нақты танымдық үлгілерді құрастыруда, түсіну процесіндегі танымдық күтудің маңызын сипаттауда өзіндік қол жеткізген жетістіктері де болды. Ғалым зерттеуіне қызығушылық, түсіндіру, жады, күту секілді категорияларды арқау етіп, алғашқы когнитивті теориялық бірліктердің тізбегін, когнитивті операцияларды немесе концептуалды нәтижелер заңдылықтарын ұсынғандығын көруге болады. Дж.Лакофф бағдарламасына когнитивті модельдер, семантика, лингвистикалық гештальт, семантикалық прототип теориясы, метафора теориясы сол секілді санаға тәуелсіз шығармашылық деңгейде жүзеге асатын танымдық процестер сияқты мәселелердің де енгендігін көруге болады. Н.Хомский негізін қалаған фразалар мен сөйлемдерді құрастырудағы морфемаларды тіркестірудің жалпы ережелері тіл біліміне маңызды өзгерістер әкелген құнды тұжырымдар қатарында бағаланып, универсалды, кейде генеративті грамматика деп аталды. Ғалымның зерттеулері көптеген осы бағытты зерттеушілерге бағдаршам болды десек те болады. Ж.Фоконьенің ментальды кеңістігі танымдық бағытты дәстүрлі логика-прагматикалық мәселелерімен байланыстырудан туындаған.
1990 жылдарға дейін когнитивті тіл білімі бір-бірімен тоғыса қоймаған жеке зерттеу бағдармаларын, ғылыми көзқарастар жиынтығын құрады. Оған жоғарыда аталған еңбектерге қоса, тілшілер маңызды танымдық қорытындылар жасаған Т.ван Дейктің, Дж.Хэйманның, Т.Гивонның ғылыми көзқарастарын да жатқызды. Когнитивистер тек 1980-1990 жылдардан бастап дүниеге келген жұмыстар ғана жаңа сипаттағы, тың үлгідегі когнитивті зерттеулердің бастамасын құрды деп есептелінді (26).
Халықтың болмыс, тіршілігінің, мәдениетінің, таным-түсінігінің құпия сырлары ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын – тіл арқылы көрініс табады. Тілді танымдық тұрғыда зерттеу бүгінгі таңда дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Адамзат өзін қоршаған дүниелегі әлем бейнесін қалай таниды, ұлттың дүниеге деген көзқарасы негізінде менталитеттік танымдар қалай пайда болады деген сауалдар осы когнитивтік лингвистикада қарастырылады. Жалпы когнитивтік лингвистиканың алғашқы идеялары Гумбольдт, Уорф, Сепир сияқты ғалымдар еңбегінен бастау алып, қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, Б.Дина, Г.Снасаповалардың еңбектерінде қарастырылады. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар – Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Н.Н.Болдырев.Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова т.б.
Когнитивті лингвистика ХХ ғасырдың ортасына қарай қарқынды дами бастады. Осы бағытта көптеген ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді. Зерттеушілер тілдің ғаламның тілдік бейнесін түзу қызметіне ерекше назар аударды. Аталмыш жаңа лингвистикалық теорияның шын мәніндегі концептуалдық қағидаларының негізделуі соңғы жылдары қарқынды зерттелу үстінде.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі теориялық тұжырымдары.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.
Когнитивтік ғылым термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны тәжірибеде қолдану үшін қолданылған болатын. Аталған мәселелерді қамтудың нәтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жүйелерін зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданылады. Танымдық үлгі жүйесіндегі тілдің қызметі жөнінде Г.Харман: Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздылығы-тілдің ойды жеткізудегі басты құралы болып табылумен байланысты... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін (8,43 б)-дейді. Ал В.Гумбольд Язык-главнейшая деятельность человеческого духа, пронызывающая все сферы человеческого бытия и познания-деген болатын. Бұл жөнінде Е.С.Кубрякова: Мы знаем о структурах и сознания только благодария языку, который позволяет сообщить об этих структурах и описать их на любом естественном языке деген де тұжырым жасайды (2,21). Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізуге болады. Яғни, таным негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алады. Сондықтан да тілдің когнитивтік лингвистикада алар маңызды болмақ.
Когнитивтік ғылым саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады.
Тілдік бірліктердің когнитивтік тұрғыдан қарастырылуы адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты.Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт жөнінде Жаналина : Дәстүрлі тіл білімінің шеңберінің кеңеюі тіл мен ойлау арақатынасы мселелерінің шешілуіне жағдай жасайды. Тілдік мәселелердің өзге салалармен байланысы адамның ойлау процестерінің ерекшелігін жете тануды алға тартады. Сондықтан тілдік жүйені когнитивтік парадигмада зерделеуде адамның ойлау процесіндегі білім қоры негізгі категория ретінде танылады.
Таным мен тілдің ара қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының өзегі- дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ,айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз.
Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының жаңа бағыттарының зерттеу нәтижелері негізінде тілдік деректер мен ғылыми теориялардың біртұтас сипатта топтасуы тілдің табиғатын анықтаудың жүйелі үрдісін қалыптастыруда.
Бұл үрдістің негізін қалаған В.Гумбольдт тіл мен рух, тіл мен ойлау, тіл мен сана, тілдік бейнелеу мен таңбаның өзіндік байланысына баса назар аударып, соның негізінде тілдің қызметі мен қолданысын сипаттайтын өзінің ішкі форма туралы ғылыми теорисын, тілді жүйелі түрде зерттеу туралы концепциясын ұсынады. Ғалымның лингвистика ғылымындағы бұл концепциясы бүгінгі таңда антропоцентристік бағытта зерттеу жасаушылардың тарапынан кең қолдау табуда. Демек ішкі форма В.Гумбольдттың пайымдауынша - ойлау материясының элементтерін белгілі бір тілдің онтологиясына сай ұйымдастыру тәсілі, құрылымдық жүйесі.
Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді, тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі – мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.
Лингвистика ғылымының даму тарихында үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстармалы-тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентрлік.
Тілді зерттеудің арнайы әдісі салыстырмалы-тарихи әдіс болғаны бүкіл ХІХ ғасыр тіл білімінің алғашқы ғылыми парадигмасы ретінде сипатталса, ХХ ғасырда жүйелі-құрылымдық парадигмаға сай сөзге, атауға таңбалық жүйе ретінде ерекше көңіл бөлініп, соның негізінде тілдің әр түрлі деңгейдегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарын, қызметін анықтайтын іргелі зерттеулер, оқулықтар және акдемиялық грамматикалар жазылды да көптеген зерттеушілердің арқа сүйер негізгі идеяларына айналды.(Ф.Фортунатов, Бодуен де Куртене, Ф.де Соссюр, А.Мартине, Э.Бенвенист, т.б.)
ХХІ ғасырда тілді өз ішінде қарастыратын зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен ижәне адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз баланыста қарастыру қажеттілігі туды. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми бағыттың және соның негізінде қалыптасқан парадигманың дамуын талап етті.
Демек бұл – тілді зерттеудің мүддесін объектіден субъектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы анықтау болып табылады. Бұл, бір қарағанда, тіл білімі зерттеулерінің жаңа даму сапасы негізінде жасалған жаңа бағытқа қатысты туған жаңа көзқарас сияқты көрінгенмен оның бастау көзі тереңде екенін лингвистика ғылымындағы лингвистикалық мектептердің өмірге әкелген еңбектерінен көруге болады.
Нақты айтқанда, Қазан лингвистикалық мектебінің негізгі жетістіктерінің бірі – ассоциативті-психологиялық негізде айқындалатын теориялық тұжырымдар. Сол мектептің жаңа құрылымдық лингвистиканың көрнекті өкілі Бодуен де Куртенэнің өзі кез келген тілдік единицаны зерттеуде оның сыртқы және ішкі жақтарының байланысына ерекше көңіл бөледі. Ішкі жақтағы психикалық мазмұнды ол семасиологиялық құрылыммен, ал оның көрінісін морфологиямен байланыстырады.
Қазіргі тіл білімінде ұлттық тілдің табиғатын шынайы тану үшін тілдік бірліктерді мәдениетпен сабақтастыра және танымдық тұрғыда тілдік емес мәнділіктермен байланыста ғаламның тілдік бейнесі теориясына сай қарастырылып жүр. Ғаламның тілдік бейне көрністері әр тілдің өзіне тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүниені өзінше тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты, тіл-тілде өзгеше көрініс табады. Қазіргі таңда дүниенің тілдік мәселесі Ю.М.Караулов, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, В.Н.Телия т.б. еңбектерінде қарастырылып жүр.
Тіл қызметінің когнитивтік негіздері
Лингвистика ғылымының даму тарихында бүгінгі күні дәстүрлі үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентірлік.
Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды. Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. "Қабылдау", "ойлау", "тіл", "есте ұстау", "әрекет ету", "білім" тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.
"Қоршаған шындық өмірді саналы түрде тану мен адам тәжірибесін категориялау тілмен байланысты болып келеді, өйткені адамның когнитивтік қызметі барысында алынған мазмұндық ақпарат тіл мен тілдік формаларда көрініс тауып, сөйлеу арқылы білдіріледі. Диалектикалық формадағы когнитивтік процестер тілмен тығыз байланысты, оның себебі тіл адамдардың қоғамдық тәжірибесі мен дүние туралы білімдерін бекітіп отырады. Ал біздің сана құрылымы туралы білгендеріміз тек қана тілге байланысты, тіл осы құрылымдар туралы хабарлауға және оларды кез-келген табиғи тілде суреттеуге мүмкіндік береді" [1,21].
Осымен байланысты назар аударатын жағдай: тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді.
Дәлірек айтқанда, когнитивтік лингвистика дәстүрлі лингвистиканың тар аумақта шектелуін болдырмауды және тілдік "сыртқы" көріністері арқылы танылатын терең әрі жан-жақты заңдарын көріп білуді мүмкін етеді. Қазақ жалқы есімдерін зерттеуге арналған когнитивтік әдіс кезінде тілдік таңбаларда, жалқы есімдерде берілген білімдерді концептілеу мен категориялау процестері ескерілуі керек, суреттелуі тиіс. Дүние туралы ғаламның тілдік бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау тәсілдері тұрғысында карастыру керек.
Е.С.Кубрякованың пікірінше: "лингвист объективтік шындық туралы түсінік соңында жеке, лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс" [2,37].??
Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.
XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді өз ішінде және өзі үшін қарастыратын имманентті зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туып отыр. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми бағыттың және соның, негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигманың дамуын талап етті. Демек, бұл-тілді зерттеудің мүддесін обьектіден субьектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы -және керісінше тілді адам арқылы анықтау болып табылады.
XXI ғасырдағы тіл білімі құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен және тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы деп емес, ұлттық рухани-мәдени коды ретінде қарастыратын антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт, И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес, адам өзінің парасаттық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы алады. Сол себептен де кез келген ұлт тілінің табиғатында сол ұлттың неше ғасырлық терең сырға толы қазынасы, тілі, мәдениетінің қайнар көзі жатады. Бірақ тіл жалпы шындықты емес, адамдардың белгілі бір ұжымы өмір сүретін ортаның шындығын жай көрсетіп емес, суреттеп береді. Және бұл арада тіл дүниені тікелей, тура суреттемейтінін атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай қабылдайтыны, түсінетіні көрініс табады. Сондықтан да В. фон Гумбольдт: Разные языки-это отнюдь не различные обозначение одной и той же вещи, a различные видения ее, деп тұжырымдайды (3). В.Гумбольдт, А.А.Потебня, М.Хайдеггер т.б. тілді рухпен, шығармашылық қызметпен байланыстырады. Яғни тіл-ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі (4). Сондықтан да жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес тілді зерттеуде негізгі назар тілдік түлғаға аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Атап айтқанда, антропоцентристік парадигма бірінші орынға адамды (тілдік тұлғаны) шығарады да, ал тіл адам танымын құрастырушы сипатта қарастырылады (Л.Леви-Брюль, Б.Малиновский, К.Леви-Стросс, Ю.Н.Карауылов, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян т.б.)
Жалпы адам баласына тән бұл әмбебап танымдық үлгілер (модельдер)-тілдің терең құрылымдарында туатын тілдің күрделі когнитивтік қызметінің жемісі. Бұл арада когнитивтік модельдер адамның ойы мен санасының арасындағы аралық бейнені көрсетеді. Яғни қабылданатын ақпарат когнитивті модельдерде кодталады.
Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза, тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б. байланысуы қажет. Осы байланыс адам санасы қалай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай танымға айналады, ментальдық кеңістіктер қалай жасалады деген сүрақтарға жауапты тілдің терең құрылымдарын зерттеу арқылы анықталады да бұл мэселелер этнолингвистикалық аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұрғыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингво мәдениет танымдық сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының жүйесі дүниені тұтас танудың теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайды. Қазақ тілінде когнитивтік лингвистика ғылымының ғылыми-теориялық негіздерімен бірге келелі тұжырымдамаларды айтып жүрген ғалым Ж. Манкееваның тұжырымдауынша мынадай негізгі үш ұстанымдардың негізінде қарастырылады:
1.Қоғамдық тәжірибеге негізделу, яғни дәстүр жалғастығы танымның қазыналық сипаты.
2.Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі - ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіндік жасау. Осыған қатысты мына пікірдің мәні ерекше: Лексема, вопреки принятому мнению, не передет информаций как таковой, она лишь актуализирет, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся у него лексические понятия и тем самым создает базу для передачи информации (5).
Басқаша айтқанда — тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі обьективті шындықты субьективті түрде, яғни символдар арқылы беру.
З.Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол-таным моделінің құрылымдарының тұтасуынан түратынын сипаттайды.
Байқап отырғанымыздай, жоғарыда көрсетілген тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайтын үш сипатының да ортақ қасиеті-тұтастырушылық, тұтас күйдегі таным тудыру. Сондықтан осы қасиеттерге сүйенбей, адамның ментальдық қызметі мен тәжірибесінің қалыптасуы мен сақталуын, ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамассыз ету мүмкін емес. Таза тілдік тұрғыдан ол тілдің кумулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланыста болып, тұтас күйіндегі когнетивті парадигма құрайды - деген тұжырымдама жасайды (6,41)
Тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай когнитивті лингвистика тілдік семантика, жүмсалымдық (функционалды) лингвистика т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде қарастырады. Атап айтқанда, жұмсалымдық лингвистика тілдік құралдарды, когнитивтік модельдер мен тәсілдердің вербализациялануын (тілдік тұлға, ғаламның тілдік бейнесі т.б.) айқындайды.
Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты айтылатын когнитология, когнитив терминдерін қазақ тілінде таным термині арқылы беріліп жүр. Танымды танымдық ғылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағыттағы тіл біліімінің үлкен бір саласы деп атауға болады. Танымдық ғылымның бастауы өте ертеден бастау алатындығына тіл философиясы мен жалпы тіл білімі пәндерінің негізінде көз жеткізуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі нысаны таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой, тіл мен сана болып табылады. Ғылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, әл-Фараби еңбектерінде тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлерді кездестіруге болады. Мәселен, ғұлама ойшыл Платон Кратиль атты философиялық еңбегінде: белгілі бір затқа танылған атаулардың көмегімен қоршаған ортаны тану танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің ең жоғарғы сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады (7,56)-деп, тілдің таным құралы екендігіне ерекше көңіл бөлген. Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғалымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді. Және де бүгінгі таңда лингвистердің зерттеу нысандарының негізгі көзіне айналды деуге де болады.
Когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай анықтама беріледі: Когнитивная лингвистика - это лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнетивный механизм, как когнетивный инструмент-система знаков, играющих роль в репрезинтаций (кодировании) и трасформировании информации.
Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымның маңызын В.А.Маслова былайша анықтайды: Когнитивная лингвистика доплняет анализ языка анализом речи, различных контекстов употробление соответствующих лексем, зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определений в разных словарях и справочныках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в которых концепт репрезентирован (9, 25). Демек, когнитивтік лингвистика когнитивтік жүйедегі лингвистикалық бағыт болғандықтан, тілдің танымдық сипатын тереңнен қарастыруға мүмкіндік береді. Тілдің когнитивтік бейнесін тілдегі кез-келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болады. Мәселен қазақ тіліндегі мақал-мәтел, фразеолизимдер, қанатты сөздер қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер болып табылады.
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл білімінде қалыптасуы
Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды.10 Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К.Ә. Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана" (Алматы: Ғылым, 1998,-1406.) монографиясын атауға болады [11]. Монография авторы алғы сөзде былай деп көрсетеді: "Зерттеу проблемаларын тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық (нақтырақ айтсақ, бұл психофизиологиялық эстетикаға жақындау), психологиялык, (негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады), философиялық, тілдік әдебиеттану (соңғы үшеуі семиотикалық сипатта) тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз [11,5]. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарастырылған [11]. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.
"Тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара қатынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі" [11,3].??
Сондай-ақ ғалымның көрсетуінше, "ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни, сана сыртқы факторларға таңулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманын бойына жинақтау арқылы шешеді" [17,8].
Профессор Ж.Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы" [12,40]. Когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ұғым немесе мәселелер бар. Оның негізгісі - тілдің қызметіне қатысты. "Ғаламның тілдік бейнесі (языковая картина мира)" [12,14]. Ж.Манкеева "тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т.б. мәселелер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз", - деген пікір айтады [12,43]. Профессор Ж.Манкеева аталған мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)13 атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы тілдік тұлға мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді.14
С.Ақаев Сөздің когнитологиялық сипаттары атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова 15 , Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева16 , Н.Зайсанбаевалар 17 метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.
Қазақ лингвистикасының когнитивтік мәселелеріне арналған келесі еңбек қазақ тілінің эпикалық фразеологизмдерінің когнитивтік негіздерін зерттейді.
Ш.К.Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады [29].??
Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс "тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады" [30,3].
Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының Тіл-құралын жоғары бағалай келе, ғалым ...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық ... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нэрсе...түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы (21,39) деген аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде ... өте алыс экскурстерге барды. Әр пікірін халық санасында жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық ұғымдарға, көрініс қалыптарға, образдарға, ұқсата атауларға тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар элеуметтік-мәдени тәжірибемізді әуелі көзқарас (21, 95) деп атады. Сөйтіп өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомииялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвитиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды — деген теориялық тұжырым айтады (22,11-12). Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым А.Исламның пікірінше: Танымдық (когнитивтік) ғылым термині (ағылш. cognitive) алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда жазылып, ментальды яғни, танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасын қолданады (34,71).
Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде былайша: Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік)-табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді - деген анықтама береді (19).
Когнитивті лингвистиканың негізгі категориялары
Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы шарт. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы әлемнің тілдік бейнесін тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: Концептуализация интерпретируется как некоторый сквозной для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц-деген болатын (2, 93).
Қазіргі нейрохирургия мен кибернетика салаларының дамуы нәтижесінде когнитивтік моделге фрейм (М.Минский) және гешальт (Дж.Лакофф) ұғымдары енгізілді. Человек, пытаясь познать новую для себя ситуацию или поновому взглянуть на уже привычные вещи, выбирает из своей памяти некоторую структуру данных (образ), называемую нами фреймом, с таким расчетом, чтобы путем изменения в ней отделных деталей сделать ее пригодной для понимания более широкого класса явлений и процессов (38,49). М.Минский өзінің теориясында адамның ойлауы мен жасанды интеллект арасының ара-жігін ашпайды. Оның пайымдауынша, адамның ойлауы образдарды визуалды көре алатын, семантикалық фреймдер яғни, сөздердің мағынасын түсіне алатын, белгілі бір іс-қимылды қабылдай алатын (сценарийлі фрейм) т.б. ақпаратпен толыққан адам жадында сақталатын құрылымдар яғни, фреймдерге негізделген. Ал белгілі бір ойды түсіну жадында сақталған фреймнің белгілі бір жағдайға сәйкес процеске түсуімен түсіндіріледі. Ал, фреймдер арасында дәл өзіне сәйкес фрейм табылмаған жағдайда, сол ситуацияға мейлінше жақын келер фрейм таңдап алынады.
Т.А.ван Дейк пен В.Кинч гештальтты қолдана отырып белгілі бір мәтінді түсінудің танымдық моделін ұсынды (39). Гештальт термині (неміс. Gestalt фигура, форма, құрылым) психологиялық теория-гештальттық психологиядан бастау алады. Дж.Лакофф белгілі бір құрылымдар арқылы құрылған ой, эмоция, таным процесі, тілді гештальт ұғымымен байланыстырады (40) Бұл ұғымды лингвистикада С.Д.Кацнельсон тілдік механизімдерінің сана механизімдерімен, белгілі бір адамның жеке тәжірибесін құрайтын біліммен тығыз байланыста екенін айтады (41).
Конитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінуде. Когниция-адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп танылады. Тіл білімінде когниция терминімен интеллектуалдылық, менталдылылық секілді атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан негізгі айырмашылығы когниция адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар негізінде көрініс табады. В.А.Маслова: елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген. Когнитивтік лингвиситика тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым (9,85).
Когнитивті лингвистика ғылымының зерттелу барысында батыс еуропалық ғалымдардың зерттеулері көптеген жаңа ғылыми жолдарды қалыптастырды. Ал, когнитивті лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарына тоқталсақ ең алды мен когнитивті лингвистика - ... адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастырылатын лингвистика саласы (Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігі) — деген анықтама берілсе, таным дегеніміз - дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі (20Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 8-т.) болып шығады.
Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымына адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген (23; 53). Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында когнитивті деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келді, сондықтан когнитивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнитивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнетивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнитивті бағытты XX ғасырдың аяғында дүниеге келген көтеріліс, бетбұрыс деп түсіндірді. Нәтижесінде тілшілер когнитивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалады. Сөйтіп, жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнитивті ғылымды немесе когнитологияны, когнитивті психологияны, мәдениеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызды (24,22). Ғалымдардың айтуына қарағанда, семасология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді - деген теориялық байлам жасайды (25,17-19). В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай ой айтады: Мышление представляет собой манипулирование внуренними (ментальными) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур знания (18, 95).
Орыс тіл біліміндегі когнитивтік бағыт.
Когнитивтік лингвистика ғылымның өзектілігі мен оның күрделі проблемаларын шешу мәселесі ресейлік ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистикасының өзекті мәселелері ЮА.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, Н.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көрініс табады. Аталған зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі, негізгі ұғымдары сөз етіледі. Бұл еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын функциясының жоғары екендігін көруге болады. Когнитивті лингвистика ғылымы бүгінгі таңда орыс тіл білімінде бір жүйеге түскен ғылым саласы болып табылады.
Ресейлік зерттеулердің бастамасын 1985 жылы В.И.Герасимов ұсынған шолу, 1988 жылы баспадан шыққан, тілдің когнитивті аспектілеріне арналған Шетел тіл біліміндегі жаңалық атты жинақтың XXIII томын құрды. 1995 жылы жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да Тіл және интеллект деп атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына септігін тигізгендігіне де көз жеткізуге болады. Танымдық тіл білімінің дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің қатарында В.А.Маслова, Ю.С.Степановтың 1997 жылы шыққан Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі зерттеулері көпке үлгі болғандығын айтуға болады. Бұл орыс мәдениетінің құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек бола тұра, концепт, констант ұғымдарының да мәдени негіздерін талдауға бағытталған аса қажет зерттеулер қатарын құрады. Мұнда Шындық, Заң, Махаббат, Сөз, Жан, Ғылым... константтарының сипаттамасы нақтыланып берілді дей келе, автор маңызды лексикографиялық жұмыстарға 1996ж. Е.С.Кубрякованың редакциясымен жарық көрген Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігін жатқызады.
Сонымен қатар Ресейде Новое в зарубежной лингвистике журналының XXIII томында тілдің когнитивтік аспектісі туралы мақала жарық көрсе, 1995 жылы Константы словарь русской культуры атты еңбегінде орыс мәдениетіндегі правда, закон, любовь, слова, душа, грех, наука, интеллигенция, огонь, вода, хлеб, писменность, число, время, родная земля, дом, язык сияқты концептілер қамтылып, когнитологиялық негізде талдау жасалады. Адам іс-әрекеттерінің негізгі ерекшеліктерін түсінуде когнитивистер тілді кілт ретінде қолданады.
Тіл мен таным
Адамзат баласының бітім-болмысының универсалды сипатын айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға көмектесті. Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың қатарына жатады. Сол себептен де жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын әрқайсысының динамикалы қозғалысынан өрбітуді, сол арқылы жеке мен жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат еткендігін де аңғаруға болады. Бүгінгі жербетіндегі қоғамдық құбылыстардағы интеграция процесі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйіктеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден байқағандығын бүгінгі күні тарихи еңбектерден көруге болады. Негізінен олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған болатын. Осы аталған проблемаларға қатысты Э. Оразалиева өз ойын былайша қорытындылайды. Ат қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енген үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар саны көбейе түсетінін дәлелдеген. Демек, адам әрекетінің когнитивті аясы екі категорияға байланысты болады:
-интеллектуалы жоғары категорияларға немесе білім, сана, ойлау, ақыл, шығармашылық, қиял, арман, символ секілді ұғымдардың ерекше ұштасқан әлеміне;
- күнделікті тіршілік категорияларына, яғни практикалық әрекет, естелік, көңіл бөлу, тану, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алар іс қимылдар тізбегіне (Алефиренко, 196) - деген тоқтамға келе отырып когнитивті лингвистика ғылымының негізгі тұжырымдарын былайша көрсетіп береді: 1) когнитивті лингвистика-тіл білімінің маңызды саласы; 2) Тіл мен таным арақатынасы-танымдық лингвистика нысаны; 3) Тілдік заңдылықтар мен танымдық ұстанымдардың адам санасында, жадында көрініс табуы; 4) Когнитивті лингвистиканың өзге ғылымдармен байланысты - деген қорытындыға келеді (27, 22).
"Адам және тіл" мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.
Әрине, тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық қызметі ерекше. Бұл - тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Яғни тіл - тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді. Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да "адам және тіл" аясына сыйғызады. Сондықтан да "адам және тіл" когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. "Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды" [26,9].??
Когнитивтік лингвистика, метафораның когнитивтік теориясы — ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және ассоциациялық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және прагматикалық мағыналардың элементтері бейнеленеді. "Когнитивистикада адам когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен іс-әрекеттер ғана емес, олардың ментальдік репрезентациялары, ішкі көріністері, модельдері, тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері, адамның стратегиялары да зерттеледі, олар білім негізінде іс-әрекеттерді туындатады, яғни адамның когнитивтік дүниесі, оның жүріс-түрысы мен қызметі бойынша белсенді түрде қатысуымен жүргізіледі, адам қызметінің мотивтері мен қондығырларын қалыптастырады, нәтижесін болжайды" [26,7].
Когнитивтік лингвистика дегеніміз - "тілдегі жалпы когнитивтік механизм ретіндегі когнитивтік құрал, яғни ақпаратты репрезентациялау, кодтау және трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт" 22,53].
Когнитивизм туралы В.А.Маслова өз пікірін төмендегіше көрсетеді: В когнитивистике главное внимание уделяется человеческой когниции, исследуются не просто наблюдаемые действия, а их ментальные репрезентации (внутренние представления, модели), символы, стратегии человека, которые и порождают действия на основе знаний; т.е. когнитивный мир человека изучается по его поведению и деятельности, которые протекают при активном участии языка, образующего речемыслительную основу любой человеческой деятельности - формируя ее мотивы и установки, прогнозируя результат [26,7].?? Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны - адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдар мен адамның стратегиялық таңбаларын айқындау керек. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі - оның тілі. Себебі тіл - адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал.
Тілді когнитивтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, тіл объективтік дүниені танушы, оны тілдік формада бекітуші, оның репрезентациясын (ішкі танымын) көрсетуші және сонымен бір уақытта дүниені тану мен игерудің құндылық, тәжірибесін қабылдаушы ретінде қарастырылады. Тілдің осындай когнитивтік ерекшеліктері негізінде когнитивтік тізбектегі тәуелділік пен арақатынастарды орнату мәселелері ақыл-ой (сана) - тіл - ішкі таным (репрезентация) - концептілеу (концептуализация) - категориялау – кабылдау [28,31 түрінде танылады].??
Тіл когнитивтік құрылымдардың ментальдік көрінісі көмегімен дүние туралы білімдерді концептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық бейнесін көрсетіп, түсіңдіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік жүйе дүниенің концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі, рубрикатор болып табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен вербалдану тәсілдерінің, мазмұнын құрайды. Сөйтіп тіл мен тілдік бірліктерді зерттеуден когнитивтік лингвистика тілдік шеңбер аумағынан шығып, жеке когнитивизмнің адам санасындағы ментальдік процестерді басқаратын жалпы принциптері туралы ғылымның мәселелерімен, сондай-ақ лингвонәдениеттану, этнолингвистика, психология, философия пәндерімен байланысады.
Көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негіздері
Поэтикалық көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде сол ұлттың сонымен қатар жекелеген тілдік тұлғалардың санасындағы дүниенің бейнесін, айнала қоршаған ортаның болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын, оның ішкі иірімдерін, толыққандыі тану үшін сол тілді жасайтын адаммен біртұтастықта қарау керек. Аталмыш принципті басшылыққа алатын болсақ антропоцентристік бағыт когнитивтік лингвистиканы дүниеге әкеледі.
Когнитология ғалымның бастауы көне замандардан бастау алатындығы белгілі. Когнитология ғылымының басты нысаны таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным т.б. мәселелері жатады. Адамзат баласы жаралғалы бері тіл мен таным, тіл мен сана, ақыл мен ой т.б. секілді танымдық категориялар бірге жасасып келеді.
Қоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін жіті қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстардың бірі ретінде сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Яғни қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын тебеді де, тіл арқылы халық қазынасына айналады. Сонда тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да қоғам дамуының белестері тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік береді. Сөйтш қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихы оның тілінде, яғни тіл фактілері арқылы біз халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы болып табылады.
Қорыта келгенде тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай когнитивті лингвистика тілдік тұлға, тілдік семантика, жұмсалымдық (функционалды) лингвистика т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде қарастырады.
Қазақ тіл білімінде халықтың, ұлттық болмысын-бітімін, тұрмыс-тіршілігін оның тіл арқылы тану қағидасына сай зерттеу тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыт тілдегі адам факторын тіл табиғатымен тығыз байланыста қарастыратын антропологиялық лингвистика саласының негізін қалады.
Адамзат баласы қоршаған ортаны ой қабілеті мен санасының қуаттылығы арқылы танып біледі. Ал тіл болса, ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Адамзат баласының шындық болмысты танып-білуі барлық халыққа бірдейлігімен қатар жекелеген этносқа қатысты болғанда ерекшелене түсетін тұстары да болады. Яғни таным-түсінік тіл арқылы емес, ми қызметі негізінде жүзеге асады. Ми қызметінің нәтижесінде тілдік бірліктер обьективті дүниемен байланысқа шығады. Ми қызметі арқылы адам дүниені, қоршаған ортаны таниды. Ал осы адам танымының нәтижелері дыбыстық кешендер, яғни тілдік таңбалар негізінде тілден көрініс табады. Дыбыстардың тілде белгіленуі тілдік таңба болып табылады. Осы арқылы тілдің мазмұндық және тұрпаттық межелері айқындала түседі. Демек, тіл-ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным-шындық дүниенің көркем бейнесі. Бұл ғалам бейнесінің тілден көрініс табуы, яғни ғалам туралы ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау-ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымды тудырады. Тіл-ғалам бейнесін обьективтіретін форма. Демек, ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз тілдік жүйеде таңбаланған, тіл арқылы көретін тіл иесінің ғалам туралы білімдерінің жиынтығы. Ғаламның тілдік бейнесінде адамның ғалам туралы түсініктері ғана емес, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі сияқты ұлттық дүниетанымы да көрініс тауып отырады.
Поэтикалық және қара сөзбен жазылған философиялық мазмұнға толы шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы-тілдік таңбаларды, оны құрайтын әлементтерді, олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы-олардың тілдік емес құндылықтарымен, яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ. Ал бұл тұрғыдан алғанда, көркем поэтикалық және қара сөзбен жазылған шығарма, ондағы тілдік бірліктер ақиқат өмірді, яғни ойлау мен тілді ұштастыратын категория ретінде танылады. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тілді мифтік таным тұрғысынан қарастырған Б.Ақбердиева: Тіл-тек ойды білдірудің құралы, яғни оның тікелей құрылысы емес. Тіл ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде қарап беруші құрал. Яғни, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады,-деп жазады (45,43)??
Тіл - ұлттық дүниетаныммен тығыз байланысты күрделі ұғым. Қандай да болмасын этностың тек өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным дегеніміз - қандай да бір этностың басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі, өмір сүру дағдысы, адам және оның сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы. Когнитивті лингвистиканың дамуымен тікелей байланысты анықталып алуға тиіс бірнеше ұғымдар мен бірліктер және көптеген мәселелер бар. Олардың негізгісі-тілдің қызметіне қатысты ғаламның тілдік бейнесі теориясына қатысты болып келеді (языковая картина мир). Адам дүниені жалпы адамзаттық және ұлттық қоғамдық-тарихи тәжірибе негізінде бейнеленген тіл арқылы таниды. Онда ұлттық тәжірибе тілдің ерекшелігін анықтап, соның негізінде, сол тілде сөйлеушінің санасында, соған сай өзіндік дүниенің тілдік бейнесін жасайды (Кондильяк, Гумбольдт, Сепир т.б.). Э.Сепир былай деп қорытады: ... реальный мир в значительной 'мере неосознанно строится на основе языковых привычек той или иной соцальной группы. ... миры, в каторых живут различные общества-это разные мира ...
Тіл мен таным бірлестігінің өзіндік ерекшелігін, танымдық категориялардың Шәкәрім шығармаларындағы көрінісін когнитивтік аспектіде қарастыру арқылы тың да соны мәліметтермен қарулануға болады. Ол үшін ең алдымен ақын шығармаларының ерекшелігі мен қатар өмір жолдары мен жете танысу арқылы ғана танымдық ақпараттарға қол жеткізуге болады.
Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымындағы тілтанымдық зерттеулер негізінде көркем поэзия мен қара сөзбен жазылған шығарманың тілдік ерекшеліктерімен қоса дүниетанымдық ерекшеліктерін де зерттеу қолға алынды. Бұл көркем поэзия мен қара сөзбен жазылған шығарма авторының тілі мен дүниетанымдық ой-пікірін, көзқарасын тұтас ұлт тілі, ұлттық ерекшелік ретінде танып білуге әкелді.
Ұлттың дүниетаным мен ақын жазушының қиял дүниесі мен таным дүниесінің диапазонын көрсете отырып, автор ұлттық дүниетанымы мен астасып жатады. Көркем шығармалардағы ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісін бірнеше жікке бөліп қарастыруға болады. Олар негізінен: ұлттық мәдениет; ұлттық өнер; діни дүниетаным мен ұлттық таным әлемі.
Ұлттық мәдениет: ұлттық салт-дәстүр мен жол-жоралғының көркем шығармадағы тілдік көрінісі болып табылады.
Ұлттық өнер: халықтың ұлттық тұрмыс-тіршілік нышандарының көркем сөзбен суреттеліп берілуі.
Діни дүниетаным мен ұлттық таным әлемі: қазақ ұлтының діни дүниетанымдық түсініктері.
Қазақ халқының ұлттық өмірі, оның бүгіні мен өткені, танымы мен діні, флора-фаунасы, мінезі мен психологиясы оның тілінде, әсіресе тұрақты сөз тіркестерінде, ауыз әдебиеті мұраларында, ән-күй өнерінде және т.б. халықтың білім жүйесінен, әдеби-жазба, этика-эстетикалық және халықтық педагогика дәстүрлерінде қалыптасқан тілдік құралдар арқылы тануға болады. Академик Ә.Қайдар былай деп атап көрсетеді: "Әрбір дәуірде өмірге қажет болған ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тіл фактілері арқылы ғана бізге жетуі мүмкін" [47,34]. Әрбір тіл шындық өмірді қабылдау мен ұйымдастырудың белгілі бір тәсілін бейнелейді, мұнда осы тілде берілетін мағыналар дүние көрінісінің біртұтас жүйесіне жинақталады .
Ұлттық дүниені қабылдау ерекшеліктері өмір салтымен және этностың шаруашылық жүргізуімен байланысты, осы салт-дәстүр мен шаруашылықтың жүргізілуі қазақ тілінің топонимдік кеңістігін қалыптастырады, жүйелейді, құрылымдайды. Географиялық қоршаған орта шындықты қабылдаудың жүйелілігі мен байланыстылығын, қазақ топонимиясының таңбалық жүйесін қалыптастырады.
В.В.Воробьев ұлт тілі мен мәдениеттің өзара байланысы туралы былай деп жазады: "Тіл дегеніміз - қарым-қатынас пен ойды білдірудің аса маңызды құралы ғана емес, ол сондай-ақ мәдениет білімдерін жинақтау құралы болып табылады. Күрделі таңбалық жүйе бола отырып, тіл ақпарат беру, сақтау, пайдалану және иелену құралы да бола алады. Тіл сияқты мәдениет те ақпарат беруге қабілетті таңбалық (семиотикалық) жүйе болып саналады, бірақ оның тілден айырмашылығы - ол өз бетінше ұйымдасуға қабілетті емес, өйткені мәдениет дегеніміз - ең алдымен жады, ес, күрделі семиотикалық жүйе, оның қызметі - жады, ес, ал негізгі қасиеті - жинақтау мен шексіз жалпылыққа талпыну. Өзінің шексіз бірегейлік қасиетіне талпыныста болған тұлға қарым-қатынас мәдениеттер диалогынан тыс қала алмайды. Сонықтан тіл – ұлт (ұлттық тұлға) - мәдениет - лингвомәдениеттанымдағы орталық үштік (триада), осы ғылым саласындағы аса маңызды мәселелер түйісетін және шешілетін орталық нүкте (фокус) болып табылады [48, 12 - 13] ??
Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этика-эстетикалық, рухани және тұрмыстық қатынастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құалдар арқылы зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. Осы тұрғыдан алғанда лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын, мәдениетін таныту.
Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік зандылықтарына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тимек. Ал, лингвомәдениеттану латынның Linqua -тіл, Cultura — мәдениет, Loqos — ілім деген терминдерінің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін зерттейтін сала.
Демек, этнолингвистикамен сабақтас, этнос болмысының сан түрлі қырын зерттейтін, этнос тіліне жалпы қатысы бар ғылымның бір саласы — лингво-мәдениеттану. Бұл сала этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты болмаса да, этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас.
В.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды: "...мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, халық мәдениетін танытушы ғылым саласы" [49,9].??
Мәдениеттің әр түрлі көріністері мен қызметін мәдениеттану зерттейтіндігі белгілі, өйткені лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен XX ғасырдың 90-шы жылдарында өз алдына жеке, жаңа бағыт пайда болды, бұл бағыт В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және ғалымдардың еңбектеріне байланысты лингвомәдениеттану" деген атауда иеленеді.
Білімнің жаңа бір өз алдына жеке саласы ретінде лингвомәдениеттаным ерекше міндеттерді шешіп, бірқатар мәселелерге жауап беруі тиіс, бұл мәселелерді В.А. Маслова келесі түрде атап көрсетеді:
1) мәдениет тілдік концептілердің жасалуына қалай қатысады;
2) тілдік таңба мағынасының қай бөліміне "мәдени мағыналар" ұғымы бекітшіп көрсетіледі;
3) осы мағыналар сөйлеушілер мен тыңдаушылар тарапынан таңбалана ма және олар тілдік стратегияға қалай әсер етеді;
4) шындығында тіл тасымалдаушының мәдени—тілдік хабардарлығы, компетенциясы бар ма, соның негізінде мәдени мағыналар мәтіндерде орын алып, тіл тасымалдаушылар тарапынан таныла ма;
5) бір мәдениеттің универсалияларды мәдениетті көрсетуге бағытталған мәдениет дискурстары, концептілік саласы (осы мәдениеттің негізгі концептілерінің жиынтығы) қандай, осы тілдік таңбалардың мәдени семантикасы әр түрлі екі сала болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара әрекеті негізінде қалай қалыптасады;
6) осы ғылымның негізгі ұғымдарын қалай жүйелеуге, яғни ұғымдық аппаратты қалай құруға болады.
Когнитивтік лингвистикадағы әлемнің тілдік бейнесі теориясы
Ғалам бейнесі (картина мира) когнитивтік модельде айқындалады, сондай-ақ ол ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады. Ғаламның тілдік бейнесі негізінен адамдар санасындағы әлемнің логикалык бейнесімен сәйкес келеді. Ал ғаламның кез келген ұлттық тілдік бейнесінің әмбебаптығы өзіндік ерекшелігін айқындайтын метафора, теңеу және концепт болып табылады. Осы механизмдер негізінде ғалам бейнесі танылады, тілді игеру, табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану, оны түсіну моделін құрау тұрғысынан кештеледі. Бір жағынан когнитивтік лингвистика бұл моделді тек бүкіл когнитивтік ғылымдар шеңберінде ғана жасай алады. Ол ғылым білімнің әр түрлі типтерін, олардың ұйымдастырылу және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді.
В.А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттерді жатқызады:
1 .Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы, қимылдың өрістеу қалпындағы тілдің рөлі.
2.Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер.
3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу.
4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі бөлігі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу.
5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері" [50,25].??
Ғалам бейнесі (картина мира) когнитивтік лингвистикадағы басты термин болып табылады" [50,14]. ?? Ғалам бейнесі ("ғалам образы" немесе "ғалам моделі") терминдері мен ұғымдары Е.Ә.Керімбаевтың жұмысында ономастикалық номинацияны суреттеуде, ұлттық ономастикалық сөздіктің экстралингвистикалық берілімін түсіндіруде қолданылады. "Ғалам образы", "ғалам туралы білімдер жүйесі" ұғымдары адамға, ұлттық тіл мен ұлттық, жалпы халықтық ономастикон жүйесіндегі адамға, сонымен қатар тілде, тілдік қызметте, абстрактылы және нақты ұлттық тілдік тұлға мен қазақ тілдік тұлғаның жеке ономастиконына қатысты түрде түсіндіріледі [51,178]. Тілдік тұлғаның сөйлеу, ойлау қызметінің базасы ретінде ғаламның жеке және субъектілік бейнесін қарастыру кезінде "ғалам бейнесі дегеніміз - адамның дүние танымындағы субьектілік және объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени тарихи субстанцияның синтезі екендігін еске алу қажет" [52, 49],?? - деп атап көрсетеді.
Ғалам бейнесі - "қоршаған орта мен адам туралы ақпаратты қайта өндеудің нәтижесі" [26,5]. Ғалам бейнесі дүниенің біртұтас ғаламдық образы, ол адамның бүкіл рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады.
Г.A-Брутян, Р.И.Павиленис т.б. философтар, Ю.Н.Караулов, Г.В.Колшанский, В.И.Постовалова, Г.В.Рамишвили, Б.А.Серебренников, В.Н.Телия сияқты лингвистер тарапынан ғаламның концептілік және тілдік бейнесі ажыратылып көрсетідді. Тілдік формада берілген дүние у туралы білімдердің жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде "ғаламның тілдік көрінісі", бірде "ғаламның тілдік моделі", бірде "ғаламның тілдік бейнесі", бірде "тіл аралық ғалам " деп көрсетіліп жүр [1,51].??
Қазақ тіліндегі ғаламның мифологиялық тілдік бейнесі бинарлық оппозициялар жүйесінде Б.К.Ақбердиеваның Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар" (қазақ тілі материалы бойынша) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылады [45]. Осы диссертацияда ғаламның мифологиялықмоделі негізінен қазақ тілінің жалпы есімдері мен фразеологизмдері материалы арқылы құрылады.
С.Е.Керімбаеваның диссертациясындағы ғаламның мифологиялық моделі үш деңгей негізінде жалқы есім тұрғысынан қарастырылады: "Қазақ мифологиялық жүйесіне көптеген әлем халықтарының мифологиялық жүйесі сияқты әлемнің жоғары, орта, төмен деп аталатын үш деңгейлі моделі тән. Мұнда жоғары - аспан, орта - жер, төмен - жер асты әлем деңгейлері мүшеленеді әрі сәйкестендіріледі" [53,20]. ??
Ғаламның тілдік бейнесінде сыртқы дүниенің өзі емес, сыртқы дүние туралы ментальдік түсініктердің жүйесі - концептілік жүйе беріледі, сонымен қатар тілден тыс, лингвистикалық емес факторлардың өзгеруі әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Когнитивтік лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі концептілерді бөлу мен ішкі танымын ашу (репрезентация) негізінде зерттеледі, концептіге ұғым енгенімен, ол сонымен аяқталып қалмайды, қайта сөздің барлық мазмұнын қамтып отырады. Осыған орай сөздің алуан түрлі ассоцациялық байланыстары арқылы құбылыстар туралы мәдениетті тасымалдаушылардың түсінігін бейнелейтін денотативті (таңбаланушы) және коннотативті (қосымша мағына) мазмұн болмақ. Ол өз ішіне көптеген лексикалық бірліктердің мағыналарын жинақтайды. Концептіде әрбір тілдік тұлғаның мәдени деңгейі іске асады, ол концептінің өзі сөзде ғана емес сондай-ақ сөз тіркестерінің, дискурста сөйлеуде, мәтіндердеде жүзеге асырылады.
Дүниенің тілдік бейнесінің әр этноста әр түрлі болуы, сол этностың тәжірибесімен, білімімен байланысты, себебі тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен тікелей байланысында емес, адамның өмірінен көрген білгені, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Әр ұлттың, әр халықтың өмірлік тәжірибесі әр түрлі болғандықтан, дүниенің тілдік бейнесі де, сол қоғамда өмір сүрген адамдардың тәжірибесі де әр түрлі болмақ, сондықтан тілдік тұлға ретінде олардың когнитивтік санасындағы дүниенің тілдік бейнесінде айырма болады. Сөздің артында ақиқаттың, шындықтың үзігі тұрады, оның тілдік бейнесі әр халықта әр түрлі болмақ. Дүниенің жалпыға бірдей болуы, ұқсас заттардың болуы олардың санада бейнеленуінің ұқсас болуын қамтамасыз етеді, алайда адамзатқа ортақ нәрсенің негізінде ұлттық ерекшеліктер жасалады.
Дәлірек айтқанда, когнитивтік лингвистика дәстүрлі лингвистиканың тар аумақта шектелуін болдырмауды және тілдік "сыртқы" көріністері арқылы танылатын терең әрі жан-жақты заңдарын көріп білуді мүмкін етеді. Дүние туралы ғаламның тілдік бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау тәсілдері тұрғысында карастыру керек.
Е.С.Кубрякованың пікірінше: "лингвист объективтік шындық туралы түсінік соңында жеке, лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс" [2,37].?? Тіл теориясында ғаламның тілдік бейнесі жөніндегі ұғымның пайда болуы тіл мен ойлаудың тепе-тең еместігін және тілдік ойлаудың мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Ол әр халықтың (әр түрлі деңгейдегі, уақыттағы әлеуметтік, этностық т.б. топтың) әр түрлі ойлауымен тығыз байланысты. Сондықтан көптеген ғалымдар (Дж.Харрис т.б.Увдиоэтникалық негізді көбінесе лексикадан анықтап және номинациялық таңдауды халықтың өмір салтымен, көзқарасымен байланыстырады да (Локк), грамматикалық формалардың категориялық мағыналарын әмбебеп, жалпы деп санайды. Э.Б.де Кондиляк, И.Гердер, В. фон Гумбольдттан бастап дүниені тіл арқылы бейнелеуді қалыптастыруда, халықтың рухын беруде грамматиканың ерекше екені көрсетіледі. Гумбольдттың пікірінше, грамматиканың рухтық ерекшелікке туыстығы лексикадан да күшті (3).
Когнитивті лингвистика ғылымындағы ғаламның тілдік бейнесі теориясының тілдегі номинация, таңба, уәж т.б. мәселелерімен тығыз байланыстығы мен сабақтастығын былай қойғанда, грамматикалық құрылымға тікелей қатысты болады. Осыған орай ғылымның диалектикалық әдісіне сай уақыт факторларының мәні ерекше екенін аңғаруға болады. Демек ғаламның тілдік бейнесі де тілдің даму барысымен, мәдени рухани және сананың дамуымен байланысты мифтік ойлаудан поэтикалық ойлау дәрежесіне дейін өзгеріп, дамып отырады. Тілдік семантиканың құралдары арқылы тілдік санада сақталған дүниенің бейнесі уақыт пен кеңістіктегі мезгілге сай белгілі бір дәрежеде реликтілік, архайкалық деңгейде сақталуы мүмкін. Бірақ олар-тілдің ұйымдастыруымен сақталған дүниенің тұтас тұжырымдамасы (концептуализация), тілдік үжымның лексика, фразеология, грамматикада көрініс тапқан ұлттық-мәдени тәжірибесінің тілдегі көрек бейнесі болып табылады. Когнитивті лингвистика ғылымындағы көптеген ұғымдардың негізгісі дүниенің тілдік бейнесі теориясының негізін В.Гумбольдт т.б. салса, одан әрі дамытқан-Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич т.б. Батыс Еуропаның көптеген универистеттерінде тіл мен танымды адаммен бір тұтастықта қарастыратын ғалымдардың лингвист-антрополог деп аталуы кездейсоқтық емес. Жоғарыда көрсетілгендей, адамның санасы, болмысы және рухани негіздерінің тығыз байланыстылығы, дәстүр жалғастығы мен сақталуы тек тілге тікелей катысты болып келеді. Ал адамның этностық ұғымда танылуы-белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада, ұжымда қалыптасқан танымның тілдегі көріністері мен осыған байланысты этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатында туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы-этнолингвистика деп аталады. Тіл әлемнің табиғаты мен болмыс бітімін жан-жақты зерттеу барысында жіктелген социолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану салаларынан этнолингвистиканың ерекшелігі, тұтастық сипатын - академик Ә.Қайдар атап көрсеткендей, оның этностың инсандық һәм дүнияуи табиғатын тереннен танып білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп мақсат ететін ғылым екендігінде (10).
Танымдық тіл біліміндегі концепт.
С. Р. Воркачев: концепт - бұл мәдени белгіленген вербальдық мағына, сөйлеушілердің өзіне тән тілдік қолданыстарын айту үшін жеке концептіні тілдік тұрғыдан түсіну үшін, соған сәйкес лексика-семантикалық парадигма жасалады - десе (24, 47), академик Д.С.Лихачев: концепт қатарына кіретін лексемалардың (өмір, махаббат, ес, бақыт, іс-әрекет т.б) мағынасы ұлттық тілдік сана мен ұжым тілінің қарапайым әлем бейнесін жасайды. Бұндай концепттердің жиынтығынан тілде концептілік қабат құралады - деп тұжырым жасайды (25,3).
В.И.Поставалова концептілік талдау мақсаты-бір ғана таңбаның аясында жинақталатын жалпы концептілерді тауып, когнитивті құрылымындағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау деп түсіндіреді (58, 80).
Қазақ тіл білімінде концепт теориясы мен құрылымдары біршама зерттелді. Концепт теориясы қазақ тілі лингвистикасында Г.Снасапова, Ш.Елемесова, М. Күштаева, С. Жапақов, А. Әмірбекова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жан жақты қарастырылған.
Тіл білімінің когнитивті саласы ақиқат дүниенің санадағы таңбасын зерттеуді қолға алғаннан бастап-ақ қазақ тіл білімінде де ұлттық мәдени таным өрістері мен дүниенің тілдік бейнесі және көркем мәтін тіліне концептуалдық талдаулар жасала бастады
Сөзде заттың өзі белгіленбейді, аталмайды, зат туралы адамның санасында бейнеленген түсінік қандай да бір концепт аталады. Қандай да бір сөз болмасын оның толық концептісі семантикалық және тілдік единицалардың жиынтық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және тілдік единицалардың, жиынтық, асроциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және прагматикалық, мағыналардың әлементтері міндетті түрде бейнеленеді. Біз бұдан жалқы есім лексемасының концепт құрудағы өзінің лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық өрісі кең атаулар лексемасын концепт ретінде танып білеміз. 57 ??
Концепт - ұлттық болмысқа негізделген ұжымдық және тұлғалық санадағы ақпараттар бірлігі ретінде танымдық лингвистиканың басты ұғымы болып табылады. Ол зерттеудің түрлі қырларына қарай лингвомәдениеттану, психолингвистика және когнитивті линвистикада жан-жақты қарастырылуда.
Ал, А.В.Маслова концептінің бірнеше анықтамасын төмендегіше келтіреді: "... концепт - біздің санамызды ментальдік немесе психикалық ресурстарының бірліктерін және адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпаратты құрылымды түсіндіру қызметін атқаратын термин; концепт - сақтаудың, ментальдік лексиконның, концептуальдық жүйе мен тілдің, ақыл-ойдың, адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық бірлігі; концепт - өзінің іске асырылатын бүтін бір тілдік тобымен берілетін, тиісті лексика-семантикалық парадигма жасайтын, мәдениеттің таңбаланған вербалді мағынасы, сондай-ақ тіл арқылы айтылатын этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі" [26, 35].
В.А.Маслова концептіге өз ұғымы бойынша тағы да төмендегідей анықтама береді: "... ол лингвомәдени ерешелікті таңбалаған және белгілі бір тұрғыда этномәдениетті тасымалдаушыларды сипаттайтын семантикалық жасалым. Концепт этникалық дүниетанымды бейнелей отырып, дүниенің этникалық тілдік бейнесін белгілейді, "болмыс шаңырағы" құрылысындағы бір кірпіш болып табылады (М.Хайдеггер бойынша). Сонымен қатар ол - бүкіл адам әрекетінің мазмұнын бейнелейтін өзіндік бір білімдер жиынтығы. Концепт сөз мағынасынан тікелей туындамайды, ол өзінің сөздік мағынасының жеке адамның және халықтың тәжірибесімен түйісуі болып табылады (Д.С.Лихачев бойынша). Сондай-ақ концепт эмоциялық, экспрессивтік және бағалаушы қасиеттерге ие" [26, 36].
В.А.Маслованың концептіге берген келесі анықтамасы төмендегіше: "Сонымен, концепт дегеніміз - мәдениетке сіңдірілген ұғым (Н.Д.Арутюнова және В.Н.Телия бойынша). Ол коннотацияларға ие, өз табиғаты жағынан бағалы, аксиологиялық қасиеті бар, тілде атауға, есімге, атауларға, есімдерге ие" [26, 36]. "Концепт" терминін анықтауда логикалық, философиялық, когнитивтік, лингвомәдени әдістер өз ықпалын тигізеді. Концептіні анықтаудағы логика-философиялық әдісте концепт — ұғым мазмұны ретінде түсініледі, яғни мағына қалай ұғынылса, ол да солай ұғынылады. Философтар концептіні мағына сияқты түсіндіреді: "Дүниені қабылдаудың "жай" тәсілдері көру, есту, дәм сезу, иіс сезу— мағына жасаудың немесе концептілер, дүние нысандарын жасаудың бірден – бір тәсілдері болып табылады. Бұл объектілер мағынаға жатқызылатын немесе берілетін дүниенің таңбасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай мағыналар немесе концептілер, өз кезегіңде, адам өміріндегі бар объектілер туралы не болған ақиқатты немесе жалған ақпаратты негізге алады. Жаңа мағыналар бүрынғылардың негізінде жасалады" Концепт сөздерді анықтау принциптері кейбір ғалымдардың топшылауынша субъективті түрде жүргізіледі. Мысалы, "Тіл логикалық тұрғыдан талдаумен" айналысушы топтардың өкілдері көптеген концепт сөздерді "философиялық ғылыми категориялар" және "практикалық философия ұғымдарың беруші сөздер" деп шектеуге тырысады. Олар концепт сөздерді бірнеше ондаған сөздердің төңірегіне шоғырландырғанды қуаттайды. Әрине, концепт сөздерге бұлай қарауға болмайды, себебі тіліміздегі мыңдаған деректі, дерексіз сөздер ондағаң концептінің аясына сия бермейді.
"Концепт" терминін логикалық-философиялық тұрғыдан түсіну, өзіміз байқап тұрғандай лингвистикалық жұмыстарда да орын алған. Бұл әдісте концепт сөз мағынасына теңестіріліп, адамның ментальдік қызметіне жатқызылады.
Ал сөздердің мәдени концепті қатарына енуі олардың прагматикалық, семантикалық сипаттарына байланысты. Біз концепт терминінің қазіргі тіл ғылымында қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара сабақтаса байланысының күшейген тұсында өзіндік мәнге ие болады деп түсіндіреміз. Логикада "концепт" термині "ұғым, түсінік" терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сонымен біз концепт ұғымын адамның әлем туралы өз бойына жинақтаған мәдени түсініктерін бейнелейтін ғаламның тілдік бейнесі ретінде танимыз.
Концепт - тіддік ескерткіш болып табылады. Осы орайда "концепт тұрақтылықты сақтай ала ма немесе уақыт ағымына орай өзгеріске түсе ме?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа бір жақты жауап беруге болмайды, бір жағынан концепт өзгермейді, ол сөздің тұтас мағынасын сақтайды, екінші жағынан концепт адам тәжірибесін бейнелей отырып толығуға, өзгеруге бейім сондай-ақ беретін ұғымның толыққанды, жан-жақты тереңділігімен ерекшеленеді. Бұл арада концепт бүрынғы мағыналар мен жаңа мағыналарды біріктіріп ұстайды, онда сөз антикасындағы болатын өзгерістер "программаланған" болғандықтан концепт сөздерді меңгере отырып, тұрақты болып қалады, сонымен қоса концепт әр кезде біздің алдымызда жаңа бір кейпінде көріне алады, осылайша концепт ғаламның тілдік бейиесін ұғынуға мүмкіндік береді.
Концептіні лингвомәдени тұрғыдан түсіну кезінде, ең алдымен концептінің этномәдени ерекшелігі аталып өтіледі. Сондай-ақ, концепт өзінің әрекетке асырылуының бүтін бір тобымен тиісті лексика-семантикалық парадигма жасайтын мәдени түрде таңбаланған ауызша мағынасы, тіл арқылы айтылатын және этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі.
Ю.С.Степанов "Концепт - адамның ментальдік дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы",— деп жазады. Ол концептінің күрделі құрылысына төмендегідей сипаттама береді: бір жағынан алып қарағанда оған ұғым құрылысына қатыстының барлығы жатады, басқа жағынан алғанда концепт құрылысына оны мәдени факті ететіндердің барлығы, бастапқы формасы, этимологиясы, қазіргі ассоциациялар, бағалаулар жатады" [59, 41].
Атап айтқанда, концептінің лингвомәдени аспектілері концептіні түсінуде когнитивтік әдісті тілдік таңбадағы концепт мазмұнын (Н.Д.Арутюнова, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев, Н.Ф.Алефиренко және т.б.) жаңа ғылыми парадигма - лингвоконцептология шеңберінде қалыптастыратын когнитивтік семантика бірліктері ретінде когнитивтік әдісті біріктіруге мүмкіндік берді.60 Өзімізге белгілі болғандай, жалқы есімдер осы мәдениеттің өзіндік семантикалық ерекшелігін бейнелейтін этникалық мәдениеттің тілдік есімдері болып табылады. Жалқы есімдердің өз табиғатын құрайтын лингвомәдени және когнитивтік аспектілердің өзара Диалектикалық байланысына негізделген жалқы есімдердің осы бір онтологиялық белгілері, біздің қөзқарасымыз бойынша, оларды лингвистикалық концептологияның жаңа бағыты шеңберінде зерттеу тиімді болып саналса керек.
В.А.Маслова орыс мәдениетінің концептілік саласын (концептосферасын) қарастыра келе былай деп жазады: "Барлық концептілерді: 1) дүние (әлем) - кеңістік, уақыт, caн, отан, тұманды таң, қысқы түн; 2) табиғат және апат — су, от, ағаш, гүлдер; 3) адам туралы түсінік — жаңа орыс, зиялы қауым, данышпан, ақымақ, ақылсыз, жиһанкез; 4) адамгершілік концептілер — ар - ождан, ұят, күнә, шындық, ақиқат, шынайылық; 5) әлеуметтік ұғымдар мен қатынастар - бостандық, ерік-жігер, достық, соғыс және т.б.; 6) эмоциялық концептілер: бақыт, қуаныш; 7)артефактілер дүниесі (әлемі) - гибадатхана (храм), үй, геральдика (гербтер мен олардың тарихын зерттейтін ғылым саласы), сакральдық заттар (қоңырау, шам және т.б.); 8) ғылыми білімнің концептілік саласы (концептосфера): философия, филология, математика және т.б.; 9) өнер концептілік саласы: сәулет, сұңғат (живопись) музыка, би және т.б. [26,70].
Осы жіктемеде атап айтқанда орыс мәдениетіне тән ұлттық және әмбебап концептілер берілген (мәселен, тұманды таң, қысқы түн, жаңа орыс т.б.).
Жалпы адамзатқа тән концептілерден міндетті түрде ерекше бір ұлттық концептілер көрінетіндігін атап өту қажет, өйткені жалпы адамзат мәдениеті ұлттық мәдениет бояуларынан құралады. Қазақ жалқы есімдері материалдары негізінде қарастырылушы концептілер ұлттық, этникалық бояуға ие, сондай-ақ аталған концептілердің қазақ мәдениетінің түрлі жактары мен құбылыстарына қатысты болуы көңілге күдік тудырмайды.
Адамның ақиқат дүниеге қатынасы тілдік құралдар арқылы беріліп, соның негізінде ақпарат жүйесі қалыптасады. Бұл ғалам бейнесін бейнелейтін ақпарат жүйесі ақындардың ғалам туралы концептуалды тұжырымдамаларынан көрінеді. Демек, көркем шығармаға тіліне (поэзия тілі болсын немесе проза тіліндегі философиялық этюдтерді) концептілік талдау ғаламның тілдік бейнесі туралы білімді анықтау үшін қажет. Қандай да бір көркем шығарманы тек лингвистикалық талдаумен, яғни шығарманың көркемдік ерекшелігін талдаумен шектеуге болмайды. Мұндайда автор шеберлігі, оның ақиқат дүние туралы таным-түсінігі, көзқарасы айқын көріне бермейді. Осы ретте концептілік талдау автордың ақиқат дүниеге қатынасын айқындап, көркем шығарманы талдаудың екінші бір қырын ашатын бірден бір тілдік құрал ретінде қызмет етеді.
Концепт бір сөздің беретін ұғымы мен түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Концепт пен ұғым екеуінің аражігі бұл күндері толық ашылған логика лингвистикалық бірліктер болып табылады. Ол тілдік бірліктердің қандайда болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгідей алатын, семантикалық өріс ретінде көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды.
Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты.
Концептуалды метафора – адам танымында ұқсату заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына. Метофораның когнитивтік теориясы туралы Эрл Маккормак: Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуді тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек (22,56),-дейді. Ғалым когнитивтік лингвистикада метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастырылуына көңіл бөледі. Метафораның когнитивтік бағыттағы танымдық құралы екендігі турасында зерттеушілер мынадай қызметтеріне тоқталады:
- болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беру;
- абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай метафоралар ғылымда концептуалды метафора деп аталып жүр. Қазіргі тіл білімінде метафораны танымдық сипатта қарау оның бағалауыштық, біртұтастық, эмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады;
- метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі. Метафораның бағалауыштық мәнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы тілдік дәстүр жалғастығы мен ондағы құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері адами құндылықтарды тану (ар, иман, мінез, жақсылық, махаббат, тағдыр т.б.) нәтижесінде көрінеді;
- метафораның индивидуальды - авторлық дүниетануды қалыптастыратын көркем сөз атрибуты екендігін Абай мен Шәкәрім шығармалары негізінде де дәлелдеуге болады. Мәселен, қос ақынның шығармаларындағы ызалы жүрек долы қол; бес нәрсеге асық болу; үйренуге болма намыс, үйретуге болма кер; сынды метафоралар авторлық қолданыстан туған концептуалды метафоралар.
Поэтикалық көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде сол ұлттың сонымен қатар жекелеген тілдік тұлғалардың санасындағы дүниенің бейнесін, айнала қоршаған ортаның болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын, оның ішкі иірімдерін, толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын адаммен біртұтастықта қарау керек.
Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады. Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі тандағы дамуы лингвистикалық зертгеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз кұрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.
Қазіргі лингвистика тілді адаммен, объективтік шыңдықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ой, санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады.
Бақылау сұрақтары
1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны, әдіс-тәсілдері.
2. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері.
Когнитивті лингвистиканың тіл білімінің жаңа ағымдарымен байланысы, олардың зерттеу объектісіне қатысты ортақ мәселелер мен айырмашылықтар.
3. Психолингвистика және когнитивті лингвистика.
4. Когнитивті лингвистика және тілдік қатынас.
5. Когнитивті лингнвистиканың этнолингвистикамен, лингвомәдениеттаныммен байланысы.
6. Әлеуметтік лингвистика және когнитивті лингвистика.
7. Когнитизм және когнитология. Когнитологияның жеке тармақтары.
8. Ғылыми когнитологиялық федерация туралы түсінік.
9. Когнитивті психология. Когнитивті социология. Когнитивті антропология. Когнитивті лингвистика.
10. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны.
11. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым салаларындағы антропоцентризм парадигмасы және когнитивизм бағыты.
12. Шетелдік ғылымда когнитивті парадигманың қалыптасуы мен дамуы.
13. Когнитивті лингвистикаға қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулер.
14. Когнитивті лингвистика туралы ғалымдардың пікірлері, көзқарастары, тұжырымдары.
15. Қазақ тіл біліміндегі осы саладағы алғашқы ізденістер.
16. Ахмет Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары мен көзқарастары.
17. Мағжан Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму процесін сипаттауы.
18. Сәрсен Аманжоловтың таным процесі туралы көзқарасы.
19. Тіл мен таным бірлестігі.
20. Тіл және ойлау.
21. Ойлау және сөйлеу.
22. Таным процесі мен сөйлесім әрекетінің түрлері, олардың арасындағы байланыс.
23. Тіл, адам,таным арақатынасы.
24. Тілдік құрылымдарды зерттеудегі когнитивтік бағыт.
25. Метафораны зерттеудегі когнитивтік бағыт.
26. Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
27. Тілдік модельдер туралы түсінік.
28. Мәдениет контексіндегі ғаламның тілдік моделі.
29. Мақал-мәтелдердің танымдық мәні.
30. Теңеулік конструкциялардың танымдық мәні.
31. Метафоралардың, сөз-символдардың танымдық қызметі.
32. Тілдік құрылымдық саты. Когнитивистиканың негізгі құрылымы. Гештальт теориясы.
33. Когнитивистика ұғымдары. Концепт, концептосфера, концептуализация ұғымдары. Ойбейне, прототип, сценарий,фрейм туралы түсінік.
34. Тілдік модель. Мұң концептісі.
35. Когнитивистикадағы құндылық категориясы.
36. Тезаурус туралы түсінік.
37. Сөз таптарын когнитивтік тұрғыдан қарастыру.
38. Етістіктену теориясы. Күрделі зат есімдердің, туынды сөздердің жасалуының танымдық негіздері.
39. Эмоция және ақпарат. Көркем шығарманың символдық қызметі. Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.
40. Когнитивистикадағы метафора теориясы. Концептуалдық метафора ұғымы. Метафораның танымдық сипаты.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Э.Оразалиева Танымдық қазақ тілі. Алматы, 2005.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивті негіздері, Алматы, 2003.
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивті негіздері Тілтаным, 2001, №4.
4. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика . Минск, 2004.
5. Лакофф Дж. Когнитивная семантика. Язык и интеллект. М, 1995.
6. Ченки А. Современные когнитивные подходы к семантике: сходства и различия в теориях и целях Вопросы языкознания. 1996,№2, с 68-78.
7.Ченки А. Семантика в когнитивной лингвистике Фундаментальные направления современной американской лингвистики. М, 1997. с 340-369.
8. Б.Ақбердиева Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық тұжырымдар. КДА, Алматы, 2002.
9. Ә.Қайдар Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері.
10. Е.Жанпейісов Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989.
11. Маслова В.А. Лингвокультурология. М, 2001.
8.Б.Ақбердиева Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық тұжырымдар. КДА, Алматы, 2002.
9.Ә.Қайдар Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері.
10.Е.Жанпейісов Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989.
11.Маслова В.А. Лингвокультурология. М, 2001.
1. Кубрякова Е.С. Семантика производного слова Аспекты семантических исследований. М.,1980
2. Резанова З.И. Функциональный аспект словообразования: Русское производное имя. Томск, 1996
3. Кронгауз М.А. Семантика. М.,2001
4. Кубрякова Е.С. Теория номинации и словообразование Языковая номинация: Виды наименований. М., 1977
5. Кубрякова Е.С. Семантика в когнитивной лингвистике (о концепте контейнера и формы его объективации) Известия Академии наук. Серия литературы и языка. 1999
6. Лангакер Р. Когнитивная грамматика. М.,1992
7. Чейф У. Значение и структура языка. М.,1975
8. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997.
9. Жаманбаева Қ. Когнитивті лингвистика негіздері. 1998.
10. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. Алматы, 1989.147-190-бб.
11. Қасым Б. Сөзжасам: Семантика. Уәждеме. Алматы, 2003.
12. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным-2004. №1.
Когнитивті лингвистика пәні бойынша тест сұрақтары:
1. Когнитивтік ғылымдардың қайнар көзі болып табылатын бағыттар қандай?
А) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, нейрофизиологиялық;
В) логикалық, когнитивтік, әлеуметтік, философиялық;
С) когнитивтік, психологиялық, лингвистикалық, логикалық;
Д) логикалық, лингвистикалық, нейрофизиологиялық; философиялық;
Е) әлеуметтік, философиялық, логикалық, лингвистикалық.
2. Когнит сөзінің беретін мағынасы не?
А) ұғым; В) білім; С) сөздік; Д) түйсік.
3. Дәріптелген эталонды үлгі қалай аталады?
А) схема; В) фрейм; С) сценарий; Д) прототип.
4. Когнитивтік жүйе бөлшектері қалай аталады?
А) есте сақтау; В) концептуалдық құрылым; С) концепт; Д) символ.
5. Когнитивтік бірлік қалай аталады?
А) концепт; В) прототип; С) когнит; Д) метафора.
6. Когнитивтік лингвистикада қолданылатын білімдік процестердің бірін көрсетіңіз.
А) талдау; В) есте сақтау; С) оқу; Д) жазу.
7. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі.
А) Рамстедт; В) Л.В. Щерба; С) Дмитриев; Д) В. Радлов.
8. Қазақ тіл білімінде тілдік құрылымдық сатыны анықтаған қай ғалым?
А) А. Байтұрсынұлы; В) А. Ысқақов; С) Қ. Жұбанов; Д) С. Аманжолов.
9. Тезаурус деген не?
А) аударма сөздік; В) түсіндірме сөздік; С) лексиканы түгел қамтитын сөздік; Д) сөздің этимологиясын қарастыратын сөздік.
10. Нақты заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін білімінің адам санасындағы құрылымы қалай аталады?
А) сценарий; В) концепт; С) логика; Д) фрейм.
11. Сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату қызметін не атқарады?
А) фрейм; В) концепт; С) гештальт; Д) сценарий.
12. Концепт бойынша: Ішкі жан дүниенің жуасып, бұйығуы қалай аталады?
А) жалығу; В) жабығу; С) құлазу; Д) түңілу.
13. Когнитивтік лингвистикадағы мағыналық парадигма нешеу?
А) 5; В) 2; С) 3; Д) 4.
14. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден, терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе не деп аталады?
А) құндылық; В) сезімталдық; С) саналылық; Д) білімділік.
15. Когнитивтік лингвистиканың термині емес.
А) фрейм; В) семантика; С) тезаурус; Д) фонология.
16. Тілдік бірлікті когниттік тұрғыда қарастыру немен байланысты?
А) адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты;
В) тілді грамматикалық тұрғыда талдауымен байланысты;
С) терең білімді болуымен байланысты;
Д) терминологиялық аппараттарды меңгеруімен байланысты.
17. Когнитивтік лингвистика қай принциптерге сүйенеді?
А) ауырдан жеңілге принципі;
В) антропоцентризм және семантикоцентризм принципі;
С) жеңілден ауырға принципі;
Д) эстетикалық принцип.
18. Когнитивтік лингвистика пәнінің міндетіне жатады.
А) Когнитивистика саласын қазіргі тіл білімінің жаңа бағыты ретінде тану;
В) тілді грамматикалық тұрғыдан талдау;
С) тілдік бірліктерге әлеуметтік тұрғыдан анализ жасау;
Д) тілдік бірліктерді тарихи тұрғыдан қарастыру.
19. Когнитивтік лингвистиканың басты мәселесі ... ... ... ... ұғымдарының ара қатынасын, мәнін ашу.
А) Тіл → сезім→ ойлау→қиялдау;
В) тіл → ойлау→таным→шынайылық;
С) тіл → ойлау→таным → қабылдау;
Д) тіл → сезім→ ойлау→ қабылдау.
20. Тіл мен ойлау өте жақын деген пікірді қолдаушы бағыт.
А) Менталингвистикалық;
В) паралингвистикалық;
С) бихевиористік;
Д) когнитивтік.
21. Фрейм терминін енгізген кім?
А) Виноградов; В) Л.В.Щерба; С) М. Минский; Д) Мещанинов.
22. Метафораны когнитивтік феномен деп таныған ғалымдар кімдер?
А) Менгес, Бетлинг; В) М.Джонсон, Дж.Лакофф;
С) Рамстедт, Корш; Д) Ч.Филлмор, М.Блэк.
23. Когнитивтік тұрғыда метафора неше фрейм арасында жүргізілетін шартты әрекет?
А) 3; В) 4; С) 2; Д) 1.
24. Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесінің бірі.
А) Таңбаның түрлері мен типтері;
В) тілдік бірліктерді талдау;
С) фонология мәселесі;
Д) психикалық құбылыстардың берілуі.
25. Тағдыр концептісі өрісінің сөздерін атаңыз.
А) Тағдыр, үлес, бақыт, жазмыш;
В) тағдыр, тіл, жағдай, қайғы;
С) сыбаға, жеребе, ойлау, бақыт;
Д) тағдыр, тіл, ойлау, таным.
26. Ретсіздік, аномалия, жөнсіздік, кездейсоқтық қай концептіні құрайды?
А) ғалами; В) реттілік; С) хаос; Д) тәртіпсіздік.
27. Когнитивтік лингвистиканы зерттеуге негіз болатын тілдік материалды көрсетіңіз.
А) көркем әдебиет мәтіні; В) жаргон сөздер;
С) кірме сөздер; Д) тіл мен сананың ара қатысы.
28. Ойлау—қандай категория?
А) логикалық; В) философиялық;
С) филологиялық; Д) психологиялық.
29. Қозғаушы сана әрекетін қоздырушы күш қалай аталады?
А) объект; В) объект-субъектілік күш;
С) объект-денотат; Д) субъект.
30. Заттың образдық бейне суреттеріне не жатады?
А) ұғымдық бейне мен дыбыстық бейне;
В) көркем шығармадағы бейне;
С) салынған суреттегі бейне;
Д) көркем фильмдегі бейне.
31. Тіл мен ойлау арасындағы тығыз қатынастың нәтижесінде қалыптасатын адамзаттың танымдық, ғылыми, мәдени тәжірибесін танытатын ғылым .. . деп аталады.
А) мәдениеттану; В) психолингвистика;
С) әлеуметтік тілтаным; Д) когнитивтік лингвистика.
32. Когнитивтік категорияларды анықтаңыз.
А) Ес, семантикалық қорытынды, түсіну, жоспарлау;
В) сөз таптары, етістік, дискурсты басқару, ойлау;
С) сөйлем, грамматикалық, есте сақтау, семантикалық қорытынды;
Д) сөз, сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
33. Когнитивтік лингвистика тілді қай тұрғыдан зерттейді?
А) Семантикалық, грамматикалық;
В) морфологиялық білім жинау;
С) білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру;
Д) лексика-семантикалық мағынаны анықтау.
34. Тілдік-құрылымдық сатының жоғары формасы не?
А) Тіл дәлдігі; В) тіл шеберлігі;
С) мақсатты стиль; Д) коммуникативтік сана.
35.Тілдік-құрылымдық саты А. Байтұрсыновтың қай еңбегінде баяндалған?
А) Тіл-құрал; В) Қырық мысал; С) Әдебиеттанытқыш;
Д) Тіл қисыны.
36. Бейне, құрылым, біртұтас форма деген мағынаны білдіретін сөз.
А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.
37. Дара тұлға, эмоция, ішкі қажеттілік не арқылы өтеді?
А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.
38. Мысал өлеңнің апатты кезеңі қашан көрінеді?
А) Шығарманың басында; В) шығарманың ортасында;
С) шығарманың аяғында; Д) шығарманың қорытынды тұсында.
39. Шырылдауық шегірткенің апатты кезеңі қай жолдан көрінеді?
А) Селкілде де, билей бер!;
В) Қайтсын қолы тимепті;
С) Қызықпен жүріп жазды алды;
Д) Күз болған соң кетті күй.
40. Лингвистикалық гештальт теориясының авторы кім?
А) Дж. Лакофф; В) М.Джонсон; С) Ч.Филлмор; Д) М.Блэк.
41. Түпсіз үрей, түпсіз ой, түпсіз қасірет, түпсіз тұңғиық – терең жан күйлерінің атаулары қандай атаулар?
А) Метафоралық атаулар; В) эпитеттік атаулар;
С) фразеологиялық атаулар; Д) метонимиялық атаулар.
42. Адамды таным шегімен байланыстыратын не?
А) Эмоция; В) ойлау; С) дара тұлға; Д) түйсік.
43. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден , терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе ... деп аталады.
А) Мұң; В) құндылық; С) білім; Д) тілдік сана.
44. Мұң үлгісі қайда пайда болды?
А) Жыраулар поэзиясында; В) жазба ақындар поэзиясында;
С) сопылар поэзиясында; Д) зар заман ақындар поэзиясында.
45. Эмоция күйінің ішкі терең процестердің нәтижесінде құрылым түзуі ... деп аталады.
А) Аффект; В) экзистенция; С) гештальт; Д) концепт.
46. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...
А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;
В) адамның щығармашылық табысы;
С) адамның тіл шеберлігі;
Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.
47. Аталымдардың жасалуындағы тиімді әдіс.
А) акустикалық әдіс; В) ақпараттық әдіс;
С) құрылым арқылы суреттеу;
Д) баяндау әдісі.
48. Когнитивтік тұрғыдан семантика дегеніміз не?
А) Когнитивтік процестердің заттық әлеммен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
В) когнитивтік процестердің ойлаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
С) когнитивтік процестердің санамен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
Д) когнитивтік процестердің қабылдаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым.
49. Сөз мағынасын когнитивтік тұрғыдан қарастыруға не жатады?
А) Сөз мағынасын тура мағынада қарастыру;
В) заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтау;
С) сөз мағынасының атауыштық мәнін анықтау;
Д) сөз мағынасын ойлаумен байланыстыру.
50. Үніңді өшір, оқжылан.
Жас тілеуін жалмаған.
Оқжылан – троптың қай түрі?
А) Метонимия; В) метафора; С) синекдоха; Д) теңеу.
51. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.
А) Уәж, мән, құндылық; В) сөз, мағына, сөйлем;
С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
Д) сөз таптары, етістік, дискурс.
52. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?
А) Бір бағытта; В) көп бағытта;
С) қарама-қарсы бағытта; Д) бытыраңқы бағытта.
53. Қарға мен түлкінің апатты кезеңі, шарықтау шегі қай фразада көрінеді?
А) Басы айналды қарғаның; В) Ірімшік жерге салп етті;
С) Қу кетті, іс бітті; Д) Қарға қарқ етті.
54. Бейне тудыруға бейімді етістік шағын атаңыз.
А) Келер шақ; В) өткен шақ; С) ауыспалы осы шақ;
Д) ежелгі өткен шақ.
55. Таным процесінің қозғаушы күші не?
А) Ішкі терең қажеттілік; В) түйсік пен сезім;
С) білімділік; Д) ой мен қабылдау.
56. Ішкі ниет қалай аталады?
А) Гештальт; В) энтелехия;
С) фрейм; Д) дискурс.
57. Сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланыс схемасын көрсетіңіз.
А) Елес→ ой→тіл; В) ұғым→ой→тіл;
С) ой→ ұғым→тіл; Д) ой→ ес→ тіл.
58.Тіл табиғатын тануға қатысы жоқ ғылым саласы.
А) психология; В) антропология;
С) логика; Д) химия.
59. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?
А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;
В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;
С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;
Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.
60.Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?
А) Н.Оралбаева; В) Б.Қасым;
С) Ғ.Қалиев; Д) Р.Сыздықова.
ІІ нұсқа
1. Тіл мен ойлау арасындағы тығыз қатынастың нәтижесінде қалыптасатын адамзаттың танымдық, ғылыми, мәдени тәжірибесін танытатын ғылым .. . деп аталады.
А) мәдениеттану; В) психолингвистика;
С) әлеуметтік тілтаным; Д) когнитивтік лингвистика.
2. Когнитивтік категорияларды анықтаңыз.
А) Ес, семантикалық қорытынды, түсіну, жоспарлау;
В) сөз таптары, етістік, дискурсты басқару, ойлау;
С) сөйлем, грамматикалық, есте сақтау, семантикалық қорытынды;
Д) сөз, сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
3. Когнитивтік лингвистика тілді қай тұрғыдан зерттейді?
А) Семантикалық, грамматикалық;
В) морфологиялық білім жинау;
С) білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру;
Д) лексика-семантикалық мағынаны анықтау.
4. Тілдік-құрылымдық сатының жоғары формасы не?
А) Тіл дәлдігі; В) тіл шеберлігі;
С) мақсатты стиль; Д) коммуникативтік сана.
5.Тілдік-құрылымдық саты А. Байтұрсыновтың қай еңбегінде баяндалған?
А) Тіл-құрал; В) Қырық мысал; С) Әдебиеттанытқыш;
Д) Тіл қисыны.
6. Бейне, құрылым, біртұтас форма деген мағынаны білдіретін сөз.
А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.
7. Дара тұлға, эмоция, ішкі қажеттілік не арқылы өтеді?
А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.
8. Мысал өлеңнің апатты кезеңі қашан көрінеді?
А) Шығарманың басында; В) шығарманың ортасында;
С) шығарманың аяғында; Д) шығарманың қорытынды тұсында.
9. Шырылдауық шегірткенің апатты кезеңі қай жолдан көрінеді?
А) Селкілде де, билей бер!;
В) Қайтсын қолы тимепті;
С) Қызықпен жүріп жазды алды;
Д) Күз болған соң кетті күй.
10. Лингвистикалық гештальт теориясының авторы кім?
А) Дж. Лакофф; В) М.Джонсон; С) Ч.Филлмор; Д) М.Блэк.
11. Түпсіз үрей, түпсіз ой, түпсіз қасірет, түпсіз тұңғиық – терең жан күйлерінің атаулары қандай атаулар?
А) Метафоралық атаулар; В) эпитеттік атаулар;
С) фразеологиялық атаулар; Д) метонимиялық атаулар.
12. Адамды таным шегімен байланыстыратын не?
А) Эмоция; В) ойлау; С) дара тұлға; Д) түйсік.
13. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден , терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе ... деп аталады.
А) Мұң; В) құндылық; С) білім; Д) тілдік сана.
14. Мұң үлгісі қайда пайда болды?
А) Жыраулар поэзиясында; В) жазба ақындар поэзиясында;
С) сопылар поэзиясында; Д) зар заман ақындар поэзиясында.
15. Эмоция күйінің ішкі терең процестердің нәтижесінде құрылым түзуі ... деп аталады.
А) Аффект; В) экзистенция; С) гештальт; Д) концепт.
16. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...
А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;
В) адамның щығармашылық табысы;
С) адамның тіл шеберлігі;
Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.
17. Аталымдардың жасалуындағы тиімді әдіс.
А) акустикалық әдіс; В) ақпараттық әдіс;
С) құрылым арқылы суреттеу;
Д) баяндау әдісі.
18. Когнитивтік тұрғыдан семантика дегеніміз не?
А) Когнитивтік процестердің заттық әлеммен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
В) когнитивтік процестердің ойлаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
С) когнитивтік процестердің санамен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
Д) когнитивтік процестердің қабылдаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым.
19. Сөз мағынасын когнитивтік тұрғыдан қарастыруға не жатады?
А) Сөз мағынасын тура мағынада қарастыру;
В) заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтау;
С) сөз мағынасының атауыштық мәнін анықтау;
Д) сөз мағынасын ойлаумен байланыстыру.
20. Үніңді өшір, оқжылан.
Жас тілеуін жалмаған. Оқжылан – троптың қай түрі?
А) Метонимия; В) метафора; С) синекдоха; Д) теңеу.
21. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.
А) Уәж, мән, құндылық; В) сөз, мағына, сөйлем;
С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
Д) сөз таптары, етістік, дискурс.
22. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?
А) Бір бағытта; В) көп бағытта;
С) қарама-қарсы бағытта; Д) бытыраңқы бағытта.
23. Қарға мен түлкінің апатты кезеңі, шарықтау шегі қай фразада көрінеді?
А) Басы айналды қарғаның; В) Ірімшік жерге салп етті;
С) Қу кетті, іс бітті; Д) Қарға қарқ етті.
24. Бейне тудыруға бейімді етістік шағын атаңыз.
А) Келер шақ; В) өткен шақ; С) ауыспалы осы шақ;
Д) ежелгі өткен шақ.
25. Таным процесінің қозғаушы күші не?
А) Ішкі терең қажеттілік; В) түйсік пен сезім;
С) білімділік; Д) ой мен қабылдау.
26. Ішкі ниет қалай аталады?
А) Гештальт; В) энтелехия;
С) фрейм; Д) дискурс.
27. Сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланыс схемасын көрсетіңіз.
А) Елес→ ой→тіл; В) ұғым→ой→тіл;
С) ой→ ұғым→тіл; Д) ой→ ес→ тіл.
28.Тіл табиғатын тануға қатысы жоқ ғылым саласы.
А) психология; В) антропология;
С) логика; Д) химия.
29. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?
А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;
В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;
С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;
Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.
30.Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?
А) Н.Оралбаева; В) Б.Қасым;
С) Ғ.Қалиев; Д) Р.Сыздықова.
ІІІ нұсқа
1. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...
А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;
В) адамның щығармашылық табысы;
С) адамның тіл шеберлігі;
Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.
2. Аталымдардың жасалуындағы тиімді әдіс.
А) акустикалық әдіс; В) ақпараттық әдіс;
С) құрылым арқылы суреттеу;
Д) баяндау әдісі.
3. Когнитивтік тұрғыдан семантика дегеніміз не?
А) Когнитивтік процестердің заттық әлеммен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
В) когнитивтік процестердің ойлаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
С) когнитивтік процестердің санамен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;
Д) когнитивтік процестердің қабылдаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым.
4. Сөз мағынасын когнитивтік тұрғыдан қарастыруға не жатады?
А) Сөз мағынасын тура мағынада қарастыру;
В) заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтау;
С) сөз мағынасының атауыштық мәнін анықтау;
Д) сөз мағынасын ойлаумен байланыстыру.
5. Үніңді өшір, оқжылан.
Жас тілеуін жалмаған. Оқжылан – троптың қай түрі?
А) Метонимия; В) метафора; С) синекдоха; Д) теңеу.
6. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.
А) Уәж, мән, құндылық; В) сөз, мағына, сөйлем;
С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
Д) сөз таптары, етістік, дискурс.
7. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?
А) Бір бағытта; В) көп бағытта;
С) қарама-қарсы бағытта; Д) бытыраңқы бағытта.
8. Қарға мен түлкінің апатты кезеңі, шарықтау шегі қай фразада көрінеді?
А) Басы айналды қарғаның; В) Ірімшік жерге салп етті;
С) Қу кетті, іс бітті; Д) Қарға қарқ етті.
9. Бейне тудыруға бейімді етістік шағын атаңыз.
А) Келер шақ; В) өткен шақ; С) ауыспалы осы шақ;
Д) ежелгі өткен шақ.
10. Таным процесінің қозғаушы күші не?
А) Ішкі терең қажеттілік; В) түйсік пен сезім;
С) білімділік; Д) ой мен қабылдау.
11. Ішкі ниет қалай аталады?
А) Гештальт; В) энтелехия;
С) фрейм; Д) дискурс.
12. Сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланыс схемасын көрсетіңіз.
А) Елес→ ой→тіл; В) ұғым→ой→тіл;
С) ой→ ұғым→тіл; Д) ой→ ес→ тіл.
13.Тіл табиғатын тануға қатысы жоқ ғылым саласы.
А) психология; В) антропология;
С) логика; Д) химия.
14. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?
А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;
В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;
С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;
Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.
15. Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?
А) Н.Оралбаева; В) Б.Қасым;
С) Ғ.Қалиев; Д) Р.Сыздықова.
16. Когнитивтік ғылымдардың қайнар көзі болып табылатын бағыттар қандай?
А) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, нейрофизиологиялық;
В) логикалық, когнитивтік, әлеуметтік, философиялық;
С) когнитивтік, психологиялық, лингвистикалық, логикалық;
Д) логикалық, лингвистикалық, нейрофизиологиялық; философиялық;
Е) әлеуметтік, философиялық, логикалық, лингвистикалық.
17. Когнит сөзінің беретін мағынасы не?
А) таным; В) білім; С) сөздік; Д) түйсік.
18. Дәріптелген эталонды үлгі қалай аталады?
А) схема; В) фрейм; С) сценарий; Д) прототип.
19. Когнитивтік жүйе бөлшектері қалай аталады?
А) есте сақтау; В) концептуалдық құрылым; С) концепт; Д) символ.
20. Когнитивтік бірлік қалай аталады?
А) концепт; В) прототип; С) когнит; Д) метафора.
21. Когнитивтік лингвистикада қолданылатын білімдік процестердің бірін көрсетіңіз.
А) талдау; В) есте сақтау; С) оқу; Д) жазу.
22. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі.
А) Рамстедт; В) Л.В. Щерба; С) Дмитриев; Д) В. Радлов.
23. Қазақ тіл білімінде тілдік құрылымдық сатыны анықтаған қай ғалым?
А) А. Байтұрсынұлы; В) А. Ысқақов; С) Қ. Жұбанов; Д) С. Аманжолов.
24. Тезаурус деген не?
А) аударма сөздік; В) түсіндірме сөздік; С) лексиканы түгел қамтитын сөздік; Д) сөздің этимологиясын қарастыратын сөздік.
25. Нақты заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін білімінің адам санасындағы құрылымы қалай аталады?
А) сценарий; В) концепт; С) логика; Д) фрейм.
26. Сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату қызметін не атқарады?
А) фрейм; В) концепт; С) гештальт; Д) сценарий.
27. Концепт бойынша: Ішкі жан дүниенің жуасып, бұйығуы қалай аталады?
А) жалығу; В) жабығу; С) құлазу; Д) түңілу.
28. Когнитивтік лингвистикадағы мағыналық парадигма нешеу?
А) 5; В) 2; С) 3; Д) 4.
29. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден, терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе не деп аталады?
А) құндылық; В) сезімталдық; С) саналылық; Д) білімділік.
30. Когнитивтік лингвистиканың термині емес.
А) фрейм; В) семантика; С) тезаурус; Д) фонология.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Кубрякова Е.С. Части речи с когнитивной точки зрения, М.: Наука, 1997. -289 с.
2. Кубрякова Е.С. Начальные этапы становления когнитивизма: лингвистика-психология-когнитивная наука ВЯ.-1994.-№4.-С. 36-40.
3. В. фон. Гумбольдт Избранные труды по языкознанию. М.: Прогресс, 1984.
4. А.А. Потебня Слова и миф. М., 1989.
5. Н. Хомский Язык и мышление. М., 1999.
6. Манкеева. Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері Тілтаным 2001, №4, 39-43 6.
7. Платон. Письма-М., 1972.-T 5.-С.343.
8.
9. Маслова Когнитивная лингвистика. Минск. Тетра-Системе,2004. -255 с.
10 Ә. Қайдар Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998.-304 б.
11. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы: Ғылым. 1998. -140.
12. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық лексикасы.
13.Момынова Б.
14.Жапақов С.
15.Сынасапова
16.Сыбанбаева
17Зайсанбаева
18.Петров В.В. Язык и исскуственный интеллект: рубеж 90-х гг. Язык и интеллект.-М. Прогресс, 1996.-C. 33-35.
19. Қалиев Ғ.Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігі
20.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-ші том. Алматы,
21. Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.
22. Э. Оразалиева Танымдық қазақ тілі Алматы: Мұрагер, 2005. -174.
23. Кубрякова Е.С.,Демьянков В.З.,Панкрац Ю.Г.,Лузина Л.Г.Краткий словарь когнитивных терминов.-Москва, Наука, 1996, -340 с.
24. Маслова. В.А. Лингвокультурология. -М., 2001. -с 512.
25. Минский М. Фреймы для представления знаний. -М., 1979. с. 160.
26. Маслова В.А. Лингвокультурология. М.,2001г.
27.
28. Кравченко А.В. Язык и восприятиеКогнитивные аспектыязыковой категоризации, - Иркутск, 1996,с 34-41.
29. Жарқынбекова Ш.К. Языковая концептуализация цвета в казахском и русском языках:Автореферат.дисс..д-а филол.наук –Алматы,2004, -49 с.
30 Кубрякова Е.С. Парадигмы научного знания в лингвистике и ее современный статус Известия РАНСЛЯ – Москва, 1994,№2,-с 312-319.
31. Щуцкии Ю.К. Книга перемен М.5 1999.
32. Дж. Лакофф. Лингвистические гештальты Новые в зарубежной лингвистике. М., 1981.
33. Фролов Д.В. Абу Хайан ат Таухиди Диалоги Восток-Запад. М., 1988.
34. А. Ислам. Тіл мен ойлаудың екі жақты бірлігі танымдық ғылымында Тілтаным 2003. № 2.
35.
36 Демянков В.З. Когнитивизм, когниция, язык и лингвистическая теория. М., 1987.48.
34. Т.А. ван Дейк и В. Кинч. Стратегии гюнимания связанного текста Новое в зарубежной лингвистике. Вып. 23. М., 1988, с. 153-212.
35.
36.
37.
38
39.Дейк
40. Лакофф Дж. Мышление в зеркале классификаторов Новое в зарубежной лингвистике. -М., 1988. -Вып. XIII. -с. 308.
41. . Кацнельсон С.Д. Типология языка и речевое мышление. Л., 1972, 210с.
42. Қ.Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері Алматы, 1993
43. Ш.Қ. Сәтбаева Шәкәрім Қүдайбепдпев Алматы, 1990.
44. Б.Әбдіғазиев Асыл арна Алматы, 1992.
45. Б. Ақбердиева Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық тұжырымдар. Филол. ғыл. кан. дис.қолжазба. Алматы, 2002,-146 б.
46. Ержанова Ұ.Р.Тілдегі ұлттық дүниетаным көрінісі Тілтаным, Алматы, 2003. №1, 66-69 б.
47.Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. Алматы,Ғылым, 1988.-7-39 б.
48.Воробьев В.В. Лингвокультурология.: теория и методы. Москва,РУДН,1997,-331 с.
49
50
51.
52.
2. А.А. Потебня Из записок по русской грамматике. T.I. M.: Учпедгиз, 1958.
3. Бодуэн де Куртенз И.А. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1969.
6. Верешагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М., 1976.
8. Леонтьев.А.Н. Надгробное слова чистой лингвистике Лингвистика на исходе XX века: Итоги и переспективы. М., 1995. Т.2. С. 20
9. Сепир Э. Язык. Введение в изучение речи Сепир Э. Избранные груды по языкознанию. М, 1993. C.261.
10.
14. 15. Петров
16. 17. 18. Большой толковый психологический словарь. -Артур Ребер. М., Вече. ACT. -2003. -Т. 2. -с 560.
19. 20.
2122. Маккормак Э. Теория метафоры. -М.: Прогресс, 199 -с. 512.
23.
24. С.Р. Воркачев Концепт счастья понятийный и образный компоненты Известия А.Н. Серия литературы и языка. Том 606 ноябрь, 2001.-79с.
25. Д.С.Лихачев Концептосфера руского языка Известия А.Н. Серия литературы и языка, том 52. № 1, 1993. 79с.
26.Тахо-Гади А.А. Термин символ в древнегреческой литературе Вапросы классической филалогии М., 1980, вып. 7, 28с.
27.
28. 29. 30 of methods for methods for representing cognitive structure The making of cognitive science: Essays in honour of George Miller Ed. By W: Hirst, Cambridge (Mass), 1988.
32. Searl J. Minds, brains and science Cambr (Mass), 1984. 43p.
33.
35. Worf B. Language, thought and reality: Selected writing of Benjamin Lee Worf-Cambr. (Mass), 1956-IX, 278.
3637. 38. Ш.Елеукенов Жаңа жолдан Алматы, 1989.
39. Р.Нұрғалиев Шәкәрім Құдайбердиев акын, тарихшы, философ, композитор Арай журналы, 1988, № 8,
40. 41. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3 том. Алматы. 1978.
42. Ислам бас редактор Р.Нұрғалиев-Алматы, Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы, 1995 жыл.
43. Е.Жанпейсов Этнокультурная лексика казахского языка Алматы. 1989 жыл.
Мазмұны
Когнитивті лингвистика– жеке ғылым саласы ... ... ... ... ... ... ... ... .. Когнитивті лингвистиканың қалыптасу, даму тарихы ... ... ... ... ...
Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл білімінде қалыптасуы ... ... .
Тіл және таным ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Когнитивті лингвистиканың негізгі категориялары ... ... ... ... ... ... .
Тіл қызметінің когнитивтік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Когнитивтік лингвистикадағы ғаламның тілдік бейнесі ... ... ... ... ..
Танымдық тіл біліміндегі концепт ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ..