Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған сөйлейтін сөзі

Скачать

Аудан Әкімі С.Ахметовтың
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне
арналған сөйлейтін сөзі

Қымбатты қауым!
Ардақты аналар, аяулы арулар,
әпке-қарындастар!

Әйелдердің қоғам өміріндегі ролі мен олардың құқық теңсіздігін қатар бағалай отырып, 1910-шы жылы Копенгегенде өткен социалист-әйелдердің 2-ші халықаралық конференциясында Клара Цеткеннің ұсынысы бойынша барлық елдердің әйелдердің ынтымақ күні-халықаралық әйелдер күні белгеіленген болатын.
Содан бері көптеген жылдар өтсе де көктемнің осы бір мерекесі әйел затының алдындағы мәңгілік құрметіміз бен шексіз алғысымыздың айғағындай жүрегімізді жылытумен келеді.
Қымбатты аналар, қыздар! Жарқын мерекелеріңіз, 8 – ші наурыз, Халықаралық әйелдер күні мейрамына байланысты жүрекжарды құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерді ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, тек сіздерге ғана тән асыл-қасиеттерге тоқтала кеткім келеді. Тарихтың таңдауы солай болар, біздің халқымыз тауқыметтен кенде болып көрген жоқ. Бірақ ұлтымыздың аяулылары, тағдырдың тартқан сындарына қасқая қарсы тұра білді, жарқын болашаққа деген сенімдерін, оптимизмін жоғалтпайды.
Заман ағымында төселіп, балаларымыздың болашағы үшін жауапкершілікті жаңаша түсінген сіздердің бүгінгі өмір сүру, қызмет-жұмыс істеу ритмдеріңіз де жаңаша қарқын алды.
Мемлекетімізде әр әйелге кез- келген салада - өндірісте, кәсіпкерлік қызметте болсын, әлеуметтік және рухани өмірде болсын таңдау жасау еркіндігі қамтамасыз етілген.
Әлбетте, қоғамның парызы әйелдің әлеуметтік белсенділігін кеңейтуде ғана емес, буырқанған өмір теңізінде оның өзі мен балаларын қорғай білуінде жатыр деп білем.
Біздің жас мемлекетіміз де әйел-аналарға қамқорлықтың ұзақ мерзімді даму бағдарламасының басым бағыттарын арнап отырғаны өздеріңізге белгілі.
Елбасының Жолдауынан жарқын болашаққа нық қадам басқан Қазақстанның айқын бейнесін көріп отырмыз Ондағы көтерілген маңызды мәселелердің көпшілігі негізінен әлеуметтік саланы түзеуге бағытталған.
Биыл, өздеріңіз көріп отырғандай, жалақы, жәрдемақы, зейнетақы көлемі ұлғайып, мемлекет тарапынан аз қорғалған барлық топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға едәуір көмектер беріліп жатыр. Осы әлеуметтік қамсыздандыру саласының үш жылдық бағдарламасы биылдан тағы іске аспақшы. Білім беру мен кәсіптік даярлауды, тұрғын үй, аграрлық сала, шағын және орта бизнес мәселелерін шешуде мемлекет тарапынан қомақты қолдау көрсетілмекші. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа, лаңкестік әрекеттерге, қылмысқа қарсы, есірткі саудасына қарсы күшейетін күрес біздің алаңсыз еңбек етіп, қоғамға лайықты болашақ парасатты, білімдар азаматтар тәрбиелеуге қолайлы мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз.
Құрметті ағайын! Соңғы кездерде ел еңсесінің көтеріліп, табыс молайып, тұрмысымыз түзеліп қалғанын сіздер де көріп, біліп жатырсыздар.
Ауданымыздың кешенді бағдарламасы 2004 жыл қорытындысы бойынша барлық салада орындалды, оның бәрінде Сіздердің аялы алақандарыңыздың ізі, қолтаңбаларыңыз бар! Әсіресе әйел-аналардың еңбегі мол дер едім.
Қымбатты жерлестер!
Ана менің көңілімде биік тұр,
Тағдырыма биіктен нұр құйып тұр, Адамдардың ең асыл жан сезімі,
Ана деген үш әріпке сиып тұр, - деп ақын жырлағандай, Ана десе жер бетінде жүрегі елжіремейтін жан жоқ шығар.
Сондықтан, ер-азаматтар, бар еңбегімізді, күш-жігерімізді Аналардың өмірін жақсартып, жеңілдетуге арнайық. Табыс мол болсын, әр отбасында шаттық орнасын, сәбилердің шат-күлкісі үзілмесін. Сіздерді, сіздер арқылы барлық Аналарды – 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Мерекелеріңізбен, аяулы асыл жандар!


Скачать


zharar.kz