Денешынықтыру тәрбиесінің физиологиялық - гигиеналық негіздері.
Балалар мен жасөспірімділердің денешынықтыру тәрбиесі өте ерте заманның өзінде – ақ жүргізіле бастаған. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда балалар арасында ұйымдастырылған түрде қимыл – қозғалыс ойындары өткізілетін.
Одан кейінгі кездерде денешынықтыру тәрбиесі әскери істерді жете меңгеру үшін қажет болды. Ежелгі Грецияда дененің сұлулығы мен үйлесімділігі ерекше бағаланды, ал денешынықтыру сабағымен айналысу мемлекеттік сипатта болды. Олимпиадалық ойындар кеңінен таралып жастардың денешынықтыру тәрбиесі рухани тәрбиеден кем болған жоқ. Бірақ осы саладағы арнаулы ғылыми зерттулер 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында ғана жүргізіле бастады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің деншынықтыру тәрбиесінің теориясын өңдеген П.Ф.Лестагафтың жұмыстары ерекше көңіл аударуға тұрады. Лестграфт Ресейде денешынықтыру тәрбиесінің тарихын, оның әр түрлі елдердегі жағдайын зерттеп және нақты ғылыми жұмыстарды жүргізе отырып, оның ең алғашқы жүйесін құрды.
Өзінің Мектеп оқушыларының денешынықтыру тәрбиесіне нұсқаулар деген еңбегінде ғылыми зерттуелердің негізгі нәтижелерін атап көрсетті. Ол мектептегі тәрбие балалардың ақыл-ой қабілетін арттырумен қатар, дене бітімі дамуының да жетілуіне жағдай жасап, көмек беруі қажет деп есептеді. Сонымен қтар П.Ф.Лестгафт дене еңбегіне шамадан тыс берілген жүктемелердің салдарынан болатын жағдайлардан сақтана отырып, спорттың ең жоғары көрсеткіштеріне жету үшін үлкен күш жұмсауға қарсы болды.
Соңынан денешынықтыру тәрбиесі жүйесіне көптеген өзгерістер енгізді:
Жалпы принциптері құрылды;
Мақсаты мен міндеттері анықталады;
Тиімді құралдары өнделеді.
Денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасы денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткіштеріне жету. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертулерде. Жастардың әлеуметтік іс - әрекеттерге байланысты біршама өзгертілді, жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер боынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға бйланысты.
Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне жатады:
Денсаулықты нығайту;
Функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімінің дамуының үйлесімділігін жетілдіру;
Қимыл – қозғалыс дағдыларын, бұлшықет күшін дамыту;
Жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру;
Еркіндік пен тәртіп саласын дамыту;
Гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу;
Денешынықтыру тәрбиесін салауаттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады:
Организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады;
өсу мен даму процестерінің жақсаруына жағдай жасайды;
Жылу реттеуші механизмдер жетіледі;
Организмнің салқын тигенен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі.