ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Скачать


ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өту ақшалық-тауарлық қатынастарындың қалыптасуына, ой және дене енбектеріне бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың және мемлекеттің пайда болуына әкеліп соқты.
Ежелгі Қытай мемлекетті- шын мәніндегі Шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы- әрі монарх, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды Олардан кейін әлеуметтік сатыда- ру басылары, от басылары тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Біздің дәуірімізге деінгі 3 ғасырдың аяғында пайда болған ЕделгіҚытай философиясына кейінірек негізгі алты философиялық бағыттағы мектептерге бөлінеді. Олар; конфуцийшылдық, мойзм, заң мектебі (легистер), даоизм, тұрпайы философия (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
КОНФУЦИЙЩЫЛДЫҚ бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізің қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнцзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д.551-479ж.ж.) кедейленген ақсүйек әскербасының отбасында өмір сүргенl Ата-анасының ерте айырылған ол, тек 15жасында ғана білімге құштарлық танытады, ол 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасалары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап Әңгімелер мен пікірлер (Лун юи) деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді.
Кун-фу-цзының іліміңше, ең жоғарғы жаратушы күш- аспан Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдық тенсіздік, әр түрлі сатыдағы топтардың болуы ол әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы әділеттілікті қорғайды. Кун-фу-цзы өз ілімнің өзеге етіп материялдық денелердің заңдылықтарын, бабалар рухын зерттеден гөрі адам арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелерің қабылдайды. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар; тен орта, адамгершілік және өзара сүйіспеншілік. Осы үш ұғым бірігіп, дао (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
Мен-цзы (б.д.д. 372-289ж.ж.)- Кун-фу-цзының ілімің әрі қарай жалғастыра отырып, аспан обьективті қажеттілік, тағдыр ретінде игілікті қрғайды және оның еркі- адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді. Олай болса, адамның табиғатты тек игіліктен жаратылған. Демек, ван (билеуші) халқың өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінше жақсы көруі керек деген пікірді уағыздайды.
Сүн-цзы (б.д.д.313- өлгенжылы белгісіз). Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдыры аспанның еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, адмдарының күнделікті өміпіне керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Конфуцийшылдық б.ж.ж.1ғ. мелекеттік ілімге, ал 7 ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды..


Скачать


zharar.kz