Туберкулез дертіне шалдыққан адамдар

Скачать

АННОТАЦИЯ

Туберкулез ауруы қазіргі кезде ұлттық мәселелердің бірі болып, қоғамдық медициналық ғылымның және денсаулық сақтаудың негізгі проблемасы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Туберкулез дертіне шалдыққан адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.
Зерттеу пәні: Туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік медициналық қолдау ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: Туберкулез дертіне шалдыққан адамдар.
Мақсаты: Туберкулезбен ауратын науқастарға эеуметтік-медициналық көмек қажеттілігін анықтау.
Зерттеу болжамы: Егер де әрбір ауруға әлеуметтік-медициналық өмірінің сапасына мінездеме бере отырып емдеу жұмысы жүзеге асырылса науқастың психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсарып аурудан айығу процесі жылдам жүретін еді.
Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың әлеуметтік-медициналық статусы қарастырылады. Жұмыстың практикалық бөлімінде Шығыс Қазақстан облысындағы Облыстық Туберкулезге қарсы Диспансердің хирургия бөлімшесіндегі науқастармен жүргізілген жұмыстар көрсетілді.
Зерттеу барысында эмпирикалық әдістер, сауалнама, әңгіме, бақылау, бағалау әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде жүргізілген әдістемелер арқылы туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың өмірінің сапасы анықталды. Туберкулез дертіне шалдыққан адамдарды реабилитацилау әрекеті жан-жақты жүруі керек. мұнда тек дәрігер фтизиатр ғана емес әлеуметтік қызметкер де қатысуы тиіс.


Скачать


zharar.kz