Бақылау формалары

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ ағылшын , неміс , француз тілдері

ПЕДОГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ.
БАС КОРПУС, 309 БӨЛМЕ

МАМАНДЫҚ_______________________________

Бекітемін

Абылай хан атындағы ҚХҚ жӘТУ ректоры

_______________________ С.С. Құнанбаева

ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША
С И Л Л А Б У С

Оқу формасы: күндізгі
Курс - 2 , семестр – 3
Пән боиынша кредит көлемі: 1 кредит
Аудиториялық 13 сағат.
ОСӨЖ 13 сағат.
СРС 14 сағат.
Барлығы 40 сағат.
Емтихан – 3 семестр.

АЛМАТЫ , 2005
Құрастырғандар: доцент К. М. Қалиева; доцент Елькеева А.Б.

Ғылыми кеңесші: филолог. ғ.к., доцент Б.С. Жұмағұлова

Пікір жазған; п.ғ.д. , проф. К. С. Успанов

Жалпы редакциясын басқарған филолог. ғыл. док., проф., ЖМ ХҒА академигі

С. С. Құнанбаева

Силлабус Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ ҒӘК мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Хаттама № 6. 04 сәуір, 2005 жыл.

Этнопедагогика оқу курсының (ОҚ) силлабусы құрылымы

1. Түсіндірме хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Оқу курсының (ОК) пәндік құрылымы (модуль бойынша) ... ... ... .5

2.1. Модуль бойынша міндетті және қосымша әдебиеттер
(интерент дерек көздерін пайдалана отыра) ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3. ОК-ны оқытудың тақырыптық-мазмұндық жоспары (N1 кесте) ... ... ..12
4. ОК-ның проблемалық сұрақтар көрсетілген модульдік интегративті
құрылымы (N2 кесте) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. ОК модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ)
ұйымдастыру(N3 кесте) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
6.ОК бойынша студенттің кәсіби дайындығы менеджменті сапасын ұйымдастыру (N4 кесте) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
7. Студенттердің білім, білік, дағдыларын бағалау (СӨЖ-ді қоса есептегенде) өлшемдері мен көрсеткіштері (N 5,6,7 кестелер) ... ... ... ... ... ... ... ... 31
8. Оқу курсын (ОК) меңгеру бойынша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ..32
9. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
10.Этнопедагогика ОҚ бойынша атаулар сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ..33
11. ОК-ны оқып аяқтағанда күтілетін нәтиже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
12. ОК-ны оқып аяқтағанда күтілетін нәтижелерге табысты қол
жеткізудің алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
13. СӨЖ –ді орындау бойынша методикалық ұсыныстар ... ... ... ... ... ... 36

Т ү с і н д і р м е х а т

Бағдарлама 05019 – шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша 3.08.019 – 2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылды.
Кредиттік технология жайлы ұғым: Кредиттік технология (латынның credit– сенім) - бұл өздігінен білім алу және білімді шығармашылық пен игеру деңгейін көтеруге бағытталған білім беру жүйесі. Ол білім траекториясын дербестендіру мен таңдауға негізделеді және білім көлемін кредиттер түрінде беруді қарастырады.
Кредиттік технологияға сәйкес силлабустың мазмұнында көрсетілгендей оқу курсының біртұтас міндетті компоненттерден тұратын құрылымы жасалады.
Кредиттік технологияның мақсаты: Болашақ маманның пәндік білімдерінің беріктілігіне қол жеткізуге бағытталған ауқымды кәсіби кең базалық дайындықты қамтамасыз ету.
Кредиттік технологияның негізгі міндеттері:
- студенттердің кәсіби шығармашылығын дамыту;
- өздігінен білім алуға қажеттілігін қалыптастыру.
Этнопедагогика пәнінен бойынша ұсынылып отырған силлабустың құрылымы мен мазмұны кредиттік технология бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығына қойылатын қазіргі талаптарға сәйкес келеді.
Этнопедагогика курсының негізгі мақсаты – студенттерді халықтық педагогиканың негізгі идеялары және тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие процесінде шығармашылықпен қолдана алу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
Бұл мақсатты жүзеге асыруда бағдарламада төмендегі міндеттерді шешу қарастырылады:
- ғылыми-педагогикалық және этнопедагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену;
- студенттерді этнопедагогикалық білім беру концепцияларымен таныстыру;
- халықтық педагогиканы оқу-тәрбие процесіне еңгізудегі озық тәжірибені зерттеу және оны қортындылау;
- кластан тыс этнопедагогикалық жұмысты жоспарлай алу, нақты тәрбиелік міндеттерді анықтай алу және шешу, этнопедагогикалық жұмыстың түрлі формалары мен әдістерін таңдай алу және қолдана алу біліктерін қалыптастыру.
Курс 40 сағат көлеміндегі 1 кредитке есептелінген. Оның 13 сағаты аудиториялық, 13 сағаты ОСӨЖ, 14 сағаты СӨЖ сабақтарына арналады.
Оқу курсының пререквизиттері, корреквизиттері және постреквизиттері
Пререквизиттер: орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартында қарастырылатын оқу пәндері: адам және қоғам, әдеп, әдебиет және т.б.
Корреквизиттер: шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру Мемлекеттік міндетті стандартты қарастыратын және студенттер қатар оқып үйренетін оқу пәндері: философия, Қазақстан тарихы, мәдениеттану, әлеуметтану, мамандыққа кіріспе және т.б.
Постреквизиттер: Қазақстан Республикасының кәсіби білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандартында осы мамандық бойынша қарастырылатын және екінші семестрде, келесі курстарда оқып үйренілетін оқу пәндері: педагогика, педагогика тарихы, тәрбие жұмысының әдістемесі, этнопсихология.
Студенттерде этнопедагогика курсын оқып үйрену барысында қалыптасатын кәсіби біліктер және күтілетін нәтиже:
- халық педагогикасының түрлі концепцияларын, этникалық педагогиканың басты категорияларын ғылыми негізде талдай алу;
- халықтық-педагогикалық құбылыстарға өз бетімен түсінік бере алу;
- этнопедагогикалық зерттеудің объектісі, пәні, және міндеттерін анықтай алу;
- түрлі этностардың озық халықтық тәрбие дәстүрлерін талдай алу, салыстыра білу және бағалай алу;
- педагогикалық міндеттерді шешуде этнопедагогикалық білімдерді іс жүзінде пайдалана алу.

“Этнопедагогика” курсының пәндік мазмұны
Курстың оқу-тақырыптық жоспары

Тақырыптардың аттары
Барлығы
Аудиторсабақтар
ОСӨЖ
СӨЖ
1 Модуль
40
13
13
14
І ТАРАУ. Этнопедагогиканың теориялық негіздері
12
4
4
4
1.1.Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері
3
1
1
1
1.2. Тақырып. Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы
3
1
1
1
1.3. Тақырып. Қазақстандағы этнопедагогика дамуының тарихи жолы
3
1
1
1
1.4 Тақырып. Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
3
1
1
1
ІІ ТАРАУ. Халық педагогикасының мәні мен мазмұны
21
7
7
7
2.1. Тақырып. Халық идеалындағы “жетілген адам” және оны тәрбиелеу тәжірибесі
3
1
1
1
2.2. Тақырып. Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
3
1
1
1
2.3.Тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі
3
1
1
1
2.4. Тақырып. Енбек тәрбиесі – халық педагогикасындағы жетекші бағыт
3
1
1
1
2.5. Тақырып. Адамгершілік тәрбие – халықтық педагогикасының негізі
3
1
1
1
2.6.Тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие
3
1
1
1
2.7. Тақырып. Дене тәрбиесі – халық педагогикасының құрамды бөлігі ретінде
3
1
1
1
ІІІ ТАРАУ. Халық педагогикасы бойынша мектептегі әдістемелік жұмыс.
7
2
2
3
3.1. Тақырып. Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу - өзекті мәселе
3
1
1
1
3.2. Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары
4
1
1
2
Барлығы:
40
13
13
14

I Модуль.

І ТАРАУ. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Тақырып Этнопедагогика пәні және міндеттері.

Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын қамтамасыз етудегі этнопедагогиканың алатын орны және ролі. Этнопедагогика ғылым ретінде. Этнопедагогика проблемаларын халықтың педагогикалық білімдері мен педагогикалық тәжірибесінің жиынтығы ретінде зерттеудің маңыздылығы. Халық педагогикасының ғылыми педагогикамен өзара байланысы және өзара ықпалы. Этнопедагогикалық құбылыстарды зерттеуге түрлі көзқарастар. Проблеманың әлеуметтік-тарихи, этнографиялық аспектілері. Халық педагогикасын оқып үйренуге этномәдени көзқарас.
Негізгі ұғымдар: білім беруді этнизациялау, тәрбие мен білім берудің ұлттық жүйесі, этнопедагогика, халық педагогикасы, халықтық тәрбие, халықтық педагогикалық мәдениет, этникалық тәрбие жүйесі.

1.2. Тақырып. Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы.

Этнопедагогика дамуының негізгі тарихи кезеңдері. Халықтық педагогикалық дәстүрлер педагогикалық ой дамуының негізі ретінде. Шетел және орыс педагогтары (Я.А.Коменский, И.Т.Песталоцци, К.Д.Ушинский және т.б.) еңбектеріндегі тәрбиенің халықтығы принципі. Кеңес дәуіріндегі этнопедагогикалық зерттеулер (Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, Е.Н. Христова, Э. Днепров және т.б.) Этнопедагогиканың қазіргі кезеңдегі өзекті проблемалары мен міндеттері.
Негізгі ұғымдар: этнопедагогикалық идеялар, этнопедагогикалық ой, этнопедагогика ғылымы.

1.3. Тақырып. Қазақстандағы этнопедагогика дамуының тарихи жолы.

Орхон–Енисей ескерткіштеріндегі адам тәрбиесі жайлы, мінез-құлық нормалары мен ережелері жайлы халықтық түсініктер . “Қорқыт-ата” кітабы халық педагогикасы ескерткіші ретінде. Әль Фараби трактаттарындағы халықтық идеялар. М.Қашғари, Ж.Баласағұни түркілік тәрбие дәстүрлерін зерттеушілер ретінде. Қазақ педагогтары мен ағартушылары еңбектеріндегі халықтық тәрбие мәселелері (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердыұлы, А.Байтұрсынов және т.б.). Қазақстандық ғалымдардың (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова және т.б.) этнопедагогиканың дамуы жәйі, оның мұғалімнің кәсіби дайындығын көтерудегі ролі жөніндегі көзқарастары. Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және болашағы.
Негізгі ұғымдар: қазақ этнопедагогикасы, этнопедагогикалық білім беру концепциясы.

1.4 Тақырып. Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар.

Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері табиғи және тарихи жағдайлардың нәтижесі ретінде.
Еңбек әрекеті, тұрмыс пен діннің халықтың педагогикалық мәдениетіне ықпалы. Өзара қарым-қатынастар жүйесі, дәстүрлер, салттар мен әдет-ғұрыптар және олардың халық педагогикасын қалыптастырудағы ролі. Ұлттық мінез және тәрбиенің этникалық жүйесі өзара тәуелді және өзара ықпал етуші факторлар. Ана тілі этникалық тәрбиенің жүйетүзуші негізі ретінде.
Негізгі ұғымдар: ұлттық мінез, этникалық тұлға, этникалық өзіндік сана, ана тілі, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, этникалық стереотип, этномәдени орта, тұлғаның этномәдени тұрғыдан әлеуметтенуі.
ІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

2.1. Тақырып. Халық идеалындағы “жетілген адам” және оны
тәрбиелеу тәжірибесі

Тұлға жайлы халықтық түсінік. Жетілген адам халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде, оның этникалық сипаты. Қазақ қоғамындағы тұлға идеалы. Жетілген адам идеалын жүзеге асыру: жас ұрпақ өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың кешенді формалары: тәрбие салаларының өзара байланысы. Тәрбиенің халықтық әдістері: бата беру, тілек сөздер, алғыс, өсиет, мақұлдау, сөгу, кінәлау, кеңес, ишара, көндіру, иландіру, сенім, бүйыру, қарғыс. Халық тәрбиешілері.
Негізгі ұғымдар: тұлғаның халықтық идеалы, халықтық тәрбие құралдары, халықтық тәрбие әдістері, халық тәрбиешілері.

2.2. Тақырып. Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі.

Отбасылық дәстүрлі мәдениет халықтық рухани мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде. Халық идеалындағы отбасы. Ата-ана – алғашқы тәрбиешілер. Балаға ата-ана жақындығының біліну формалары үлкендермен өзара қарым-қатынас әдебіне үйрету. Отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері. Халықтық тәрбиедегі отбасы өміріне дайындық.
Негізгі ұғымдар: отбасылық тәрбие дәстүрлері, отбасы этнопедагогикасы, отбасылық қарым-қатынастар.

2.3. Тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.

Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас. Балаларда білім, білік, дағды қалыптастырудың халықтық құралдары (ертегілер, жұмбақтар, эпостар, мақалдар, мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, арифметикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар және т.б.). Халықтық білімдер (халықтық медицина, халық календары және т.б.) және олардың білімдік және тәрбиелік маңызы. Халықтық дидактика.
Негізгі ұғымдар: халықтық дүниетаным, халықтық дидактика, халықтық медицина, халық календары, халықтық білімдер.

2.4. Тақырып. Еңбек тәрбиесі – халық педагогикасындағы жетекші бағыт

Еңбекке және еңбек тәрбиесіне халықтық көзқарас. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні. Халық қолөнерінің тәрбиелік және білімдік маңызы. Халық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулу құралдары мен әдістер.
Негізгі ұғымдар: халықтық тәрбие дәстүрлері, дәстүрлі қол өнер, халықтық қолданбалы өнер, еңбек әндері.

2.5. Тақырып. Адамгершілік тәрбие – халық педагогикасының негізі.

Адамгершіліктің халықтық идеалдары. Дәстүрлер мен салттар халық педагогикасында адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі құралдары ретінде. Халықтық мерекелердің педагогикалық ролі. Халықтық тәрбиедегі сезімге, санаға және мінез-құлыққа әсер ету әдістері. Халықтық этика, және оның бүгінгі тәрбие мен оқыту міндеттерін шешудегі ролі.
Негізгі ұғымдар: халықтық адамгершілік идеал, халықтық мораль, халықтық этика, адамгершілікке тәрбиелеудің халықтық әдістері.

2.6. Тақырып. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие.

Әсемдікке халықтық көзқарас. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбие берудің халықтық құралдары. Қолданбалы өнер тәрбие құралы ретінде. Халықтық музыкалық мәдениет және оның педагогикалық ролі. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие әдістері.
Негізгі ұғымдар: халықтық эстетикалық мәдениет, эстетикалық тәрбие берудің халықтық құралдары, эстетикалық тәрбие берудің халықтық әдістері.

2.7. Тақырып. Дене тәрбиесі - халық педагогикасының құрамды бөлігі ретінде.

Салауатты ұрпақ тәрбиелеу халық педагогикасының басты мақсаты. Бала денесін шынықтырудың халықтық әдістері мен тәсілдері. Халықтық ойындар мен мерекелердің баланың бойында шыдамдылық, икемділік, еріктілік сапаларын қалыптастырудағы ролі. Дене тәрбиесінің халықтық тәжірибесін қазіргі оқу-тәрбие міндеттерін шешуде пайдаланудың маңыздылығы.
Негізгі ұғымдар: халықтық ойындар, жарыстар, дене шынықтырудың халықтық әдістері мен тәсілдері.

ІІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС.

3.1. Тақырып. Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу – өзекті мәселе.

Халық педагогикасын оқу-тәрбие процесіне енгізудің теориялық және методикалық мәселелерін зерттеудің өзектілігі. Халық педагогикасының оқу-тәрбие процесіне енгізілу жәйі. “Атамекен”, “Елім-ай” ұлттық бағдарламалары және олардың Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі этнопедагогикалық жұмысты жүзеге асырудағы маңызы. Мектептегі этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі.
Негізгі ұғымдар: этнопедагогикалық білім беру, мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеті, тәрбиенің ұлттық бағдарламасы.

3.2. Тақырып. Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие
процесінде пайдалану жолдары.

Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары. Пән сабақтарының оқушыларға этникалық тәрбие берудегі ролі мен орны. Кластан тыс этнопедагогикалық жұмыс. Халықтық педагогика бойынша кластан тыс жұмысты ұйымдастыру формалары (экскурсиялар, диспуттар, конкурстар және т.б.).
Негізгі ұғымдар: кластан тыс этнопедагогикалық жұмыс, сабақтағы этнопедагогикалық жұмыс.

2.1. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер
1. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико-
методологические проблемы: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. – М., 1988.
2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974.
3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практи
ка. – Алматы: Гылым, 1998.
4. Этническая педагогика Под ред. В.А. Пятина и др. – Астрахань, 1995.
5. Әбілова З.А., Қалиева К.М. Этнопедагогика. – Алматы, 1999.
6. Жарықбаев Қ.Б. , Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.
Алматы, 1994.
7. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изучения
народной педагогики (логико-исторический аспект). – М.,1980.
8. Христова Е.Н. Об уточнении понятийного аппарата этнопедагогики
Советская педагогика №7, 1989.
9. Ханбиков Я. Некоторые вопросы изучения народной педагогики.
М.1966.
10. Измайлов А.Э. Народная педагогика: Педагогические воззрения наро
дов Средней Азии и Казахстана. – М.: Педагогика, 1991.
11. Стельмахович М.И. Народная педагогика. – Киев, 1985.
12. Васильцова З.П. Мудрые заповеди народной педагогики. - М.: Педагогика,
1988.
13. Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Концепция этнопедагогического
образования студентов высшей школы. – Алматы, 1998.
14. Этнопедагогика материалдарын тәрбие процесінде қолдану.
–Алматы, 1998.
15. Магауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию
прогрессивных традиций народной педагогики в учебно-воспитательном
процессе общеобразовательной школы: Автореф. дисс. канд.пед.наук.
– Алматы, 1995.
16. М.Ғабдуллин. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. –Алматы, Мектеп.1966.
17. Христова Е.Н. Понятие народная педагогика в советской историко-
педагогической литературе Актуальные вопросы историографии и
источниковедения истории школы и педагогики. М.1986.

Қосымша әдебиеттер
1. Волков Г.Н. Этнопедагогика. проект программы. – Чебоксары.
2. Атамекен бағдарламасы Егеменлі Қазақстан 27.08.1991.
3. Гашимов А. Азербайджанская народная педагогика. – Баку, 1970.
4. Пирлиев К. Народная педагогика и современность. – Ашхабад, 1983.
5. Алиев А. Народные традиции и обычаи и их роль в формировании но
вого человека. – Махачкала: 1968.
6. Семья и семейные обряды у народов Средней Азии и Казахстана. М.:
Наука, 1978.
7. Афанасьев В.Г. Этнопедагогика нерусских народов Сибири и Дальне
го Востока. – Якутск: 1976.
8. Пермяков Г.Н. Пословицы и поговорки народов Востока. М. Наука,
9. Адамбаев Б. Халық даналығы, Алматы, Мектеп, 1976,
10. Хинтибидзе А. Идеи воспитания в грузинском народном творчестве.
Тб, 58
11. Мирзоев Ш. Содержание, формы и методы воспитания в народной
педагогике Дагестана. М. АКД, 1987.
12. Шоров И. Адыгская народная педагогика. Казань, 1994.
13. Традиционное воспитание народов Сибири, Л.1988
14. Казахи.Ред.коллегия: М.К. Козыбаев и др. – Алматы: Казахстан,
1995.
15. Сафаров Н. Прогрессивные идеи и опыт народной педагогики Узбеки
стана: Автореф. дисс. ... канд.пед.наук. – Ташкент, 1993.
16. Хофман Ф. Мудрость воспитания. – М.: Педагогика, 1979.
17. Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов
казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин.
– Алматы, 1997.

3. ОК-ны оқытудың тақырыптық-мазмұндық жоспары (№ 1 кесте)

Оқ-ның аты мен мазмұны

Оқу апталарының бірізділігі

ОК-ны ұйымд. формалары мен мазмұны

Ағымдық бақылау (АБ)
(қадағаланып отыратын)
АБ-ны өткізу мерзімі
Жұмысты өтеу мерзімі

Аудиториялық сабақтар
ОСӨЖ
СӨЖ

Сағат саны
ОК ұыймдастырудың формалары мен әдістері
Сағаттар санычасов
ОК-ны ұйымдастырудың формалары мен әдістері
Сағат саны
ОК-ны ұйымдастырудың формалары мен әдістері і

1. МОДУЛЬ
І ТАРАУ. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. ТақырыпЭтнопедагогика пәні және міндеттері.

1
1
Кіріспе лекция
1
Ғылыми пікір-талас әдісі
1
Тақырып бойынша әдеб-ге аннот ж-у консп-у; ХП-ның түрлі түсініктемелеріне талдау жасау
Этнопедагогика проблемаларын халықтың педагогикалық білімдері мен педагогикалық тәжірибесінің жиынтығы ретінде зерттеудің маңыздылығы. Этнопедагогикалық құбылыстарды зерттеуге түрлі көзқарастар.
1
Сабақ процесі барысындағы келісім бойынша
1.2. Тақырып.Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы

2
1
Аналитикалық-шолу лекциясы
1
Шағын топ әдісі.
1
Тақырып бойынша библ. құрас-у; дерек көздеріне шолу
Халықтық педагогикалық дәстүрлер педагогикалық ой дамуының негізі ретінде. Шетел және орыс педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов, Е.Н.Христова және т.б.) еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері. Этнопедагогиканың казіргі кезеңдегі өзекті проблемалары мен міндеттері.

2

1.3.
Тақырып
Қазақстандағы этнопедагогика дамуының тарихы.
3
1
Проблемалық лекция
1
Ғылыми пікір
талас әдісі
1
Қаз-ғы ЭП ғыл-ң даму жағдайы және персп.-ры.
Ежелгі көне түркі ескерткіштеріндегі этнопедагогикалық идеялар. Қазақ педагогтары мен ағартушылары еңбектеріндегі халықтық тәрбие мәселелері(Ш.Уалиханов, Ы,Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердыұлы, А.Байтұрсынов және т.б.). Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және болашағы.

1.4.
Тақырып

Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері
және оларды анықтаушы факторлар

4
1
Интерактивті лекция-әңгіме
1
Сынап ойлау әдісі
1
Х.П. қалыпт. дамуына ықпал етуші факторлардың өзара байланысын көрсететін схема құрастыру
Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері табиғи және тарихи жағдайлардың нәтижесі ретінде. Еңбек әрекеті, тұрмыс пен діннің халықтың педагогикалық мәдениетіне ықпалы. Өзара қарым-қатынастар жүйесі, дәстүрлер, салттар мен әдет-ғұрыптар және олардың халық педагогикасын қалыптастырудағы ролі. Ұлттық мінез және тәрбиенің этникалық жүйесі өзара тәуелді және өзара ықпал етуші факторлар. Ана тілі этникалық тәрбиенің жүйетүзуші негізі ретінде

АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ (АК)

ІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
2.1. Тақырып

Халық идеалындағы “жетілген адам” және оны тәрбиелеу тәжірибесі

5
1
Шолу лекциясы
1
Шағын топ әдісі
1
Эссе: Мен тұлға идеалын қалай түсінемін (хал.мақал-ынталдау негізінде), түрлі этн. Ж.А. жайлы мінездеме –ін
салыстыра сипаттау
Тұлға жайлы халықтық түсінік. Жетілген адам халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде, оның этникалық сипаты. Қазақ қоғамындағы тұлға идеалы. Жетілген адам идеалын жүзеге асырудың. Халық тәрбиешілер.

2.2. Тақырып Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі.
6
1
Аналитикалық-шолу лекциясы
1
Ғылыми дискуссия әдісі
1
Қазақ ХП-ғы отбасы тәрбиесі-ң негізгі бағыттары тақырыбына хабарлама дайындау.
Халық идеалындағы отбасы. Ата-ана – алғашқы тәрбиешілер. Балаға ата-ана жақындығын біліну формалары үлкендермен өзара қарым-қатынас әдебіне үйрету. Отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері. Халықтық тәрбиедегі отбасы өміріне дайындық.

2.3. Тақырып

Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.

7
1
Практикаға бағдарланған лекция-әнгіме
1
Сынап ойлау әдісі
1
А-ой тәрб. хал-қ құралы.
А-ой тәрб. хал-қ әдістері. ұғым-на талдау жасау; А-ой тәрб-ң хал. тәж-н қаз.іргі пед.пр. қолд. жол-рын анық-у б-ша жеке жоба дайындау
Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас. Балаларда білім, білік, дағды қалыптастырудың халықтық құралдары (ертегілер, жұмбақтар, эпостар, мақалдар, мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, бас қатырғыштар, арифметикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар). Халықтық білімдер (халықтық медицина, халық календары, ауа райы болжамы және т.б.) және олардың білімдік және тәрбиелік маңызы. Халықтық дидактика.

2.4.
Тақырып
Еңбек тәрбиесі – халық педагогикасындағы жетекші бағыт

8
1
Проблемалық лекция
1
Шағын топ әдісі
1
ЭП оқул-нан (Алматы, 1999) Енб.тәрб-ң дәст. нег-і мен жолд-ры тақыр. танысып өз пікір-ді білдіріңіз
Еңбекке және еңбек тәрбиесіне халықтық көзқарас. Халықтық еңбек дәстүрі және оның педагогикалық мәні. Халық қолөнерінің тәрбиелік және білімдік маңызы. Халық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулу құралдары мен әдістері.

2.5. Тақырып.Адамгершілік тәрбие – халық педагогикасының негізі.
9
1
Сынап-ойлау әдісі
1
Кәсіб-
прагмалық тапсырмаларды шешу
1
ХП адамг-ке тәрб-у әдіс-і боынша таблица құрастыру
Адамгершіліктің халықтық идеалдары. Халықтық тәрбиедегі сезімге, санаға және мінез-құлыққа әсер ету әдістері. Халықтық этика және оның бүгінгі тәрбие мен оқыту міндеттерін шешудегі ролі.

2.6.
ТақырыпХалықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие.

10
1
Шолу лекциясы
1
Шағын топ әдісі
1
Көркемдікколөнерді оқу тәрб. проц-не енг-лу жол-ын анықтау бойынша топтық жоба

Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбие берудің халықтық құралдары. Қолданбалы өнер тәрбие құралы ретінде. Халықтық музыкалық мәдениет және оның педагогикалық ролі. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие әдістері.

2.7. Тақырып Дене тәрбиесі -халық педагогикасының құрамды бөлігі ретінде.

11
1
Интерактивті лекция-әнгіме
1
ЭП.ситациялық тапсырмаларды шешу.
1
ДТ.хқ тәж-н мек-ге енг-у
бойынша жосп.
құр-у; Хқ спорттық. ойын-ға қатысты көзқ. білу мақс-да туралы оқушы-мен сауал-ма жүрг-у
Салауатты ұрпақ тәрбиелеу халық педагогикасының басты мақсаты. Бала денесін шынықтырудың халықтық әдістері мен тәсілдері. Халықтық ойындар мен мерекелердің баланың бойында шыдамдылық, икемділік, еріктілік сапаларын қалыптастырудағы ролі. Дене тәрбиесінің халықтық тәжірибесін қазіргі оқу-тәрбие міндеттерін шешуде пайдаланудың маңыздылығы.

АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ (АБ)
ІІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
3.1. Тақырып Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу – өзекті мәселе.

12
1
Проблемалық лекция
1
Прагмалық-кәсіби тапсырмаларды шешу
1
Эссе ЭП болашақ мұғ.ретінде маған не береді? ; Атамекен ұлтт.бағд-на эксперт.баға беру
Халық педагогикасының оқу-тәрбие процесіне еңгізілу жәйі. “Атамекен”, “Елім-ай” ұлттық бағдарламалары және олардың Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі этнопедагогикалық жұмысты жүзеге асырудағы маңызы. Мектептегі этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі.

3.2.
Тақырып
Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары
13
1
Интерактивті лекция
1
Іскерлік ойын
2
ЭП матер-н сабақ-да және класт.тыс жұм-да пайд-у жол-ын модельдеу және талдау
Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары. Пән сабақтарының оқушыларға этникалық тәрбие берудегі ролі мен орны. Кластан тыс этнопедагогикалық жұмыс. Халықтық педагогика бойынша класстан тыс жұмысты ұйымдастыру формалары (экскурсиялар, диспуттар, конкурстар және т.б.).

АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ (АБ)
ОК МОДУЛІ БОЙЫНША ҚОРТЫНДЫ БАҚЫЛАУ

4. ОК проблемалық сұрақтар көрсетілген модульдік-интегративтік
құрылымы (№2 кесте)

Мазмұны
Модуль
І ТАРАУ. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Проблемалық сұрақтар
1 Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері

1. Сіз қалай ойлайсыз, қазіргі жағдайда біздің елімізде этнопедагогикалық білім беру проблемасы қаншалықты актуальды?
2. Этнопедагогиканың зерттеу пәні не болып табылады және ол қандай проблемаларды қарастырады?
3. Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі мәні неде, ашып түсіндіріңіз.
Міндетті әдебиет (интернет деректерін пайдалана отыра)
1. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и
теоретико-методологические проблемы: Автореф. дис. ... канд.
пед. наук. – М., 1988.
2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974.
3. Волков Г.Н. Этнопедагогика. проект программы. – Чебоксары.
4. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Гылым, 1998.
5. Этническая педагогика Под ред. В.А. Пятина и др. – Астрахань, 1995.
6. Әбілова З.А., Қалиева К.М. Этнопедагогика. – Алматы, 1999.
7 Жарикбаев К.Б., Калиев С.К. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. - Алматы: Рауан, 1994.
8. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изу
чения народной педагогики (логико-исторический аспект).
– М.,1980.

Лекцияның қысқаша желісі
1.1. Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері
Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын қамтамас етудегі этнопедагогиканың алатын орны және ролі. Этнопедагогика ғылым ретінде. Этнопедагогика проблемаларын халықтың педагогикалық білімдері мен педагогикалық тәжірибесінің жиынтығы ретінде зерттеудің маңыздылығы. Халық педагогикасының ғылыми педагогикамен өзара байланысы және өзара ықпалы. Этнопедагогикалық құбылыстарды зерттеуге түрлі көзқарастар. Проблеманың әлеуметтік-тарихи, этнографиялық аспектілері. Халық педагогикасын оқып үйренуге этномәдени көзқарас.

1.2. Тақырып. Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы.
Этнопедагогика дамуының негізгі тарихи кезеңдері. Халықтық педагогикалық дәстүрлер педагогикалық ой дамуының негізі ретінде. Шетел және орыс педагогтары (Я. А: Коменский, И.Т. Песталоцци, К. Д. Ушинский және т.б.) еңбектеріндегі тәрбиенің халықтығы принципі. Кеңес дәуіріндегі этнопедагогикалық зерттеулер (Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, Е.Н. Христова, Э. Днепров және т.б.) Этнопедагогиканың казіргі кезеңдегі өзекті проблемалары мен міндеттері.

1.3. Тақырып. Қазақстандағы этнопедагогика дамуының
тарихы жолы.
Орхон –Енисей ескерткіштеріндегі адам тәрбиесі жайлы, мінез-құлық нормалары мен ережелері жайлы халықтық түсініктер. “Қорқыт-ата” кітабы халық педагогикасы ескерткіші ретінде. Әль Фараби трактаттарындағы халықтық идеялар. М.Қашғари, Ж.Баласағұни түркілік тәрбие дәстүрлерін зерттеушілер ретінде. Қазақ педагогтары мен ағартушылары еңбектеріндегі халықтық тәрбие мәселелері (Ш.Уалиханов, Ы,Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердыұлы, А.Байтұрсынов және т.б.). Қазақстандық ғалымдардың (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова және т.б.) этнопедагогиканың дамуы, оның мұғалімнің кәсіби дайындығын көтерудегі ролі жөніндегі көзқарастары. Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және болашағы.

1.4. Тақырып. Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар.
Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері табиғи және тарихи жағдайлардың нәтижесі ретінде.
Еңбек әрекеті, тұрмыс пен діннің халықтың педагогикалық мәдениетіне ықпалы. Өзара қарым-қатынастар жүйесі, дәстүрлер, салттар мен әдет-ғұрыптар және олардың халық педагогикасын қалыптастырудағы ролі. Ұлттық мінез және тәрбиенің этникалық жүйесі өзара тәуелді және өзара ықпал етуші факторлар. Ана тілі этникалық тәрбиенің жүйетүзуші негізі ретінде
Типтік (стандарттық
тапсырмалар)
1.1. Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері
1. Этнопедагогика ғылымының негізіне қандай қандай методологиялық алғышарттар алынған? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
2. Этнопедагогиканың өзге ғылымдармен байланысын схема түрінде көрсетіңіз.
3. Этнопедагогикалық теорияны дайындаудың ғылыми базасын қандай әдістер құрайды? Мектептегі этнопедагогикалық жұмыс тәжірибесін зерттеуде. Сіз қандай әдістерді қолдана редіңіз?

1.2. Тақырып. Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы.
1. Халық педагогикасының ғылыми педагогикамен байланысын ашып көрсетіңіз.
2. Этнопедагогикалық ой тарихы ғылыми білім саласы ретінде тақырыбына жоспар-конспект құрастырыңыз.
3. Этнопедагогиканың қазіргі даму жағдайындағы негізгі проблемаларына сипаттама беріңіз.

1.3. Тақырып. Қазақстандағы этнопедагогика дамуының
тарихи жолы.
1. Әль-Фарабидің этнопедагогикалық көзқарасының ерекшелігі неде?
2. Қорқыт ата – халық педагогы. Бұл ойды ашып түсіндіріңіз.
3. Қазақстандағы халықтық педагогиканы зерттеу проблемасына арналған әдебиеттердің тізімін құрастырыңыз.

1.4. Тақырып. Этникалық тәрбие ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар.
1. Тәрбиенің этникалық сипаты неден көрінеді және ол қандай себептермен байланысты?
2. Халық педагогикасының пайда болуына және дамуына табиғат жағдайларының ықпалын нақты мысалдармен түсіндіріңіз.
3. Ұлттық мінез және этникалық тәрбие жүйесі өзара тәуелді және өзара байланысты деген тұжырыммен келісесізбе. Пікіріңізді дәлелдеңіз.
Интегративті прагмо-кәсіби тапсырмалар
1.1. Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері.
1. Халық педагогикасы ұғымының төмендегі түрлі
түсініктемелеріне салыстырмалы талдау жасаңыз:
а) халық педагогика бұқарасының санасына тән рухани
құбылыс;
б) түрлі халықтардың педагогикалық практикасы;
в) халық бұқарасының педагогикалық ойы мен педагогикалық
әрекетінің бірлігі;
г) халықтық тәрбие жайлы ғылым.
2. Қазіргі өмірдегі фактілерді пайдаланып халық педагогикасының қоғам және адам тұлғасының қалыптасуындағы ролін көрсетуге тырысыңыз.
3. К.Ж.Қожахметованың Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. –Алматы, 1993 кітабына аннотация жасау.

1.2. Тақырып. Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы.
1. М.Қащғаридың Түркі Тілдерінің Сөздігі (Диуани Луғат ат-түрік) еңбегінде түркі халықтары педагогикалық ескерткіштеріне, соның ішінде мақал-мәтелдерге елеулі орын берілген. Этнопедагогикада халық мақал-мәтелдері тәрбие-модельдері ретінде мойындалады. Осы анықтамаға сәйкес халықтың нықыл сөздерінің бірнешеуін іріктеп көрсетіңіз.
2. М.Әлімбаевтың Халық – ғажап тәлімгер еңбегімен танысып шығыңыз. Бұл еңбекті ұстаздарға тәрбие құралы ретінде ұсынуға болады ма?
3. М.Ғабдуллиннің (Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес Алматы, 1966.) кітабы бойынша реферат дайындаңыз.

1.3. Тақырып. Қазақстандағы этнопедагогика дамуының
тарихи жолы.
1. М.Әуезовтің Абай жолы шығармасынан этнопедагогикалық мәні бар бірнеше үзінді келтіріңіз.
2. 20 ғасырдың басындағы қазақ ғалымдары еңбектеріндегі халықтық тәрбие мәселелері тақырыбына хабарлама дайындау.
3. Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жәйі және болашағы тақырыбының зерттеу жоспарын құрыңыз.

1.4. Тақырып. Этникалық тәрбие ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар.
1. Халық педагогикасының қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторлардың өзара байланысын схема түрінде бейнелеңіз.
2. Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері Сіздің мінезіңіз бен тұлғалық қасиеттеріңіздің қалыптасуына ықпалын өз өміріңізден мысалдар келтіріп ашып көрсетіңіз.
3.Ана тілі этникалық тәрбиенің жүйетүзуші факторы деген ой тұжырымына түсініктеме беріңіз.

Семинар сұрақтары
ОСӨЖ
1. ОСӨЖ. 1.1. Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері
1. Этнопедагогика объектісі, пәні және міндеттері.
2. Этнопедагогикалық зерттеулердің методологиялық мәселелері.
3. Этнопедагогиканы зерттеу әдістері.
4. Этнопедагогиканың өзге ғылымдармен байланысы.

2. ОСӨЖ. 1.2. Тақырып. Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы.
1. Халық педагогикасы педагогикалық ой дамуының негізі ретінде.
2. Этнопедагогикалық білімдердің жүйелене бастауы (Я.А.Коменский, Г.И.Песталоцци, К.Д. Ушинский және т.б.)
3. Кеңес дәуіріндегі этнопедагогикалық зерттеулер.
4. Этнопедагогиканың қазіргі кезеңдегі өзекті проблемалары.
3. ОСӨЖ. 1.3. Тақырып. Қазақстандағы этнопедагогика дамуының тарихи жолы.
1. Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегі этнопедагогикалық идеялар.
2. Энциклопедист ғалымдар (Әль Фараби, Ж.Баласағүни. М.Қашғари және т.б.) еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері.
3. Қазақ ағартушыларының (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердыұлы, А.Байтұрсынов және т.б.) этнопедагогикалық ойдың дамуына қоскан үлесі.
4. Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жәйі және болашағы.
4. ОСӨЖ. 1.4. Тақырып. Этникалық тәрбие ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар.
1. Табиғат халық педагогикасына ықпал етуші негізгі фактор ретінде.
2. Еңбек, тұрмыс, дін және олардың халықтың педагогикалық мәдениетіне ықпалы.
3. Дәстүрлер, салттар және әдет-ғұрыптар этникалық тәрбиені құраушы негіздері ретінде.
4. Ұлттық мінез бен халықтық педагогиканың өзара байланысы.
ІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Проблемалық сұрақтар
1. Халық идеалындағы тұлғаның қазіргі қоғамдағы тәрбие идеалынан айырмашылығы бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
2. Тәрбиеге дифференциациялық көзқарас халық педагогикасының ерекше белгісі екендігі жайлы тұжырымды мысалдар келтіре отыра, ашып түсіндіріңіз.
3. Сіз қалай ойлайсыз, тәрбиенің отбасылық дәстүрлері неліктен өзектілігін бүгінгі күнге дейін жоймай келеді?
4. Ақыл –ой тәрбиесінің халықтық идеалдары мен тәжірибесі және қазіргі тәрбие мен оқыту жүйесінің арасында байланыс бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
5. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі дегеніміз не? Осы ұғымға Г.Н.Волков берген анықтама мен келісесіз бе?
6. Халықтың адамгершілік тәрбие тәжірибесінің педагогикалық мүмкіндіктері қандай? Олардың арасынан бүгінгі педагогика теориясы мен практикасы үшін аса ұтымдыларын және бағалыларын атап көрсетіңіз.

Міндетті әдебиет (интернет деректерін пайдалана отыра)
1. Адамбаев Б.Халық даналығы. А.Мектеп,1976.
2. Васильцова З. Мудрые заповеди народной педагогики. М., 1988.
3. Алиев А. Народные традиции и обычаи и их роль в формирова
нии нового человека.. Махачкала, 1968.
4. Костомаров И. Очерки домашней жизни и нравов великорусского народа в XVI и XVII столетиях. М.Республика. 1992.
5. Мирзоев Ш. Содержание, формы и методы воспитания народной педагогики Дагестана. М.АКД, 1987.
6. Шоров И.Адыгская народная педагогика. Казань, 1994.
7. Панкеев И. От родин и до поминок. М., 1998.
8. Имангалиев А.С. Прогрессивные идеи и опыт народного воспитания у казахов (монография). Алматы, 1997.
Лекцияның қысқаша желісі
2.1. Тақырып. Халық идеалындағы жетілген адамжәне оны тәрбиелеу тәжірибесі
Тұлға жайлы халықтық түсінік. Жетілген адам халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде, оның этникалық сипаты. Қазақ қоғамындағы тұлға идеалы. Жетілген адам идеалын жүзеге асыру: жас ұрпақ өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың кешенді формалары; тәрбие салаларының өзара байланысы. Тәрбиенің халықтық әдістері: бата беру, тілек сөздер, алғыс, өсиет, мақұлдау, сөгу, кіналау, кеңес, ишара, көндіру, иландіру, сенім, бүйыру, қарғыс. Халық тәрбиешілері.

2.2. Тақырып. Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
Отбасылық дәстүрлі мәдениет халықтық рухани құбылыстың бөлігі ретінде. Халық идеалындағы отбасы. Ата-ана – алғашқы тәрбиешілер. Балаға ата-ана жақындығын біліну формалары үлкендермен өзара қарым-қатынас әдебіне үйрету. Отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері. Халықтық тәрбиедегі отбасы өміріне дайындық.

2.3. Тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.
Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас. Балаларда білім, білік, дағды қалыптастырудың халықтық құралдары (ертегілер, жұмбақтар, эпостар, мақалдар, мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, бас қатырғыштар, арифметикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар). Халықтық білімдер (халықтық медицина, халық календары, ауа райы болжамы және т.б.) және олардың білімдік және тәрбиелік маңызы. Халықтық дидактика.

2.4.Еңбек тәрбиесі – халық пеғдагогикасындағы жетекші
бағыт.
Еңбекке және еңбек тәрбиесіне халықтық көзқарас. Халықтық еңбек дәстүрі және оның педагогикалық мәні. Халық қолөнерінің тәрбиелік және білімдік маңызы. Халық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулу құралдар мен әдістер.

2.5. Тақырып. Адамгершілік тәрбие – халық педагогикасының
негізі.
Адамгершіліктің халықтық идеалдары. Дәстүрлер мен салттар халық педагогикасында адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі құралдары ретінде. Халықтық мерекелердің педагогикалық ролі. Халықтық тәрбиедегі сезімге, санаға және мінез-құлыққа әсер ету әдістері. Халықтық этика, және оның бүгінгі тәрбие мен оқыту міндеттерін шешудегі ролі.

2.6. Тақырып. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық
тәрбие.
Әсемдікке халықтық көзқарас. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбие берудің халықтық құралдары. Қолданбалы өнер тәрбие құралы ретінде. Халықтық музыкалық мәдениет және оның педагогикалық ролі. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие әдістері.

2.7. Дене тәрбиесі – халық педагогикасының құрамды бөлігі
ретінде.
Салауатты ұрпақ тәрбиелеу халық педагогикасының басты мақсаты. Бала денесін шынықтырудың халықтық әдістері мен тәсілдері. Халықтық ойындар мен мерекелердің баланың бойында шыдамдылық, икемділік, еріктілік сапаларын қалыптастырудағы ролі. Дене тәрбиесінің халықтық тәжірибесін қазіргі оқу-тәрбие міндеттерін шешуде пайдаланудың маңыздылығы.

Типтік (стандарттық
тапсырмалар)
2.1. Тақырып. Халық идеалындағы жетілген адамжәне оны тәрбиелеу тәжірибесі
1. Халық адамның тұлғалық даму деңгейін қандай өлшемдермен бағалады?
2. Тұлғалық мінездемесі бойынша халықтық идеалға сәйкес келетін көрнекті тарихи тұлғалардан кімді білесіз?
3. Сіз балалар тәрбиесіне ықпалы болған көне салттар, әдеттер, қарым-қатынастардың қайсысын қазірге өмірде қолдануға болады деп есептейсіз?

2.2. Тақырып. Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
1. Өз халқыңыздың отбасы тәрбиесі дәстүрлерін қаншалықты жақсы білетіндігіңізді тексеріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
2.Қазақ халқының бала тәрбиесімен байланысты салт-дәстүрлері тақырыбына хабарлама дайындаңыз (Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, 1995.)
3. Отбасы дәстүрлерінің қайсылары бүгінге жетпеген? Жоғалып кеткен дәстүрлерді қалыпына келтірудің қажеттілігі бар ма?

2.3. Тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.
1. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі идеялары мен жаңалықтарының қайсысы қазіргі мектеп үшін аса құнды болып табылады?
2. Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық құралдары, Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық әдістері ұғымдарына анықтама беріңіз.
3. Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық тәжірибесін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары бойынша схема құрастырыңыз.

2.4.Еңбек тәрбиесі – халық пеғдагогикасындағы жетекші
бағыт.
1. Еңбек тәрбиесінің халықтық тәжірибесінен қазіргі ұрпақ үшін аса құнды деп нені көрсетер едіңіз?
2. Қазіргі мектепте халықтың еңбек дәстүрлері пайдаланыла ма? Ол жөнінде бақылау жүргізіп, жазып алыңыз.
3.Этнопедагогика оқулығындағы Еңбекке тәрбиелеудің дәстүрлі негіздері мен жолдары тақырыбын оқып шығып, осы мәселе жөнінде өз пікіріңізді айтыңыз.

2.5. Тақырып. Адамгершілік тәрбие – халық педагогикасының
негізі.
1. Қазіргі педагогикалық процестегі халықтық адамгершілік тәжірибенің маңызын ашып түсіндіріңіз.
2. Халық педагогикасындағы тұлғадан талап етілетін адамгершілік қасиеттердің тізімін құрастырыңыз.
3. Бала тұлғасының адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына халықтық дәстүрлердің ықпалы тақырыбына баяндама дайындаңыз.

2.6. Тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалық
тәрбие.
1. Балаларды қолданбалы өнерге баулуда халық эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешуді қалай жүзеге асырды. Оларды схема түрінде бейнелеңіз.
2. Халық педагогикасындағы эстетикалық ұғымдар мен түсініктер, көркемдік шығармашылық дағдылары ұрпақтан ұрпаққа қалай беріліп отырды? Мысалдар келтіріп отырып, ашып түсіндіріңіз.
3. Эстетикалық тәрбиенің халықтық тәжірибесін зерттеу проблемалары бойынша библиография құрастырыңыз.

2.7. Дене тәрбиесі – халық педагогикасының құрамды бөлігі
ретінде.
1. Халық ойыны мен ойыншықтарының дене тәрбиесі үшін педагогикалық мүмкіндіктері қандай болды? Мысалдар келтіріңіз.
2. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен факторларды схема түрінде көрсетіңіз.
3. Халық педагогикасында дене күші жетілген тұлғаға ерекше көңіл бөлінуін немен түсіндіруге болады?
Интегративті прагмо-кәсіби тапсырмалар
2.1. Тақырып. Халық идеалындағы жетілген адамжәне оны тәрбиелеу тәжірибесі
1. Эссе Тұлға идеалын мен қалай елестетемін? (халық мақалдарын талдау негізінде).
2. Түрлі халықтардың жетілген адам жөніндегі мінездемесіне салыстырмалы талдау жасау (қалауыңыз бойынша).
3. Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе
Ізгі іс немесе мінез түзулік.
Екіншісі – үят, үшіншісі - әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.
Ісі ізгі болса, бүкіл халық сүйеді.
Ісі әділ болса, төрге шығады.
Барлық теңсіздіктен тыюшы - ұят.
Ұятсыздық адамға теңдесі жоқ ауру. (Ж.Баласағүни)
Осы үзіндіні пайдалана отыра, тұлғаға қажет қандай белгілерді атар едіңіз.

2.2. Тақырып. Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
1. Сіздің жеке басыңыздың тәрбиесіне ықпал еткен халықтық педагогика мысалдары мен фактірлерін келтіріңіз (әженің өсиеттері, әкенің дегеніне көндіруі, ананың ақыл-кеңестері, үлкендердің бата-тілектері және т.б.)
2. Ұрпақтар сабақтастығына байланысты халықтық педагогика ескерткіштерінің (мақал-мәтел, эпостан үзінді материалдар, аңыз-әңгімелер және т.б.) топтамасын құрастырыңыз.
3. Бесік жырының тәрбиелік маңызы тақырыбы бойынша рефераттың жоспарын құрыңыз.

2.3. Тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.
1. Сіздің пәніңізді оқытуда қолданылуы мүмкін жұмбақтарды жинақтаңыз (түрлі халықтар жұмбақтарынан іріктеуге болады)
2. Жаңылтпаштардың баланың тілі мен ойлауын дамытудағы ролі тақырыбына хабарлама әзірлеңіз.
3. Түрлі мазмұндағы ертегілермен (тұрмыстық, қиял-ғажайып және т.б.) танысып шығыңыз. Төмендегі сұраққа ертегідегі нақты материалды пайдалана отыра жауап беріңіз: Баланы қоршаған әлеммен таныстыруда ертегінің орны қандай ( мысалы: жыл мезгілдерінің ауысуы және олардың ерекшеліктері; маусыммен байланысты ауылшаруашылығы жұмыстары тәртібі; ауыл өмірі, адамдар айналысатын кәсіптері; жан-жануарлар және өсімдіктер түрлері және т.б.)

2.4.Еңбек тәрбиесі – халық пеғдагогикасындағы жетекші
бағыт.
1. Еңбек тәрбиесінің халықтық әдістері, тәсілдері және құралдарын схема түрінде көрсетіңіз.
2. Қазіргі мектептің педагогикалық процесіне халықтың еңбек тәрбиесі идеялары мен тәжірибесін еңгізу бойынша жоспар құрастырыңыз және оны негіздеңіз.
3. Кіші жастағы оқушыларға ұсынылатын еңбек және еңбек тәрбиесі жайлы мақалдарды іріктеп, жинақтаңыз.

2.5. Тақырып. Адамгершілік тәрбие – халық педагогикасының
негізі.
1.Халықтың ауызша шығармашылығындағы адамгершілік тәрбие мәселелері тақырыбына баяндама дайындаңыз.
2.Белгілі бір тақырып (адамның мінез-құлқы, оның жағымды және жағымсыз қасиеттері және т.б.) бойынша халық мақалдарының жинағын құрастырыңыз.
3. Адамгершілік тәрбиенің халықтық әдістерін таблица түрінде бейнелеп көрсетіңіз.

2.6. Тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалық
тәрбие.
1. Өз халқыңыздың қолөнер шығармашылығы жайлы оқып біліңіз, оларды қазіргі оқу тәрбие процесіне еңгізу жолдарының жобасын жасаңыз
2. Халық әні әстетикалық тәрбие беру құралы ретінде тақырыбына жоспар әзірлеңіз.
3. Халық өнерінің бала тәрбиесіндегі ролі тақырыбына эссе жазыңыз

2.7. Дене тәрбиесі – халық педагогикасының құрамды бөлігі
ретінде.
1. Дене тәрбиесінің халықтық формалары, әдістері және құралдарын схема түрінде көрсетіңіз.
2. Дене тәрбиесінің халықтық тәжірибесін есепке алып белгілі бір класқа арналған жұмыстың жоспарын құрастырыңыз және оны қорғаңыз.
3. Балалар мен жас өспірімдер арасында олардың халықтық спорттық жарыстарға қатысқысы келетіндігі немесе келмейтіндігі жайлы пікірлерін білу мақсатында сауалнама жүргізіңіз. Балалардың жауаптарын талдап қортынды жасаңыз.
Семинар сұрақтары
ОСӨЖ
5. ОСӨЖ 2.1. Тақырып. Халық идеалындағы жетілген адам және оны тәрбиелеу тәжірибесі
1. Жетілген адам жөніндегі халықтық ұғым-түсініктер.
2. Қазақ қоғамындағы тұлға идеалы.
3. Жеткіншек ұрпақтың өмірі мен әрекетін үйымдастырудың халықтық формалары.
4. Тәрбиенің халықтық құралдары мен әдістері.
6. ОСӨЖ. 2.2. Тақырып. Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
1. Отбасының халықтық идеалы.
2. Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесінің міндеттері.
3. Ата-ананың тәрбиелік қызметтері.
4. Отбасындағы ер және қыз балалар тәрбиесінің ерекшеліктері.
7. ОСӨЖ. 2.3. Тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.
1. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
2. Халықтық білімдердің жеткіншек ұрпақтың ой-өрісін дамытудағы ролі.
3. Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық құралдары мен әдістері

8. ОСӨЖ. 2.4. Еңбек тәрбиесі – халық пеғдагогикасындағы жетекші бағыт.
1. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
2. Балаларды еңбекке үйрету, еңбек дағдылары мен икемділіктерін қалыптастырудың халықтық құралдары.
3. Еңбек тәрбиесінің халықтық әдістері.

9. ОСӨЖ. 2.5. Тақырып. Адамгершілік тәрбие – халық педагогикасының негізі.
1. Халықтың адамгершілік тәрбие жөніндегі ұғым-түсініктері.
2. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие формалары мен құралдары.
3. Адамгершілік тәрбиенің халықтық әдістері.
10. ОСӨЖ. 2.6. Тақырып. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие.
1. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
2. Эстетикалық тәрбие берудің халықтық құралдары мен әдістері.
3. Эстетикалық тәрбие берудің халықтық тәжірибесін қазіргі оқу -тәрбие процесінде қолданудың маңыздылығы.

11. ОСӨЖ. 2.7. Дене тәрбиесі – халық педагогикасының құрамды бөлігі ретінде.
1. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесінің халықтық әдістері мен тәсілдері.
3. Дене тәрбиесінің халықтық құралдары.

ІІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС.
Проблемалық сұрақтар
1. Мұғалімнің этнопедагогикалық қызметі және этнопедагогикалық мәдениеті ұғымдары арасындағы айырмашылықты анықтаңыз.
2. Мектептегі этнопедагогикалық жұмысты қалай елестетесіз. Мысалдар келтіріңіз.
3. Сіздің пәніңізді оқып үйрену оқушылардың этникалық тәрбиесіне ықпал ете ала ма? Егер келіссеңіз, дәлелдеңіз.
Міндетті әдебиет (интернет деректерін пайдалана отыра)
1. Атамекен бағдарламасы Егемен Қазақстан 27.08. 1991.
2. Болдырев Н.И. Методика работы классного руководителя М., 1984.
3. Классное руководство: Учебное пособие М.1991.
4. Щуркова Н. Вы стали классным руководителем. М. Педагогика, 1986.
5. Узакбаева С.Воспитание средствами казахской народной педагогики. Вестник научно-педагогического центра №9, 1992.
6. Магауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиций народной педагогики в учебно-воспитательном процессе общеобразовательной школы: Автореф. дисс. ... канд.пед.наук. – Алматы, 1995.

Лекцияның қысқаша желісі
3.1. Тақырып. Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу – өзекті мәселе.
Халық педагогикасын оқу-тәрбие процесіне еңгізудің теориялық және методикалық мәселелерін зерттеудің өзектілігі. Халық педагогикасының оқу-тәрбие процесіне еңгізілу жәйі. “Атамекен”, “Елім-ай” ұлттық бағдарламалары және олардың Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі этнопедагогикалық жұмысты жүзеге асырудағы маңызы. Мектептегі этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі.

3.2. Тақырып. Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары.
Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары. Пән сабақтарының оқушыларға этникалық тәрбие берудегі ролі мен орны. Кластан тыс этнопедагогикалық жұмыс. Халықтық педагогика бойынша кластан тыс жұмысты ұйымдастыру формалары (экскурсиялар, диспуттар, конкурстар және т.б.).

Типтік (стандарттық
тапсырмалар)
3.1. Тақырып. Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу – өзекті мәселе.
1. Эссе: Этнопедагогика болашақ мұғалім ретінде маған не береді?
2. Халық педагогикасының оқу-тәрбие процесіндегі ролі мен орнын мысалдар келтіріп ашып түсіндіріңіз.
3. Халық педагогикасының оқу тәрбие процесіне еңгізудің теориялық және методикалық проблемаларын зерттеу қажеттігін дәлелдеңіз.

3.2. Тақырып. Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары.
1. Жоғары кластардағы этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері бар ма? Болса, оларды мысалдар келтіріп түсіндіріңіз.
2. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарын таблица түрінде ашып көрсетіңіз.
3. Мектептегі кластан тыс тәрбиелік шараға қатысып бақылаңыз, этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді ме ?
Интегративті прагмо-кәсіби тапсырмалар
3.1. Тақырып. Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу – өзекті мәселе.
1. Атамекен ұлттық бағдарламасына талдау жасаңыз және оның бірнеше бағытына эксперттік баға беріңіз.
2. Мектеп мұғалімдерімен әңгімелесіңіз, олар өздерінің сабақтарында халықтық педагогиканы қолдана ма? Егер қолданатын болса, олардың сабақтарына қатысып, ол жайында пікір білдіріңіз.
3.Класс жетекшісінің тәрбие жоспарымен танысыңыз онда халықтық педагогика идеялары мен тәжжірибесі ескерілген бе, анықтама беріңіз.
4. Ата бабалар мен ұрпақтар тақырыбы бойынша оқушылармен жүргізілетін әңгіме текстін құрастырыңыз.

3.2. Тақырып. Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары.
1. Этнопедагогикалық мазмұнындағы материалдарды пайдаланып сабақ жоспарын жасаңыз (класты қалауыңыз бойынша таңдап алуға болады).
2. Этнопедагогикалық тәрбие жұмысының (белгілі бір класқа арналған) жоспарын құрастырыңыз және оны қорғаңыз.
3. Класс сағатына этнопедагогикалық жұмыстың негізгі формасы ретінде презентация дайындаңыз.
4. Этнопедагогика материалдарын қолданған пән сабақтарына талдау схемасын құрастырыңыз.
Семинар сұрақтары
ОСӨЖ
11. ОСӨЖ. 3.1. Тақырып. Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу – өзекті мәселе.
1. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың этникалық тәрбиесі ерекшеліктерін есепке алу – қазіргі мектептің маңызды міндеті.
2. Халық педагогикасының оқу-тәрбие процесіне еңгізілу жәйі және проблемалары.
3. Атамекен және Елім-ай ұлттық тәрбие бағдарламаларының мектептегі этнопедагогикалық жұмысты жүзеге асырудағы маңызы.

13. ОСӨЖ. 3.2. Тақырып. Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары.
1. Мектептегі кластан тыс этнопедагогикалық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
2. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары.
3. Оқушыларға этникалық тәрбие берудегі пән сабақтарының ролі мен орны.
4. Мектептегі кластан тыс этнопедагогикалық жұмыс.

5 5. ОК модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын
(СӨЖ) ұйымдастыру (№3 кесте)

Модуль
СӨЖ тақырыптары
СӨЖ-ге тапсырма
СӨЖ-ді бақылау жолдары
СӨЖ-дің орындалатын уақыты
І ТАРАУ. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1
1.1. Тақырып. Этнопедагогика пәні және міндеттері.
Тақырып бойынша әдеб-ге аннот жазу, консп-у; ХП-ның түрлі түсініктемелеріне талдау жасау
колловиум
1-апта
1
1.2. Тақырып.
Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы.
Тақырып бойынша библ.құраст-у; дерек көздеріне шолу жасау.
Оқып үйренілетін мәселе бойынша хабарлама дайындау.
2 – апта
1
1.3. Тақырып
Қазақстандағы этнопедагогика дамуының тарихи жолы.
Қаз-ғы ЭП ғыл-ң даму жағдайы және перспективалары тақырыбына зерттеу жосп.құру
Зерттеу жоспарының презентациясын жасау
3 - апта
1
1.4. Тақырып.
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар.
Х.П. қалыпт. дамуына ықпал етуші фактор-дың өзара байланысын көрсететін схема құрастыру
Осы мәселе бойыншы дебат өткізу.

4 - апта
ІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1
2.1. Тақырып.
Халық идеяларындағы жетілген адам және оны тәрбиелеу тәжірибесі..
Эссе: Мен тұлға идеалын қалай түсінемін (хал.мақалдарды талдау негізінде), түрлі этн. Ж.А. жайлы мінездемелерін салыст. сипаттау.
Жазба жұмыстарды қоғау
5- апта
1
2.2. Тақырып.
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі.
Қазақ ХП- ғы отбасы тәрб-ң негізгі бағыт-ры тақырыбына хабарлама дайындау.
Дөнгелек үстел
6 - апта
1
2.3. Тақырып.
Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.
АО тәрб-ң хал.құралы
АО тәрб-ң хқ әдістері ұғым-на талдау жасау; АО тәрб-ң хқ тәж-н қаз. пед.пр. қолд-у жол-рын анық-у б-ша жеке жоба дайындау
Ұғымдарға талдау жасау; жобаны қорғау.
7 – апта
1
2.4. Тақырып.
Еңбек тәрбиесі – халық педагогикасындағы жетекші бағыт.
Этнопед оқул.-ң (Алматы, 1999) Енб.тәрб-ң дәст. негіз-і мен жолд-ры тақыр. танысып өз пікіріңізді білдіріңіз.
Студенттердің әдебиетпен жұмыс жөніндегі хабарламалары
8 – апта
1
2.5. Тақырып.
Адамгершілік тәрбие – халықтық педагогикасының негізі.
ХП адамг.тәрб-у әдіс-і боынша таблица құрастыру.
Кестенің презентациясы
9- апта
1
2.6. Тақырып.
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие.
Көрк. колөнер-ді оқу тәрб. проц-не енг. жол-ын анықтау бойынша топтық жоба

Топтық жобаның презентациясы
10- апта
1
2.7. Тақырып.
Дене тәрбиесі - халық педагогикасының құрамды бөлігі ретінде.
ДТ.хқ тәж-н мек-ге енгізу
бойынша жоспар
құрастыру; Хқ спорттық ойын-ға қатысты көзқ. білу мақс-да- туралы оқушы-мен сауалнама жүргізу.
Жұмысты қорғау
11 – апта
ІІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС.
1
3.1. Тақырып.
Халық педагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне еңгізу - өзекті мәселе.
Эссе ЭП болашақ мұғалім ретінде маған не береді? ; Атамекен ұлтт.бағд-на эксперт.баға беру
Пікірталас
12 – апта
1
Тақырып.
Халық педагогикасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары.
ЭП матер-н сабақтарда және кластан тыс жұмыстарда пайдалану жолдарын модельдеу және талдау.
Іскерлік ойын
13 – апта

6. ОК бойынша студенттің кәсіби дайындығы менеджменті сапасын ұйымдастыру (№ 4 кесте).

1.
Ағымдағы (қадағаланып отыратын) бақылау

АБ
2.
Ағымдық бақылау
алдындағы (тренингтік)
тексеру

АБА
3.
Ағымдық (аралық) бақылау
1,2,3 ТАРАУ

АБ
4.
Тестерді
ағымдық бақылаудан кейін талдау
1,2,3 ТАРАУ

ТАБТ
5.
Қорытынды сапалық бақылау

ҚСБ
6. Қорытынды бақылаудан кейінгі талдау

ҚБТ
1. Бақылаудың мақсаттары
Студенттердің модуль алдындағы кезеңдегі білімдері мен дағдыларын анықтау, олардың сапасындағы ілгерілеулерді тіркеу
Студенттерді ағымдағы тесті жазуға дайындау мақсатында тест тапсырмаларын орындау технологиясымен таныстыру.
Студенттерде ОК-ның 1,2,3 тараулары бойынша білімдер мен біліктер қалыптасуы
деңгейін анықтау
Типтік қателердің пайда болуы себептерін анықтау және және оларды
талдау (ұқсас текстілік тапсырмаларды орындауда оларды түзету және болдырмау мақсатында)
Студенттердің білімдер мен біліктері сапасындағы ілгерілеуді тіркеу, студенттердің
білімдер мен біліктері қалыптасуы деңгейін бақылау (оқу курсын меңгерудің барлық кезеңінде)
Студенттерде рефлекция, қортынды тесте жіберген қателердің себептерін талдау дағдыларын қалыптастыру. Олардың өзін өзі бақылау және өздігінен білім алу ұмтылыстарын дамыту.
2. Бақылау формалары
ОСӨЖ
1. Шағын топпен жұмыс;
2.Ғылыми пікірталас;
3.Типтік тапсырмаларды шешу; 4.Салыстырмалы талдау;
5. Таблицалар мен схемалар құрастыру;
6.Әдебиетпен жұмыс;
7.Прагмо-кәсіби тапсырмаларды шешу.
СӨЖ
1.Картотека құрастыру; 2.Презентация
3.Дөңгелек үстел;
4.Коллоквиум;
5.Проектілік жұмыс;
6. Эксперттік баға беру
ОСӨЖ
2.1. Тест: 30 тапсырма (5 вариант)

а) жабық тест жұмыстары – 16с.
б) жартылай жабық тапсырмалар – 8с.
в) ашық тапсырма – 6с. + тест кілті
2.2. Тестік тапсырмаларды орындаудың нақты көрсеткіші
ОСӨЖ
2.1. Тест: 30 тапсырма
(5 нұсқа)

а) жабық тапсырма- 16с.
б)жартылай жабық тапсырма – 8с.
в)ашық тапсырма –6с.+ тест кілті
1.Тестік тапсырмада жиі кездесетін ауызша жазбаша қателерді талдау (интерактивті тәртіп) студент оқытушы студент-оқытушы.
2.Берілген үлгіге сәйкес студенттермен бірге тест жасау + тест кілті (тест жасалуы) –студент-топ (студент тәртібінде орындалуы
ОСӨЖ
2.1. Тест:
30 тапсырма
(5 нұсқа)

а) жабық тапсырма- 16с.
б)жартылай жабық тапсырма – 8с.
в)ашық
тапсырма –6с.+ тест кілті
Тестік тапсырмада жиі кездесетін ауызшы жазбаша қателерді талдау (интерактивті тәртіп)

Студенттерге арналған жеке консультациялар

3. ОК бойынша студенттердің білімі мен дағдыларын бағалаудың саясаты
3.1. Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері (№ 5 кесте)
(Халықаралық стандарт бойынша студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау шкаласын қоса) (№6 кесте)
3.2. Ағымдық бақылауды есептеудегі үлгі кесте. ОК бойынша (кесте№7)

3.3. Студент рейтингісін есептеудің бірынғай формуласы
Лекциялар
ОСӨЖ
(АБ) Ағым бақылау СӨЖ № 1,2,3,
Ағымдық бақылау түрінің жалпы саны

АБ
(Ағым.рейт.
+ тест;
АБ (меж.рейт.
АБ

СИ – сомалық индекс
СИ –РЖ
(АБ+АБ)+ҚСБ2

7. Тестілік тапсырмалардың өлшемдік –бағалау аппараты



Тестік тапсырмалардың түрлері
Сұрақтардың жалпы саны

Іс-әрекет сипаты

Өлшемдер

Параметрлер

Орындау мерзімі
1.
Жабық тестілік тапсырмалар

16
Берілген жауаптардан дұрыс жауапты таңдау
1)таңдау дұрыс жасалды
2) таңдау дұрыс жасалмады
2 балл

0 балл
1 тест тапсырмасына
1 минут

Жабық тестілер тапсырмаларының мақсималды бағасы 2 балл
2.
Жартылай жабық тестілік тапсырмалар
8
1)Берілген жауаптардан бірнеше дұрыс жауап таңдау.

2) Графикалық немесе вербальдық іс-әрекет (реттеу, жіктеу және т.б.).
а) бірнеше жауапты таңдау дұрыс жасалған
б) бірнеше жауапты таңдауы дұрыс емес

а) графикалық немесе вербальды әрекет дұрыс жасалған
б) графикалық немесе вербальды әрекет дұрыс жасалмаған

2 балл

0 балл

2 балл

0 балл

1 тест тапсырмасына
2 минут
Жартылай жабық тестілер тапсырмаларының максимальды
бағасы
4 балл

3.
Ашық тестілік тапсырмалар
6
Креативті сөйлеп ойлау әрекеті деңгейіндегі ойлау және вербальды операциялар мен әрекеттерді кешенді пайдалану
а) ақпараттылық өлшем
(тапсырманың ақапаратындағы толықтық, логикалық, нақтылық, анықтылық);
б) тапсырманы орындау барысында теориялық білімге сүйенуді бағалау.
в) тапсырманы орындау үшін қажет және теориялық білім негізінде тапсырманы дұрыс орындауды қамтамасыз ететін дағды мен іскерлікті өндеп пайдалану.
г) терминологиялық және тілдік дұрыстықтың өлшемдері.
д) қойылған міндеттің өзіндік дербес шешімі
1) Шешімге жетудің оптимальды деңгейі – 6 балл. Тапсырмаларды орындау бөліп көрсетілген бес өлшемге сай келеді
2) Жеткілікті деңгей – 5 балл.
Тапсырма көрсетілген өлшемдердің 3-4-не сай келеді.
3) Қанағаттанарлық деңгей – 3 балл.
Жоғарыда аталған өлшемдердің 2-3 өлшеміне ғана тапсырма сай келеді.
4) Қанағаттандырмайтын деңгей – 0 балл.
Тапсырманы орындау дұрыстығы көрсетілген өлшемдердің біруіне немесе бірде біреуі емес ғана сай келеді.

Ашық тестілер тапсырмасының максималды бағасы

8. Оқу курсын меңгеру бойынша материалдар
Этнопедагогика ОК-ның ағымдағы және қорытынды бақылауға арналған жобалық үлгілері.

1. Жабық тестілер тапсырмалары

1. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға еңгізген ғалым: а) Измайлов А.Э.; б) Волков Г.Н.; в) Рудь Ю.А.; Христова Е.Н.; д) Афанасьев В.Г.
2. Халықтық тәрбиенің ата-ана қолданған ең басты, ең әрекетті әдісін атаңыз: а) жеке үлгі-өнеге; б) мадақтау; в) жазалау; г) кінәлау; д) күштеу.
3. Халық педагогиксында жеткіншек ұрпақты еңбекке дайындау мазмұны қалай анықталды? а) ата-ананың педагогикалық білімдері арқылы; б) экономикалық өмір-салт жағдайларының әсерімен; в) үлкендердің ұсыныстары көмегімен; г) айналадағылардың жағымды үлгісі арқылы; д) халықтың өмірге көзқарасымен.

Жартылай жабық тестілер тапсырмалары
1. Этнопедагогиканың пәні не болып табылады: а) ру, тайпа, халық және ұлттың педагогикалық мәдениеті; б) дәстүрлер мен салттар; в) халықтың педагогикалық тәжірибесі, г)халықтың педагогикалық идеялары; д) халықтың материалдық және рухани мәдениеті.
2. Халық педагогикасында аса кең тараған тәрбие құралдарын атаңыз: а) әнгімелер мен жиналыстар; б) диспуттар мен кештер; в) конференциялар мен экскурсиялар; г) жаңылтпаштар мен жұмбақтар; д) эпостар мен аңыздар.
3. Халық педагогикасында қыз балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде бұлардың қайсысы алдыңғы орынды иеленеді: а)қарапайымдылық; б) шыншылдық; в) сыпайылық; г) жауапкершіліктілік; д) қайырымдылық.

Ашық тестілер тапсырмалары

1. Халықтық педагогика ұғымына ашып анықтама беріңіз.
2. Этнопедагогика ғылымының мақсаты мен міндеттерін ашып түсіндіріңіз.
3. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың негізгі формаларына сипаттама беріңіз.
4. Мұғалімнің кәсіби дайындығындағы этнопедагогиканың ролін анықтаңыз.
5. Этнопедагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
6. Халық педагогикасының оқу-тәрбие процесіне еңгізудегі проблемаларды тұжырымдап көрсетіңіз.

9. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары.

1. Балалар фольклоры және оның тәрбиелік мәні.
2. Эпостар халықтық педагогиканың құралы ретінде.
3. Халық әні және оның тәрбиелік қызметтері.
4. Дәстүрлер мен салттар және олардың тұлға қалыптастырудағы ролі.
5. Қазақ халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие идеялары және оларды қазіргі мектептік тәжірибеде қолдану жолдары.
6. Ақындар мен жыраулар еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері.
7. Спорттың ұлттық түрлері және олардың тәрбиелік маңызы.
8. Мақал-мәтелдердегі педагогикалық идеялар.
9. Отбасылық дәстүрлер және балалар тәрбиесі.
10. Жұмбақтардың балалардың тілі мен ойлауын дамытудағы ролі.

10. Этнопедагогика ОК бойынша атаулар сөздігі
АВТОСТЕРЕОТИП – этнос өкілдерінің өз этникалық қауымдастығының аса өзгеше қасиеттері жайлы көзқарастары, пікірлері, бағалаулары.
ӘДЕТ-ҒҰРЫП – нақты, символдық іс-әрекет; этникалық салттар мен дәстүрлердің нақты көріну формалары.
БАЗАЛЫҚ ТҰЛҒА - әрбір индивидте көрініс беретін және оны этникалық топтық көзге индивидтерімен жақындастыратын белгілер.
ГЕНОТИП – жүйке қызметінің тумыстан берілетін типі.
ДӘСТҮР –тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын іс әрекет пен мінез-құлық формалары, сондай-ақ оларға ілесе жүретін салттар, ережелер, құндылықтар, түсініктер.
ИНИЦИАЦИЯ –жеткіншекті ересек адамдар қатарына қосу кезінде жасалатын жол-жора мен рәсімдер.
ИДЕЯ – концептуальдық түрде тұжырымдалған ой.
КӨЗҚАРАСТАР – қандай да бір құбылыс, зат, жалпы әлем туралы тұлғаның оларға қарым-қатынасын айқын білдіретін білімдері.
КЛАСТАН ТЫС ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС – бала тұлғасының этномәдени әлеуметтенуіне қажет жағдайлар туғызуға бағытталған педагог тарапынан ұйымдастырылып тәрбиеленушілермен бірігіп атқарылатын әрекет.
МЕНТАЛИТЕТ- қоғам қабылдап мойындаған оны өзге этникалық қауымдастықтан ажыратып көрсететін көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, мінез-құлық формалары мен тәсілдері.
ӨМІР САЛТ – этносқа, қоғамға тән объективті жағдайлармен байланысты тұтастықты құрайтын оның материалдық және рухани тіршілік әрекеті жүйесі.
ТАЙПА – этникалық қауымның, рулардан тұратын көне формаларының бірі.
ТӘРБИЕНІҢ ИМПЛИЦИТТІК КОНЦЕПЦИЯСЫ - халықтық дәстүрлер мен тәжірибеде жинақталған, алайда теориялық тұрғыдан жабдықталмаған тәрбие стереотиптері.
ТЫЙЫМ – этникалық қауымның қандай да бір затқа, іс-әрекетке, сөзге және т.б. қатысты тыйым салуы.
ТОЛЕРАНТТЫҚ – адамның өзге этникалық топтарға немесе олардың мәдениетіне құрметпен қарауын білдіретін мінез сипаты.
ТОТЕМИЗМ –діннің өз халқының тотемнен шыққанына сенетін, ру немесе тайпаны жануар не өсімдікпен теңестіретін алғашқы формасы.
ҰЛТ – этностың тарихи типі, территориясының экономикалық байланыстарының мәдениетінің ортақтығы, психикалық қабат пен этникалық сананың кейбір өзгешіліктері негізінде қалыптасып, қайта өнделетін әлеуметтік –экономикалық тұтастықты құрайды.
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ – ұлттық сананың басты элементі, оның даму жолдары, әрі қарайғы тағдыры, өзге ұлттармен қарым-қатынасы жайлы көзқарасты білдіреді.
ҰЛТТЫҚ НИГИЛИСТ - өз этносының қағидалары, нормаларын түгелдей теріске шығаратын адамдардың ойлау қалпы, патриотизм сезімінен айырылған, өз отанының мүддесінен қол үзген, өз халқына жат, оның мәдениетіне менсінбеушілікпен қарайтын адам.
ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК – этникалық қауымды өзге сол тәріздес қауымнан ажыратып көрсететін өзгеше белгілер жиынтығы.
ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ – белгілі бір этносқа тән оның тіршілік әрекетінде туындап шыңдалып шыққан мінездің тұрақты типтік белгілерінің жиынтығы.
ҰЛТТЫҚ СЕЗІМ – адамдардың өз этникалық қауымына, оның мұдделері мен құндылықтарына ұлттық рең беруші қарым-қатынастары. Олар жағымды секілді, жағымсыз да түрде болуы мүмкін.
ФАКТОР – қандай да бір өзгерістің , құбылыстың себебі, қозғаушы күші.
ХАЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ – этникалық эволюцияның үзіліссіздігін, этнос мәдениетінің сабақтастығын сақтауға және оны келесі ұрпаққа беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін этностың рухани мәдениетінің маңызды компоненті.
ХАЛЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – (синоним - фольклор) кәсіби дайындығы жоқ белгісіз есімдер атынан шығарылған мәдениет. Мұнда мифтер, аңыздар, эпос, әндер, билер, ертегілер және т.б. енеді. Халықтық мәдениет сол жергілікті жердің дәстүрлері мен, оның ерекшеліктерімен және т.б. тығыз байланысты.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ – халықтың ауызша шығармашылығында, салттарда, әдеп-ғұрыптарда, дәстүрлерде, балалар ойындары мен ойыншықтарында сақталып қалған педагогикалық мәліметтер мен тәрбие тәжірибесінің жиынтығы.
ХАЛЫҚТЫҚ РУХ –белгілі бір ұлтқа қатысты индивидтер қасиетін білдіретін ерекше тұйық түзілім. Оның мазмұнын этнос тілін, фольклордын, моралін, дінін және мәдениетін салыстырмалы зерттеу жолымен ашып көрсетуге болады.
ЭМПИРИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР – іс-әрекет пен практикадан алынған шындықты танып білу нәтижесі, оның адам ойлауындағы көрінісі.
ЭТНИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП – түрлі этнос өкілдеріне ортақ ақыл-ой, моральдық-психологиялық, дене бітімдерінің біршама тұрақты және тұрақты бітістері.
ЭТНИЗАЦИЯ – индивидтің өз этносының мәдени құндылықтарын игеру процесі.
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАУЫМ- әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзара байланысқан, өзара түсінісе алатын тілде сөйлейтін, өзінің өмір жолында дара мәдени өзгешіліктерін сақтаған және өзін жеке топ ретінде, сезіне алатын белгілі бір территорияда қалыптасатын адамдар қауымы.
ЭТНИКАЛЫҚ МІНЕЗ – бір этностың өзге этностан ерекшелігін көрсететін, психиканың тарихи қалыптасқан өзгешелігін бейнелейтін тұтас құрылым.
ЭТНОПЕДАГОГИКА – тәрбие мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын әлеуметтік-экономикалық және өзге факторлардың ықпалымен байланыста қарастыратын және оның қазіргі педагогикалық жүйеде көрініс беру мен қызметету жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
ШОВИНИЗМ –ұлттық ерекшелікті уағыздайтын және ұлттық өшпенділік пен жеккөрушілікті қоздыруға бағытталған ұлтшылдықтың аса қауіпті формасы.

11. ОК-ны оқып аяқтағанда күтілетін нәтиже
Этнопедагогикакурсын оқып үйренуді аяқтағанда студенттер келесі нәтижелерге ие болулары тиіс:
этнопедагогика ғылымының негізгі категориялары білімдері жүйесін меңгеруі;
этнопедагогика методологиясы мен әдістерін кәсіби-педагогикалық әрекетте пайдалана алуы;
халық педагогикасының түрлі концепцияларын, халықтық педагогикалық құбылыстарды ғылыми негізде талдай алуы;
түрлі этностардың халықтық тәрбиесінің озық дәстүрлерін талдай, салыстыра және бағалай алуы;
этнопедагогикалық білімдерін педагогикалық міндеттерді шешуде іс жүзінде қолдана алуы.

12. ОК-ны аяқтағанда күтілетін нәтижелерге табысты қол жеткізудің алғышарттары
1. Сабақтан себепсіз қалмау.
2. Жіберілген сабақтың оқытушы белгілеген уақытта өтемін жасау.
3. Әрбір сабаққа жүйелі түрде дайындалу.
4. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
5. Өзіндік тапсырмаларды уақытында орындау.
6. Оқу процесіне белсенділікпен қатысу.

13. СӨЖ-ді орындау бойынша методикалық ұсыныстар
Студенттердің өзіндік жұмыстары алған теориялық білімдерді кеңейту және таным әрекеттерін белсендендіру, сондай-ақ таным процесінің әдіс- тәсілдерін меңгеру құралы. Силлабустың жұмыс бағдарламасында студенттердің курста көрсетілген тақырыптар бойынша өздігінен орындауы тиіс тапсырмалар жүйесі келтірілген, оларды бақылау формалары мен кестесі, сондай-ақ негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген. Өзіндік жұмыстардың негізін ғылыми-теориялық және кешенді практикалық тапсырмалар құрайды. Студент өзіндік жұмыстарды орындау барысында нақтылы нұсқаулар мен әдістемелік кеңестер алады.
Этнопедагогика курсы бойынша студенттердің өзіндік жұмысы түрлі формада болуы мүмкін: картотека құрастыру, әдебиеттерге аннотация жасау, және конспектілеу, схема, таблица құрастыру; эссе, баяндама, дипломдық жұмыстар жазу және т.б.
Әдебиеттерге аннотация жазу –автор қарастырған негізгі мәселелерді көрсету, соның ішінде қарастыратын мәселеге тікелей қатысы бар жәйіттерді бөліп көрсеткен жөні.
Сауалнама – оны құрастыруда оқушылардың жауаптары қандай болатындығы (қысқаша немесе толық жауаптар) ескерілуі қажет. Сондай-ақ, жауаптар дайын нұсқалармен берілуі де мүмкін. Онда оқушы олардың ішінен өзінің пікіріне сәйкес келетін біреуін таңдап алады.
Этнопедагогикалық мазмұндағы сабақты талдау – тапсырма бойынша мен жұмысты сабақты таңдаудан бастау қажет, этнопедагогикалық материал анық берілетін сабаққа қатысқан жөн. Сонымен бірге студент сабақтың мақсаты мен міндеттері, методикалық құрылымын анық елестете алуы сабақта оқып үйренілетін материалдың ерекшелігін білуі қажет. Талдау үшін сабақтың егжей-тегжейлі конспектісін жасаған жөн. Конспекті жасау барысында сабақтың мазмұндық тұсына назар аудара отыра, мұғалім мен оқушының этнопедагогикалық іс-әрекетерін белгілеп отырған пайдалы. Конспект мейлінше толық және дәл болса сабақты талдау соғұрлым жеңіл болады.
Аналитикалық шолу – ол, а) проблеманың зерттелу тарихын баяндау түрінде (зерттеуші қандай жаңалық енгізгенін көрсете отыра); б)проблеманың қазіргі жәйін талдау түрінде болуы мүмкін. Шолудың кез келгені көшірме емес, керісінше мәліметтерді талдау, бір бірін толықтыратын, немесе бір біріне қайшы мәліметтерді салыстыру түрінде орындалуы тиіс. Жұмыстарды былайша салыстырғанда авторлардың қорытындылары, ой-тұжырымдарын салыстырумен шектеліп қана қоймай, ол ой қорытындыларының артында қандай нақты фактілер тұрғанын білу қажет. Шолу қысқаша тұжырымдармен аяқталған дұрыс. Мысалы: проблеманың зерттелінген аспектілерін атап көрсету, зерттеу нәтижелерін, пікірталас тудыратын мәселелердің қойылуын, сондай-ақ зерттелуі қажет жаңа аспектілерді бөліп көрсету.
Класс жетекшісімен әңгіме - әңгіме барысында студент кластың жалпы мінездемесімен, қоғамдық тапсырмалардың оқушылар арасында қалай бөлінгендігімен, класс ұжымы дәстүрлерімен, жекелеген оқушылардың мінездемелерімен танысады. Класта этнопедагогикалық оқу-тәрбие жұмысы қалай қойылғандығы жайлы жалпы мәлімет құрастырады.
Пән мұғалімдерімен әңгіме және олардың этнопедагогикалық материалды қолданып жүргізетін сабақтарына қатысу – бұл студентке мұғалімнің оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттері түрлеріне қоятын негізгі талаптары мен, оқыту әдістері және тәсілдерімен, сабақтың түрлі кезеңдеріндегі этнопедагогикалық материалдың қалай қолданылатындығымен танысуға мүмкіндік береді.
Оқушылармен және олардың ата-налармен әңгіме - әңгіме барысында студент отбасында халықтық тәрбие тәжірибесінің пайдаланылатындығы немесе пайдаланыалмайтындығы, отбасылық тәрбие әдістерін таңдауда олардың халықтық педагогика әдістерімен ұштастырылатындығы немесе ұштастырылмайтындығы және т.б. жайлы біле алады.
Іскерлік ойын – мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын қайта жаңғырту формасы. Іскерлік ойынды жүргізу - бұл қатысушылардың оқу-тәрбие іс-әрекеті жағдайын имитациялық модельге сүйеніп қайта жаңғыртатын ойын әрекетер көрінісі.
Пікірталас дөңгелек үстел – бұл өзіндік ойлау мен өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын демонстрациялап көрсетуге мүмкіндік беретін проблемалық сипаттағы мәселелерді топтық талқылау.
Тапсырмаларды қорғау және презентация жасау – жеке және топтық тапсырмалар бойынша білімдерді бақылау, олар тапсырмалардың орындалуын ның дұрыстығын тексеру, өткен материалды қорытындылау және оны көпшілік алдында қорғау, оның курстың өзге тақырыптармен арасындағы логикалық байланысын қадағалау мақсатында жүргізіледі.
Интерактивті (коммуникативтік) әдістер – бұл адамдардың өзара қарым-қатынасы мен өзара әрекетін танып білу жолы, амалдары. Бұл әдістер студенттердің өзара әрекетіне ерекше орын берілетін белсенділік диалогқа негізделеді.Интерактивті әдістер интеллектуальдық және рухани-адамгершілік белсенділікті, сондай-ақ коллективтік шығармашылықты дамытады.
Картотека - этнопедагогикалық мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы.
Әдебиетті конспектілеу – статьяны немесе кітаптың мазмұнын кысқаша баяндау. Конспект қысқа, анық, толық, дәл болуы қажет. Аса дәлдікке қол жеткізу үшін жұмыстың негізгі ой желілерін автордың тұжырымы бойынша беттерін көрсетіп жазып алу қажет. Конспектінің толықтығына жұмыстың негізгі ой желілерін жазып алу, материалды автордың баяндау логикасы бойынша қайта жаңғырту есебінен қол жеткізуге болады.
Ғылыми баяндамалар – олардың мынадай түрлері болуы мүмкін: 1) ғылыми жұмысқа сыни тұрғыда рецензия беру; 2) зерттеудің тақырып бойынша аналитикалық шолуы; 3) пікірталасқа сыни тұрғыдан талдау жасау, олар рефераттың немесе баяндаманың алғашқы бетінде белгіленіп көрсетіледі. Көрсетілген бұл жұмыстарда таңдалған проблема бойынша әдебиеттердің талдауы міндетті түрде еңгізіледі.
Бақылау – педагогикалық құбылыстардың жүруі өзгешелігін, олардағы тұлға, ұжым, адамдар топтары, алынған нәтижелердің көрінуін мақсатты түрде, жүйелілікпен белгілеу.
Реферат – дерек көзінің мазмұнын қысқаша анық баға бере отыра баяндау. Проблеманың жағдайын бірнеше дерек көздерін шола салыстыру және талдау негізінде ашып көрсету.
Библиография құрастыру (әдебиеттер тізімі) - әрбір әдеби дерек көзі бойынша авторлардың аты-жөні, жұмыстың аты, басылым орны, басылған жылы, беттерінің саны беріледі.
Эссе - өзіндік жазбаша реферативтік –аналитикалық жұмыс, мұнда нақты ғылыми проблеманың қазіргі жәйі көрсетіледі және оны шешудің ықтимал жолдары мен перспективалары жайлы сұраққа жауап беріледі.

100 балдық бағалау жүйесі негізінде балдың жалпы сомасы төмендегідей жіктелуі мүмкін:
1) 16 жабық тест тапсырмасы х 2 балға = 32 балл.
2) 8 жартылай жабық тест тапсырмасы х 4 балға =32 балл.
3) 6 ашық тест тапсырмасы х 6 балға = 36 балл.
Барлығы: 100 балл.

Қорытынды бақылау түрінде студенттің жеке рейтингісі орташа арифметикалық формула бойынша есептелінеді, яғни
СИ – РЖ (АБ+РБ)+ҚСБ
СИ –сомалық индекс
РЖ – рейтингтік шек
АБ- ағымдық бақылау
ҚСБ -қортынды бақылау нәтижесі

Студенттің сынақ кітапшасына сомалық индекстен шығарылған 4 балдық жүйе бойынша баға қойылады. Балдық жүйені дәстүрлі бағалау түріне көшіру 6-шы кестеде берілген. Онда берілген бағалау жүйесі мен халықаралық стандартқа сай бағалау шкаласы әріптермен көрсетілген.

Студенттердің білім мен іскерлігін халықаралық стандарт бойынша бағалау шкаласы (№___кесте).

Әріптік жүйе бойынша
Балдар
% мазмұн
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

өте жақсы

А -

В+

жақсы
В

В -

қанағаттанарлық
С +

С

С -

Д +

Д

Д -

F

Қанағаттанарлықсыз


Скачать


zharar.kz