Сифилис. Бұл спирохета деп аталатын микроорганизмнен болатын ауру. Спирохета сырт пішінімен штопорға ұқсас. Бұл ауру жыныс қатынасының қандай болмасынтүренде жұқтырылады. Алғашқы кезеңінде спирохета кірер жерінде қызылша – бурал келген онша ауыртпайтын «шанкр» деп аталатын шығу (жара) шығады. Біршама уақыт өткеннен кейін (6 аптадан жарты жылға дейін) денеңіз кез-келген жері бөртіп кетуі мүмкін, бұл бөртпе ауыртпайды және қышымайды. Бұл аурудың осы кездегі басқа белгілері мынадай болуы мүмкін. Таңба-таңба тәрізденіп шаштың түсуі, тамақ ауруы, температураның көтерілуі және бас ауруы. Бұл белгілер бірте-бірте жоғалуы да ықтимал. Егер де емдемесе организмде тұрып жатқан спирохета өмірге маңызды ағзаларға ауыр зақым келтіруі мүмкін. Сал ауру (паралич), көзі көрмей (соқырлық), құлағы естімей қалуы, естен айырылуы, тіпті өліп кету жағдайлары байқалуы да ықтимал. Сифилисті емдеу үшін пенициллин қолданылады. Сифилис жүкті анадан болашақ балаға берілуі мүмкін, ол соқыр не сүйектерінің саны бұзылып тууы ықтимал.
Гоноррея. Бұл ауру генококк деген микроорганизмдерден туындайды және жыныс қатынасының қай түрімен болса да жұқтырылады. Еркектердегі мұның белгілері: несеп шығарар кездегі жіті ауру, әбиір ұшынан көрініп тұрған бөлініс байқалады. әйелдердегі белгілері тіпті жаман, қынаптан таматын бөліністің көбейе бастауы. Бұдан басқа іштің төменгі жағының ауыртатыны және несеп шығарарда күйік (ашып ауру) сезімі байқалады. Белгілер жыныс қатынысынан кейін 2-21 күндер өткен соң байқала бастайды. Егер де емдемесе, әйелдер фаллопиев түтіктеріндегі тыртықтар кесірінен тарылып бедеу болып қалуы мүмкін. Емделмесе, еркектерде әтектікке (бесплодие) тап болады, буындар қабына бастайды, үрпіден несеп шығу қиынға соғатын болады. Бұл ауру антибиотиктармен емделінеді, әдетте пенициллинмен.
Кім де болсын сифилис пен гонорреядан қашан да аулақ болады, егер де жыныс қатынастарының қай түріне болмасын аяқ баспаса,не жақындасатын болатын болса, онда презерватив қолданған жөн болады. Презерватив жыныс қатынасынан болатын аурудан кепілдік бере алмайды, өйткені ол кейде жыртылады, не оны дұрыс қолданбайды.
Гениталдық герпес (жыныс мүшелеріне шығатын ұшық тәрізді вирустан болатын ауру). Гениталдық герпес тениталдық айналасында байқалады. Герпес симплекстің 1 түрі. әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Бұл ауру «тұмау-қазба» деген атпен көпке мағлұм. Гениталдық герпес жыныс қатынасы жолымен жұқтырылады. Егер де жұқтырған адамда герпес ойық шаралары болатын болса, осы жараның беті қатып, түсіп қалғанша олар жұқтырар пәленің қайнар көзі болып кала бермек. Егер де осы ойық жара қалпында жақындасса, онда істесі (серігі) бәлкім, өзіне осы ауруды жұқтырып алғаны. Еркектерде, әдетте ойық жаралар оңай байқалады, ал әйелдерде оларды табу әсіресе қиынырақ, өйткені бұл жаралар жатыр мойнында, қынап қуысының терең түбінде орналасуы мүмкін. Бұл ауру алғашқы кезде қызыл бөртпе әр жерінде ағарған жара көпіршік күлдіреуітәрізді болып көрінеді. Ол сонан соң қатпа ойық жара болады. Жара киліккен кез келген жерде көрінуі мүмкін (ауызда, қинапқа кіре берісте, дәрет тесігінде, әбиірде). Ауру инфекция (вирус) кірер жердің ауырғанын сезеді, температурасының көтерілгенін және несеп шығарарда қиналғанын амалсыз байқайды. Ойық жаралар 3 апта шамасында кетуі мүмкін, бірақ вирус адам организміне де, жүйкелерге ауыса орнағып біраз уақыт жасырын қалпындақала береді, стресс (күйзеліс) сәтіне тап болғанша, не қайта жұқтырғанша, немесе кезектегі жай жыныстық жақындасуға шейін білінбейді.
Өкінішке орай, аурудың беті қайтпапайды, бұл емделмейді, қолданыс тауып журген (кремдер мен майлар), жайауру азабын жеңілдетеді. Толық болмаса да презервативтің қолданыс табуын бір қарамаққа қорғау болар. Герпес 2 және жатыр мойнының ісігі арасында байланыс барлығы анықталған. Герпес анадан ұрпаққа беріледі. Осының салдарынан бала соқыр, керең, кембағыл тууы, тіпті өліп те қалуы ықтимал. Герпестен туындайтын күйзеліс және психологиялық азабы, тек қиналысына қарағанда, адам айтқысыз ауыр.
Хламидия. Бұл ең бір жедел тарайтын жыныс қатынасы аурулардың бірі. Оны көбінесе тауып, анықтау қиынға соғады. Бұл ауру салдарынан фалопиев түтіктеріндегі тыртықтар кесірінен сұйық өтпеушілік туындайды? Бұл бедеулікке жетелейді. Жұмыртқа жасушасының осы фаллопиев түтіктерінде ұрықтанатыны естеріңізде болар. Әйелдердегі бұл аурудың белгілері ө несеп шығару сәтіндегі ауырсыну, қынаптан шығатын бөлінді көбейеді, іштің төмен жағы ауруы. Еркектерде әбиір үрпісінен бөлінді байқалады. Белгілер жыныс қатынасынан кейін 7-21 күндей мерзім өткен соң көріне бастайды. Көбіне хламидия басқа да жыныстық жақындасудан болатын аурулармен қабаттасып, қосақталынып жүреді. Мұндай тұстарда дәрігер оны анықтауы керек те, оны қосақталған аурулармен бірге емдеу қажет. Бұл дерт анадан нәрестеге көшуі ықтимал, осының салдарынан туманың көзі ауыратын және өкпесі қабынатын болады. Хламидияны емдеуде антибиотиктер қолданылады.
Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Бұл өзі ауырмайтын, терімен біртұтас құрғақ өсінділер (сүйел тәрізді), олар генитал артқы тесіктері өңірінде байқалуы мүмкін. Белгілері жыныстық жақындасудаан кейін 1-6 айдан соң көріне бастау мүмкін. Олардың басты себебі, адамдағы папиллома вирусі.генитал сүйелдерін көбіне жатыр мойнының рак аурумен байланыстырады. Сүйел емсіз – ақ кетуі мүмкін, бірақ организмдегі осы ауруды туғызатын вирус қала бермек. Вирусы бар адам өзінің әшінесін (серігін), денесінде сүйел шыққанға дейін жұқтырып та үлгіреді. Гениталды сүйелдерді емдеуге болады. Егер де ол ерте анықталынып, табылатын болса, солғұрлым жақсы. Сұйел арнайы ерітінділерімен сұйық азотпен күйдіріледі.
Вагинит (қынап қабынуы). Кейбір әйелдер белгілерін байқамаса да, көбі ауырсынып жиі несеп шығарады. Қынапта ауыру сезімі пайда болады, күйдіргінің алып бара жатқанын байқайды. Бұдан басқа қынаптан шығатын өзгеше бір иісі бар, көп бөлінділер пайда болуы мүмкін. Әйелдер антибиотиктер не ұрықтатпас таблеткалар қабылдау нәтижесінде, диабетке тап болғанда, жыныстық жақындасу кезіндегі алған жарақат әсерінен ауырып қалуы ықтимал№ еркектер ауырып жүрсе де, белгілерін сезіп білмеуі де мүмкін. Ауру еркектер несеп шығаратын түтігін, қуық түбінің безін (простата) зақымдауы ықтимал. Ауру қынапқа кіргізілер тура келер майлар және басқа амаалдар арқылы емделінеді.
Спид
СПИД– бұл бойдағы қорғаныс қабилетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организимдегі иммундық жүйені бұзатын және бүкіл аурулар қатарына төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, өлімге экеліп срқтыратын дерт. Өлім СПИД вирусынан емес,әдетте осындай аурулар нәтежесінде келмек. Әсіресе СПИД арасында кеңінен таралған аурулар қатары мынадай: Капоши саркомасы, тері қатерлі ісігінің бір тұрі? Пневмококкті пневмония.
СПИД–тің алғашқы байқалған тұстары 1977 жылыболатұғын. Содан бері әлемнің барлық елдерінде осы ауру өсімтал жиілікпен анықталынып келе жатыр. Ғалымдардың пікірінше, әлі де кең жайылған, жайыла да бермек. СПИД-ті болдырмайтын оған қарсы тұра алатынвакцина әлі жоқ.