Жоспар Кіріспе Кіріспе Негізгі бөлім Негізгі бөлім Спирограф аппараты Қолданылу көрсеткіштері Қолдануға қарсы көрсеткіштер Спирография жүргізудің техникасы Спирография жүргізудің техникасы Зерттеу протоколы Негізгі параметрлердің сипаттамасы Қорытынды Қорытынды
Слайд 3
Кіріспе Спирография Спирография қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.
Слайд 4
Слайд 5
Микропроцессорлы спирограф өкпенің функционалдық жағдайының сапалық және көлемдік өзгерістерін бағалау үшін қолданылады және емдік-диагностикалық процесстің барлық этаптарында (бұзылыстарды анықтау, олардың айқындылығын бағалау,өткізіліп жатқан терапияның негізделуі мен эффективтілігінің бағалануы, аурудың динамикасын қадағалау), белгілі бір жағдайлардағы еңбекке жарамдылықты бағалау экспертизаларында, тұрғын халықтың жалпы және эпидемиологияық тексерулерінде пайдаланылады. Спирограф әр түрі профильдегі медициналық мекемелерде аппараттың механикалық қасиеттеріне байланысты адам өкпесінің вентиляциясын бағалау үшін арналған.
Слайд 6
Спирографта Адам өкпесінің ветиляциялық қасиеттерін функционалды зерттеу мен бағалауды өткізудің унифицерленген методикасы іске асырылған. Берілген әдістеме 1996 жылы енгізілген.. Спирограф – бұл портативті және үстелүстілік құрылғы, сыртқы тыныс алудың 27 көрсеткіштерін анықтау және есептеуді іске асыратын және тексерудің қорытынды протоколын құрастыратын аппарат.
Слайд 7
Спирограф комплекті Спирограф; Спирограф датчигі; Лазерлі немесе ағымды принтер; Еріндік (загубник) (5 дана); Мұрын қысқышы; Жүйелі шнур; Датчикке арналған шнур; Калибрлі шприц 3л; Эксплуатация бойынша әдістеме.
Слайд 8
Барлық спирографтар ашық және жабық типті болады. Ашық типті аппаратта науқас атмосферлі ауаны жұтады, ал шығарылған ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі (сыйымдылығы 100200 л) Бұл ауа құрамынан жұтылған оттегінің көлемі мен бір мин.ішіндегі шығарылған көмірқышқыл газының көлемін анықтауға болады. Жабық типті аппаратта атмосфералық ауаға қатысы жоқ өзінің ауасы бар, көмірқышқыл газы арнайы жұтқышқа шығарылады.
Слайд 9
Спирограф СП-3000 (38 параметрлі) Спирограф СП-3000 - диагностикалық компьютерлік медициналық құрылғы, пневмотахометрия көмегімен ересектер мен балалардағы сыртқы тыныс алудың функциясын зерттеуге арналған. Ол емхана және стационар, диспансерлерде, сонымен қатар ғылыми зерттеу және басқа да медициналық мекемелерде қолданыла алады. Спирографты қолдануға болатын аймақтар: дәрігерлік және ғылыми зерттеу жұмыстарында, стационарлық және амбулаторлық жағдайлардағы сыртқы тыныс алудың функциясын зерттеу, өкпе ауруларының ағымына болжам жасау, операцияға дейінгі тексеру және операциялық қауіп дәрежесін бағалау, скринингті тексерулер, спорттық медицина, кәсіптік аурулар, емдік және реабилитациялық іс-әрекеттердің эффективтілігін қадағалау, астма- мониторинг, дәрілердің индивидуалді таңдалуы.
Слайд 10
Слайд 11
Спирограф СП-3000-ның мүмкіндігі мол. Ол тексеру нәтижелерін тіркеуге, салыстыруға, қорытынды жасауға және тексеріс нәтижелерін қағаз бетіне басып шығара алады. Тесттердің графиктері және берілгендері компьютер экранында көрсетіледі және қатты дискте сақталады. Спирограф СП-3000 өкпенің тіршілік сиымдылығы,өкпенің форсирленген тіршілік сиымдылығы, өкпенің максимальді вентиляциясы, тыныс алудың минуттық көлемі тесттерінің нәтижелеріне анализ жасауға арналған. Компьютерлік спирограф СП-3000 CD-ROM диск қабылдағыш сияқты компьютерге жалғанатын берілгенді алу модулінен, ауа ағымын қалыптастырушыдан (тыныс алу түтігі) тұрады және бағдарламалық қамтамасыз етілген. Бағдарламалық қамтамасыз етілуі Windows-982000XP бойынша жұмыс істейді.
Слайд 12
Компьютерлік спирограф СП-3000 мүмкіндіктері: Спирограф СП-3000 ӨТС (ЖЕЛ VC), ӨФТС (ФЖЕЛ FVC), ӨМВ (МВЛ MVV), ТМК (МОД LVV) тесттеріндегі сыртқы тыныс алудың 38 стандартты көрсеткіштерін, ағым- көлем және уақыт-көлем графиктерін басып шығарады. Спирометриялық өлшеулердің жоғары дәлділігі. Қажетті көлемдер мен ауытқуларды есептеу. Қажетті көлемдер ECCS, ITS, KNUDSEN, Клемент стандарттары бойынша есептеледі. Қажетті көлемдердің әр түрлі әдістеме бойынша автоматты түрде қайта есептелуі. Қажетті көлемдер абсолютті немесе салыстырмалы бірліктер арқылы беріледі. Белгіленулердің (обозначения) орыс және ағылшын тілде берілуі.
Слайд 13
Қолдануға қарсы көрсеткіштер Зерттеуді өткізуге мүмкіндік бермейтін науқас жағдайының ауыр болуы; прогрессирлеуші стенокардия,миокард инфарктісі, ми қанайналымының жедел бұзылыстары; Қатерлі артериальді гипертензия, гипертониялық криз; Жүктілік токсикоздары, жүктіліктің екінші жартысы; Қанайналымның III дәрежелі жеткіліксіздігі; Ауыр дәрежелі өкпелік жеткіліксіздік.
Слайд 14
Бронходилатациялық пробалардан кейінгі тексерулердің бронходилятаторларды қолданғанға дейінгі және қолданғаннан кейінгі нәтижелерімен бірге экранда берілуі және салыстырмалы анализді өткізу мүмкіндігінің болуы. Берілгендердің BTPS бойынша коррекциялануы. Компьютердің жадында 50000-нан кем емес зерттеулер бойынша берілгендері сақталады. Зерттеу нәтижелері мәліметтер базасында болашақта қайта зерттеу немесе салыстыру мақсатында сақталады.
Слайд 15
ӨФТС (ФЖЕЛ) бойынша теориялық қисықтарды салу. Спирографиялы қ қ исы қ ж ә не ө кпе вентиляциясыны ң к ө рсеткіштері
Слайд 16
Спирографияның қолданылу көрсеткіштері 1. Өкпе жеткіліксіздігінің типі мен дәрежесін анықтау. 2.Өкпе вентиляциясының көрсеткіштерін аурудың дәрежесі мен даму жылдамдығын анықтау мақсатында мониторингілеу. 3. Бронхиальді обструкциясы бар науқастарды қысқа және ұзақ әсерлі β2-агонист бронходилятаторлармен, ингаляциялық ГКС және мембрана тұрақтандырушы препараттармен курстық емдеудің нәтижесін бағалау. 4. Басқа зерттеу әдістерімен бірге өкпе және жүрек жеткіліксіздігі арасындағы ажыратпалы диагностиканы кешенді түрде жүргізу. 5. Өкпе ауруларымен науқастануға қаупі бар немесе зиянды өндіріс факторларының әсері бар жұмыс орындарында істейтін адамдарда вентиляциялық жеткіліксіздіктің алғашқы белгілерін анықтау.
Слайд 17
Болжамды қорытындының автоматты берілуі. Пациенттің берілгендерін, қажетті және өлшенген көлемдердің нәтижелерін, ауытқуларды, сонымен қатар графиктерді және қорытындыларды алдын ала қарау. Тексеріс нәтижелерін қағазға басып шығару. Есепті сонымен қатар HTML форматында басып шығаруға болады. Нақты қолданушыға арнап бағдарламаға индивидуалді түзетулер енгізу. Спироинтервалометрия – ғылыми зерттеулер үшін арналған опциялар.
Слайд 18
6. Басқа клиникалық көрсеткіштермен бірге өткізілген өкпе ветиляциясының функциясын кешенді түрде зерттеу негізінде еңбеккке жарамдылық немесе әскери экспертизаның іске асырылуы. 7.Бронхиальді обструкцияның қайтымдылығын анықтау мақсатында бронходилятациялық тесттерді өткізу, сонымен қатар бронхтар гиперреактивтілігін анықтау үшін провакационды ингаляциялық тесттерді іске асыру.
Слайд 19
Спирографияны өткізу қажет жағдайлар: Ұзақ мерзімді және созылмалы себепсіз жөтел (3-4 апта бойы, жиі ЖРВИ және жедел бронхиттен кейін); Ентігу пайда болады, кеуде клеткасы аймағындағы жағымсыз сезім (заложенность); Дем шығару кезіндегі ысқырықты тыныс; Тыныс алу мен тыныс шығарудың қиындауы.
Слайд 20
Спирография жүргізудің техникасы Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі, зерттеу алдында (30 мин.) Зерттелуші тыныштық қалпында болуы керек. Сонымен қатар зерттеу басталғанға дейін (12 сағ.) бронхолитик қабылдауға болмайды. Статистикалық көрсеткіштер қалыпты тыныс алуда анықталады. Ауаның орташа көлемі қалыптыда 500-800 мл. Мұнда көбінесе альвеолярлы ауа көлемі маңызды, ол газ алмасу процесіне байланысты. Пациент қалыпты тыныс шығарған соң максимальды тыныс шығарады, бұл тыныс шығарудың резервті көлемі және қалыпты тыныс алған соң максимальды тыныс алу – тыныс алудың резервті көлемі болып табылады.
Слайд 21
Статистикалық көрсеткіштер анализінде тыныс алудың көлемі есептеледі, бұл өкпе тінінің эластикалық қасиетін және тіршілік сыйымдылығын көрсетеді. Яғни жоғарыда көрсетілгендей алдымен максимальды тыныс шығару көлемі, кейін макс.тыныс алу көлемі.Мұнда форсирленген тыныс шығару көлемі (70-80%). Зерттеудің соңғы сатысы ретінде өкпенің максимальды вентиляциясы анықталады, максимальды ауа көлемі (1мин ішінде вентиляцияланған) төмендеуі өкпе вентиляциясының обструкциялы және рестрикциялы бұзылысын көрсетеді.
Слайд 22
Бұл көрсеткіштердің барлығы обструктивті бронхит кезінде маңызы үлкен. Тифно индексі мен форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі бронх өткізгіштігі бұзылуымен көрінетін бронхиальды астмада, созылмалы обструктивті өкпе ауруында, бронхоэктатикалық ауруда кездеседі. ЖОК 25-75 болатын кіші бронхтар мен бронхиолалардың өткізгіштік қалпын көрсетеді. Бұл ерте обструктивті бұзылыстарды анықтауда көптеген мәлімет береді.
Слайд 23
ЗЕРТТЕУ ПРОТОКОЛЫНДА: Пациент жасы, салмағы, бойы, жынысы; Зерттеу күні; Абсолютті және проценттік көрсеткіштер; Әрбір көрсеткіштің ауытқу дәрежесі; Форсирленген тыныс шығарудың процедура графигі; Зерттеу қорытындысы; Өлшенген және есептелген көрсеткіштер
Слайд 24
Негізгі параметрлердің сипаттамасы Тест ЖЕЛ= ( өкпенің тіршілік сыйымдылығы): ЖЕЛ (VC = Vital Capacity) - өкпенің тіршілік сыйымдылығы РOвд (IRV = inspiratory reserve volume) – резервті көлем – максимальды уақыт аралығындағы дем алатын, дем шығаратын кездегі көлем. РOвыд (ERV = Expiratory Reserve Volume) = дем шыгарудағы резервті көлем ЕВ (IC = inspiratory capacity) - дем алудағы сыйымдылық – тыныс алу көлемі мен резервтегі көлем массасы) ОЗЛ (TV = tidal volume) –жабық өкпенің сыйымдылығы ФОЕЛ (FRC = functional residual capacity) – өкпенің қалдық көлемі ОВ (RV = residual volume) – қалдық ауа.Оның көлемін тек спирометриямен гана анықтау аздық етеді. ОЕЛ (TLC = total lung capacity) - өкпенің жалпы сыйымдылығы.
Слайд 25
Слайд 26
ӨФТС тесті ФЖЕЛ = ФЖЕЛвыд (FVC = forced vital capacity) - (проба Тиффно). Өкпенің өмірлік форсирленген сыйымдылығы- тез арадағы және куш тускендегі дем шығару көлемі. ОФВ1 (FEV1 = forced expiratory volume in 1 sec) - 1 секунд ишиндегі дем алу-алғашқы сәттердегі дем шығарғандағы көлемі. ОФВ3 (FEV3 = forced expiratory volume in 3 sec) – 3секунд арасындағы дем шгару көлемі. ОФВпос = Опос = ОПОС (FEVPEF) - ПИК кезіндегі көлемнің жылдамдығы. СОС25-75 (MEF25-75) – 25 пен 75 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі. СОС75-85 (MEF75-85) – 25 пен 85 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі СОС0.2-1.2 – 200 пен 250 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі
Слайд 27
Слайд 28
Өкпенің максималді вентиляциясы МВЛ (MVV = maximal voluntary ventilation) - өкпенің максимальды вентиляциясы -1 минут ішіндегі өкпе арқылы тыныс алғандағы, максимальды турдегі ауа көлемі. ОВ МВЛ (TV MVV) – тест жургізу барысындағы,яғни 1реттік тыныс алып,шғарғанда пайда болатын ауа көлемі. MVV (МВЛ) ЧД (RR = respiration rate) – МВЛ кезіндегі тыныс жиілігі.
Слайд 29
Өкпенің минуттық көлемі МОД (LVV = low voluntary ventilation) – минуттық көлем – 1 минут ішіндегі өкпе аралыгындағы тыныс көлемі. ЧД (RR = respiration rate) –МОД кезіндегі тыныс жиілігі. Бұл параметрлер өте маңызды болып табылады.Бұлардан басқа комбинацияланған параметрлер қолданылады. БД тексеріс. Бұл тексеріс көрсеткішінде төбедегі параметрлер қолданылады
Слайд 30
Қорытынды Спирография қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып журген бирден-бир әдіс. Болашақта ғылыми-техникалық прогресс нәтижесіне байланысты,көптеген әдістер шығады деген ойдамыз... Өкпе тіпті, бүкіл ағзалардын ауру көрсеткішін төмендету және емдеу-біздің борышымыз!