Дипломдық жобаның тақырыбы: ЖШС НҰР жеке кәсiпорынының автоматтандырылған құжат алмасу жүйесiн жасау
Дипломдық жобаның мақсаты құжат айналымды автоматтандырудың ұйымдастырушылық-технологиялық сұлбасын анықтау, құжаттар сипаттамаларының құрылымын және ақпараттық құрамын анықтау, кішкене офистің бөлімшелерінің бір-бірімен бірыңғай тұтас құжатайналымын анықтау, автоматты құжатайналымның программалық қамсыздандыруын жасау.
Көрсетілген материалдарда кіші офистердің қызметтерін кешенді автоматтандырудың әдістемелік нұсқауларымен берілген. Жасалынған жүйе ЖШС НҰР жеке кәсіпорынында сынақ мерзімінде енгізілген.
Құжат-кез-келген кәсiпорынның қызметiнiң базасын құрайтын ақпаратты көрсетудiң негiзгi тәсiлi болып табылады. Ақпарат құрылымдық болады, оны сақтаумен және басқарумен мәлiметтер базалары және қолданбалы ақпараттық жүйелер айналысады. Сонымен құрылымдық және құрылымдық емес құжаттар арасында бiртектес байланыс болады.
Кіріс құжатының тіркеу карточкасы суреттерде көрсетілген. Қолданушы қызыл түспен белгіленген барлық өрістерді толтыру қажет және осы өріске келесілер жатады:
1. құжаттың тіркелу номері (автоматты түрде қойылады);
2. құжатты тіркеу мерзімі (тиісті күн автоматты түрде қойылады);
3. құжат типі (автоматты түрде бірінші тип қойылады);
4. құжаттың қысқаша сипаттамасы;
5. құжат кімге жіберілді (берілді);
6. құжат кімнен келді;
7. құжат аты.
Бұл өрістерді толтыру міндетті болып табылады және тіркеу карточкасының осы реквизиттерін толтырған кезде ғана базаға енеді.