Ландшафттың экологиялық қасиеттері

Скачать

Табиғат кешендердің алуан түрлі өзгеріске ұшырауына тек антропогендік ғана емес сонымен қатар табиғи үрдістердің де тигізетін сері жан – жақты қарастырады. Қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторларды барлық түрлері дамыған (ауыл шаруашылық, техногендік, өндірістік) сондықтан олардың әсеріне дұрыс талдау жасау тиімді пайдалану, қорғау шараларына ғылыми дұрыс баға берудің маңызы зор. Табиғат кешендердің дамуына эволюциялық ерекшелігіне антропогендік фактордың тигізетін әсеріне өте ерте кезеңнен бастап көңіл аударған. Соңғы кезеңдерде ҒТР-дің жетістіктеріне байланысты оның әсері табиғи үрдістерден де артық. Сондықтан антропогендік іс - әрекеттер, геожүйелердің табиғи жағдайын анықтауда негізгі фактор болып есептеледі, ландшафттың шығу тегімен болашағын анықтауда тек табиғи факторды атап көрсету жеткіліксіз. Антропогендік үрдістерде динамикалық орнықтығы нашар табиғи ландшафттар Қазақстан аумағында кездеседі. Табиғи ландшафттар атқаратын қызметі бойынша ауыл шурашылық мақсатта кеңінен қолданатын экономикалық жағдайлардың нашарлауына әсер етуші фактор дифляциялық және эрозиялық үрдістердің үдеуіне әкеліп соғатыны анық көрсетіледі. Халық шаруашылық саласына пайдалану нәтижесінде ландшафттаралық және оның жекелеген құрамдас бөліктері өзгеріске ұшырайды. Табиғи құрамдас бөліктердің байланысы аумақтық геологиялық геоморфологиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты болғанмен табиғи құрамдас бөлігі әлсіздікке ұшырайды. Ал шөлдену, тұздану т.б. үрдістердің нақты көрсеткіші ең алдымен топырақ және өсімдіктер жамылғысының азғындауы егіс өнімдерінің кемуі ауыл шаруашылық ландшафттары ластандырушы негізгі орталық Теміртау химиялық металлургиялық кешені Қазақстан Репсубликасының табиғи ландшафттарының антропогендік өзгеру ерекшеліктерін зерттеп осы бағытта география ғылымына ерекше үлес қосып келе жатқан белгілі ғалымдар А.В.Чигаркин, К.Ж.Набиева, Т.И.Бутникова.
Ландшафттарды қорғаудың ең жоғарғы формасы қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүние жүзі тәжірибеге сүйенсек жер шарының жекелеген елдерінде қорық ұйымдастыру ХІХ ғ-дың басты кезеңдерінен бастап жүзеге асырыла бастады. Ал оның алғаш нәтижесінің бірі тіптен 1872 жылы Америка жерінде ұйымдастырылған. Алғашқы ұлттық парктер, сонан соң Канада, Африка, Австралия, Жаңа Зеландия т.б. материктерде қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылғаны белгілі. Алайда 1874 жылы Ақсу – Жабағалы қорығы құрылды. Қазіргі кезде жер шарында қоырқтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлде қайда көп, оның себебі шет елдерде қорықтар аймақтары шектелген табиғат жүйесі болғанымен табиғаттарын қорғау үшін ұлттық бақтар ұйымдастыру әлдеқайда ұтымды дер кезінде түсіне білді: мысалы, Англияның кішкене ғана жерінде 188 ұлттық қорықша, 10 ұлттық парк, 81 корольдік қорықтар болса, ал Германия жерінде 135 қорықшалар 400 астам ландшафттық заказниктер, 9100 табиғат ескерткіштер бар. Сол сияқты Франция жерінде 22 ұлттық парк бар екенін ескерсек жоғарғы өркениетті елдердің табиғатты қалай сүю керек екенін 5 жасар бала да түсінеді. Қазіргі ТМД елдері бойынша 140 мемлекеттік қорық, 2700 қорықшалар бірнеше мың табиғи ескерткіштер бар, шет елдермен ТМД елдерін салыстырғанда бұл өте аз. Ал Қазақстан Республикасы бойынша 9 мемлекеттік қорық 66 қорықшалар 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 полионтологиялық 6 ұлттық парк, 24 астам табиғи ескерткіштері бар. Бұл біздің аймақтың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлердің 3% қамтиды.
Мұның өзі табиғатты қорғау проблемаларын өз шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Дегенмен Республикада қорықтар ұйымдастыруда соңғы жылдары қолға алына бастады. Соңғы жылдары Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастыруы алтын емен, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатауы ұлттық парктердің құрылуы осының айғағы болса керек. Қандайда болмасын табиғат байлықтары өсімдіктер дүниесі түз тағыларының өкілдері болсын олардың өздері бейімделіп тіршілік ететін ортадан ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі, қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, транспорттың қарышты қадамы оларға өзінің ықпалын тигізеді. Ондай әсерін тигізбеу үшін адам ҒТП мен табиғат қорғау ісін ғылыми негізінде ұштастыра білу қажет яғни табиғи ландшафттардың барлық компоненттерімен қамқорлыққа алған жөн.


Скачать


zharar.kz