Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен ІІІ пәнінің студенттерге арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешенінің (ОӘК 042.18-24.1. 0302 2013. 8-семестріндегі) №1-2 модулдеріндегі Гастроэнтериттер және Зәр шығару және жыныс жүйесінің аурулары тарауына енгізілген тақырыптар қамтыла отырып - іс жүзінде теориялық-практикалық тұрғыда меңгеру деңгейін анықтауда келесідей тақырыптар қосымша қарастырылады:
1. Клиникалық зерттеулердің мақсатына байланысты жануарларды зерттеу жоспары мен әдістерін құру дағдысын көрсете білу;
2. Жануарлар организміндегі клиникалық-физиологиялық үрдістерге баға беру методологиясын анықтауды дәйектей алу;
3. Организмдегі маңызды функционалдық үрдістердің биологиялық негіздемесінің клиникалық диагностикаға қатыстылығына түсініктеме беру;