АЛТЫН ЖӘНЕ БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАЖАЙЫ

Скачать

Алтын және бағалы металдардың мемлекеттік мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1990 жылғы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Өзінің қызметі бойынша ол ғылыми-зерттеу, мәдени-көпшілік мекеме - көне дәуірден бүгінгі заманға дейінгі Қазақстанның зергерлік өнер ескерткіштерінің негізгі қоймасы болып табылады. Мұражай коллекцияларын көрме және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттайды. Қорлар жыл сайын теңдесіз экспонаттармен толықтырылады. Мұражай коллекциясының тарихи есебі қола дәуірден – б.э.д. 2 мың жыл (б.э.д. 16-14ғ.) басталады. Бұл жұқа алтын пластиналардан «алтын жапырақ» стилінде жасалған бұйым. Мұражайдың теңдесіз экспонаты - 1969-1970 жылдары К.Акишев басшылығымен археологтар тобының Алматы маңында «Есік» қорғанынан табылған Зергерлік өнер үлгісінің жарық туындыларының бірі «Алтын киімдегі жауынгер». Оның уақыты б.э.д. V-IV ғ. Сақ жауынгерінің киім үлгісін қалпына келтіру оның жақсы сақталуы арқылы мүмкін болды. 4 мыңнан аса алтын бұйымдар түрлі техникалар – құю, штампілеу, қырлау, өрнектеу және т.б. арқылы орындалған. ХІХ ғ.күмістен, алтыннан, табиғи және жартылай бағалы тастардан жасалған дәстүрлі қазақ зергерлік бұйымдарының түрлі-түсті көрмесі мұражай коллекциясының қызықты бөлігі болып табылады. Жылқы әбзелдері, қару-жарақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары – бұлардың бәрі де үлкен шеберлікпен жасалып, күнделікті өмірде қолданылған. Материалы және орындалуы бойынша үлкен шеберлікпен жасалған «Өңіржиек» - кеуде бұйымы, «сәукеле» - келіншекке арналған бас киім - жоғары маңызды кезеңдерде киілген зергерлік бұйымдар. Зергерлік бұйымдарды жасау техникасының тамыры тереңде жатыр – қазақ зергерлері көне шеберлердің дәстүрлерін жалғастырып, эстафета бойынша біздің қазіргі шеберлеріне жеткізіп кетті. Біздің замандастарымыз – зергерлер – шеберлердің қалыптасқан дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарайды. Олар өз кезегінде өз халқының зергерлік ісіне жаңа материалдар, жаңа материалдар мен вариациялар қосуда.


Скачать


zharar.kz