Мәліметтерді өңдеудің құрылымдары мен алгоритмдері пәні бойынша тапсырмалар
1- тапсырма
1. Мәтіндерге тізбектеліп кіретін мәліметтердің сызықтық құрылымдық типтері.
2. Циклдық тізімдер
3. Стектер
4. Шіреттер
5. Ағаштар. Тармақтар.
6. Екілік бинарлық тармақтар. Екілік тармақтардың құрылымы.
7. Екілік іздеу тармақтары
8. Массивтермен берілген бинарлық тармақтар
9. Пирамидалар
10. Балансталған тармақтар
11. Графтар
2- тапсырма
1. Сұрыптау процедурасын сұрыптау элементтердің кему реті бойынша жүргізілетіндей етіп өзгерт.
2. Бүтін сандардың берілген тізбегі кему реті бойынша сұрыпталған ба, тексер. Егер жоқ болса, ретте.
3. Массивты сұрыпта, массивтегі қайталанбайтын сандардың санын есепте.
4. Сұрыптау процедурасын I параметры мәні әрбір қадамда өсетіндей етіп өзгерт.
5. Қарапайым таңдау әдісі көмегімен массивтың жұп элементтерін сұрыпта.
6. Қарапайым таңдау әдісі көмегімен массивтың тақ орындарда тұрған элементтерін сұрыпта.
7. Қарапайым таңдау әдісі көмегімен массивтың оң элементтерін сұрыпта.
8. Қарапайым таңдау әдісі көмегімен массивтың теріс элементтерін сұрыпта.
9. n*m матрицасында бағандарды өсу реті бойынша сұрыпта.
10. Футбол командаларының тізімі және чемпионатта әрбір команда алған ұпайлар саны берілген. Ұпайлар саны бірдей командалар жоқ екендігі белгілі. Жүлдегерлерді басып шығар.
11. Реттелмеген массивте қайталанатын элементтер болуы мүмкін. Бірдей элементтер тобының ішінен біреуін ғана қалдыру керек.
12. Жарыстың турнирлік кестесі А квадрат матрицасы арқылы берілген. Aij әрбір элементі i командасының j командасының қақпасына соққан голдар саны. Диагональ бойымен әрбір команданың орынын орналастыру керек (жеңілістерінің санын алып тастағандағы жеңістер саны бойынша, тең түскен жағдайда соғылған гол мен жіберілген голдардың айырмасы бойынша).
Енгізілетін мәліметтер (алғашқы массив) пен шығатын мәліметтерді (сұрыпталған массив) бүтін сандардан тұратын текстік файл ретінде қалыптастыру керек.
Барлық варианттарға көпіршік сұрыптау процедурасын қолдану керек.
13. 1. Ең жақсы және ең жаман жағдайлардағы орындалған ауыстырулар мен салыстырулар санын есепте.
14. 2. Берілген қатардың n алғашқы элементтерін өсу реті бойынша орналастыр. Осы элементтерді кему реті бойынша басып шығар.
15. 3. Біздің мысалымызда соңғы екі элемент сұрыпталған болғандықтан элементтер ретіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан, біздің алгоритмді қандай бір жүрісте элементтер ауыстырылды ма, соны есте сақтау арқылы жақсартуға болады. Егер болмаса, сұрыптауды аяқтауға болады.