Педагогикалық технологияны жобалау

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құжат СЖМ 3 деңгейлі
ПОӘК
ПОӘК 042-Х. 1.ХХ01- 20
ПОӘК
Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
Педагогикалық информатикаға кіріспе
Редакция №

ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В011100 – Информатика мамандығы үшін
Педагогикалық информатикаға кіріспе

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей
2013

Құрастырған: 28.08.2013 ж
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы _______ Абишова А.А.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
отырысында талқыланды.
Хаттама № 1 05.09.2013 ж.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі _______ Абишова А.А.

Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.
Хаттама №1 11.09.2013 ж.
Физика-математика факультеті
Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы ____________ Батырова К.А.

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама №1 18.09.2013 ж.
ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.

Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Зертханалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
1.ГЛОСАРИЙ
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi
Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;
Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;
Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;
Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;
Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;
Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы
Стример – бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы
Postmaster– әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады
Гиперсілтеме – ол қандай да бір құжатқа, файлға, немесе құжат ішіндегі бір бөлімге, жолға символға жасалған сілтеме.
ТЕГ - HTML тіліндегі маркерлер (арнайы белгілер, символдар) арқылы көрсетіледі.
TYPE – енгізу өрісінің типін анықтайды. Үнсіздік бойынша ол бір жол енгізуге арналған қарапайым өріс.
NAME – енгізу өрісінің аты.аты дегеніміз өрістің қолдануышының осы өріске енгізген мәліметтерін алуға мүмкіндік беретін идентификаторы ретінде қолданылады.
SIZE – экранда символдарды енгізу өлшемі.
MAXLENGTH – енгізу өрісіне қолданушының енгізетін символдар санын анықтайды. Егер енгізуге болатын символдар санынан артық мән енгізсеңіз браузер дыбыстық белгі береді де, ол символды енгізбейді
Презентация - мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны
Қарапайым режим – ең алғаш ашылған терезе. Онда қарау режимі, слайдтар ржеимі, құрылымы орналасқан.
Слайдтарды сұрыптау (Сортировщик слайдов) – барлық слайдтарды кішкентай көлемде көрсетеді.
Слайдтар – жеке слайдатрды құруға өңдеуге қолайлы режим.
Құрылым (Структура) – презентацияның мәтіндік құрылымын және мазмұнын көрсететін режим.
Ескерту беттері (Страницы заметок) – қолданушыға енгізетін материалдарын жеңіл енгізуге, түсінуіне мүмкіндік береді.

2.ДӘРІСТЕР
Дәріс 1.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың дамуы. Әлемдік білім беру жүйесіндегі технология ұғымы. Педагогикалық технологияны жобалау

Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдеиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор тенология дегеніміз не?-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған үрдістердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама алған жоқ.
Білім беру жүйесі-басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез- келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім беру технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үрдістерге ғана қатысты қолданылады. Егер бұл үрдісті оқыту үрдісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осв салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Технология ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: техне-өнер, шеберлік және логос-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, технология терминін қаза тіліне өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1.Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операцилардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2.Белгілі бір өндірістік үрдісті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз- белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз –оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз- білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз- тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз- бүкіл оқу үрдісін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымаөтастығы.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу үрдісінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл үрдістің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі үрдісс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау үрдісі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.
Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу үрдісін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология- ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология- ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология –бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біхдің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл- мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз- ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Біздің пайымдауымызша, оқу үрдісін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу үрдісіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.

Дәріс 2.
Тақырыбы: Білім үрдісіндегі технология мен әдістеменің өзара байланысы

АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу үрдісінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты білім беру технологиясы термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен педагогикалық технология деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу үрдісінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да оқытудың технологиясы деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы,70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан оқыту технологиясы терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік тәрбиенің технологиясы, дамыту технологиясы, қалыптастыру технологиясы ұғымдарына да тән.
Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін an educational technologyұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша білім беру технологиясы деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту үрдісінде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны сипаттай алады. Сондықтан, білім беру технологиясы терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек тектептегі оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай білім беру технологиясы ұғымын- мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас үрдісі технологиясы ретінде қолданамыз.
Білім берудің технологиясына –оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тұрған тек педагогикалық технология ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің педагогикалық үрдіс деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейлеуіне байланысты білім беру технологиясы ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, оқытудың әдістемесі ұғымы білім беру технологиясы ұғымынан әлдеқайда кең.
Әдетте, әдістеменің пәні-білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс –әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.
Схема түрінде бұл жағдай төмендегіше сипатталар еді:
Бір қарағанда, технологияның әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологилық амалдардың мақсаттық ұстанымдары әртүрлі.
Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу үрдісін сипаттайтын тілдік құрал (терминология) да әртүрлі.









Нәтижеде, көптеген тамаша әдістемелік жүйелер (В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко т.б) іске асырылар деңгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.
А.Кушнир: Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген егерлердің жоқтығымен (егер оқушылар талантты болса; егер оқытушы талантты болса; егер мектеп бай болса ... т.б.) ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.
Технология ұғымы тар мағынада –бір нақты объектінің иехнологиясы ретінде, және кең мағынада- ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
1.Дәстүрлі дидактика- әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теоиясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты ретінде қояды.
2. Әдетте, дидактиканың пәні- білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл- оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және принциптері.
3.Дидактиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету; б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидаетикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын- қолданбалы дидактика десе де болады.
Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы-оқыту іс –әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.
Енді, білім беру технологиясының белгілі анықтамаларын қарастырайық:
1.Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым-қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;
2.Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.

Өзін-өзі тексеруі үшін берілетін сұрақтар:
1.Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар қандай?
2.Технология ұғымының шығу тарихы қай кезден басталады?
3.Білім беру технологиясына тән құбылыстар дегеніміз не?

Технология оқу үрдісімен –оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымына:
а) концептуалдық негізі;
ә) оқытудың мазмұндық бөлігі:
• Оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;
• Оқу материалының мазмұны;
б) үрдіссуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
• Оқу үрдісін ұйымдастыру;
• Оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
• Оқытушының әдістері мен формалары;
• Оқытушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс-әрекеті;
• Оқу үрдісін диагностикалау жатады.
Технологияның анықтаушы критерийлері:
• Концептуалдық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.
• Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
• Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс –тәсілдердің көп варианттылығы.
• Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.
• Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

Дәріс 3.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Ғылымға мықтап енген педагогикалық технология ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген:
• Оқытумен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев);
• Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үрдісінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько);
• Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В.М.Монахов);
• Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин).
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл: педагогикалық технологиялар –бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағдайлар жасайды (М.М.Жанпейісова).
Бүгінгі таңда П.М.Эрдиневтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльдокин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Ш.А.Амоншавилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Соның бірі –деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы.
Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу үрдісіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды. Ол үшін дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:
1-сабақ:§1
2-сабақ:§2
...
...
n-сабақ: §n
(n+1)-сабақ: (§1-§n) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өздік жұмыс
(n+2)-сабақ: Өздік жұмыстан шыққан қатерлерді түзету сабағы
(n+3)-сабақ. Модуль бойынша Бақылау жұмысы
Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірінші (n+1)- сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (n+2)- сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның және жылдың соңында алынатын бақылау жұмыстарының да алдында осындай екі дайындық сабақтары өтеді. Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан –тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жұмыстары құрылады. Қосымша сағаттарды ұқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемжеуге болады. (n+1),(n+2)- сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өткізсе де болады.
Әр параграфтың мазмұнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін ) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы –оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, толқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет деп отырмыз ғой. Ол- оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқуылқтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктернің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютелік техника –оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Бұл жерде оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда-оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория-Л.С.Выготскийдің оқыту үрдісінде оқытушының ақыл-ойының дамуы актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу –тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі:
Ресей ғалымы В.П.Беспалько бұл деңгейлерді:
Бірінші деңгей- міндетті, оқушылық,
Екінші –алгоритмдік,
Үшінші-эвристикалық және
Төртінші-шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.

Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімлесуші –оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде):оқушылар а)жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар сұрақ-жауап диалогы түрінде келтіріледі; б)жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндгі (3-кезеңде): төрт деңгйлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2.Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланыста болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
-танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай жұмыс- анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, пробоемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
-әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін-1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі басқаруға ыңғайсыз-делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу үрдісінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-Оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
-Оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
-Барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технолоия бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқущылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде екіліктержойылуымен қатар, үштік алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?- деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз –өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын қабілетті және қабілетсіз деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді бодырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен катар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушыныңбірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы окитындығына қарамастан, жұмысын оқушылық, міндетті, 1-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бip мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз кабілетіне қарай, өз билігіне жетедібұл нақты пән бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірекбілімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйіктіпәніжоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт унемдеуіне себеп болады. Нақтырак айтсақ:
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінен барлық тақырыбы бойынша ен болмағанда міндеттібіріншідеңгейдегі игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарынын орындалуына кепілдікберіп, Казакстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы окушылардың артық жуктеме тарту проблемаеын шешедь
Есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар окушылар да, кем дегенде, окушылық денгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байкадық. Ce6e6i ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді Міндеттіi деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әpi қарай, iлrepi ұмтылады; өзіне өзінің ceнiмi артады.
Олардың әрқайсысы 1-деңгейлік тапсырмаларды орындауға мін¬детті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша әр оқушы, әcipece өзінее ұнайтын пәндерден, 6ip деңгейден келесі денгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз кабілетін де жeтiлдipeдi. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушынын күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-денгейлік тапсырма¬ларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытка дейін дайындалған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші денгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке кабілетіне сай құрастыру мумкіншілігін, сабақ беретін әр ұстаздың өз үлесіне қалтырдық.
Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындаганы үшін оқушылар сол деңгейді игергенше сәйкес ұпай алады: бірінші денгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін- 10 ұпай, үшінші деңгей үшін- 15 ұпай.
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған денгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Ceбeбi, такырыпты меңгерудегі төрт денгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес кұрылғандыктан. бұл жұмыстарды толык, сабақ үстінде орындап бітруге, барлық окушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уакытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі
-бipiнші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің тапсырмалары;
-екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға қалауы бойынша одан да жоғары денгейлік тапсырмалар¬ды жалғастырып орындай беру;
-т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.
Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.
Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.
Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:
-әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады, әр тақырыптың бip деңгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;
-оқушының екі алып қалу, үлгермей қалу, үрейінің жойылуы;
-әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблема¬сы (төрт деңгейлік тапсырмалардың сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саны өседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды бағамен толтыру жоспары артығымен орындалады.
-оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі (өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле бepyi);
-оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.
Бұл оқушылар арасында, бip-бipiнің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалынатын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабак әр оқушының, дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының ұпайларын шығарумен аяқталады.
Сонымен:
-технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
- өздiгiнeн оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрган басты мақсат - жаңа технологиясынын, талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулыктар мен дидактикалық құралдардың бip ерекшелігі - олардың, мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай беймдетусізақ компьютерге енгізуге болады. Ceбeбi, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулыктардың құрылымына ұқсас.

Дәріс 4.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері

Педагогикалық техологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.
Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.
Мақсаттылық белгісі-оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдаң барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.
Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы- оқытушы мен оқушы қызметтерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады. Мұндай жағдайда мұғалімге өз мақсатына жетуге ешқандай технология көмектесе алмайды.
Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары т.б.) оқушының қызметі мен іс-ірекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушлықтарына т.б.) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады.
Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Технология тұтас болуы қажет- бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке көңіл бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.
Педагогикалық технологияның келесі бір маңызды қасиеті-оптималдылық. "Оптималдылық" термині (латын тілінен аударғанда optimus-ең жақсы дегенді білдіреді)-белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю.К.Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерийлерін бөліп көрсеткен еді. Егер, педагогикалық технология сол критерийлерді қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:
Егер оның қолданылуы әрбір оқушының ең жақын даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын қамтамасыз етсе;
Егер оның қолданылуы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық maximum нәтижелерді бере алса.
Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері- нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.
Бір технологияның екіншісінен айырмасы-оны қолданудың нәтижесінде
оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.
Кез-келген мұғалім кез келген технологияны қолдана алуы мүмкін емес, ол оның жұмыс тәжірибесіне, педагогикалық шеберлігіне, педагогикалық үрдістің әдістемелік және материалдық жабдықталу деңгейіне де байланысты. Сондықтан, нақты технологияны сипаттағанда немесе оқып зерттеген кезде оның басқа мектеп жағдайында жұмыс жасау мүмкіндіктерін, жарамдылығын ескру қажет.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-дидактика да, тәрбие теориясы да немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі де емес. Педагогикалық технологияның ерекшелігі-осы технология негізінде құрылған педагогикалық үрдіс белгілеген мақсатқа жетуді кепілдеуі шарт. Технологияның екіші ерекшелігі-оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынастарының реттілігінде (алгоритмизация). Бұл қасиет дидактикада, тәрбие мен оқыту теорияларында немесе әдістерінде жоқ.
Педагогикалық технологиягың негізгі элементтері: педагогикалық қарым-қатынас, бағалау, талап, конфликт және ақпараттық әсер ету.
Педагогикалық қарым-қатынас 3 функция атқарады:
-баланың қарым-қатынаста ашықтығы-оған мектепте, сыныпта, сабақта қолайлы жағдайлар туғызу көзделген;
-педагогикалық қарым-қатынаста балаға деген жанашырлық- мұғалімнің баламен тығыз іс-әрекеті нәтижесінде туындайды;
-педагогикалық қарым-қатынаста баланы көтермелеу саясаты (стимул ретінде).
Педагогикалық бағалау дегеніміз- баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез-құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, бір нәрсенің деңгейін, қасиетін, дәрежесін белілеу. Осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында құндылық қарым-қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.
Педагогикалық бағалау функцияларына –баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелеу, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т.б. жатады. Бұл үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаудың түрлері- қолпаштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материалдық қолдау, жазалау, ескерту жасау, сөгу т.б.
Педагогикалық талап-бұл тәрбие үрдісінде баладан әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын талап ету. Адамның басқаларға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы субъективті еркін жағдайда, оның өмір тәжірибесі нәтижесінде қалыптасады. Педагогтың міндеті-бала позициясыныңнеғұрлым жағымды жағынан қалыптасуы. Белгілі бір жас кезеңіне сәйкес талаптар қою үшін міндетті түрде әр баланың психикалық ерекшелігін негізге алу қажет.

Дәріс 5.
Тақырыбы: Оқытудың дәстрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері

Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:
Оқытудың түсіндірмелі-көрнекі әдістері, яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді.
Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия т.б. жатады. Студенттің қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.
Репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту)-оқытушы студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады т.б.
Бұл екі әдістің де мәні-белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру үрдісі. Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:
Материалды оқып-үйренудің орташа, жалпылама темпі;
Студенттер игеретін білімдердің көлемі де бірыңғай, орташа;
Студенттердің мұғалім арқылы білімді дайын күйінде алуы өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды;
Студенттің жаңа білімді игергендігі туралы мұғалімде еш ақпарат болмайды;
Зейінді төмендетуге әкеліп соғатын сөз әдістерінің басым болуы;
Студенттің жадына күш түсуі.
Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау т.б.). Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.

Дәріс 6.
Тақырыбы: Бағдарламалап оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.
Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студентбір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап отырудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скинер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:
1. Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу
2. Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу.
Бұл әдіс бір бағытты деп ааталады.
Келесі әдістің авторы да-американдық ғалым Краудер. Әдіс –көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже-студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.
Үшінші әдіс-бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделірек деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
1. Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
2. Студерттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
3. Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
4. Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
5. Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті-автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.

Дәріс 7.
Тақырыбы: Бағдарламалап (жоспарлап) оқытуды компьютер көмегімен жүргізу.
Бағдарлап оқытудың екі әдісі бар: машина көмегімен және дәстүрлік әдіспен.
Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы блок материалдары мен тест сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес дәуірінде компьютердің әді дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды.
Бүгінгі күні бағдарламалап оқыту компьютер көмегімен жүзеге асырылып отыр. Енді осы жүйені қарастыралық.
Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады.
Жоғарыда көрсетілген блоктық бағдарламалап оқытудың сұлбасы компьютер көмегімен мына принципте жүзеге асырылады.

Дәріс 8.
Тақырыбы: Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты-мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі-мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе-жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық үрдістер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да оның мәні неде? деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау үрдісі белгілі схемамен жүреді, яғни- болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі-проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: субъект-объект-субъект қарым –қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту- оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары- проблемалық жағдай, оқу проблемасы, проблемалық міндет т.б.
Проблемалық жағдай- субъектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талар етеді. Оны оқыту үрдісінің кез-келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
Мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
Біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
Сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позицидан қарастыруды ұсынады;
Нақты сұрақтар қояды;
Проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
Проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы,
проблемалық міндеттердің құрастырылуы-проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
Проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
Болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
Қорытынды жасау;
Шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді.
Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрәжеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
Проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотвациямен қамтамасыз ету;
Әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
Шешілетін проблеманың оқушы маңыздылығы;
Педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін
атап өтуге тиіспіз. Бұл технолгияның артықшылығына-оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттеріне дамуы жатады. Ал, кемшін жағына-кей кездерде үрдіске қатысушылардың танымдық іс-әректтерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге болады.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз-оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ, оқу ақпаратын кеңірек көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми түрде негізделген әдістерді жасау және енгізу қажет.
Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
Оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни, оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарастырылуы тиіс;
Оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде-оқушылардың зейіні мейлінше белсенді кезеңіне лайықтап беру;
Аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып, өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жасақтау;
Бұрын берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.
Күшейте оқыту үрдісі жеке-психологиялық және ұжымдық
Психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.

Дәріс 9.
Тақырыбы: В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы

Қазіргі кезде оқу –тәрбие үрдісін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі.
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федоровий Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдерімен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді қөрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-тәжірибесінде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және ұғынықты болу (мысалы, шама жету және ұғынықты болу принципі мен қиындығы өте жоғары деңгейдегі жұмыс принциптерінің арақатынасы және т.б.) талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі-оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көрінуде. Жасыратыны жоқ, Оқыту әдісі дегеніміз оқытушының іс-әректеі мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс-әрекетіне назар аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті (кітапша авторының есебі бойынша әр оқушының бір күнгі әр сабақта 2 минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда автор оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан нақыштай білген.
В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мұғалімнің көмегімен түсіндірілуін тыңдау түрінде өтіледі. Автордың атап көрсеткендей, мұнда ерекше тұрғыда ұйымдастырылған материалды блокты қабылдау жүреді. Сонан соң- мұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) творчестволықжұмыс орындау және т.б.
Психологиялық жағынан алғанда бұл мұғалімнің тексті мағыналық тұрғыдан өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын оқушылардың өздерінің оқу ісін ұйымдастырудағы құралы ретінде тірек сигналдарын пайдалануын, мнемотехникалық тәсілдерді, оқушыларда ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамытуды білдіреді. В.Ф.Шаталовтың бақылауынша оқушылар жаңа текстермен жұмыс істегенде осы әдістерді кеңінен пайдаланылатыны есте қаларлық нәрсе.
Бұл тұрғыдан алғанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Гальпериннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдардың қасиеттері мен белгілері және олар белгілі бір жүйе бойынша ақыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі психологиялық жағынан меңгерудің негізгі бірліктері түрінде жүзеге асырылады (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты. В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын-оның түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды жәймен магнитофонға ауызша йту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тыңдау және бағалау-міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек парақтарын пайдалану бұл дайындық уақыты (әр сабақ үшін 20 минутқа дейін) қысқартады. Орындалған жаттығуларды тексергеннен кейін оқушылар шығарылған есептер парағындағы тор көздерді бояп қояды.
Сөйтіп, оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнің ізінше) және олардың жүйелері мен байланыстарын бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаша және ауызша қайта жаңғырту жөнінен оқуға деген белсенді іс-әрекет қолма-қол көрініп отырады. Сондай-ақ мұғалімнің күнделікті сабақ сұрау жүйесімен т.б. үнемі ұйымдастырылып жүзеге асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айқын көрінеді.
В.Ф.Шаталовтың ең маңызды жетекшісінің бірі тұтасымен оқу үрдісінде және оның ішінде сабақ кезінде қолайлы психологиялық жағдай тудыра білуі және оқушылардың өздерінің еңбектеніп оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі әзірлігін қалыптастыруы болып табылады. Бұған оқытушымен оқушының өзара қарым-қатынасының мынандай көптеген ерекшеліктері септігін тигізеді: оқушыларға үйде тапсырма орындау міндеттелмейді, тек ұсынылады; есептерді шығару жартылай міндетті жағдайда жүргізіледі: сабақ сұрау ақырын, жәймен, сенімді, оқушылардың қателігі көзге түртіп көрсетілмейтін формада өткізіледі; оқушылар сабақ айту үшін орнынан тұрып жатпайды; мұғалімнің бағасының талассыздығымен қатар талап жағдайы жоқ және т.б. Нәтижесінде –әр оқушының жақсы оқуына болады деген сенім, әр оқушының өзін-өзі қадірлей білу сезімі нығайып, тіпті қиын жұмысты да орындауға шамасы жететініне сенім қалыптасады. Міне, осының бәрі автордың кітапшасының аты етіп қойған проблеманы шешу жолдарын көрсетеді. Автордың жазуынша мұндай жағдайда дәстүрлі оқытудағы келеңсіз көріністер – сыбырлап көмектесу, көшіріп алу, уақытты босқа зая кетіру жойылады.
Оқушылар творчествосы бұл қашан да мұғалім творчествосының жаңғырығы. Кітапшаның әрбір беті мұғалімнің көптеген әдістемелік тақырыптарын ашып отырады: сабақ өткізуге ыңғайландыруға болатын 6-8 оқушының жауап беруіне арналған үлкен тақта (тақта алдындағы баспалдақ, тақтаға қосымша қондырылған қанаттар және т.б.), оқушыларға арналған кластағы анықтама-автомат, қабырғаға ілінген ашық үлгерім стендісі, оқу барысында релелік тапсырмаларды қабылдау, аралық мәреге жетер алдындағы мұғалімнің көмегі- педагогикалық десант т.б.
Сонымен, Донецскіде үлкен жұмыс жасалған және ол жүзеге асырылып, жалғасуда. Қандай да шын мағынасында озық тәжірибе сияқты Донецк мектептерінің тәжірибесі көкейде, қиялда жүрген идеяларды жүзеге асыруға бейімдейді. В.Ф.Шаталовтың қазіргі педагогикаға қосқан үлесі оның әлгі идеяларды зерттеп, нақтылап, дамытып және олардың әдістемелік жаңа шешімдерін табуында.
Ал енді осы әдістемелік жүйеге толығырақ тоқталайық. Мұнда тірек сигналдары оқытудың көрнекілік принципі кең жолға қойылған.
Мұғалім тірек сигналдарын пайдаланғанда олардың әрқайсысының мән-мағынасын ұғынықты түрде түсіндірсе және көрнекі суреттермен, бояулы схемалармен, сондай-ақ тірек сигналдары бар жеке парақтармен көрсетіп әңгімелесе, алғашқы онша күрделі емес тірек сигналдарын ойда қалуы бойынша еске түсіру қиын ба? Сызбалар мен жазуларды қағазға түсірудің алғашқы әрекетінің өзінде – ақ оқушы бұл істің қолынан келетінін сезеді. Ал бұл алғашқы, ең қарапайым қадам, мұны ең нашар деген оқушы да орындай алады. 2-3 күннен кейін ол бұл жұмысты ынталана орындайтын болады: себебі оның көз алдында бүкіл класс күн сайын үлкен қайтарыммен жұмыс істеп жатады және ол жазба жұмысы үшін күнде жоғары баға алуға болатынын көреді. Оларды дауыстап оқығанда қиындықтар туа берсін, практикалық жұмыс кезінде кейбіреулері ойдағыдай болмай-ақ қойсын- мейлі! Білімді жинақтау үрдісі, істің ішкі мәнін терең толғау үрдісі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Класс алдында қате жауап беруден оқушы қысылатындай дәстүрлі жауап беру емес. Өзінің білімсіздігін жұрт алдында жайып көрсету кімге жағымды? Ал мұнда мұғаліммен бетпе-бет отырып жәймен сабақ айтсын немесе одан да оңайы-магнитафонға жазсын. Нашар оқушы өзінің магнитафонға жазғанын мұғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабымда қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінің жақсы біледі. Оның есесіне жауабы жақсы болатын болса, ертеңіне оны бүкіл класс болып тыңдайды. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл кей жағдайда өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететіндерге қаншама рухани күш береді. Бірнеше ақырын және магнитафондық сабақ сұраулардан кейін балалар тақтаға батыл шыға бастайды және тарих, география сабақтары бойынша тірек сигналдарын еркін дауыстап айта алатын болады.
Тілді былайша дамыту спираль бойынша өрлеуді еске салады: математикалық цикл пәндерімен жұмыс кезінде қол жеткен табыстар тарихи оқиғаларды, табиғаттағы түрлі өзара байланыстарды неғұрлым терең ұсынып түсінуге және әдеби шығармалардың құрылымын логикалық түрде талдауға үйретеді.
Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі- жариялық принципі. Оқушылардың магнитафонға жазғандарын ашық тыңдау-соның кішігірім элементі.
Магнитафондық сұрау енгізілгеннен кейін-ақ үйлерінде магнитафондары бар оқушылар өздерінің жауабын магнитафон лентасына жазып, оны таңертеңгі денешынықтыру жаттығулары кезінде, сызу жұмыстарын орындауда, әйтеуір оған деген сәл мүмкіндік болған кезде бірнеше қайтара тыңдайтын болады. Нәтижесінде, сабаққа әзірлену уақыты қысқарғаны, жауаптары сауаттанып, нақтылана түскені, көптеген оқушылар үшін тәртіп қатаң әрі ұтымды бола түскені бірден байқалады.
Ауызша сабақ сұрау кезінде оқушылар тірек сигналдары бар қағаздарды (магнитафондық және жәймен сұрау кезінде) немесе тірек плакаттарын пайдаланады (тақта алдында жауап берген кезде). Бұлай сабақ сұраудағы оқушылардың психологиялық еркіндігі мынадай объективті жағдайлармен айқындалады:
1. Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В.В.Давыдовтың зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.
2. Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер (міне, ой, иә, осылай және т.б.) іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін-жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.
Тапсырмаларды еркін таңдап алудағы еріктілік өтілген материалды еске түсіруге көмектесетін және ауыз екі сөйлеуді қалыптастыратын тірек сигналдарының көрнекі жүйесі бәрі –бәрі бір ғана мақсатқа жұмылдырылған: оқушы оқуда жеңіске жетуі тиіс! Канадалық психиатр Ганс Сельенің әр түрлі жағдайда жүргізген көптеген психологиялық тәжірибелері қатты (стрестік) шаршаудың үнемі көңіл қалу меп сәтсіздіктің салдарынан болатынын дәлелдеген. Жұмыс әдеттегіден қиын болса да ондағы қол жеткен табыстар жұмыс тонусының көтерілуіне сабақ оқудағы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56-60%)болады. Айтарлықтай дәрежеде бұл белсенді және салғырт еске түсірудің үйлесімді болуымен түсіндіріледі. Әдетте әрбір оқушыда үйде сабаққа дайындалу кезінде берілген материалды айтып берудің өзіндік, жеке жоспары қалыптасады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз.
Көптеген есептеулер мынаны көрсетті: алдын ала дайындықсыз таныс емес тексті дауыстап оқығанда оқу жылдамдығы минутына 220 сөзден, ал таныс тексті оқығанда минутына 240-250 сөзден аспайды екен. Ал енді қандай да бір оқиғаны үлкен шапшаңдықпен әңгімелеп көріңіз, сіз бәрібір минутына 180 сөзден артық айта алмайсыз.
Сабақтың сөздік көлемі 2500 сөзге сирек жетеді. Жаңа әдістеме жағдайында жұмыс істеу сабақтың, сөздік көлемі 1,5-1,7 есе арттыруға мүмкіндік береді! Бұған ең алдымен тірек сигналдары көмектеседі. Бағыт-бағдар белгілерін пайдалана отырып, оқушы қиналмай-ақ сөйлеу шапшаңдығын арттыра алады және сөз арасындағы үнсіздікті қысқартады, артық, қыстырма сөздерді жояды. Егер бұған қоса сабақ сұраудың жаңа екі-жәймен және магнитафондық түрін ескетсек, онда әрбір оқушының үлесіне тиетін сабақтың сөздік көлемі 2,8-3,1 есе өсетінін ғылым дәлелдеген.
Тірек сигналдары бар парақ қағаздың толық толтырылған түрі төмеңгі суретте көрсетілгендей.
Бірінші көңіл бөлетін нәрсе-блоктардың орналасуының ассиметриясы және оларды шектейтін контурлардың стандартты болмауы. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені, біріншіден тірек сигналдары қағазын толтыратын автордың, қолында симметриялық қатаң фигуралардың көп мөлшері жоқ және оларға сүйенуге болмайды, оқу пәндері көп болғандықтан олар бойынша жасалатын парақ-беттер де көп, сол себепті авторлар амалсыз шаблонға ұрынады, ал эстетикалық қабылдау тұрғысынан олармен жұмыс істеу қанша жабырқаңқы болса, адамның есте сақтау заңдылықтары тұрғысынан сонша қиын. Шеңбер, квадрат, үшбұрыш және тік төртбұрыштарды шұбырған сансыз көп қатары бір кітапша беттерінен екіншісіне ауыса отырып, бір сарын әрі жалықтыратындай көрініс береді.
Екіншіден, бұл схемаларды орындау, сабаққа дайындалу кезінде және тікелей сабақ үстінде, яғни репродукциялық жұмыс үрдісінде оқушылар белгілі дәрежеде еркіндік алады және алуан түрлі контурлар салуға алғаш рет дағдыланады. Осы арада мынадай бір детальды атап өткен қызықты болар. Қарапайым есептеулер бойынша тірек сигналдарымен 23 жыл жұмыс істегенде математика, физика, астрономия, география, тарих және басқа да бірқатар пәндер бойынша 2000-ға жуық парақ бет жасалыныпты. Бұл парақтардың бәріне 5000-дай блок салынған және олардың бірде –біреуі мына көрсетілгендей контурмен орындалмаған. Форманың көп түрлілігі-қоры ешуақытта сарқылмайтын психологиялық-педагогикалық қуатты қару.
Кейбір оқырмандарда (мұны тіпті алдын ала болжауға болады) барлық тірек сигналдарын есте сақтап қалуға және қағазға қайта жазып түсіруге қанша уақыт кететінін тексеріп көруге ынта пайда болады. Мұндай мини-эксперименттің мақсатқа сайлығы айқын: есте сақтау механизмдері мен іштей сөйлеуге тірек сигналдарының әсер күші кідірусіз жүреді. Жалған тұжырымның қауіптілігін ескерту қажет. Оқырман қолында тек осы кітіпшаның беттері ғана болған. Дыбыссыз және біркелкі. Оқушы оқулықты оқуға бірден кіріспей, тек жұмыстың бесінші кезеңінде ғана кіріседі. Ол кезеңдерді атап өтейік.
Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі.
Өтілген жаңа материалды тірек плакаттарының көмегімен қайта баяндау.
Тірек сигналдары бар беттерді арнайы стендте көрсетілген үлгі бойынша бояу.
Тірек сигналдарын сол көрсетілген үлгі бойынша үзіліс кезінде алғаш керіп, есте сақтау. (Көпшілік жағдайда бір пән бойынша сабақ пен сабақтың арасында 12-18 үзіліс болады, сол уақыттарда тірек сигналдары бар қағаздар балалардың көз алдында болуға тиіс.)
Оқулықпен жұмыс істеу.
Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудыруды және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындық кезінде диалготарды жаттағандағыдай іске асыру керек.
Тірек сигналдарын қағазға қайта түсіру уақыты бірнеше рет жаттыққан соң біраз қысқарады. Сондықтан көпшілік оқушыларға белгіленген уақыт ішінде жазба жұмысын орындап шығу онша қиындық туғызбайды.

Дәріс 10.
Тақырыбы: Топтық оқыту мен іскерлік ойындар технологиялары
Теориялық зерттеулер де, практикалық тәжірибеде көрсетіп отырғанындай, оқу іс-әрекетінің пәні қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым берік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту үрдісінде оқушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: субъект (студент)-объект (пән)-субъект (студент). Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шет ел тілдерін үйретуде өте тиімді. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады.
Оқу үрдісі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер оқушының өз-өзіне сенімі артуына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым –қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынандай қызметтерді орындайды:
-Көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі-шаттану, ләззат алу, қызынушылық ояту)
-Коммуникативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру
-Өзіндік жүзеге асыру
-Ойынды терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу
-диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үрдіссінде (ережеге сай мінез-құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы)
-Коррекция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу
-Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлеуметті-мәдени құндылықтарды меңгеру
-Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту
Осындардың көбісі өздеріне мынадай 4басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша):
еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік үрдіссінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (прцедуралық қанағаттану);
шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық жолы);
эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, (көтер) конкуренттік, аттракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі эмоциялық кернеулік);
түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына оның үрдіссі ретінде;
a) Ойнаушының өзіне алған ролі;
b) Осы рольдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс-әрекеті;
c) Пәндерді ойын түрінде пайдалану;
d) Ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;
e) Сюжет (мазмұн)-ойындағы шындық аумағы
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық
педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
Өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кәсіби қызметтің, іс-әрекетің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;
Оқушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі;
Ойында көрсетілген өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;
Оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестіктердің(партнерлер) іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші роль атқаруы принципі;
Оқу ойын іс –әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасының дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: оқушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді (компетенциялар) игереді. Бірақ, бұлмыңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық түрлері білімдібілімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өңдеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат-шығармашылық –ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да-оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне. Яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.
Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.
Барлық ойынды танымдық деп атасақ қателеспейміз.
Дидактикалық ойында термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
1-ші топ-заттық ойындар-ойынщықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қатынастырды т.б.. зерттеп таниды.
2-ші топ-шығармашылық, сюжеттік-рольдік ойындар. Мұнда сюжет-интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы- Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.

Дидактикалық ойынның құрылымдық принципі

Дидактикалык ойынныц схемасы

Ойын моделі

Ойын максаты
Ойыннын сценарш
Рольдердщ KOHCiieKii.iepi жэне ойыншылардын функциялары
Ойыннын пэш
Ойынныц ережелерй
Карама-кайшылыктын немесе конференциянын мазмуны

Ойындагы окиганын (генерирования) тэсйн
Багалау системасы
Графикалык модель жэне ойынга катысудын роль.пк взара катынасу реттігі

Eki жоспардын мшездемес!
Ойынды эдктермен камтамасыз ету

Иммитациялық модель

Профессионалды ic-эрекет пэшнщ модел!
Профессионалды ic-эрекет npoiieciHiH модел1

3-щі топ-дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы-пәнді білуді талап етеді.
4-ші топ-еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5-ші топ-баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдаоламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес-оқушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.
Іскерлікойынның жүргізілу технологиясы (М.Валиеваның құрастыруы бойынша):
Дайындық кезеңі.
1. Ойынды дайындау:
Сценариін дайындау;
Жоспар құру;
Жалпы сипаттау;
Мазмұнын меңгеру;
Материалмен қамтамасыз ету.
2. Ойынға кіріспе:
Проблемалық мақсат қою;
Шарттарын білу;
Топ құру;
Рольдерді бөлісу;
Регламент белгілеу;
Жалпы түсінік беру;
Тиісті консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі.
1.Топтық жұмыс:
Әдебиеттермен жұмыс;
Трнинг;
Ойлану;
Ойыншылармен жұмыс.
2.топ аралық жұмыс, пікірталас:
Топтардың жұмысты баяндауы;
Нәтижені қорғау;
Пікірталас туғызу.
Талдау және қорытындылау кезеңі.
Ойынға қорытынды жасау;
Талдау, рефлексия;
Баға және өзіндік баға;
Қорытындылау, жинақтау;
Ұсыныстар беру.

Дәріс 11.
Тақырыбы: Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы –тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға –адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.
Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдық)те шешуші рольге ие.
ЮНЕСКО-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: ... Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелері бағалаудың ғылым негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс.
Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе, студенттің басты мақсаты-көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпрататардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гумантарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.
Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмегологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология (акме-грек сөзі, шың, төбе, бір нәрсенің ең биік басқышы-дегенді білдіреді) зерттеу объектісі өмірдің әртүрлі өзін –өзі көрсету чфералары да өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.
Акмеолгогияның пәні-адамның шығармашылық потенциалы, субъектінің өзін-өзі жетілдіруінің, айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары.
Акмеолгияның міндеттері-суъектіні түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуы үшін қажетті білімдермен және технологиялармен қамтамасыз ету.
Акме- кәсіпкерліктің шыңы-жұмыстың жоғарғы нәтижелерінің тұрақтылығы-сенімділігі. Кәсіби жұмыс жасау-қатесіз, жаза басусыз, олқылықсыз жұмыс жасау деген сөз. Өзін-өзі дамыту-кәсіби шеберліктің шыңына апаратын жол.
Міндет-барлық оқушыларға өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін –өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұлар екме деңгейіне жетудің негізгі факторлары. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жеудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті-студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Түрлі білім беру технологияларының да басты міндеті осында.
Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына –жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық ) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

Дәріс 12.
Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар

Соңғы жылдары компьютерлік технологиялар деген ұғым ақпараттық технологиялар терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі-қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер студентке өзіне тиімді оқыті технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады:
Оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жакты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттерінің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастырылуының әдістерімен және формаларымен анықталады;
Оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принципінің ұсталуы: бұл принцип практикада студенттің игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);
Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің логикалық конструкциясын жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.
Пәннің жалпылама логикалық конструкциясын жобалау алгоритмі төмендегідей процедуралардан тұрады:
1. Мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету, қарастыру;
2. Базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтерді өзара байланысының матрицасын жобалау;
3. Базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерді модельдеу;
4. Базалық білімдерді неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жасақтау;
5. Ғылыми білімнің берілген бөліміне тәне танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру;
6. Жалпы әдіс-құралдармен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.

Дәріс 13.
Тақырыбы: Қашықтықтан білім беру жүйесі.

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдерде мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:
желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
Сонымен қатар, білім алушыларды жаттықтыратын және тестілік жинақтардың кемшіліктеріне қарастырайық. Оларды келесі түрдегі 3 топқа бөлуге болады:
1. Білім алу интерфейсінің кемшілігі (Интерфейс-бұл жалпақ тілмен айтқанда, адам мен машинаның арасында мәліметтер алмасуды орындайтын аппараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы):
өз бетінше білім алу режимінің жоқтығы;
сайыс түріндегі компоненттің жоқтығы;
ақпаратты берудегі біркелкілік
2. Тестілік тапсырмаларды құру интерфейсінің кемшілігі:
Ақпаратты енгізу мен тапсырмаларды құруға кететін уақыттың ұзақтығы;
Графикалық ақпаратты енгізуде туындайтын қиындықтар;
Анимациялық құралдардың жоқтығы.
3. Экзаменатор интерфейсінің кемшілігі:
Материалды игеруде туындайтын қиындықтар;
Білім алушылар жетістіктерін оперативті бақылайтын құралдардың жоқтығы;
Әр түрлі пәндер бойынша топ нәтижелерін салыстыру кезінде туындайтын қиындықтар.
4. Оқу орнын басқарушы интерфейсінің кемшілігі:
Тестілеу нәтижелерін сақтау және оларды бір жүйеге келтіру
құралдарының жоқтығы;
Әр пән бойынша оқу топтарының үлгірімін салыстыру құралдарының жоқтығы;
Оқу орны студенттерінің үлгірімін оперативті бақылау мүмкіндігінің жоқтығы.
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.
Білім порталы келесі функцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мамандарға ақпарат пен қатынас құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық құқықты сақтау, оқу курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, ақпарат алмасу мүмкіндігі, әртүрлі сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар).
Білім порталы – бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім цензін дәлелдеуі). Егер де порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек ақпараттық порталы болады. Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің айырмашылықтарын білу қажет.
Контент – бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы
Ақпараттық ресурстар – бөлек құжаттар немесе бөлек құжаттар массиві, ақпарат жүйесіндегі құжаттар массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық жүйелер).
Яғни, контент оқыту құралы емес. Контент – бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, яғни ақпараттық ресурстар.

1-сурет. Контент: ақпаратпен толықтырылуы

Оқу орталарында ақпаратты-білім ортасын құрудағы негізгі мақсат - интернет ортасында ұйымдастырылған, бірыңғай типтік технологияларды қолданып, білім ресурстары мен қызметтерін білім алушы мен мұғалімдердің қай жерде орналасқанына тәуелсіз ақпаратты-білім ресурстары, оқу орындарында білім алу, мамандық игеру қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру болып табылады.
Сондықтан, алға қойылған мақсат арнайы және аймақтық виртуальды университеттен құралған Интернет-портал негізінде ақпараттық оқыту құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде портал – бұл оқу орындарының өз қызметтері, өнімдері мен ғылыми жетістіктері болатын әлемдік білім Интернет кеңістігіне шығуға жол ашуды қамтамасыз ететін ақпаратты-білім және әмбебап инструментальды ортасының құралдары.
Портал өз формалары мен ұйымдастыру-құқықтық формасын, яғни өз Интернет-өкілдерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіби мамандыққа тәуелсіз желілік оқу процесін жүргізудің технологиялық картасы мен педагогикалық сценарилер жинағымен бірге ақпаратты оқыту жүйесін құру құралы болып табылады.
Ақпараттық-білім ортасын құру процесінде келесі негізгі міндеттер шешілген болу керек:
порталдың функционалды-мазмұндық құрылымы, яғни оны құрудағы механизмі мен технологиясы, оны кеңейту мен өзектілігін өңдеу;
спецификация және нормативті құжаттармен, ұлттық және халықаралық стандарттармен бірігуін қамтамасыз ететін ақпараттық оқыту жүйесінде түрлі ақпараттарды ұсынатын форматтарды жасау;
интегралданған ортақ жүйелі ақпаратты порталда бейнелейтін үлестірілген Портал элементі ретінде Виртуальды университет-ң бағдарламалық-дидактикалық жинақ архитектурасын өңдеу;
қолданушылардың белгілі мақсатқа арналған топтары мен олардың ерекшелігін бейнелейтін, барлық деңгейге сай білім алуға мүмкіндік беретін, Виртуальды университеттің функционалды-мазмұндық құрылымын өңдеу;
оқу процесін жүргізу құжаттамасымен бірге, білім беру процесінің барлық этаптарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, сервистік қызмет типтік жинақтарымен кез келген оқу орнын қамтамасыз ету;
әрбір оқу орындағы виртуальды өкілдіктегі ақпарат құпиялылығы;
жұмысы немесе орналасқан жеріне тәуелсіз педагогикалық, ғылым кадрларымен тәжірибе алмасу және кәсіби қатынаста болуға мүмкіндік жасау;
административті, маркетингтік және басқа да оқу процесін сапалы өткізуді қамтамасыз ететін барлық оқу орындарының тең құқылы болуын қамтамасыз ету;
басқа оқу орындарымен және техникалық қызмет орталарымен, білім қызметтерін тұтынушылардың ара-қатынасын реттейтін, типтік құжаттар жүйесі арқылы ақпараттық оқыту жүйесіне кіретін, білім мекемелерінің қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, сонымен бірге экономикалық механизм, жүйелік келісімдер мен кепілдемелерді, нормативті-құқықтық құжатты жасау;
ақпаратты-білім ортасында тәжірибемен алмасу және авторлық құқықты қорғау, желілік оқу процесінде әдістеме бойынша ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге кеңес және қосымша кәсіби ақпарат алу мен эксплуатациялық ортада административті және техникалық бағыттағы мамандар қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпаратты-білім ортасының администрациялау ядросын құру.
Білім жүйесін ақпараттандыру үрдісін дамыту отандық оқытуға бағытталған бағдарламалык құралдар дайындамайынша мүмкін емес. Олардың ауқымы кең болып табылады. Бұлар-бақылау және тестілеу бағдарламалары, компьютерлік ойындар, ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар.
Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.
Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсатты бөлігі модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль-пән салаларындағы жүйелік және қызметтік білімнің жиынтығы. Ол электондық оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың "қызметтік түйіні" болып табылады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретіндегі ақпараттық оқу ортасы. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электрондық оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі.
Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
оқытуды даралау;
оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
оқу курстарын қолдау;
білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
кеңестер беру;
білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
білім алушылардың білімдерін бақылау.
Білім беру ұйымдарында:
білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және немесе сатылып алынған);
желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);
тестілеу кешендерінің;
тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
желілік тестілеу кешендерінің;
оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);
оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:
оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
Қашықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.
Білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.
Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбитсек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
Қашықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар беру.
Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Сабақты жобалау кезеңдері
Мақсаты: Сабақты кезеңдерге бөліп отырып, сабақ жоспарын құру.

Тапсырмалар:
1. Тақырып 1 сүйене отырып, сабақ жоспарын құрыңыз.
2. Сабақ тақырыбын Қосымша 1-де көрсетілген өз нұсқаңызды алыңыз.
3. Сабақ жоспарын А4 фоматта қағаз түрінде тапсырасыз.
4. Тақырып 1-де көрсетілген мысалға қарап орындаңыз.

Бақылау сұрақтары
1. Сабақты жобалау дегеніміз не?
2. Жобаның жоспардан ерекшеілігі қандай?
3. Сабақтың мақсатын анықтау үшін қандай талаптар қойылады?

Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Педагогикалық әрекетке практикалық дайындық
Мақсаты: MS PowerPoint-та презентация құрып үйрену

Тапсырмалар:
1. Алдыңғы зертханалық жұмыстағы құрған сабақ жоспарыңызға сүйене отырып, осы тақырыпты түсіндіруге көмекші құрал ретінде презентация құрыңыз.
2. Ол үшін Тақырып 2 теориялық материалын оқып, сондағы мысалды орындап көріңіз.
3. Осы мысалға қарап отырып, өз тақырыбыңыз бойынша презентация құрыңыз.
4. Презентация кем дегенде 7 слайдтан тұруы керек.
5. Презентация Тақырып 2 теориялық материалындағы Презентацияны құруға қойылатын талаптарды қанағаттандырсын.

Бақылау сұрақтары
1. Презентация не үшін қолданылады?
2. Оның ерекшеліктері қандай болуы керек?
3. Қалай қолданудың маңыздылығы бар ма?
4. Визуалды құралдың маңыздылығы неде?
5. Негізгі сүйенетін принциптер қандай?

Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Педагогикалық программалық құралдарды (ППҚ)
құрудың психологиялық аспектілері
Мақсаты: MS Word-та Веб-бет құрып үйрену

Тапсырмалар:
1. Тақырып 3 теориялық материалмен оқып танысыңыз, гиперсілтеме құруға берілген мысалды орындаңыз.
2. Алдыңғы сабақта құрған өз сабақ жоспарыңыздың электронды нұсқасын ашыңыз.
3. Осы жоспарды Тақырып 3 теориялық материалына сүйене отырып, сабақ жоспарыңызды Веб-бет түрінде сақтаңыз.
4. Оған гиперсілтемелер орнатыңыз. Гиперсілтеме сіздің жоспарыңыздағы практикалық жұмыстарға орнатылсын. Яғни, Веб-бетте тек сабақ жопары жазылуы керек, ал практикалық тапсырмалар, сұрақтар, қолданылған әдебиеттер басқа беттерде орналассын. Осы беттерге гиперсілтеме құрыңыз. Гиперсілтемелерге түсініктеме жазыңыз.
5. Мұғалімге электронды нұсқасын тапсырыңыз.

Бақылау сұрақтары
1. ТП MS Word гиперсілтеме қалай құрылады?
2. Веб-бет дегеніміз не?
3. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?
4. Құжат ішінде қандай да бір бөлімне сілтеме құруға болады ма?
5. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?

Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісін белсендіру әдістері
Мақсаты: MS FrontPage-да Веб-беттер құрып, оларды
байланыстырып үйрену

Тапсырмалар:
1. Тақырып 4 теориялық материалын оқып танысыңыз.
2. Осы материалға сүйене отырып, мысалды орындаңыз.
3. Өзіңіз құрған сабақ жоспарын және презентацияңызды пайдалана отырып, осы программада электронды жинақ құрыңыз. Яғни, MS FrontPage-да Веб-беттер құрып оларды байланыстырып сабақ жоспарынан, осы сабақты өткізуге қажетті практикалық материалдардан және презентациядан тұратын электронды жинақ құрыңыз.
4. Орындаған жұмысыңыздың электронды нұсқасын мұғалімге өткізіңіз.
Бақылау сұрақтары
1. MS FrontPage қандай программаға жатады?
2. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?
3. Құжат ішінде қандай да бір бөлімге сілтеме құруға болады ма?
4. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?

Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер
жұмысындағы ақпараттық өзара әсерлесу
Мақсаты: HTML тілінде электродны оқулық құрып үйрену.

Тапсырмалар:
1. Тақырып 5 теориялық материалдарын оқып танысыңыз.
2. Осы теориялық материалдардағы мысалдарды орындап, нәтижесін мұғалімге көрсетіңіз.
3. Қосымша 2 тақырыптарды қараңыз. Осы өзіңіздің нұсқаңызда қандай тақырып тұр, сол тақырыпты толықтырып электронды оқулық құрыңыз.
4. Электронды оқулық 15 беттен тұрсын.
5. Оқулықты құру барысында HTML тілінің барлық теориялық материалдағы көрсетілген мүмкіндіктерін қолданыңыз.
6. Сурет қою, сырғымалы жол, фреймдарға бөлу, кесте құру тегтарын қолданыңыз.
7. Электронды оқулықты құрған студент жайлы ақпарат жеке бір бетте кесте түрінде берілсін.
Бақылау сұрақтары
1. HTML құжаты дегеніміз не?
2. HTML құжаты жазылатын негізгі тегтарды атаңыз.
3. Құжатты Веб-бет түрінде ашу үшін қандай форматта сақтау керек?

Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Жобалар әдісі
Мақсаты: Сабақ жоспарын дәстүрлі емес әдіспен құру.
Ойын элементтерін қосып, сабақ өткізу.

Тапсырмалар:
1. Тақырып 6 теориялық материалын оқып танысыңыз.
2. Осында аталған дәстүрлі емес сабақ өткізу әдістеріне өзіңіз білетін әдістер болса, қосыңыз.
3. Екі студенттен бірігіп, өз еріктеріңізбен 7, 8, 9 сыныптарда өтілетін бір тақырыпты таңдап, сол сабаққа дәстүрлі емес ойын әдісін қолданыңыздар.
4. Сабақ жоспарының қағаздаағы нұсқасын тапсырасыздар.
5. Осы сабақты толық 45 минутқа есептеп, топ студенттері арасында өткізуге дайындалыңыздар.
6. Ойын элементтері, дидактикалық материалдар, дайын ойын программаларын қолданыңыздар.
7. Көрнекілік материалдар қолданыңыздар.
Вариант номерлері:
1 және 6
2 және 7
3 және 8
4 және 9
5 және 10
Бақылау сұрақтары
1. Дәстүрлі емес әдіс дегеніміз не?
2. Қандай дәстүрлі емес әдістерді білесіз?
3. Ойын элементтерін қолданудың тақырыпты меңгеруге көмегі қандай?

Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісінде психологиялық
мәселелерді шешу әдістері
Мақсаты: Информатиканы оқуға ынталы оқушыларды анықтау үшін
тест құрастыру. Тест программасын кез-келген программалау тілінде құру.

Тапсырмалар
1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар оқушының білімін және логикалық ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.
2. Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.
3. Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.
4. Осы тест сұрақтарын тесттік программаға енгізіңіз. Программа ретінде Тақырып 5 көрсетілген мысалды алуға, толықтыруға немесе өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға болады. Сұрақтарға байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны міндетті түрде тест программасына қосыңыз.
5. Тест сұрақтарына оқушы жауап бергенде оның информатика сабағына бейімділік мөлшері бағалансын.

Бақылау сұрақтары
1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтауда қандай талаптарға сүйенесіз?
2. Тесттің нәтижесін бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?
3. Тестті білімді бағалауға қолданған дұрыс деп есептейсіз бе?

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ҚАТЫСУМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1-өздік жұмыс
Тақырыбы: Microsoft PowerPoint терезесі. Слайд құру.
Анимация. Презентацияны көрсету.

Презентация құру дегеніміз мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны. Презентация құруға арналған Microsoft Power Point программасы басқа да офистік программалар сияқты өте жеңіл және қарапайым. Бұл программа өзі көптеген шаблондар мен дизайндардың нұсқаларын ұсынады. Программаны іске қосу үішн Іске қосу – Программалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз (Сурет 1).

Сурет 1. Microsoft PowerPoint негізгі терезесі
Басқа да офистік программалар сияқты Microsoft Power Point терезесінің құрылымы тақырып жолынан, әр түрлі тақталардан, қалып күй қатарынан тұрады. Оң жақта орналасқан Есептер облысы көмегімен немесе мәзір қатары командаларының көмегімен Microsoft Power Point-та презентация құру орындалады. Осы терезеде презентация құрудың шаблонын таңдауға, бос презентация құруға, Автомазмұн шебері (Мастер автосоздания) арқылы презентация құруға болады.
1. Есептер облысынан Өңдеу шаблондары (Шаблоны оформления) таңдаймыз. Ашылған шаблондардың ішінен ОКЕАН шаблонын таңдаңыз. Осы шаблонның қасындағы бағыттауыштан Тек еркшеленген слайдқа қою (Только к выделенным слайдам) командасын таңдаңыз. Сонда таңдаған шаблон тек бір слайдқа орнатылады.
2. Есептер облысынан Слайд құрылымы (Разметка слайда) командасын ашыңыз. Осы жерден Тек тақырыбы (Только заголовок) түрін осы слайдқа ғана орнатамыз. MS Power Point стандартты объектілерді орналастырудың 27 стандартты түрлерін ұсынады.
3. Тақырыбын енгізіп, мәтінді форматтаңыз (Сурет 1). Мәтінді форматтау үшін MS WORD мәтіндік процесорын өткеннен білетін, Форматтау тақтасы немесе Формат мәзірін қолданасыздар.

Сурет 1. Слайд 1
4. MS Power Point-та слайдтарды қараудың қарапайым режимі бар. Презентация құрғанда MS Power Point өте көп слайдатр құруға мүмкіндік береді.
Қарапайым режим – ең алғаш ашылған терезе. Онда қарау режимі, слайдтар ржеимі, құрылымы орналасқан.
Слайдтарды сұрыптау (Сортировщик слайдов) – барлық слайдтарды кішкентай көлемде көрсетеді.
Слайдтар – жеке слайдатрды құруға өңдеуге қолайлы режим.
Құрылым (Структура) – презентацияның мәтіндік құрылымын және мазмұнын көрсететін режим.
Ескерту беттері (Страницы заметок) – қолданушыға енгізетін материалдарын жеңіл енгізуге, түсінуіне мүмкіндік береді.

5. Жаңа слайд қосу үшін Форматтау тақтасынан Слайд құру (Создать слайд) компонентін таңдаңыз. Егер ол жоқ болса, Форматтау тақтасындағы кішкентай қара бағыттауышқа барып, сол жерден керек компонентті таңдап алыңыз. Сол кезде автоматты түрде екінші слайд ашылады.
6. Осы слайдқа Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунок) – Файлдан (Из файла) командасын орындаймыз. Жұмыс столындағы СГПИ.jpg файлын таңдаймыз. СМПИ суреті ашылады. Кескінді өңдеу (Настройка изображения) тақтасының көмегімен суретті өңдеп слайд ортасына орналастырамыз. Ал шаблон түрі ОБЛАКА (Сурет 2).

Сурет 2. Слайд 2
7. Тағы да үшінші слайд қосамыз. Бұл слайдқа СМПИ-дің факультеттерін енгізіп жазыңыз. Ол үшін Слайд құрылымына (Разметка слайда) Тақырып немесе ұйымдастырылған диаграмма (Заголовок или организационная диаграмма) түрін таңдаңыз. Немесе мәзір қатарында Слайдта пайда болған батырмасына екі рет шертеміз. Ашылған терезеден үшінші диаграмма түрін таңдаңыз (Сурет 3). ОК батырмасын шертіңіз.

Сурет 3. Диаграммалар кітапханасы терезесі
8. Диаграмма слайдқа орналасқан соң, ашылған диаграмма тақтасынан Фигура қосу (Добавить фигуру) батырмасына 3 рет шертіп, фигура қосыңыз.
9. Фигураларға сәйкес мәтінді теріп, форматтаңыз. Ал өңдеу шаблонына ЗАТМЕНИЕ түрін таңдаңыз (Сурет 4).

Сурет 4. Слайд 3
10. Осы ретпен төртінші слайд қосамыз. Шаблон – Скругленный. Слайд құрылымы – Бос слайд (Сурет 5).

Сурет 5. Слайд 4
11. Бесінші слайд Информатика кафедрасы жайлы ақпаратты файлдан алып қою. Ол үшін жұмыс столынан КАФ_Инф.doc файлындағы мәтінді көшіріп алып, слайдқа қоямыз. Слайд шаблоны – Слои. Слайд құрылымы – Тек тақырып жолы (Только заголовок) (Сурет 6).

Сурет 6. Слайд 5

2-өздік жұмыс
Тақырыбы: Анимация. Презентацияны көрсету.

1-өздік жұмыс бойынша құрылған СМПИ презентациясын көрсетуге дайындау үшін анимациялар қосу керек. MS Power Point көптеген анимация түрлерін ұсынады. Ол презентацияның көрнекілігін арттырады. Яғни, әрбір объектінің презентация барысында пайда болуына әр түрлі эффектіер орнатамыз. Ол үшін объектіні белгілеп алып Есептер облысынан Анимацияны реттеу (Настройка анимации) командасын таңдау керек немесе сол объектінің жанама мәзірінен осы команданы таңдау керек. Бірінші слайдқа анимация орнатайық. Ол үшін тақырыптың жанама мәзірінен Анимацияны реттеу командасын таңдаңыз (Сурет 7).

Сурет 7. Анимация құру терезесі
12. Эффект қосу (Добавить эффект) батырмасын басып керек анимация түрін таңдаңыз. Мысалы: Кіру (Вход) – ВЫЛЕТ, Ерекшелеу (Выделение) – ВРАЩЕНИЕ, Шығу (Выход) - ЖАЛЮЗИ. Осы есептер облысындағы Қарау (Просмотр) батырмасын шертіңіз. Ерекшелінге эффектілерді өзгерту бөлімінде (Изменение выделенного эффекта) Басы (Начало) өрісіне Алдығыдан кейін (После предыдущего) деп таңдаңыз. Сол кезде анимациялар өзі ретімен орындалып отырады. Ал сол өрісте Шерту арқылы (По щелчку) таңдасақ, әр эффектіден кейін тышқанмен шертіп отыру керек болады.
13. Презентацияны құрып болған соң оны реттеу керек. Ол үшін Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Презентацияны реттеу (Настройка презентации) командасын орындаймыз (Сурет 8).

Сурет 8. Презентация реттеуі
14. Бұл терезеден презентацияны көрсету кезінде толық экранға ма әлде терезеден көрсету керек пе, қай номерлі слайдтарды көрсеут керек, уақыт бойынша ма, әлде қолмен көрсету керек пе осы параметрлерді орнатыңыз. Енді құрылған презентацияны көру үшін үшін Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Көрсетуді бастау (Начать показ) командасын немесе F5 пернесін басыңыз.
15. Слайдтардың параметрлерін Файл – Параметры страницы командасы арқылы өзгертуге болады (Сурет 9).

Сурет 9. Бет параметрлері терезесі
16. Слайдатрды номерлеуге, енін және биіктігінің мәндерін беруге, слайдтардың бағытын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жерден слайдтар номерленеді, құрылым терзесінде ал слайд бетіне номер қойылмайды.
17. Слайдқа номер қою және колонтитул енгізу үшін Кірістіру (Вставка) – Слайд номерлері (Номера слайдов) немесе Түр (Вид) - Колонтитулы командасын орындаймыз.

Сурет 10. Колонтитулдар
18. Слайд номерін шығарыңыз және төменгі колонтитутл жеріне СМПИ сөзін жазыңыз. Енді Қолдану (Применить) батырмасын бассаңыз тек сол слайдқа ғана орналасады, ал Барлығына қолдану (Применить ко всем) батырмасын бассаңыз барлық слайдтарға орналасады.
19. Презентацияда басқару батырмаларын орнатуға болады. Ол үшін Слайдтарды көрсету – Басқарушы батырмалар (Управляющие кнопки) командасын орындаймыз (Сурет 11)

Сурет 11. Басқарушы батырмалар
20. Егер сіз құрған перзентация көптеген слайдтардан тұрса, онда батырмаларды орнату қолайлы. Мұнда, мысалы, өңделетін (настраиваемая), үйге (домой), анықтама (справка), алыдға (вперед), артқа (назад) т.б. батырмалар орналасқан. Осы батырмаларды керек слайдқа орнатып, оған қандай да бір әрекетті бекітуге болады.
21. Мысал ретінде, бірінші слайдқа соңына (в конец) батырмасын таңдап, орнатыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 12).

Сурет 12. Әрекетті реттеу терезесі
22. Осы терезеден батырманың әрекетін орнатыңыз. Мысалы, Гиперсілтеме арқылы көшу жеріне белгі қойып, Соңғы слайд таңдаймыз. Ок батырмасын шертіңіз. Енді презентацияны көрсету кезінде тышқанмен шертсеңіз көрсету бірден соңғы слайдқа көшеді.
23. Презентацияны СМПИ атымен өз бумаңызда сақтаңыз.

3-өздік жұмыс
Тақырыбы: Презентация құруға қойылатын талаптар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ – бұл сендіру, коммуникация формасы. Оның мақсаты шектеулі. Түсін таңдау, түзулерді орынды пайдалану, сәйкестік, әртүрлілік, жеке , ерекше үлгі қолдану презентацияның сапасын көтереді. Бір-біріне ұқсас презентацияны әр тақырыпта мәтінін өзгертіп қолдана беру, оқушының да қызығушылығын тудырмасы анық. Презентация әртүрлі формада және әртүрлі программаларда жасалуы мүмкін. Ол автордың біліктілігіне байланысты. Презентацияны дәріс, практикалық, зертханалық жұмыстарды өткізгенде қолданған тақырыпты бекітуге, жете түсінуге көмектеседі.
1. Презентацияны жоспарлау.
Бүгінгі жасалған жақсы жоспар ертеңгі, жасалмаған керемет жоспардан жақсы.
А.Блох
Жоспарлау әрине автордың аудиторияға нені жеткізуі керек, соны анықтаудан басталады. Ол уақытты да, аудиторияны да тақырып өзектілігін де ескеруі керек. Өз сөзіңізді дайындау – жоспарлаудың бірінші кезеңі. Презентацияның титулы автордың атынан және тақырыптың көрнекі жазылуынан басталуы керек. Бұл кезеңде аудиторияның назарын презентацияға аудару ары қарайғы оның дұрыс бағытта қабылдануына әсер етеді. Екінші этап онда қандай бөлімдер және қандай ретпен орналасады соны қарастыруы керек. Жоспарлау барысында топтарға бөлуді де ескеру керек.:
1. Ең маңыздысы қосылуы керек
2. Қажеттісін қосу керек
3. Нені қосымша айтуға болады, оны уақыт қалса айта кету керек.
Барлығын презентацияға сыйдырып, өзіңіз тақырыпты ашуға тырысу үлкен қателік болады. Жоспар құрып, бөлімдерге бөлген соң, көрсету барысында ауызшада айтып, аудиторияға ие болу керек. Қызықсыз және жалықтыратынды қосуға болмайды. Өте қызықсыз деп саналатын тақырыптан да қызықты кезеңдерін таууға тырысып, презентация құндылығын арттыра білу керек. Жоспарлаудың үшінші кезеңі – оны аяқтау. Логикалық аяқтауды ойластыруда өте маңызды. Қорытындылау кезінде аудитория өздеріне түсініксіз болып отырған сұрақтарға жауап та алуы керек. Слайдқа қоштасу сөздерін жазу керек емес. Қорытындыға не кіреді:
Көрсетілген факторлар мен аргументтердің қысқаша сипаты
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сұрақ қою ұсынылуы керек
Тыңдағандары үшін рахмет айтылуы керек
Жоспарлау кезінде келесі дидактикалық принциптерге сүйену керек:
ғылымилық;
көрнекілік;
түсініктілік;
жүйелілік;
екпінділік;
тұрақтылық;
теория мен практиканың байланысы;
интерактивтілік;
жеке тұлғалық ерекшелік;
2. Кіріспе сөзді дайындау.
Жоспарлау кезінде біз аудиторияны тыңдаушылар ретінде қарастырамыз. Ал сөйлеу барысында оларды қатысушылар ретінде қарастырып көру керек. Презентацияның жақсы болуында сіздің сөзіңіз, кіріспеңіз өте үлкен орын алады. Әйтпесе оның дұрыс қабылданбауы әбден мүмкін. Ал нашар презентацияның өзін автордың ораторлық, ұйымдастырушылық қасиеті тамаша етуі әбден мүмкін.
Негізгі кезеңдерді ескере кетейік:
кіріспенің құрылымын зерттеу;
аудиториямен сөйлесудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;
аудиторияның жас ерекшелігін ескеру;
презентация өтуі барысында аудиторияны қаратудың сәйкестігі.
3. Қолданылатын визуалды құралдар
Мен естідім де ұмытып қалдым, көрдім де есімде сақтадым.
Ағылшын мақалы
Визуалды құралдар – презентацияны көрсету құралы, бірақ мақсаты емес. Спецэффектілермен қатты әуестеніп кетіп, презентация тақырыбынан ауытқу болмау керек. Визуалды ақпараттан адам тек 25%, аудиодан – 12% қабылдайды екен. Ал екеуінің сапасы сәйкес болса, онда 65% ақпарат қабылдайды. Келесілерді ескеру керек:
Визуалды құрал сөзбен айтылмайтын ақпаратты тез және көркем беруі керек;
Олар презетацияларды көрнекі ету керек;
Көрініс қарапайым болуы керек;
Сөздерді көлденең орналастыруы керек;
Түсті таңдағанда ойлану керек;
Слайдты көп ақпаратпен толтырмаңыз;
Бағандарға бөлу керек;
Түстердің адамға әсері:
Қызығушылық: көк, сары, жасыл.
Қуаныш: қызыл, сары.
Жалығу: қоңыр.
Келесі сұрақтарға мән беріңіз:
өткізу орыны өте үлкен болған қызықсыз;
дайындық жүргізу керек;
Қорытынды сөз барлығын жақсы қабылдануы керек. Автордың шығармашылығы да басты орын алады.

4-өздік жұмыс
Тақырыбы: Сабақ жоспарын құру тақырыптары

7 сынып бойынша
1. Ақпаратты кодтау
2. Есептеу техникасының даму тарихы
3. Компьютердің құрылысы
4. Windows-тың басқару элементтері
5. Терезе элементтері
6. Файлдар мен қапшықтар
7. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту және көшіру
8. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
9. Редактордың командалары
10. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

5-өздік жұмыс
Тақырыбы: Сабақ жоспарын құру тақырыптары

8 сынып бойынша
1. Санау жүйелері. сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру
2. Логикалық операциялар
3. Дербес компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі
4. Операциялық жүйелерді жіктеу
5. Windows типті операциялық жүйелер
6. Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну
7. Файлдар мен қапшықтарды іздеу
8. Компьютерлік ақпаратты қорғау
9. Графикалық ақпарат туралы түсінік
10. Windows-ты баптау

6-өздік жұмыс
Тақырыбы: Электронды оқулықтар тақырыптары

1. MS Word мәтіндік процессоры (1, 6 вариант)
2. MS Excel кестелік процессоры (2, 7 вариант)
3. MS Access мәліметтер қоры (3, 8 вариант)
4. Turbo Pascal программалау тілі (4, 9 вариант)
5. Paint графикалық редакторы (5, 10 вариант)

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Тақырыбы
дайындау формасы
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі қосымша
Балл
Жұмысты өткізу уақыты
1
Ақпараттық технологияның қазіргі заманғы қоғам өміріндегі орны
бақылау
[1-8]
5
2-апта
2
Мұғалімдерді дайындау
жүйесінде информатиканы
оқыту әдістемесінің орны
Ауызша
[1-20]
5

4-апта
3
Электрондық оқулықтар және оны жасауда қойылатын дидактикалық талаптар
ауызша
[1-30]
5

6-апта
4
Жаңа педагогикалық
технология арқылы оқушы білімін бағалау
бақылау
[1-10]
5

8-апта
5
Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті
бақылау
[31-40]
5

10-апта
6
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
реферат қорғау.
[1-28]
3
3 апта
7
Оқушыларға информатиканы оқытуда педагогикалық бағдарламаларды қолдану әдістемесі.
Электрон-ды формада
[1-15]
3
5 апта
8
Орта мектеп оқушыларының ақпараттық компетенттілігін қалыптастыру
Презента-ция
[1-24]
3
7 апта
9
Информатиканы тереңдетіп оқуға бейім оқушыларды оқытудың негізгі бағыттары.
Электронды формада
[1-30]
3
10 апта
10
Жаңа оқыту технологиялары және концепциялары дамуының қазіргі заманғы тенденциялары
ауызша
[1-30]
3
13 апта
11
Оқушылардың педагогикалық бағдарламалық құралдарды қабылдау аспектісінің психологиялық негіздері
ауызша
[31-40]
3
15 апта


Скачать


zharar.kz