Тұмау.Тұмау- мұрынның кілегей қабығының қабынуы. Тұмау өте жұқпалы ауру. Тұмау жоғарғы тыныс алу органдарының ауруға шалдығуының, гриптің асқынуы, кілегей қабығының жарақаттануы т.б. инфекциялы аурулардың белгісі ретінде байқалуы мүмкін. Тұмаудың жедел,созылмалы және аллергиялық түрі бар. Жедел тұмау қыста салқын күндері жиі, ыстықта сирек кездеседі. Ауру қоздырғышы- стрептококк, стафилококк, пневмококк микробтары және вирустар. Бұл қоздырғыштар жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адамның орамалы, ыдысы, кітабы т.б. арқылы таралады. Бұл микробтар мен вирустар мұрынның кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Жедел тұмау уақтылы емделсе 3-5 күнде сауығады. Асқынғанда созылмалы тұмауға айналады. Созылмалы түрінде мұрын су ағып, адамның иіс,дәм сезу қабілеті кемиді. Кейде құлаққа, көзге т.б. органдарға әсер етуі мүмкін. Аллергиялық тұмау тыныс органдарына түрлі шаң-тозаңның әсер етуінен болады. Бұл түріне адам әсіресе, өсімдіктердің гүлденуі. Тозаңдануы кезінде жиі ұшырайды. Аллергиялық түрі ұстамалы болады. Ауру ұстаған кезде мұрын қышып, адамды мазасыздандырады. Тұмау кезінде науқас тәбеті нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буыны сырқырайды, мұрны бітіп, даусы қарлығып жөтеледі, тамағы қызарып жұтыны да ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Тұмаумен бір рет ауырған адам 1-2 жылға дейін қайталамайды.
Қызамық. Қызамық- жедел тарлатын өте жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы «А» тобындағы гемолитикалық стрептококк. Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар, әсіресе 3-9 жас аралығында жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде қақырық, түкірік арқылы жұғады. Сондай-ақ науқас баланың ойыншығы,ыдыс-аяқ орамал, баланы күтуші адам арқылы да таралады. Бұл ауру күз және қыс айларында жиі кездеседі. Қызамықпен бір рет ауырған бала 2-рет ауырмайды. Аурудың жасырын кезеңі 2-12 күн. Бұдан кейін баланың дене қызуы 38-39 градусқа көтеріледі. Басы, тамағы ауырып, сақа тәбеті шаппайды, құсады. Аурудың 2-күні денеге, бетке, әсіресе қолтық, шапқа көп қызғылт бөртпе шығады. Науқас баланың екі беті, көмекейі қызарады, бадамша без ісініп, қан қысымы көтеріледі, қанның ақ түйіршіктері көбейеді, несебінде белок пайда болады. Қызамықтың ауыр түрінде дене қызуы 40 градусқа жетіп, науқас сандырақтайды, іші жиі өтеді. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы нашарлайды да өмірге қауіп төнеді. Ауру асқынғанда тамақ және жақ асты безі шошиды, құлағы бұлақ болып іріңдейді, кейде ірің миға шабуы да мүмкін. Сондай-ақ ауру асқынуы мастоидит, гайморит, лимфаденит, жүрек ревматизмі т.б. ауруларға шалдықтыруы мүмкін.Қызамықтың жоғарыда айтылған белгілері 4-5 күннен кейін басылады. Дене қызуы басылып, бөртпелер азайып, қабыршақтанып, терісі түседі. Аурудың беті қайтып, баланың көңіл күйі жақсарады, тағам ішуге тәбеті тартады. Аурудың алдын алу ұшін науқасты сау баладан бөлу, бөлмеге, ойыншыққа т.б. дезинфекция жасау, гамма- глобулин егу қажет.
Қызылша. Қызылша-балаларда кездесетін өте жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы сүзілгіш ерекше вирус. Қызылшаға 6 айдан 5 жас аралығындағы балалар өте жиі ұшырайды. Бұл аурумен бала кезінде ауырмайтын адам сирек кездеседі. Аурудың қоздырғыштары түкірік, қақырық, шаң-тозаң арқылы таралады. Қызылша сау балаға ауру баладан жұғады. Бір рет ауырған балада иммунитет пайда болып, екінші рет ауырмайды. Ауру барысын төрт кезеңге бөлеміз. Аурудың жасырын кезеңі-8-10 күнге дейін созылуы мүмкін Продрамалық кезең- аурудың алғашқы белгілері –денеге қызыл бөртпелер шыққанға дейінгі 3-4 күн аралығы. Бұл кезеңде көз қызарады, жасаурайды, жиі жөтеледі, түшкіреді, ерні мен ұртының ішіне бара-бара бүкіл денеге бөртпе шығады; үшінші кезең ең ауыр кезең науқас жарыққа қарай алмайды. Бүкіл денесіне тұтасқан қызыл бөртпе шығады.Дене қызуы 38-39 градусқа көтеріледі. Тыныс алуы қиындап қырылдайды, науқастың жағдайы нашарлайды. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Бұдан кейін айығу кезеңі басталады. Бұл кезде дене қызуы басылып, бөртпе қабыршықтанады. Науқастың жағдайы, тәбеті жақсарады.Егер ауру асқынса ларингит, өкпе қабынуы, бұлақ, ауыз уылуы, кератит сияқты ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Аурудан алдын ала егілген, яғни гаммаглобулин алған бала Қызылшамен жеңіл, кейде аяқ үсті жүріп науқастанады.