2 МГӨБ ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ-ДЫҢ 2008-2010Ж.Ж ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 МГӨБ Құлсарымұнайгаз басқармасының пайда болу тарихы және құрылымы, 2008-2010 ж.ж басты технико-экономикалық көрсеткіштері
Құлсарымұнайгаз өндірістік басқармасы Атырау облысы Жылыой ауданындағы ескі кәсіпорыны болып табылады. Бұл мекеме казіргі таңда ҚазМұнайГаз Ашық Акционерлік Қоғамының жалпы ережесімен және жарғысымен жүргізіледі. Бұл кәсіпорынның тарихы 1922 жылы құрылған Ембі мұнай тарихымен тығыз байланысты. 1939 жылы Құлсары кен орындарының ашылуымен мұнай газ өндіру басқармасы “Құлсары мұнай” кәсіпорны ашылды. Кейінгі кезде “Қоғам” деп аталатын №124 13.02.96ж. мемлекеттік меншікті басқару бойынша ол ҚР-ң мемлекеттік комитетінің қаулысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншікті басқару бойынша Атырау территориялық комитетінің заңдылығына сәйкес Құлсарымұнайгаз өндірісін қайта құру жолымен құрылды.
Қоғам заңды тұлға болып табылады және ҚР заңдылығына және жарғысы негізінде өзінің іс-әрекеті жүзеге асырылады. Қоғамның қаржы және өндірістік қызметі дербес шаруашылық негізінде жүзеге асырылады. Қоғам өзінің балансы банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар, сонымен қатар қазақ және орыс тіліндегі өзінің атауы көрсетілген бұрыштама штампы және мөрі болады.
Халықаралық нарыққа шыққан кезде қоғам халықаралық құқықпен ҚР-ң заңдылығын басшылыққа алады.
Сонымен қатар, қоғамға құрылған бұрынғы еншілес филиалдарының құрылтайшы негізіндегі 19 ЖШС кіреді және жарғылық капитал бөлігі 31% құрайды.
МГӨБ Құлсарымұнайгаз 12 операциялық бөлімшелерінің және басқару аппаратынан тұрады, мұнай мен газды өндіруде газды өңдеуде, өндіретін бөлімшелерге қызмет көрсету және мұнай мен газды өнімдерді өндіруде өткізу негізінде маманданған. Соғыстан кейінгі жылдары геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 1948 ж. - Мұнайлы, 1949ж. - Қаратон, 1955 ж. – Көшкімбет, 1956 ж. - Батыс Терең - Өзек, 1958 ж. - Төлес, 1960 ж. - Тәжіғали кен орындары ашылды. 1961 – 1963 жылдары Каспий теңізінің Оңтүстік шығыс жағалаулары зертеу нәтижесінде Орталық – Шығыс Прорва кен орыны ашылды. Бүгінгі таңда акционерлік қоғамның мұнай өндіру көлемінің 60% - ын береді. Кейін 1979 жылы - Ақтөбе, 1980 жылы - Досмұханбетов кен орындары ашылды. 1981 жылы кен орындарының ашылуының нәтижесінде аймақтың гифрақұрылымы жақсарып және Құлсары, Қосшағыл, Мұнайлы, Қаратон, Сарықамыстан таза жұмысшы поселкелері және теңіз вахталық поселкелері ашылды. 1985 жылдан бастап Құлсары мен Теңіз вахталық поселкесінде Теңіз кен орны комплексінің құрылысымен айналысатын құрылыс және монтаж ірі ұйымдар жұмыстары басталды. МГӨБ “Құлсарымұнайгаз” бойынша эксплуатациялық қордан аз өнім беретін 233 скважиналары Құлсары, Қосшағыл, Төлес, Қаратон, Көшкімбет кен орындары уақытша тоқтатылған. Осындай жағдайларды ескерту МГӨБ– ның мұнай өндіру төлемін түсірмеуін көздеп, одан әрі мұнай көлемін арттыруды Прорва, Терең -Өзек, Батыс Қаратон, Қисымбай кен орындағы скважиналар сеткаларын тығыздап өнімді көбейтуді көздеуде.
МГӨБ –н құру барысында және мұнай өндіруді көбейту үшін 1992 ж. – Ақінген, 1993 ж. - Қисымбай, 1995 ж. – Аққұдық кен орындары іске қосылды. Осы жетістіктердің қорытындысында соңғы 5 жыл ішінде мұнай өндіру көлемін жылына 820 – 870 мың тоннаға жеткізуге тырысты.
Бүгінгі таңда МГӨБ “Құлсарымұнайгаз” қатарында 9 мұнай кен орны бар. Мұнай дайындайтын 8 цех бар, жұмыс жасау қорында 340 скважина бар. Сонымен қатар қайта – қайта мұнайдың сыртқа төгілуі нәтижесінде Тәжіғали, Көшкімбет кен орындары табылды. Осы кен орындары іске қосуда 130 – 140 тонна мұнай артық өндірістік құрылымы бойынша кәсіпорынның кен орындары: Құлсары, Қосшағыл, Төлес, Ақінген, Терен - Өзек, Қаратон, Көшкімбет, Қисымбай, Аққұдық. Осы кен орында 3 мұнай дайындау цехы жұмыс істеуде :
Қосшағыл (Қосшағыл, Құлсары, Ақінген, Төлес)
Терең - Өзек (Терең - Өзек, Қаратон, Көшкімбет)
Қисымбай (Қисымбай, Аққұдық)
Қазіргі күні МГӨБ “Құлсарымұнай” қатарында 9 мұнай кен орын бар. Кен орындарды атап өтетін болсақ, олар :
Қосшағыл - 1935 жылы;
Құлсары - 1939 жылы;
Қаратон - 1949 жылы;
Көшкімбет - 1955 жылы;
Терең - Өзек - 1956 жылы;
Төлес - 1958 жылы;
Ақінген - 1992 жылы;
Қисымбай - 1993 жылы;
Аққұдық - 1995 жылы;
"Құлсарымұнайгаз" өндіру басқармасының 1 қаңтар 2000 жылғы балансы қаржы жағдайын бақылау мен талдауға ыңғайлы болу үшін баланстық статьялары бөлім-бөлімге біріктірілген. Бухгалтерлік баланс есепті кезең ішінде қаржылардың ұдайы өндіруінің қорытындыларын сипаттайды. Кәсіпорын қарамағындағы қаржылардың шын мәніндегі саласын анықтау үшін баланстық жалпы қорытындысынан айналымнан тыс активтер, айналым қаржылары мен пайдаларды қайта бөлу жөніндегі ішкі жүйелік есептер және басқаларын алып тастау қажет жыл соңында кәсіпорынның баланстық тепе-теңдігі қалыптасқан.
Кесте - 2 2008-2010ж.ж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
№
рс
Көрсеткіштер атауы
Өлш. бірл.
2008ж
2009ж
2010ж
Абсо- люттік ауытқу
Өсу қарқ, %
Өсу қарқ, %
1
Өндірілген мұнай көлемі
мың тн.
241,1
252,86
247,70
-4,96
98,037
103
2
Өткізілген мұнай көлемі
мың тн.
238,992
249,844
244,41
-5,434
97,824
102
3
Өндіріске кеткен шығын
мың тг.
3584796
4868568
4700588
-167980
96,55
131
-өндірістің өзіндік құны
мың тг.
3428481
4825614
4660518
-165096
96,579
139
-кезең шығындары
мың тг.
156315
42954
40070
-2884
93,289
26
4
Барлық күрделі қаржы жұмсалымы, соның ішінде:
мың тг.
668542
989634
1211889
222255
122,45
181
-құрылыс
мың тг.
291245
253449
296756
43307
117,08
102
-бұрғылау
мың тг.
377297
736185
915133
178948
124,30
243
5
Негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу
мың тг.
153171
136503
168893
32390
123,72
110
6
1тоннаға кеткен шығын
тг.
14868,5
19269
18977
-292,0
98,483
128
-өндіріске кеткен шығын
тг.
14220,2
19099
18815
-284,0
98,513
132
-кезең
шығындары
тг.
648,3
170
161,77
-8,2
95,154
25
7
Қызметкерлердің тізім бойынша орташа саны
адам саны
748
756
777
21
102,77
104
8
Еңбекті төлеу қоры
мың тг.
820187
1051701
929827
-12187
88,412
113
9
1қызметкердің орташа айлық табысы
тг.
91376
115928
99724
-16204
86,022
109
10
Негізгі қордың қалдық құны
мың тг.
8428372
8176745
8485652
308907
103,77
101
11
Аяқталмаған құрылыс құны
мың тг.
107024
107024
727154
620130
679
679
12
Дебиторлық берешек
мың тг.
660
0
0
0
0
0
13
Несиегерлік берешек
мың тг.
6727
1410
0
-1410
0
0
14
Электр энергиясының жұмсалуы
мың кВтсағ
21018
21869
21692
-177
99,191
103
15
Электр энергиясына кеткен шығын
мың тг.
110185
112581
118402
5821
105,7
107
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Берілген кесте бойынша, 2010 жылы өндірілген мұнай көлемі 2008 жылға қарағанда 6,6 мың тоннаға көбейген, өсу қарқыны 103%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 4,96 мың тоннаға азайған, өсу қарқыны 98,037% құраған.
Өндіріске кеткен шығын 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 1115792 мың тоннаға көбейген, өсу қарқыны 131%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 167980 мың тоннаға азайған, өсу қарқыны 96,55% құраған.
Өндірістің өзіндік құны 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 1232037 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 139%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 165096 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 96,579% құраған.
Кезең шығындары 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 116245 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 26% , ал 2009 жылмен салыстырғанда 2884 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 93,289% құраған.
Барлық күрделі қаржының жұмсалымы 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 543347 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 181% , ал 2009 жылмен салыстырғанда 222255 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 122,45% құраған,соның ішінде құрылыс 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 5511 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 102% , ал 2009 жылмен салыстырғанда 43307 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 117,08% құраған, бұрғылау 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 537836 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 243%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 178948 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 124,3% құраған.
Негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 15722 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 110%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 32390 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 123,72% құраған.
Бір тоннаға кеткен шығын 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 7490,5 теңгеге көбейген, өсу қарқыны 128%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 292,0 теңгеге азайған, өсу қарқыны 98,483% құраған.
Өндіріске кеткен шығын 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 4594,8 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 132%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 284,0 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 98,513% құраған.
Кезең шығындары 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 486,53 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 25%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 8,2 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 95,154% құраған.
Қызметкерлердің тізім бойынша орташа саны 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 29 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 104%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 21 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 102,77% құраған.
Еңбек төлеу қоры 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 109640 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 113%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 12187 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 88,412% құраған.
1 қызметкердің орташа айлық табысы 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 8348 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 109%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 16204 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 86,022% құраған.
Негізгі қордың қалдық құны 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 57280 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 101%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 308907 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 103,77% құраған.
Аяқталған құрылыс құны 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 620130 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 679%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 620130 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 679% құраған.
Дебиторлық берешек 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 660 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 0%, ал 2009 жылы дебиторлық берешек 0- ге тең.
Несиеге берешек 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 6727 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 0% , ал 2009 жылмен салыстырғанда 10410 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 0% құраған.
Электр энергиясының жұмсалымы 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 674 мың кВтсағ көбейген, өсу қарқыны 103% , ал 2009 жылмен салыстырғанда 177 мың кВтсағ азайған, өсу қарқыны 99,191% құраған.
Электр энергиясына кеткен шығын 2010 жылы 2008 жылға қарағанда 8217 мың теңгеге көбейген, өсу қарқыны 107%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 5821 мың теңгеге азайған, өсу қарқыны 105,7% құраған.
Кесте 3 - 2008-2010 жж жалпы өндірістік шығындар көрсеткіштері
№
рс
Көрсеткіштер атауы:
Өлшем бірлікт.
2008ж
2009ж
2010ж
1.
Өндіріс шығындары, барлығы,
мың тг.
3522275
4825614
4660518
2.
Шикізат және материалдар, барлығы
мың тг.
208011
218563
221692
3.
Отын, барлығы
мың тг.
93019
121007
127307
4.
Энергия, барлығы
мың тг.
112688
118017
122860
5.
Негізгі құралдардың амортизациясы, барлығы
мың тг.
457488
1094301
1151014
6.
Еңбекке төлем шығындары
мың тг.
760178
1054620
902086
7.
Салықтық төлемдер, барлығы
мың тг.
284503
429570
899867
8.
Өтімділік қоры
мың тг.
8151
7888
0
9.
Басқада шығындар, барлығы
мың тг.
292501
133744
141954
10.
Әлеуметтік сала шығындары
мың тг.
30700
35057
31301
11.
Кезең шығындары, барлығы
мың тг.
156315
42954
40070
12.
Өткізілген өнімге барлық шығындар
мың тг.
3678590
4868568
4656144
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Өндіріс шығындары бабы бойынша 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1138243 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 165096 мың теңгеге азайған.
Шикізат және материалдар бабы бойынша 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 13681 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 3129 мың теңгеге көбейген, бұл Техникалық жөндеу және Қалыпсыз қондырғы дайындау баптарына жұмсалғанымен түсіндіріледі.
Отын бабы бойынша 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 34228 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 6300 мың теңгеге көбейген, бұл қатты суық әсерінен жобада қарастырылмаған жанар жағармайды қолдануымен және жоспарланған шығындардың артуы баға өзгеруіне де байланыстылығымен түсіндіріледі.
Энергия бабы бойынша 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 10172мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 4843 мың теңгеге көбейген, бұл көрсеткіштер әр жылдың жобаларына сай.
Негізгі құралдардың амортизациясы 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 693526 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 56713 мың теңгеге көбейген, бұл ПТУС тың негізгі жабдықтарының амортизациясына және мұнай, газдардың жатуына байланысты оларды өндіру әдісіне амортизацияның көбеюімен түсіндіріледі.
Еңбекті төлеу шығыны 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 14908 мың теңгеге көбейген, бұл жұмысшыларға мейрам күндері төленген сыйақылармен, ал 2009 жылмен салыстырғанда 152534 мың теңгеге азайғандығы, әр бөлек цехтарда сыйақы берілмегендігімен,жұмысшылардың көзделмеген ауру ұзақтығына байланыстылығымен және жоғары дәрежелі сыйлықақы алу мақсатында, жоғары көрсеткіш көрсетілмегендігімен түсіндіріледі.
Салықтық төлемдер 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 615364 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 470297 мың теңгеге көбейген, бұл біріншіден Әлеуметтік салық бабы бойынша қосымша аударым, жұмысшыларға жылдық қорытынды бойынша мейрам күндеріне төленген сыйақымен түсіндіріледі, екіншіден, экологиялық программаға сәйкес мазутталған топырақты әкету және жинау салығына байланысты.
Өтімділік қор 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 8151 мың теңгеге азайған, ал 2009 жылмен салыстырғанда 7888 мың теңгеге азайған, бұл жұмыс көлеміне байланысты емес, нақты бөлімнің аударымы көрінісінде түсіндіріледі, және Казтранском спутник байланысы қызметінің көрсеткіші есебімен түсіндіріледі.
Басқа да шығындар 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 150547 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 8210 мың теңгеге көбейген, бұл кәсіпорындағы әртүрлі іссәпар, жолдамалар, кеңсе заттары, байланыс қызметті, және тағы басқалармен түсіндіріледі.Әлеуметтік шығын 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 601 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 3756 теңгеге азайған, бұл амортизациялық төлемдерге байланысты.
Кезең шығындары 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 116245 мың теңгеге азайған , ал 2009 жылмен салыстырғанда 2884 мың теңгеге азайған, бұл Зейнеткерлерге материалдық көмек және Қызметкерлерге көмек көрсету баптары бойынша арыз санының көп болмауымен түсіндіріледі.
Өткізілген өнімге барлық шығындар 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 977554 мың теңгеге көбейген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 212424 мың теңгеге азайған.
2.2 Мұнай газ өндіру басқармасының қаржылық тұрақтылығы
Кесте 4 - 2008-2010ж.ж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің динамикасы
№
рс
Көрсеткіштер атауы
2008 ж
2009 ж
2010 ж
1.
Меншікті қаражаты, мың. тг.
281215
307436
319965
2.
Қарыз қаражаты, мың. тг.
6727
1410
0
3.
Дебиторлық берешек, мың. тг.
660
0
0
4.
Ұзақ мерзімді қарыз қаражаты, мың. тг.
3658
2554
2768
5.
Мүлік құны, мың. тг.
384957
397531
404336
6.
Тәуелсіз коэффициент, (1 жол: 5 жол)
0,73
0,77
0,79
7.
Қарыз қаражатының үлес салмағы, (2 жол: 5 жол)
0,01
0,003
0
8.
Қарыз және меншікті қаражаттың ара салмағы
(2 жол : 1 жол)
0,01
0,003
0
9.
Дебиторлық берешектің үлес салмағы,
(3 жол : 5 жол)
0,019
0
0
10.
Меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының үлес салмағы (1 жол+ 4 жол) : 5ж
0,95
0,93
0,97
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің динамикасы 5-кестеде көрсетілген. Кәсіпорынның мүлік құны 2008 ж меншікті қаражатқа (тәуелсіз коэффициент) 73%, ал 2009ж тағыда 77%, ал 2010ж 79% құрады, бұл кәсіпорынның қаржылық көрсеткіші тұрақты екендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш динамикасы 7-суретте көрсетілген. 3 - жылда да қарыз қаражаты меншікті қаражаттардан аспайды, және де қарыз қаражатының үлес салмағы 2008ж 1% құраса, 2009ж 0,3% және 2010ж 0% құрайды.
Сурет 7 - 2008-2009жж тәуелсіз коэффициент және қарыз қаражатының үлес салмағы динамикасы.
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
2008 ж кәсіпорынның мүлік құны бойынша кредиторлық берешек 1%, ал дебиторлық берешек 0,019% құраса, 2009ж кредиторлық берешек 0,03%,ал дебиторлық берешек 0% және 2010ж кредиторлық берешек және дебиторлық берешек 0% құрайды.
Кесте 8 - 2008-2010ж.ж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың қаржылық тұрақтылығын талдау
№
рс
Көрсеткіштер
2008 ж
2009ж
2010ж
1.
Меншікті қаражат көздері,мың тг
281215
307436
319965
2.
Негізгі қаражат және жұмсалым,мың тг
249156
271939
274494
3.
Қолда бар меншікті айналым қаражаты ( 1 жол - 2 жол )
32059
35497
45471
4.
Ұзақ мерзімді қарыз қаражаты,мың тг
3658
2554
2768
5.
Шығын және қорларды қалыптастыратын қолда бар меншікті және ұзақ мерзімді қарыз көздері (3 жол + 4 жол)
35717
38051
48239
6.
Қысқа мерзімді несие және қарыз қаражаты,мың тг
-
-
-
7.
Шығын және қорларды қалыптастыратын негізгі қорлардың жалпы шамасы (5 жол+6 жол)
35717
38051
48239
8.
Шығын және қорлардың жалпы шамасы,мың тг
30789
31743
34893
9.
Меншікті айналым қаражатының артықтығы (+), жетіспеушілігі (-)(3 жол – 8 )
1270
3754
10578
10.
Шығын және қорларды қалыптастыратын меншікті және ұзақ мерзімді қарыз көздерінің артықтығы (+),жетіспеушілігі (-)(5 жол-8 жол)
4928
6308
13346
11.
Шығын және қорларды қалыптастыратын негізгі қорлардың жалпы шамасының артықтығы (+),жетіспеушілігі (-). (7 жол- 8 жол)
4928
6308
13346
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіші қаражат көздерінен және шығын және қорлар көлемдерінің айырмашылығынан алынған шығын және қорларды қалыптастыратын негізгі қорлардың жалпы шамасының артықтығы және жетіспеушілігі болып табылады.
Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жж меншікті айналым қаражатының, шығын және қорларды қалыптастыратын меншікті және ұзақ мерзімді қарыз көздерінің, шығын және қорларды қалыптастыратын негізгі қорлардың жалпы шамасының артықтығы немесе жетіспеушіліктері 0- ден жоғары, сондықтан мынадай қорытындыға келеміз Құлсарымұнайгаз басқармасының қаржылық жағдайы тұрақты.
Басқарманың баланс өтімділігі.Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұсынылады. Мысалы, О.В.Ефимов өтімділік деп – кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі , - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т.Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: шаруашылық субъектісінің өтімділігі, осы оның өзінің борышынын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларға ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өнімді кәсіпорын болып саналады. Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде.
Екінші тұжырымдама бойынша, өнімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П.Кондраков өтімділік - деп материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылуы және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады . Ағылшн авторларының Бухгалтерлік талдау деген еңбегінде фирманың өнімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлну уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі деп көрсетілген. Өтімді сөзінің өзі дейді олар ақшаға оңай айналатын деген ұғымды білдіреді . Профессор В.В.Ковалев: қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша қаражатына түрлену, айналу қабілеті, - дейді. Ол өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтылығымн анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өнімділігі жоғары болады, - деп жазады. Бұл қорытынды профессор А.Д.Шереметтің қорытындысымен үндес: берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары.
Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өнімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтермен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өнімдігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрседі. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сонымен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек. [12]
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пасситегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады. [3]
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма - қол ақшаға тез айналады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қарсы мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсауы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілінген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қауіпінен тіпті банкрот болып жприяланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысыды. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өнімділігі бұданда төмен болажды,олар негізінен келесі топты құрайды.
А3 Баяу өткізілетін активтер.Баланс активінің 2 бөлімінің Тауарлы материалды қорлар бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі Ұзақ мерзімді инвестициялар бабы.
Бірақ бұл кезде Алдағы кезең шығындары бабы есепке алынбайды.Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған шатмпталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір ұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өнімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістіғ құнын қоспайд. Алайда американ кәсіпорындарында аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.
А4. Қиын өткізілетін активтер- баланс активінің 1 бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптапрынан басқа барлық баптары. 1бөлім жиынынан Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады- кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның өтімділігін (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылған.
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 Қысқа мерзімді міедеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің Меншікті капитал баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің Алдағы кезең шығындары бабы бойынша сомаға азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 П1
А2 П2
А3 П3
А4 П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әр бір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш тенсіздіктің орындалуы төртінші тенсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші тенсіздік баланстау сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше тенсіздігінің қолайлы варинттағыға қарама қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орынын баса алмайды. [5]
Кесте 6 - 2008-2009 жж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың баланс өтімділігін талдау
Актив
Сомасы, мың тг.
Пассив
Сомасы, мың тг.
Төлеу артықтығы (+),жетіспеушілігі (-)
2008
2009
2008 ж.
2009 ж.
2008 ж.
2009ж.
1.Ең өтімді активтер
8254
10376
Неғұрлым тезірек:
1) төленуге тиіс міндеттемелер
3986
4068
4268
6308
2.Тез өткізілетін активтер
660
0
2)Қысқа мерзімді міндеттемелер
-
-
+660
0
3.Баяу өткізілетін активтер
30789
31743
3)Ұзақ мерзімді міндеттемелер
3658
2554
+27131
+29189
4.Қиын өткізілетін активтер
249156
271939
4)Тұрақты міндеттемелер
281215
307436
-32059
-35497
Жиыны:
288859
314058
Жиыны:
288859
314058
-
-
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Кесте 7 - 2009-2010 жж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың баланс өтімділігін талдау
Актив
Сомасы, мың тг.
Пассив
Сомасы, мың тг.
Төлеу артықтығы (+),жетіспеушілігі (-)
2009 ж.
2010ж.
2009 ж
2010 ж
2009 ж.
2010ж.
1.Ең өтімді активтер
10376
19620
Неғұрлым тезірек:
1) төленуге тиіс міндеттемелер
4068
6274
6308
13346
2.Тез өткізілетін активтер
0
0
2)Қысқа мерзімді міндеттемелер
-
-
0
0
3.Баяу өткізілетін активтер
31743
34893
3)Ұзақ мерзімді міндеттемелер
2554
2768
+29189
+32125
4.Қиын өткізілетін активтер
271939
274494
4)Тұрақты міндеттемелер
307436
319965
-35497
-45471
Жиыны:
314058
329007
Жиыны:
314058
329007
-
-
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2009-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Актив және пассив бойынша (ең өтімді активтер, неғұрлым тезірек төленуге тиіс міндеттемелер) 1бөлімдерінің жиынтығын салыстыру ағымдағы өтімділікті көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. МГӨБ Құлсарымұнайгаз дың баланс өтімділігі бойынша 2008ж 4268 мың теңге, 2009ж 6308 мың теңге, ал 2010ж 13346 мың теңге артықтығын көрсетеді.
Актив және пассив бойынша (тез өткізілетін активтер, қысқа мерзімді міндеттемелер) 2 бөлімдерінің жиынтығын салыстыру ағымдағы активтердің өсу және кему тенденциясын көрсетеді.
МГӨБ Құлсарымұнайгаз дың баланс өтімділігі бойынша 2008ж 660 мың теңге артықтығын ал, қалған 2 жылда да 0 – ді көрсетеді.
Актив және пассив бойынша (баяу өткізілетін, ұзақ мерзімді міндеттері) 3 бөлімдерінің жиынтығын салыстыру перспективті өтімділікті көрсетеді. Перспективті өтімділік болашақтағы түсім және төлем негізіндегі кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.
МГӨБ Құлсарымұнайгаз дың баланс өтімділігі бойынша 2008ж 27131 мың теңге , 2009ж 29189 мың теңге, ал 2010ж 32125 мың теңге артықтығын көрсетеді.
Актив және пассив бойынша (қиын өткізілетін активтер, тұрақты міндеттемелер) 4 бөлімдерінің жиынтығын салыстыру кәсіпорынның қолма қол меншікті айналым қаражаты барын көрсетеді. МГӨБ Құлсарымұнайгаз дың баланс өтімділігі бойынша 2008 ж 32059 мың теңге, 2009 ж 35497 мың теңге, ал 2010 ж 45471 мың теңге жетіспеушілігін көрсетеді.
Бұл талдаудың қорытындыларын анығырақ білу үшін кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне талдау жасау керек.
Басқарманың төлем қабілеттілігі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
О.С Ефимова төлем қабілеттілігі: кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған, - деп жазады. Фирманың қызметін қаржылық талдау кітабының авторлары да осы көз қарасты ұстайды. [5]
Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі. Бұл жағдайда міндетеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақұша төлеу және сонымен өз қарыздарын өтеу міндеті.
Қысқа мерзімді міндеттемелер болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шермет басқаша ашып көрсетеді. Ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі деп жазады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындағын түсіну керек деп есептеймін. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасы көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді.
Егер төлем қабілетілігі коэффициенті 1 тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның көлем қабілеті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек. [21]
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар - елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталымен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және басқалар әсер етеді.
Төлем қабілеттілігінің қаржылық көрсеткіштері бар: абсолютті өтімділік, аралық жабу коэффициенттері. 2008-2010 жж МГӨБ Құлсарымұнайгаз- дың төлем қабілеттілігі динамикасы 8 - кестеде көрсетілген.
Кесте 8 - 2008-2010ж.ж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың төлем қабілеттілігі көрсеткіштерінің динамикасы
№
рс
Көрсеткіштер атауы
2008ж
2009ж
2010ж
1
Ақшалай қаражат, мың тг.
8254
10376
19620
2
Қысқа мерзімді қаржылық жұмсалым, мың тг.
-
-
-
3
Дебиторлық берешек, мың тг.
660
0
0
4
Қор және шығындар (болашақ кезеңде шығынсыз), мың тг.
2489
2567
2749
5
Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг.
3986
4068
6274
6
Абсолютті өтімділік коэффициенті (1 жол+ 2 жол): 5 жол
0,39
0,43
0,31
7
Аралық жабу коэффициенті (1 жол +2 жол + 3 жол + 4 жол): 5 жол
1,1
1,06
0,75
8
Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасындағы шығын және қорлардың үлес салмағы (4 жол : 5 жол)
0,62
0,63
0,43
9
Жалпы жабу коэффициенті (7 жол + 8 жол)
1,72
1,69
1,18
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Бұл кесте бойынша МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008ж абсолютті өтімділік коэффициенті 0,39, 2009ж 0,43, ал 2010ж 0,31 (ал норма бойынша 0,2- 0,25), бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Ал аралық жабу коэффициенті 2008ж 1,1, 2009ж 1,06, ал 2010ж 0,75 (норма бойынша 0,7-0,8 ), бұл егерде кәсіпорын дебиторлық берешекті төлеу керек болса, онда кез келген уақытта жаба алады деген қорытындыға келтіреді.
Жалпы жабу коэффициенті кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін көрсетеді, 2008ж 1,72, 2009ж 1,69, ал 2010ж 1,18. Қорларды өткізу арқылы кәсіпорын несиелік берешектерін жаба алады. Қарастырып отырған коэффициенттер динамикасы 8 - суретте көрсетілген.
Сурет 8 - Өтімділік көрсеткішінің динамикасы
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
К1- абсолютті өтімділік коэффициенті.
К2- аралық жабу коэффициенті.
К3- жалпы жабу коэффицинті.
2.3 Басқарма қызметінің іскерлік белсенділігі
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. [11]
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтылып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болу ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болуы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады. [17]
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етелі. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кесте 9 - 2008-2010 ж.ж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің динамикасы
№
рс
Көрсеткіштер атауы
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
1.
Өткізуден алынған түсім, мың тг.
308647
311564
325713
2.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг.
257643
263497
271063
3.
Шығын және қорлар, мың тг.
307893
317433
348938
4.
Мүлік құны, мың тг.
384957
397531
404336
5.
Меншікті қаражат, мың тг.
281215
307436
319965
6.
Дебиторлық берешек, мың тг.
660
0
0
7.
Кредиторлық берешек, мың тг.
6727
1410
0
8.
Негізгі құралдар және басқа да айналымнан тыс активтер, мың тг.
329156
331939
344494
9.
Айналымдылықтың жалпы коэффициенті (1жол: 4 жол)
0,85
0,78
0,80
10.
Мобильді қаражаттың айналымдылық коэффициенті (1 жол: 3 жол.)
1,0
0,98
0,93
11.
Қордың айналымдылық коэффициенті (2 жол : 3 жол.)
0,83
0,83
0,77
12.
Қор айналымының орта мерзімі (365 күн : 11 жол)
440
440
474
13.
Дебиторлық берешек айналымдылық коэффициенті (1 жол : 6 жол)
467,6
0
0
14.
Дебиторлық берешек айналымының орта мерзімі (365 : 13 жол)
1
0
0
15.
Кредиторлық берешек айналымының коэффициенті (1 жол : 7 жол)
46
220
0
16.
Кредиторлық берешек айналымының орта мерзімі (365 : 15жол)
8
2
0
17.
Негізгі құралдар және басқа да айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы (1 жол : 8 жол)
0,93
0,93
0,94
18.
Меншікті қаражат айналымдылығы (1 жол : 5 жол)
0,85
0,84
0,83
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
2008-2010 жж МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың кәсіпорынның барлық ресурстарын қолдану тиімділігін көрсететін айналымдылықтың жалпы коэффициенті 0,85 0,78 0,80 кәсіпорынның қаражаттар айналымдылығының тез қарқында екендігін көрсетеді. Мобильді қаражаттың айналымдылық коэффициентері 2008ж-1,0, 2009ж-0,98 , 2010ж-0,93. Берілген коэффициенттер динамикасы 9-суретте көрсетілген.
Сурет 9 - Іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің динамикасы.
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Айналым жылдамдығын сипаттайтын мобильді қаражаттардың айналымдылық коэффициенті 2008-2010 жж 1,0 ден 0,98ге және 0,93 ке азайған. Келесі берілген коэффициенттер динамикасы келесі 10-суретте көрсетілген.
Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті берілген кәсіпорынның коммерциялық несиесінің өскендігін немесе азайғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті 2008ж 467,6 ны көрсетсе, басқа жылдары 0-ге тең. Дебиторлық берешектің айналымдылығының орта мерзімі қашан төлеу керектігін сипаттайды және 2008ж 1 күнді, ал басқа жылдары 0-ге тең.
Сурет 10- 2008-2010жж дебиторлық және кредиторлық берешек айналымдарының орта мерзімі.
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті берілген кәсіпорынның коммерциялық несиесінің өскендігін немесе азайғандығын көрсетеді. Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті 2008ж 46, 2009ж 220, 2010ж 0-ге тең. Кредиторлық берешектің айналымдылығының орта мерзімі, қашан төлеу керектігін сипаттайды және 2008ж 8 күнді, ал 2009ж 2 күн, ал 2010ж 0-ге тең екендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның шаруашылық тиімділігін бағалау үшін табыстылық немесе пайдалылық көрсеткіштері пайдаланылады.
2.4 Мұнайгаз өндіру басқармасы қызметінің табыстылығы
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші- бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде анықталады: [3]
Табыстар дегеніміз- қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есептік кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердін абсолютті көрсеткіштерінен тұрады олар: өнімді өткізуден алынатын табыс,жалпы табыс, негізгі қызметтен алынатын табыс,салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, төтенше жағдайлардан алынған табыс,кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. [5]
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондй ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнының төмендеуін ескеруі қажет.
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістін дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар,салық салу,акциздер,жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдер, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және тағы басқалар) ғана мүмкін.
Кәсіпорынның табыстық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субьектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет. [21]
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау.
Таза табыстын қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу.
Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу.
Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу.
Табыстың өсу резервтерін анықтау.
Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау.
Табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Кесте 10 - 2008-2010ж.ж МГӨБ Құлсарымұнайгаз - дың табыстылық көрсеткіштерінің динамикасы.
№
рс
Көрсеткіштер атауы
2008ж
2009ж
2010ж
1
Балансты пайда немесе шығын,мың тг.
117586
129578
132554
2
Бюджетке төленетін төлем,мың тг.
35778
38652
45783
3
Таза пайда (1жол -2 жол)
81808
90926
86771
4
Өткізуден алынған түсім, мың тг.
308647
311564
325713
5
Өнімді өткізуден түскен пайда, мың тг.
211675
222676
235645
6
Меншікті қаражат,мың тг.
61215
367436
89965
7
Ұзақ мерзімді қарыз қаражаты, мың тг.
3658
2554
2768
8
Негізгі қаражаттар,мың тг.
249156
271939
274494
9
Шығын және қорлар,мың тг.
307893
317433
348938
10
Мүлік құны,мың тг.
384957
397531
404336
11
Өткізілген өнім табыстылығы, мың тг. (5жол : 4 жол)
68,5
71,4
72,3
12.
Барлық капиталдың табыстылық коэффициенті, %
- баланстық пайдадан (1 жол : 10 жол)
- таза пайдадан (3 жол : 10 жол)
30,5
21,2
32,5
22,8
32,7
21,4
13.
Меншікті қаражаттың табыстылық коэффициенті, %
- баланстық пайдадан (1 жол : 6 жол)
- таза пайдадан (3 жол : 6 жол)
32,5
22,6
35,2
24,7
33,9
22.2
14.
Өндірістік қорлардың табыстылық коэффициенті, %
- баланстық пайдадан (1 жол : (8 жол + 9 жол))
- таза пайдадан (3 жол : (8 жол + 9 жол)
4,73
6,8
4,54
6,4
4,72
7,1
15.
Сатудың табыстылық коэффициенті, %
- баланстық пайдадан (1 жол : 4 жол)
- таза пайдадан (3 жол : 4 жол)
38
26
41
29
40
26
16.
Капитал табыстылығының коэффициенті, %
- баланстық пайдадан (1жол : (6 жол + 7 жол))
- таза пайдадан (3 жол : (6 жол + 7 жол))
3,10
4,46
2,85
4,06
2,96
4,52
Дереккөз: МГӨБ Құлсарымұнайгаз-дың 2008-2010 жылдардың есеп мәліметтері.
Кәсіпорынның табыстылығы, оның қызметінің пайдалылығын білдіреді. Табыстылық анализі кәсіпорын қызметінің қаржылық қорытындыларының басты көрсеткіштері болып табылатын әртүрлі табыстылықтың қаржылық коэффициенттерімен қорытындыланады.
2008-2010жж МГӨБ Құлсарымұнайгаз пайдалы кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның баланстық пайдасы 2008ж 117586 мың теңге, 2009ж 129578 мың теңге, ал 2010ж 132554 мың теңге құрады. Талданған уакытта таза пайда 81808 мың теңге, 90926 мың теңге, 86771 мың теңгені құрады.
Табыстылық коэффициенттері кәсіпорынның пайдалылығын білдіреді және өткізілген өнім көлемі немесе жұмсалған қаражаттардан түскен пайдамен есептелінеді. Барлық капиталдың табыстылық коэффициенті кәсіпорынның барлық мүлкін қолдануының тиімділігін көрсетеді. Берілген көрсеткіш 2008ж 30,5%, 2009ж 32,5% ке дейін, ал 2010ж 32,7% дейін жоғарлады.
Меншікті қаражат табыстылығының коэффициенті олардың қолдану тиімділігін көрсетеді. Берілген көрсеткіш 2008ж 32,5%, 2009ж 35,5% ке дейін жоғарлайды, ал 2010ж 33,9% дейін төмендейді.
Өндірістік қорлар табыстылығының коэффициенті кәсіпорында негізгі қаражаттар мен материалды негізгі қаражаттарды тиімді қолдануын көрсетеді. Берілген көрсеткіш 2008ж 4,73 %, 2009ж 4,54% ке дейін , ал 2010ж 4.72 % дейін төмендейді.
Сату табыстылығының коэффициенті өткізілген өнім бірлігіне қанша пайда келетіндігін көрсетеді. Бұл коэффициенттін төмендеуі кәсіпорын өніміне сұраныстың азаюымен түсіндіріледі. Бұл көрсеткіштің мәні 2008-2009 ж жоғарылады. Талданған кездегі максималды мәні 41%, ал минимальды мәні 38% көрсетті.
Капитал табыстылығының коэффициенті ұзақ мерзімге кәсіпорын қызметіне салынған капиталды қолдану тиімділігімен түсіндіріледі. Бұл көрсеткіштің талданған кездегі максималды мәні 3,1%, ал минимальды мәні 2,85% көрсетті.
Өткізілген өнімнің табыстылығы 2008 ж 68,5%, 2009ж 71,4%, ал 2010ж 72,3% құрады.