2-бөлім Кәсіби өндірістік тәжірибе бойынша
Е С Е П Б Е Р У
05.02.07 Бесінші ақпан күні мен ең бірінші рет “Гражданская консолидация”қоғамдық қорының яғни “АртДизайнГруп”жарнамалық агенттік бөліміне келдім. Ондағы жұмыс істейтін қызметкерлермен, жұмыс бабымен, компанияның тыныс тіршілігімен, бұл компания немен шұғылданатыны жалпы компания туралы мәліметтермен танысып біліп алуға тырысып бақтым. Маған ең бірінші рет сол компанияның сыртқы келбеті ішкі дизайнының орналасуы және қызметкерлері олардың жасайтын жұмыстары қатты ұнады. Мен бірден солардың арасына сіңісіп кетуге тырыстым.
06.02.07. Бұл күні таңертең тәжірибе өтіп жүрген орныма келдім.Бұл компания жарнаманың барлық түрімен айналысқандықтан, әр түрлі ұйымдардан ұсыныстар түсіп тұрады екен.Сол заказдарды тез және қысқа уақытта орындау агенттіктің негізгі міндеті болып табылады.Бұл агенттікте әр түрлі бөлімшелер бар екен,олар-ақпараттық, шығармашылық топ, жарнамалық менеджер, зерттеу тобы, маркетингтік және өндірістік топ бөлімі бар екен.Бірінші күннең-ақ атқарушы директордың нұсқауымен жарнамалық менеджердін көмекшісі ретінде тағайындады. Сөйтіп біз заказ беретін клиенттерді іздей бастадық.
07.02.07. Күндегідей таң ертең келіп, бүгінгі жұмыс бабын құрастырып алдым, яғни тапсырма беруші компаниялармен ұйымдарды іздестіре бастадық.Менің атқаратын жұмысым көбінесе телефон тұтқасында отыру екен.Менеджердін берген компаниялары бойынша іздестіре бастаым.Өзім ойлағандай бірінші күні қолымнан аса еш нәрсе келе қойған жоқ.Өйткені әр жұмыстың өз икемі бар болғандықтан,осы күні еш нәрсе қолымнан келмеді.Бүгінгі жіберген қателіктерімді сараптап үйге қайттым.
08.02.07-15.02.07. Бұл күндері күндегідей таң ертен келіп, өз орныма отырып алып, тұтынушыларды телефон арқылы іздеумен болдым.Бұл жұмыстың қызығы көптеген адамдармен байланысқа түсетін,сөйтіп көптеген адамдармен көзбе-көз болмасада телефон арқылы танысып үлгердім. Осы күндер арасында істеген жұмысым зая кеткен жоқ,солардын ішінде менің ұсынысыма қарайлағандар да болды, бірақ біраз уақыттан соң, ұсынысымды қабылдайтындарын айтып сендірді.Сөйтіп күннен-күнге тәжірибе жинай бастадым.
16.02.07. Ал бұл күні менің асығым оңымнан тұрғандай болды, өйткені менің жасаған ұсыныстарымның біреуін Барыскоорпоротциясы қабыл алатын болды. Олардың берген нұсқауы бойынша, берген нұсқаудың мәтінін өздері береді бірақ, оның суреттеп көркемдеуін өз мойнымызға алдық. Ал сол уақытта біздің дизайнеріміз жоқ болғандықтан мен белсенділік танытып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халық аралық бөлімімен келісімге отырып бірге жұмыс жасауға ниет білдірдік. Олар өз тараптарынан ұсынсымызды қабыл алды.
19.02.07. Ақпанның 19-ы күні ТОО “М-Транс” компаниясы өзінің фирмалық логотипін кішігірім газ балонндарына, офистердегі үстел үстіне қоятын заттарға пластиктен жасалатын заттарға типография әдісімен логотипті жасауға тапсырыс берді. Бұл тапсырысты тез арада істеуімізді сұрады. Біз алдынғы тапсырыстарымызды қоя тұрып, осы тапсырысқа тезарада кірісіп кеттік.Осы жолғы тапсырысқа барлық бөлімдердін адамдары қатысты деп айтуға болады. Бұл тапсырысты біз уақытында, көңілінен шыққандай етіп орындадық.Біздін клиентіміздін тапсырысын өзінің ойндағыдай жасадық деген оймен жұмысымызды өткіздік.
20.02.07-21.02.07.Бұл күндері агентстваға жаңадан ұсыныстар түсті. Қаламыздағы ірі “ Керемет” атты магазин жүйелерінің біреуі жаңадан ашылатын болды. Соған ашылу салтанатын ұйымдастырып, сыртқы жарнамалық шиттер жасауымызға тапсырыс берді. Міне біз осы жұмысқа кірісіп кеттік. Алдымен бәріміз жиналып жасалатын жұмыстардың жоспарын құрып алып, кім қандй жұмыс атқаратынын білдік. Сонымен алдымен жарнамалық шиттерді жасадық. Содан соң ашылар күннің алдында барып, ашлыу салтанатынын дайындық жұмыстарын жасадық, әдеттегідей жүргізушіні жалдап қажетті жерге шарларды іліп, музыкалық оформление жасауға ат салыстық. Міне өстіп екі күннің қалай өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.
22.02.07. Бұл күнді қалада қыдырумен өткіздім деп айтуға болады. Өйтіп айтатын себебім біздің агенттік көптеген газеттермен бірігіп жұмыс істейді екен. Сол себептен газетке тапсырыс берген материалдардың күні өтіп кетсе соған қайта тапсырыс беріп, шығу мерзімдерін анықтап келуге бас менеджер екеуіміз қаланың газет редакцияларын араладық.
23.02.07. Біздің агенттік бұл күні коорпоративті кеш ұйымдастырды. Бұл кештің ұйымдастырылу себебі біздің агенттіктін атқарушы директордың туылған күні болатын. Күндіз біз офисте болып, офис ішін безендіріп, сыйлықтар сыйлап, тілектер айтып, көңілін көтердік. Ал кешке қарай тойды мейрамханада жалғастырдық. Сол компанияда жұмыс істейтін барлық қызметкерлер келді. Сондай-ақ оның достары жиналды. Бір сөзбен айтқанда бәрі өте жақсы дәрежеде өтті. Мен коорпоративті рух дегеннің мәнін сонда ғана бұрынғыданда жақсы түсінгендей болдым.
26.02.07. Бұл күні біздің бас әріптестеріміздің бірі “Тау самалы” компаниясымен жаңа келісімдер жасады. Бұрыңғы проектілерімізге жаңа өзгертулер еңгізіп, толықтырулар жасадық. Олар бізге жаңа проект енгізіп, жарнама беру жолдарын кенейтуімізді сұрады.Әрине біздін тарапымыздан “клиент ылғи да дұрыс” деген қағидамен жаңа жарнаманы тарату жолдарын іздестірдік.Сөйтіп маған телефон тұтқасына қайтадан отыруға тура келді.
27.02.07-01.03.07. Бұл күндері бәріміз заттарымызды жинастырып көшумен болды. Қаланың бір шетінің екінші шетіне көшу бізге оңайға соққан жоқ. Бір офистен екінші офиске қоныс аудардық.
02.03.07. Екінші наурыз менің практикамның соңғы күні болды. Бұл жерде мен жайғана практикант болсамда, олар мені нағыз қызмет атқарып жүрген адам сияқты қабылдады. Себебі маған ол жер қатты ұнады. Әрі көп нәрсені үйрендім, адамдармен қалай араласып, қалай табысатына дейін үйрендім. Мен бұл жерден жақсы тәжірибе алдым деген ойдамын. Енді алдыңғы уақытта осы жерде үйренген нәрселерім көмегін тигізер деген үміттемін.