Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс - әрекеттер жасаған кезде сақталады

Скачать

 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.
Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:
1) мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданғанда;
2) мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
Әрбір нотариаттық іс-әрекетке жеке реттік нөмір беріледі. Тізілімге нотариаттық іс-әрекет тіркелген нөмір нотариустың беретін куәліктерінде және құжаттардағы куәландыру жазбаларында көрсетіледі.
Нотариаттық іс-әрекетті тізілімге тіркеуді жазу нотариус куәландыру жазбасына немесе нотариус беретін құжатқа нотариус қол қойғаннан кейін ғана жүргізеді. Жазуларды қарындашпен жазуға жол берілмейді.
Нотариаттық іс-әрекет жасауға негіз болған құжаттар нотариуста қалдырылатын куәліктердің данасына немесе нотариаттық куәландырылатын мәміленің түп нұсқасына қосылады. Ұсынған адамдарға құжаттардың түп нұсқалары қайтарылуы қажет болған жағдайда, нотариус ол құжаттардың көшірмесін өзіне қалдырады. Нотариат кеңсесінің істерінде қалатын құжаттың көшірмесінің дұрыстығы нотариустың түп нұсқаның көшірмесінің дұрыстығы, нотариустың қойған қолы, күні көрсетілген жазбасымен куәландырылады.
Нотариус мынадай құжаттарды немесе олардың көшірмелерін:
1) занды тұлғалардың атына және солардың атынан мәмілелерді (соның ішінде сенімхаттарды) куәландырғанда — занды тұлғалардың жарғылары мен олар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын (нақты мәмілені жасауға берілген біржолғы сенімхаттардан басқа) құжаттарды;
2) иеліктен алу шарттарын куәландырғанда—автомотокөлік құралдарының техникалық паспорттарын, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және автомотокөлік құралдарының өзге де тіркеу құжаттарын;
3) мүлікті иеліктеналу шарттарын куәландырғанда — мүлік салығын төлегені туралы түбіртекті қалдырмайды.
Аталған құжаттардың бар екендігі туралы мәміленің нотариуста қалатын данасына, мұрагерлік құқық туралы және меншік құқығы туралы куәліктер беру туралы арыздарға белгі соғылады, бұдан кейін олар соларды ұсынған адамға немесе иеленушіге (мұрагерге) қайтарылады.
Өтініш берушінің өзі нотариаттық іс-әрекет жасау үшін нотариусқа берген арыздардағы қолдардың түп нұсқалығын өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатты көрсете отырып нотариус куәландырады.
Мемлекеттік нотариустар, жеке практикамен шұғылданатын нотариустар, жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілетт лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының атынан консулдық міндеттерді атқаратын тұлғалар жасалатын нотариаттық іс- әрекеттердің құпиялығын сақтауға міндетті.
Жасалған нотариаттық іс-әрекеті туралы мәліметтерді (ауызша немесе жазбаша хабарламаларды), нотариаттық куәландырылған құжаттардың көшірмелерін немесе дубликаттарын, нотариаттық іс-әрекет жасау үшін берілген құжаттың іс қағаздарында сақтаулы көшірмелерін, сондай-ақ тізілімдерден үзінді көшірмелерді нотариус тек төмендегі жағдайларда береді:
1) заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша олардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша, немесе олар өкілеттік берген адамдар осы нотариаттық іс-әрекетті жасаса. Өкілеттік берілген адамдармен заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды алуға арнайы өкілеттік берілген адамдар танылады;
2) сот, тергеу және алдын - ала тергеу органдарының сұраулары бойынша, сондай-ақ олардың өндірістеріндегі істер бойынша прокуратураның сұраулары негізінде, сондай-ақ нотариустардың қызметін тексеруді және бақылауды жүзеге асыруға өкілеттік берілген әділет органдары мен нотариаттық палаталардың сұраулары бойынша. Аталған сұраулар жазбаша түрде жазылуы және барлық қажетті деректемелерді көрсетуі тиіс (сұрау салып отырған органның атауы, сұраудың күні және нөмірі, қажетті жағдайларда қозғалған немесе өндірістегі іс туралы, сұрау салып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, телефоны, лауазымы және қолы, мөрінің бедерлемесі)
Өсиеттер, өсиеттердің дубликаттары мен өсиеттердің көшірмелері туралы мәліметтер мүдделі адамдарға тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлерлер кайтыс болған жағдайда өсиеттің дубликаты олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін қайтыс болған мұрагердің өлгендігі туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.
Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасағанда азаматтың немесе лауазымды адамның қолданылып жүрген заң нормаларын бұзғанын байқаған жағдайда осы туралы қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе прокурорға хабарлайды.
Егер ұсынылған құжатты түпнұсқалығы күмән туғызса, нотариус осы құжатты ұстап қалып, оны сараптамаға жіберуге құқылы.
Құжаттың сараптамаға жіберілгендігі туралы қаулы шығарылады, онда:
1) қаулы шығарылған күн;
2) нотариустың тегі, аты-жөні, қажет болған жағдайларда мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы;
3) құжаттың атауы, оның кімнің атына берілгендігі;
4) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін құжатты ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны;
5) құжатты сараптамаға жіберу қажеттілігін туғызғн жағдайлар;
6) құжаттың қай сараптама мекемесіне (немесе сарапшыға) сараптама жүргізу үшін жіберілгені;
7) сарапшының шешуі үшін қойылған сұрақтар көрсетіледі.
Нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін мемлекеттік нотариус занда белгіленген ставка мен тәртіп бойынша мемлекеттік баж салығын, жекеше нотариус тараптардың келісімімен Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында белгілеген мөлшерде алады.
Жеке және занды тұлғалар үшін заңдармен көзделген нотариаттық іс-әрекетке ақы төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы адамдар үшін жекеше нотариус нотариаттық қызмет көрсеткенде де қолданылады (Мемлекеттік баж салығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 3-тарауының 10-бабы).
Нотариаттық іс-әрекетті жұмыс орнынан тыс жерде жасағанда мүдделі адамдар нотариустың нақты көлік шығындарын өтейді (Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағы).
Мемлекеттік нотариустың техникалық сипаттағы қызмет көрсетулеріне заңда белгіленген тарифтер бойынша, жекеше нотариустарға —тараптардың келісімі бойынша ақы төлемеді ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 3-тармағы).
Мемлекеттік нотариус тағайындаған сараптама бойынша шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы тағайындаған азаматтық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте жекеше нотариуспен — сараптама мекемесімен (сарапшымен) келісім бойынша белгіленген мөлшерде мүдделі адамдармен жүргізіледі.
Мемлекеттік нотариустың мұралық мүлікті қорғау шараларын қабылдауына байланысты шығындарды өтеу мемлекеттік нотариус тағайындаған мүліктің сақтаушысымен мүддслі адамдардың келісімі бойынша жүргізіледі. Осы көрсетілген шаралар жекеше нотариус тарапынан қабылданғанда мүдделі адамдар мүлік сақтаушы мен жекеше нотариустың қызмет ақыларын тараптардың келісімімен белгіленген мөлшерде төлейді.
Нотариустардың кажетті жағдайларда шақыратын өзге мамандардынң қызметіне ақы төлеу, сондай-ақ мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты ақы төлеу мүдделі адамдардың көрсетілген мамандармен келісімі бойынша жүргізіледі.
Мынада нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылуы мүмкін, егер:
1) мұндай іс-әрекетті жасау заңға кайшы келсе;
2) іс-әрекетті басқа нотариус жасауға тиіс болса;
3) нотариаттық іс-әрекет жасау жөнінде әрекет қабілеттілігі жоқ адам немесе қажетті өкілеттігі жоқ өкіл өтініш жасаса;
4) заңды тұлға атынан жасалған мәміле оның жарғысында немесе ережесінде көрсетілген мақсаттарға қайшы келсе;
5) мәміле заң талаптарына сәйкес келмесе;
6) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін табыс етілген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе ( Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабы).
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқан жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауғаа жүгінген күннен бастап он күнмен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс:
1) қаулы шығарылған күн;
2) нотариустың тегі және аты – жөні;
3) нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны (немесе заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері);
4) мүдделі адам жасауды өтінген нотариаттық іс - әрекет;
5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартудың себептері (заңға сілтеме жасай отырып);
6) бас тартқаны үшін сотқа шағымданудың тәртібі мен мерзімі.
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық іс-әрекеттін, дұрыс жасалмағаны үшін сот тәртібімен шағымдануға болады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағы).
Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы келгенін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғанын анықтаса, онда ол бұл туралы заңмен белігіленген тәртіпте көрсетілген нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті прокуратура органдарына хабарлауға міндетті. Прокурорға ұсыныс жасалғаны туралы нотариус аумақтық прокуратура органына мүдделі адамдарға, әділет органдарына, қажет болған жағдайларда — нотариаттық палатаға жеткізеді.
Нотариус өз бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша куәландырылған немесе берілген құжаттың мәнін өзгертпейтін және заңмен қорғалатын үшінші жақтардың құқықтары мен мүдделеріне тимейтін көне-көрінеу жаңылыс жазулар мен арифметикалық қателерді түзете алады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.
Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:
1. мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданғанда;
2. мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
3. жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер бергенде;
4. тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және кепілге салу туралы құжаттарды куәландырғанда;
5. тұрған үй құрылысы туралы шарттарды куәландырғанда.
Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайына, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер нотариат кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1. жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болғанда;
2. құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3. басқа мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.
Ноттариатық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін (“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы).
Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін (“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы).
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады (“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағы).
Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтын, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі бойынша жүргізіледі.
16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасы (асырап алушылар) кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігінің негізінде анықтайды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы кәмелетке толмағандардың өздері ұсынған тиісті құжаттармен анықталады. Бұған қоса 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау және басқа да заңды өкілдер (қамқоршылар) арқылы жүзеге асырылады.
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Әскери қызметшілердің жеке басы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің командованиелері беретін әскери қызметшілердің жеке куәлігінің немесе әскери билетінің негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамның жеке басы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгі соғылған куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген азаматтығы жоқ адамның жеке басы оның тұратын елінің құзыретті органдары берген және белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі істер бөлімдерінде тіркелген, оның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басы жарамды ұлттық төлқұжаты мен Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған уақытша ықтиярхат бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетел азаматының жеке басы белгіленген тәртіппен тіркелген жарамды ұлттық төлқұжаты бойынша немесе оны ауыстыратын құжат бойынша анықталады.
Нотариус куәландырылатын мәмілелерге, өтініштерге және басқа құжаттарға қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды. Бұл ретте нотариус қол қоюшының нотариаттық куәландырылатын (нотариустың куәлігімен) құжаттағы және ноатриаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізбесіндегі қолын оның жеке куәлігіндегі (төлқұжаттағы) қолымен салыстырып тексереді.
Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлдебір өзге себептерменөзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқабасқа азамат қол қоя алады.
Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азамат керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау азаматпен түсінісе алатын кез келген сауатты адам міндетті түрде қатысуы және мәміленің мазмұны оның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландыруы қажет.
Егер азамат сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) саладрынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
Егер азамат нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтіні оған осы тілді білетін нотариуспен немесе аудармашымен аударылып беруге тиіс, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
Нотариаттық іс-жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі бекітетін Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі-“Нұсқаулық”) сәйкес жүзеге асырылады.
Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әділет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырылады.
Нотариустардың құжаттары заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Нотариаттық іс Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам іс жүргізілетін тілді білмесе, ресімделген құжаттардың мәтіндері оның өтініші бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттіріп аударылып берілуге тиіс.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
1. мәмілелерді куәландырады;
2. шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
3. мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
4. мұраға құқық туралы куәліктер береді;
5. ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
6. мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
7. құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
8. құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
9. құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10. азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
11. азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
12. құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
13. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;
14. ақшаны депозитке қабылдайды;
15. орындау қағаздарын жазады;
16. вексель наразылықтарын жасайды;
17. сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
18. теңіз наразылықтарын жасайды;
19. дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
1. өсиеттерді куәландырады;
2. сенімхаттарды куәландырады;
3. құжаттар көшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
4. өтініштерге қойылған қолдың тұпнысқалығын куәландырады;
5. мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады.


Скачать


zharar.kz