Агрессивті реакциялар бағыты

Скачать

Агрессивтілікті зерттеу
(Розенцвейг тесті бойынша)
Кіріспе. Агрессивтілік – бұл тұлғаның мінез-құлқындағы ерекшелігі.Ол адамдарға, жануарларға, заттарға, жалпы ортаға деген өшпенділікпен көрінеді.
Мақсаты: Агрессивтілік деңгейін бағалау.
Құрал-жабдықтар: Әр түрлі 24 сурет.Бұл суреттерде стресстік жағдайға жақын адамдар көрсетілген.
Жұмыс-тәртібі: Зерттеу әр адаммен жеке жүргізіледі. Зерттеуші әр суретті зерттелушіге көрсетеді.Алынған жауаптарды жазып алады.
Зерттеушіге нұсқау: Мына суреттерде әр түрлі жағдайда кездескен адамдар көрсетілген. Егер сіз осындай жағдайда бола қалсаңыз, басқа адамға деген қарым-қатынасыңыз қандай болар еді. Жауапты тез және нақты бер.
Эксперимент берілулерін өңдеу: Зерттелушінің жауаптары әр сурет бойынша жеке талданады. Талдау нәтижесі мына екі топтың біреуіне жатқызылады.
1. Агрессивті реакциялар бағыты.
2. Агрессивті реакциялар түрі бойынша.
Агрессивті реакцияларға зерттелушінің өшпенділік, ыза, алауыздық, жауласу эмоцияларына толы жауаптары жатқызылса, агрессивті емес реакцияларға татуласу тілегі, кінәні мойындау, келісімге келу, жағдайды сабырлықпен шешу тілегі жатқызылады.
Талдау. Агрессивті және агрессивті емес реакциялар саны есептеледі. Егер агрессивті реакциялар көп болса (агрессивті 14 және одан көп, ал агрессивті емес 10 және одан аз), зерттелушінің агрессивтілік дейгейі жоғарғы болып саналады. Егер, керісінше, агрессивті емес реакциялар көп болса (агрессивті емес 14 және одан, көп ал агрессивті төмен деген қорытындыға келуге болады. Агрессивті және агрессивті емес реакциялар саны 9 бен 13 аралығында болса, зерттелушінің агрессивтілігі жайлы нақты қортынды жасауға болмайды, яғни, ол адам агрессивті немесе агрессивті емес деп айту нақты мүмкіндігі жоқ.

Агрессияның бағыты:
1.Сыртқа бағытталған кінәлау реакция (С .б) – егер басқа адамды немесе объектіге кінә тағу, балағаттау, агрессивтілік немесе өшпенділіктен тұратын болса.
2.Өзін кінәлау реакциясы ( Өз.к.), егер жауабында өзін кінәлау, ұят сезімі,
өзіне бағытталған агрессия болса.
3.Кінәтағусыз реакция (к.з), егер өзін және басқаларды да кінәлау сезімі болмаған жағдайда айтамыз.
Реакция типі бойынша:
1.Кедергінің басым болуы (к.б), егер жауапта кедергі немесе басқа да фрустрациялық жағдайға әкелетін кедергілер болса.
2.Өзін-өзі қорғау, (өз.қ) жауабында басқа біреуге кінә , тағу балағаттау, күмәндану әрекеттері болғанда.
1. Шешім қабылдаушы тип, (ш.қ), егер жауабы фрустрациялық жағдайды
шешуге бағытталса және оны шешу міндетін өз бойына жүктелгенде, немесе жағдайдың келесі дамуы жағдайдың дау-дамайсыз шешілуіне бағытталса.


Скачать


zharar.kz