Ойындарды басқару методикасы .
Қимыл – қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәні педогоктық нысаналары басшылығымен қамтамасыз етіледі, ол сөз кезегіненде ойын материалдары еркін меңгерумен балардың бойында эмоциялық өрлеу туғызатын сан алуан методиканы пайдаланады айқындалады.
Қимыл қозғалыс ойындарын іріктеп алу және жоспарлау балабақшадағы тәрбие програмасымен сәйкес жүзеге асырылады .Осығапн орай балардың жасына байланысты белгілі бір тобындағы жұмыс жағдайын: балардың дене күші мен ақыл-ойы дамуының жалпы дәрежесін олардың қимыл жасау білеуінің даму дәрежесін әрбір баланың денсаулық жағдайы жеке басының типалогиясы ерекшіліктерін жыл мезгіл күн режимнің ойын өтгізілетін орынды сондай –ақ балардың көзқарасын жан-жақтан ескеру қажет Балашағадағы тәрбие програмасының талаптарына сәйкес баларына өскелең саналығына олардың қимыл тәжірибесінде жинақтауы біртіндеп нысаналы түрде мектепке дайындалуы ескеріліп қимыл ойындары күрделеніп түрлендіреді.Кішкентай тобына мазмұны және ережесі жөнінен қарапайым сюжетті және сюжеттсіз қимыл ойындары ұйымдастар ,ол ойында тәрбиеленеді тікілей қатысумен барлық баларлар біраңғай рөлдер немесе қимыл жасау тапсырмалар орындайды (барлық балалар -құстар тәрбиеші –ана-құс немесе кішкентай ат автомобиль) Жасырынды үлгісіндегі ойындарда негізгі рольде тәрбиеші атқарады.
3 жасар балалар ойын кезінде бірте-бірте жеке рольдерде орындау дәрежесінде жеткізіледі . өз үйшіндігінді тап ойынды балалар жүгіріп келе жатқан бағатын өз бетінше өзгерттуге үйренеді .Жоғарыда көрсетілген бәріде баларды кеңістікте әр түрлі ойындар жағдайында бағдар ұстай білуге баулыді Мектеп даярлық тобының балалары неғұрлым күрделі қимыл ойындарын сондай-ақ колективті түрінде жарыс ойындарын ойнайды .Бұлардың бәрі ептелікті тенсіздікті төзімділікті дербестікті дамытуға қимыл дағдырын жетілуге моральдік жағынан ұстамдық қасиеті тәрбие жігерлі өрлеу туғызуға көмектеседі .
Л.М. Коровианның деректоры бойынша жарыс элементтер қолдынылады ойындарының тәрбиелік тиімділігі ойын шартының міндетті түрде сақталумен анықталады бұл орайда балардың бәрі және әрбір балалар белгілі бір ойын кезінін жарыстағы қимыл жасау міндеті ойдағыдай дұрыс орындауын айқындайтын қимыл дағдыларын игеру керек .Нақ осы принцип эстамета -ойындарының өткізудің негізін алынуы керек ,бұл ойынды тапсырманым орындау кезінде балалар бірене- бірі өзара тәуелді болады .
Ойынды балаларды тиімді ұйымдастырудың зор маңызы бар.Ойының мазмұны ойын тапсырмаларының орындалуы кезегінде қарай әлде барлық балалардың қатысуымен бір мезгілді әлде балалардың бір бөлігі басқа нәрсемен айналы сып олардың шағын тобының қатысумен ғана өтгізілу мүмкін.
Қимыл –қозғалыс ойындарының қатарында барлық балалар бір мезгіл белсенді түрде қатысатын ойындар бар (Торғай мен автомабиль , Кімнің звеносы бұрын сапқа тұрады, Ұстап алу , Айлакер түлкі) Бірақ сонымен бірге әрекеттер кезектесуіне құрылған әрі пайдалы қызықты ойындар (Айгөлек , Өзің үшік тап , Кім лентананы жылдамшығарады.) Бұл ойындар жігерлікке тәрбиелеуге көмектеседі ұстамдылықты үйретеді .Алайда мұндай ойындар дұрыс ұйым ұйымдастырылған жағдайда балалардың ойын тапсырмаларын орындау үшін ұзақ уақыт өз кезегін күтіп тұруна тура келеді .Күту статистикалық жағдай бір қалыптылығы, әсіресе кішкентай баларлар мен қызуғышылармен қозғағыш әсер тездігінің бәсендеуін туғызады.Мұндай жағдайында кішкентай балалар ойынан шығып қалады, ал неғұрлым ересектер бұл құбылыстың себебін ескермеген тәрбиешінің наразылығы туғызады отырып ең бір елеусіз себептермен көңілін басқа жаққа аудара бастайды Ойынға шағын топ қатысып ойын ұзаққа созылмаса балалар ойынына аяғына дейін ширақ әрі сергек болады.
Статикалық және динамикалық әрекет негінен жатқан ми қыртысы процестерінің ерекшілігі ескерілсе балалардың мінез-құлқын айырмашылықтары түсінікті болады.Орталық нерв системасы статикалық күшейту және ұзақ уақыт қозу.Сөйтіп ойынды дұрыс тандап алумен қатар оны барынша тиімді етіп өткізуге маңызды,
Іс жүзінде ойындарды ұйымдастыру әдісін түрліше өзгерген әрдайым мүмкіндік болады. Олардың құрылымы мен қимыл сипаты қарай тәрбиеші алдын ала ойынды балалардың бүкіл әрекетін тұтастай барынша тиімді ұйымдастыруды көздеуі керек.
Балаларды жаңа ойынмен таныстыру, оның мазмұны мен ережесін түсіндіру тәрбиешіден тиянақты түрде дайындықты талап етеді. Кейбір ойындардың мазмұнын ала әңгімелеу кезінде (ойынды өткізетін күні түсіндіру міндетті емес) түсіндіру қажет, мысалы Маймылдар мен аңшылар, Апандағы қасқыр, Космонавтар, Саяхатшылар және т.б. Әңгімелесу, картиналарды көру нәтижесінде балалардың білімі белгілі болады, олардың түсінігі анықталады, ойындағы образдарға қатынасы қалыптасады.
Ойынды түсіндіру әр түрлі, оның түріне байланысты болуы да мүмкін.
Мәселен, сюжетсіз ойындарды түсіндіру қысқа, дәл және айқын интонациялы болуы керек. Тәрбиеші кеңістік терминологиясын пайдалана отырып (кішкентайлар мен естиярлар топтарын затқа бағдарлап және ересектер тобын - затсыз) ойын әрекеттерінің жүйелілігін түсіндіреді, балалардың тұратын орындарын және ойын атрибуттарын көрсетеді және ережені анықтап түсіндіреді. Содан кейін балаларға айтып бергендерін олардың қалай түсінгенін тексеру үшін бірнеше сұрақ беруі мүмкін, балаларға өздері орындайтын әрекеттер мен ереже түсінікті болғанда ғана ойын көңілді әрі ойдағыдай өтеді.
Жарыс элементтері қолданылып өткізілетін ойындарды түсіндіру кезінде тәрбиеші ережені, ойын тәсілдерін, жарыс шартын анықтайды.
Мұндай ойындарда жылдамдыққа ғана емес, сонымен бірге қимылдардың орындалу сапасына да қатысты тапсырмалар беру ұсынылады Кімнің командасы неғұрлым дұрыс жүгіріп өтеді, (Кімнің командасы допты түсірмей ойнайды). Қимыл-қозғалыстарды жақсы, дұрыс орындау балаларды үлкен қанағат сезіміне, ортақ, қуанышты сәттерге, сенімділік сезіміне бөлейді және жетілдіре түсуге ұмтылдырады. Балалардың дене күшінің дамуымен жеке басының типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиеші өзара жарысушы балаларды күші жағынан тең топтарға – командаларға бөледі, өз күшіне сенбейтін, ұялшақ балаларды ширақщтыққа шыңдау мақсатымен оларды батыл, ширақ балаларға қосады.
Кейде ойындағы сырттай спорттық форма беруге – команда капитанын, судья мен оның көмекшісін (әуелі, судья – тәрбиеші, көмекші – бала) сайлауға болады. Мұндай ойындарда міндетті тапсырманы дұрыс немесе тез орындағаны үшін ұпай есептеледі. Есеп нәтижесі тапсырманың орындалу және әрбір команданың дұрыс коллективтік әрекеттері сапасының бағасын анықтайды.
Ойын өткізудің көрсетілген формасы тәрбиешіден балаларды достық қалыптағы өзара қатынасқа, өздерінің әрекеттері мен жолдастарының әрекеттерін әділетті сын тұрғысында бағалауға тәрбиелеуге бағытталған үлкен педагогтық өнегелікті талап етеді (Л.М.Коровина).
Кішкентайлар тобында тәрбиеші балалардың әрекеті мен ережені тікелей ойын өткізу процесіне түсіндіре алады. Балалармен бірге ойнай жүре тәрбиеші ойын ситуациясын жэмоциялы түрде көрсетіп, ойын кезіндегі қандай да бір сигналды айқын интонациямен ерекше естірте жүріп, балалардың әрекетіне бағыт береді.
Сюжетті ойындар басқа тәсілдерді талап етеді. Тәрбиешінің міндеті мынадай: балалардың көз алдына ойын ситуациясының көрнекті картинасын келтіру, ойын образдарын айқындап даралау, балалардың қиялы мен эмоциясына ықпал жасау, творчестволық инициативаны жандандыру. Бұл үшін ол кішкентайлар тобында өзін-өзі ақтаған ойыншықты, әңгімені пайдалана алады.
Мысалы, Арина әжей және оның балапандары ойынын өткізер алдында тәрбиеші балаларға жартылай шеңбердегі тұрған орындықтарға отыруды ұсынып, оларға қарама-қарсы отырады да әңгімесін айта бастайды: Арина әжейдің көп балапандары болды. Олардың бәрі үлпілдек жүнді, кішкентай, сары – міне мынадай (үлпілдек жүнді, ойыншық балапанды крсетеді) болған. Әжей өзінің балапандарын өте жақсы көретін және оларды күн сайын таңертеңгілік көк-майсаға сайрандауға жіберетін және т.б.
Тәрбиеші ойынның сюжетімен байланысты балалардың әрекетінің бүкіл барысын осындай әңгімеге енгізеді. Содан кейін ол былай деді: Сендер бәрің де балапан боласыңдар, ал мен Арина әжей боламын. Қазір мен орамал тартамын, сосын бәріміз ойнаймыз (барлық әңгіме 1,5-2 минуттан аспауы керек).
Таныс ойындарды қайталау кезінде кішкетайлар тобында негізгі рольдерді (құстар – балалар, тәрбиеші – кішкентай ат) және балалардың тұратын орындарын еске салуға, естиярлар тобында ойынды ұсынып, ережелерді (мысалға, Жетекші: Тоқта деген кезде қозғалуға болмайды) еске салумен шектелуге болады. Ересектер тобында балалардың өздерінде ойынның мазмұны мен ережесін еске түсіруді ұсынған тиімді болады: балалардың біреуі кеңістік терминологиясын, және де ойын әрекеттерін пайдалана отырып, ойынның мазмұнын қысқаша айтып береді, ойнайтын балалардың тұратын орындарын белгілейді, екінші бала ережені айтып береді. Мұндай тәсіл орындалған әрекеттің саналылығы мен дербестігін дамытуға көмектеседі және бірте-бірте педагогтың тікелей басшылығынсыз ойнай білуге жеткізеді.
Ойындарда рольдерді бөлу түрліше болады. Кейде тәрбиеші белгілі бір педагогикалық міндеттерді басшылыққа ала отырып, жетекшіні тағайындайды (жаңа келген баланы көтермелеу немесе, керісінше, ширақ баланы үлгі етіп, батыл болудың маңыздылығын көрсету, әлде өзін-өзі сенімді баланың өтінішін қабылдамай, ол рольді жасқаншақ, ұялшақ балаға тапсыру) немесе өзіне жетекшінің, әлде ойынға жай қатысушының ролін алып, балалардың ортақ қанағат сезіміне бөлену үшін ойынға кіріседі.
Басқа жағдайда тәрбиеші санамақты пайдаланады немесе жетекшіні балалардың өздерінің таңдауына және бұл рольді нақ сол балаға тапсырған себебін түсіндіруіне ұсыныс жасайцды.
Кішкентайлар тобында жетекшінің ролін әуелі тәрбиешінің өзі атқарады және оны жігерлі, ширақ, бейнелі орындайды. Кеңістік пен баланың қимыл бағыты шектеулі болған жағдайда балаға дара рольді бірте-бірте тапсыруға болады (мысалы, Құстар мен автомобиль ойынында автомобиль торғайлар отырған орынғат жақындамай бөлменің белгілі бір жағымен жүреді).
Ойын процесінде тәрбиеші балалардың қимылдарын, әрекеттері мен өзара қатынасын, олардың ережені орындауын, ауыртпалықты бөлуді бақылайды, қысқаша нұсқаулар береді.
Жекелеген балалардың ережені бұзғандығы туралы (егер олар ойын барысында әсер етпесе) ол ойынды қайта өткізудің алдында айтады.
Қимыл-қозғалыс ойыны денеге түсетін күшті бірте-бірте азайтатын және тамырдың соғуын қалыпқа келтіретін жай жүріспен аяқталады. Жүрудің орнына маңызы жөнінен ұқсас аз қимылдайтын ойын өткізілуі мүмкін (Тап та үндеме, Өзіңе ұнағанын алып кел және т.б.)
Ойынның қорытындысын ойын аяқтау бойына шығаруға болмайды: балалардың ойын кезіндегі ширақ қимыл әрекеті дем алуға біртіндеп ауыспаса, баланың жүрегі мен бүкіл организмнің жұмысына қолайсыз әсер етеді.
Ойынға баға беру кезінде тәрбиеші оның жақсы жақтарын атап көрсетеді, өздерінің рольдерін сәтті орындаған, батылдық, төзімділік, жолдастық өзара көмек көрсеткен балалардың аттарын атайды, ал керісінше, балалардың ережені бұзуы мен осыған байланысты әрекеттерін бетке басады.
Ересектер тобында тәрбиеші қимыл-қозғалыс ойынының барысына және әсіресе ережелердің орындалуын бақылай отырып, қимыл-қозғалыс ойындарын балалардың өз бетінше ұйымдастыруына біртіндеп жеткізеді.
Балалар көптеген ойындарды үйренген және оларды өз бетінше ойнай алатын кезде тәрбиеші оларға творчестволық тапсырмалар – қимыл-қозғалыс ойындарының сюжетін, ережесін, ойын әрекеттерін өзгерте отырып, ол ойындардың варианттарын, ал одан әрі жаңа, өз ойындарын ойлап табуды ұсынады.
Баланың дербестігін, ұйымдастыру шеберлігін дамыту және адамгершілік сезімін қалыптастыру мақсатында ересектерге кішкентайлар топтарының біріне ойын өткізуді тапсыру пайдалы болады. Әуелі біреуіне (немесе екеуіне) кішкентайларды ұйымдастыруды, екіншісіне – ойынды, оның ережесін түсіндіруді, ал үшіншісіне – дара рольдерді (Қояндар мен аю, Торғайлар мен автомобиль және т.б.) орындауды тапсыра отырып, тәрбиеші олардың міндеттерін бөліп береді, кейін мұны балалар өз бетінше істейді. Ойын кішкентайлар тобы тәрбиешісінің бақылауымен өткізіледі.
Сөйтіп, көрсетілген ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан салалы, бірақ мұны іске асыру үшін тәрбиешінің творчестволық көзқарасы және педагогтық шеберлігі қажет.